Тәңірберген Қалилаханов


II БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ ОТАН СОҒЫСЫ



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата14.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

II БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ ОТАН СОҒЫСЫ 
ЖӘНЕ АРҒЫН, НАЙМАН 
АРҒЫН, НАЙМАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
Найман  -   қазак  халкының  үлт  болып  калыптасу  процесінде
оның  ірге  тасын  қаласып,  шанырағын  көтеріскен  ежелгі  ірі 
тайпалардың  бірі  екені  белгілі.  Алаида,  осы  таипанын  өзін  қалаиша 
«найманбыз»  деп  айтатыны  туралы  осы  күнге  дейін  ақикатган  гөрі 
аңыздар  көп  айтылып  келеді.  Сол  себептен  де  «Найман»  атанған 
алғашқы  адамның  нақты  кім  екені  де  анықталмай,  біреулер  оны 
«атамыз»  десе,  тағы  біреулер  «анамыз»  еді  деп  келеді.  Феодалдық,
патриархаттык  қоғам  дөуірінде  өмір  сүрген  адамдардың  рубасылары 
қашан  да  ер  жынысты  адам  деп  танылатындықган  Найманды  «арғы
атамыз» деп білген. Мысалы, «Біржан мен Сара аитысындағы»
Саспаған сан айтыста Сара саңылақ,
Басында бөгелсе де Біржанды алдап.
Батқанда Біржан сөзі шамбайына,
Ак үйден шыға келді  «Найман-шалдап!» —
дейтіні,  немесе  өзінің  нағашы  жүртында  наймандықгар
арасында атақты ақын асқан әнші Әсет Найманбаевтың:
Тауык боп тары тердім «Найман-шалдан»,
Найман -  ел, айы туған маңдайшадан.
Үйрек боп, жүзіп каздай  жүрмін калкып,
Көп елде, көп жүртымда  Қыдыр шалған! —
дейтін  өлеңдерінде  Найман  ата  болып,  «шал»  болып  көрінеді. 
Ал қазақтардың ата қуған  ауызша шежіресі  аңыздарында Найман  ана 
болып  дәріптеледі.  «Арғын өсіп  алты  ауыл болғанда,  Найман өспей,
бір-ак үй болып калады»,  делінеді аңызда.
Найманнан  калған  жалғыз  үлы  Қытай  қырық  жасында  өліп,
оның  жастай  жесір  қалған  өйелі  Жезетектің  тиетін  өмеңгері  болмай 
қалады.  Сол  себептен  жесір  отырған  Жезетекті  арғындар  алмакшы 
болады.  Бірак,  Жезетек оларға көнбейді.  Себебі,  мен  арғындарға тиіп 
кетсем,  Найман  атамнан  үрпақ  қалмай,  Найманның  аты  өшіп  калады 
ғой,  деп  ойлап,  Жезетек  атасы  Сармүрзаға  өзі  аиттырып  қьіз  әперіп, 
сол қыздан туған Төлеу ержеткен соң өзінің өлген ері Қытайдың інісі, 
занды өмеңгерім деп, қайнысы Төлеуге тиіп, одан төрт үл табады. Сол
53

төрт ұлдан кейінгі  найман рулары тарайды. Осылай атасы Найманнын 
атын  жоғалтпай,  өзі 
кейінгі 
наймандықтардың  анасы  болып 
қалғандықтан,  наймандықтар  Жезетекті  «Біздің  атамыздың  атын 
жоймай,  естелік  жасаған  адам  деп,  ол  кісіні  «Естібике  анамыз»  деп 
санап кеткен. 
г
Фридрих Энгельстің сөзімен айтсақ, «фуанкалды неке, қазақтың 
өз  сөзімен  айтсақ  «құда-андал^і  неке»  заманынан  қалыптасып  қалған 
«Аға өлсе,  ініге мұра» дейтін ескі өмеңгерлік салтына сиып тұрғанына 
қарамастан,  бұл  аңыз  тарих  тереңіне  бойлай  алмаған  шежіреші- 
сымақтардың  бертінде  ғана  қолдан  жасаған  бопсасы  деуге  болады. 
Өйткені, бұгінгі наймандықтардың бұрынғы ата-аналарының негізінен 
осы  мекен-жайларында  көшіп-қонып  жұрген  ел  болғаны  сонау  VIII 
ғасырдан  бері  тарихқа  мәлім  болғанын,  сондай-ақ  сол  наймандардын 
XIII  ғасырдың  басында  әлемге  әйгілі  Шыңғысханды  хан  көтерген  ел 
болғаны  мәлім.  Сондай-ақ  1911  жылы  Троицк  қаласында  басып 
шығарған  Шәкәрім  Қүдайбердіүлының  біздін  бүгінгі  Арқамыздың 
ежелгі аты «Найман-кіре» еді деп жазып кеткенін еске алатын болсақ,
«Арғын  алты  ауыл  болғанда,  Найман  жалғыз  ғана  үй  еді»  деудің 
ешбір дәлелі жоқ.
Осы  түста  Шоқан  Уәлихановтың  аса  құнды  бір  пікірі  ойға 
оралады.  Ол  қазақ  қүрамына  кірген  ру-тайпалардың  гарихына  ой 
көзімен  талдау  жасай  келіп:  «Қазіргі  арғын  рулары  одағының 
кеиіннен қүрылған жас одақ екені аңғарылады», -  деп жазғаны мәлім.
«Арғын  Адам  атадан  бері  бар»  деп  кеңірдегін  кызартатын  қайсібір 
жалған рушылдарға қарама-қарсы, өзінің сол арғын руларының төресі 
екенін  біле  түра  бүл  мәселеде  де  Шоқан  «Тура  биде  туған  жоқ», 
«атасын  жасырған  азар»  дейтін  халық  даналығынан  туған  мәтел 
создерде айтылғандай, тағы да шындық туын биік кетеріп, қауесетген 
гөрі таза ғылымға адалдығын сақтап қалды. Шыныңца да халықты бір 
шықкан  орныңца  қозғалмай  мәңгі  түра  беретін  ағашпен  теңестіру 
дүрыс  емес  қой,  әсіресе  көп  ғасырлар  бойына  көшпенділікпен  өмір 
сүрген  қазақ  халқының  ру-тайпалары  қайда  барып,  қайда  қонбаған? 
Арысы  түркі  қағаңдары,  жоңғарлар  мен  қарақытай  жорықтарында 
берісі  «Ақтабан  шүбырынды,  Алқакөл-сүлама»  заманындағы  жоңғар 
шапқыншылығында  сан  рет  үркіп,  үдере  көшкен  қазақ  ру- 
таипаларының  ата  мекендерінен  ауып,  астан-кестең  болғандары
шындық екені  күмәнсіз. Жоғарыдағы ой-түйінге  келгенде Шоқанның 
да таоан тірегені осы шындық деп білеміз.
Қазақ  халқының  Ақтабан  шүбырындыға  үшыраған  кезі  Орга 
жүзде  Сәмекенің,  Кіші  жүзде  Әбілхайырдың  хандық  қүрьш  түрған 
түстары  екені  мәлім.  Бүл екі  хан  қазақтың төбесіне  қара  бүлг төнген
54

тұста  бір-бірімен  берекелесе  алмағандықтан  қаптап  келе  жатқан 
қалың  жауға  халық  қарсылығын  ұйымдастыра  алмай,  әрқайсысы 
өзінің  бас  амандығын  күйттеп  кетті.  Сәмеке  болса  хандығын  қараң 
калдырды  да,  Әбілхайыр  орыс  императрициясы  Анна  Иоановнаның 
етеғіне  оранып  бас  сауғалады.  Сөйтіп,  хансыз да,  қараусыз да қалған 
қазактар Арка мен Жетісудан кол үзіп, батысқа қарай бет алып, босып 
кетуге мөжбүр болды. Сол бетінде Сыр бойына дейін сырғанап барды. 
Ал,  Сыр  бойына  жете  алмағандары 
Алқакөлдегі  сүлама  сияқты, 
шалшық  сулы  көлдерде,  шаң  бораған  шөлдерде  сүлап  қалып  жатты. 
Үдере  көшкен  елдің  шаңына  ілесуге  мүршасы  келмей  жүртта 
қалғандар қалмақ колының қатындары мен қара қүлдарына айналды.
Осындай  ауыр  азаппен  Атамекен-алтын  бесігінен  ауған 
қазактың  ру-тайпалары  үзақ  жолдар  үстінде  бір-бірімен  қойдай 
жамырасып,  қосылып,  Актабан  шүбырындының ақ шаңдары  астында 
мидай былыкты.  Жекелеген ру-тайпапар ғана емес,  бүкіл үлт басына 
төнген  қатер  бүрын  бөлектеніп  кеткен  ру-тайпалардың  бөріне  бірдей 
ортак тағдыр екені  айқындалды.  Сондыктан  да,  бүрынғыдай  өріс  пен 
қонысқа  таласты  тастап,  Арка  мен  Жетісудан  ауған  ру-тайпалар, 
шегіністің  соңғы  шегі  -  Сыр бойына «сықа сиып»  ірге  бекітісті.  Сыр 
бойының  сол  түстағы  қазақтар  үшін  стратегиялық  маңызы  1941—45 
жылдардағы  Үлы  Отан  соғысындағы  Еділ  өзенінің  стратегиялык 
маңызымен  бірдей  болды  десе  де  сиятындай.  Өйткені  ол  -   босқын 
елдің  алдын  бөгеген  табиғи  тоскауыл  ғана  емес,  сонымен  қатар 
үріккен  елдің  үрейін  басып  тыныстауына,  естерін  жинап,  етегін 
жиюына, үлт болып үйымдасып береке-бірлікке келуіне, үлт намысын
оятып,  қаптаған  жауға  қирата  соқкы  беруге  жігерлендірген  жер 
болды. Сол кездегі босқын казактар мен қуғын қалмактардың батыска 
қарай лап берген жаппай қозғалысын «тасыған теңіз» деп бейнелесек, 
сол теңіздің тулаған толкындарының жартасқа соғып қайта шалқыған 
жері  -   Сыр  бойы  болғаны  акық.  Олай  болса  тасыған  теңіздің 
толқындары  өзімен  ілестіріп  теңіздің  тереңінен  алып  келген  асыл 
тастарын  жарға  соғып,  кейін  қайткан  жерінде  қалдырып  кететіні 
сиякты,  Сыр  бойын  XVIII  ғасырда  бастары  түйіскен  бүкіл  казақ 
халкының  алуан  түрлі  өнер  үлплері  барып  төгілген  өлке  деп 
тануымыз  қажет.  Кейінде  мекендеп  қалған  рулардың  арасынан  «Сыр 
сүлейлері» атанған  көптеген ақьін-жыраулар шығып,  бүл жердегі  елді 
«Сыр елі-Жыр елі» атандыруының тарихы негізінен осында жатыр.
Сыр  бойы  қазақ  халкының  қасы  мен  досының  арасын  айырып, 
жакын  кім,  жат  кім  екенін  танып  алуына  да  жагдай  жасады.  Қазақ 
басына қара төнген түста қолына кару алып кайрат көрсетудің орнына 
өзінің  кара  басының  камын  күйттеп,  катын  патша  Анна  Иоановнаға
55

ант беріп,  бодан  болып  кеткені  ушін  Өбілхайыр  ханды  сол  Сыр бойы 
сүлтандарының  бірі  Барақ  батыр  өз  қолымен  олтіріп,  қазақты  хан 
бүғауынан  босатты.  Сөйтіп  ата  жаумен  аянбай  алысамын  деген 
ерлердің  еркін  қимылдауына  есік  ашты.  Содан  бастап  казактың 
бүрынғы  әртүрлі  ру-тайпаларының  білікті  билері,  балуан-батырлары 
бас  қосып,  қазақ  жасақтарын  жарақтандыра  бастады.  Ол  жауынгер 
жасақтар бір ғана рудың немес бір тайпаның үлдарынан ғана қүралған 
жоқ,  туысқан  түрік тілдес  халыктардың да  ерікті  ерлерінен  қүралған 
қуатты  қол  болды.  Ол  қолдың  сапында  казақ  жауынгерлерімен  катар 
кырғыз,  қаракалпак,  түркімендер  де  түрды.  Ол  бір  қазанға  түскен 
бидай,  арпа,  тарыдай  болып  тағдыр  тауқыметін  тең  тартысып, 
қазақгармен бірге өсіп, біте қайнасып кетті.  Кейін қалмақгарды кайта 
қуған  жылдарда  да,  казақ  қолдары  өзінің  осы  интернационалдық 
негізін  жойған  жоқ.  Оған  түбі  түркістандық  төре  Абылайдың,  Үйсін 
Төле  бидің,  Қаракерей  Қабанбайдың,  Қанжығалы  Бөгенбайдың,
Қаракесек  Қазыбектің,  Шақшақ  Жәнібектің  сол  колдың  бас  штабын 
басқарғандығы  да  қазақ  қолдарының  қүрамы  интернационалдық 
болғандығына тағы бір дәлел болды.
Әрине, қазақ қолдары жеңіске бір-ақ күнде немесе бір-ақ жылда 
жеткен  жоқ.  Ақгабан  шүбырындының  басталуы  мен  қазақгың 
қалмақты  өз  жерінен  қуып  шыққанына  дейінгі  аралықта  жаргы 
ғасырдан  астам уақыт өтті.  «Елу  жылда  ел  жаңа»  дейтін  қазақтың  өз 
есебіне  салсақ,  бүл  бір  үрпак  дүниеден  көшіп,  екінші  үрпақ  дүниеге 
келіп  үлгеретін  уақыт.  Сондықтан  да  қазак  жсріне  қайта  оралғанда 
ата-қоныстарын  жақсы  білмейтін  үрпақ,  көлігі  жеткен  жерде  көшін
тоқтатып,  қолы  жеткен  жерде  қоныс  қып  отыра  салды.  Сөйтті  де 
бүрынғы  бабаларының  сүйегі  жатқан  қорған  төбелерді  көргенде 
«Бүлар қалмақ қорғаны» дейтіндер де болды.
Осылай,  ру-тайпалық  жөнімен  емес,  жауынгерлік  жолымен 
қатар  жорытып,  қанаттаса  келіп  Сары  Арқа  мен  Жетісуға  жетіп 
тиянақгаған 
қазақтар 
өздерін 
бір 
майдандық 
жауынгерлер 
мағынасьшда 
«Орта 
жүздіктерміз» 
десті. 
Қызыл 
армияның 
жауынгерлік  жарғысында:  «Сторона,  куда  обращен  боец  лицом, 
называется  фронтом»  деп  жазылғаны  сиякты,  бүрьшғы  қазақ 
жауынгерлері  де  өздерінің  бет-жүзі  қараған  жақты  «жүз»  деп  атаған. 
Оны  біз қазір «майдан» деп басқаша атап жүрміз. Ал,  ғылыми негізін 
қуаласақ,  орыс  тіліндегі  «фронтқа»  майданнан  гөрі  қазақ  тіліндегі 
«жүз»  дәлірек  келеді.  Өйткені  бүлардың  екеуі  де  бір  мағынаны  -  
жауынгердің  бет-жүзі  қараған  жақты  майдан  деп  үктырады.  Осы 
түрғыдан  қарасақ,  қазақгың  «Орта  жүзі»  -   орталық  майдан,  орыс 
тілімен  айтсақ,  «центральный  фронт»  екендігін  аңғарамыз.  Шынында
56

да  «Ақтабан-иіүбырынды»  заманында  қазақтың  ойраны  шыққан 
ортасы да осы «Орта жүз» емес еді дегі кім айта алады?
Кейін  де  осы  «Орта  жүзде»  орныққан  қазақтар  ежелгі  елдіктің 
ізін  қуалап  екі  тайпалық  одаққа  бөліністі.  Олардың  бірі  — арғындар, 
екіншісі  -  наймандар тайпасы  атанды.  Бүлардың  бірі  ғана емес,  екеуі 
де Арғын, Найман дейтін  екі  атаның кіндігінен  ғана өрбіғен үрпақтар 
емес,  жоғарыда  айтылғандай,  жоңғар  басқыншыларынан  казақ  жерін 
қайтарып  алу  жорығына  қатысқан  ру-тайпалар  мен  туысқан  үлттар 
өкілдерімен толығып  қалыптасты.  Түпкі  тектерін түбеғейлеп  қуғанда 
арғын  тайпасының  арасынан  қазақтың  ежелгі  тайпалары:  керей,  уақ, 
найман,  коңырат,  қыпшақтармен  қоса  туыстас  үлттар  қырғыз, 
қарақалпақ,  түркімендердің  де  табылғаны  осыдан.  Ал,  төлеңгітгерге 
келсек,  белгілі  бір  руға  жатпайтын  бүл  топ  ертедегі  орыс 
княздарының дружиналары сияқты, қазақ қағандары  мен хандарының 
төңірегіне топтасқан  жауынгерлер екені  мелім.  Ондай төлеңгіттер тек 
қазак  қүрамында ғана емес, түрік  қағанаттарының  күрамында болған 
түрік  тілдес  халыктардың 
бәрінде  де  бар.  Мысалы,  тувалықтар
арасында.
Осы 
арғындармен 
қанаттас 
келіп, 
қатар 
коныстанған 
Жетісудағы  Орта  жүздік  наймандықтардың  жағдайы  да  осындай. 
Оның  Қаракерей,  Садыр,  Матай  атанатын  руларының  арасында  да 
үйсін,  керей,  уақ,  қоңырат,  кыпшақ  сияқты  ежелгі  тайпалармен  коса, 
қырғыз,  түркімен,  өзбек,  қарақалпақ,  қоңыраттар да  бар.  Осылардың 
сыртында  «шала  қазақтар»  мен  қырық  рудан  қүралғандыктан
«Қырыкшата» атанып кеткен ауыл да бар.
Осы  фактілер  кейінде  екі  дай  болып  арғынбыз,  найманбыз деп
бөлінген  орта  жүздік  қазақтардың  Ақтабан  шүбырынды  заманьгада 
тағдырлас  болып  таяқты  бірғе  жескен,  калмақтарды  қазақ  жерінен 
қуған  түстарында  білек  күштерін  біріктіріп,  жау  найзасына  катар 
түрып  төстерін  тірескен  кандыкөйлек  достар,  бір  майданның 
жауынгерлері  болғандығын  күмәнсіз  көруге  болады.  Бүл  арадағы 
наймандыктар  есте  жүрген  ежелп  таипалык  ескі  тонның  етегіне 
оранғанымен,  олар  да  заман  қүдіретінің  күшімен  рулық  күрамы 
өзгеріп,  бойына  жаңа  қан  қүйылып,  жасарған  тайпалық  одак  болып 
толысты.  Ал  арғындар  болса  бүрыннан  даяр  түрған  ежелгі  ат,  ескі 
тоны болмады да заманы жасап берген жаңа шапанды жамыла салды. 
Өйткені,  «арғын»  дейтін  тайпа  орта  ғасыр  шежірелерінде  де,  одан 
арғы  жазба  деректерде  де  кездеспейтін  еді.  Шоқан  Уөлихановтың 
арғындарды жаңадан күрылған жас одақ деп түйетіні де осында.
Осы  арада «Жоңғар жорығы»  дейтін  кырғын соғысты тудырған 
агрессияшыл  саясаттың  тарихшылар  көзінен  таса  жаткан  кейбір
57

/
I
документтеріне 
де  көз  қырын  сала  кеткен  жөн  сиякгш.  Өйткені, 
қазактың 
өзінің 
жер-суына 
қойған 
географиялық 
атауын 
қалмақтардың  ХУП-ХУШ  ғасырлардың  аралығында  дүниеге  келген 
мемлекетімен  бірге  тудырып,  біте  қайнастырып  жүрген  тарихшылар 
бар.  Сол себептен ертеде «Күреңбел» деп атаған кейініректе жонында 
қысы-жазы  қар  жататындықтан  «Жоны  қар»  деп  те  атала  беретін 
Жетісудағы  жер  белесін  -   «Жоңғар  тауы»,  «Жоңғар  Алатауы»  деп 
атандырып жіберген.  Жоғарыда аталған  қалмактар мемлекетін де осы 
таудың  атымен  «Жоңғар»  мемлекеті  деп  жазып  жүргендер,  осы  екі 
«жоңғардың»  бірі  — елі  де,  екіншісі  — жері  еді  дегенге  саятын  үғым 
тастайды.  Сөйтеді  де  қазақтың  ежелгі  ата  мекен  -  алтын  қонысы 
Жетісуды  қалмақтарға  жетелетіп  жібереді.  Осыдан  барып  тарихтың 
тереңіне  үңіле  алмаған  адамдар  қазіргі  отырған  жерімізді  өзі  тегінде 
Жоңғар  қалмақтардың  жері  екен  ғой  деп  түсінеді.  Жетісу  жеріндегі 
ежелгі  зират-қорғандарды  қайсыбіреулердің  «қалмақ  қорғаны»  деп 
ауызша да айтып, тіпті газет-журналдарда жазып жүретіні де  осыдан. 
Ал бізге қазақ тарихының тазалығы қандай қажет болса,  оның жер-су 
атауларының  да тазалығы  сондай  қажет.  Сондықтан,  бүл  принциптік 
маңызы  бар  мәселеге  салдыр-салақ  қарамай,  ешбір  мән-мағына 
бермейтін  «Жоңғар,  «Жонгар»  дейтін  атауларды  жойып,  Жетісу 
Алатауын  «Жоны  қар»  деп  қазақтың  өз  тілінде  атап,  географиялық 
карталарда түзету енгізу қажет.
«Жодаар хандығы»  деген  атауға  келсек те, тарихшылардың бүл 
атаудың да  түп-төркінінен  тайып  кеткендігін  көреміз.  Ертедегі  Түрік 
қағанаттары  өздерінің  жауынгер  жасақтарын  қүрғанда  көдімгі  осы 
замандағы  майдандардың «правый  фланг, левый фланг немесе правое 
крыло, левое крыло» деп оң қанат сол қанатқа бөліп, оларды өздерінің 
табиғи  қорғану  мүшелері  -   қолдарына  теңеп,  қазіргі  «өскер»  деудің 
орнына «қол» атаған түстарында әлгі  қанаттарды  «оң қол»,  «сол қол» 
деп  өздерінің  білектерінің  қарымен  атағандары  іуралы  «Қазақнама» 
атты кітабымдағы «Қоңырат, Оңрат»  атты бөлімінде кеңірек айтылды 
сондай-ақ, осы  еңбектің бірінші бөлімінде және  айтылған еді.  Енді ол 
«оңкар»,  «солқар»  болып  атанған  жауынгер  жасақтардың  үшінші 
бөлімі  туралы  сөз  болып  отыр.  Атап  айтқанда  тылдағы,  резервтегі 
жасақ -  «соңқар» жөнінде болып отыр.
Сонау  VII—
XII  ғасырларда  қазіргі  Қытай  мен  Корея  жерлерінің 
терістік-шығысында  қалыптасқан  Түрік  қағанаттары  өздерін  Азия 
қүрлығының шығыс түпкірінде отырған  елміз деп  санап,  қарсыласып 
Қауіп  төндірер  қалың  ел  Шығыста  емес,  Батыста  деп,  бет-жүздерін 
батысқа қаратып, жауынгерлік жорықтарын да ,батыска қарай арнаған 
ғой.  Ал  бет-жүзін  батысқа  қаратып  түрған  адамдардың  қашанда  оң
58

қарлары  терістік  жаққа,  сол  қарлары  түстік  жаққа  шығады.  Осылай 
түрғанында  өз  қолдарының  шыккан  жактарына  карай,  жауынгер 
жасақгарын  «қол»  деп  атаған түрік  қағандары  оң  қолы,  яғни терістік 
жақтағы  жасактарын  «оң  қар»,  сол  қолы  жақта — түстік жақга түрған 
жасақтарын «Сол қар» деп атаған көрінеді.  Сондағы бүл екі «қардың» 
немесе  екі  қол  -   армияның  аралығын  белгілейтін  табиғи  меже  -  
Алатау  болған.  Өйткені,  тарих  жылнамаларында  бірде  «ойхоры»,
бірде  «унгираты»,  тағы  бірде  «конграты»  деп  жазылып  жүрген 
оңкырат  —  «оң  карлардың»  ізі  Алатаудың  теріскейіндегі  Жетісу, 
Арқаны басып өтіп Оралға дейін созылып жатады. Одан да өрі  Еділді 
бойлай  өтіп  Балкан  түбегіне  тіреліп  тоқтайды.  ХШ  ғасырдың  орта 
шенінде Бату ханның ағасы Орда-Еженді Жетісу жерінен кездестірген 
батыс  саяхатшылары  Плано  Карпини  мен  Гильом  Рубруктер  сол 
Орда-Ежен ханды «который был в Великой Венгрии» деп жазған. Сол 
авторлар  сол  түстағы  моңғол-татар  империясына  кірген  халықтарды 
санап  тізген  жерлерінде  башкүрттарды  да  «Великая  Венгрия»  деп 
керсеткен.  Мүнысы  арғы тегіміз  «азиялық  қүмандар,  мадиярлар»  деп 
санайтын,  қазіргі  Венгрия  халқының  «Үлы  Кумания,  Кіші  Кумания» 
деп  атайтын  ру-тайпаларының  тегінде  қазақ  жерінен  барған  халық
екенін ащ-аргады.
Сөйтіп  Алатаудын  теріскей  жағын  жағалап  Батысқа  қарай 
кеткен  «оңқарлар»  секілді  «солқардың»  да  сол  Алатаудың  түстік 
жағын  бөктерлеп  Қытай,  Ауғанстан,  Иран,  Индияға  қарай  бет  алып 
кеткені  де  тарихтан  мәлім.  Шоқан  Уәлихановтың  XVIII  ғасырдағы 
тарихи  деректерге  сүйеніп  жазған  «Жаңылдың  кырғыны»  атгы 
материалдарында  - Алатауды мекендеп отырған Қырғыздардың өзара 
«Оңгы»,  «Солты>>,  «Ішкілік»  болып  бөлінетіні  туралы  келтірген 
деректері, Алатаудың ежелгі  «оңқар»,  «солқарлардың» табиғи аралық 
белесі болғандығына куә болып түрған тарихи ескерткіш есепті.
Осылай  «онқар»  мен  «солкарлар»  батыска  қарай  бет  алып
кеткендерінде олардың артында қалған тыл  «соң кар» деп аталған еді. 
Бүл  казіргі  әскери  үғым  бойынша 
«резервный  фронт»  немесе 
«зрьергардные 
войска» 
деген 
сөз. 
Бүрынғы 
біртүтас 
Түрік 
қағанатының  күрамындағы  ру-тайпалардың  «қазақ»,  «қалмақ»  болып 
екіге  бөлініп  арасы  жіктелетіні  де  осы  түс  болар  деп  шамалаймыз. 
Өйткені,  батыс  жорықтарына  бармақгар  мен  отырған  орындарында 
калмақтар  есепке  алынып  сүрыпталғанда  бүрын  кен  қазушылық 
кәсібіне  орай  «Түрік»  атанған  тайпалар  сол  кен  қазғыштықгың 
мағынасын  беретін  тағы  да  бір  көсіби  атау  —  «қазақтар» 
болып 
«бармақтар>  сапына  түрғанда,  түркі  тілдес  емес  уақ  рулардан 
косылған  «татшылар»  — «қалмақтар»  тобына  қосылған.  Бүрьтн  тарих
59

деректерінде кездеспейтін «қалмақтар» дейтін халықтын дүниеге келу
тарихы осылай болса керек.
Кейін ХУП-ХҮІІІ ғасырларда дүниені дүр сілкіндірген «Жоні*ар 
хандығы» деп жүргеніміз осы  қалмақтар — баяғы «соңқарлар» болған. 
Сол 
«соңқардың» 
мағынасына 
түсінбегендер 
немесе 
тіл
ерекшеліктеріне  байланысты  «соңқарды»  айта  алмағандар  «соңқар» 
деген  сөзді  біресе  «сүңқара»,  біресе  «зюнгар»  деп  жазып,  мүдде 
шатастырып  жіберді.  Басқаларды  айтпағанның  өзінде  XVIII  ғасырда 
осы  мемлекетке  байланысты  мемлекеттік  акт  қағаздарын  жазған 
патша  чиновниктері  де  «соңқарды»  бүзып  жазып,  сол  түстағы 
императрицалар  Анна  Иоановна  мен  Елезавета  Петровналарға 
«зюнгар»  деп  таңбалаған  жарлықтарға  қол  қойғызды.  Міне,  XVII 
ғасырда  қазақтарды  аты  шулы  «Ақтабан  шүбырынды»  еткен 
«жоңғарлар» дейтіндер осы «соңқарлар».
Енді  о  баста  бір  қағанаттың  шаңырағы  астында  біріккен,  бір 
бөлігі  жаугершілік  жорыкгарға  аттанғанда,  екінші  бөлігі  оның 
артында  қалған  арқа  сүйер  бөлігі  ретінде,  қазіргі  үғым  бойынша  бір 
армияның  майдандағы  бөлімдері  мен  оның  тылдағы  резерві  секілді 
болып екіге бөлінген, қазақтар мен қалмақтардың бара-бара екі дай ел 
болып  қалыптасып  кеткеніне,  ақырында  бірін-бірі  қырып-жойған 
соғыстарға душар  еткен  себеггхерге  де  аз  тоқталып  өтейік.  Сонау  VI- 
VII  ғасырлардан  басталған  «оңқар»,  «солқарлардың»  Батысқа  қарай 
бағытталған  жаугерші дігі  көп  жылдарға  ғана  емес  көп  ғасырларға 
созылды. 
Басында 
Құтылығ, 
Білге 
қағандар 
бастап 
кеткен 
жорыктарды  Білге  қаған  өлген  соң  Түрік  мемлекетін  басқару  билігін 
күшпен  тартып  алған  «оңқардың»  Бас  қолбасшысы,  түрколог 
ғалымдардың  қазіргі  айтып  жүргендері  бойынша  «Моюнчор»  деп 
аталып  жүрген тасқа жазылған  өз  сөздері  бойынша  «Оңра  біңі  басы» 
болған,  кейін  қарадан  шығып  хан  болғандықтан  казактар  оны 
«Қарахан»  атандырған.  Осы  ханның  түсында  әлгі  жорықтар  тағы 
жарты 
ғасырдан 
астам 
уақытқа 
жалғасты. 
Мүнан 
соң 
қарақытайлықтардың «Оғүз-қағаны»  жалғастырған жорықтар тағы да 
үш ғасыр бойына тынбады.
Осы  арада  «Оғыз  каған»  туралы  да  түсінік  бере  кету  парыз
сиякты.  Өйткені,  дүниежүзілік  тарихта  да,  қазақ  тарихында  да  осы 
«Оғыздың»  сыры  ашылмай  жүмбақ  күйінде  қалған.  Агап  айтканда 
қарақытайлардың  алғашқы  қағаны  бүгінгі  қытайлықтардың  бүрынғы 
жылнамаларынан  алынған  дерек  бойынша  «Елюи  —  Даши»  деп 
жазылып  жүр.  Ал  сол  қытайлықтардың  «Елі  Абақгар»  деген  сөзін 
«Елюй Апоки» деп жазғаны  сиякты,  мүнда да  «Елюй Дашысы»  казақ 
тілімен  айтсақ «Ел үйыташы» — Ел үйытқысы»  болып  шыға келетінін
60

тарихшылар  аңғармай  жүр.  «Уыздай  үйып  түрған  елімді  іркіттей 
ірітгің»  дейтін  қоғамдық  күбылысқа  қатысы  бар  ескі  сөздерді  еске 
түсіретін  болсақ,  қашан  да  мал  сүтімен  күн  көрген  көшпелі  де, 
бақташы  казақгардың да сүйық сүтті біріктіріп қоюлататын үйытқы -  
уыз екенін жақсы білген ғой!  Сондықтан да сүйьж сүтті үйытатын уыз 
сиякггы  ел  бірлігіне үйыткы  болатын  адамдарды да «уыз»  деп  атаған. 
Сол бүгінгі «уызымыздың ескі атауы «оғүз» болған. Осыған үлкен бір 
дәлелді  аты  шулы  Оғүз  қағанның  ерлік  істерін  дөріптеуге  арналып 
жазылған  «Оғызнама»  кітабынан  табамыз.  Онда  Оғүз  туғанында 
«анасының оғүзына бір рет  тойды да,  әннен кейін  ембей  койды» деп 
жазылған.  Осыны  жазған  автор  Оғыз кағанға қойылған  «Оғүз» деген 
ат оның туғанында анасының уызына тойған деген мағынада берілген 
демекші.  Бірақ оның бүл пайымдауы реализмнен  гөрі  идеализмге бой 
үрғандык,  өйткені  анасының  уызына  бір  тойған  соң  қайтьш  ембей 
кетіп  есейетін  бала  адамда  жок,  сондай-ак  жануарлардың  да  ондай 
төлдері  жоқ.  Сондыктан да «Оғүзнама»  авторының мадактап отырған 
кағанға  мүндай  ат-атактың 
калай  берілгенін  өзі  де  анық  білмей, 
«Оғүз»  деген  ат,  неғылса да,  оның  анасының  уыз  сүтіне  байланысты 
қойылған  шығар  деген  топшылауы  болар  деп  ойлаимыз.  Сондай-ақ, 
бүл  шығарма  «Оғыздың»  халық  билігін  қолына  алған  түсы  X 
ғасырдың  бас  кезі  емес,  одан  көп  кейін  XI  ғасырдың  айналасында 
жазылғаны  аңғарылады.  Бізге  бүл  кітаптың  ең  күнды  жері  — біздің 
бүгінгі  «уызымызды»  бүрынғы  бабалары мы зды ң  «Оғыз»  деп 
айтатындарын  аныктап  бергендігі.  Мүның  өзін  тарих  сырлары 
сакгаулы  жатқан  жүмбакты  сандыктардың  бірнешеуін  ашуымызға 
жәрдемдесеті н  таптырмайтын  тамаша  кілт  десек  те  болады.  Сол 
кілттің  көмегімен  тарихшылар  танымай  келген  «Елюй-Дашының» 
қазақтар  қойған  «Ел  үйыташы»  екенін,  «Оғыз  қаған»  дегеннің 
қазактардың  ел  үйытқьісы  болған  «Уыз  каған»  деген  атауларының 
алыста  қалып,  адасып  жүрген  атаулары  екенін  ашып  отырмыз. 
Орхондағы  Білге  қағанның  ескерткіш  тасына  жазылған  «тоғыз 
оғыздар»  сыры туралы  да ой-пікір түюімізге  бүл  кілтгің септігі  тиері 
сөзсіз.  Мәселен,  «оғыз»  дегеніміз  «уыз»  болса,  сол  уыздың  адамдар 
өмірінде  беретін  мағынасы 1  «уыздай  үйыған  береке-бірлігі  мықты» 
деген  сөз.  «Сөйлегенде  адамдарды  үйытып  өкететін»  шешендерге 
айтылатын  сөздер  қазак  халкының  сонау  ерте  заманда-ақ  тапкыр 
сөзімен, 
тамаша 
идеясымен 
тыңдаушыларын  үйытып,  халық 
бүкарасын  өз  төңірегіне  топтастыра  білетін  адамдардың  саналык 
қасиетін  сүйық  сүтті  кою  ғып  үйытатын  уыздың  табиғи  қасиепне
үқсас деп үққанын аңғарамыз.
61

Осы  үғым түрғысынан  қарасак,  Білғе  қағанның  ескерткішіндегі 
тоғыз-оғыздар 
заманында 
береке-бірлігі, 
үйымшылдығы 
бар, 
басқаларға  үлгі  өнеге  боларлық  тайпалар-ау  деп  шамалаймыз. 
Өйткені,  Түрік  қағанаттарының  дәуірлеп  түрған  түстарында  арқа 
сүйегені  негізгі  осы  «тоғыз-оғыз  боданы»  ғой.  «Тоқыз-оқыз  бодан 
а т ш қ   ерті»,  дейді  Білге  қаған.  Демек,  бүрын  малшылықпен  емес, 
кеншілікпен  кәсіп  еткен  жаяу  да  жарлы  түріктер  осы  тоғыз- 
оғыздармен одақгасқан  соң солардың аттарын  мініп алыс жорықтарға 
аттана  алған  ғой.  Бүрынғы  замандарда  ат  қүны  ер  қүнымен  бірдей 
екені бекерден бекер емес-ті.
Кейін  XII  ғасырда  Шыңғысхан  жасақгары  көтерген  «Тоғыз 
тудың»  астында  топтасқан  үйымшыл  тайпалардың  түп-төркіндері 
сонау  VIII  ғасырда  түріктермен  туысып  кеткен  «тоғыз-оғыздар» 
«тоғыз арыс түріктер» емес пе екен?
Ал, VIII ғасырда тасқа жазылған «Оғыз» кейін «Уыз» болып сәл 
ғана өзгергенімен о бастағы «үйытқылық» мағынасын осы күнге дейін 
жоғалтқан  жоқ,  қайта  халқымыздың  күн  сайынғы  өмірі  мен 
тіршілігінің  үйытқысы  болып  отырған  партия,  кәсіподақ,  комсомол 
үйымдарының табиғи  рөлі  сияқгы  халық  бүқарасының  басын  қосып, 
бірлігін 
нығайтатын 
үйытқысы 
екендігін 
көрсететін 
тарих 
қазынасынан  аса  қымбат  символикалық термин  сөз  болып  ойымызға 
да,  бойымызға  да  сіңісіп  кетті.  Біздің  тарихи  әдебиеттеріміздегі
«Елюй-Дашы» дейтін ж\мбақтың шешуі осы! 
V -
Сонымен ел үйытқысы Уыз ханы бар қарақытайлықтар түсында 
да тынбаған  жаугершілік жорықтар ХІП  ғасырдың басында  мемлекет
билігін  қолына  алған  Шыңғыс  хан  түсында  одан  әрі  жалғасып,  тағы 
екі жарым ғасырға созылды.
Осы  жорықтарда  бүрынғы  «оңқарлықтардың»  қартайып  жасы 
жеткендері 
ажалынан  өлді. 
Жауынгерлерінің  талайы 
қырғын 
үрыстарда  қырылды.  Қалғандарының  көбі  башқұрт,  татар,  ноғай, 
қүман,  қүмық,  балқар,  қарачай,  черкес  атанған басқа хапықтар болып 
қалыптасты.  Енді  бір  бөліктері  әзірбайжан,  түркімен,  өзбек, 
қарақалпақ,  кырғыз  халықтарының  қүрамын  толықгырып  қалды. 
Солардан  қалған  азғана  тобы  XV  ғасырдың  орта  шенінде  ғана 
«қазақтар»  атымен  қайта оралып  келіп  өз  алдына хандық  қүрды.  Ал, 
«солқарлық»  Қүбылай  мен  Қүлағудың  жасақтарынан  ешкім  оралып
қайтпай, сол өздері жаулап алған жерлеріндегі халықгармен араласып 
сіңіп кетті.
Бүл  замандарда  орындардан  козғапмаған  «соңқарлық»  үсақ 
рулар  өсіп-өніп  сан  жөнінен  көбейді.  Өз  қоныстарына  симағандары 
батысқа қарай  сырғып  кеткен «оңқар»  мен «солқарлық» тайпалардың
62

бос  қалған  қоныстарына  келіп,  кең  жерлеріне  қанат  жайды.  Бүрын 
Түрік  қағанатгарының  орталығы  болған  орындарды,  Елтеріс,  Білге 
қағандардың  сүйектері  жерленген  Орхон,  Енесей  өзендері  өлкелерін 
артқа тастап,  қайсыбір  қалмақ таулары  Алтайды  аггтап өтіп  Арқа мен
Жетісуға да келіп жетті.
Алтын  Орда  хандарының  қакпанынан  күтылып  қайта  оралып 
келген  қазақтардың  ата  қоныс  —  алтын  бесігін  иеленіп  бауырына 
басып  алған  қалмақгар  Арқа  мен  Жетісудай  мол  суат,  кең  өрісті 
жерлерді  өз  еркімен  тастап  кеткісі  келмеді.  Ал,  «Ата  қоныс — Алтын 
бесігіміз-ай!»  —  деп  аңсап  келген  қазақгар  Арқа  мен  Жетісудан 
калмактарды қуып шықпай тынбауға бел байласты.
Осылай  басталған  жер таласы  үстіне  дін  таласы  келіп  қосылды 
да,  казак  пен  қалмактарды  «өліспей  беріспейтін»  қырғын  үрыс 
соғысгарға итермеледі.
Баяғы  Түрік  кағанаттарының  қуатты  күштері  үш  қарға  бөлініп, 
олардың  «оңы»  мен  «солы»  батысқа  сырғып  кеткенінде  олардың 
соңында  калған «соң қар» әртүрлі  үсақ рулардан  қүралғандықтан көп 
үзамай-ақ  касындағы  қуатты  Қытай  империясының  ықпалына  түсіп, 
олардан  будда  дінін  кабылдаған  болатын.  Қазақ  жеріне  келіп
қоныстанған  қалмақтар  сол діннің уағыздарын  да өздерімен бірге ала 
келіп,  әр  жерге  ғибадатханалар  салдырды.  Солардың  ірілері  Зайсан, 
Ертіс жағасына салынған  Будда монастырлері  еді.  Өзбек хан түсында 
Ислам  дінін  қабылдап,  «мүсылман»  болып  Орта  Азиядан  оралған 
қазақтар  қалмактарды  -   «дінсіз  кәпір»  деп  жариялап,  олардың 
ғибадатханалары  мен  монастырлерін  талқандады.  Содан  қалған 
материалдык  дәлелдің  бірі  — Семей.  О  баста  бүзылып  қалған  жеті 
күрылыстың қабырғаларын  көрген  алғашқы  орыстардың «сем  палат» 
деп  атауымен  «Семипалатинск»  атанып  кеткен  Ертіс  жағасындағы
қала.
Осылай,  жер  үшін  де,  дін  үшін  де  өзара  кырқысып  жатқан 
қазақтар  мен  қалмақтарды  арашалап  арасына  түсіп,  ажыратудың 
орнына,  оларды  «ірит-қошықтап»  бірін-біріне  айтақтап  отырған 
императорлар  да  болмай  қалған  жоқ.  Атап  айтсақ,  Шығыста  Қьггай 
Богдо  ханы  «Соңкар»  ханы  Галдан-Цереннің  колтығына  су  бүркіп, 
«мен  саған  қол  да,  қару  да  беремін»  деп  қалмақтарды  қазактарға 
айдап  салса,  Батыста  Орыс  императрицасы  Анна  «мен  сені 
қорғаймын» деп қазақтардың ханы Әбілхайырды өзіне «бодан» қылып
алды.  Бірак ол Әбілхайырды  калмақтардан  қорғаған жоқ, қазакгардан 
қорғады.
Жайыктың жағасынан жай салдырып беріп, Әбілхайырдың кара
басын  корғауға казактардың  бір полк  әскерін  күзетіне  койғызды.  Ал,
63

қалмактармен  қанға  оатысып  жатқан  қазақтарға  титтеи  де  көмек 
көрсеткен жоқ. Оның үстіне Аннаға ант беріп,  империялык саясатгың 
қақпанына  түсіп  қалған  Әбілхайырдың  өзі  де  бір  басқан  батпағынан 
шыға  алмай  шырмалып  қалды.  Оны  бүрын  «хан  еді»  деп  қадірлеген 
болғанымен, халқынан айрылған Әбілхайыр өлген өгіздің қара тулағы
ғана болып қалды.
Ханы осылай қақпанға түссе де қара халық ол қақпанға түспеді. 
Хансыз қалып,  қансырап  жатса да,  қазактар  қалмактарға қарсылығын 
тоқтатқан  жоқ.  Қайта  қатарларын  түзеп  қайратгана  түсті.  Ойткені, 
қалмақтардың  айтқанына көніп,  айдауында жүре  берсе,  «Ата  мекен — 
Алтын  бесігін»  қайтарып  алу  былай  түрсын,  қазақтардың  «қазақ» 
атымен халық болып қалуының өзі  екі талай болып тарих таразысына
тартылды.
Осындай  үлт  басына  үлы  күн  түскен  заманда  казақ  қауымы 
өзінің  досы  мен  қастарының  арасын  ажырата  білді.  Етекке  оралған,
_
 а  *  
'
аяққа түсау болған бөгеттерді алып тастап, «үлт азатгық күресіне» бел 
шешіп  шықты.  Осы  орайда  халық  азаттығы  қамымен  емес,  қара 
басының  ғана  қамын  жеп  қатын  патшаның  етегіне  барып  тығылған 
Әбілхайыр  ханды  майданнан  қашқан  дезертир  есебінде  1748  жылы 
қазақгардың  өздері  өлтірді.  Сол  өлген  Әбілхайырдың  орнына  оның 
үлы  Нүралы  хан  болады  деп  Жарлык  жариялаған  Анна  Иоановна 
«Әкемді өлтірген Барак  еүлтаннан кек алуыма көмектесіңіз» деп әскер 
сүрап  барғанда,  Анна  бір  солдат  та  бермей,  Нүралының  тілегін  де 
ескерусіз қалдырды.
Осының  бәрі  тегіннен-тегін  емес,  терең  сыры  бар  астарлы 
саясаттың  көзге  түскен  көріністері  ғана  еді.  Ал,  осы  көріністердің 
көлеңкесінде  тырнағын  бүгіп  жатқан  зымияндық  жатыр  еді.  Атап 
айтқанда  ақ  патша  мен  Қытай  Богда  ханы  арасында  1727  жылы 
Буруньда, 
1728  жылы  Қияқтыда  жасалған  жасырын  келісім- 
трактаттар  бар  еді.  Бүл  келісім-трактаттардың  негізінле  баяғы  «бөліп 
ал  да,  билей  бер»  деген  импералистік  саясат  жатқан-ды.  Азия
қүрғақтығының  көп  жерін  алып  жаткан  қазақтар  мен  қалмақта рдың 
өзара  қақтығыстарын  қайрай  түсіп,  бірін-біріне  айдап  салу  арқылы 
атыстырып-шатыстыру,  күшіміз  кем  дегендерге  «кемекші»  болып 
көріну,  сөйтіп  әбден  өлсіреген  түстарында  басына  пана  болғансып 
«бауырына баса қою»  сияқты тамыры тереңде жатқан зымияндық бар 
еді.  Өзінің  тарихи  үқсастығы  жағынан  Бурунь,  Қияқты  іселісімдері 
Герман  фашистерін  Кеңес  Одағына  қарсы  айдап  салған  Еуропалық 
империалистердің  1939  жылғы  Мюнхендегі  келісімдері  сияқты  едк 
Өйткені,  Мюнхен  келісіміне  шырмалған  Гитлер  мен  оның  фашистік 
досы Муссолинидің авантюристік соғыстар ашқаны үшін  өз бастарын
64

жойып  тынғандары  секілді,  Қиякты  келісіміне  шырмалған  Галдан-
Серен  де,  Әбілхайыр  хан  да  өз  бастарын  жойып  тынды.  Онда да  қан
майдандағы қырғын үрыстың үстінде емес, екеуі де хан тағында бірі -
Қытай  императорының күзетінде, екіншісі -  орыс императрицасының
күзетінде  жүрғен  түстарында  ақ  ажалдарынан  емес,  адамдардың
колынан  өлгендері  мәлім.  Сондай-ақ  екінші  дүниежүзілік  соғыста
Кеңес  Одағының  жеріне  басып  кіріп  ағрессияшыл  соғыс  бастаған
фашистік  Германияның  ақырында  өзі  талқандалып  тынғаны  сияқгы,
XVIII  ғасырда  ағрессияшыл  соғыс  бастап  қазақгарды  «Ақтабан
шүбырындылыкқа»  үшыратқан  «Соңқар»  мемлекетінің  де  ақырында
талканы шығып, жер бетінен жоғалып тынғаны  мөлім.
Біздің  бүл  тақырыпқа  кеңірек тоқгалып  отырғанымыз  себепсіз
емес.  Біріншіден,  біздің  тарихи  өдебиеттерімізде  Қазақтың  «Ақтабан 
шүбырындыға»  үшырау  себептері  толық  талданбаған  такырып. 
Екіншіден,  Қазактың  «Соңқар»  басқыншылығына  қарсы 
«Үлт 
азаттык  күресіндегі»  хандар  мен  кара  халыктың  алар  үлестерінщ 
аралары  ашылып  таразыға  тартылмаған.  Үшіншіден,  қазақ  пен 
қалмақтың  арасындағы  жарты  ғасырдан  астам  уақытка  созылған 
қырғындардың  отына  май  күйып  отырған  Қытай  Богдо  ханы  мен 
Орыс  патшасы  үкіметтерінің  империалистік  саясаттары  толық 
ашылмай,  «жабулы  қазан»  күйінде  қалған.  Осылардың  салдарынан, 
«Актабан 
шүбырынды» 
заманы 
тақырыбына 
калам 
таргқан 
тарихшылар  мен  жазушылардың  біразы  оң  мен  солды  шатастырып, 
аққа  күйе  жағып  «қара»  деп,  қараны  боямалап  «ақ»  деп  жазып  жүр. 
Мысалы,  Әбілхайыр  ханның  1731  жылы  орыс  императрицасы  Анна 
Иоановнаға  ант  беріп  «бодан»  (поддан)  болған  фактісін  сол  кездегі
үлг-азаттық  күресінің  мүддесі  позициясынан  қарамай,  ханның  қара 
басы,  камы  позициясынан  карап  бағалаған  адамдар  Әбілхайырдың 
басында  жок  қасиеттерді  қолдарымен  жапсырып,  оны  мақтап  жер- 
көкке сыйғызбаған том-том кітаптар бастырып шығарды, мемлекеттің 
толып  жатқан  каржысын  алып  калталарына  салды.  Сөитіп  тарихты 
бүрмалады,  халыкты  алдады.  Өйткені,  олар  XVII  ғасырдағы  орыс
императорларын  үлы  орыс  халқына  балап,  Әбілхайырдың  Аннаға
берген антын бүкіл казақ халкы берген ант еді десті.
Ал  қазак  халқының  Әбілхаиырдың  артынан  ермегенін,  өзінің
үлттык  азаттығын  Әбілхайырсыз-ак  жеңіп  алғанын,  ал  Әбілхайыр
болса,  озінің  сол  антынан  ажал  тапқанын  көрсетпей,  көмескі
қалдырды.  Сөйтіп  «өлгендер  қайта  тірілмейді,  өтірік  айттьш  дер
ешкім жок» деп көзжүмбайлыққа салынды.
Ақ  жіппен  көктелген  кара  жамаудың  көзге  түртіп  көрініп
түратьшы  сияқгы  өдемі  сөздермен  өсіреленіп  жазылған  өтірік  те
65

өрескелденіп түрады.  Мысалы,  Әбілхайыр ханды әсірелеу сөз бояуын 
аямай 
баттастырған 
қайсыбір 
жазушылар 
«Ақтабан 
шұбырындылыққа»  ұшыраған  қазақтың  Үш  жүзі  бірдей  билері  мен 
батырларын  шаптырып,  Әбілхайырдан  қазақ  жасақтарын  бастайтын 
«сардар»  бол  деп  тілек  қойды  деп  жазды.  Осының  өзінде  ғана  ірі-ірі 
үш  өтірік  жатыр.  Бірінші,  ол  кез  -   қазақгардың  Үш  жүзі  бірдей  бас 
қосып  бір  ханның  ғана  қол  астына  қарап  түрған  тұсы  емес.  Атап 
айтқанда, қазақтың ең ірі қабырғалы елі Үлы Жүздің Хиуа хандығына 
қарап, өз іштерінен датқа сайлап  алып, Алатаудың алтын  қойнауынан 
аумай,  азғын-тозғынға  үшырамай  отырған  түсы.  Сол  себептен  Үлы 
жүздің  Кіші  жүз  ханы  Әбілхайырдың  алдына  барып  тізе  бүгіп,  тілек 
білдіретіндей  жөні  жоқ  еді.  XVIII  ғасырда  Хиуа  хандығында  болған 
Үлы  жүз  қазақтарының  кейін  XIX  ғасырдың екінші  жартысының  бас 
кезінде  Алатауды  Шоқан  аралаған  түсына  дейін  Қоқан  хандығының 
қүрамында  болып  келгені  тарихи  факті  ғой!  Екінші,  қазақ  қазақ 
болғалы  өзінің  қол  басшыларын  «сардар»  деп  атап  көрген  жоқ. 
жүзбасы,  мыңбасы,  түменбасы,  қолбасы,  тубасы  деп  атап  келген 
қазақтарға  сарттардың  тіліндегі  «сардарды»  жамап  жапсырды. 
Үшінші,  Әбілхайырдың өзі  бүкіл  қазақ қадірлеп  тұрған  хан  екені  рас 
болса,  онда  қазақтардың  оның  алдына  барып  «ағатай,  сардарымыз 
бол»  деп  тізе  бүгіп,  тілек  білдіретін  не  жөні  бар?  Хан  болған  соң 
халықтың  қамын  ойлау.  оның  қорғаны  болу  бірінші  міндеті  емес  пе? 
Баяғы  Елтеріс  қаған,  Білге  қаған,  Шыңғыс  хан,  Бату  хандардың  бәрі 
де  ең  алдымен  үрыстарда  қолбасы  болғандықган  халық  оларды  хан 
көтерген  жоқ  па  еді?  Әлде  сардардың  дәрежесі  ханның  дөрежесінен
арты қпаеді? 
*  - 

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод
transactions -> Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет