Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет3/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

сөздің  табиғатын  адам  болмысымен  тығыз  байланыста  зерттеуге 
кез  келген  тілші-ғалымның  тісі  батпады.  Дегенмен,  сол  заманда 
осындай  қиын  да  қызықты  жұмысты  атқарған  санаулы  ғалым-
дардың  бірі – профессор  Х.  Нұрмұқанов. «Сөз  зергері»  атанған 
көрнекті жазушымыз Ғ. Мүсіреповтің ғалым еңбегін сөз мəдение-
тіне арналған үлкен жиында ерекше атап өтуі жайдан-жай емес.
Ғалымның  өз  сөзімен: «Дарын – Жаратқанның  адам  баласы-
на тым сараң сыйлап отыратын аса бір бағалы қазынасы» десек, 
сөз киесін, сөз қуат-əлеуетін ерекше сезіну тек білімді ғана емес, 
білікті ғалымдарға ғана тəн қасиет. Соның арқасында қазіргі тілді 
зерттеудің  «жаңа  бағыттары»  деп  аталып  жүрген  антропоөзектік 
үрдістің əдістері профессор Х. Нұрмұқанов сынды ғалымдардың 
мұрасынан бастау алатынын көреміз.

474
Ұлт тұғыры – тілде
Сондықтан  бүгінгі  күннің  қоғамдық-əлеуметтік  жəне  рухани-
мəдени  даму  контексінде  тілдің  қызметі  мен  əлеуетін  айқындау 
мəселесі  оны  жаңа  теориялық-танымдық  үрдісте  зерттеудің  қа-
жеттілігін көрсетіп отыр. Осымен байланысты қазақ тіл білімінде 
тіл арқылы адам санасында қалыптасқан танымдық қорды жəне тіл 
арқылы бойға сіңген рухани құндылықтар жүйесін, ұлттық мінез-
құлық пен бітім-болмысты тіл мен адам факторы арасындағы бай-
ланыста зерттеуге бет бұрған қазіргі тіл білімінің адамтанымдық 
(антропоөзектік) бағыты қалыптасуда.
Бұл тектес кешенді зерттеу үрдісін қалыптастыруға негіз бола-
тын,  мүмкіншілік  беретін  мазмұндық-деректік  əлеует  тіл  жүйесі 
мен  сөз  құдіретінің  сипатына  сай  тілдің  өз  бойынан  табылады. 
Себебі, тіл – сол тілді тұтынушы этностың бүкіл рухани, мəдени 
байлығының асыл қазынасы, тарихи-мəдени ақпаратты ұрпақтан-
ұрпаққа  жеткізуші,  сақтаушы,  іске  асырушы  жəне  қайта  құрушы 
құрал.
Ал, осыған орай мəдени-əлеуметтік əрекет үстіндегі тілді тұты-
нушының  сөзін  (оның  ішінде  ең  «сезімтал»  бөлігі  лексикалық 
деңгейін)  тану  адамды,  социумды  жан-жақты  зерттеу  тіл  білі-
мінде өз кезегінде функционалды парадигма туғызған жаңа үрдіс-
тегі оның айқын адамтанымдық бағытын белгілейді. Осымен бай-
ланысты  қазіргі  лингвистиканың  құрылымын  өзгерткен  əртүрлі 
ғылыми  теориялар,  оның  дəстүрлі  түрде  қалыптасқан  салалары-
ның арасындағы шекараны тоғыстырып, кешенді сипатпен толық-
тырды. Соның нəтижесінде жалпы тіл білімінде қалыптасқан со-
циолингвистика,  психолингвистика,  этнолингвистика,  лингвомə-
дениеттану, лингвоелтану, т.с.с. сабақтас ғылым салалары зерттеу 
нысанының өзегін тілдің өзі емес, тілді құрал ретінде пайдалана-
тын тілді тұтынушының болмысын, іс-əрекетін, таным-пайымын 
бейнелейтін  сөзді  зерттеуге  бағытталған  адам-танымдық  мақсат 
құрайды. 
Бірақ  сөз – заттың  тура  таңбасы  емес,  дүниенің  тікелей  бей-
несі  емес,  адамның  иə  белгілі  бір  ұлттық  ұжымның  дүниені  та-
нуы  мен  күнделікті  тұрмыс  пен  еңбек  тəжірбиесі  барысындағы 
архетиптік  тілдік  санасында,  тілдік  шығармашылық  процесс  нə-
тижесінде туған бейнесі. Соның нəтижесінде этнолексиканың, көне 
атаулардың таңбалану уəждемесінің мəдени құндылыққа ие болу 

475
Ұлт тұғыры – тілде
ерекшелігінің  анықталуы  адамтанымдық  бағыттағы  тілдік  зерт-
теулердің өзегіне айналды.
Осымен  байланысты  сөз  əлеуетінің  коммуникативтік  ерекше 
деңгейі – жеке тұлғаның шығармашылық əлемі, көркем мəтін тілі. 
Себебі  бұл  əрекет – обьективті  шындықтан  алынатын  əр  түрлі 
ақпаратты  өзінің  ішкі  əлемінде  қайта  өңдеп  жасаған  субьективті 
шындық. Сондықтан психикалық болмыс кеңістігі мазмұнға толы. 
Жазушының  көркемдік  əлемі,  архетиптік  ойлау  жүйесі  көркем 
мəтіннің ұлттық мəдени-ерекшелігін ғана бейнелемей, тілдік тұл-
ғаның өзіндік сөз мəдениетін де сипаттайды. Бұл арада жазушының 
көркемдік  əлемін  бейнелейтін  ерекше  тіл  əлемін,  шығармасын 
түсіну,  дұрыс  қабылдау  оқырманға  таныс  ассоциация,  бейнелер, 
ұғымдар арқылы, яғни аялық білімі негізінде іске асады. Осылай-
ша құрылған қаламгердің көркем тілі өзіне тəн ерекшелігін, ішкі 
тəжірибесі мен таным қабілетін, сөз шеберлігін, стилін көрсетеді. 
Осы  арада  шындықты  авторлық  тұлға  (тілдік  тұлға)  тұрғысынан 
бейнелеуді  мақсат  еткен  қаламгердің  шығармашылық  тілін 
тілде  қалыптасқан  белгілі  тілдік  құралдармен,  сөз  мəдениетімен 
тұтастықта талдаудың мəні зор. Сонда ғана қаламгердің шынайы 
көркемдік əлемі жəне соны бейнелейтін өзіндік көркем тілі айқын-
далмақ.
Қазіргі тіл білімінде көркем ойлау жүйесінің көрінісі ретіндегі 
сөз  өнерін  қаламгер  тілінің  шығармашылық  тетігімен  сабақтас 
зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздері жетіліп, кешенді си-
патқа  ие  болу  үрдісі  қалыптасуда.  Нақты  айтқанда,  филологияда 
антропологиялық бағыттың өрістеуімен байланысты жеке шығар-
машылық  тұлға  тілінің  көркем  мəтіндегі  поэтикалық  қызметінің 
жеке  авторлық//тұлғалық  көріктеу  құралдар  жүйесі  талданады. 
Соның  негізінде  зерттелуші  шығармашылық  тұлғаның  жоғары 
деңгейдегі  рухани  субстанциясы  анықталады.  Оның  ғылыми  қа-
ғидасын  орыстың  көрнекті  философ-лингвисі  А.А.  Потебняның 
«Ойды сөз бағыттайды» деген тұжырымымен түсіндіруге болады. 
Демек, көркем мəтін арқылы жасалған көркем-танымдық əлем 
жеке  адам  арқылы  дүниеге  келеді,  яғни  онда  антропологиялық 
бастау  анықталады.  Сондықтан  қаламгердің  тілдік  санасында  ол 
құрған ғаламның тілдік бейнесі оны жасаушының (автордың) ру-
хани əлеміне ұқсас жəне сəйкес болып құрылуы заңды құбылыс. 

476
Ұлт тұғыры – тілде
Басқаша айтқанда, əрбір автор шығармасында өзіне тəн (тегі, тəр-
биесі,  білімі,  біліктілігі,  мінезі,  т.б.)  көркемдік  антропология  жа-
сайды. 
Бұл – антрополингвистикалық  бағыттың  арқауын  құрайтын 
қағида.
Дəстүрлі  тіл  біліміндегі,  мысалы,  Р.  Сыздықтың,  Е.  Жанпе-
йісовтің  Абай  шығармаларының  тілін  зерттеуге  арналған  еңбек-
терінде ұлы қаламгер тілінің жалпы сипаты мен шығармашылық 
ерекшелігін  сипаттайтын  сөз  байлығы,  көріктеу  амал-тəсілдерін 
шебер қолданудың тілдік көріністері (метафора, теңеу, эпитет, т.б.), 
сондай-ақ  стильдік  ерекшеліктері  шығарма  тілінің  құрылымдық 
жүйесіне сүйеніп, жазылғаны белгілі. Ал, оны əрі қарай тереңдет-
кен атнропоөзектік бағыт шығарманы тудырушы қаламгердің та-
нымына,  болмысына,  яғни  тілдік  тұлғасына  көбірек  назар  ауда-
рады. Əрине, жоғарыда аталған құрылымдық əдіс пен тіл рухына 
үңілетін  антропоөзектік  бағыт  идеялары  арасында  сабақтастық 
бар.  Осы  арада  белгілі  зерттеуші  Қ.  Өмірəлиевтің: «Егер  де  тіл 
білімі  грамматикалық  категориялардың  анықтамалары  мен  ерек-
шеліктерінен  ғана  тұратын  болса,  онда  бұл  ғылым  үшін  қазақ 
əдебиетінің  ұлы  классиктері  Абай  мен  Мұхтар  шығармаларына 
соқпай  да,  оларды  мүлде  ұмыт  қалдырып  та  оқулықтар  жасауға, 
осы  оқулық  талаптары  сипатындағы  монографияларды  жазуға 
болады. ...Тіл  өзінің  мүмкіндігін  əралуан  формада  қолданысқа 
түсіргенде  (сол  тілдерді  тұтынушы  индивидтердің  сөйлеу,  айту 
процесінде,  əсіресе,  ақындардың,  жазушылардың  айту,  иə  жазба 
түрінде  айту  процесі  үстінде),  яғни  өзінің  қатынас  құралы  қыз-
метін  өтеу  үстінде  толық  ашады.  Бұл  тұста  сол  айтушылардың 
айту үстіндегі психологиясы, сезім күйі, көзқарасы, идеясы, т.б. өз 
сөздеріне  таңбасын  түсіреді.  Бұл  таңба – əр  тілдің  өз  мүмкіндігі 
шеңберінде  танылатын,  нақты  сөз  иесінің  айту  шеберлігіне  ғана 
тəн таңба»деген тұжырымы ойға оралады. 
Міне, сөз əлеуетін (құдіретін) тануда Р. Сыздық, Қ. Өмірəлиев, 
Х. Нұрмұқанов тектес зерттеушілердің ұстанған құралы да – сөз 
өнерінің  егіз  негізі  (əдебиет  пен  тіл)  іспетті  осы  филологиялық 
қағида  жəне  сөз  зергері  Ғабит  Мүсіреповтің  нақылға  айналған: 
«Сөз сөзге жарығын түсіреді» деген тұжырымы. 
Мысалы, Х. Нұрмұхановтың мұрасын зерттеу барысында адам 
қарым-қатынасының  аса  маңызды  құралы  өлшемімен  көбірек 

477
Ұлт тұғыры – тілде
танылған тілді тіл жүйесі ауқымынан «шығарып», сөз қолданысын 
адам танымымен, тіл иесінің тұлғалық ерекшелігімен ұштастыра 
зерттеген нақты деректері мен дəйектерін көреміз. 
Көреміз  де,  зерттеушінің  ғылыми  көкжиегінің  кеңдігі  мен 
зияткерлік  зердесінің  тереңдігіне  таңданамыз.  Ғалымның  негізгі 
ғылыми-шығармашылық  қызметі  қалыптасқан 70-80 жылдарда  сөз 
қолданысын  талдаудың  кеңістігі  сөйлеммен  шектелгені  белгілі. 
Соған  қарамастан  тілдің  коммуникативтік  əлеуетін  зерттеуге  кең 
өріс  беретін  қазіргі  тіл  біліміндегі  мəтін  лингвистикасы,  одан 
туындайтын  дискурстілдік тұлға  теориясының  т.б.  тиімді  əдіс-
терінің нышандары сөз əлеуетінің шынайы болмысын лингвоког-
нитивтік, динамикалық сипатта қарастырған ғалымдардың ғылы-
ми-интерпретациясында көрініс тапқанын көреміз [Р. Сыздық. Сөз 
құдіреті; Х. Нұрмұханов. Сөз шеберлігі, т.б.]. 
Соның  негізінде  жеке  тілдік  тұлғаның  шығармашылығы  ар-
қылы  ұлт  болмысының  сипаты  іспетті  мəдени  ақпараттарды 
қазіргі ұрпақтың қабылдап, игеруі үшін көркем мəтін тілінің ком-
муникативтік  қызметін  жан-жақты  ашу  барысында,  мысалы, 
Х.  Нұрмұхановтың  зерттеу  өрісінің  мынадай  негізгі  қазықтарын 
анықтауға болады: сөз жəне шеберлік, сөз қуаты жəне сезім, сөз 
əлеуеті жəне шығармашылық.
Осымен  байланысты,  сөз  шеберлігінің  бұрын  сөз  болмаған 
танымдық  негіздері,  сөз  қуатының  сиэнергетикалық  болмысы 
ретіндегі эмоционал жəне экспрессивті сөздер табиғаты, сөз əле-
уетіне  байланысты  креативті  қолданыстар  мəселесі  нақты  мəтін-
дік  талдаулар  негізінде  жан-жақты  қарастырылған.  Сондықтан 
ғалым  «сөз  қуаты  дегеніміз  оның  адам  сезіміне  əсер  етер  күші» 
деп  санайды.  Ал  сөз  бен  сезім  байланысының  ғылыми  негізін 
Ч. Дарвин, И.М. Сеченов, И.П. Павлов еңбектерінің тұжырымда-
рымен дəлелдеп, эмоция жəне экспрессия ұғымдарын түсіндіреді. 
Ал  ғалымның  сөз  мəдениеті  мен  стильдік  қолданыстарды  талда-
ған мəтіндік талдаулары қазіргі антропоөзектік бағыттағы психо-
лингвистикамен сабақтасады.
Бір  атап  өтерлік  жайт:  ғалымның  сөз  əлеуетінің  құдіретіне 
ерекше  мəн  берген  сөз  қолданысының  коммуникативтік  аясы – 
эмоционалдық пен экспрессивтілік жаны болған (М. Əуезов) сахна 
тілі. Атап айтқанда, М. Əуезовтің, т.б. драмалық шығармаларын-

478
Ұлт тұғыры – тілде
дағы  уақыт  пен  кеңістік  контексіне  сай  креативті  қолданыстағы 
тілдік деректердің мəдени-танымдық коннотациясында «тасалан-
ған»  мəн-мағыналардың  архетиптік  мазмұн  межесі  ашылып, 
ұлттық біртұтасымдылық сипаты айқындалады.
Антропоөзектік  парадигмада  поэзия  тіліндегі,  жыраулар  мен 
би-шешендер сөзіндегі тілдің шығармашылық мүмкіншілігі, эсте-
тикалық  қызметі,  көркем  құрылымы,  кестелі  сөзі  арқылы  қазақ 
тілінің  сөз  байлығы,  мазмұн-мəнділігі,  жұмсалымдық  икемділігі 
негізіндегі коммуникативтік қызметінің сапасы жан-жақты ашыла-
тыны белгілі. Осы арада этнотаңба ретінде кешенді зерттеулермен 
қатар тіл қызметінің көркем мəтіндегі астасып жатқан қаламгердің 
тұлғалық  танымына  сай  қалам  тезіне  түскен  сөз  болмысының 
өзгеріп,  құбылуы  да  қарастырылуда.  Себебі  көркем  мəтінде,  ия 
күнделікті  тілдік  қолданыстағы  сөздің  негізгі  сөздікте  берілген 
мағынасынан  басқа  мəнге  ие  болып,  дағдыдан  тыс  қолданысқа 
түседі. Осымен байланысты қазіргі тіл біліміндегі адамтанымдық 
деңгейге  сəйкес  суреткерлік  ой-өрісін,  ерекшелігін  жан-жақты 
да,  терең  таныту  үшін  оның  шығармашылық  тілін  біртұтас  күр-
делі  жүйеде  қарастыру  сол  ақынға  тəн  дискурсты  танытады. 
Х. Нұрмұқановтың сөз құдыретін анықтайтын мəтіндік талдаула-
рында бұл əдістің де қолданылғанын көреміз. Оған арқау болған 
шығармашылық тілдегі окказионал қолданыстар, авторлық көрік-
теу  құралдары,  өзгеше  эмоционалды  жəне  экспрессивті  лексика, 
символдар, т.б.
Уақыт пен кеңістік контексінде қоғамдағы тіл қызметінің тілді 
тұтынушының  санасы  мен  əрекеті  аясындағы,  атап  айтқанда, 
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде коммуникативтік қызметінің 
жоғары қоғамдық қолданысының сипаты, сөздің коммуникативтік 
сапасын көрсететін сөз мəдениеті қазіргі баспасөз тілі прагмати-
касынан  байқалатыны  белгілі.  Бұл  арада  газет  тілінің  қолданыс 
аясында  адресант – адресат  байланысына  ерекше  мəн  беріліп, 
осы  мақсаттағы  прагматикалық  пресуппозиция  психолингивсти-
камен,  социолингвистикамен  ұштасады.  Мысалы,  қазіргі  газет 
мəтіндеріндегі астарлы, т.б. мəндермен астасып, жаңа экспрессив-
ті бояуға ие болған сөздер (жаңа қазақ, билік, шенеунік, т.б.), жаңа 
сападағы имандылық мазмұнға ие болған діни лексика, жағымсыз 
бағалауыш  лексика  (жемқорлық,  жымқыру,  т.б.),  əртүрлі  сөз  құ-

479
Ұлт тұғыры – тілде
былтулар  мен  жаңа  қолданыстардың  прагматикалық  мəні  жеке 
сөз шеңберінде емес, қазіргі қазақ тілінің сөз мəдениетінің тұтас 
жүйесінде анықталуы тиіс.
Осы мəселеге қатысты (потенциалды (əлеуетті) жəне окказио-
нал (тосын) сөздер, варианттылық, жаңа сөздер мен неологизм-
дер,  варваризмдер,  жат  сөздер,  диалектизмдер  қолданысының 
уəждері, т.б.) ұғымдар өзектеледі. 
Сонымен, жеке тілдік тұлғаның шығармашылығы арқылы ұлт 
болмысының  сипаты  іспетті  мəдени  ақпараттарды  қазіргі  ұрпақ-
тың  қабылдап,  игеруі  көркем  мəтінде  бейнеленген  мəдени  мұра-
ның  ұлттық  санада  танылуының  тетігі  сөздің  коммуникативтік 
қызметімен  тікелей  байланысты.  Міне,  осы  арада  мəдениет  игі-
ліктерін өндіруші (сол кезеңдегі) мен тұтынушы (қазіргі кезеңде-
гі)  арасындағы  мəдениаралық  жалғастырушы  қызметті  тіл  атқа-
рады.  Мысалы,  нақты  айтқанда,  мəтін  мазмұнында  суреттелген 
тарихи-мəдени феномен шығарманың көркем тілі арқылы оқушы 
танымынан орын алып, мəдени-тілдік коммуникация іске асады.
Сонымен, мəтін теориясына сүйенсек, көркем тілдің, сөз құді-
ретін танудың тетігі мен табиғатын жекелеген көріктеу құралдары 
негізінде емес, қаламгердің шығарма мазмұнына арқау еткен тұл-
ғалық  мұратына  сай  құрайтын  өрмегінде,  яғни  тұтас  мəтіндік 
жүйеде анықталатыныдəлелденеді. Соның нəтижесінде шығарма-
лардың  тілі  арқылы  жазушының  «көркемдік  əлемінде»,  иə  көр-
кемдік санасында қалыптасқан өзін қоршаған шындыққа, уақыт-
қа  деген  қатынасы,  түсінігі  анықталады.  Суреткердің  осындай 
тұлғалық тұжырымдамасы мен дүниені бейнелеуінің өзіндік «тіл-
дік  əлемін»  ашып,  жан-жақты  талдану  тілдің  рухани  əлеумет-
тік  əлеуеті  тілдік  тұлға  қолданатын,  ия  туғызатын  сөз  құдіреті 
арқылы іске асатыны зерттеушілерді Ғабең тілін, Мұқағали фено-
менін,  Жұмекен  жұмбағын  ашатын  тұжырымдарға  əкелмек.  Сөз 
құдіретінің,  мəдениетінің  коммуникативтік  сапасы  мен  құдірет-
тілігінің  айқын  көрінісі – күнделікті  қолданыста,  яғни  қоғамдық 
қызметінде.
Себебі  қарым-қатынас  (əңгімелесу,  сөйлесу,  пікір  алмасу,  сұх-
баттасу, шүйіркелесу, т.б.) – кез келген қоғамның өмір сүру, қыз-
мет  ету,  тыныс-тіршілігін  іске  асыруға  көмектесетін  маңызды 
құрал. Ол, негізінен, сөз арқылы көрініс табатыны белгілі. Табиғат-

480
Ұлт тұғыры – тілде
пен  астас  өмір  сүрген  көшпенді  мəдениеттің  өкілдері  ретіндегі 
сөзді өнер деп түсінген ата-бабамыз қоғамның көп мəселесін ше-
шуде  жағдаятқа  қарай  сөз  құдыретінің  əлеуетін  тиімді  қолдан-
ған. Бірақ əр заманның сан қилы тарихи-құрылымдық өзгерістері 
қоғамдық санаға жəне қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдің де 
коммуникативтік  қызметінің  сапасына  ықпал  ететіні  шындық. 
Нақты айтқанда, қазіргі қоғамдағы əлеуметтік жіктелістерге (бала 
мен  ата-ана,  ұстаз  бен  шəкірт,  бастық  пен  қызметкер,  тума-
туыстар, дос-жолдас, əріптестер, дəрігер мен сырқат, сатушы 
мен сатып алушы, т.б.) сəйкес сөздің дұрыс құрылуы, сол салаға 
тиісті,  арнайы  сөздерді  орнымен  қолдану,  коммуниканттардың 
тұлғалық сипатын (жасын, жынысын, кəсібін, білім деңгейін, т.б.) 
жəне  психологиялық  болмысын  ескеру  адам-дардың  арасын-
да  қажет  қарым-қатынас  пен  тығыз  байланыс  орнатуда  тиімді 
болмақ.  Осымен  байланысты  мəселелер  қазақ  тіл  білімінде 
коммуникативті-прагматикалық деңгейде сөз мəдениеті, лингвоэ-
кология, дискурс (іскери дискурс, педагогикалық дискурс, ғылыми 
дискурс,  саяси  дискурс,  т.б.)  ретінде  жан-жақты  қарастырылуда. 
Себебі, бұл – қоғамдық дамудың бүгінін кешегімен жалғастырып, 
болашағына жол ашатын өзекті мəселе. Ал бұл күрделі мəселенің 
күрмеуін шешу қазіргі таңда аса қажет екендігін көріп отырмыз. 
Оның  айқын  көрінісі,  əсіресе,  жастардың  тілінен  байқалады. 
Қазіргі  қоғамда  қалай  болса  солай  сөйлеу  (қысқа,  жұтаң,  тілді 
шұбарлап  сөйлеу,  т.б.)  дағдыға  айналып  немесе  оған  мəн  бер-
меу «Онда тұрған не бар?», «Ол қазақша біледі, түсінеді» деген 
сияқты тоғышарлық пікір жиі кездеседі. 
Шын  мəнінде, «сөз – адам  жанының  айнасы».  Ата-бабамыз 
адамды  көбінесе:  «сөзі  дұрыс», «сөзі  келіспейді»  деп  бағалаған. 
Сондықтан  қазіргі  жастардың  көбінің  тіл  жұтаңдығы  олардың 
рухани  жан-дүниесінің  жұтаңдығын  көрсетеді.  Тіл  біліміндегі 
«тілдік  тұлға»  теориясы  бойынша  тұлға  ретінде  қалыптасудың 
алғашқы  деңгейінде  (нөлдік  деңгейінде)  баланың  тіл  ұстарту 
қызметі  отбасындағы  ұлттық  құндылыққа  негізделген  тəрбиеден 
(ертегі,  жыр,  қазақы  кестелі  сөз,  қазақы  ойын,  т.б.)  басталады. 
Демек, ана сүтімен сіңірілген сөз құдіретінің тамыры отбасынан 
басталатыны да антропоөзектік қағидамен сабақтасады.
Сонымен  бірге  тың  ізденістердің  қатарында  қазіргі  ақпарат-
тар  ағыны  тасқынында  ана  тілінің  қазынасындағы  рухани  маз-

481
Ұлт тұғыры – тілде
мұнын  ашып,  оның  қазіргі  тілде  жаңа  сапада  жалғасқан  ком-
муникативтік  қызметін  тілдік  қуаты  мен  қолданыстық  əлеуетін 
көтеретін,  мемлекеттік  деңгейдегі  бірегейлік,  ұлттық  деңгейдегі 
ұйымдастырушылық  қызметінің  өрісін  кеңейтуге  дəйекті  құрал 
болатын – лексикографиялық  еңбектер.  Олар – лексикалық  тың 
мағыналардың,  көне  атаулардың  уəждемесін,  этимологиясын, 
таңбалануын,  мəдени  құндылыққа  ие  болу  ерекшілігін  жаңа  ғы-
лыми  парадигма  аясында,  атап  айтқанда,  антропоөзектік,  оның 
ішінде лингвокогнитологиялық бағыт бойынша кешенді (тарихи, 
семасиологиялық,  этнолингвистикалық,  т.б.)  зерттеулердің  нəти-
жесі. 
Қазіргі  таңдағы  лингвистикалық  зерттеулердің  тұтастық  си-
патына  сай  тілдің  ұлтпен  біртұтас  жүйе  екендігін  дəйектейтін 
тілдік деректердің осындай талдамалы-түсіндірмелі дереккөздері 
академик Ə. Қайдардың «Қазақтар ана тілі əлемінде» (2009) атты 
этнолингвистикалық сөздігі жəне сандық жағынан ғана емес, сапа-
лық тұрғыдан да толықтырылып, жаңарып шыққан онбестомдық 
«Қазақ  тілінің  əдеби  сөздігі», «Қазақ  тілінің  аймақтық  сөздігі» 
сияқты еңбектерде жан-жақты берілген.
Қазақ  тілін  инновациялық  сипатта  зерттеудің  айқын  көрінісі 
ана тілінің кумулятивтік (мұрагерлік) жəне коммуникативтік қыз-
меттері  сабақтасқан  ұлтты  рухани  тұтастырушылық  мазмұнын 
танудан байқалады. Атап айтқанда, қазақ халқының материалдық 
жəне  рухани  мəдениетін  бейнелейтін  тілдік  деректердің  ұлтты 
тұтастырушы  қызметі  антропоөзектік  бағытта  жүргізілген  мына-
дай зерттеулердің нəтижелері арқылы сипатталады:
-  тəуелсіз  Қазақстан  жағдайында  қазақ  тілінің  ұлттық  жəне 
мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілі лексикасының мəдениаралық 
коммуникациядағы лингвоелтанымдық қызметін анықтау;
-  тіл  жəне  мəдениет  шеңберінде  қазақ  тілінің  тұтас  этно-
таңбалық жүйесін дəлелдеу;
-  лингвопрагматикалық,  лингвомəдени  аспектіге  негізделген 
антрополингвистикалық  зерттеулер  нəтижесінде  қазақ  тілінің 
ұлтты рухани тұтастырушылық қызметін дəйектеу, т.б.
Сонымен,  қазақ  тіл  білімінде  инновациялық  үрдістің  қалып-
тасып, өріс алуын «тіл – ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы 
келбетін өрнектеп, материалдық өндіріс пен тұрмыс күйін ұлттың 

482
Ұлт тұғыры – тілде
рухани дүниесімен сабақтас сипаттайтын этнотаңбалар жүйесінің 
өзекті арқауы» деген қағидамен сипаттауға болады.
Өз  бойында  ұлт  болмысын  сипаттайтын  тарихи-мəдени  маз-
мұнды сақтаған көркем де деректі құндылықтардың бірі – шежі-
релер.  Олар,  негізінен,  қазақ  ру-тайпалары  дербес  мемлекет 
құрып, өмір сүре бастаған XV-XVI ғасырлардағы мемлекеттік ірі 
тұлғалардың немесе əулеттердің кейінгі ұрпақтарына ата-бабала-
рын танытатын тарихи-деректік мазмұнда көркем тілмен жазылған 
тілдік  нұсқалар.  Осымен  байланысты  қазақ  əдеби  мұраларының 
ежелгі нұсқаларын зерттеушілердің еңбектерінде шежірелер нақ-
ты деректер негізінде жазылған ресми стильдегі тарихи құжат емес, 
тарихи  тақырыпқа  сүйенген  көркем  туынды  деп  танылған  (Ке-
лімбетов Н. Қазақ əдебиетінің ежелгі дəуірі. Алматы, 1986).
Бірақ  шежірелердің  тақырыбы  мен  мазмұнының  қоғамдық-
мемлекеттік мəні кешенді сипатқа ие. Осыған орай оның болмы-
сын ашуда тарих пен филология саласы мамандарының пікірлері 
тоғысуы – заңды. Сондықтан «Қазақстанның Ұлттық энциклопе-
диясында»  шежіре  халықтың  шығу  тегін,  таралуын  баяндайтын 
тарих  ғылымының  бір  саласы,  ру-тайпалардың  өрбуін  ұрпақтан-
ұрпаққа  жеткізген,  қалыптасқан  ресми  жазба  шығарма  ретінде 
анықталады.  Шежірелердің  бұл  сипатын  екі  түрлі  себептің  негі-
зінде түсіндіруге болады: 
Біріншіден,  шежipе  жазушылаp  өз  дəуipiндегi  саяси  күpестiң 
қызу оpтасында жүpген. 
Екіншіден,  шежірешілердің  ешқайсысы  да  тарихтан,  мəде-
ниеттен тыс жүрген жəне сауатсыз емес, білімді адамдар болған. 
Академик Р. Сыздық қазақ шежіресі тарихында орны белгілі мы-
салы, Əбілғазының «Түpiктеp шежipесiнде»:туралы: «Ол қазақтың 
хан əулетiнен таpайтын Ондан сұлтанның баласы Оpазмұхамбет-
тiң ақылшы-кеңесшiсi, сол кездiң теpминiмен айтсақ, қаpашысы
Яғни, ХVI ғасыpдың 80-жылдаpында Тобылда оpыс воеводасына 
тұтқынға түсiп, Мəскеуге, патша үйiне жiбеpiлген Оpазмұхамбет 
сұлтанның қаpашы биi. Қазақтың беделдi əулетiнiң мүшесi жəне 
мұсылманша  едəуip  сауатты  болған»  деп  жазады. (Сыздықова  Р. 
Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993, 114-б).
Қазақ тiл бiлiмiнде, жоғарыда көрсетілгендей, аталған шығар-
маның тілін жан-жақты зерттеген – профессор Б. Əбiлқасымұлы. 
Ғалымның бұл мəселеге қатысты ізденістерінің нəтижесі бірнеше 

483
Ұлт тұғыры – тілде
ғылыми мақалаларында көрініс берсе, кейін іргелі зерттеу ретінде 
арнайы  монография  жарық  көрді.  Атап  айтқанда, 2001 жылы 
«Арыс»  баспасынан  басылып  шыққан  «Əбілғазы  ханның  «Түркі 
шежіресі»  жəне  оның  тілі»  кітабында  автор  «Шежipе-и  түpiк» 
кiтабының  жазылу  таpихын  түсiндipiп,  автоpы  туpалы  деpектеp 
беpiп,  еңбектiң  зеpттелу  таpихына  шолу  жасайды,  аудаpмасына 
тоқталады,  қазақ  тiлiне  қатысын  айқындау  үшiн  тiлдiк  тұpғыдан 
талдап,  баға  беpеді.  Зерттеудің  негізгі  мақсатын  автор  нақты 
белгілеген: «... оның өз тұсындағы шағатай тілінен өзгешелеу тілде, 
өз сөзімен айтсақ, түркі халықтарына ортақ «нағыз түрік тілінде» 
жазылғанын  көреміз.  Бұл  сонда  қазіргі  қай  халықтың  тіліне 
жақын? «Шежіре» тіліне жасаған талдауларымыз оны қыпшақ то-
бына жататын тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне жақындатуға мол 
мүмкіндік береді» (4-б).
Зерттеуші тілдің дамуы, тарихы тұрғысынан шежipенің тұpақ-
ты  сөз  тipкестеpiне,  мақал-мəтелдеpге  бай  екендігіне  ерекше  на-
зар  аударады:« ...шығаpма  автоpы  бipыңғай  таpихи  фактiлеpдi 
тiзе  беpмеген,  аpа-аpасында  өзi  əңгiме  етiп  отыpған  халықтаp 
мен  pулаpдың  əдет-ғұpпын,  өмip  тipшiлiгi  жайлы  немесе  белгiлi 
хандаp  мен  таpихи  адамдаpдың  мiнез-құлқы, iстеген  жақсылы-
жаманды  iстеpi  туpалы  сыp  шеpтiп  отыpады.  Осындай  кесек-ке-
сек  əңгiмелеpде  небip  бейнелi  сөз  тipкестеpi,  мақал-мəтелдеp 
жиi  қолданылады.  Бұлаp  бiздi  сол  елдеpдiң  кəсiп-тipшiлiгiнен, 
этногpафиясынан,  мəдени  өмipiнен  (ерекшелеген – біз)  белгiлi 
дəpежеде хабаpдаp етедi» (Əбілқасымов Б. Əбілғазының «Шежіре-
и-түркі» атты шығармасындағы тұрақты сөз тіркестері).
Мысалы: «Ол тағы биp неша иллаp ет йеб, қымыз iчiб, ақ уа 
қаpа  кебiш  бiчiб,  айдай  уа  күндей  сұлулаpыны  кучуб,  сүмбедей 
йоpғалаpыны  уа  йелдей  йүкүpүpлеpiнi  мына  көңiлi  йеткен  йеp-
леpке учуб уғлы Теңiз ханны өз оpныда олуpтуб ол дүниаға кет-
дi». Hемесе: «Чеpiкi  үйлеpiнiң  алдында  оp  қазыб  олтуpдылаp». 
«Бiлекеч султан... көз iлiб йазмас меpген еpкендүp аpабаның iчiн-
де йатыб тiк йүкүүнүб туpуб оңлы, уа соллы атғаныча көз икеpмес 
еpкендүp», т.б. сөйлемдеpден қазақ тұpмысының суpетi көpiнедi. 
Сол сияқты қазipгi қазақ үшiн де еш жаттығы жоқ кейбip ма-
қал-мəтелдеpдiң шығу төpкiнi қазақы тұpмысты бейнелеумен бай-
ланысты  екенiн  байқауға  болады: «Аpбаның  екi  аpышы  бүтүн 
болса түзүк көчеp».

484
Ұлт тұғыры – тілде
Шығарманың мəтінін талдау барысында сол кезеңнің тарихи-
əлеуметтік  қолданысына  сай  кейбір  терминологиялық  жүйе,  тіл 
тарихы  мен  мəдени  дамуы  дəйектеліп,  байқалатынын  автор  атап 
көрсетеді: мемлекет, жұрт, уəлаят, ел, халық,қарайман «жəй қара 
халық»; жамағат, қабила, ру; шаһар, қала, қалға, кент; хан, қаған, 
патша,  шах,  əмір,  ханзада,  шахзада;боқауыл,  ереуіл,  йортағұл, 
қарауыл,  йасауыл,  чапұғұл,  сұрауыл,жазу-бітімек;  халық-бұдұн; 
аң-аб; аламан-черік, т.б.
Шежіре болмысының осы кешенді сипатына сай бұл еңбектің 
ғылыми-танымдық  мəні  оның  тіл  тарихы  мəселесіне  қатысты 
деректік негізінде ғана емес, қазіргі таңдағы ұлттық болмыс пен 
мəдениетті дəйектейтін кешенді мұралық мазмұнында. Сондықтан 
шығарма  авторының  дүиетанымдық,  əлеуметтік,  тұлғалық  тұғы-
рының  тарихи,  шығармашылық,  мəдени  түп  бастауларының 
тұтастығы  дəстүрлі  лингвистикалық  əдіснама  шеңберінде  толық 
ашыла алмайтындықтан Əбілғазының шежірешілік тілдік тұлғасы 
зерттелді  (Сапарбекова  Г.  Шежіреші  тілдік  тұлғасы  (Əбілғазы 
баһадүрдің «Түркі шежіресі» ескерткіші материалы негізінде зерт-
теу). Алматы, 2010). 
Осы  тектес  зерттеулердің  мазмұнынан  туындайтын  қазақ  тіл 
біліміндегі өзекті мəселенің бірі – көне түркі жазба ескерткіштер 
тілінің қазақ тілімен сабақтастығы. Осымен байланысты ескі қазақ 
тілінің  қаншалықты  деңгейде  ескерткіш  тіліне  қатысы  барын 
нақты  көрсету  мақсатын  профессор  Əбілқасымовтың  шəкірттері 
сəтті атқарып шыққан. (Г. Мамырбекова, А. Сейтбекова. Əбілғазы 
баһадүр  ханның  «Түркі  шежіресінің»  тезаурус  сөздігі.  Алматы, 
2011).  Бұл – ұлт  болмысын  оның  тілімен  біртұтастықта  қарас-
тыратын қазіргі тіл біліміндегі антропоөзектік бағытта жалғасқан 
ғылыми сабақтастықтың көрінісі. 
Демек, «Шежіре» сол кезеңдегі мемлекеттік, тарихи-əлеумет-
тік, рухани-мəдени қызметіне сай ұлт пен тіл тарихын танытушы 
деректік сипаттағы құндылық деп тануға болады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал