Тәңірберген Қалилаханов



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата14.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
92  • 

 
Ш

биіктігіне  орай,  өлемдік  әдебиеттердің  озық  үлгілерінен  үйренген 
црндйы  мамандык  алған  тәжрибелі  ақындар  емес  пе?  Жағасын  жау 
жыртып,  қабырғасын  қанжар  тіліп,  қан  жүтып  жүріп  қазақ  жерін 
қорғаған  XVIII  ғасырдың  ақындарында  қазіргідей  биік  мәдениеттің 
де,  акындық  мамандығын  жетілдіруге  мүмкіндік  беретін  басқа 
жағдайлардың да  болмағаны да  мәлім ғой!  Алайда сол  ақындар өлең 
өрнегінің  өздері  білетін  үлгілерімен-ақ  тарихи  тақырыптағы  тамаша 
деректер  тастап  кеткен  адамдар  ғой.  Сондықтан  да  олардан  көркем 
сөздің  үлгісін  үйренбесек  те,  Қазақ  тарихының  тасада  жатқан 
жақтарынан  жаксы  деректер  аларымыз  күмәнсіз.  Ал,  бүгінгі 
мәдениетімізді биік шынардың басына үқсатсақ, сол шынардың  қазақ 
жерін  қалмақ  басқыншыларынан  азат  еткен  Абылай  түсындағы 
топыраққа түскен түқымынан өніп шыққанын да үмытпаған жөн. Енді 
сол  мүрағат  қорлары  мен  кітапханалардың  сирек  қолжазбалар 
қорларында  жаткан  көне  жыр-дастандарды  зерттеп,  жарыққа  шығару 
қажет.  Ол  поэма  дастандар  да  қалай  десек  те  кашықта  қалған 
ғасырлардан  қалған  халқымыздың  өз  үні  емес  пе?  «Халық  айтса, 
қалып  айтпайды»  дейтініміз  қайда?  Жасарын  жасап,  айтарын-айтып 
кеткен  ата-бабалардың  аузына 
қақпақ  қоя  алатын  қүдірет 
сол 
заманның  өзінде  бірге  кеткен  ғой.  «Жүмыртқа  тауыққа  ақыл 
үйретпейді»,  деп  орыс  халқының  мәтелінде  айтылғандай,  бүгінгі 
біздер  бүрын  өткен  бабаларымызға ақыл  үйрете  алмаймыз  ғой!  Одан 
да  олардың  үндерін  өгейсінбей,  сөздерін  сөкетсінбей,  аталардан 
қалған  мүраларды  алтын деп  бағалап,  ардақтай  білгеніміз  абзал  емес 
пе?  Арнайы  тіл  мамандарының  аудармасынсыз  түсіну  қиын, 
архаизмге  айналып кеткен  ескі  славян тілінде жазылған  «Игорь полкі 
туралы  сөзді»  орыс  халқының  алтыннан  да  асыра  бағалап,  өздерінің 
біртүтас 
мемлекет 
болып 
қалыптасуы 
жолындағы 
тарихи 
тағдырларының  тамаша  шежіресі  деп  танитынын  да  білеміз.  Сол 
«Игорь полкі туралы  сөз»  сиякты  қазақ халқының да тарихи тағдыры 
туралы  сыр шертетін Абылай дәуірі тудырған  поэма, дастандарды біз
қалайша кадірлемейміз?
Бүрын  қазақ халқының тарихын  жазып  отырған  арнайы  тарихи
институт  болған  жоқ.  Сондықтан  да  қазақ  тарихындағы  елеулі 
окиғалардың  тек  қана  аңыз-әңгімелер  мен  поэма-дастандарда 
сакталып келгенін  Шоқан Уәлихановтың да еске салып кеткені мөлім. 
Осы  шындыктың  шынайы  көріністері  болып  табылатын  «Актабан- 
шүбырынды»  заманынан  калған  аңыз-өңгімелердің,  олардың  ішінде 
Абылайдың атымен байланысты айтылған ерлік дастандардың ауызын 
кеңестік  идеологияның өзі  буып тастағандықтан,  қазак халқының сол 
кездегі  үлт-азаттық  күресі  үмыт  болып,  ешбір  өмір  ізі  қалмаған
93

қараңғы  түнекке  айналып  кеткен.  Басқаша  сөзбен  аитканда,  казак 
тарихының  сол түсы  — иесіз  қалған  есігі  ашық  үй  сияқты.  Сол  иесіз 
үйге  кез  келген  адам  да,  аң  да  басын  бір  сүғып  өтепні  сякты,  қазақ 
тарихының  өлгі  караңғы  түсына  қайдағы  бір  қаламгер-сымактардың 
қара  терін  төгіп,  Абылайдан  адасып,  Әбілхайырды  кастерлеп 
жүргендері  де  сондықтан.  Ал,  бүл  қазақ  халқының  XVIII  ғасырда 
өткен  Үлы  Отан  соғысының  тарихын  тану  мәселесінде  жіберіліп 
келген  кіші-гірім  кемшіліктер  емес,  бүкіл  бір  халықгың  жақсысын 
жасырып,  жаманын  асырып  келгендердің  тарих  алдындағы  ауыр
қылмысы.
Енді  әңгімеміздің  бастапқы  такырыбына  кайтадан  оралайык. 
Онда біз қазақтың ауызша шежіресінде айтылатьш  «Арғын алты ауыл
болғанда,  Найман  жалғыз  үй  екен»  дейтін  сөздердің  тарихи 
фактілерімен  бекітілмейтінін  дәлелдемек болған  едік.  Сол  пікірімізді 

толықгыра  түсу  үшін  осынша  үзақ  шегініс  жасауға  мөжбүр  болдық. 
Өйткені,  мүндай  тарихи  тақырыпты  дүрыс  шешудің  ғылыми  жолы 
біреу  ғана.  Ол -«историзм»  өдісі.  Тарихи бір  күбылысты  түсіну үшін
— оның  о  баста дүниеге  қалай  келгенін,  өзінің  даму  жолында  қандай 
кезеңдерден өткен, ақырында немен тынғанына көз жіберу керек.
Біз  де  осы  қағиданы  адастырмас  копас  қып  қолымызға  үстап, 
қазақ тарихының қалтарыстары мен қалың-орман жыныстарын аралап 
қайтгық. 
Сондағы 
көзіміз 
түсіп 
көргендерімізді 
көпшіліктің 
назарларына 
үсындық 
сөйтіп 
осы 
жолмен 
жүріп 
каитқан 
сапарымыздан  олжасыз  қайтпаған  сияқтымыз.  Атап  айтканда, 
қанаттас  жүріп,  катарлас  келіп  Орта  жүзден  орын  тепкен  Арғын, 
Найман  тайпаларының  тарихы  мен  тағдырларының  бір  екендігін 
аңғартатын  ақиқаттар  таптық.  Сөйтіп,  «Арғын  тайпасы  кейіннен 
қүрылып  қалыптасқан  жас  одақ»  деген  Шоқан  Уәлихановтың 
кемелдігінен  кеңірек  түсіндіретін  деректерге  ие  больш  отырмыз. 
Мәселен,  «Арғын»  атты  ата  дүниеде  болған  ба?  Болса  қай  заманда 
өмір  сүріп,  кай  жерде  сүйегі  жатыр?  Бүл  сүрақгарға  тарих  жауап 
бермейді. Өйткені Үйсін, Дулат, Керей, Уақ, Қаңлы, Қыпшақ, Найман, 
Қоңырат  тайпалары  мәлім  болған  орта  ғасыр  деректерінде  «Арғын» 
деген  тайпаның  аты  жоқ.  Сондықтан  да  бүл  тайпалык  атау  жөнінде 
әркім бір өздерінің апыпқашпа ойларын ортаға салып келді. Мәселен, 
қайсібіреулер  жер,  су  атауларымен  байланыстырып,  Шилка  деген 
өзенге  келіп  қүлайтын  тармақтарының  бірі  — «Аргунь»  деп  аталады. 
Сол  судың  бойында  өскендіктен  бүл  тайпа  — «Арғын  болып  аталған 
болар  деп  жорамалдайды.  Бірақ,  жорамалды  қуаттауға  болмайды. 
Өйткені,  Қазақ  халқы  жер,  суға  қаншалыкты  бай  екендігіне 
қарамастан,  өзен  су  атгарымен  аталған  бірде-бір  ру-тайпалар
94

болмаған. Мысалы, Еділ мен Жайық, Іле мен Қаратал, Ақсу мен Лепсі 
сықылды  мол  сулы  озендердің  олкелерін  ежелден  қоныс  қып  келе 
жатқан  қазақ  ру-тайпаларының  бірде-бірі  осы  өзендердің  атымен 
аталмағаны  сияқты, Арғын тайпасы — Шилканың бір тармағы Аргунь 
былай  тұрсын, 
Ата-қоныс, 
алтынгбесігінің  арқаулары  болып 
табылатын  ежелп  Ертіс  пен  Есіл  сияқгы  ұлы  озендерінің  атымен  де 
аталған жоқ.
Арғын  ру-тайпаларының  алғашқы  ауыз  шежіресін  құрып 
кейіннен  хатқа тұсірген  адамдардың реализмнен  көрі  идеализмге  бой 
ұрған  діндар  адамдар  болғаны  аңғарылады.  Өйткені,  олар  Әннәс 
пайғамбардан басталатын мұсылман шежіресін тұтастай көшіре келіп, 
сол  пайғамбарлардың  соңғы  ұрпақтарының  бірі  Арғын  «Қарақожа» 
еді,  сол  Қарақожаның  кіндігінен  таралған  ұрпақтары  жеті  руға 
бөлініп,  «Жеті  момын»  атанды  дёйді.  Мұнысы  біздің  арғы  тегіміз  -  
қазақ  емес,  арабтан  шыккан  қожа  нәсілді  елміз,  сондықтан  да 
мұсылман 
дініне 
берікпіз  дегенге 
саяды. 
Әрине, 
«Ақтабан 
шұбырындьшың»  алғашқы  кезеңінде  Батысқа  қарай  босып  барған 
қазақ  ру-тайпаларының  ол  жақта  бұрыннан  келіп  орнығып  қалған 
араб  нәсілді  қожалармен  қоныстас  болғаны,  олардың  молдаларынан 
сабақ  алып,  ислам  дінінің  уағыздары  құлақтарына  сіңісті  болып 
кайтқандары  тарихи  шындық  екендігі  рас.  Сондай-ақ,  сол  қазақтар 
«Ақгабан  шұбырындының»  соңғы  кезеңінде  —  қалмақтарды  қазақ 
жерінен  қуу  ұшін  қайта  оралған  тұстарында  әлгі  араб  нәсілді 
қожалардың дін ұстаған молдалары мен сәлде ораған сопыларының да 
қазақгармен қоса ере келіп, бала сұндетгеп «қожалық» қылғандары да 
аз  болмады.  Бәлкім,  Батыстан  араб дінін  қабылдап,  мұсылмандыққа 
мойындықгы  мойындап  қайтқан  қазақгардың  Арқаға  алғаш  жеткен 
тұстарында 
-  
қалмақгарды 
«дінсіз 
көпір» 
деп 
олардың 
ғибадатханаларын  талқандауға  итермеші  болған  діндарлар  -   осы 
«кожалар»  болар!  Сол  қожа-молдалардан  оқып,  хат  таныған 
ақындардың  сол  тұстағы  қазақ-қалмақ  кырғындары  жайлы  араб 
әрпімен  жазып  калдырған  ерлік дастандарында  қазақгарды -  діні  бар 
«мұсылман» деп  көтермелеп,  қалмақтарды — діні  жоқ «кәпірлер» деп, 
оларды  тыңдаушыларына  жиренішті  етіп  көрсетуге  тырысатыны  да 
осы  қожалардың  ықпалы  болар.  «Қолында  құраны  бар,  аузында 
алласы  бар адал адамдар» деп кол қусырып  құрмет көрсеткен ақкөңіл 
қазақтарды  ата  тегінен  айырып,  араб  қып  жібермек  болған  ғой  сол 
діндарлар!
Үшінші  біреулер -  «Арғын»  деген  атау  -   өртүрлі  халықтардың 
косындысы,  солардың  қаны  араласуынан  пайда  болған  деген 
мағынадағы сөз дейді. Бұған дөлел ретінде «Арғын апа» дейтін атақты
95

бір  ананың екі  үлтгың арасынан  шыккан  адам  болғанын  келтіріп,  сол 
кісі  сиякгы,  екі  түрлі  гүқымның  арасынан  туған  тайыншьіны  да 
«Арғын»  деп  атайтын  болған  дейді.  Мүнысы,  мал  мен  өсімдіктер 
түкымына  айтылса  «будан»,  адам  нөсіліне  келсе  «метис»,  «муллат» 
деген сөздердің тағы бір баламасы есеггп.
Бүлай  дейтіндердің  жорамалы  идеализмнен  көрі  реализмге 
жақын.  Өйткені,  қазақты  түтас  алып  карасақ  та,  будан  халық  деп 
атауға  болады.  Бүған  қазақтың  «жеті  атаға  толмаған  жерден  қыз 
алыспауы»  жөніндегі  қашаннан  бері  калыптасып  келген  қатаң  заңы 
дәлел  болады.  Шамасы  жеткендер  -   ат  болдыртып  жететін  алыс 
рулардан,  шамасы  жетпейтіндері  -   ауылы  жақын  болғанымен  атасы 
алыс  рулардан  қыз  алысып,  қыз  берісіп  қүдаласьш  келгені  мөлім. 
Бүны  бүрынғы  қазақтар  өз  пайымдауынша  — «сүйек  жаңарту»  деп 
атаған  болса,  бүгінгі  ғылыми  үғымдарымыз  бойынша  біз  -   «кан 
жаңарту» деп  айта аламыз.  ІІғни жаңа бір жақсы түкым алу үшін тегі 
бір  болғанымен  тіршілік  қасиеттері  басқа-басқа  екі  түкымды  бір- 
біріне  шағылыстырып  қан  араластыру  әдісін  ғылыми  тілде  -  
«будандастыру» деп жүрген сөздің мағынасын өз үрпакгарының қаны 
жаңарып  жасара  беруін  мақсат түтқан  қазақтар  «құдаласу»  жолымен 
шешіп  келген.  Демек,  түкым  жаңарту  әдісі  жөніндегі  бүгінгі  ғылым 
табыстарынан бүрынғы қазакгар да күралақан болмаған.

Қашаннан қүда-андалы Арғын, Найман,
Үйсін мен Керей, Қоңырат қалсын кайдан.
Батыста — батагөйім — бабам Қыпшак,
Қүдалап орысқа да күшақ жайған.
Халықтар достығының айғағындай,  •
Ақ, сүлу -  қыздар туған аспанда -Айдан!
«Жетпесе жеті атаға қыз алмайтын»,
Қазақта -  қатал заңнан кім бар тайған?!
Осындай  казақтардың  Арғын  атанган  ірі  бір  тайпасы  -
«будандасқан» үрпактардың одағы деп үккандар — тарихи шындыкган 
да,  ғылыми  негізден  де  алыс  кетпеген.  Өйткені,  «Акгабан
шүбырынды»  толқынында тоғысқан  толып  жатқан  рулар  мен  ұлттар 
өкілдерінің  арғындар  арасында  көп  екендігі  де  рас.  Осының 
ақиқаттығын  аңғару  үшін  арғын  тайпаларының  қүрамына  кіретін 
«Жеті  момын»  руларының  әрқайсысын  жекелеп  жіктеп  жатнай-ақ, 
арғындардан 
шыққан 
атақты 
адамдардың  бірнешеуінің  түпкі 
тектеріне көз жіберсек те жеткілікті.
96

Байзолла әкем аты, Ғазиз атым,
Демессің «Шалақазақ» арғы затым.... -
деп  өзінің  қазақ  пен  тағы  бір  басқа  ұлттың  арасынан  туған 
«будан»  екенін  атақты  Ғазиз  ақынның  өзі  айтып  кеткені  мәлім.  Бұл 
арадағы «шалақазактың» -  қазақгың қанынан ғана емес, оның қанына 
басқа  бір  ұлттың  қанының  қосылуынан  —  екі  қанның  арасынан 
жаралған  адам  ұлты  қазақ  болғанымен  қаны  жағынан  қарағанда 
«қазақтығы  шалалау»  деғен  ұғым  береді.  Бұл  секілді  «шалақазақтар» 
тек  арғындардың  арасында  ғана  емес,онымен  тағдырлас  найман 
руларының  арасында  да,  қазақгың  басқа  тайпаларының  арасында  да 
кездеее береді.
Арғынға жете алмайды Найман өлмей,
Ежелден келе жатқан теңдік бермей... -
деп  өзінің  найман  екенін  Акын  Сарамен  айтысында  «арғын»
болып  сайысқа  тұскен  атақты  Біржан  да  түбін  қуып  келгенде  арғын 
емес,  ақсары  керей  болып  шыға  келді. 
1898  жылы  Қазан 
университетінің  литографиясында  тұңғыш  рет  басылып  шыққан 
өйгілі  «Біржан-Сал  мен  Ақын  Сараның»  айтысы  атты  кітапшаның 
кіріспесінде  «Елі  Керей,  ұраны  -   Алтай-Қарпық»  деп  Біржанның 
шыққан  тегі  туралы  анықтама  берілген.  Осы  сияқты,  өзінің 
Ырысжанмен айтысында:
«Шарам кеңнен шабылған -  Қарашормын»,
Тарпгамын асықпасаң- табағынды» —
дейтін  асқақ  өнші,  әрі  ақын  Әсет  Найманбаев  та  әкесі  -  
арғынның  үлы  болғанда,  шешесі  -   найманның  қызы,  екі  тайпа  елдің 
канынан  жаралған  жаңа  ұрпақ  екенін  жасырмай,  қайта  екі  енеге 
телінген тайдай екі  елінің ортасында ойнақгап еркін жүргенін мақган 
етіп  өлең  кылғаны  мәлім.  Ал,  арғындар  арасындағы  «қара  шордың» 
түпкі 
тегін 
қуаласа 
бүрынғы 
Түрік 
қағанаттарынан 
қалған 
халықгардың  бірі  -   тувалықтардың  арасындағы  «шоралармен»
туысып кетеді.
Осылай  түбін түрткілей  берсек,  атақты  Ақан  серінің  аталары  -  
Атығай,  Қарауылдың  арғы  тегі  -  Қарақалпақ,  ақын  Шөженің атасы  -  
Қырғыз  болып  шығады.  Бүларды  былай  қоғанда,  Қазақ  Кеңес
97

өдебиетінің  ірге  тасын  қалаушылардың  бірі  Социалистік  еңбек  ері, 
Академик  жазушы  Ғабит  Махмүтұлы  Мүсіреповтың  да  түпкі  тегі  -  
Түрікпен екенін оның озі «Үлпан» повестінде ашып жазғаны мөлім.
А дегенде күлағың тосаңсиды,
Өскен соң мүндай сөзді бүрын көрмеген соң... -
деп  үад  Абайдың  айтканы'бар-ды.  Сол  сиякгы  бүл  айтып
отырғандарымыз  — Арғын  атағына  кір  жуыткысы  келмеитін  кейбір 
адамдардың  ашуына  тиер  де.  Бірақ,  «Жалған  айтып  жағынғаннан, 
шын  айтып  шыңырауға  түскен  артык»  дейтін  халык  кағидасын  да 
үмьітпаған  жөн.  Өйткені  біз  бүл  арада  Арғын  руларының  араларын
ашып, алшақгату мақсатымен емес, сол рулардың қай заманда, қандай
себептермен  келісіп  бір  тайпалык  одак  қүруының  тарихи  себептерін 
ашу  мақсатымен  айтып  отырмыз.  Оның  үстіне  рушылдык,  жерлестік 
деген  сияқгы  кертартпа пиғылдарға тосқауыл болу  керекпгін  де  есте 
үстау  қажет.  Өйткені,  қоғам  дамуының  феодалдық  -патриархалдык 
сатысында  түрған  қазақ  байларыньщ  «рушылдығы»  дамудың 
капиталистік  сатысында  түрған  буржуазияның  «нәсілшідігінің» 
кейінгі ізбасары есепті. Капиталистер нәсілшілдік-үлтшылдық үранын 
бетке  үстап,  өзінің  сауда  рыногъш  қорғауға  сойыл  соғарлар  жинаса, 
байлар рушылдық үранын бетке үстап,  кең оріс, мол суатын қорғауға 
сойыл  соғарлар  жинаған.  Ал  бүгінгі  біздер  —  дамудың  сол  екі 
сатысынан  да  аттап  өтіп,  Социализмнің  де  келбетін  көріп,  енді 
егеменді  елдік  қүрып  отырған  адамдармыз.  Сондықган  да  біз  өз 
халқымыздың тарихын түсіну  мәселесіне  рушылдық  пен  үлтшылдык 
мәселесі  түрғысынан  емес,  объективті  реалистік  түрғыдан  карап 
түсінуге  тиіспіз.  Осы  түрғыдан  келсек,  сөз  болып  отырған  арғындар 
тайпасының 
тек 
қазақгың 
өзінің 
ішкі 
ру-тайпаларының 
қосындыларынан  ғана  емес,  солармен  қоса  басқа  үлттардың  да 
араласуымен  қалыптасқан  интернационалдык  одақ  екенін  жоғарыда 
келтірген  өмірде  болған 
адамдар  жөніндегі 
деректер  толык
дәлелдейді.
Осыларға  сүйеніп  «Арғын»  атауы  бүл  тайпаға  жоғарыда 
келтірген  -   «Арғын  апа»,  «Арғын  тана»  деген  сияқгы,  әртүрлі  ру- 
тайпалар мен үлттардың араласып, қандары қосылуынан пайда болған 
«будандар»  мағынасында  қойылған  атау  дегенге  тоқгауға  болар  еді. 
Бірақ «Арғын»  атауының  шығуы  мен  оның осы тайпаның  аты  болып 
қалуына  негіз  болған  басқа  себептер  де  бар.  Енді  соған  тоқгалайық. 
«Ақтабан 
шүбырындының» 
арты 
қазақтардың 
қайта  оралып, 
қалмақгарды  қазақгардың  өз  жерінен  қуып  шығуымен  аякталғаны
98

мәлім.  Сонда  Абылай  туының  астына  жиналған  жасақтардың 
жауынгерлік  рухын  көтерген  не  нәрсе  еді?  Жарақты  жаумен 
жағаласқанда күн ілгері  кімнің көзі жеткен?!  Бүрын үдере көшіп, үрке 
қашқандарында тісі  өтіп,  тізесі  батып  қалған  қарулы  қалмақ  қолына 
қарсы  қорықпай  үмтылу  —  оңай  ғана  ойыншық  па  екен?!  Алайда 
аттарына  қонып,  Абылайдың  алдына  келгендер  қалмақтардан 
қаймықпай қан майдандарға барған ғой. Сонда олардың омырауларын 
оққа төсеткен қүдіретгі күш неде еді? 
'
Міне,  осы  сүраулардың  жауабы  табылмай  түрып,  сол 
қырғындарда  қазақтардың  қалмақтарды  жеңіп  шығуының  кілтін 
табуымыз да қиын.
Әрбір  медальдің  екі  беті  болатыны  сияқты,  әрбір  соғыстың  да 
екі  беті  болады.  Соғыс  тарихын  зерттеушілер  оларды  «Соғыстың 
әділетсіз  түрі,  әділетті  түрі»  деп  атап  жүр.  Өйткені,  әрбір  соғыстың 
болып  өткен  замандары  баска-басқа,  қару-жарақтарының  артық, 
кеміне  қарамастан,  сол  соғысты  жүргізетін  -   адамдар.  Соғыстың 
әділетті,  не  әділетсіз  соғыс  екендігі  -   сол  соғысьш  жатқан 
адамдардың алдына қойған  мақсаттары мен осы соғыс арқылы шешіп 
алмақ  мәселелерімен  мінезделіп  айқындалады.  Осыған  толық 
мысалды  біз Кеңес  халықгарының  1941-1945  жылдардағы  Үлы  Отан 
соғысының  тарихынан  табамыз.  Онда  батыс  импералистері  айтақтап 
айдап  салған  гитлершіл  неміс-фашист  баскыншылары  бейбіт  жатқан 
Кеңес елінің байтақ жерін күшпен басып алу мақсатымен соғыс ашты. 
Сөйтіп,  осы  заманғы  ғылым мен техниканың жетістіктерін -  автомат, 
пулемет,  зеңбрек,  миномет,  танк,  самолеттерге  айналдырып,  жерден 
снаряд-миналарын,  көктен  бомбаларын боратып, басым  күшпең келіп 
біздің  көп  жерімізді  басып  алды.  Көптеген  қалаларды  қиратып, 
халқын  қырды.  Неміс  солдаттарының  автоматтарының  аузына 
үрынбай, танктерінің табанында тапталмай қалған қарттар мен қатын- 
балалар, ата мекендерінен ауып Шығысқа қарай шүбырды. Сөйтіп, он 
сегізінші  ғасырда 
қазак  халкының  басына  түскен  «Ақгабан 
шүбырынды»  жиырмасыншы  ғасырдың  орта  шенінде 
Кеңес 
Одағының  Батыс  жағында  түратын  халықтарының  басына  түсті. 
Алайда  басым  көшпен  келіп  кірген  неміс-фашист  армиясы  ақырында 
жеңіліске  үшырап  қазақтардан  жеңілуімен  байланысты  жойылып 
кеткен  «Соңқар»  мемлекетінің  кебін  киген  «Герман  Рейхы  да» 
дүниеден  жоғалып  тынды.  Өйткені,  «Ақгабан  шүбырындыда»  қазақ 
жеріне басым күшпен басып кірген  қалмақтар бастаған соғыс  сияқты, 
неміс-фашист  басқыншылары  бастаған  әділетсіз  соғыс  болды.  Ал, 
Кеңес  халқы  тарапынан  өз  жерін  жат  жаулардан  қорғап  қалу  үшін 
жүргізілген соғыс -  өділетті соғыс болды.
99

Осы арада тозғандарды топтап, ірігендерғе - үйытқы, азғандарға
-  ақылшы  бола  білетін  адамдардың  карулы  да  қатал  жауға  кайыра 
соққы  беруге,  халық қаһарын  кайрай  алатын  қабылет,  қасиеті  туралы 
да  айтатын  ойлар  бар.  Сондай  касиет,  қабілетті  біз  1941-1945 
жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысында  Кеңес  Одағы  комунистік 
партиясының  ісі  мен  еңбегінен  көргенбіз.  Атап  айтқанда  партияның 
сол тұстағы  Орталық  Комитетінің  Бас  хатшысы,  Қорғаныс  Кеңесінін 
председателі  және  КСРО  Қарулы  Күштерінің  Басқолбасшысы 
қызметтерін  бір  өзі  алып  жүрген  И.  В.  Сталиннің  сол  соғыстың  бас
кезінде  сөйлеген  бір  сөзінен  бастап-ақ  неміс-фашист  басқыншылары 
бастаған  соғыстың әділетсіз  соғыс  екенін,  ал  біздің  өз  Отанымыздьің 
азаттығы  мен  тәуелсіздіғін  корғап  қалу  үшін  жүргізіп  жаткан 
соғысымыз  —  әділетті  соғыс  екенін  естіп  білгенбіз.  Сондықган  да 
әділетті 
істің 
қашан 
да 
жеңігі 
шығатынын 
білетін 
халық 
И.В.Сталиннің  «біздің  ісіміз  оң,  .жау  талқандалды,  жеңіс  біздікі 
болады» деген сөздеріне көміл сенді.  Ал сенім бар жерде табандылық 
бар.  оның  үстіне,  жауынгерлердің  рухын  көтеріп,  жігеріне  жігер 
қосып  қарулы  жаумен  қаймықпай  қарсыласуға  үмтылтатын  үткыр 
үран да керек.  Біздер -   сол Үлы  Отан  соғысының ардагерлері тарихи 
шындығына  шіркеу  келтірмей  адалын  айтуға  міндеттіміз.  Қарсы 
алдымыздан  қарша  борап  түрған  окка  омырауымызды  төсеп 
шабуылға шыққанымызда аузымыздағы үранымыз екі-ак сөз болатын: 
«Отан  үшін!  Сталин  үшін!.  Алға!».  Осы  үранмен  біз  неміс-фашист 
басқыншыларын жерімізден қудык. Осы үранмен Кенигсберггі алдық. 
Осы  үранмен  Берлинді  алдық.  Осы  үранмен  Эльбаға  бардық.  Осы 
үранмен  біз  гитлершіл  фашистерді  өз 
інінде  өягіріп  туын 
табанымызда  таптадық.  Бізге  үран  болып  жеңіске  жетелеген  осы  екі 
сөздің  қасиеттерін  екі  түрлі  мағынада  үғатынбыз.  Оның  біріншісі  — 
«Отан». Бүл -  Кеңес Одағына кіретін барлық үлттар мен халыктардың 
ортақ мекені  мен жер,  суы.  Отан — әрбір жауынгердің жарык дүниеге 
келгенінде  кіндігі  кесіліп,  кірі төгілген  орны,  ер  жетіп  есейгенде  жар 
қүштырып  жаңа  өмірге  жол  ашқан  ортасы.  Отан  -   бүрынғы  өткен 
бабалардың  кабырғасын  қақыратып,  қан  қүсып  жүріп  жат жаулардан 
корғаған,  табанын  тоздырып,  алақанын  ойдырып  жүріп  еңкейіп  егін 
салғанында  маңдайынан  аққан  ащы  тері  сіңген  өңірі  мен  өлкесі. 
Отанда  белгілі  баға  жоқ.  Оның  өрбір  бөлшек  жерін  ат  басындай 
алтынға  айырбастауға  болмайды.  Өйткені,  Отан  —  тек  бүгінгі  тірі 
жүргендердің  ғана  емес,  сонымен  қатар  келер  үрпақ,  болашақ 
буындардың да туғанында түғыры, өскенінде  өрісі!  Біздің өткен  Үлы 
Отан соғысында жан-төнімізден де жақын болып  кеткен  «Отан үшін» 
үранымыз  осы  айтылғандардың  жиынтығынан  туған  қорғасындай
100

қорытылған  қасиетті  соз  болатын.  Сондай-ақ,  біз -«Отан  үшін» деген 
үранымызға  «Сталин  үшін»  деген  сөзді  де  қосатынбыз.  Себебі,  біз  -  
Үлы Отанымыздың тәуелсіздігімен  қоса,  сол Отанымызда орнатылып 
жатқан  Кеңестік  Социалистік  қоғам  қүрлысын  да  қорғадық.  Ал,  ол 
қүрылыс  туралы  біздің  ес  біліп,  етек  жапқалы  санамызға  сіңірген 
үғымымыз «Үлы Октябрь Революциясын жасаған жүмысшы табының 
төгілген  қаны  мен  қаһармандык  қайратын  жүмсап  алып  беріп  кеткен 
аяулы  мүрасы»  деген  үғым  еді.  Сол  революцияшыл  жүмысшы 
табының үйымдастырушы  үйытқысы болған Ленин  паргиясының ісін 
ілгері  дамытып,  Марксизм-Ленинизм  туын  биік  көтеріп  отырған 
Комунистік  партияның  Лениндік  Орталық  Комитеті  сеніп  бүкіл 
еліміздің тізгінін  үстатып  отырған  адамы  Сталинді  біз -  бүкіл  еліміз 
бен  паргияның  ар-ожданы  деп  үғатынбыз.  Сондықган  да  «Сталин 
үшін!» деген  үранымыздың  мағынасы  «Ленин партиясы үшін!» деген 
сөз  еді.  Ол  кезде  идеологиялық  аппарат  мықты  болатын.  Барлық 
идеология Кеңес Өкіметінің әділ саясаты дегенге саятын.
Осы  үрандарды  алтындай  ардақгап  шабуылға  шыққан  сайын 
аузынан  тастамай  алға  үмтылған  жауынгерлердің  жиырма  миллионы 
сол  соғыста  оз  жандарын  қүрбандыққа  қиғандары  мәлім.  Егер 
солардың  бәрі  тірі  жүріп,  соғыстан  кейінгі  қырық  жыл  ішінде 
әрқайсысы,  орта  есеппен  бес  баладан  өсірген  отбасын  қүрган  болса, 
қазіргі  еуропалык  мемлекеггердің  қайсынан  болсын  сан  жөнінен  ірі, 
мөдениеті  жөнінен  ілгері  жүз  миллионның  тоңірегінде  халқы  бар 
орасан зор мемлекетгердің достастығы болып қосылған болар еді.
Үлы  Отан  соғысындағы  Кеңес  халқының  тарихи  жеңісі  оңай 
болмағандығын осы мысалдан да анық аңғаруға болады.
Сондықтан да біз:
Жеңістің құны тым қымбат,
Миллиондар болған қүрбандық.
Кеңестік біздің сыр, сымбат,
Түғырдан таймай түрғандық. -  
деп толық негізбен айта алатын едік.
Заманның  мәдени-техникалық  дамуының  жеткен  дәрежесіне 
сай,  кол  қүралдарымен  каруланғандарына  қарамастан,  он  сегізінші 
ғасырда өткен қазақ халқының Үлы Отан  соғысында өзінің басталуы, 
аяқгалуы  және  қаталдығы  мен  әділеттілігі  жағынан  Кеңес  халқының 
жоғарыда  көрсетілген  1941-1945  жылдардағы  Үлы  Отан  соғысының 
алдын-ала жасалған үлгі-экскизі сияқты. Демек, онда да бар халықтың 
басын  біріктіріп,  босағасын  бекіткен  үйытқы  оргалық  пен  ерлерді 
жеңіске жетелеген үлттык үрандар болған.
101

Қазақ  халқының  басын  қосып  бір  хандыққа  қайтадан  құрауда 
ұйытқы  болған,  әрине,  кеңестік  кезендегідей,  қазіргі  уақыттағыдай 
саяси 
партия 
емес, 
рулық 
патриархалдық 
қоғамның 
өз 
заңдылықтарына  сай  —  рубасылар,  халық  билері  мен  халық 
батырларының  бәтуалы  бірлігі  болды.  Олар  «бөлінгенді  бөрі  жейді, 
жарылғанды  жау  алады»  дейтін  хшіықтық  қағиданы  негізге  алып 
қазақтың  барлық  ру-тайпаларын  Абылайдың  ақ  туының  астына 
жиналуға шақырды.  Содан бері үш  ғасыр уақыт өткеніне  қарамастан, 
есімдері  ескірмей  ел  есінде  сақталып  келе  жатыр.  Мысалы,  халық 
батырларынан  Қабанбай  мен  Бөгенбай,  халық билерінен Төле  би  мен 
Қаздауысты Қазыбек және т.б.
Ал енді сол қазақгардың ұлт болып ұласуы мен жауынгер болып 
жорыққа  аттанғандағы  ұрандары  кандай  еді  дегенге  келейік.  Бұл 
арада  есте ұстайтын  бір ақиқат — революциядан  бұрынғы  қазақтар да 
өзінің ұранынсыз бірде-бір ру-тайпалардың болмағандығы. Тайпа мен 
тайпа, ру мен  ру арасындағы  жанжалдарда ғана емес, тіпті аталар мен 
ауылдар  арасындағы  ұсақ  үрыс-қағыстарда  да,  аттардың  бәйгесінде 
де,  палуандардың  күресінде  де,  ақындардың  айтысында  да  айқайлап 
үран  шақыратын  қазақтардың  ар-намысын  оятып,  оларды  атқа 
қондыратын  күші  қаінаннан  бері  қашаннан  бері  қалыптасып  келе 
жатқан  үрандары  екеніне  көз  жеткізетін  күмәнсіз  факт.  Сондай  ру- 
тайпа  үрандарының  біздің  түсымызға  дейін  сақталып  келген 
саркыншақтарын 
жинап 
профессор 
С.Аманжолов 
өзінің 
«Диалектология  казахского языка» деген  ғылыми  еңбегінде жариялап
кеткені де мәлім.
Біз сол  көп  ру-тайпалық үрандардың барлығының бабасы есепті 
бүкіл  үлт  намысын  оятатын  ортақ  ұрандарға  ғана токталмақпыз.  Сол 
үрандардың алғашкысы  — «Алаш».  XX  ғасырдың алғашқы  ширегінде
қазақ  үлтжандыларынын  үйымын  «Алашорда»  деп  атағандыктарына
байланысты  кеңестік  идеология  бойынша  «Алаш»  деген  сөз 
жиренішті  болып  естілетін  болды.  Бірақ тарих  шындығына жүгінетін 
болсақ,  бүл  сөз  сол  зиялылардың  өз  жандарынан  ойлап  тапкандары 
емес, осы  ежелден  келе  жатқан  ескі  ұран  арқылы  бүкіл  казақ  халқын 
топтастырмақ  болған  ойлары  еді.  Жаңа  заман  тудырған  жаңа 
жағдайлар мен саяси ахуалға орай олардың арманы жүзеге асырылмай 
қалғаны  да  мөлім.  Сондыктан  Алашордашылар  армандап  кеткен, 
қазақ  тарихында  өшпес  із  қалдырған  «Алаш»  үранын  орынсыз 
жаладан  тазартып,  өзінің  тарихтағы  қоймасына  қайтадан  қоюымыз 
керек.  Өйткені,  ол  бүгінгі  біздің  ойлап  тапкан  сөзіміз  емес,  бүрынғы 
бабалардың  бастарын  қосып,  береке-бірлікке  келіп,  үлт  болып
102

ұйымдасуында  ұстанған  ұраны,  бүгінгі  ұғыммен  айтсақ  — идеялық 
құралы болған сөз.
«Алаш-Алаш  болғанда,  Алаша  хан  болғанда»  дейтін  ежелден 
келе  жатқан  ескі  аңыздың  ізіне  түсіп  індетпек  болсақ,  Сонау  орта 
ғасырда қазақ елін Жошы ханның билеп түрған түсына дейін барамыз. 
Өйткені,  «Алаша»  мен  «Алаң»  сол  тұста  дүниеге  келген  сөздер.  Бүл 
арадағы  «Алаша»  бүгінгі  тіліміздегі  — «аласы»,  «алаң»  бересі,  яғни 
тарих деректерінде жазылуы бойынша орысша айтсақ, «данник» деген 
сияқты  сөздер.  Осы  сөздердің  материалдық  мағынасына  тереңірек 
түсіну  үшін  арифметика  тіліне  айналдырсақ,  «аласы»  -   «делитель», 
«алаңы» —
 «делимое»  деген  мағына береді.  Орта ғасырлар тарихынан 
кездестіретін  «аланы»  дейтіндер  қазақ  тіліндегі 
«аландар»,  яғни 
алым-салық  беретіндер де,  «татарские  баскаки»  дейтіндер  әлгі  алым 
төлейтіндердің  басына  түскен  «хақыны»  жинаушылар.  Бүл  арадағы 
«басхақы»  орысша айтқанда «подушная  подать»  деген  сөз.  Осындай 
«басхақы»  төлейтіндер  сонау  УП-ҮШ  ғасырларда  қазіргі  Корея 
жерінде де болған.  Олар сол түстағы қытай жазбаларында  «хахо» деп 
аталған.  Сол  «хахолар» 
«тегіндерге»  тегін  жүмыс  істеп  беруге 
міндетгі болған.
Осы  айтылғандардан  көріп  отығандарымыздай,  қазақтардың 
«Алаш-алаш  болғанда,  Алаша  хан  болғанда»  дейтін  аңыз  сөздері  -  
әрісі Түрік қағандары  , берісі -  Моғал хандары билеп түрған түстарда 
жаулап  алған  елдерінен — «аласы»  болып, үстемдік еткен  замандарын 
дөріптеп сағьшатындықтарын білдіретін арман сөзі екені ағцарылады.
Қазақ  ру-тайпаларының  ауыз  шежірелерін  жинап  түңғыш  рет 
кітап  етіп  бастырған  Шәкәрім  Қүдайбердіұлының  «алаш»  -   «Отан

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод
transactions -> Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет