Тәңірберген Қалилаханов



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата14.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
9
адамы»  деген  сөз  деп  түсіндіргені  бар-ды.  Бүл  Қазақ  хандығын 
мемлекет  десек,  «алашты»  сол  мемлекеттің  «азаматы»  деп  үқ  деген 
сөзі.  Бертін  келе  рулық,  патриархалдық  қүрылыс  түсында,  ертедегі 
Корея жеріндегі  «тегінд^р»  мен «хақылар»  сияқты  іштей жіктеліп  екі 
тапқа бөлінгені,  бір бөлігі  -  жер  иеленуші  бай  феодалдарға айналып, 
екінші  бөлігі  —  қатардағы  «қарашыларға»  айналғаны  аңғарылады. 
«Тақсыр-ау, жақын көрсең -  «алаіііыңмын», жат көрсең -  жай жүрген 
бір  «қарашыңмын»»  деп  бір  адам  Абылай  ханға  айтыпты»  дейтін  ел 
есінде  сақталған  ескі  сөз  Абылай  ханның  түсында  қазақ  қауымы 
«алаш» «қарашы» болып екі тапқа жіктеле бастағанын көрсетеді.
Осындағы 
«алашалар» 
бүрынғы 
жаугершілік  замандарда 
қолбасы,  рубасы  болып  жат  елдерді  жаулап  алып,  солардан  алған 
қазына  мүліктерімен  байыған  батырлар,  билер,  жауынгерлердің 
үрпақтары  деп  шамалаймыз.  Өйткені,  «Ата  көрген  оқ  жанар»  деп 
мөтеддейтін бүрынғы қазақтар «ата» деп о баста қолбасыларды атаған
103

ғой.  Кейінде  белгілі  бір  жер,  суды  мекендеп  отырып  отырып  қалған 
жауынгерлерден  өсіп-орбіген  ұрпақгар  сол  бұрынғы  бабаларының 
атауы  бойынша  сол  қолбасыларды  рубасы  — «атамыз»  десіп  кеткен 
ғой!  Ал  жауынгер  жасақгарға  келсек,  олардың  жүздікке,  мыңдыкка 
бөлінген  бөліктерін  тек  бір  жанұяның  немесе  бір  атаның  ғана 
кіндігінен өрбіген ұлдармен толықгыру табиғи  жағынан  мүмкін емес, 
сондықтан  да  қай  елде,  қандай  армияда  болмасын  өскер  бөлімдері 
ұлтына  қарап  сұрыпталып  толықтырылмайтыны  сияқгы  бұрынғы 
қазак жасақгары да руларына қарай сұрыпталған  емес, мүмкіндігінше 
қүралған. 
Жоғарыда 
келтірілген 
нақты 
мысалдардан 
коріп 
отырғанымыздай,  қазақ  руларының  айтарға  пелендей  бір  атаның 
түкымымыз  дегенімен,  ол  рудың  ішін  ақтара  бастасаң,  сиырдың
бүйрегіндей  қырық рудан  қүралғандығы  білініп түратындығының бір
себебі осында болса керек.
Бір үйде жинаулы екен қазына-мал,
Оны бізге көрсетгі кемпір мен шал.
«Бүрынғы бабамызға сыйға тарткан,
бүл үйде мынау да бар, мынау да бар...».
і 

&
Махмүт  Торайғыровтың  көзімен  көріп,  елең  қып  кеткен  сол 
алгын  кеселер  мен  қымбат  қазыналары  әлгі  мақтанған  шалдың  арғы 
аталарының 
«алаша» 
болып 
баска 
елдердің 
жаулап 
алған 
замандарынан калған материалдық айғактар екені күмәнсіз.
Біз  бүл  арада  «Алға»  үраны  мен  «Алаш»  атанған  бүрынғы 
бабалардың 
жаугерлік 
жорықгарын 
дәріптеу 
ниетімен 
емес, 
тарихшылар  арасындағы  даулы  мөселелердің  бірі  болып  жүрген 
«Алаш»  атауының  мән-мағынасы  мен  дүниеге  келу  себептерін  ашып 
айтуды  жөн  кердік.  Біз  бүл  арада  «Алашты»  ел  есінде  сақгалған, 
ескіден  келе  жатқан  үлт  бірлігінің үраны  болған  қүдіретінің  Абылай 
атымен  қайта  құрылған  Қазақ  хандығын  қалыптастырудағы  қызметі 
үшін  ауызға  алып  отырмыз.  Өйткені,  қазақтардың  өз  ішінде  болып 
жататын  жанжалдарда  әрбір  ру,  тайпа  өзінің  рулық,  тайпалық 
үрандарымен топ-топқа бөлінісіп  шыға  келетін  болса,  «Алаш»  үраны 
естілген  жерде  барлық  рулық,  тайпалық  кіші  үрандар  жайына  қалып 
қазақгар  үлттьпс  түтастық  туы  астына  жиналатын.  «Ақтабан 
шүбырынды»  босқынында  босағасы  бүзылмай,  туыстық  түтастығын 
сактап  қалған  бірде-бір ру, тайпа болған  жоқ.  Адамдардың «босуын» 
қазақтар малмен түсіндірмек болса -  «үрку» деп те айта берген.  Яғни, 
ескі  аңыз-өңгімелерден  естіліп  калатын  «үркіншілік»  деген  сөздердің 
«боскыншылық» деген сөз екенін есте үстаған жөн. Осыған қарағанда
104

қазіргі  Иркутск  қаласының  бұрынғы  «Ургу»,  «Үрку»  деген  қазақ 
сөздерімен  атанғаны  аңғарылады.  Бұл  «Актабан  шұбырындыға» 
дейінгі  Қазақ  жерінің  терістік-шығыс  жақтағы  шегі  сол  -   «үрку» 
басталған жер -  бүгінгі Иркутск облысының территориясы болған еді 
деген сөз.
Тарих  басқан  таңбасы  танытып  тұрган  Қазақ  жерінің  бұрынғы 
бұрыштарының бірі  болған осы  «Үркуден»  бастап  Сыр бойына дейін 
шұбырып  босқан  ру-тайпалардың  халі  қараңғы  түнде  котаннан 
үріккен  қойлардың  халімен  үқсас  болған  ғой.  Үріккен  қойлардың 
өздері  бір  жаққа  қозылары  бір  жаққа  қосылып,  мидай  былығатыны, 
бір-бірінен  адасып  маңырап,  шуласатыны  сияқгы,  үріккен  ру- 
тайпаларда бір-бірімен қосылып, араласып мидай быльіққан ғой.
Атақгы «Елім-ай!» әніндегі:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын Бозжорға ат бос келеді.
Қарындастан айрылған қиын екен,
Қара көзге мөлтідцеп жас келеді... -
дейтін  өлең  жолдары  сол  -   «Үркуде»  көшкен  сайын  Бозжорға 
атқа  мініп  жүретін  қарындасының  да  қайда  қалғанын  білмей, 
Бозжорғасын  бос  жетелеп  кел  жатқан  ағасының  арыз  арманы  анық 
аңғарылып  түрады.  Сонымен  қатар,  «Елім-ай,  елім-айлап»  қайталана 
беретін  өлеңнің  қайырмасы  қарындасынан  айрылған  ағасының  ғана 
емес,  баласынан  айрылған  анасының,  жарынан  айрылған  арудың, 
туыстарынан айрылған түтқынның, жерінен айрылған елдің де басына 
түскен  қаралы  қайғымен  қотаннан  үркіп  шыққан  қойлармен 
қозылардың  бір-бірінен  айрылып,  адасып  қалғанындағы  маңырасып, 
шуласатын зарын еске түсіреді.
«Ақтабан  шүбырындының»  түсында  осындай  халге  үшыраған 
қазақ  ру-тайпаларының  бүрынғы  тұтастығынан  айрылып,  бір-бірімен 
араласып  кеткен  жағдайында  олардың  бүрынғы  рулық,  тайпалык 
үрандары да өз мәні мен мағыналарын жоғалтқаны күмөнсіз. Өйткені, 
ру жоқ жерде үранға кім шабады?!
Алайда  үран  керек  еді.  Өйткені,  үріккен  елдің  үрейін  басып, 
тозған елді топтауға,  қаша беруді  қойып, қалған жерге қайта бүрылуға 
қайрат беріп рухтандыратын үраннан басқа идеялық кару жоқ еді.
Дөл 
сол 
түста 
қазақтың 
басын 
қайта 
қүрағандардың 
қолдарындағы идеялық карулары -  «Алаш» үраны болды.  Өйткені, ол 
түстағы  ұрпақтар -  «Үранымыз -  «Алаш»,  керегіміз -ағаш  қазақпыз. 
Ерлігіміз  бен  елдігіміздің  арқасында  өзіміз  «аласы»  болмасақ,  басқа
105

елдердің  «алаңы»  болып  көргеніміз  жоқ»  деп  өткендегі  ерліктерін 
еске  салып  отыратын  өз  бабаларының  айтқан  өңгімелерін  әлі  естен 
шығарып  үлгермегендер  еді.  Сонымен  қатар,  бүрынғы  бабаларының 
жауынгерлік  жорыктарда  көрсеткен  ерліктерін  мақган  түтып,  аталар 
аруағына  бас  иетіндер  еді.  Сондықган  да  олар  «Алаш»  үранын 
естігенде  аталарының  үнін  естігендей,  артта  қалған  аруақгар 
шақырып  жатқандай  сезінді,  дереу  атқа  қонысты.  Ал,  Абылай 
бастаған ақсақалдар мен батырлар, билер кешегі «Алаш — алаш болып 
түрған,  Алаша  хан  болып  түрған  заманда»  қандай  ел  едік!  Қазір 
қандай  күйге  жолықтық?  Ата-бабалардың  аруағына  кір  келтіріп, 
қалмақгардан  қаша  бергеніміз  қас  масқаралық  емес  пе?  «Бөлінгенді 
бөрі  жейтінін,  жарылғанды  жау  алатынын»  жақсы  білесіңдер. 
Бөлінбей,  жарылмай,  «Бір  жағадан  бас  шығарып,  бір  жеңнен  қол 
шығарып» қатарымызды түзеп  қарсы түрсақ,  қазіргідей қалмақтардан 
қашар  ма  едік?  Бүрынғы  бабаларымыз,  руымыз,  тайпамыз  деп 
таласып  жатпай-ақ,  «Алаш»  үранын  үстап,  бір  «Отанның  адамы» 
атанып,  «Алапггың  азаматымыз»  десіп,  бірлігі  берік  ел  болып  едік 
ғой!  Біз  неге  сол  бабаларымыздың  салып  кеткен  салтын  бүзамыз? 
Қазақ хандығын қайта көтеріп, қалпына келтірем дегендерің — Абылай 
ханның  ала туы  астына жиналыңдар.  «Алаш!  Алаш!» деп үран салып 
жүріп қазақ халқының басын қүрап қайта қосқан ғой!
Осылай,  «Алаш»  үранымен  Абылай  ханның  айналасына 
топталған  қазақгар  өздерінің  қара  шаңырағьтн  кайта  көтеріп,  үлт-
азаттық  көтерілістің  потенциалды  мүмкіндіктерін  жасаған  еді.  Осы 
қызметімен  «Алаш»  үраны  да  өзінің  тарихи  миссиясын  атқарып 
шықты.  Ендігі  жерде  біршама  уақытқа  дейін  «Алаш»  үраны  ауызға 
алына  қоймады.  Өйткені,  басқа  елдерді  басып  алу  есебінен  өздері  -  
«Алаша»  болған  бүрынғы  қазақтардай  емес,  басқа  елдің  басып 
алуынан  зардап  шегіп,  өздері  босып  жүрген  қазақгардға  ендігі  жерде 
жаңа  заман  тугызған  жаңа  жағдайларға  сәйкес  келетін  жаңа  үран 
керек болды.  Ал,  ондай  үран туу үшін,  ең алдымен,  сол үран  арқылы 
қол  жеткізбек  түпкі  мақсат,  стратегиялық  жоспар,  сондай-ақ 
стратегиялық 
түпкі 
жоспарды 
жүзегі 
асыру 
мақсатында 
қолданылатын тактикалық әдістер де белгіленуге тиіс еді.
Осындағы  стратегиялық  жоспар,  түпкі  мақсат  айқын  еді.  Ол  — 
қазақ  жерін  басып  алған  қалмақгарды  қайыра  қуып,  «Ата  мекен, 
алтын  бесікті»  қайтарып  алу.  Бүл  жоспардың  бірінші  сатысы  -  
халықты  қайта  қүрылған  Қазақ  хандығы  төңірегіне  топтастырып, 
олардан  жауынгер  жасақтар  қүру  мүмкіндігі  «Алаш»  үранының 
көмегімен  шешілген  еді.  Енді  сол  жоспарлы  мақсатты  жүзеге  асыру 
сатысы түрды.  Бүл сатыда қалмақтарды  қазақ жерінен  жай ғана қуып
106

тыну емес, сонымен қатар, олардан «құн» алу міндегі де тұрды.  Біздің 
заманымызда  «контрибуция»  деп  аталатын  «соғыс  шығынын» 
бұрынғы  қазақтар  «құн»  деп  атайтын-ды.  Ертедегі  аңыз-өңгімелерде 
кездесетін  —  «құнның  қара  малындай»  деген  сөздер  қазақтарда 
жаугерлік  жорыкгарға  атганудың  басты  себебі  -   «құн  алу»  екенін 
аңғартады.  Сонау  «Аттылы»  заманынан  қалған  «хұнну»  «гунны» 
атанып  дүниежүзілік  тарихқа  кірген  «қүншылдық»  қазақ  халқының 
қанына  сіңіп  қалған  қаситеттерінің  бірі  болса  керек.  Өйткені,  бүгінгі 
біздің «баға» деп жүрген сөзімізді бүрынғы қазақтар «қүн» деп атаған. 
«Менде  әкеңнің  қүны  бар  ма?»,  «Менде  көз  қүның  қалып  па  еді?» 
дейтін  сөздерден  бүрынғы  қазактардың  «адам  қүны»,  «көз  қүны» 
сияқты  адамның  әрбір  мүшелерінен  бастап,  төрт  түлік  малдың 
әрқайсының белгілі қүны болғандығын білеміз.
Сонымен  қазақгар  қоныстарынан  қуылып,  Ата  мекен  алтын 
бесігінен  айрылған  екен,  сол жер,  судың ғана қүны  не түрады?  Оның 
үстіне түтқиылдан бас  салған  қалмақтар қанша мал мен  мүлікгі  алып 
калды?  Қапелімде  қашып  үлгере  алмай,  калмақтардың  қолына  түсіп 
қалған қарттар мен жас балалардың қырылғандары қанша? Тірі қалған 
үлдар  мен  қыздардың  қаншасы  күл,  қаншасы  күң  болып  кетті? 
Осылардың  бәріне  де  қүн  алу  керек  емес  пе?  Қашқын  мен  босқын 
болып жүріп әбден азып-тозғандар осындай «қүнның қара малдарын» 
айдап  алып  күйзелген  шаруаларын  оңалтуға  тиіс  емес  пе?  Бүл 
қалмақгарға  қарсы  жорыққа  жарақганып  жатқан  қазақ  жасақтарын 
материалдық  жағынан  ынталандырушы  фактор  болды.  Өйткені, 
қалмақтардан  күн  алуға  хақы  жоқ  бірде-бір  түтін  жок  еді.  Қалмақ 
басқыншылығынан  кашып  шыққандардың  арасынан  да  «Ақгабан 
шүбырынды,  Алқакөл  сұламада»  төбесінен  күннің  қызуы  өтіп, 
табанынан  күмның  кызуы  өтіп,  қаңырығы  түтеп,  қиян  далада қалып, 
қарға-қүзғындарға  жем  болғандардың  құнын  да  қалмақгардан  алу 
керек еді. Сондықган да «қүн үшін!» үраны басты үранға айналды.
«Құн 
үшін!» 
үраны 
негізінен 
материалдық 
жағынан 
ынталандырушы  фактор  болғанымен,  оның  бір  өзі  жеткіліксіз  еді. 
Өйткені,  Қазақ  жерін  басып  алған  қалмақтар  да  оңай  жау  емес, 
арқасын  Қытай  империясына  сүйеп  отырған  карулы  да  қатал  жау. 
Оның да қазақ жерін тастап шығып оп-оңай қүн беруі екі талай. «Қүн 
даулаймыз  деп  жүргенде  —  күмда  басымыз  көміліп  қалмаса»  деп 
қарулы  қалмақпен  қарсы  түрып  найзаласуға  дөті  бармайтындар  да 
шықпайды  емес  халық  ішінен.  Сондықган  да  атқа  мініп,  «Қара 
көбейтуге» жарайтын әрбір адамнЬің жеке басының намысына тиетін, 
оның  адамгершілік  салмағын  таразыға тартатын  тағы  бір  үран  керек 
болды.  Ол  — «Аталар  аруағына  адалдық  пен  Ар-ождан  үшін!»  үраны
107

еді. «Арлымын» деген азаматтар бүл үран шыққан жерде бас сауғалап 
қала  алмады.  Тіпті  төсек  тартып  жатқан  ауру  адамдар  да  атка  мініп 
«Қарап  жатып  өлгенше,  қалмактың  қолынан  өлейін.  Ар  жолында 
қүрбандықпын» деп «арлылардың»  артынан  кетп.  Сөйтіп  «Ар үшін!» 
үраңы қазак жасақтарының жауынгерлік ерлікке жетелеген жаңа ұран 
_ рухани  күшке  айналды.  Содан  бастап  қазақ жасақтары  қалмақтарға 
карай  «Атой» салғанында -  «Ар үшін!»,  «Қүн үшін!» деп үрандайтын
болды.
Осылай,  стратегиялық  жоспары  мен  жауынгерлік  үраны 
айкындалған  қазақ  жасақтарына  енді  қалмақгармен  жүргізетін
үрыстарының  тактикалық  әдісін  де  табу  керек  еді,  оны 
«қаптай 
шабу»  деп  белгіледі.  «Қаптай  шаптың»  мағынасы  —  қайта  оралған 
қазактар бүкіл үлт болып қаз-қатар қанат жаиып, суыт жүріп отырып,
қалмақтарды қоршап алып қолғатүсіру.
Сол  «Қауырт  қозғалып,  қанаттас  жүріп,  қаптай  шабу»  әдісі
бойынша қайта оралған казақ қолдарының  қүрған  майданы Арқа мен 
Алатаудың  арасын  алып  жатқаны  мәлім.  Атап  аитқанда  Қазақ 
қолының  Бөгенбай  батыр  бастаған  «Сол  қары»  -   терістігінде 
Шыңғыстаудан,  түстігінде  Арғанаты  қыраттарына дейінгі  аралықты, 
Басқолбасшы  Қабанбай  батыр  бастаған  «Орталық  омырауы»  -  
терістігінде Арғанаты қыраттарынан, түстігінде Күреңбел, Ілеге дейін, 
Барақ  батыр  бастаған  «Оң  қардың»  -   терістігінде  Күреңбел,  Іледен 
бастап,  түстігінде 
Алатау  мен  Шуға  дейінгі  аралықтарды  алып 
жүрген.  Осыған  бір дәлелді  Шоқан  Уәлиханов  жазып  кеткен.  «XVIII 
ғасыр  батырлары»  атты  деректі  еңбегінде  «Жалды  Барақ  қашқанда, 
Жаңыл  Батыр  өлгенде»  дейтін  бөлім  бар.  Онда  қазақ  қолының  оң 
қанаты  Барақ батырдың қалмақгарды казақ жерінен түре  қуу түсында 
қырғыз жеріне дейін сүғынып кіріп  кеткендігі, сол себепті қырғыздың 
«оңы»  мен  «солы»  бірігіп  Барақ  батырды  қуғаны,  оларды  алдарынан 
Абылай  мен  Қабанбай  шығып  тоқтатқан,  «түйіскен»  деген  жерде 
қазақ  пен  кырғыз  арасында  «Бітім»  жасалып,  екі  елдің  жер  шегінің 
арасы  белгіленгені  туралы  айтылған.  Мүның  өзі  қазак  жерінің 
қалмақтармен  аралық  шығыстағы  шегімен  қоса,  қытай,  қырғыздар 
мен  аралық 
түстіктегі  шектерінің  де  Абылайдың  арқасында 
анықталғандығын  аңғартады.  Демек,  кейін  де  қазақ  халқы  өзінің 
елімен  де,  жерімен  де  Ресейдің  қүрамына,  Кеңестік  Социалистік 
Республикалар  Одағының  қүрамына  кіргенде,  ортақ  дөулетке  қосқан 
өлшеусіз үлесі — бай кендері мен байтақ жер, сулары сол Абылаи алып
беріп кеткен жер, белгілеп кеткен шектерімен өлшенеді.
Оралдан  Алтайға  дейін,  Арқадан  Алатауға  дейінгі  аралықгы 
алып  жатқан  осынша  кең  алқапты  қалмақ  басқыншыларынан  арылту
108

үшін  қазақтарға  қаншалықты  қан  төгуге  іура  келді  екен?  Россия 
императрициясы  Елизавета  Петровнаның  1755  жылы  қол  қойып 
куәландырған  Жарлығы  бойынша  қалмақтардан  миллион  адамды 
түтқындаған  Абылай  армиясы  соншалық  көп  қарулы  қалмақтарды 
қоршап алып, қолға түсіру үшін өздерінің қанша миллион жауынгерін 
қүрбан етті екен? Ол жөнінде есеп есте қалмаған.
Алайда:
Ертенің ертегі айтсам ертесінен,
Жетісу -  қан малшынған белшесінен.
Қалмақты, Қоңгәжілі, Жөңкесі мен,
Қазакга Абылай мен Шоңай куып,
Жөңкенің асырыпты желкесінен... -
дейтін  Ілияс  Жансүгіров  сиякты,  «Ежелден  ескеруші  ем  елдің 
сөзін» 
дейтін 
«кәріқүлақ» 
ақын, 
жазушылардың 
деректі 
шығармаларының  көмегімен  қазақ  халкының  қазіргі  жері  үшін 
каншалык  қан  төккенін  пайымдауға  болар  деп  үміттенеміз.  Басқа 
факторларды  есепке  алмағанның  өзінде,  осынша  кең  өлкені  иеленіп 
қалған  қазактардың  мүндай  жер  көлемін  мекендеп  отырған  басқа 
халықтармен  сан  жөнінен  салыстырғанда  жүз  есе,  мың  есе  аз  болып 
қалуының басты себебі -  осы кырғындарда емес пе екен? Олай болса, 
осыншалық  қүрбандықпен  от  кешіп,  Отанына  орныққан  қазақ 
халкының  атақты  «Ақтабан  шүбырындысы»,  үлт-азатгық  күресінің 
үздік үлгісі -  оны да «Отан Соғысы» деп танымауға не жөн бар?
Сол  сүрапыл  соғыстарда  қалмақтарды  қуып  шығып,  өзінің
халықтығын  қайтадан  қалпына  келтірген  қазақтардың  таңцап  тапқан
төрт  үраны  -   қайта  қүрылған.  Қазақ  хандығының  қара  шаңырағын 
қайта  көтерген төрт -  төрт тіреуі  есепті.  Олар:  «Алаш»,  «Ар»,  «Қүн» 
жөне  «Қаптағай».  Осылардың  әрқайсысының  қызметін  атап  айтатын 
болсақ,  «Алаш»  үраны  —  Актабан  шүбырындыда  қашқын-босқын 
болып,  бытырап  кеткен  ру-тайпалардың  басын  біріктіріп,  қайтадан 
«Үлт  тонына»  орануына  көмектессе,  «Ар  үшін»  үраны  —  ата- 
бабалардың  аруағына  адал  боламыз  деген  өрбір  адамның  азаматтық 
ар-намысын  оятты.  Сондай-ақ «Қүн  үшін»  үраны  -  Ата мекен,  алтын 
бесіктерін  кайтарып  алумен  қатар,  қалмақтардың  қолынан  қырылған 
әке-шеше,  туғандарына  қүн  алуға  асықтырды.  Ал  «Қаптай  шап» 
үраны  -  қазақ  қолдарының  қалмақгар  шебіне  атой  салған  сөттерінде, 
«Қалтай,  қаптай,  қаптағай,  қаптағай»  болып  мыңдардың  азынан 
шығатын,  жаудың  зөре-қүтын  алатын жер күңіренткен  күдіреті  күшті 
үнге  айналатын.  Қазак  ССР Ғылым  Академиясының  академигі  Әлкей
109

Марғұланның  «Қаптағай  —  басында  Орта  жүз  қазақтарының  ортак 
үраны еді» дейтіні осыдан.
Қазақ  халқының  тағдыры  тап  болған  тар  кезеңдерде  табылған 
осы  төрт  үран  тарихтың  өзі  тапсырып  кеткен  таңбадай,  ел  есінде 
ескірмей  сақгалды.  Атап  айтқанда  «Алаш»  өзінің  бүрынғы  бабалар 
берген  мағынасында,  Абылай  хан  түсында  «Отан  азаматы»  деғен 
үғым  берді.  Ал,  «Ар»,  «Қүн»  үрандары  бірігіп  «Арқүн  — Арғынға» 
айналды.  Мүның бір себебі, осы үрандармен Қазақ хандығының туын 
көтерген  Абылайдың  өз  хандығының  орталығы  етіп  Арканы  таңдап 
алып, өз Ордасының шаңырағын Көкшетауда көтеруінде жатыр.
Абылай Көкшетауда көшпелі хан,
Кәні кім ондай болды үрпағынан?
Ақ туын Абылайдың кім көтерді,
Алаштай  дүниеден көшкелі хан.
Жау-жорық болды заман, жүр шулаған,
Шаң беріп әр жерден бір  «кикулаған».
Абылай аруағын, Алау туын,
Көтерсем,  көтерілер өшкен үран.
Ойынан көшіп жатыр өткен күндер,
Сары Арка, Көкшетаулар, Жайык, Еділдер.
Көк шалғын  керегедей желі тартқан,
Көзінен бүлаң қағып  бүйрабелдер.
Ат сайлап, кылыш қайрап  сарбаз ерлер,
Зеңбірек атанға артқан,  найзагерлер.
Жарқылдап, сыбызғылы күй тартқандай,
Алатау — берік қорған, Жүмақ жерлер... —
деп  Ілияс Жансүгіровтың «Күйші»  поэмасында  айтылғанындай, 
Абылайдың  Ала  туы  астында  Сары  Аркаға  сағынып  жеткен 
сарбаздардың  аузынан  түспеген  — «Ар,  Қүн»  үрандары  да  өздерінен 
үзап  кетпей,  Арқаны  мекендеп  қалған  казақ  жасақтарының  жалпыға 
бірдей жамылышы есепті  «Арқүндар — Арғындар» елі деген тайпалық 
атауға  айналып  кеткен  гой!  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының 
кореспондент  мүшесі  Ғайнеддин  Мүсабаевтың:  «Арғын»  атауы  «Ар, 
Қүн»  деген  үран  сөздердің  қосындысынан  туған»  -   дейггіні  осыдан 
болса 
керек. 
Сонымен 
қатар, 
біз 
бүл 
деректерден 
Шоқан 
Уөлихановтың  «Арғын  тайпасы  кейін  калыптасқан  жас  одақ»  деген 
пікірінің тарихи деректермен бекітілетін,  ғылыми  негізі  бар түжырым
екенін де көреміз.
110

Қазақ  халкының  сол  Үлы  Отан  Соғысында  жеңіске  жеткізгсн 
«Алаш»,  «Ар»,  «Қүн»  үрандары  сияқты,  жауынгерлік төргінші  үраны 
«Қаптай  шап,  Қаптағай»  да  үмыт  қалмай,  үрпақтар  есінде  -   ел  есімі 
болып  сақталып  қалған.  Белллі  Біржан-Сал  мен  Ақын  Саранын 
айтысында Сараның аузынан шыққан:
Қызымын Тастанбектің, атым Сара,
Ішінен ер Қаптағай шыктым дара.
Қолыма он үшімнен домбыра алып,
Келемін бір сүрінбей жеке қара...-
дейтін  сөздерінен  XIX  ғасырдың  соңғы  жылдарынан  бастап 
қазақ  халқының  барлық  ру,  тайпаларына  таныс  болған  Найман 
руларының  бірі  -  «Қагтгағай»  сол  қазақ-қалмақ  қырғындары  заманын 
қалған  қадірлі  үран  -   «Қаптай  -   қаптағай»  үранын  үстап  қалған 
жауынгер  жасақтардың  ерлік  ескерткіштері  есепті.  Өйткені,  бүл 
қаптағайлықгар  қазақтар  қалмақтарды  Жетісудан  куған  түста  қазақ 
қолдарының  «оң  қары»  оң  қанаты  болып,  терістігінде  Ақсу  өзені, 
түстігінде Қаратал өзені  аралығын алып жүрген Шоңай батырдың қол 
астына  болған  жауынгер  жасақтардың  үрпақтары  болып  табылады. 
Сондыктан  да  алуан-алуан  ру,  тайпалар  мен  үлттардан  қүралған 
Аркадағы  Арғындар  секілді,  Жетісудағы  кейінгі  наймандыктар  да 
әртүрлі  ру,  тайпалар  мен  үлттардың  өкілдерінен  қүралған.  Мысалы, 
осы  «Қаптағай»  руын  алсақ,  оның  қүрамына  кірген  аталар: 
Тасыбайлардың  түбі  —  Үйсін-Жақсылық,  баяғы  бала  күнінде 
Абылайды  асырап  жеткізген  Төле  бидің  түқымдары.  Ақтілестердің 
түбі  -   Түрікпен.  Баяғы  Ақын  Сараны  айтгырып  аты  шықкан 
Жиенқүлдың  аз  ауыл  «қүлдары»  сияқты.  Ақ  тайлақтьщ  терісінен 
кепеш кигендіктен «Ақтайлақ» атанып, кейін «қүлдар» деген кемістеу 
атын  үмыттыру  үшін  «Ақтілес»  атандырып  жіберген.  Келгенбай  - 
Беделдердің  түбі  — Қырғыз.  Қыдыралы  Қалқабайдың  өлген  қатын- 
балаларына  Қырғыз  манабы  Жаңылдың  азаға  әкелген  тоғыз  түрлі 
сыйының  шаңырағына  мінгізіп  әкелген  қүлы  мен  күңінен  тараған 
түқым болғандықтан, сол қырғыздардың өз тілінде сыйлықты «бедел» 
дейтіндіктен  бірін  «Бедел»  деп,  екіншісін  басқа  елден  келген  адам 
деген  мағынада  «Келгенбай»  деп  атап  кеткен.  Көлдей  -  Жүмайлар -  
Шоқан  Уәлиханов  жазып  қалдырған  Чуна  батырдың  қол  астындағы 
жасақтардың  үрпақтары.  Сол  Чуна  батырдың  Қалмақ  ханы  болған 
Галдан-Церенмен  таққа  талас  болғандығы  үшін  өлім  жазасына 
бүйырылғандыктан  Астрахандағы  қалмақтар  ханы  Аюкеге үзатылған 
әпкесіне  қашып  барып  жан  сауғалағаны,  кейінде  башқүрлар  ішінде
111

болып,  Салауат  Жолаевтың  көтерілісіне  катынасып,  акыры  казактар 
ішіне  келгенде  Абылайдың  оған  наймандықтардан  екі  мың  адам  кол 
беріп,  өзінің  қалмақтарға  карсы  жорығына  косып  алғанын  Шокан 
жазып  кеткені  мәлім.  Сол  Чуна  батырды  қазақтар  өз  тілдеріне
лайықтап  «Шоңай батыр» деп кеткен.
Ілияс Жансүгіровтың:
Қалмақгы, Қоңтөжіні, Жөңкесі мен,
Қазақга Абылай мен Шоңай қуып.
Жөңкенің асырыпты желкесінен...—
дегендегі  Шоңайы  сол  Шоқан  жазып  кеткен  Чуна  батыр
болады. 
.. 

Сол 
Чуна 
батырдың 
қол 
астына 
берілген 
екі 
мың 
жауынгерлердің  Нартайлақ,  Назар  деген  екі  мыңбасы  батырлары 
болған.  Жетісуда,  қазіргі  Ақсу,  Қапал  аудандарының  жерлерінде 
өткен 
қазақгар  мен 
қалмақтардың  қатты 
бір 
қырғындасқан 
қақтығысында  әлгі  мыңбасылар  — Нартайлак  пен  Назар  қатар  өліп, 
екеуінің  сүйектері  бір  жерге  қатар  қазылған  қабірге  қойылған.  Сол 
зиратты  Қаптағаймыз  дейтін  Көлдей,  Жұмайлар  «Қос  батырдың 
зираты», бүрынғы бабаларымыздың зираты деп құрметтейді.
Сол Нартайлақ, Назар батырлар өлген қырғында саны көп кеміп 
қалған  Қос  батыр  мыңдықгары  бүрыҢғысынша  екі  мың,  екі  жасақ 
болып  жүре  алмай,  тірі  қалғандары  бірігіп  қол  атасы  Шоңай 
батырдың басшылығына тікелей бағынып қалған. Солардың бір бөлігі 
Шоңайды  өз  атымен  «Шоңай»  деп  атаса,  екінші  бөлігі  оның  қол 
басылық  дәрежесін  дәріптеп  «Қолдай»  деп  атап  кеткен.  Солардын 
кейінгі  үрпақгары,  әсіресе  әйелдер  жағы,  Қазақ  халқында  қашаннан 
келе жатқан ата атын атамау салты бойынша әлгі екі атты да  өзгертіп, 
Қолдайды  -   «Көлдей»  деп  Шоңайды  -   «Жұмай»  деп  атап  кеткен. 
Сөйте тұрып «Көлдей, Жұмай бір туысқанбыз, түп атамыз бір»  десіп, 
ата  қуысқан  жерде  Шоңай  батырға  барып  тіреледі.  Мүнысы  Көлдей, 
Жүмайльжтардың  о  баста  бір  әкенің  кіндігінен  өрбіп,  өскендігінің 
айғағы  емес,  біздің  бүгінгі  үғымымыз  бойынша  «майдандас 
жауынгер»  («однополчане»)  сонау  сүрапыл  соғыс  заманында  бір 
атаның,  бүгінгіше  айтсақ,  бір  Қолбасшының  қол  астындағы  екі  мың 
жасақтарының 
тірі 
қалған 
жауынгерлерінен 
өсіп-өрбіген 
үрпакгармыз  деп  бағынған  ІІІоңай  батырды  біз  де  атамыз  деп
санаймыз дегендік болып шығады.
Қаптағайлықтар 
арасындағы 
қабырғалы 
аталар 
болып
саналатындарды  Қыдыралы  мен  Есеналы,  Елшендер.  Бүлардың
112

ауызша  шежіресінде  -   бәріміз  бір  атадан  тараған  бауырластармыз 
деседі.  Ал,  шын  мағынасына  келгенде  бұлардың  бауырластығы, 
туыстық 
жағынан 
жақындығы 
емес, 
тағдырластық 
жағынан 
жақындығында болса керек.  Өйткені,  осындағы  Есеналы, Елшендер -  
аз  ата.  Өздері  ірі  денелі,  шикілсары  өңді,  шапыраш  көзді,  талпақ 
танау,  жалпақ  бет  болып  келеді.  Ал,  Қыдыралы,  Құлшандардың  тұр 
тұлғалары  бұлардан  мүлде  басқа.  Сөйте  тұра  бүлар  да  түбін  қуса, 
туыстас болып  шыққандай.  Атап  айтқанда, Қыдыралылар өздерін  «ақ 
сүйекпіз»  деп  биік  санаған  да,  Қүлшандарды  -   қоныстас  «қоңсы 
қүлдар»  есебінде  санаған.  Бүлардың  түпкі  тектерін  тереңірек  қазса, 
Есеналы,  Елшендер -  Үранқайлар,  Қыдыралылар — башқүрлар болып 
шығады.  Мысалға  Қыдыралыны  алайық.  Қыдыралының  ел  ішіндегі 
тағы  бір  аты  -   «Кезбе».  Бүл  екеуі  де  осы  атпен  атағы  жайылған 
адамның о  бастағы өз аты  емес,  ел қыдырып жер-жерді  кезіп өткізген 
өміріне  байланысты  «қыдырымпаз»  мағынада  қойылған  жанама 
аттары.  Мұны  орыс тіліндегі -  «странник»  «странствующий человек» 
деген  сөздің  қазақ  тіліндегі  баламасы  деп  үққан  жөн.  Өйткені,  осы 
Қыдыралыден  үрпақ тарататын  ауызша  шежіреде -   «Ақпан-Тоқпан», 
Қосет-Досет»  дейтін  аталар  аталады.  Бірақ,  Қаптағайлықгар  жерінде 
осылардың тек біреуінің Досеттің ғана моласы бар. Жетісудағы Садыр 
руларының 
жерінде, 
қазіргі 
Сарқан 
ауданындағы 
«Бақалы» 
совхозының  территориясында  «Қыдыралының  бейіті»  дейтін  ескі 
моланың  орны  да  бар.  Бірақ,  сол  Қыдыралылардің  шонжары  болған 
Тәнекенің  Есімбегінің  баласы  Айт  -   «Садыр  жеріндегі  зират  -  
Қыдыралының  денесі  уақытша  «Аманат  қойылған  орны,  кейін  одан 
алынып  Қаптағайлар  жеріне  әкеліп  койылған»  деп  қазіргі  Қапал 
ауданындағы  Қызылағаш  совхозы  жерінде  түрған  Досеттің  моласын 
көрсетеді.  Сөйтіп  Қыдыралы,  Кезбе,  Ақпан,  Тоқпан,  Қосет, 
Досеттердің  бәрі  жиылып  келгенде  бір-ақ  адам  -   Досет  болып 
шығады.  Сонымен  қатар,  бұл  шытырман  шиыр жүмбактың  шешуінің
шеті де көріне бастайды.
Жоғарыда  Шоқан  Уәлиханов  жазып  кеткен  Чуна  батырдың 
қайда барса да қасынан қалмай, жер-жерді аралағанын да бірге жүріп, 
бірге  қыдырып,  бірге  кезген  бір  жолдасы  болғаны  мөлім.  Сол 
адамның бір қабағы  ақ нысаналы болғандығына байланысты қазақгар 
оны «Аққабақ», «Ақбай» атайтыны жайлы сол адамды көзімен көрген 
замандастарының  жазып  қалдырған  деректері  де  бар.  Ендеше  сол 
Ақбайды  тура  атай  алмаған  келіндерінің  қойған  жанама  атгары 
«Ақпан-Тоқпан»  атанып,  кезбелігі  үшін  «Қыдыралы»  атанып,  Чуна 
батырдың  досы  болғандықтан  «Қосет-Досы  еді»  атанып  жүрган  сол 
Аққабақ  -   Ақбай  екені  күмәнсіз.  Осыған  тағы  бір  дәлел,  ол  Досет
113

ұрпақтарының  Чуна  батырды  өз  атамыз  деп,  оның  жауға  шапқанда 
«Бөрібайлап»  шабатын ұранын өз ұранымыз деп санайтьіны.  Мысалы,
1930  жылы  Аксу,  Қапал  аудандары  жерлерінде  болған  қызылдарға 
қарсы  көтеріліс  ұйымдастырған  Қаптағай  руынан  шыққан  байлар 
жергілікті 
кеңес 
мекемелеріне. 
шабуыл 
жасағандарында 

 
«Бөрібайлап»  ұрандады.  Сондыкган  да  олардың  сол  бас  көтеруін 
жергілікті  халық  «Бөрібай»  көтерілісі»  деп  атандырды.  Ал,  сол 
көтеріліске  дем  берушілер,  1928  жылы  Кеңес  заңы  бойынша  мал- 
мұлкі  кәспескеленіп,  өздері  Қытай  жеріне  қашып  кеткен  Досет 
ұрпақтарынан  шыққан  ірі  байлар:  Маман,  Тұрысбек,  Есімбектердің 
балалары болғаны мәлім.
Ел қайда Қалқабайдың алты ұлындай,
Саялы Салқынбелдің салқынындай.
Актасты, Баянжүрек, Күреңбелде,
Көк үйлер — дәулетінің артуьга-ай!
Қүдаяй, үш үйықтаса, кім ойлаған,
Досеттің болады деп і  арты мұндай?!.. Ы
деп  өзінің  «Кек»  атгы  драмасында  Ілияс  Жансүгіров  жазған
Досетің осы байлар.
Қаптағайлықтар арасындағы «Қыдыралымыз» дейтіндердің бәрі
бірдей  осы  Досетгің  кіндігінен  тараған  үрпақтары  емес.  Жетісудың 
жергілікті  тұрғындары  «Қыдыралының  он  бір  ұлы,  он  бір  құлы  бар» 
дейтін.  Ал,  Досеттің  өз  ұрпағымыз  дейтіндердің  ауызша  шежіресі 
бойынша  -   Досеттің  өз  балалары  екеу  —  Қалқабай  мен  Тәнеке.
%
Қалқабайдан  -   Маман,  Толқын,  Төнекеден  -   Есімбек,  Қожабек, 
Рысбек.  «Біржан  мен  Сараның  айтысы»  арқылы  есімдері  ертерек 
мәлім  болған  Қаптағай  руының  қажысы  Түрысбек  осы  Маманның 
үлкен  ұлы  да,  Есімбек  осы  Тәнекенің  үлкен  үлы.  Бүлардың 
ұрпактарының түс-тұрпаггары Қаптағайлық басқа аталардан басқаша. 
Мәселен,  осындағы  Тәнекені  көзімен  көрген  Шоқан  Уөлихановтың
«Великолепный по величине нос, с маленысими плутоватыми глазами, 
делают  лицо  Танеке  донельзя  неприятной»  деп  жазып  қалдырғаны 
мәлім.  Сол  Төнекенің  өз  кіндігінен  өрбіген  ұрпақтары  -   сүйекті, 
қушықшеке,  сопақ  бет,  көтеріңкі  үзын  мүрынды,  көккөз  сары  болып
келеді.
Басқа  сөзбен  айтқанда  бүлардың  түр-түлғасы  талпақ  танау, 
жалпақ  бет,  шағыр  көзді,  Есеналы  түқымдарының  түр-тұлғаларына 
мүлде  қарама-қарсы  басқа  текті  адамдар  екені  көзге  түртіп  көрініп 
түрады.  Демек,  «Қыдыралы  мен  Есеналы  бір  туысыпты»  дейтін
114

қауесет  бекер.  Сонда  Нсеналымыз  деитін  қарттардың  өздерінің 
аитуынша  олардың  арғы  тегі  — ұранхайлар  болғанда,  Қыдыралының 
арғы тегі кім болып шығады?
Бұл сұракка да Досет тұқымдарының  іс-әрекеттері  мен тұрмыс- 
тіршіліктері жауап береді. Мәселен, Досет тұқымынан ерекшеленіп ел 
көзіне  алдымен  түскені  Тәнеке.  Ол  — терістігінде  Ақсу,  тұстігінде 
Қаратал  өзендері  аралығындағы  Жетісудың  ең  шұрайлы  жері  -  
Күреңбел  алқабын  тұтастай  бауырына  басып,  қазіргі  Қапал  өңірінен 
қоныс  алған  адам.  Қапалда  патша  ұкіметінің  уездік  басқармасы 
құрылғанда  сол  өңірдегі  тұңғыш  «волостной  правитель»  болып, 
қазіргі Жансүгіров поселкесінен шығып, тау бөктерлеп батысқа қарай 
ағып  жаткан «Алтынарык» тоғанын  қаздырған  кісі.  Сол себептен бүл 
тоған бүрын «Тәнеке тоғаны» деп те аталған.
Осындай  ел  тізгінін  үстауға  қолы  ерте  жеткен  Тәнеке  патша 
үкіметіне  де  кадірменді  адам  болған.  Сондықтан  да  ол  Қапал  уездік 
басқармасының  бастығы  болған  Эрентальдің  екі  қолын  өзі  ұстап 
түрып, оны өзінің үлкен үлы Есімбекке сабатқан.
Қыдыралы Есімбек Еренталды сабаған,
Ер туған үл десін деп,
Бір кәдеге жараған.
Маманыңның өрені,
Тиын-тебен санаған.
Енді келіп жүрмісің,
Солар жапқан жаладан... -
деп Жамбыл Жабаевтың Қүлшан Сырттанға айтатын сөздері сол 
шындықтың  айнасындай  ақиқат.  Сонымен  қатар,  Жамбылдың  осы 
үш-төрт жол өлеңдері  ғана үш түрлі сырдың бетін ашып түр.  Бірінші, 
Досеттен тараған Тәнеке, Есімбектер жуанжүдырық феодалдар болып 
қалыптасқан  түстарында  сол  Досетгің  Қалқабай  өулетінен  тараған 
Маман,  Түрысбектер  алыпсатарлықпен, 
сауда  капиталисгеріне 
айналған. Екінші, бүрын «Қыдыралы мен Қүлшан бір туысқан» дейтін 
қауесетгің жалған сөз екендігі  ашылып, досет түқымдары Қүлшаннан 
шықкан  Сырттанға  жала  жауып  сотка  берген.  Үшінші,  Тәнеке  уезд 
баскармасының  бастығы  Эрентальді  үстап,  баласы  Есімбекке 
сабатқаны  шын  болса  да,  патша  үкімет  орындары  ешбір  жаза 
қолданбай, Тәнекені еркелетіп қоя берген.
Мүнысы  қалай  десек,  Тәнекенің  өзі  «хорунжи»  өскери  атағы 
бар,  ақ  патшадан  шен  алып,  шекпен  киген  кісі  екен.  Оның  патшадан
115

алған  погоны  бар  зерлі  тоны  қазір  Аксу  ауданының  орталыгьі 
Жансүгіров  поселкесінде  түратын  шөбере,  неменелерінің  бірі 
Садуакасов Бидахметтің сандығында сактулы жатыр.
Осылай 
Досет 
түкымдарының 
Жетісудағы 
жергілікті
қазақгардан  ерекшеленіп,  ертерек  жер  иеленіп,  ел  әкімі  болу,  сауда 
көпестеріне  айналып,  көк  үйлер  салдыру,  Түрысбектің  басқа 
қазақгардан бүрын Меккеге барып  «қажы»  атанып  кайтуы,  акырында 
Уфа  қаласындағы  «Медресе  Ғалияның»  үлгісін  алдырып,  Қараағаш 
қыстағында  мектеп  салдырып,  оны  «Медресе  Мамания»  деп 
атандыруының  барлығы  түтас  алып  қарасак,  бүл  адамдардың  казак 
даласындағы  қой  бағып,  күрт  ішумен  мәз  болып  жүрген  қарапайым 
байлардың  қатарынан  емес,  қала  мөдениетінен  хабары  бар,  сауда 
жүргізу  әдістерін  білетін,  «Ішкі  жақпен»  де  байланысы  бар  адамдар 
болғанын  аңғарамыз.  Осыған  жоғарыда  сипатталған  түр-түлгасымен 
«Қыдыралы»  деп  жанама  атпен  аталып  кеткен  Чуна  батырдың  досы 
Аққабақ  «Досеттің»  үрпағымыз  дейтіндерін  еске  алатын  болсақ, 
Қаптағайлар  арасындағы  «Қыдыралы,  Досеттердін  шыққан  тегі 
башқүрлар»  екенін  көреміз.  Өйткені,  Чуна  батыр  мен  Акқабак  казак 
арасына  келгенде  башқұрлардан  келгені  мәлім.  Сол  башкүрлардың 
арасында бүлармен үзеңгілес  жүрген, таныс-біліс  болған  адамдардың 
аз  болмағаны  күмәнсіз.  Бәлкім,  Акбайдың  өз  кіндігінен  тумаса  да 
туғандай болған бауырлары да болған шығар. Чуна мен Акқабак қазак 
қолдарын  басқарып  қалмақтарды  қазақ  жерінен  қуып  шыкканын 
естіген әлгіндей жакын жамбайлар, босап калған жер мен тегін қалған 
байлыққа үмтылмағанда  қайтушы  еді?  «Досеттің  балалары  едік»  деп 
Қалқабай  мен  Төнекенің Жетісудан  келіп  жер  алып  қалуының себебі 
осы  болса керек. Тәнекенің «хорунжи»  шенін  алуы  да сол башкүрлар 
арасында, орыс армиясында қызмет істегендігімен байланысты болар. 
Өйткені,  1916  жылға дейін  ақ патшаның  қазактардан  әскер  алмағаны 
белгілі  ғой!  Оның  үстіне,  Шокан  Уәлиханов  өзінің  «Чуна  батыр 
туралы» дейтін  зерггеу  еңбегінде  қазакгардың арасында қашып  келіп 
жасырынып  жүрген  жиырма  шакгы  башкүрлар  бар  дегені  де  мәлім. 
Екіншіден,  сол  қашып  келген  башкүрлар  өз  іиггерінен  келген  Чуна 
мен  Ақбай  Досетті  паналамағанда,  қайда  барып  сіңе  алады?  Ак 
патшаның  шақырған  әскери  қызметінен  қашып  келіп  қазақ  ішіне 
сіңген  казандык  татарлар  да  дөл  осы  башқүрлар  сиякгы,  жергілікті 
қазақтардың  семьяларына  жазылып, 
«қазақпыз»  десіп  кеткен 
фактілері  көп.  Солардың  бірі  Қапалда  сауда  жүргізіп  түрып  аты 
шыққан ірі көпес Шаяхмет Абсаттаров еді.
Біз  жоғарыда  келтірілген  мысалдарды  «Актабан  шүбырынды» 
заманы қайта тудырған қазақ халқына тарих басып кеткен таңбаларын
116

тастамаи  келген  Арғын,  Найман  ру-тайпаларын  тану  үшін  келтірдік. 
Сол  заманның  белгілері  бүл  айтылғандармен  ғана  шектелмейді,  айта 
берсек,  таусылмас  тізім  жалғаса  береді.  Солардың  бәрін  бірдей  тізіп 
шықсақ  та,  Найман  рулары  тағдырынан  тағы  да  бірер  мысал  келтіре 
кетелік.  Оның  біріншісі,  Найман  ішінде  Матайдан  бөлінетін  -  
«Аталық»  ру.  Бүл  да  қазақ-қалмақ  қырғыны  түсында  қолбасы 
болғандығы  үшін «Аталық»  атанған  батыр адамның лауазымын қадір 
түтқан  жауынгер  жасақтардан  күралған  ру.  Бүл  арадағы  «Аталық» 
атанған  адам  1748  жылы  Әбілхайыр  ханды  өлтіріп,  Кіші  жүзден  үш 
мың  үй  көшіріп  әкеп  Абылайға  қосылған  Барақ  сүлтан.  Оның  қазак 
қолының  «оң  қарын»  басқарып  келе  жатқан  бетінде  қырғыз  жеріне 
өтіп  кетіп,  қырғыздардың  оны  қуғаны  жайлы  ел  аузында  «Жалды 
Барақ  қашқанда,  Жаңыл  батыр  өлгенде»  деген  әңгіме  барын 
Шоқанның жазып қалдырғаны жайлы жоғарыда айтылды. Әңгіме енді 
сол  Барақтың  «Жалды»  екені  жайында.  Тегінде  Қазақ  халқы  жан- 
жануарлардың  жүндестерін  «барақ»  дейді.  Сондай  «барақтар»  сирек 
болса  да  адамдар  арасынан  да  кездесіп  қалады.  Мысалы,  күй  атасы 
Қүрманғазының  сондай  «барақ»  болғанына  байланысты  «жалды» 
атанғаны  мәлім.  Барақ сүлтанға да осындай өзгешелігіне байланысты 
«Жалды  Барақ»  аты  берілсе  керек.  Барақтың  тірісінде  оны 
қолбасшымыз  Аталық деп  атаған  жауынгерлердің  кейінгі  үрпақтары 
атамыз  «Барақ»  десек,  аруақтың  киесіне  жолығамыз  деп  қорқып, 
қазақгардың  бүрыннан  келе  жатқан  әдетімен  «Атамыз  Түкті»  деп 
кеткен.  «Түк»  дегеннің  өзі  теріге  бітетін  жүн  болғандықтан,  тағы 
біреулер әлгі тері тықыр болса «Тайтері», арық болса «Байтері» деген. 
Осыдан  барып  «Байтері»  тағы  біреулердің  аузынан  шыққанында 
«Байторы»  болып  естілген.  Ақыры  тері  біткен  тірісінде  каншалықты 
түкті  болса  да,  өлген  соң  тулаққа  айналады  деп  білетін  кейінгі 
келіндер  өздерінен  бүрынғылар «Байтері»  деп  атап  келген  аталарына 
жаңадан қойған жанама аттары «Байтулақ» деп қойған.  Сол  Байтулак 
батырдың  моласы  казірге  дейін  Талдықорған  облысы  Сарқан 
ауданының жеріңде түр.
Бір  тамашасы  сол,  Байтулақ  батырдың  үрпағынан  шыққан 
Мүңайтпас батыр қартайған  шағында да қолынан  шоқпарын тастамай 
өткен  екен,  сонысына  орай  оны  өз  жауынгерлері  «Шоқпар  ата»  деп 
кеткен.  Сол  жауынгерлерден  «Аталық»  руында  қалғандардың 
үрпақтары  өздерін  «Шоқпармыз»  десе,  Қаракерей  тайпасының 
қүрамына  кірген  бөлігі  өздерін  «Тоқпакпыз»  дейді.  Ал,  ата  жолын 
куып 
келгенде 
тоқпақтар 
да 
өздерінің 
Матай 
тайпасының
ш
қүрамындағы  туыстары  «шоқпарлар»  сиякты  «Атамыздың  шын  аты
Мүңайтпас екен,  келіндері  «Тоқпак» деп жанама ат койыпты» деседі.
117

Шынында  да  токпак  та,  шоқпар  да  қолға  ұстайтын  сабы  бар,  басы 
жұмыр,  ағаш  құрал  ғой!  Сондыктан  да  сондай  каруын  колынан 
тастамайтын  Мұңайтпас  батырдың  қол  астында  болған  жасақтардың 
бір  бөлігі  аталарын  «Шоқпар»  десе,  екінші  бөлігі  «Тоқпак»  деп  атап
кетуінің жөні бар.
Мұңайтпас  батыр  XIX  ғасырдың  сексенінші  жылдары  ішінде 
қайтыс  болған.  Ол  қартайған  тұсында  өзінің  сауыт-сайманы,  найза, 
шоқпары  мен жауға мінер атынан баска малы жоқ кедеи  адам болған. 
Сондықтан  да  қартайған  тұстағы  қайратын  өзі  секілді  кедейлер  мен 
жетім-жесірлердің  қорғаны  болуға  жұмсаған  ол  туралы  ел  есінде
сақталған  аңыз-әңгімелер  көп.  Солардың  бірі  мынандай.  1858  жылы 
Қапалда  кездесіп  «Жетісудың  атақты  барымташысы»  деп  түр- 
тұлғасын  суреттеп  Шоқан Уәлиханов жазып  кеткен Тәнекені,  кәдімгі 
Жамбыл  Жабаевтың  «Сырттанға»  атты  өлеңінде  Қапал  уездік 
Басқармасының 
бастығы  Эрентальді  сабады  дейтін  Қыдыралы 
Есімбектің  әкесі  батыр  Тәнекені  тұсында  Мұңайтпас  батыр 
найзалаған.  Ол  былай  болған.  Қазір  Ақсу  ауданы  Жансұгіров 
атындағы  совхозда тұратын  «Бесене-Қара» дейпн ұрпақтар бар.  Олар 
да өздерін «Қаптағай руымыз» деп санайды. Тұсында жесір қалған бес 
қатынның  бала-шағаларынан  өсіп-өрбігендіктен  «Бесене-Қаралар» 
деп  атанып кеткен руының құрамында болғандығына қарамастан,  сол 
«Қаптай-Қаптағайдың  өз  балалары  Тәнеке  әлгі 
«Қараларды» 
конысынан  қуған.  Сол  себепті  өлгі  «Қаралар»  «Аталық»  руының 
батыры 
Мұңайтпасқа 
арыз 
айтып, 
Тәнекенің 
қуғындауынан 
құткаруын  өтінген.  Осы  «Қараларға»  арашашы  болған  Мұңайтпас 
батырдың жөн  сөзіне Тәнеке  көнбеген.  Өйткені,  Тәнеке  қарт батырда 
қаншалықты  қайрат бар дейсің деп, Мұңайтпасты  менсінбеген.  Содан 
барып  жанжал  шығып,  екі  батыр  найзаласып  қалған.  Ал,  қайрат 
сынасу  ұстінде  қарт  батырдың  қаһарына  қарсы  тұра  алмаған  Тәнеке 
атының басын бұрып  алып қаша жөнелген. Қазіргі Арасан  курортына 
жақын  маңда  Мұңайтпас  батыр  Тәнекені  қуып  жетіп  құйрығына 
найзасының  ұшын  қадап  «таңба»  салған.  Сондағы  Мұңайтпас 
батырдың  «Қараларға»  алып  берген  жерінде  қазір  Қапал  ауданының 
Қызылағаш совхозының таудағы бесінші бөлімі тұрады.
Артқыға атын тастап  өмірінен,
Мұңайтпас — Тәнекені найзалаған 
Дегенді  Ақсу, Қапал өңірінен, 
Сүрасаң  -  «Рас» дейді -  қай баладан!  *
118

XX  ғасырдың  бас  кезінде  французша  күрестің  дүниежүзілік 
чепионы  болған  қазақ  палуаны  Қажымүқан  Мүңайтпасовты  біз  осы 
«Шокпар» атанып кеткен Мүңайтпас батырдың үрпағы деп санаймыз. 
Өйткені, жоғарыда айтылғандай, езінің тірісінде ұстаған шоқпары мен 
сауыт-сайманынан басқа мал-мүлкі болмаған кедей Мүңайтпастың өзі 
өлгеннен 
соң 
артында 
қалған 
үрпақтарының 
жетімдік 
пен 
жоқшылықтың  зардабын  жан  асырау  үшін  нағашыларын  паналап 
кетуі  әбден  мүмкін  ғой.  Қажымүқан  Мүңайтпасовтың  өмірбаянын 
зерттеушілер оның балалық шағында жетімдіктен керуеншілерғе еріп, 
ел  кезіп  жүріп  есейгенін  жасырмайды.  Оның  үстіне  өмірдің  өз 
реализмі  бар екенін де  есте  үстаған  жөн.  «Енесіз  қызыл  қозы  қайдан 
туады»  деп  халық  даналығында  айтылатынындай,  түбі  ірі  түқымнан 
шықпаса,  Қажымүқандай  алып  қайдан  туады?  Жаңағы  «Шоқпар 
атанған  Мүңайтпас  батырдың  қазіргі  үрпақтарының  арасында  да  ірі 
түлғалы  палуан  адамдар  бар.  Әсіресе,  олар -  Шоқпарлар  арасындағы 
арғы  атамыз  «Түкті»  дейтін  Тойболдылар  ауылынан  жиі  кездеседі. 
Солардың  бірі  кейінде  көзге  түсіп  жүрген  жас  қазақ  палуаны 
Әбілсейіт Айханов.
Ал,  «Аталыкпыз»  дейтін  рудың  қалағандары  тек  Қаракерей 
тайпасында  ғана  емес,  басқа  ру-тайпаларға  қосылып  кеткендері  де 
бар.  Мысалы,  ертеректе  Шығыс  Түркістанға  -   Қазіргі  Шыңжанға 
көшіп  кеткен  «Қызай»  атанатын  қазақгар  да  өздерін  «Аталықпыз» 
дейді.  Демек,  өзінің  қолбасшылық дәрежесіне  байланысты  «Аталык» 
атанып  кеткен  Барақ  батырдың  тарихтағы  ізі  өшкен  жок,  өз  басы  -  
«Түкті»,  «Байтері  -  Байторы  -  Байтулак»  деген  есімдермен  ел  есінде 
сақталып  қалса,  қол  астындағы  жауынгерлерінің  үрпақтары  -  
«Шоқпар», «Тоқпак», «Қызай» атанып Жетісудан Шығыс Түркістанға 
дейінгі 
аралықгы 
алып 
жатқан 
қазақ 
руларының 
қүрамын 
толықтырған.
Осы матайлар секілді Найман тайпаларындағы Садыр рулары да 
әртүрлі  үлттар  өкілдерінен  күралған  ел  болып  табылады.  Мысалы, 
«Малқар»,  «Зергер»  дейтін  рулары  кәдімгі  Солтүстік  Кавказдағы 
«қабарда»,  «балкар»  халыктарының  өкілдері.  Өйткені,  өздері  «Садыр 
атаның  баласымыз»  деп  ауызша  айтқанымен  бүрын  жылқысына 
Қыпшақ  таңбасын  басатын.  Оның  үстіне  Кавказдағы  түқымдастары 
сияқты шикіл сары, секпіл бетті, бозкөздеу болып келеді. Сол Малқар, 
Зергерлермен  қоныстас  түратын  «Мөңке»  дейтін  аз  атаньщ  түп 
аталары -  калмақ. Жоғарыда сөз болған қалмақ ханы Галдан-Цереннің 
әкесі  Тасрен-Рабданның  екі  әйелі  болған.  Соның  бәйбішесінен 
Галдан,  тоқалынан  Чуна  жөне  Мөңке  туады.  Сол  түстағы  тарихи 
жазбаларға  қарағанда  Тасрен-Рабдан  удан  өледі.  Өлген  әкесінің
119

тағына  өзі  отырмақ  болған  Галдан  «Әкемс  кастык  кып,  у  беріп 
өлтірген  өзінің  тоқалы»  деп  Рабданның • кіші  өйелін  дарға  асады. 
Сонымен  қатар,  «мүрагерлік  жолмен  таққа  таласады»  деп  тоқалдан 
туған  Чунаны  өлтірмек  болады.  Жоғарыда  айтылғандағыдай,  Чуна 
ұсталмай қашып кеткен соң Галдан бұл да маған жаулык қылады деп, 
Чунаның  інісі  Мөңкені  ұстатып  алып,  екі  көзін  соқыр  кып  жібереді. 
Ақгабан  шұбырындының  ақырында  «Жетісудан  қалмактарды  қуып 
шыққан қазакгардың арасында Чуна батыр да бар» деген хабар естіген 
соң соқыр Мөңке өзінің жақындарын ертіп, Чунамен табыспақ болып 
Жетісуға  келеді.  Бірақ,  ол  тұста  Чуна  батыр  жаудан  алған 
жарақаттарынан  өліп  қалған  болу  керек.  Өйткені,  әлгі  іздеп  келген 
Мөңке  Чунаның  өзімен  табыса  алмаса  да  жерленген  жерін, 
моласының  топырағын  көріп,  қайтадан  кетіп  қалмай,  Чунаның 
сүйегінің жерленген  жердің маңын  мекендеп  қалады.  Чуна  батырдың 
сүйегі 
қазіргі 
Сарқан 
ауданындағы 
«Қарабөгет» 
совхозының 
территориясында  Бестөбе  деген  жерде  жерленген.  Әлгі  Мөңкенің 
үрпактарының қоныстары да сол маңда Қарабөгет қүмында болатын.
Садырлардың  арасындағы  «андалар»  әрі  ежелден  келе  жаткан 
ескі  ру, әрі  жаңадан  қүралған  жас  ру,  «анда»  деген  атау бүгінде  мән- 
мағынасы  күңгірт,  архаизмге  айналып  кеткен  сөз  болғанымен,  ерте 
замандарда  ел  бейнесін  анык  беретін  атаулардың  бірі  болған.  Атап 
айтқанда,  ертедегі  «андалар»  біздің  бүгінгі  түсінігіміз  бойынша 
«туыспаған туыстар» деген  сөздің мағынасын  берген.  Ал,  «туыспаған 
туыстар»  деген  сөздердің өзі  де  қазіргі  кезде  естіле  бермейді.  Себебі 
ертедегі  ел  өмірінен  тарих  таңбалап  берген  «андаларды»  білмейтін 
адамдар оның бүгінгі  болмысын да білмейді.  Оның үстіне күніне мың 
мәрге  қайталанатын  «жолдастар»  мен  «достар»  дейтін  сөздерге 
кұлағы әбден  үйреніп  кеткен  жастар  казакта жақындықты  білдіретін 
осылардан  басқа жақсы  сөз  бар деп ойламайды да.  Сондыкган да бүл 
сөзді  түңғыш  рет  қазақ  тілінің  казынасын  мол  жинаған  ғұлама 
жазушы  Ғабит  Мүсіреповтың  аузынан  ғана  естідік.  Ол  казақ 
мөдениетінің  жанкүйері  болған,  белгілі  коғам  қайраткері  Ілияс 
Омаровты  акырғы  сапарға  шығарып  түрып,  оның  қабірінің  басында 
сөйлеген  «Қош  бол,  туыспаған  туысым»  деп  аяктап  еді.  Ол  -  
жолдасым,  досым,  бауырым,  жақыным  дейтін  сөзді  білмейтіндігімен 
емес,  «туыспаған  туысым»  деген  сөздің  мағыналық  дөрежесі  әлгі 
жатганды сөздерінің бәрінен де биік болғандықтан айтгы.
Жер  бетіндегі  тынбай  ағатын  тұма,  жіңішке  бұлақтардан  ірі 
өзен,  дария  теңіздерге  дейін  бірде  толып,  бірде  кеміп,  бірде  тасып, 
бірде  төгіліп  жататыны  сияқты,  түрлі  тамырларды  қуалап,  тынбай 
ағып  жататын  адам  бойындағы  қаны  да  бірде  ысып  көтерілсе,  бірде
120

салқындап басылып тұратыны  мәлім.  Біздің «ашу-ыза» дейтініміз әлгі 
қанның қыза-қыза қайнаған түс, арасынан  асып төгілгелі тамырларды 
кернеп,  түла  бойды  толқынға  толтырып  түрған  түсының  сыргқы 
көрінісі  болса керек.  Жер  бетіндегі  сондай тасқындар мен толқындар 
тыныштықты  бүзып,  адамдарды үрыс-жанжалдарға айдайды.  Жанжал 
курап  түрған  отынның  ортасына  түскен  жалынды  шоқ  есепті.  Шоқ 
түскен  қу  отын  қандай  тез түтанып  өртене  бастайтын  болса,  жанжал 
жанын  күйдірген  адамдар  да  тез  араздасып,  айрылысып,  ақыры 
жауласып тынады.  Қай  заманда  болмасын  адамдар  арасындағы  үрыс, 
соғыс,  жауласудың  бәрі  де  алдымен  осындай  жанжалдардан 
басталған.  Жанжалдың  сондай  қырсығынан  «Ат  күйрығын  үзісісіп» 
алыстап  кеткен  ағайындар,  «қанды  қалпақ  киісіп»  қайырылыспай 
кеткен аға, інілер қазак халқында да аз болмаған бүрын.
Арғымақган ат жақсы шабыс болса,
Ағайыннан жат жақсы таныс болса.
Досың күліп, дүшпаның табалайды,
Бір нәрседен аяғың шалыс болса.
«Жаны ашымас жақыннан жақсыдықты жат артық».
«Ағайынның аты озғанша ауылдастың тойы озсын».
Өзіме жеткілікті өз ақылым,
Басымды кім сыйласа — сол жақыным... —
дейтін  сиякты  өлеңдер  мен  мөтелдердің  өмір  шындығынан 
туғаны  күмәнсіз.  Демек,  жаманшылық  жасаган  адамдарға  «жақыным 
еді» деп жабысып қалмау, жақсылығын көрген адамдарын «жақыным 
емес» деп жатсынбау қазақ халқының қашаннан бері қалыптасып келе 
жатқан касиеттерінің бірі.
Сонда  әлгі  «ат  қүйрығын  кесіскен»  ағайындар,  «қанды  қалпақ 
киіскен»  аға,  інілер,  ата  қоныстарын  тастап  алыс  жер,  ағайынсыз 
елдерге  барғандарында  жақсылықпен  жақын  жүретін  жаңа  ағайын 
«туыспаған  туыстарын»  қандай  жолмен  тапқан?  Ол  -   «андаласу» 
жолы  болған.  «Анда»  болуға  уағдаласкан  бір-бірінен  айырылғысы 
келмейтін екі  жігіт шынашақтарын әдейі  пышақпен тіліп қан  шыққан 
жерлерін түйістіріп  сүйкелеп  қандарын  қосқан.  Сөйтіп,  «Сенің қаның 
менде,  менің қаным сенде»  бір анадан тумасақ та,  қанымыз қосылған 
«кандас», «туыспаған туыс» болдық дескен. Сөйтіп, «қандас туыстар» 
өздерінің  бүрынғы  емшектес  туывтарынан тату  да,  жакын да  болған.
Жоғарыда  келтірілген  Ғабит  Мүсреповтың  Ілияс  Омаровты  -
121

«туыспаған  туысым»  дегені,  ол  екеуінің  шыққан  ұлт-руы,  өскен 
ауылдары  әр  басқа  бола  тұрса  да  тірліктегі  омір  жолы  ұстінде 
ұшырасып,  бірін-бірі  танып,  ойлас,  ақылдас  адал  достар  — оүрынғы 
«андалардай»,  шынашақтарын  қанатысып,  кандарын  қоспаса  да,  сол 
«андалардан кем емес — «туыспаған туыстар» болғандарын аңғартады.
Тарих тереңіне  үңіліп  осынша  шегіністер  жасауымызға Найман 
тайпасындағы  садырлар  ішіндегі  «анда»  дейтін  рудың  аты  себепкер 
болып  отыр.  Өйткені  «андалар»  деген  атау  жоғарыда  айтылғанындай 
тек  қандарын  косып  «туыстасқан»  екі  адамға  ғана  емес,  сонымен 
қатар, тарихтың бір толқынында  тағдырлас болған бір топ адамдарға, 
тіпті  бірнеше  рулар  мен  ұлттардың  араласуымен  пайда  болған 
одактарға  да  берілетін  атауға  айналып  кеткенін  көрсететін  фактілер 
бар.  Мысалы,  ерте  ғасырларда қазіргі  Корея түбегін  мекендеп  түрған 
түрік тілдес тайпалардың қытай,  жапон  басқыншыларымен  жүргізген 
үзакка  созылған  соғыстарының  бірінің  нәтижесінде  осы  күнгі 
Пхеньян  провинциясының  орнында  «андалар  жерлестігі»  қүрылғаны 
туралы  Корея  тарихында  айтылған.  Сондағы  «Андалар  жерлестігі» 
деген  атау  орыс  тілінде  «Андунское  наместничество»  деп  жазылған. 
Сол  «Андунское  наместничествоны»  бүгінгі  орыс  тіліндегі  күлаққа 
таныс  сөздермен  түсіндірмек  болсақ,  «федеративное  объединение» 
болып шығар еді. Ал, қазір орыс тіліндегі «федерацияны» қазақ тіліне
«күрама» деп аударып жүрміз.
Сонымен,  ертеден  ел  есінде  сақталған  «андалар»  атауы  әртүрлі
рулар  мен  үлггардың  басы  біріккен  жерде  «федерация»,  «қүрама» 
деген  үғым  берсе,  «туыспаған  туыстар» 
қазіргі  орыс  тілінде 
«братание»  деген  үғым  береді.  Басқаша  сөзбен  айтқанда  қазіргі 
«халықтардың 
интернационалдық 
туыстығы» 
деп 
жүрген 
сөздеріміздің қдзақ тіліндегі түп-төркіні «андалар» болып шығады.
Біздің тілімізге  тиек  болып  отырған  Садырдағы  «Андалар»  дөл 
осындай құрамалардан күрылған  рулық одақ. Оның ішінде үйсін, уақ, 
қаңлы,  қыпшақ,  қарақүла,  тобышақ,  төре,  шағай  сияқгы  алуан  түрлі
ру, тайпалардың өкілдері бар.
Осы  «андалардың  арасындағы  «Жаңыл»  дейтін  атаның  тарихи 
тағдыры  тамаша.  Бұлар  —  Шоқан  Уәлихановтың  «Жаңылдың 
қырғыны»  деп  атаған  деректі  еңбегінде  «Жалды  Барақгы»  куған 
қырғыздардың 
қолбасшысы 
Жаңыл 
батырдың 
тұтқындалып, 
қазақгардың  қолына  түскен  жауынгерлерінің  үрпақтары.  Шоқанның 
сол  деректі  еңбегінде  қырғыздың  қолбасшысы  Жаңыл  батыр  мен 
казақгың қолбасшысы Қабанбай батьірдың жекпе-жекке  шыққандары, 
сол  жекпе-жекте  Жаңыл  батырдың  Қабанбай  батырдың  найзасынан
122

өлгені,  содан  қалған  «Бикемжанның  жоқтауы»  дейтін  жоқгау  өлеңді 
айтып жүретін адамдар бар екені айтылғаны мөлім.
Атакемның найзасы -  қарағай болды, мерт болды,
Қабакемнің  найзасы  -   емен  болды,  берік  болды... 
дейтін 
Жаңыл  батырдың  қызы  Бикемжанның үзақ  айтылатын  жоқтау  өлеңін 
жатқа білетін адамдар Найман рулары арасында қазір де кездеседі.
Қаракерей Қабанбай батырдың  ерліктеріне байланысты  ертеден 
келе жатқан дастандарда кездесетін  «Атаке-жырық» дейтін батырдың 
өз  аты  осы  —  Жаңыл.  «Атаке»,  оның  қолбасылық  дөрежесін 
көрсететін,  қазақтардың  «Аталық»  дегені  сияқты,  қырғыздардың 
қойған титулдық жанама аты.
Шоқанның  аталған  еңбегінде  өлген  Жаңыл  батырдың  Есенқүл, 
Түгелбай,  Қарабек  деген  балаларының  түтқындалып  қазақгардың 
колында  калғаны да  айтылғын.  Солардың  Садырлар арасында қалған 
үрпақгары  — ата  қуысқан  жерде  өздерін  осы  күнге  дейін  «Есенқүл, 
Түгелбаймыз» деседі.  Ал,  «андалар»  арасындағы  «Жаңылмыз» дейтін 
атаның  үрпақтары  -«Бай  болайық,  жарлы  болайық  басымыздан  бір 
шаршы ақ шытымызды тастап көргеніміз жоқ» деп ата дәстүріне адал 
екендіктерін  мақган  етіп  айтады.  Тегінде  қырғыздардың  өздерінің 
үлгтық  ерекшеліктерінің  бір  белгісі  жаппай  ақ  түсті  бас  киім 
киетіндігінде деп, «Ақ қалпақгы қырғызбыз» десетіні белгілі.
Қырғыздардың  «Ақ  калпак  кию  — ата  дөстүріне  адалдығымыз» 
деп  білетіндері  ертеден  келе  жатқан  ежелгі  салттары  болса  керек. 
Өйткені,  сонау VII  ғасырда жасаған Манас  батырға арналған  «Манас 
жырында — Аққалпақ киіп бол қайын» деп, Ақ қалпақ кию дәстүрі сол 
Манастан бері жалғасып келе жатқанын аңғартады.
Енді  міне,  тарих  теңізінің  тасқынды  бір  толқынында  талқаны 
шыққан  кеменің жат жердің жағалауына шығып  қалған  сынығындай, 
«Жаңылдың  қырғынында»  қазақтардың  жолына  түсіп  кеткен 
қырғыздардың кейінгі үрпақтарының өздерін  «Қазақпыз, Найманбыз, 
Садырмыз,  Андамыз»  дей  отырса  да,  түбі  қырғыз  Жаңыл  батырдың 
үрпағы  екенін  үмытпай,  сол  ақ  калпақты  қырғыздардың  ежелгі 
дәстүрін  сақгап,  бастарына  ақ  киім  ғана  киетіндерін  көріп  отырмыз. 
Андалардың  атына  қарасақ  ежелден  келе  жатқан  ескі  ру,  затына 
қарасақ жаңадан күралған жас ру дейтініміз осыдан.
Осы  арада  тек  Найман  руларында  ғана  емес,  қырғыздардың 
Арғын руларына қосылып, кейінгі үрпақтары өздерін «Арғынбыз» *деп 
кеткендері  де  аз  болмағанын  да  айта  кетуіміз  керек.  Атап  айтқанда, 
өздерін 
-  
Керей, 
Төлеңгітбіз» 
дейтін 
Шүбартаулықтардың 
төлеңгіттері  де  жаңағы  «Жаңылдың  қырғынында»  Абылай  алып 
барып  қондырған  қырғыздар  болып  табылады.  Демек,  Шоқан
123
і

Уәлихановтың  тұсында  дұрыс  байқағанындай,  тек  Арғындар  ғана 
кейіннен  құралған жас одақ емес, сонымен  қатар, Арғындармен  қатар 
келіп, канаттас отырған Наймандар да, аты ескі болғанымен заты жаңа
-  жас  одақ болып табылады.  Бұлар  Акгабан  шұбырынды толғағынан 
туған,  қазақ-қалмақ  қырғыны  қазанында  қаинаған,  Абылай  ханның 
арқасында  Ата  мекен,  алтын  бесігін  азат  еткен  ортақ  аты  Орпга  жүз
казақтары болып табылады.
1
  Осы келтірілген деректерден қазақ халқындағы баска ұлттармен
салыстырғанда  тек  өзіне  ғана  тән  ірі-ірі  қасиеттердің  сырын  ашуға 
болады.  Біріншісі,  Шоқанды  таңдандырған  казақ  халқының тұр  тұсі, 
бет  пішіні,  бітім  бейнесі,  алуан  түрлі  болатын  себебі 
Акгабан
шұбырындыда алуан-алуан  ру, тайпалар  мен үлгг өкілдерінің  бастары 
қосылып,  қандары  араласып  кеткендігі.  Екінші,  ақын,  жырау,  әнші, 
өнерпаз  адамдардың  Арқадағы  арғындар  арасынан  көбірек  шыққан 
себебі  -   Абылай  ханның  Ордасы  Арқада  орнығып  қалғандығына 
байланысты, тұсындағы өнерпаз адамдардың хан Ордасын төңіректеп 
жиналып тұрып  қалғандығына байланысты.  Үшінші,  «Орыс  боламын 
десең,  алдымен  қазак  бол»  дегендей,  өткен  Үлы  Отан  соғысы 
жылдарында,  кейін  тың  игеру  жылдарында да  қазак  халкының  басқа 
үлттарды  жатсынбай,  тез  бауырласып  кеткен  себебі  тегінде  бұл 
халықтың құрама қанды интернационал халық екендігіне байланысты
болсакерек.
Осы  арада  Абылай  ханның  айналасында  болған  өмірін  Аркада 
өткізген  өнерпаз  бабалардың  артқы  ұрпакгарына  арнап  калдырып 
кеткен  аманаттары,  Абылайға  арнап  шығарған  поэма,  дастандарьгада 
олар  өздері  көзімен  көріп,  ерлігіне  куә  болған  Абылаидың  атымен 
бүкіл  қазақ  халқының  қалмақ  башкүрларына  қарсы  үлт-азатгық 
күресінің  шежіресін  жасаған  ғой!  Бір  тамашасы  сол,  ондай 
шежірелерді  тек  ақын,  жыраулар  ғана  емес,  солармен  коса  күйшілер 
де  жасаған.  Атап  айтқанда  «Абылай»,  «Албайрақ»  дейтін  күйлер 
болған.  Бұл  арадағы  «Албайрақ»  Абылайдың  Ала  туының  аты.  Сол
күйлер  қазақ  қолының  Абылайдың  «Алабайрағын  желбіретіп, 
алдарында үстап  қалмақтарды  дүркіретіп  куып  бара  жатқан  сәттерін 
суреттейтін,  қалың  қолдың  айқай-үраны,  мүндағы  түлпарлардың 
түякгарының дүбірлері күй тілдерінен айқын естіліп түратын.
Біздің шамалауымызша' қазіргі Қүрманғазының «Сары  Арқасы» 
деп  жүрген  күй  сол  Абылай  күйлерінің  бір  нүсқасы  сиякты.  Өиткені 
жансыз,  қимылсыз тек  жатқан  Сарыдала  күй  болып  күбірлей  алмаса 
керек.  Ал, күй қашан датірліктің,  қимылдың, дүбірдің, үннің,  зардың 
мүңның тілі.  Біз сөз етіп  отырған  Қүрманғазының «Сары  арқасында» 
тыныш  жатқан  өлі  дала  емес,  тірліктің  тілі  сөйлдейді.  Шапкан
124

аттардың 
дүбірі, 
сартылдаған 
сойыл, 
салдырлаған 
сауыт- 
саймандардың,  жарқылдаған  қылыштардың  сыңғыры  мен  «Ұрып 
тасталаған»  үрандар  естіледі.  Осының  бірі  «Сары  Арқаның»  о  баста 
жорық  күйі  болғанын  айқын  аңғартады.  Рас,  сондай  жорықтардың 
Сары  Арқада  болғаны  шын.  Қашан?  Абылай  ханның  түсында.  Не 
үшін?  Қалмақтарды  қазак  жерінен  қуып  шығу  үшін!  Олай  болса 
өмірдің  оз  айнасындай  болған  заманның  заңды  туындыларын  халық 
қазынасының 
қорына 
коспай, 
Абылайға 
арналған 
поэма, 
дастандармен  қоса  тарих  шежіресі  болып  қалған  күйлердің  де  атын 
өзгертіп  жүрген  адамдардың  көздеген  мақсаты  не?  Қазақ  халқының 
басынан  өткен  Ақтабан  шүбырынды  атанған  қайғылы  ғасырдың 
өткенін  жасыру  ма?  Немесе  сол  қайғыға  батып,  қан  жүтқан 
қазақтардың  басын  қүрап,  калмақтарды  қазақ  жерінен  қайта  қуғанда 
ел  үйытқысы  бола  білген  Абылай  ханның  халық  қамы  үшін  істеғен 
қызметін жоққа шығару ма? Ал, бүларды жоққа шығарған күнде қазақ 
халқының  XVIII  ғасырдағы  тарихын  немен  толтыруға  болады? 
Тарихтың  өзі  вакум  емес  қой!  Болмаған  вакумды  қолдан  жасап 
жүргендіктен де:
Ит жоқга  шошқа үреді қорада,
Бай жоқга  қүл жүреді жораға.
дейтіннің  кері  келіп  жүрген  жоқ  па?  Абылайдың  орнына 
қайсыбір пысықайлардың Әбілхайыр ханды  тықпалап  жүрғендігі  осы 
қолдан  жасалған  вакумды  қалайда  пайдаланып  қалу  әрекеті  емес  пе 
екен?
Өйткені  тарихты  жасағандар  бүгінгі  біздер  емес  бүрынғы 
бабалар!  Кейінгі  үрпақтарына  не  айтып,  не  қалдырып  кеткісі 
келгендерін  де  сол  бабалардың  өздері  білген.  Олар  бізге  -   тарих 
шындығын  бүра  тартып  бүрмаушылар  болуымызға  өкілдік  беріп 
кеткен  жок.  Сондыктан да,  өткен  тарихтың өзі  қандай  болса,  біз оны 
сондай  қалпында  сақгауға  міндеттіміз  және  өзімізден  кейінгі 
үрпақтарға да сол қалпында қалдырып кету парызымыз.
Сондықтан  да  осы  күнге  дейін  қазақ  тарихының  жоғалған 
беттерінің  бірі  болып  келген  «Актабан  шүбырындысын»  Абылаймен 
қосып  қайта қарап, іздеп тауып, тарихқа  қосқан өз үлестерін өздеріне 
беруіміз  керек.  Өйткені  олардың  XVIII  ғасырдағы  ¥лы   соғысы  да, 
біздің  XX  ғасырдағы  Үлы  Отан  соғысымыз  секілді  ерлікке,  елдікке, 
бірлікке,  «тумаған  туыстыққа»,  интернационалдык  достыққа  толы. 
Солардан  қалған  қасиеттер  қазақ  халқының  бүгінгі  үрпаүтарынан  да 
табылуда.  Сол  канға  сіңген  қасиеттердің  кайдан  келгендігін,  қайнар
125

көзін  тауып,  халық  казынасына  айналдыру  бүгінгі  білімдіміз  деп 
жүрген азаматгардың бірінші кезекте түрған борышы деп білеміз.
Сол  сүрапыл  соғыстарда  қгізақ  халкының  тәуелсіздігі  мен 
байтақ  жерінің  бостандығы  үшін,  өз  жандарын  қүрбандыққа  киған 
бабалардың қаны тамып, тері сіңген жерлерінің нанын жеп, суын ішіп 
жүрген  бүгінгі  үрпақ  -  өздеріне  мол  мүра  қалдырып  кеткен  батыр 
бабаларын  үмытпай,  олардың  сүйегі  жатқан  қабірлерін  күрметтеп 
бастарына  ескерткіштер  орнатса  да  артық  емес.  Тек  Жетісу  жерінде 
ғана:  Қабанбай,  Жаныбек,  Шоңай,  Төле  би,  Төлебай,  Сартолағай, 
Қүланбай,  Малайсары,  Райымбек,  Байтулақ  батырлардың  қабірлері 
жатыр.  Олардың тас  молалары  әр  биіктің  басында  күні  бүгінге  дейін
қазак жерін корғап, карауылда түр.
Осылар атақты хан Абылайдың,
Қолбасшы -  генералы, маршалдары.
Қайраты — қамал бүзған, акылы — айдын,
Қазактың не қара, не сары шалдары!
А Й М А Н А Н А
Актабан  шүбырындыдан  кейін  қалыптасқан Арғын  тайпасы да, 
Найман  тайпасы  да  жаңадан  күрылған  жас  одақгар  дедік.  Бірақ, 
«Арғын»  атты  ру, тайпалар ертеректе  естілмегенімен «Найман»  деген 
тайпаның  аты  сонау  VIII  ғасырдан  бастап  тарихта  бар  екені  белгілі 
ғой!  Сондықган  да  сонау  VIII  ғасырдан  бар  наймандықтардың  бүл 
атка  ие  болу  себебін  білмейтіндігіміз  де  Қазак  тарихының  жоғалған 
беттерінің бірінде қалуымен байланысты. Сондыктан да Найман деген 
атаудың қашан,  қайда  пайда болғанын  анық білмейтін  адамдар алуан 
түрлі  аңыздар  айтып,  жорамалдар  жасаумен  келеді.  Қайсыбіреулер 
бүл  — қалмақ  қойған  ат  дейді.  Бүған  дөлел  ретінде  қазақша  «сегіз» 
санын 
қалмақша 
«найман» 
дейді 
дегенге 
сүйенеді. 
Бірақ, 
қалмақтардың  түтас  бір  тайпасын  неліктен  «сегіз»  санымен 
таңбалағанына  дәлелді  түсінік  бере  алмайды.  Ал  қазактар,  оның 
ішінде  «найманбыз»  деп  жүрген  рулардың  ақсақал  адамдары  да 
анығын  білмегендіктен  Найманды  бірі  —  атамыз  десе,  енді  бірі  — 
анамыз  екен  дейді. Мүның өзі  — «Жеті  атасын  білмеулік- жетімдіктің 
салдары»  деп  қазақ  халқы  өзі  тауып  айтқанындай,  қазақтардың  өз 
тарихын  тану  мөселесіне  келгенде  шынында  да  жетім  екенін, 
сондықтан  да өз тарихын  өзі  жасай  алмаи,  өр  заманда жерінен  жүріп 
өткен  жолаушылардың  атүсті  түртіп  алған  «жолжазбаларынан» 
іздейтін мүшкілдігін көзге түрте көрсетеді.
126

Осы  бір  ойсырап  жатқан  олқылықтың  орнын  толтыруға 
ортақгасып  ой  салу  мақсатымен  бұрынғы  бабалардың  бармағымен 
сызылған, тарихтың өзі тасқа басып кеткен таңбаларға жүгінеміз.
Қазіргі  Монғолия  жеріндегі  Орхон  өзені  бойынан  табылған 
Күлтегіннің  басына  қойылған  құлыптаста  ертедегі  түрік  жазуымен 
жазылған  ерлік эпостың  бір  жолы  «шүмз»  апмз:  аймн:  қғи:  болдқта: 
төрт  болңқ.  Иағы  болты»  деген  создермен  басталатын  бір  жол  бар. 
Осы  сөздердің  мағынасын түсіндірмек болған түрколог ғалымдардың
өздері  қазақ  тілін  жақсы  оілмеитіндіктен,  немесе  қазақтарды  аталар 
тарихы  жолынан  адастырып  жіберу  мақсатымен  бе,  әйтеуір  түрлі 
саққа жүгіртіп түсініксіз создерге айналдырып жіберген.  Оның үстіне 
ертедегі түрік  жазуының езіндік  ерекшеліктері де  бар.  Атап айтқанда 
сөздер  мен  сөйлемдер  негізінен  дауыссыз  дыбыстармен  жазылған. 
«А» дауысты дыбысы  сөздің не сөйлемнің басқа әріпі мен аяққы әрпі 
қызметін 
атқарған 
жерінде 
қолданылғанымен, 
сездер 
мен 
сөйлемдердің араларында қолданылмаған. Соңдай-ақ кейбір дауыссыз 
дыбыстар өздері  жеке түрса да дауысты  дыбыс  косылып  айтылғанда 
беретін бір сөздің мағынасын немесе бір заттың атын берген. Мысалы, 
«р,  л,  ш»  әріптері  тексте  жалғыз  жеке  түрса  да,  оқылғанда  «ер,  ел, 
еш» оқылатын  болған.  Осылар сияқгы,  «ай»  сөзі де Ай  суретті  бір-ақ 
әріппен  жазылған.  Жоғарыдағы  Күлтегіннің  қүлыптасынан  алынған 
сөздерде  ертедегі  түрік  жазуындағы  осы  ерекшеліктер  түгелдей
кездеседі.
Енді  сол тастағы  жазуларды  қазақгың  бүгінгі тілі  мен  емлесіне 
аударып  қайта жазатын  болсак,  «Ешіміз,  анамыз Айман қаған  болған 
түсында  терт  қүбыла  түгелдей  жау  болды»  деген  мағыналы  да 
үғымды  сөздер  мен  сөйлемдер шыға  келеді.  Бүл -  түсындағы  тарихи 
шындықты дел бейнелейтін таптырмайтын тамаша деректер.  Өйткені, 
Күлтегіннің  ерлік  эпосында  оның  өмір  бойына  осы  терт  қүбыланы 
қоршаған  жаулармен  алысып,  «басы  барын  жүгендеп,  тізелісін 
шегеріп»  түрік  халқына  жер  мен  су,  қүтгы  қоныс  алып  бергені
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод
transactions -> Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет