Тәңірберген Қалилаханов



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата14.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ш&зуфф
Осы  мәселенің  оңы  мен  солын  ажыратып  алу  үшін  сол 
замандағы  қазақтардың тағдыры  мен  тағдырлары  үксас  бүгінгі  Араб 
елдерінің  біреуінің  басынан  таяудағы  өткен  оқиғаны  мысалға 
алайықшы.  Ол — қазіргі  Араб  елдерінің  іргелі  де  ірі  мемлекеттерінің 
бірі — Египет.  1970  жылы осы  Египеттің жеріне  ежелден  арабтардың 
ата  жауы 
болып 
келе 
жатқан  Израиль 
басып 
кірді. 
Сол 
басқыншыларға  қарсы  қарулы  күш  жүмсап,  жаудың  жорығына 
тойтарыс  берген  Президент  Насер  өлген  соң  Египетгің  Президенті 
болған  Саадат  елгі  басқыншыларға  тойтарыс  беру  ісін  одан  әрі 
жалғастырып,  өз  жерін  жау  табаны  астынан  босатып  алудың  орнына 
Америка  Құрама  Штаттарының  Президенті  Картердің  империалистік
саясатының  тұзағына  түсіп,  өз  елінің  басты  жауы  Израиль  әкімі 
Бегинмен  ауыз  жаласып  бітімге  келіскен  болды.  Бірақ  Египет 
халқының үлттық мүддесі шешілмей қалды. Оның үстіне басып кірген 
жау  бүрын  біреу  болса,  енді  -   екеу  болып,  Израиль  әскерилерімен
66

бірге қоса Америка Құрама Штаттарының өскерилері де  келіп Египет 
жерінің бір бөлігін басып алып,  бүкіл Таяу Шығыс елдеріне қысымын 
төккен  соғыс плацдарымына айналдырып  алды.  Сөйтіп, «Кемп-Девид 
келісіміне» қол қойған Саадат Египет халқының Израильге қарсы үлт- 
азатгық  күресін  күшейте  беру  мүмкіндігінен  айырып,  өз  халқына өзі 
қолбайлау  болды.  Осылай  амалын  асырған  Америка  империалистері 
агрессияшыл  Израильдің  ендігі  кезекте  сол  Египеттің  жақын 
кершілері  Палестина  арабтарын  ата-мекенінен  мүлде  бостырып 
жіберіп,  ливандыктарды  қырып-жоюға  айтақтады.  Мүның  езі 
Египеттің  азаттық  сүйгіш  адамдарының  ар-намысын  оятты.  Олар  —
 
Египетті  Израиль  мен  Америка  имперализміне 
төуелді  еткен 
Саадатты  өз  Отанының  мүддесін  сатқан  мемлекеттік  қылмыскер деп 
санап, ақыры Саадатты өз қолдарымен өлтірді.
XVIII  ғасырда  Әбілхайыр  ханды  өз  қолдарымен  өлтірген 
казактардың  жағдайлары  да  осы  XX  ғасырдағы  Египет  арабтарының
жағдайларына  үқсас  еді.  Өйткені,  Израиль  соғысқүмарлары  келіп 
Египет  жерінің  бір  белігін  басып  алып  жатқан  түста  ез  басының 
«тыныштығын» 
көздеп 
американ 
империализмінің 
қолтығына
тығылған  Саадат  сияқгы,  Әбілхайыр  да  «Соңқар»  соғысқүмарлары 
келіп қазақ жерінің ортасын ойып алып жатқан түста хандықгың емес, 
қара  басының  камы  үшін  орыс  императрицасының  етегінің  астына
барып тығылған еді.
Осы  арада  дипломатиялық  амал-айланың  астында  кеміліп 
қалған,  сырт  көзге  көріне  бермейтін  бір  сырдың  бетінде  аша  кету 
қажет.  Төбелесіп  жатқан  адамдардың  арасына  түсіп  «арашашы» 
болған  адамдар  қашанда  «қайырымды»  болып  керінеді.  Бірақ,  сол 
«арашашылардың»  ішінде  адалдары  да,  арамзалары  да  болады. 
Арамза  «арашашы»  төбелесіп  жатқан  екі  адамның  арасына  түсіп
«арашалаған»  болып  жүріп,  жат  көрген  адамның  қолынан  үстап 
жібермей кояды да, оны жақын көрген адамына үрғызып алады.
Саадаттың  колын  байлаған  Картер  де  Әбілхайырдың  қолын 
байлаған Анна да осы арамза «арашашылар» болды. Өйткені, олардың 
бірі Египетке жаны ашыған болып, оның президентінің қолынан үстап 
жібермей  қойып  арабтарды  еврейлерге  үрғызса,  екіншісі,  қазаққа 
жаны  ашыған  болып,  оның  ханы  Әбілхайырды  қос  қолынан  үстап
жібермей койып, қазақгарды қалмақтарға ұрғызды.
Патша  үкіметінің  бүл  арамзалығы  Әбілхайыр  ханды  алдап- 
арбап  торға  түсіріп  алу  саясатынан  басталған-ды.  Атап  аитқанда 
Шығыс тілдерінің  тілмашы  больтп  кызмет  істейтін  башқүрт  генерал- 
майор Төуекеловты  Әбілхайыр ханға аттандырғанда оған бір емес, екі
пакет  тапсырылды.  Оның  біріншісінде  Әбілхайыр  ханның  Орыс
67

императрицасы  Анна  Иоанновнаның  адал  «боданы  болдым»  деген 
«Ант» қағазы жатты. Бұл Антқа қол қойғызу рәсімін салтанатты түрде 
өткізу  үшін  бірнеше  өгіздер  сойғызып,  рәсімге  келген  билер  мен  ру 
басыларын  күшті  шараптарға  тойғызып  көңілдерін  алған  соң  ғана 
пакетті  ашып,  «Антқа»  жүрт  көзінше  Әбілхайырға  қол  қойдыр деген 
Тәуекеловке  нүсқау  берілді.  Төуекелов  солай  істеді  де.  Бүл  «Ант» 
парағында  —  «патшаның  қамқорлығы  мен  қорғауына  алуына  разы 
болып,  өз  ықгиярыммен  оның  подданы  болып  қол  астына  кіргенімді 
растап  «Ант»  беремін»,  деген  сияқты  церемониалды  сөздерден  басқа 
патшаның  Әбілхайырға  артатын  ауыр  жүктері  туралы  еш  нәрсе 
айтылмаған  еді.  Сондықтан  да  Әбілхайыр  да,  рәсімде  болған  қазақ 
билері  мен  ру  басылары  да  «патша  бізді  қамқорлығына  алып, 
қорғағаннан  басқа  еш  нөрсе  талап  етпейді  екен  ғой»  десіп  мәз 
болысып  калды.  Ант  пен  уағдаға  күдайдай  сеніп  дағдыланған  аңкау 
қазақтар «Антгың» артында азабы бар екенін біпмеді. Хан мен төренің 
сөздерін  қүдайдың  қүдіретіндей  көретін  уағдашыл  қазақгар  «Ақ 
патшаның  уағдасы»  дегенде  Аннаның  сөздерін  алланың  әміріндей 
көріп сеніп тарасты.
Патша  үкіметінің  арамзалығы  артынан  ашылды.  «Ант»  листіне 
қол  қойдырып,  тиісті  документтерін  патша  үкіметіне  жіберіп  болған 
соң ғана,  Тәуекелов екінші  пакетгі  ашты.  Онда өзіне ант беріп  бодан 
болған  бағынышты  адамы  — қазақ  ханы  Әбілхайырға  патша  үкіметі 
атынан  ауыр  міндеттер  жазылған  бүйрық  қағаздар  бар  еді.  Атап 
айтқанда,  орыс  патшасының  «подданствосындағы»  башкұрттар 
сияқты, қазактар да жасақ беріп,  салық төлеп, патшаға қызмет істеуге 
міндетті  екені  айтылған  еді.  Қолына  осы  бұйрық  қағаздар  тигенде 
ғана  Әбілхайыр  қақпанға  түсіп  қалғанын  бірақ  сезіп,  бармағын 
шайнады.  Бірақ,  бүлқынғанмен  бүғаудан  шыға  алмасын  да  аңғарды. 
«Написанного  пером,  не  отрубишь  топором»  дейтін  орыс  мәтелін 
келтіре отырып, Тәуекелов: «өзіңіз қол қойып берген «ант» қағазыңыз 
Анна  патшаның  алдында  жатыр.  Патшаның  подцаны  болған  екенсіз, 
оның әмірін екі етуге хақыңыз жоқ», -  деді.
Осылай,  Тәуекеловтың алдауына түсіп тәуелсіздігінен  айрылып 
қалған  Әбілхайыр  хан  Анна  патшаның  әмірін  орындамақ  болып  еді, 
оған  халық  басын  қайырып  ала  алмады.  Өйткені,  қара  халық  — 
қазақтар  үшін  Ақ  патшаның  армиясына  солдат  болып  барудан  гөрі 
Ата  мекен  -   алтын  бесіктерін  басып  алған  қалмақтармен  қырқысып 
кан  майданда  қаза  табу  артық  еді.  Осыдан  барып  ханды  қадірлемеу 
бүйрық-жарлықтарына  бағынбау,  қалаберді  халық  мүддесін  сатқан 
«хан  емес,  қарақшы»  деген  қазақ  қауымы  ханнан  арасын  алшақтата 
бастады.  Сөйткен  қара  халық  тарапынан  ханның  өміріне  қауіп  төне
68

бастаған түсында патша үкіметі Жайық өзенінің жағасынан жай салып 
беріп,  Әбілхайыр  ханды  өз  әскерімен  күзеттіріп  қойды.  Мүның  аты 
бүгінгі сөзбен айтсақ  «домашний арест» еді.
Мүның  өзі  қазактарға  аса  ауыр  тиді.  Өйткені  казақтар  хан 
сайлап  алып  жасақгар  жинауға  кірісейік  десе,  Әбілхайыр  хан  тірі 
отыр.  Хан  деген  аты  бар  ғой,  халық  күресін  соған  бастатайық  десе, 
Әбілхайырдың өзі  патшаның  қамалында қамауда  отыр.  Өз  халкының 
билеушісі  емес,  баска  патшаның  бағыныштысы  болып  қалғандыктан 
хан  болып  казакгарды  да  басқара  алмайды,  кара  болып  тағынан  да 
таймайды.  Өлген  бүзауының  терісіне  қарап  мөңіреген  сиырдай, 
ханнан қайырым күткен қара халықтың үміті  қараң қалды. Қасиетінен 
айрылған  Хан  Ордасы  шаңырағы  ортасына түсіп,  қаусап  қалған  қара 
лашыққа  айналды.  Сөйтіп  бассыз  да,  басқарусыз  да  қалған  қазактар 
«баска  үрған  балықтай»  тулады.  Олардың  бастарын  біріктіріп, 
қайратын  қайрап,  жігерін  жанып,  жерінен  куған  жау  қалмақтарға 
қарсы  жүмылдыратын  да  жүмсайтында  орталык  үйытқы  болмай
калды.
Осы  бір  қазақтың  басына түскен  қатерлі  сарсаң  Әбілхайырдың 
Аннаға  ант  берген  жылы  1731  жыл  мен  оны  Барақ  сүлтан  өлтірген 
жыл  1748  жылдар  арасындағы  17  жылға  созылды.  Қазақ  халкының 
«Ақтабан  шүбырындыда»  ауыр  азап  көрген  түсы да осы жылдардың 
іші.  Осындай  халге  түскен  қазақгардың  ханын  өзіне  қаратып, 
«халкына  қамқор  болам,  жат  елдің  жаулап  алуынан  қорғаймын»  деп 
Әбілхайырдан  ант  алғанда  берген  уағдасын  Анна  да  үмытып,  қазақ 
хандығының  алтындарын  қолға түсіріп  алған  соң,  халқына  қайырым 
жасап,  қалмактармен  қарсыласып  жүрген  үсақ-үсак  рулардың 
жауынгер  жасактарына  үйыткы  болатындай,  ең  болмаса  бір  полк 
әскер  бермеді.  Ақ  патша  «арамза  арашашы»  болып  казактардың
қолын байлап қалмактарға үрғызды дейтініміз осыдан.
Орыс  императрицасы  Анна  Иоанновнаға  Әбілхаиыр  ханның 
«Ант»  беруі  мүң-ақ  екен,  қазақ  пен  орыс  халыктары  қосылып 
қүшактасты да кетті деп  жүрген кеңестік дәуірдегі тарихшылар тарих 
шындығының  осындай  шытырмандарын  білмеді,  білсе  — «орысшыл» 
«интернационалшыл» болып көрінуі үшін өдейі бүркемелеп халыктың 
көзін  бояды.  Содан  барып  «болмағанды  болды»  деп  өтірік  аитатын 
кітаптар жазьш,  біздің осы дөуірде  қолымыз жетіп  отырған  казак пен 
орыс 
халыктарының 
интернационалдық 
достығын 
сонау 
«империапистік  дөуірдің  беріп  кеткен  жемісі  еді»  деп  уағыздады. 
Сөйтіп, «орысшыл» болудың жөні осы екен деп ақ патшаны ардақтап, 
ханды  қастерлеп  кітап  жазғандар  халықтық  позициядан  қашыктап, 
шындық  түғырынан  тайғанады.  Атап  айтқанда,  казак  халқының
69

«Актабан  шұбырынды»  босқындығына ұшырауына  сол тұстағы  орыс
императрицасы  Анна  Иоановна  мен  оның  ұкімет  басында  отырған 
чиновниктерінің  қатысы  болғанымен  оған  орыс  халқының  ешқандай
да  қатысы  жоқ еді.  Өйткені,  «басқа халықгарды  қанаған  мемлекеттің 
өз халқы  да  азат бола  алмайды»  деп  Ленин  айтқандай,  ол тұста орыс 
халқының өзі де қанау мен қамауда еді.  Сондықган да қазақ пен орыс 
халықгарының 
қазіргі 
интернационалдық 
достығын 
тарих 
шындығынан  қашықгатып,  кайдағы  бір  хандар  мен  патшалардың 
қайрымдылығынан 
басталып 
еді 
дейтін 
бопсалауларға 
бой
алдырмауға болмайды. 

ь;
Осы  арадй  «Ант»  деген  сөздің  мән-мағынасына  көз  жіберіп 
көрелікші.  Тегінде  антты  беретін  кім,  алатын  кім?  Ант  беру  қашанда
бағыныштылық  пен  тәуелділіктің  белгісі  де,  ант  алу  бағындырушы 
мен  үстемдіктің  үлесі  емес  пе  еді?  Терезесі  тең  достар  бір-біріне 
«адалдығы»  үшін  болмаса,  «анттаса»  қалған  күнде  де  адамгершілік 
сеніммен  ауызша анттасқан.  Олардың анттары Әбілхайырдың Аннаға 
берген  антындай,  хатқа  түсіріліп,  қағазға тігілмеген.  Демек,  ауызбен 
айтылған  анттың  алдында  адамгершілік  пен  сенім  тұрса,  қағазға 
түсірілген  анттың  артында  арамзалық  пен  сенбеушілік  жатыр. 
Осының 
өзінен-ақ 
Әбілхайыр 
мен 
Анна 
ант 
беріп, 
ант 
алысқандарында 
олардың 
арасында  тең 
праволы 
достықтың 
болмағанын, 
Қазақ 
хандығының  дербестігі 
мен  тәуелсіздігін 
жоғалтып, 
Аннаға 
ант 
берген 
Әбілхайырдың 
кемдік 
пен 
бағыныштылыққа  барғанын,  онысын  «Ант»  қағазына  қол  қойып 
заңдастырғанынан көру қиын емес.
Әбілхайыр  ханның  аталған  «Антын»  асыра  бағалайтындар  сол 
кемдікті  «кемдік  еді  демей,  теңдік»  дегісі  келді.  Сөйтіп  тарихты 
бүрмалап,  халықгы  алдады.  «Үлы  орыс  халқы»  мен  қазак  халқының 
бүгінгі  достығы  мен  бірлігі  бұрынан-ақ бар  еді-міс деп,  кейінгі  кезде 
ғана  қолымыз  жетіп  отырған  ұлттар  теңдігін  имперализм  дәуірінен 
қалған  мүра  қып  көрсетпекші  болды.  Сөйтіп,  Әбілхайырдың  «Ант» 
азабынан  айыға  алмай,  кемдікте  болған  имперализм  дәуіріндегі 
қазақгардың  халін  тең  праволы  халықтардың  ешқандай  антсыз-ақ
ерікті  одағына  қосылып  отырған  бүгінгі  қазақгардың  халімен  қатар 
қойды  да,  әр  замакның  өзіне  ғана төн  өлшемдері  болатынын,  үлттар 
достығы  мәселесіне  келгенде  имперализм  мен  демократияның  арасы 
жер мен көктей алшақ жатқанын аңғармады.  «Бөліп ал да,  билей бер» 
дейтін  принциппен  бір  үлтгы  екінші  үлтқа  қарсы  айтақгап,  үлттар 
арасындағы  араздық  пен  өшпенділікті  өршіту  есебінен  күн  көретін 
имперализм  мен  барлық  үлггардың  татулығы  мен  достығына 
сүйенетін  демократияның  аралары  алшақ  қана  емес,  бір-біріне  мүлде
70

үксамаитын  қарама-қарсы  түрған  күрылыстар екенін  естен  шығарды. 
Сөйтіп, жаңа заманның жарық дүниеге келуінің арғы жағында жатқан 
екі  ғасырлық  ауыр  да  азапты  жолдарды  аттап  өтіп,  Әбілхайырдың 
Аннаға  берген  «Антымен»  имперализм  заманында-ақ  қазақтарды 
орыстармен 
қауыштырып, 
солар 
арқылы 
қалмақтардың 
басқыншылығынан  «азат»  етіп  қойды.  «Орысшыл»  болудың да орны 
бар емес пе? Осынша алдамшы болу не үіиін қажет еді?
Сонымен,  Әбілхайырдың  Аннаға  «Ант»  беруі  мен  тағынан 
тайдырылғанға дейінгі  аралык қазактар үшін  қайғы,  қасірет жылдары 
болуымен  катар  олардың  қайта  туып,  қайрат-жігерін  шыңдаған 
жылдары  да  болды.  Бүл  жылдарда  туған  жас  балалардың  алды 
жиырмаға,  арты  он  жеті,  он  сегізге  келген  жігіттер  болып  өсті.  Олар, 
Атамекен -Алтын  бесігінен ауған ата-аналарының, аға-бауырларының 
ауыр азаптарын, көз жастарын көріп, ашулы армандарын арқалап өсті. 
«Ит  -   тойған  жеріне,  Ер  — туған  жеріне»  дейтін  мөтел  сияқты  өткір 
сөздер, олардың намысына тиіп өзегін өртеді, қазақ жерін басып алған 
қалмақтарға өшпенділігін өршітті. Сөйтіп, «ар» жолына бас тігіп, «ата 
қүнын»  алуға  аттанбақ  алдыңғы  толқын  ағалардың  жауынгер 
жасактарына  артқы  толкын  інілер  есебінен  жас  күштер  келіп 
қосылды.  Ханның  қамымен  емес  халықтың  қалауымен  қүралған 
мүндай  жасақтар  алдымен  Орта  жүз  ру-тайпаларының  үлдары 
есебінен толықтырылған  еді,  соңынан  хан  қамауынан  қүтылған  Кіші 
жүздік ру-тайпалардың азаттық сүйгіш  азаматтары да келіп  қосылды. 
Мысалы,  Әбілхайыр  ханды  өлтіріп  келген  Барақ  сүлтанмен  бірге 
көшіп  келген  Кіші  жүз  казақтарының өзі  үш  мың түтшнен  астам  еді. 
Бүдан соң да келіп жатқан ер-азаматгар аз болмады.
Сөйтіп,  ханның  қамауынан  қүтылған  қазақтар  бүғаудан 
босанған  батырдай,  түсаудан  босанған  түлпардай,  күлшынып,  халык 
қамы  үшін  қас  жауларымен  қайтпай  күресуге  әзір  біртүтас  армияға
айналды.
«Актабан  шүбырынды»  боскынында  тоз-тоз  болып,  торғайдай 
іріген  қазактың  ру-тайпаларының  бастарын  біріктіріп,  ортақ  іске
үйымдастырып,  олардың  жауынгер  жасақтарын  жеңіске  жетелеи 
білген  ел  үйтқысы 
болған  басшылар  да  бүл  жолы  хан  сайлаған 
«қасиеттілерден»  емес,  халық  азаттығы  үшін  қан  майданда  қанын 
төккен 
«кара» 
казактардан 
шыкты. 
Солардың 
ішінде 
қазақ 
жастарының  Басқолбасшысы  Қабанбаи  мен  Бөгенбаи  батырлардың, 
Жөнібек  тархан  мен  Төле  би  секілді  халык  көсемдерінің  есімдері
мөңгі үмтылмай ел есінде сақталып қалғандығы белплі.
Сол қазактардың қалмақ басқыншыларына қайыра соккы берген 
түсы  1740  жылдардың  соңы  мен  1750  жылдың  алғашқы  жартысы.
71

Атап  айтқанда,  он  жылға  жуық  тынбастан  жүргізілген  қырғын 
үрыстардың  нөтижесінде  қалмақтарды  толық  жеңіп,  қазақтардың 
өздерінің  ата-мекен,  алтын-бесігі  Арқа  мен  Жетісуды  қайтарып 
алғаны  1755  жыл!  Бүл  дата  қазақ  тарихында  жазылмай,  халықтың 
ауызша  шежірелерінде  анық  айтылмағанымен,  орыс  патшаларының 
архивтерінде 
бар. 
Атап 
айтқанда  орыстың  Аннадан 
кейінгі 
императрицасы Елизавета Петровнаның  1755  жылғы  бір Жарлығында 
қазақтардың  қалмақтарды  жеңгені,  қалмақтардың  миллион  адамын 
түтқындаған  Абылайдың  кеудесін  керіп  жүргені  айтылып,  «оны  да 
зиянсыздандыруға  болмас  па  екен»  деп  жазған.  Демек,  «Ақтабан 
шүбырынды»  заманында  қазактардың  үлт-азаттық  күресінде  жеңіске 
жетіп,  өз  Отанын  «соңқар»  басқыншыларынан  азат  еткеніне  2010 
жылы 255  жыл болады екен. Қарап отырсақ, осыдан екі  жарым ғасыр 
бүрын өзге елдің үлтаны  болудан  аман алып  қалған  бабаларымыздың 
алып берген азаттығының 255  жылдығы алдымен патшалық Ресейдің, 
қала  берді  Кеңес  өкіметінің  боданы  болып  келген  қазақ  елінің 
тәуелсіздігін  алып  берген,  қазақ  халқының  маңдайына  біткен  алып 
саясаткері Елбасымыз Нүрсүлтан Назарбаевтың мерейтойымен сәйкес 
келуі де тағдырдың өзі түйістірген  межесі  іспетті. Мүндай мерейлі де 
арайлы, айшықты тойды неге тойламасқа?
Осы  арада  Абылай  тақырыбына  да  аз  тоқгалып  өту  қажет. 
Өйткені,  қазақ халқының қалмақ басқыншыларына қарсы үлт-азатгық 
күресін  басқарып,  жеңіске  жеткен  адам  Әбілхайыр  емес,  басқа  да 
емес,  Абылай  екенін  анықгап  берген  тарихи  документке  қол  қойған 
адам  жай  ғана  чиновниктердің  бірі  емес,  императрица  Елизавета 
Петровна  екенін  оның  жоғарыда  келтірілген  Жарлығынан  оқыдық. 
Ендеше  Абылайдың  сол үлкен  табысына  қуанып,  оны  қүтгықтаудың 
орнына  Елизаветаның  «Нельзя  ли  обезвредить  его»  деп  өзінің 
бағынышты  адамдарына  «астыртын  нүсқау»  беретіні  қалай?  Сондай- 
ақ қазақтардың өзі хан көтеріп, оның басшылығына бағынған соң ғана 
қалмақтарды  өз  жерлерінен  қуып  шыққанын  біліп  отырса  да, 
императрицаның  осы  Жарлығында  басқа  да  Абылайға  қатысы  бар 
қағаздарында  Абылайды  «хан»  деп  атамай,  үнемі  «сүлтан»  деп 
атайтын  себебі  неде?  Бүл  арада  баяғы  империалистік  арамза 
саясаттың салқыны жатыр.
Әбілхайыр  хан  өлтірілген  соң  хансыз  қалып  қармағынан 
сытылып  шығып  бара  жатқан  еркіндік  сүйгіш  «асау»  қазактарды 
«түсаулап»  үстау  керек  болды.  Қашаннан  бері  хандарға  бағынышты 
болып әдеттенген  қазақтарға «түсау»  болатын  да тек хандар  еді.  Хан 
болғанда да кім болса,  сол емес,  «ант»  беріп  бағынған  Әбілхайыр хан 
секілді  патша  үкіметінің  айтқанына  көніп,  айдауына  жүретін
72

«қуыршак  хан»  керек  еді.  Қазақгардың  өздері  қалап  хан  көтерген 
адамы  Абылай  мүндай  «куыршак  хан»  болмай  шықты.  Ол  патша 
үкіметінің  сыйға тартқан  алтын  кынапты  қылышы,  бүлғын  ішігі  мен 
қара  түлкі  тымағын  қабылдамады.  Сонысымен  Әбірқайыр  басқан 
«қакпанға»  ол  да  аяғын  басқысы  келмейтінін  аңғартты.  Осы 
«асаулығы»  үшін  патша  үкіметі  қазақтың  өзі  сайлаған  Абылайды 
қасақана хан деп атамай, «Абылай-сүлтан» деп атауды жөн деп тапты. 
Сонымен  қатар  «оны  зиянсыздандыруға  болмас  па  екен»  деп,  амалы 
табылса  Абылайдың  өміріне  кастандық  жасау  мәселесін  де 
қарастырды.
Осындай жағдайда паггша үкіметі бүрын Кіші жүз қазақтарының 
ханы  болып  түрып  өлтірілген  Әбілқайырдың  үлы  Нүралыны  хан 
қоймак  болды.  Бірақ  оны  қазақтар  қабылдамай  қойған  соң,  көптің 
көзінен  жасырып,  Нүралының  жақын-жамбайларынан  жиылған  он
шақты  адамдардың  қатысуымен  ғана  есігі  жаоулы,  түндіп  түсірулі 
үйдің  ішінде  отырып  Нүралыны  хан  койды.  Онда  да  «Кіші  жүздің 
ханы» болуға ғана қүкығы бар Нүралыны патша үкіметі «жалпы қазақ 
ханы»  деп  жариялады.  Сөйтіп  казақ  халқының  хан  сайлауына халык
болып  қатысатын  ежелгі  демократиялык  ережесі  бүзылып,  патша 
үкіметінін  қағаз-қаламымен  тарихта  түңғыш  рет  Нүралы  хан  болып 
тағайындалды.  Бірақ  оған  казақтар  бүрынғысынша  бағынбады.
Абылайдың артынан ерді.
Патша  үкіметі  Нүралыны  «қуыршақ 
хан» 
қып  тағайындағанда
оның  үтпак  болған  үпайы  — «Қазақ  бізге  бағынышты  халық.  Оның 
хандарын  біз  тағайындап,  біз  босатамыз»  дегенді  көрсететін  саяси- 
дипломатиялық  өдіс  еді.  Әйтпесе  патша  үкіметі  Нүралының 
хандығынан  басқадай  пайда  көрген  жоқ,  кайта  зиян  шекті.  Атап 
айтканда,  қазақтардан алым-салық жинап патшаға материалдық көмек 
берудің  орнына  өз  күнін  өзі  көре  алмай,  патшаның  қазынасынан 
қаражат  сүрады.  Оның  тілегі  боиынша  жылына  400  сом  ақша  беріп 
түруға  мөжбүр болған  патша үкімеп  тағы  бір арамзалық  істеді.  Атап
айтқанда,  өлгі  400  сомның  200  сомын  ғана  Нүралыға  қасындағы 
жактаушылардың  көзінше  беріп,  калған  200  сомын  касында  ешкім 
жокта  Нүралының  өзіне  үрлап  берілсін  деген  үкімет  үйғарымы 
болған.  Мүның  мөнісі  қазақ  хандарының  олжаны  ортаға  салатын 
ежелгі  дөстүрі  бойынша  Нүралы  өлгі  жүрт  көзінше  алған  200  сомды 
касындағы  жандайшаптарымен  бөлісіп  алуға  тиіс  те,  өзіне  жасырын 
берілген  екі  жүз  сомды  бөліске  салмауға тиіс.  Сөйпп,  өзіне  берілген 
200  сомды  бір  алып,  ана бөліске түскен  200  сомнан тиесі  үлесін тағы 
алып,  касындағыларын  да  карық  қып  күн  көрген  Нүралы  хан  емес, 
карақшыға,  ас  үйден  лактырылған  сүйек-саякты  кеміріп  күн  көрепн
73

ақ  патшаның  босағасына 
байланған  шынжырлы  қара  төбетке 
айналған. Сол тұстағы қазақтардың:
«Ай Нұрадын, Нұрадын,
Еш болмасын мұрадың...
деп қарғайтыны осыдан болса керек, сірә.
Осының бәрі  ойдан  шығарылған жала емес.  XVIII ғасырда өмір 
сүрген  орыс  императрицаларының  жарлықгары  мен  бүйрықгары 
сақталған  архивтерде  бар  қүжатты  деректер.  Сол  архивтерде  «казақ 
ханы» деп «Указ» жариялағанына қарамастан, өкесі  Әбілхайыр ханды 
өлтірген  Барақ  сүлтаннан  кек  алуға  өскер  сұраған  Нүралының 
өтінішін  қабылдамай тастаған үкімет шешімі де сақталған.  «Қуыршақ 
хандардың»  осындай  жағдайларын  жасырып,  оларды  «Ақтабан- 
шүбырынды»  заманында  қазақ  халқының  қамқоры,  қол  бастаған 
қайраткері  еді»  деп  кітап  жазып,  кино  шығарып  жүрген  адамдардың 
«ханшыл»  боламыз  деп  жүріп  «халықтық»  позициядан  қашыкгап 
кеткендерін көзге көрсету үшін осы тарихи қүжаттарға тоқгалуға тура
келеді.
Осы архив қүжаторының арасында қазақгардың Абылайды хан 
көтерген  рәсімін  өз  көзімен  көріп,  патша  үкіметіне  хабарлаған  орыс 
чиновнигі 
жазған 
қағаз 
да 
бар. 
Онда 
Нүралыны 
хан 
тағайындағандағыдай  халық  көзінен  жасырын  бір  үйдің  ішінде  ғана 
емес,  кең далада,  ашық аспан  астында жинапған хапық тобы  алдында 
Абылайды  ата-тегі,  қалмақгармен  үрыстарда  көрсеткен  ерліктері, 
ханға  лайық  қабілеті,  ақылдылығы  мен  айла-амал  тапқыштығы 
айтылып  толық  мінездеме  берілгендігі,  жиылған  жүрггың  оны  зор 
құрметпен «хан көтергендігі» айқын жазылған.
Осы арада Абылай кім еді? Ол хандық дәрежеге қандай жолмен 
көтерілді?  деген  сұрақгарға да  қысқа жауап  бере  кету  қажет.  Барлық 
басқа  елдердегі  патшалар  мен  корольдер  сияқгы,  қазақ  халкында  да 
хан  тағына отырудың  екі  жолы  болған.  Оның  біріншісі  -  әке  тағына 
баласы  ие  болып  қалатын  «династиялық»,  қазақ  сөзімен  айтсақ 
«мұрагерлік» жол. Осы жолмен Әбілхайыр хан өлген соң оның тағына 
«мүрагер»  болып отырған хан -  Нүралы.  Ал, екінші жолы -  «қарадан 
шығып хан болу». Осы екінші жолмен — «қарадан шығып хан болған» 
Абылай!  Осы  екеуінің  арасын  ажыратып  алудың  зор  маңызы,  тарихи 
қажетгігі  бар.  Өйткені,  осы  екі  жолдың  арасын  айырып  алу  арқылы 
ғана  біз  сөз  болып  отырған  хандарды  халықгық  тұрғыдан  бағалай 
аламыз.Сонымен Абылай кім еді?
74

«Ей Абылай, сен кім едің?
Тегінді сенің білемін.
Жетісуда жетілген,
Жетімдердің бірі едің!
Сен он-он бір жасыңда,
Түркістанда жүр едің.
Түрымтайдай үл едің.
Үйсіннің Төле биінің,
Түйесін бақкан қүл едің!...»
Бүл  Абылайды  Қазак хандығына  көтерген  ақылшы  ағаларының 
бірі  -   от  ауызды,  орак  тілді  Бүқар  жыраудың  аныктамасы.  Бүл 
сөздерін 
жырау 
Абылайдың 
хан 
болғанынан 
көп 
кейін 
тәккәпарлыкка  салынған  бір  мінезін  үнатпай,  «Аяз  би  өліңді  біл, 
күмырсқа  жолыңды  біл»  деп,  Абылайға  өткеніңді  үмытпа  деген
ниетпен  айткан  сөзі  еді.  Бүқар  жыраудың  осы  анықтамасын  растап, 
сол  Абылайдың  шөбересі  Шокан  Уалихановтың  да  өзінің  «Абылай» 
атты  мақаласында жастай  жетім  қалған  Абылайды  жасырып  ажалдан 
айырып  алып  калған  Үлы  жүздің  «Жақсылық»  дейтін  руының  бір 
адамы  асырап  жеткізгенін  жазған.  Сол  Жақсылық  руының  конысы  — 
бүрын  Қозы-Көрпеш,  Баян-Сүлу  заманындағы  ескі  атымен  атасақ 
«Күреңбел»  еді,  кейін  өзгерген  атымен  атасақ  «Жоны  қар»  болатын. 
Жоңғардың  батыс  бауыры  қазіргі  Алматы  облысы  Ескелді  ауданы 
жаңа  қоңыр  елді  мекені  (  бүрынғы  Талдыкорған  обылысы  Қапал 
ауданының Ильич  атындағы  колхозы) түрған жер.  Ал,  сол Жақсылык 
руынан 
шыққан 
Төле 
бидің  жазғы 
қонысы 
баяғы 
Шоқан
Уалихановтың Қашғария сапарына аттанарында сауда керуеніне келіп
қосылып  шатыр  тігіп  жаткан  жері  «Қара  моланың»  түбіндегі 
бүлактың  басы  болған.  Сөйтіп  тағдырдың  тап  қылуымен,  содан  бір 
ғасыр бүрын  арғы  атасы  Абылайдың Тәле бидің түйесін  бағып өскен
жылдарында  су  ішкен  бүлағынан  Шокан  да  су  ішіп,  Абылайдың 
аунаған  топырағына  Шоқан  да  аунап  түрған.  Сол  бүлақтың  басьгада 
қазір «Жаңа қоңыр» орталығы түр. Атакты «Қара мола» қүлап тозған, 
кадағалап  қараған  адамға  моланың  орнындағы  томпайған  жер 
казірмде  көрінеді.  Сондай-ақ  бүрынғы  «Жақсылық»  руының  кейінп 
үрпактары  да  сол  мекеннен  қол  үзген  жоқ.  Атап  айтқанда  жақсылық 
руынан  тарайтын  аталардың  бірі  «Тасыбайлар»  өлгі  Ескелді 
ауданының  түрғындары  (бүрынғы  Ильич  колхозынын  мүшелері). 
Атакты  акын  Сараның  Жиенқүлдың  қүрығынан  күтылғаннан  кеиін 
түрмысқа  шыкқан  ері  Бекбайдың елі  «Тасыбай» осы  «Жақсылықтың»
тасыбайлары!
75

Осы  келтірілген дәйектерден  Абылайдың хан тағына «мұрагер» 
ретінде  келіп  оп-оңай  отыра  кетпегенін  тұсындағы  үстем  таптың 
табанында  езіліп,  Бүқар  жыраудың  куәлігі  бойынша,  «Төле  бидің 
түйесін  баққан  күл»  болған,  Шоқан  Уалихановтың  жазуы  бойынша, 
«әкесін  өлтірген  жаулардан  жан  сақгап  жат  елде  жасырынып  өскен 
жетім бала» болғанын көреміз. Бүларға халық есінде сақталған есімі —
 
«Сабалақ»  екенін  қоссақ,  ат  жалын  тартып  мініп,  азаматтар  тобына 
алғаш келіп қосылған түсында жаман тонды, жалба тымақты жас жігіт 
болғанын  да  аңғарамыз.  Демек,  сол  «жетімді  де,  жарлы  Сабалақ» 
қалмақ басқыншыларына қарсы  жорықтарға қатысып омырауын оққа 
төсегенде  «хан  болудың  қамы»  емес,  қара  халықгың  қамы  үшін 
басын  бәйгеге  тіккен.  Оның  жауынгерлік  ерліктерінің  куәсі  болған 
туыстастарының  айтуы  бойынша  оған  «Абылай»  деген  ат  Цеценқара 
дейтін  қалмақтың  жекпе-жекке  шыққан  батырын  жеңіп  қайтқан 
жолында  берілген.  Себебі,  басқа  батырлардың  көбі  каймығып 
түрғанын  байқаған  Сабалақ  қазақ  қолының  басшысы  Қабанбайдан 
рүқсат,  «асыраған  өкесі»  Төле  биден  бата  алып  барған  жекпе-жекте 
қалмақгың қара дәуін күлатып, астындағы қара арғымағын жетелеп өз 
тобына оралғанда «Абь.лайлап», өлген әкесі Абылайдың атымен ұран 
шақырған.  Сол  кезде  Сабалақгың  «Абылайлаған!»  ұранын  түсінбей, 
«мүның Абылайы  қай  Абылай?»  -  деп  сұраған қазақ жауынгерлеріне 
Төле би  көптен бері жасырып келген сырын ашып:  «Бұл -  нәсілі төр>е 
Түркістанда  өлген  Абылайдың  жетім  қалған  ұлы  еді,  мұны  да 
өлтірмек болып жатқан жауларынан жасырып алып кетіп куғыншылар 
келсе  танымасын  деп  әдейі  жаман  киім,  жалба  тымақ  кигізіп  өсіріп 
едім.  Енді  мұны  ешкімнен  жасыра  алмаймын.  «Алтын  кездік  қап 
түбінде  жатпайды»  деген.  Бүл  бүгін  өзінің  түлпардың  тұяғы, 
сұңқардың  қияғы  екенін  танытты.  «Абылайлап»  ұран  сапып  өлген 
әкесін тірілтгі.  «Өлгенің тірілді,  өшкенің жанды»  деген осы.  Бұл  енді 
Сабалақ емес, Абылай сұлтан », — деп таныстырған еді.
«Жер  қозғалса  төбеге  тоқгайды,  ел  қозғалса  төреге  тоқгайды» 
дейтін  қазақтар  Абылайды  ақыры  хан  көтеріп  тынғаны  мәлім. 
Абылайды  «қарадан  шығып  хан  болған»  дейтініміз  осыдан.  Халық 
басына 
қара  бүлт  төнген 
тұстарында 
оның 
кауіп-қатерінен 
қаймықпай,  халық  қамы  үшін  қара  басын  бөйгеге  тігіп  ерлігімен  ел 
көзіне  көрінген  талантымен  танылған  үлдарын  қадірлемейтін  халық 
жоқ.  Қазақтар  сондай  халықтардың  бірі.  «Ерді  кебенек  ішінде  таны» 
дейтін  өзінің  аталы  сөзіне  бағып,  Сабалақгы  «Абылай»  атымен  хан 
көтерген 
қазақгар 
қалмақтармен 
соғысқан 
қырғьш-сүргін 
жылдарында  халық  қамқоры  деп  танып,  қалған  тағдырларының 
билігін  Абылайдың  қолына  сеніп  тапсырған  ғой!  Абылайды
76

бағалағанда  оның  шыққан  тепн  ұнатпаған  ақ  патшаның  көзқарасы 
тұрғысынан емес, оны қатардағы жауынгерден хандық дәрежеге дейін 
көтерген  обьективтік  жағдайлар,  заман  заңдары  мен  халықтык 
көзқарас  тұрғысынан  қарап  баға  беру  бздің  тарих  алдындағы 
міндетіміз және сол Абылайдың Туы астында қалмақ басқыншыларын
куып  шығып,  Атамекен  -Алтын  бесігімізді  алып  беріп  кеткен 
бабаларымыздың  осындай  қырғында  тамған  өр  тамшы  қаны  мен 
аруактары алдындағы борышымыз деп білеміз.
Сабалактың  сарбаздар  сапына  тұрып  санға  қосылғанға  дейінгі
өмір  сыры  жоғарыдағыдай  болғанда,  оның  «Абылай»  атымен  хан 
болғандағы  халі  қандай  болып  еді?  Тарих  шындьшына көз  жіберетін 
болсақ,  қазактар  Абылайды  хан  көтергенінде  оған  арналып  басына 
тігілген Ақ Орда да,  астына қойылған  алтын тақ та жоқ  еді.  Өйткені, 
бар  байлықтарын  қалмақтар  келіп  басып  алғанында  бас  сауғалап 
босып кеткен қазактардың белгілі бір қонысқа босағасы бекімеген тұс 
кой!  Сондыктан  да  аттың  жалында,  түйенің  қомында  өмір  өткізіп 
жүрген  жауынгер  жасақтардың  ортасында  ол  да  тоқым  төсеніп,  ер 
жастанып  ашық  аспан  астында  түндер  өткізіп,  шүбырған  шаңның 
астында  күндер  өткізді.  Оның  үстіне  хан  болғанымен  байланысты 
қастары  да  көбейді.  Атап  айтканда,  босағасына  байлап,  алдап-арбау 
саясаты  арқылы  Әбілхайырды  айтақтаған  ак  патша  артынан  аңдыса, 
Галдан-Церенді айтақтаған Қытайды ң Богдо ханы оны алдынан тосты. 
Осы екі  жақтан қысқан императорлардың екеуі де Абылайдан бас иіп 
бағынуды  талап  етті.  Көнсе,  Өбілхайырға  үқсатып  ацдап,  ауға 
түсірмек  болды,  көнбесе  көзін  жоғалтудың  да  камын  қарастырды. 
Мысалы,  императрица  Елизавета Петровнаның  жоғарыда  келтірілген 
Жарлығындағы  «нельзя  ли  его  обезвредить»  деп  өз  шенеуніктеріне 
берген  нүсқау-бүйрығы.  Бірак,  мүндай  талаптарға  Абылай  көнбеді. 
Себебі, оның да өзін хан  көтерген қазақтардың алдында берген Анты,
алған Аманаты бар еді.
Абылайдың  алдында  ең  алдымен  сол  антына  адал  болуы  мен 
аманатын аткару борышы түрды. Ал, ол ант пен  аманаттың жүгі  ауыр 
еді.  Атап  айтқанда,  Абылайдың  алдында  қазақ  жеріне  басып  кірген 
қалмақтарды  қуып  шығып,  Атамекен-Алтын  бесігін  каитарып  алу 
міндеті  түрды.  Бүл  өзін  хан  көтерген  казактардың  Абылайға  артқан
ауыр жүгі, аса жауапты аманаты болатын.
Осындай  антын  актап,  аманатын  өтеу  үшін  казак  ру- 
тайпаларының  өр  жерде  бір  шоғыр  болып  бытырап  жүрген 
жасақтарын  жиып  түтас  бір  қол  —  үлттык  армияға  айналдырған 
Абылай  қалмақтарды  Жетісу  мен  Аркадан  айдап  шығара  бастаған 
түсында  Қытай  Богдо  ханы  Галдан-Церенді  тағы  бір  айтақтап
77

қазақтарға қарсы қалмақтың ауыр қолын  шығартты.  Галдан-Цереннің 
күйеу  баласы  Шарыш  батыр  бастаған  отыз  мың  салт  атты  жауынгері 
бар сол ауыр қолдың құрамында қалмақтардан басқа қытай жасактары 
да  бар  еді.  Олай  дейтін  себебіміз  Шоқан  Уалихановтың  жоғарыда 
аталған  «Абылай»  атты  мақаласында бір ұрыста кытай жасактарымен
ұшырасып  қалған  қазақ жасағының сан жөнінен  аз, тұрған жері  ұрыс 
алаңы  ретінде  қолайсыз  болуына  байланысты  Абылайдың  шеғінуге 
әмір бергені, оны кейбіреулердің «Хан баба қашты» дегенін, оны тағы 
біреудің  «Қашты  деген  жаман  сөз.  Хан  баба  қашқан  жоқ,  ол  жау 
бетіне  қиғаштай  жүрді»  деген  сөздері  келтірілген.  Атасы  Абылай 
жөніндегі  тарихи  әңгімелерді  бала  кезінен  естіп  өскен  Шоқан  бұл 
арада  қателесіп  отырған  жоқ.  Ол  Абылай  қалмактардан  демей, 
«қытайлыктардан  шегінгенде»  деп  аныктап  жазып  отыр.  Демек,  бұл 
факті  Қытай  Богдо  ханының  қазақтар  мен  қалмақтар  бірін-бірі 
неғұрлым  көбірек қырғындасын,  сөйтіп  екеуі  де  әлсірей түссін  деген 
импералистік саясаттың  бір көрінісі  ғана.  Ол  Галдан-Церенге  «қанша 
керек  болса,  сонша  кұш  пен  көмек  беремін.  Қазақтармен  ешқандай 
келісімге  келме!»  деп  сендірген  сөзінің  айғағы  ретінде  Галдан- 
Церенге қытай әскерінің бөлімдерін де берген ғой.
Богдо  ханның  бүл  азғыруының  артыңда  арамзалық  сыр 
жатқанын  аңғармаған  Галдан-Церен  қалмақ  қолының  «Тубасшысы» 
Шарышқа  да  қазақтармен  ешқандай  келісімге  келме,  Абылай  ханды 
бас  қылып  қазақ  руларының  батыр,  басшыларының  барлығын 
түтқындап  өкел!»,  -   деп  тапсырған.  «Қазақ-қалмақ  қырғынын 
токтатайық,  екі елдің ара-жігін ашатын жер-шегін келісіп белгілейік»,
-   деп  Төле  биді  бас  етіп  жіберген  Абылай  ханның  елшілігін 
Шарыштың  қабылдамай  қайтарғаны  да  осында.  Ол  туралы  Абылай 
мен  Шарыштың  қол  қойған  қағаздары  сақталып  қалмағанымен, 
басында 
ауыз-екі 
айтылған 
Абылайдың  үсынысы 
мен 
оған 
Шарыштың  қайтарған  жауабының  мазмүндары  ел  есінде  сақталып 
кейін  хатқа  да  түскен.  Мысалы,  Әріп  Тәңірбергеновтың  «Абылай» 
атты  поэмасын  алайық.  Мүны  алатын  себебіміз,  Әріптің  Абай 
дәуірінің  ақыны  екені,  яғни,  қазақ  поэзиясының  идеализмнен 
релизмге  көшкен  заманының  ақыны  болғаны  белгілі.  Оның  үстіне 
Семейдегі  орыс  мектебін  бітіріп  шығып  мүғалім  болған  және  патша 
үкіметінің  Шәуешектегі  консулдығында  орыс  тілінде  қызмет  істеген 
қазактың алғашқы сауатты зиялыларының бірі болғаны да мәлім. XIX 
ғасырдың  аяқ  кезінде  дүниеге  келген  қазақ  поэзиясының  биік 
шоқтықтарының  бірінен  саналатын  атақты  Ақын  Сара  мен  Біржан- 
салдың  айтысын  да  бірінші  болып  хатқа  түсіріп  қазақ  баспасына 
жіберген  де,  Ленин  қайтыс  болғанда  оның  өмірбаяны  мен
78

революциялық  еңбектерін  де  қазақ  қауымына  тұңғыш  таныстырған
да, «Ленин» атты поэма жазған да осы Әріп.
Өкініштісі,  сол  өткен  өмірден  қалған  өтірікшілдік  пен 
есекшілдіктің, ұсақ рушылдықтың таяқсоғары болып келген  қайсыбір 
ғалым-сымақгар  Әріптің  өлгіндей  еңбектерінің  бар  екенін  жасырып, 
оны  «түкке  тұрғысыз»  деп  уағыздап  келді.  Ал,  сол  ғалым- 
сымақгардың Әріптің «Ленин» атты поэмасындағы:
«...Өмірдің керді талай қиынын да.
Осал болса Мартовты жеңер ме еді,
Социал-демократ жиынын да?!»
дейтін  үш  жол  сездерінің  түптамыры  қайда  жатканын  сүраса, 
айтып  берулері  екі  талай.  Өйткені  олар  кепірме  сездердің  кебігіне 
кездері 
үйреніп 
кеткендіктен 
қарапайым  айтылған 
қазыналы
сездердің тереңде жатқан тегін тани алмайды.
Бүгінгі 
оқыған 
қазақтардың 
«Лениннің 
емірбаяны 
мен 
революциялык  қызметтерін  біз  де  білеміз,  оны  Әріптің  жазғанының 
несі  таңсық»  деп  шыға  келетіндері  де  болар.  Бірақ,  біз  бүгінгі  қазақ 
емес,  кешегі  қазақ туралы,  1924 жылдың қаңтар айында дүние  салған 
Лениннің  қазасына  қайғырып  — «Акпанның  жиырма  бірі  жылатты 
елін»  деп,  елімен  бірге  еңіреген  ақынның  артында  қалдырып  кеткен 
кағаздарын  оқып  отырмыз.  Ал,  Зріптің езінің де  сол жылдың  аяғына 
таман дүние салғанын ескеретін болсақ Партия тарихының «Қысқаша 
курсы»  жарыкка  шыкпай  тұрып  кеп  бүрын  Лениннің  емірбаяны  мен 
революциялық  еңбектерімен  жиырмасыншы  жылдарда  қазақгардың 
Әріптің әлгі  поэмасы арқылы таныса бастағанын аңғару киын емес.
Қазаққа әке керек, әлі  жетім,
Қаз түрып, болмай калды буын бекіп.
Лениннің езі елсе де, сезі елмейді,
Ел-жүртым, есте сакта есиепн!  ... —
деп  елгі  поэмасын  аяқтаған  Әріп  акынның  Лениннің  есімі  мен 
революциялық еңбектерін XX ғасырдың алғашкы ширегі жылдарында 
Қазақ халкы арасында алғаш таратқан насихатшылардың бірі  болғаны
күменсіз.
Бүл жерде біз Ленинді  мактап,  мадақгауды  максат етіп отырған 
жоқпыз,  казак  зиялыларының  ішінде  осы  күнге  дейін  аты  аталмай 
келе  жатқан  0ріп  Тәңірбергенов  женінен  хабардар  ету.  Осындаи, 
орысша да,  казакша да сауатты ез заманындағы қоғамның саяси жене 
медени  емірімен  толық  таныс  Әріп  Тәңірбергеновтың  Арқа  мен 
Жетісуды, Алтай мен Шығыс Түркістанды кеп аралаған адам болғаны
79

да  мөлім.  Ал,  бұл  аталған  жерлер  «Актабан  шұбырындыда»  қазактар 
мен  қалмактардың  қанды  майданы  болған  жерлер.  Демек,  бұл 
жерлердің  тұрғындары  арасында  содан  бері  бір  ғасыр  бұрын  ғана 
болып  өткен  жойқын  жорықтар  жайлы  нақты  деректерді  есінде 
сақтаған  адамдар  аз  болмады.  Әріп,  міне,  солармен  әңғімелесті. 
Сондықтан  да  Өріптің  «Абылай»  атгы  поэмасында  келтірілген
деректер көп жұмбақгың шешуін табуға көмектеседі.
Әрі бек, әрі батыр әрі -  қырыс,
Шалкақтап келе алмады жөнғе дұрыс.
Г алданның Қарақастай қызын алған,
Қалмақгың Тубасшысы батыр Шарыш.
Сенгенім қалың Қытай -  мықгы деп арт,
Шошыды сөзін естіп Төледей қарт.
Онымен көнбесең — болмаймын деп,
Төлеге Шарыш қойды үш түрлі шарт.
Жетісу Сарыарқадан — Алтын бесік,
Шудан ары қазағың кетсін көшіп.
Су түбін шым, дау түбін қыз бекіткен,
Ерлеріме қүн алам өзім кесіп.
Өлтірді ерлерімді жазбай қандап,
Жерден қуып, малды алып, елді лаңдап.
Қоңтәжі, Қүс, Қүнтайшы, ¥ са, Церен,
Бесеуіне - бес кісі алам таңдап.
Қабанбай, Қарт Бөгенбай, Сары Малай,
Ер Жәнібек й елімді шапқан талай.
Өлтірсем, кешірсем де ерік өзімде,
Бесінші — өзі болсын хан Абылай!
Қүны үшін ерлерімнің бас-бас сайын,
Қырық жорға ат қырық қыз мінген болсын дайын.
Осыныма көнбесе, елін шабам,
Мүны үмытып жүрмесін Абылайың!
Шарыштың  бүл  шартын  Абылай  қабылдай  алмады.  Өйткені, 
жарты  ғасырдан  астам  уақыт бойы  жағаласып  қаншалык  қан  төгіліп, 
қасірет  тартқан  қазақгар  қол  болып  қосылып,  Атамекен  —  Алтын 
бесігін  қалмақ  басқыншылығынан  азат  етуге  еңді  ғана  мүмкіндік 
алған  тұсында  жеткен  жерлерін  тастап,  Батысқа  қарай  қайтадан 
босуға  конбейтін  еді.  Онымен  де  тынбай,  Абылайды  бас  қылып, 
Қабанбай,  Бөгенбай,  Малайсары,  Жәнібек  сияқгы  ел  ұйытқысы 
болған  ерлерді  Шарыштың  қолына  байлап  беру  деген  сөз  -
80

қазактарды  өрі  жерлерінен,  әрі  ерлерінен  аиырып  каңғыртып  жюеру
деген  сөз еді.  Бүлай болган күнде  қазақ өзінін халықтық атағынан да, 
үлтгығынан да,  Отанынан да айрылып, алдымен  қалмақ хандығының,
артынан Қытай  империясының мөңгілік отарына айналып кететін еді. 
Абылайдың  ары,  кырылған  ерлердің  қаны  бүған  жібермеді.  Тірідей 
іүгқын  больш  Шарыштың  алдында тізе  бүккенше,  қан  майданда  қан 
жүтып  каза  болғанымыз  артык  десті  қазақ  батырлары  мен  ру-тайпа 
басшылары.  Сөйтіп,  қазақ  қолының  алдыңғы  тобын  өзі  бастап, 
Абылай қалмақ колының шебіне қарай шеп күрды.
Бүл  -   казақ  пен  калмақтың  тағдырлары  таразыға  тартылған 
ақырғы айкас еді. Сондықтан да ежелгі ескі дәстүр бойынша қазақгың 
Бас  Қолбасшысы  Қабанбай  өзінің  атақгы  «Қубас  атымен»  майданға 
шауып  шығып,  қалмақ  қолының  Тубасшысы  Шарышты  жекпе-жекке 
шакырды.  Сол  түста  соғыс  шартының  өзі  солай  болғандыктан,
Шарыш та шықпай кала алмады.
«Өледі, деген рас, ер намыстан»,
Өліспей, беріспейтін шер исабысқан.
Қағысқан казақ -  қалмак  қан майданда,
Айқасты алып түлға екі арыстан.
Жыртылып сауыттары болды талқан,
Қайрылып, қалды сынып кылыш, калкан.
Бір-бірін ат үстінде буындырып,
Қарусыз екеуі де қалды жалтаң.
Аз түрып, ер Қабанбай, тыныс алып,
Буынып, Шарыш тағы кетгі талып.
Аударып ат үстінен, дөңбектей қып,
Жалына Қубас атгың алды салып.
Қабанбай қолға қайтты «Абылайлап»!
Қазактар куанысты «А, Қүдайлап»!
Алдынан тосып алған Абылайға,
Тапсырды Шарышты әкеп, қолын байлап.
Осылай, қалмақ туы қүлап колдан,
Шыға алмай, қалды өзі қүрған тордан.
Қабанбай қайта үрандап шапқанында,
Ат қойды қазақ қолы оң мен солдан.
Келіспей, кеселденіп түрған «күшті»,
Қор болып, Қүдай үрып қолға түсті.
Жалғыз-ақ Абылайдың қателігі,
Шарышты өлтіргені ашу үсті.
81

Әріптің 
поэмасындағы 
осы 
тарихи 
деректерді 
Шокан 
Уәлихановтың  да  растағаны  мәлім.  Ол  өзінің  «Абылай»  атты
мақаласында  бір  жолы  Абылай  мен  Жәпек  батыр  екеуінің 
түтқындалып  Галдан-Цереннің  қолына  түскенін,  сонда  өзінің  күйеу 
баласы  Шарышты  өлтірген  Абылайды  не  себепті  өлтірмей  босатып 
жібергеніне  таң  қалатынын  жазып  қалдырған.  Шоқанның  осы 
мақаласында  ашып  айтылмаған  Абылайдың  түткын  болу  жағдайы 
Әріптің  өлгі  поэмасында  анық  фактімен  айтылған,  адам  мен  жер 
аттары арқылы оқиға болған орта мен орын да дүрыс көрсетілген.
Ассызға -  ас, атсызға -  болған көлік,
Үйсіннің Төле дейтін биі өліп.
Жанына жалғыз жолдас Жөпекті ертіп,
Абылай кайтқан еді соны көміп.
Сан елді сарсаң қылып, салған бүлік,
Қоймастан қуа жүріп қүлақ түріп.
Тарлық батыр үстады Абылайды,
Су яғы «қүрдымда» жортып жүріп.
Әріп  поэмасының  бүл  жолдарынан  Абылайдың  қалмақтар 
қолына  түтқын  болып  түсуінің  себебі  де  оның  адамгершілік 
парасатының  биіктігінде  жатқанын  аңғарамыз.  Өйткені  ол  қан 
майданда  карсыласқан  қалмақ  батырымен  жекпе-жекте  жеңіліп, 
Шарыш  сияқты,  қол-аяғы  байланып  қолға  түскен  емес,  жалғыз  адам 
жолдасымен  қалмақгың  қалың  қолының  қамауында  калып  қолға 
түскен.  Онда  да  аң  аулап,  сейіл  қуып  жүргенінде  емес.  жасында жау 
көзінен  жасырып,  сабалақ  киім  кигізіп  жанын  сақтаған,  ер  жетіп 
есейген  түсында  қазақ  ханы  дәрежесіне  дейін  көтеріп  ақылшы  ағасы 
болған  Төле  биге  қарыздар  екенін  есген  шығармай,  окың  сүйегін 
өзінің  қүтты  қонысына  апарып,  өз  қолымен  жерлеп  кайткан 
сапарында қолға түскен. Өзінің бүл сапары қаимақтың қалың қолдары 
қамап  жатқан  уақытга  аса  қатерлі  сапар  екенін  біле  тұрса  да,  бала 
күнінде «түйесін баққан Төле бидің» сүйегін кез келген жерге көмдіре 
алмай тірісінде тілеген жеріне жеткізіп жерлеуді  хандығына қарамай, 
өзінің қара басының борышы деп білген.  Сондағы Абылай алып  келіп 
жерлеген  Төле  бидің тастан  қаланған  биік  моласы  осы  уақытқа дейін 
қүламай,  Жетісудағы  Ешкіөлмес  тауының  «Ақ  ешкі»  атанған  биік 
шоқысының  басында  түр. 
Бүл  баяғы 
Шоқан  Уөлихановтын 
Қашғарияға аттанар сапарында конысы болған «Қарамола» бүлағынан 
қашык 
емес. 
Сондай-ақ 
Әріптің 
айтқанындай, 
Абылайдың 
түткындалған  жері  — «Су  аяғы  Қүрдым»  болса,  бүл  да  Үлы  Жүз
82

руларының  ежелгі  өрісі  мен  суаты,  белгілі  Балкаш  көлінің  түстік- 
батыс  беткейіндегі  Іле  өзенінің  қүйылысының  маңы.  Демек, 
Абылайдың  азапты  сапары  да  өзінің  бапалық  шағын  өткізген  Жетісу 
жерінде, 
казіргі 
Талдыкорған, 
Алматы 
облыстарының 
территориясында 
өткен. 
Атақты 
«Қарамола» 
да 
сол 
тұста
қалмақтармен үрыстарда қаза тапқан қазақ ерлерінің бірінің зираты.
Сөйтіп,  Абылайдың  түтқындалып  Гапдан-Цереннің  қолына 
түскені  жүртқа  молім тарихи  шындык болған.  Оны түсында ешкім де 
жасырмаған.  Сол  шындықгы  Шоқан  өзінің  ғылыми  еңбегінде,  Әріп 
Тәңірбергенов  «Абылай»  атты  поэмасында  жазып  қалдырған.  Бірақ 
бүлардың  екеуі  де  Абылайдың  сол  түтқыннан  қандай  қүдіретгің 
күшімен  босанып  шыкканын  жазбаған.  Рас,  Шоқанның  аталған 
еңбегінде  Шарышты  өз  қолымен  олтірген  Абылайға  ең  алдымен 
Галдан-Цереннің,  оның  жанүя  мүшелерінің  қанды  кегі  бар  екені, 
сондыктан  да  Галданның  қатынының  «қанішер,  қарақшы»  деп 
бажылдап,  Абылайға  өлім  жазасын  беруді  талап  еткені  ашық 
жазылған.  Сондай  «қанды  мойын»  адамды  Галдан-Церен  тірі 
қайтарады  деп  қалмақгар  да,  оларды  қазақгарға  айдап  салып 
айтақтатып отырған Қытай  Богдо ханы да ойламаған. Алайда Галдан- 
Церен  Абылайды  босатқан. 
Не 
себептен?  Бүл  да  қазақ  тарихының 
шешуі  табылмаған  көп  жүмбақгарьшың  бірі  больтп  келеді.  Ол 
жүмбақтың шешуін білсе, жазып қалдыратын кісі Шокан еді. Оның да 
жазбай  кеткеніне  қарағанда,  бүл  сыр  Шоқанньтң  өкесі  Шыңғысқа да, 
әкесінің  өкесі  Уәлиханға  да,  олардьтң  аталас  туыстарына  да 
айтьтлмаған,  тек  Абылайдың  бір  өзі  мен  Галдан-Церен  ғана  білетін
«мемлекеттік қүпия» болса керек.
Уакыт  кашықтаған  сайын  тарих  жақындай  түседі.  «Асқар 
таудың төбесін — альтстан  ғана  көресің» дейтін  мәтел  осы  қағиданың 
қазақ философиясындағы  баламасы  есепті.  Бүл қағидаларды  қазақгар 
да  омірдің ез  заңдылықтарынан  алған ғой.  Бүгінгі  біздерге  бүдан  екі 
жарьтм  ғасырдай  уақыт  бүрын  болған  «қүпияның»  қүлпьтн  ашуға 
мүмкіндік  беріп  отырған  да  сол  заңдылык.  Өйткені  бүл  уакыттың 
ішінде  тарихта  талай  өзгерістер  болды.  Одан  бері  халқымыз  патша 
үкіметінің  отаршылдык  ойрандарын  да,  большевиктердің  қьтзыл 
кырғынын да,  зүлмат ашаршылықгы да,  1937-38  жылдардағы жаппай 
саяси  куғын-сүргіннің  ьтлаңын  да,  социализмнің  сорақыльтқтарын  да 
басынан  өткізді.  Сондықтан  да  бүгін  бізге  кашьтқта  қалған  тарих 
жакындай  түсіп,  «асқар  таудың  төбесін  алыстан  көретін»  дөрежеге
жетіп отырмыз.
Сонымен,  Абылайдың  айтпай  кеткен  «Қүпиясы»  -   Галдан- 
Цереннің  оны  өз  түткыньтнан  босатқан  себебі  неде  еді?  Соған
83

тоқталайық. Бірінші себеп:  бұл тұста қазақтар баяғыдағыдай,  қашқын, 
босқындар  емес,  «есін  жинап,  етегін  жиған»,  елінің  еркіндігі  мен 
жерінің  кеңдігін  сақтап  калу  үшін  сапқа тұрған  сансыз  сарбаздардың 
«бір жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып»  бір  орталыққа  бағынған 
түсы.  Сонымен  қатар,  онбасы,  жүзбасы,  мыңбасылардан  бастап 
Жоғарғы 
Басқолбасшысына  дейін 
іріктелген, 
үрымтал  жерде 
кездескен  ұрыстарда  үтып  кетіп  жүрген  тактикалық  әдістері  мен 
стратегиялық  жоспарлары  да  бар  біртұтас  армияға  айналған  тұсы. 
Оның  үстіне  қалмақтарды  қайыра  куып,  ығыстырып  бара  жатқан 
түсы.  Оның  үстіне  «Өшсек  шаһит,  өлтірсек  қазымыз»  деп,  өздерінің 
үлт азатгығы үшін күресінде «Ақ іс үшін!» омырауларын оққа төсеуге 
ант  етіп  атка  қонған  қазақтар,  тіпті,  Абылай  өлген  күнде  де  алған 
беттерінен  қайтпайтын  еді.  Қаздауысты  Қазыбектің  аңызға  айналған 
атақты  бір  миссиясы  осының  айғағы  есепті.  Екінші,  бүл  әрине  басты 
себебіміз,  бүгін  ғана  оқып  отырғанымызбен,  бүдан  280  жыл  бүрын, 
яғни  1727-28  жылдары  Буруньда  және  Қияқгыда  Қытай  мен  Ресей 
императорлары 
арасында 
жасалған 
жасырын 
келісім 
мен 
трактаттардың 
мазмүнын 
білетін 
Абылайдың 
қазақтар 
мен 
қалмактардың  өзара  қырғынға  үшырауына  соның  ішінде  Шарыштың 
өліміне  де  ең  алдымен  Галдан-Церен  өзі  кінәлі  екенін,  дәлелдей 
алғандығында  деп  білеміз.  Өйткені,  бірі  Шығыстан,  бірі  Батыстан 
бакылап  отырған  екі  ірі  империяның  арасын  алшактатып  отырған 
қазақтар  мен  қалмактарды  өзара  қырылыстырып,  әлсіретіп  алу  үшін 
жасалған жаңағы келісімдердің астарында арамзалық саясат жатқанын 
білеміз, Қытай Богдоханның айтағына жүріп қазақ жеріне басып кіріп, 
бейбіт  жатқан  бүкіл  бір  халықты 
«Ақтабан  шүбырындыға» 
ұшыратқан  адам  Абылай  емес,  Галдан  хан  екені  белгілі.  Абылай 
болса,  қалмақ  жеріне  басып  кіріп  отырған  жоқ,  тек  қонысынан 
қуылған  қазақтардың  ежелгі  «Атамекенін  -   Алтын 
бесігін» 
қалмақтардан  қайтарып  алу  үшін  ант  беріп,  атқа  мінген  адам.  Сонда 
өзі  істеген  қылмысын  өз  мойнымен  көтермей,  басқа  біреуді  қалай 
айыптай  алды  Галдан?  Қанша  қатал  болғанымен  бүкіл  бір  халықтың 
ханы емес пе ол да?!
Міне,  Абылай  Галданды осымен  жеңген.  Оның үстіне,  қазақтар 
қайыра  соққы  бере  бастаған  түсында  қатары  сиреп,  қалжырай 
бастаған  қалмақ  қолына  өз 
жасақтарын  жіберем  деген  алғашкы 
уағдасын  жүтып,  Галданның  өзін  тұзаққа  түсірудың  камына  кірісіп 
кеткен  Богдо  ханның  арамзалығын  да  аңғара  бастаған  Галдан- 
Цереннің  көзін  ашуға  көмек-  тескен  Абылайды  жазалау  түгіл,  енді 
жақынындай көрді Галдан хан.
84

Қалмактар 
мен 
қазақтарды 
қақгығыстырып, 
бірін-біріне 
айтақтап  салып  отырған  алпауытгардың  аузына  түсіп  кетпеудің 
қалған  амалы  біреу  ғана  еді.  Ол  -   қырғынды  дереу  тоқтатып,  қазак 
жерін  өзіне  қайтарып  беріп,  «Қанды  жабу»  екі  елді  татуластырып, 
Абылайды Галдан ханның үлы Әмірсанамен достастырып қайтару.
Бүл  келісім  —  Галдан  мен  Абылайдың  басқа  адамдарды 
қатыстырмай,  тек  өздері  ғана  жеке  қалып  сөйлескендерінде,  кім 
кінәлі,  кім  кінөсіз  екені  жайлы  туған  пікір-таластардың  нөтижесі  еді. 
Сондықган да қалмақ-қазақ қырғынының басталуына өзі кінөлі екенін 
мойындаған  Галдан  хан  жүрт  алдында  өз  сырын  ашқысы  келмеді. 
Оның үстіне өзін  «отқа итермелеген Қытайдың Богдо ханы еді», -деп 
те айта алмады. Өйткені, бүл түста «Көмек берем», -  деп ажалға айдап 
тастап, артынан көрін  қаза бастаған  Богдо ханның арамзалық айласын 
өзі де сезіне бастаған Галдан өзін қоршап алған қытай жансыздарынан
жасқанатын  да  еді.  Тіпті  өз  хандығының  босағасы  болашақта  берік 
болар-болмасына  да  еркін  көзі  жетпейтін  Галдан  өз  басын  корға 
демесе де, үлы Әмірсананың тағдырын күн  ілгері Абылайға тапсырып 
қоюды  жөн  көрген.  Бүл  сырдың  бәрі  ашық  айтылып  жүрт  аузына 
тарап  кетсе,  өзінің  ажалынан  бүрын  өлетінін  де  білетін  Галдан  хан 
Абылайдан  кесімін  өзім  айтайын,  сен  сырымызды  сыртқа шашпа деп 
өтінген.  Өз  басының  амандығы  мен  елінің  азаттығьінан  артық  олжа 
жок еді Абылай үшін.  Сондыктан да ол,  бүл сырды өзімнің тірлігімде 
ешкімге  аузымнан  шығарып  айтпаймын  деп  ант  етті  Галдан  ханға. 
Сол  сырдың  екі  жарым  ғасыр  бойына жүмбақ  болып  келуінің  себебі 
де  Галдан  мен  Абылайдың  сол  қүпия  келісімдерінде  алысқан  қол,
айтыскан  серттерінде  жатса  керек.  Сондағы  Галдан  ханның  кесімін 
Әріп ақын өзінің «Абылай «атгы поэмасында былаи берген:
«Абылай, қорықты деме сенен Г алдан,
Босатсам бүғауымнан саған салған.
Екі елдің тыныштығын есіңде үста,
Сен түгіл, әкеңнен де дүние қалған!
Тоқгалсын бүдан былай елді шабу,
Екі елдің де пайдасы -  бітім табу.
Опырылып қалғанның орны толмас,
Ашылған етек болса, — қайта жабу.
Аты егіз ел едік кой, Қалмақ, Қазақ,
Жер үшін ел күйзеліп, ер тарпы   азап.
Босаткан Абылайыңның қылығы деп,
Халкыма қылып кетпе мені мазақ.
Достассын Абылай мен Әмірсана,
85

Ол -  іні де, Абылай болсын — аға.
Қалмақ, Қазақ қолдасып қатар тұрса,
Жат жаулардан жыртылмас  біздің жаға».
Осылай Абылай қайтып, қалды Галдан,
Күдікті күндер күтіп келер алдан.
Қалмақ-Қазақ сонан соң соғыскан жоқ,
«Қанды жаптың» бітімі  содан қалған.
Галдан  ханның  күйеу  баласы  өрі  бүкіл  қалмақ  қолының 
Тубасшысы  Шарыш  батырды  өз  қолымен  өлтірғен  «Қанды  кол» 
Абылайдың  сол  Галданның  қолына  түтқын  болып  түскенінде  «оны 
Галдан  Шарыштың  күрбандығына  шалады»  деп  күтіп  жүрғен 
қалмақгар түгілі,  қазақгарды  таң  қалдырып  Абылайдың  аман  қайтып 
келуінің күпия сыры осылай болса керек.
Осы 
«Қүпияның» 
қүлпын 
ашып 
бермегенімен, 
Шоқан 
Уәлихановтың  «Абылай»  атты  еңбегінде 
Абылайды  босатып 
жібергеннен кейін көп үзамай Галдан-Цереннің өзі Қытай Богдо ханы 
қүрған  қулықты  торға  түсіп  қалғанын  жазып  қалдырғаны  мәлім. 
Осындағы  біздің  «қулықгы  тор»  деп  отырған  сөзімізді  Шоқан  орыс 
тілінде «хитросплетение» деп жазған.
Осы 
фактілерден  туатын 
қорытынды 
сол  -   «Ақгабан 
шүбырынды»  заманындағы  қазақтар  мен  қалмақгар  арасындағы 
қырғын  осы  екі  халықгың  өздері  қалап  алған  іс  емес,  жоғарыда 
келтірілген  қүжаттармен  дәлелденіп  отырғандай,  сол  түстағы  Қытай 
және  орыс  императорларының  алдауына  түсіп,  айдауына  көнген 
Әбілхайыр  хан  мен  Галдан  хавдардың  қателіктерінің  кесірі.  Сол 
кесірдің  сазайын  тартқан  Әбілхайыр  ақыры  орыс  императрицасының 
түтқынында  отырып  казақгардың  колынан  қаза  тапса,  Галдан  хан 
Қытай  императорының  қулығымен  қалмақгардың  қолынан  қаза 
тапты.  Бүлай  болмауы  мүмкін  де  емес  еді.  Өйткені,  бүл  екеуі  де 
өздеріне «қорғаушы»  болып, қолтықтарына қысқан кожайындарының 
артқан  үміттерін  ақгай  алмады.  Әбілхайыр  болса,  императрица  Анна 
Иоанновнаға  ант  беріп  өз  басы  бодан  болғанымен,  қазактардан 
айырылып,  қаңқа  басы  қалды.  Ақ  патшаның  қазынасына  қазына 
қосып байытудың орнына, оның өзіне аузынашатындай күйге түсті.  О 
баста  одан  үлкен  үміт  күтіп,  Жайықгың  жағасынан  жай  салып  беріп 
казак-орыс  полкіне  күзеттірген  патша  үкіметі  Әбілхайырдің  халі 
әлгіндей  болғанын  көрген  соң  «пайдасыз  байдан  без»  қазақ  мәтелі 
сияқты, Әбілхайырдан суый бастады. Сондықтан да оның бір басының 
амандығын  күзететін  әскери  отряд  таратылып,  ақыры  Әбілхайырды 
қазақ Барақ сүлтанның өлтіруіне жағдай жасалды.
86

Галдан-Цереннің халі  де дәл осындай  болды.  Ол бейбіт жатқан 
қазактарға 
бөрідей 
тиіп 
қоныстарьшан 
қуалап 
«Ақгабан 
шүбырындыға»  үшыратқан  жылдарында  Қытай  императорының 
үмітін  ақгағандай  еді.  Кейінде  қазақтар  қол  болып  қүрылып, 
қалмақтарды  қайта  қуа  бастаған  жылдарында  Галдан  хан  ол  үмітген 
айрыла  бастады.  Ал,  түтқын  болып  қолға  түскен  Абылайды  жазалап 
дарға асудың орнына, оны өз қолымен босаттырып жібергенінен кейін 
Галдан-Церен  Богдо  ханның  үмітін  ақтау  түгіл,  оның  импералистік 
саясатын  әшкерелейтін  кас  дүшпанына  айналды.  Сондықган  да  ол, 
Шоқан  Уәлихановтың 
сөзімен  айтсақ,  «хитрос  плетение»  жасап, 
Галдан-Церенді тезірек қолға түсіруге асыкты.
Галдан  хан  мен  Абылай  ханның жеке жерде  «қүпия»  өткізілген 
әңгімелерінде  өздерін ажалға айдап салып императорлардың осындай 
арамзалық  саясаттарының  астары  ашылған  еді.  Осылай  болып 
шығарын  тек  Абылайдың  айтуымен  ғана  емес,  өзі  де  сезініп  жүрген 
Галдан  «Кәріжілік,  кораны  корғағандай  көрейін,  өз  басыңды  иттен
сакта» деп  қазак мәтелінде айтылатындай, Шарыштың күнын қуамын 
деп  жүргенде,  өзінің  де  қүдыкка  күлағалы  түрғанына  көзі  жеткен 
Галдан  хан  «Байтал  түгіл,  бас  қайғыда»  болып,  «өзім  өліп  кетсемде 
артымда  үрпағым  қалсын»,  деген  үмітпен  Абылайды  босатып,  оған 
үлы  Әмірсананың  тағдырын  алдын-ала  тапсырып  қоюды  жөн  көрді. 
Жоғарыда келтірілген  Әріп  поэмасының үзінділерінен Галдан ханның 
Абылаймен  Әмірсананы  достастырып  баласьша  «сен  іні,  Абылай
болсын аға» деп тапсырғанын жоғарыда келтірдік.
Бүдан кейінгі оқиғалардың өрбуі қалай болды? Олар Галдан мен 
Абылайдың «Қүпия» сөздерінде ашылған сырдың шынайы көрінісгері 
болып  шыкты.  Атап  айтқанда,  Қытай  Богдо  ханының  жансыздары 
Галдан-Церенді  өлтіріп,  оның  атағьш  тартып  алды.  Өлтірілуге 
үйғарылған  Әмірсана  жан  сауғалап  қалмактардан  қашып  шығып, 
казақтардын арасына келіп тығылып, «Абылай ағасына» арқа сүйеді.
Осы  бір  фактіні  Шоқан  Уәлиханов  та  жазып  калдырды.  Атап 
айтқанда,  Галданның  тағына  отырған  Лама-Доржы  Абылайдан 
Әмірсананы үстап беруді талап еткенінде  «Қазақта көшке ілескен итті 
де  қуалайтын  өдет  жок»,  деп,  Лама-Доржының  талабын  тыңдамаи 
тастағанын  жазды  Шокан  өзінің  «Абылаи»  атты  еңбегінде.  Бүл  да 
Абылайдың  антына  адалдығы  мен  адамгершілік  өресі  биік  адам 
болғанын танытатын бір факт боларлык  дерек болып табылады.
Осылай,  арткан  үмітін  актай  алмағаны  үшін  Галдан-Церенді 
тағынан  тайдырған  Қытай  империалистері  дүниені  дүр  сілкінткен 
«Соңқар»  хандығын  коса  күртып  жатқанында  Абылайдың  атымен 
Қазак  хандығы  Әбілхайыр  қираткан  кара  шаңырағын  кайта  көтерді.
87

Өзінің  ата  коныс,  алтын  бесігін  қалмак  басқыншыларынан  тазартын, 
байтақ жерінің бостандығы мен кайсар халқының төуелсіздігін қорғал
қалды. 
|
Тарих  тереңіне  үңіліп,  шыңырауда  жатқан  шындығына  күлак 
қояр  болсак,  қазақ  халқының  басынан  да  бір  «¥лы  Отан  соғысы» 
болып өткен екен. Оның аты -  «Актабан шұбырынды», болған уакыты 
ХУШ  ғасырдың  алғашкы  жартысы.  Біздің  заманымыздағы  1941-45 
жылдардағы  «¥лы  Отан  соғысы»  бес  жылға 
созылса,  XVIII 
ғасырдағы  қазак халықтарының «¥лы   Отан  соғысы»  жарпгы ғасырдан 
аса уақытқа созылған.  1941—45  жылдардағы «Отан  соғысында»  Кеңес 
армиясы  Еділ бойына дейін  шегінуге мөжбүр болса,  XVIII  ғасырдағы 
«Отан  соғысында»  қонысынан  босқан  қазақтар  Сыр  бойына  дейін 
сырғып  барған.  Осы  тұрғыдан  салыстырып  қарасақ,  XVIII  ғасырда 
Алтай,  Арқа,  Жетісудай  жерлерінен  ауып,  Батысқа  қарай  бет  алып 
шүбырған 
қазақгардың  тағдыры 
1941-45 
жылдардағы 
«Отан 
соғысында» Украина, Белорусия, Молдавиядағы қоныстарынан босып 
шығып,  Шығысқа  қарай  бет  алып  шүбырған  Кеңес  халықтарының 
тағдырымен үқсас болғанын көреміз.
Алайда  біз  қазақ  халқының  «Ақтабан  шүбырындысын»  ол  да 
«Отан соғысы» еді деп негізді түрде тарихқа енгізген тарихшыны таба 
алмай  келген  едік.  Бүл  мәселеледе  біз  әшейінде  орыс  тарихнамасын 
басшылыққа алатынымыз сияқты орыс  халқынан  үлгі  алып,  үйренуге 
тиісті  едік.  Мәселен,  1812  жылғы  француздармен  соғысын  орыс 
тарихшылары  сол  кездің  өзінде-ақ  «Отан  соғысы»  деп  таныды. 
Қазақтың  «Ақгабан  шүбырьшдысы»  сияқты  онда  да  үлкен  шегініс 
болып,  басым  күшпен  басып  кірген  Наполеон  әскерінін  Москваға 
келіп  кіргені  де  мәлім.  Осылай  жерінің  ортасына  ойып  кіргеніне 
қарамастан, сол орыс жері дүниені дүр сілкінткен француз армиясына 
күрылған қақпан болғаны да, сол қақпаннан аяғын әрең алып шыққан 
Наполеон  Бонапарттың  қазақ  жерінен  куылған  қалмақтардың  ханы 
Галдан-Церенге  үқсап  Святая  Елена  аралына  айдалып  барып,  ақыры 
аты өшкені де аян. Орыс халқының сол «Отан соғысында» да алдымен 
шегіністен басталған ауыр күресінің үлттық сипат алуына байланысты 
ұтьш шыққаны, арты жеңіспен аяқгалғаны да белгілі.
Қазақ халқының «Ақтабан шұбырындысы» орыс халкының осы 
Отан  соғысымен  айна  қатесіз  үқсас.  Екеуінің  айырмасы  мазмұн- 
маңызында емес, тек атауларында ғана.  Бүл арада орыс тарихшылары 
озық үлгі көрсетті. Өйткені, өз отанының тағдыры таразыға тартылған 
түста  жат  жаулармен  жағаласып,  омырауын  отқа  тосқан  ага- 
бабалардың бекерге кайрат жұмсап, қан төкпегендерін, сөйтіп жерінің 
бостандығы  мен  елінің  азатгығын  жасанған  жаудан  айырып  аман
88

алып қалғандығын мақган етіп көрсететін қымбатты да, қасиетті сөз —
 
«отан  соғысы»  деп  атаған.  Ал,  қазақтың  халқының  «Ақтабан 
шүбырынды,  Алқакөл  сүламасы»  өзінің  мазмүны  жағынан  да, 
масштабы  жағынан  да  бүкіл  бір  үлттың  отандық  соғысы  бола түрса 
да,  сол  соғыстың  ғылыми  атауын  толық  бере  алмайды.  Өйткені, 
«Ақгабан  шүбырынды»  деген  сөздер 
қалмақгардың  ауыр  қолы 
астында  тапталып  қалмау  үшін  қазақгардың  ата  қоныстарынан  ауып 
Батысқа  қарай  жаппай  босып  шыққан  түсын,  яғни  сод  соғыстың 
бастапқы  кезеңін  ғана  бейнелейді.  Бүл  -   орыс  халкының  аталған 
«Отан  соғысында»  ауыр  қолмен  келіп  кірген  Наполеон  әскеріне 
Москваны  тастап  босып  шыққан  орыстардың  тарихымен  үксас  түсы. 
Ал,  сонан  кейін  не  болды?  Сол  босқан  қазақтар  күні  бүгінге  дейін 
босып  жүр  ме?  Жок әлде,  Москвадан  босып  шыққанына  қарамастан, 
өз  жерінен  француздарды  қайта  қуып  шыққан  орыстар  сиякты, 
басында  қоныстарынан  босып  шыққан  қазактар  да  қалмақгарды  өз 
жерлерінен кайта қуып шығарды ма?
Бүл  -   қазақ  тарихынан  жоғалған  бір  бет  қана  қағаз  емес, 
мыңдаған  беттерден  түратын  бірнеше  томдар  деген  сөз!  Сонда  бүл 
қалай?  Қазак  халқында  тарихтың  жоктығынан  ба?  Жоқ  әлде,  қазақ 
халкының  қадір-қасиетін  тани  білген  тарихшылардың  жоқгығынан 
ба? Біздіңше, тарих айыпты емес, тарихшылар айыпты сияқты.
Бүгінде  казақгың  байтақ  жерінің  байлығын  мақтан  түтатын 
әрбір  малшы,  егінші,  кенші,  күрылысшы,  сәулетші,  үшқыш- 
ғарышкерлерден  бастап,  Отанымыздың  ортақ  дәулетіне  еншілес 
болып отырған әрбір Қазақстан азаматының — ол шеті  мен бүл  шетіне 
жете  алмай,  үшса  қүс  қанаты  талатын,  шапса,  түлпар  түяғы  тозатын 
үланғайыр  бүл  өлкенің  қашан,  қанша  адамдардың  қаны  мен  қай 
ханның  басшылығымен  калмақ  баскыншыларынан  қайтарылып 
алынғанын,  қаншалыкты  кымбатқа  түскен  мүра  екенін  жақсы 
білгендері абзал. Өйткені, күнсыз нөрседе қадір болмайтыны белгілі.
Біз  осы  арада тағы да Абылайды  аттап  өте  алмаймыз.  Өйткені, 
Абылай  жоқ  жерде  «Ақтабан  шүбырындының»  аяғы  жоқ.  Қазақгың 
қайта  туып  калыптасқан  хандығы  жоқ,  қалмақты  қайта  қуатын 
қайсарлығы  мен  қайрат  күші  де  жоқ.  Сол  Абылайдың  атын  ауызға 
алудан  қаймығатын  қайсы  бір тарихшылардың корқақтығынан, Қазақ 
тарихының  Абылай  атына  байланысты  ерлік  пен  елдікке  толы  ең 
қымбат  та,  қызықгы  түсы  тарих  кітаптарынан  түсіп  қалған  еді.  Ал, 
тарих  шындығына  осыншалықты  қиянат  жасауға  мөжбүр  етіп 
отырған ешкім жок.  Соңғы  жылдары  ғана егеменді ел болып, тәуелсіз 
мемлекет  дәрежесіне  жеткен  кезден  бастап  қана  қазақ  тарихының 
ақтаңдактары ашыла бастады.
89

Орыстардың  ол  касиетін  біз  олардың  Александр  Невскии, 
Илларион  Кутузов,  Петрге  арналған  адал  жүрек,  ақ  ниеттерінен 
көреміз.  Осылардың үшеуі  де  үстем  таптың  өкілдері.  Атап  айтқанда, 
Невский  мен  Кутузов  князьдар  да,  Үлы  Петр  Романовтар  әулетінен 
орыс  тағына отырған  мүрагер  патша  екені  молім.  Царизмді  қолымен 
қүлатқан,  үстем  тап  өкілдеріне  өштікпен  қараитын  революцияшыл 
орыс  халқы  таптық  түрғыдан  қарағанда  осы  аталған  адамдарға  да 
еңкейіп  иілмеуге  тиіс  қой!  Бірақ,  олай  емес,  қаита  бүл  адамдардың 
қасиетін  қадірлеп,  аруақтарын  аспанға көтереді.  Не үшін?  Әрине,  бүл 
осы  адамдардың  табына  табынғандықтан  емес,  өздерінің  кара 
бастарының  емес  халқының  қамын  жеп  қайрат  кылғандары  үшін
сыйлау. 
” 
. ‘  .
’г'  ' ' ' 7
«Ақтабан  шүбырынды»  заманында  қазақ  жеріне  Шығыстан
келіп  басып  кірген  қалмақтар  сияқты,  өр  кезеңдерде  орыс  жеріне 
батыстан  келіп  басып  кірген  жаулар  да  аз  болмаған.  Мысалы, 
тарихтан  белгілі:  тевтондыктар,  шведтер  және  француздар.  Олар  да 
қазақ  жерін  тартып  алып,  халқын  қаңғыртып  жібермекші  болған. 
Сондай  халық  басына  қара  бүлт  төнген  түстарда  қазақтың  ханы 
Абылай,  халық  батырлары:  Қабанбай,  Бөгенбай  сияқты,  бүлар  да 
патшалығы мен князьдіктеріне қарамай, омырауларын оққа төсеп, қан 
майдандарда қайрат көрсеткен. Атап айтқанда, Александр Невскийдің
-  тевтондықтарды, Үлы Петрдің -  шведтерді, Илларион  Кутузовтың - 
француздарды  талқандап,  орыс  жерлерінен  қуып  шығуға  мүрындык
болғандары мөлім.
Сондықтан да орыс халқы  олардың  кызметін  халықтык биіктен
қарап  бағалайды,  оларды  отансүйгіштік  пен  жауынгерлік  ерліктің 
үлгісі  деп,  мақган  түтады.  Олардың  есімдерін  тарих  кітаптарына 
енгізіп,  әдебиет  пен  өнер  арқылы  насихаттап  отырады.  Александр 
Невскийдің: «Кім де-кім бізге қару асынып келсе, сол карудан өзі опат 
болады»  -   деген  қанатты  сөзі  мен  «Пришел  Кутузов  -   бить 
французов»  дейтін  орыс  солдаттарының 
1812  жылы  айтылған 
сүйіспеншілік сөздері  Отан  қорғаушыларға  айтылған  өсиет  есебінде 
күні бүгінге дейін өзінің жауынгерлік тәрбиелік маңызын жойған жок. 
Бүгінгі  коп  үлтты  Қазақстан  халқының  ортақ  үлы  болып  табылатын 
Қызыл Армияның кешегі жауынгерлері -  біздер  1941-45  жылдардағы 
Үлы  Отан  соғысында  Отанымызға  батыстан  басып  кірген  неміс 
фашистеріне  қарсы  шабуылға  шыққанымызда  осы  Кутузов  пен 
Невскийлердің  аруақтарына  сиынатынбыз.  Солардың  ордендерін 
омырауымызға қадап, әскери туларымызға тіккенбіз. Акыры солардан 
қалған  ерлік  жолымен  неміс  фашистерін  жерімізден  қуып  шығып 
Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалғанбыз. Сонда
90

ескі  замандардан  есте  сақтап  келген  ұлтымыздың  ерліктері  мен 
халқымыздын 
қайсарльпстары 
біздің 
патриоттығымызбен 
біте 
қайнасып,  Қызыл  Армияның  әрбір  жауынгеріне  қайтпас  қайсарлық 
пен қажымас қайрат берген болатын.
Егер  де  «анау  князь  еді,  мынау  патша  еді»  деп  өз  тарихынан 
алып  тастаса,  аталған  адамдардың  ерліктері  бізге  дейін  жетіп, 
жауынгерлердің  патриоттық  рухын  көтеру  ісіне  көмектесе  алар  ма 
еді?  ¥лы  Петр  де  осындай.  «Мыс  салт  атты»,  «¥лы  Петрдің  арабы» 
атгы  А.С.Пушкиннің деректі  шығармаларынан  басталған Петр  патша 
жөніндегі  тарихи,  әдеби  шығармалар  мен  жасалған  кинокартиналар 
бүкіл  әлемге  таныс.  Мүнысымен  орыс  халқы  ұтпаса,  үтылған  жоқ. 
Өйткені,  осы  адамдардың  атымен  ол  өзінің  тарихы  мен  мәдениетін 
байытты,  барын  базарлай  білді.  Орыстардың  біз  үйреніп,  бойымызға 
дарыта  алмай  жүрген  тамаша  қасиеттерінің  бірі  -   осы  қасиет  деп 
білеміз.  Осы  арада  орыстарға  жат  емес  үлттық  мақтаныш  қазақ^арға 
да  жат  емес-ау  деген  ой  оралады.  Мәселен,  «Ақгабан  шүбырынды» 
азабынан  алып  шығып,  қалмақ  басқыншыларын  қайыра  қуып, 
қазактың  жері  мен  елін  қайтадан  қалпына  келтірген  Абылайдың 
халық  үшін  жүмсаған  қайраты  орыс  патшасы  ¥лы  Петрдің  қайрат- 
қызметіне үқсамай ма? Қазақ халқының сан жөніндегі  масштабы орыс 
халқының  сан  жөніндегі  масштабымен  салыстырғанда  өлденеше  рет 
кіші  болғанымен  оның  қалмақгармен  қырғындаскан  түсындағы 
майдандарының  масштабы  Невский,  Кутузов,  Петр  соғыс  жүргізген 
үрыс майдандарынан үлкен болмаса кіші емес қой.
Сондай-ак  калмақгарды  қуалаған  қазақ  қолдарының  Бас 
колбасшысы 
Қабанбайдың 
қайрат-қызметі 
орыс 
жерінен 
француздарды  қуған  орыс  армиясының  басқолбасшысы  Кутузовтың 
қайрат-қызметіне үқсамай ма?
Сол  сияқгы  XVIII  ғасырда  қабырғасынан  қан  кешіп  жүріп, 
Алтайдан  Оралға  дейінгі,  Ертістен  Еділге  дейінгі  үланғайыр  өлкені 
Шығыс  баскыншыларының  табанының  астынан  тартып  алып, 
акырында бүгінгі  үлы  Отанымыздың бай да,  берік шығыс босағасына 
айналдырып  отырған  қазак халқының тарихи тағдыры XIX ғасырдың 
бас  кезінде  Днепрден  Неваға  дейінгі,  Днестрден  Донға  дейінгі  үлан 
ғайыр  жерді  батыс  басқыншыларынан  қорғап  қалып,  ақыры  бүгін  өз 
Отандарының  батыс  жақ  босағасы  етіп  отырған  орыс  халкының 
тағдырына үқсас емес  пе екен?  Берісі -  казақтардың өз тарихшылары, 
арысы  -   осы  кезеңнің  озық  ойлы  тарихшылары  мен  қалам 
қайраткерлерінің  жоғарыдағы  сүрактарға  өділ  де,  объективті  жауап 
беріп,  халқымыздың  отансүйгіштік  рухын  көтеретін  қүнды  тарихи 
еңбектер  мен  көркем  шығармалар,  кино  түсірілімдерін  жасайтын
91

үакыт жетгі. Қазакшр да өзінің баитақ жер, баи ксндерімен ғзнз смес, 
сонымен  қоса  өзіндік  мәдениетімен,  тамаша  тарихы  да  бар  ірі 
ұлтгардың  бірі  екені  бекер  ме  екен?  Олай  болса,  сол  байлығы  мен
мәдениетін  бүгінгі  біздің  игілігімізге  беріп  кеткен  ата-бабалардың 
барын баяндап, бағалай білу — біздің борышымыз емес пе.
Қазіргі  күндері  «Ақгабан  шүбырынды»  заманынан  қалған
халықгық  әдебиетті,  ауызша  айтылған  аңыз,  әңпмелер  мен  жазылып 
хатқа түскен  поэма,  дастандарды  сол түстағы  халық тірлігінен  дерек 
беретін  қүжаттар  деп  қарамағандықган,  қаншама  қазыналар  қап 
түбінде  шіріп  жатыр  десеңші!  Солардың  ішінен  тек  Қабанбай  мен 
Бөгенбай 
батырлар 
жоніндегі 
бір 
жыр-дастандардан 
үзінді, 
қиындылары  ғана бүгінгі  жас үрпақгардың қүлағына әрең жетіп  жүр. 
Ал,  қалмақтарды  қайыра  қуған  түсындағы  қазақ  халқының  ханы 
Абылайдың ерлікке толы еңбектерін жырлайтын толып жатқан поэма, 
дастандар  Ғылым  Академиясының  «Сирек  кездесетін  қол  жазбалар 
қорьшда»  өз  зерггеушілерін  күтіп  жатыр.  Солардың  бірі  -   біз 
жоғарыда  үзінділерін  келтірген  Әріп  Тәңірбергеновтың  «Абылай» 
атты  поэмасы.  Осылар  жоқ  болса,  әрине,  «жоқгы  көрден  жонып 
шығар» деп ешкім де айтпас еді. Бірак, солар бар ғой. Бар болғанда да 
бүгінгі  біреулердің  ойынан  шығарылған  «өдеби  бопса»  емес,  сол 
қазақ—
қалмақ қырғынында омырауын оққа тестіріп, мойнын қылышқа 
қидырып  қапталынан  қан  кешіп  жүріп  қалмақтарды  тықсыра  қуған 
қазақ  жауынгерлеріні ң  өз  көздерімен  көрген  ерлік  эпизодтары  сонау 
ХУШ  ғасырдың  озінде  қалың  халық  алдында  айтылып,  қайсы  бірі 
қағазға  түсіріліп  калған  ерлік  естеліктер  емес  пе?  Өткен  1941-45
жылдардағы  Үлы  Отан  соғысына  өздері  қатысып,  жеріне  жеңіспен 
оралған  соғыс  ардагерлерінің  бүгінгі  үрпаққа  айтып,  немесе  жазып 
беріп  жүрген  ерлік  естеліктері  жастарды  отансүйгіштік  пен 
жауынгерлік дөстүрге баулу мөселесінде қандай қымбат, қажет болса, 
XVIII  ғасырда  өткен  қазақтардың  «Үлы  Отан  соғысында»  бастан 
кешкен  оқиғалары  туралы  айтып,  жазып  қалдырып  кеткен  ерлік 
естеліктері  де  сол тұстағы  өздерінің  өкшесін  басып  өсіп  келе  жатқан 
артқы  ұрпақгардың  «аталар  мұрасына»  адал  болып  төрбиелену 
мәселесінде  соншалық  қымбат  та,  қажет  болғаны  да  күмәнсіз  ғой! 
Олай  болмаған  күнде  Абылай  туралы  айтылған  поэма,  дастандар 
атадан  баланың  аузына  көшіп,  содан  бергі  уақытта  дүниеге  келіп 
кеткен  кем  дегенде  бес-алты  ұрпактың  ауыздарымен  айтылып, 
қолдарымен  жазылып  келіп,  акыры  Академияның  архивіне  түсіп
үйілді де үні үшті.
Рас, бүгінгі  ақындардың өлей өрнектері  өзгеше шығар.  Өйткені,
бүлар  мүлде  баска  дөуірдің  адамдары  ғой. 
Сол  дөуірдің  мөдени

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод
transactions -> Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет