Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б



жүктеу 29.27 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.01.2017
өлшемі29.27 Kb.

 



Т.ӘЛІМҚҰЛОВТЫҢ «ҚАРАОЙ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ МАХАМБЕТ ТҰЛҒАСЫ 



                                                         

Акбулатова С.Б. 

Орал қ. 

 

Әдебиетімізде  бейнеленген  осынау  тұлғалардың  арасында,  әрине,  қазақ  поэзиясының  алдаспаны, 



қазақ жырының баһадүрі, қайталанбас қайраткер ақын Махамбет Өтемісұлының тағдырының терең, әрі әр 

қырынан көрінуі кездейсоқтық емес. Қазақ қаламгерлері неге Махамбет образына көбірек орын берген? Не 

үшін қайсар жырларына қайта-қайта оралып отырған. Осының сыры неде? 

Осыған жауап іздесек, алдымен тарлан  қаламгерлер  Т.Әлімқұловтың атақты «Қараой»  әңгімесі, 

Ә.Әлімжановтың  «Махамбеттің  жебесі»  атты  романы,  кейінгі  дүниеге  келген  Б.Аманшиннің 

«Махамбеттің  тағдыры»,  Қ.Мұқамбетқалиевтің  «Бас  жұтқан  бас»,  Н.Әбуталиевтің  «Қайран  Нарын» 

тағы басқа да қаламгерлердің туындыларын атауға болады. 

Махамбеттің  күрделі  тұлғасын  көркемдік  тұрғыдан  жинақтауда,  зұлымдық  құрған  заман 

шындығын шынайы жеткізуде  –  әр  қаламгер түрлі әдіс-тәсілдерге қол артқан. Махамбеттің өмірі мен 

заманы туралы көркем шығармалардың ішінде Т.Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі айрықша дара тұлға. 

Қараой  - жер атауы.  Қаралы оқиға осы жерде  өтеді.  Әңгімеде Махамбет өмірінің  соңғы сәттері 

сөз болады. Ең бастысы, мұнда қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы асқақ көрінеді. 

Елінен  айырылып,  жерінен  ауып,  қос  қыраны  –  екі  ұлын  қатар  жоғалтса  да,  ақынның  қанаты 

қайырылып,  жігері  құм  болып,  жасығанын  көрмейміз.  Тек  қана  көз  алдында  бақилық  болған  біртуар 

балаларын  ойлап,  есіне  алғанда  жүрегі  елжіреп,  көкірегі  сары  сағынышқа  толы.  Махамбет  жапан 

далада  жалғыз  қалғанда  жүрегіне  жебедей  қадалатын  жалғыз  жарасы  –  Өтемістен  туған  онның  атқа 

қонып, жасақты қолға айнала алмағаны. 

Батырдың рухын аласартпай, өз тұғырында қалдыруы – автордың шеберлігі. 

Ең  ауыр  трагедия  –  ақын  қазасының  суреттелетін  тұстарында  қаламгер  шеберлік  танытып, 

әңгіменің  құнарлы тіл өрнегін табады. Әсіресе, кейіпкердің мінез-құлқын аз сөзбен өте дәл жеткізетін 

психологиялық талдау тәсілі ұтымды. 

Әңгіменің мәресіндегі мына сөйлемдерді тебіренбей оқу мүмкін емес. Бұл ықылас бастап келген 

көп  жендеттің,  яғни,  Ықыластың,  Жаңабергеннің,  Мұсаның,  Жүсіптің  және  Төрежанның  күтпеген 

жерден  опасыздық  жасап,  сатқындықпен  ,қарусыз  отырған  Махамбетке  аш  қорқаулардай  жабысып, 

қапыда мерт еткен оқиғадан кейін суреттелетін трагедиялық хал-күйдің бейнесі. 

«Махамбеттің үй іші ұлардай шулап жатты. Махамбет тілге келмей кетті. Бірақ талайға шейін жүрегі 

дүрсілдеп, миы шыңылдап, бүкіл өмірін көз алдынан өткізіп жатты. Ақырғы үні «Әуес» болса, ақырғы ойы 

«Қайран,халқым»-  деген  екі  сөзге  сайды.  Жантәсілім  қыларда    қанталаған  көзін  ашты.  Жарық  дүниемен 

қоштасып,  Қараоймен  арыздасты.  Ұзақ  жолдың  түйіні  қысқа  екенін  бірінші  рет  біліп  бара  жатты. 

Қараойдың қойнауында қаралы үй жападан жалғыз қала береді... Сол түні ай тұтылған». 

(Т.Әлімқұлов «Кертолғау», «Өнер» (1988) 128-129бет). 

Сонымен бірге, қаламгер ұлттық психологиядағы ұғымдарды да орнымен пайдаланған. Мысалы, 

қазақтың  ұғымында  тыйым  салынған  ырымның  бірі  –  адамның  үй  айналуы.  Ойын  қызығымен  үй 

айналып  қойған  балалардың  үлкендерден  аяусыз  ұрыс  естігенін  жас  кезімізде  құлағымыз  талай  рет 

шалған  еді.  Онда  бұған  көп  мән  бермейтінбіз.  Есейе  келе,  бұл  қылықтың  жамандыққа,  қайғы  - 

қасіретке ғана көрінетін ырым екенін білдік. Осы азат жолдағы: «жас бала шырылдап, үй айнала берді» 

деген сөйлем  ауыр оқиғаның болып өткенін айғақтап тұр. 

Айдың  тұтылуын  да  халық  жамандыққа  жорыған.  Күннің  батар  шағы  адамның  игілікті  істі 

бастайтын шағы емес. Бұлар енді табиғатпен сабақтас  шыққан ырымдар. Жазушы бұлардың да мәнін 

жете  біліп,  шығарма  желісіне  кіргізген.  Жалпы,  адам  қазасы  -  қай  кезде  де  басы  жұмыр  пенде  үшін 

теңдессіз қасірет. Осыны қаралы үйдің Махамбет жарық дүниеден кеткеннен кейінгі қайғы - қасіретін 

қаламгер ұлттық психология арқасында бейнелі жеткізген. 

Екінші    табысы  –  шығарма  бойындағы  авторлық    баяндауларда  жиі  көзге  түсетін,  соны 

көркемдік  бейнелеу құралдары,образды оралымдар. 

Мысалы,  Махамбеттің  өз  ағайыны  Ықыластан  күдік  алған  бір  сәттік  сезімін  автор  былайша 

суреттейді: «Бағзы заманда Қарабайдың үйі мен осы замандағы өз үйінің халі Махамбетті тың бір ойға 

бастады.  Малын  қызғанып  жапанға  қашқан  Қарабайдың  қара  шаңырағын  жалпақ  жұртпен 

жалғастырушы  Жантық  болса,халқын  қызғанып  Қараойға  бекінген  Махамбеттің  қара  шаңырағын 

бейілдес елмен астарлаушы – Ықылас. 

Екеуінің   тәтті ұрттылығы егіз егес туғызып, сезімнің  секемін күшейтті. Енді Ықылас кешіккен 

сайын,  сыбайлас  аңшыдай  сүйіндірмей,  сауықшыл  жардай  күдік  туғыза  бастады  (Т.Әлімқұлов. 

«Кертолғау» «Өнер»1988.120-бет.). 

Бұл сөйлемдер Махамбеттің  жан әлеміндегі құбылыстарды дәл бейнелейді... 


 

Аңғарғанымыз,  бұл  әңгімесінде  автор  «сана  ағымын»  суреттеуге  көп  мән  берген.  Мақсаты-



Махамбеттің жан-дүниесін тереңнен тартып, қопарып көрсету.Тұйыққа тірелген ақын өкінішінің асуы 

зарын  да  жазушы  жасырып    қалмайды.  «Хан-сұлтанның  оққа  ұшып,  Махамбеттің  жалғыздық  зарын  

шеккеніне  –  сегіз  жыл  да  үш  ай.  Ұзақ  уақыттың  ішінде  жасаған  сансыз  шабуылы,  қырғыны    ойына 

оралды.  Қапы  қалған,  қапия  кеткен    жері  көп  екен.  О  баста  Исатай  батырдың  сенгіштігінен  Жәңгір 

ханға  он  күн  мәулет  беріп,  сазға  бір  отырса,  ауыл  ағасы,  рубасылардың  солқылдақтығынан 

Баймағанбет  сұлтанның  басын  шаба  алмай  қайтуы  -  қияметтік  қапиялық.  Қара  шұбар  жыланның 

құйрығын  басып,  басын  жаншымай  кеткені  –  енді  өзінің  басын  мың  мәнетке  тіктіріп  отыр» 

(Т.Әлімқұлов  «Кертолғау» А«Өнер»,1988.117-бет. ). 

Жазушы  шағын  әңгіме  жанрында  Махамбет  өмірінің    аяқталар  тұсындағы  ақтық  сәтінің 

шындығын психологиялық тұрғыдан өте шынайы және шебер жинақтайды. Аз уақыт ішінде Махамбет 

өткен  өмірінің  өртер  кезеңдерін  ойша  шолып,  өз  өмірін  өзі  саралап,  өзі  бағамдайды.  Ісінің  бірін  оң 

көрсе,  бірін  теріс  көреді.  Адасқан,  қалт  басқан  шағының  кейінгі  қасіретті  салдарын  еске  түсіріп, 

өкінеді, күйзеледі. Тіпті қазіргі шағында жасап тұрған әрекеті Ықыластың достық ниетіне сенуі болса, 

енді бұған да күдікпен қарап, дос болып  жүрген Ықыласты тани алмай, екі ұдай күй кешеді. Жазушы 

осының бәрін  кейіпкердің ойы мен  сезімінің қалың ағынын бір бағытқа ғана ақтармай, оларды өзара 

шарпылыстырып, өзгерту үстінде суреттейді. 

Тағы  да  бір  айтатын    мәселе  –  жазушы  Махамбеттің  азаматтық  тұлғасын  танытуға  және  бір 

қырынан келген.Махамбеттің ақындығына қоса  қайраткерлігін қатар көрсеткен. 

Бұл  әңгімеде    ақын  тұлғасы  жаңа    қырынан  жарқырап  көрінеді.  Ол,  ең  алдымен,  халық  қамын 

жеген, ел мұңын арқалаған қайсар күрескер, сонан соң арқалы. Ел бостандығы, ұлт азаттығы үшін жан 

қиған,  өзін  құрбан  еткен  ақиық  ақынның  өр  тұлғасын  сомдаған  қаламгер.  Ағайын  алауыздығы  да, 

сүйекке  сіңген күндестік ұлт  қасіреті де көрсетіледі  бұл шығармада. Осы  құндылықтардың   мәні мен 

маңызы егемендіктің тізгіні өз қолымызға  тиген қазіргі күнді, қазіргі заманды бастан кешіріп жатқан 

еліміз, ұлтымыз үшін маңызы арта түспесе, кеміді деп айта алмаймыз. 

 

Әдебиеттер 

 

1.Тәкен Әлімқұлов «Қараой» әңгімесі. 



2. Тәкен Әлімқұлов «Кертолғау» Алматы.1988ж. 

3.Зейнолла Қабдолов «Ерлік пен елдіктің өшпес рухы» «Ана тілі»газеті 2003ж. 

4. «Исатай мен Махамбет»тарихы  «Өлке» баспасы 1996ж. 

5.Махамбет әлемі 10-11сынып кітаптары «Арыс» баспасы Алматы-2004 

 

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 29.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет