Технологиялары



жүктеу 34.17 Kb.

Дата15.09.2017
өлшемі34.17 Kb.

КОЛЛЕДЖДЕГІ ОРЫС ТІЛДІ АУДИТОРИЯЛАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 

    

Н.Қ.Сұлтанова  

Орал қ. 

 

Бүгінгі  таңда  өзге  тілді  аудиторияларда  мемлекеттік  тілді  меңгерту  өзекті  мәселелердің  бірі 

болып отыр. Осыған орай студенттерге тілді оқытуға жоғары талаптар қойылуда. Ауызша тілімен қатар 

жазба тілін, сауаттылықтарын жақсарту басты мақсат болып отыр. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат 

- жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және өзгерістерге, өмір сүруге бейім, 

өзіндік  ой-толғамы  бар,  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Осыған  байланысты  студенттердің 

шығармашылық  әрекетін,  білімді  өздігінен  ізденіс  арқылы  табудың  жолын,  жалпы  педагогикалық 

принциптерді  басшылыққа  алу  біліктіліктерін  көтеру  мәселесі  қойылып  отырғандықтан,  білім  беруді 

ұйымдастырушы-оқытушы  мен  білім  алушы-студенттер  арасындағы  қарым-қатынас  дәрежесі  мүлдем 

басқаша  жаңа  деңгейге  көтерілуі  тиіс.  Осының  негізінде  оқыту  әдістері  мен  оқу  әрекеттері  түрленіп, 

жұмыстың  құрылымы  да,  мазмұны да,  оны  ұйымдастырудың  педагогикалық-психологиялық  мақсаты 

да кешенді түрде өзгеріске ұшырады. 

Қазақ  тілі  сабағы  әрі  тартымды,  әрі  қызықты,  әрі  сапалы  болуы  әр  оқытушының  өзіне,  білім 

деңгейіне,  кәсіби  шеберлігіне  байланысты.  Оқу-тәрбие  негізі-сабақ.  Сондықтан  сабақ  тартымды, 

әсерлі,  мақсаты  айқын,  қызықты  және  толық  мәнді  болуы  тиіс.  Ол  -  сонымен  бірге  басқа  ұлт 

студенттеріне  қазақтың  әдебиеті  мен  мәдениетін,  ғылымын,  өнерін,қазақ  халқының  салт-дәстүрін 

насихаттайтын пән. 

Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын  нақты  белгілеп  алмайынша  көздегеніне жете 

алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. 

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда  

өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары: 

-жағымды психологиялық орта жасау

- студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру; 

- ақпараттық -коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету; 

-ақпараттық-коммуникативтік технолгиялармен орындалатын жұмыстардың проблемалық 

болуы; 


- проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге үйрету; 

- кез-келген проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешуге бейімдеу; 

- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру; 

- пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру

- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, 

шығармашылықпен орындауға үйрету; 

- студенттердің бірлескен таным процессіне белсенді араласуына мүмкіндік жасау; 

- студенттердің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе 

талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау; 

- студенттерге өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін орта құру; 

Жоғарыда айтылған  мақсатқа жету үшін оқытушының  әрекеті: 

- сабақтың  тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы

- негізгі мәселені бөле көрсетуі; 

- материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы; 

- студенттермен тең  құқылы түрде қарым-қатынас жасай білу; 

- өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну; 

- әр пікірді, идеяны тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу; 

- ерекше идеяларға қолдау жасап отыру

- жағымды (позитивті) және конструктивті көзқарас ұстану; 

- сабақта ақпараттық-коммуникативтік технолгияларды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар 

енгізіп отыру; 

- студенттермен жеке жұмыстар жүргізу үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы 

берілуі; 

- бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы; 

- осы нәтижеге жеткізетін -сабақтың жүйелігі. 

Сабақта  жаңа  технология  ретінде  ақпараттық  технолгияны  пайдалану  сабақтың  тиімділігі  мен 

уәжін  арттырып,  білім  берудің  табысты  болуына  оң  ықпалын  тигізері  сөзсіз.  Ақпараттық 

технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда - студент өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең 

дәрежеде  ұстай  алады.  Қазақ  тілі  сабағында  ақпараттық  технологияны  енгізу  арқылы  сабақтың 


белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, студенттің 

өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады.  

Сондықтан  сабақта  ақпараттық  және  коммуникативтік  технологияны  кеңінен  пайдалану 

үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы қазақ тілі 

пәні болсын, басқа пәндер болсын ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы 

әртүрлі сабақтарға әзірлемелер дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды 

әрі  қызық  болатыны  анық.  Мұндай  сабақтар  студенттерді  басқа  әлемге,  ақпараттар  әлеміне,  тарту 

арқылы  сол  әлемді  өз  көзімен  көруге,  көргенін  курстастарына  жеткізу  барысында  тіл  дамыту 

мүкіндігіне ие болады. 

Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару  - қазақша сөйлеуге үйренудің 

тиімділігін арттырып, студенттің ойлау қызметін белсендіреді. Тіл үйрену қабілеті төмен студенттердің 

өзі де компьютерден берілген тапсырмалар арқылы сөйлеуге, ойын қазақша жеткізуге тырысады. Яғни, 

ақпараттық технология - оқу орындарында білім жетілдіруші құрал. 

Мысалы: бастауыш топтарда - интернеттен алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде 

пайдаланып, әр түрлі жаттығулар құрастыру арқылы студенттердің сөйлеу дағдысын қалыптастыруға; 

шағын  ертегілер  мен  әңгімелерді  тыңдату  және  оқыту  арқылы  тіл  дамытуға,  сонымен  қатар 

материалды  таңдау  мүмкіндігін  студенттердің  өзіне  беруге  болады.  Студент  материалды  іздеу 

барысында әртүрлі мәтіндерді оқып, оны түсінуге тырысады. Жалғастырушы топтарда -жаңалықтарды 

көріп,  тыңдату,  тыңдаған  жаңалықтары  бойынша  пікір  алмасу  және  сызбалар,  ойындар,  кестелер, 

слайдтар, грамматикалық тапсырмалар «Актив студио» бағдарламасы арқылы пайдалану өте орынды. 

Замануи талабына сәйкес студенттер өз бағдарламасын, жобасын құруға, презентациялар құрастыруға 

материалдарды  тіл  дамыту  жұмыстарына  пайдаланады.  Осы  материалдар  көмегімен  төмендегідей 

жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады. 

Компьютерлер  мен  интерактивті  тақтаны  оқушылардың  тілдік  құзіреттілігін,  шығармашылық 

потенциалын  дамыту  құралы  ретінде  пайдалану  интеллектуалдық,  эстетикалық  және  ақпараттық 

сауаттылығын  арттыруға  көмектеседі,  ал  көрнекі  құрал  ретінде  пайдалану  оқу-танымдық  үрдіс 

тиімділігін  арттырады.  Қазақ  тілі  сабағында  ақпараттық  технология  арқылы  берілетін  білім  оқу 

материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша 

тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді. 

Ақпараттық  технологияны  қолдануда,  әдетте  шынайы  өмірлік  жағдайлар  келтіріліп,  бірігіп 

шешу  мәселелері  ұсынылады,  рольдік  ойындар  пайдаланылады,  білгірлігінің  қалыптасуы  барысында 

жеке  белсенді  позициясын  қалыптастыруға  жағдай  тудырады,  қарым-қатынас  дағдыларын 

орнықтырады,  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйретеді.  Демек,  ақпаратты  технологияны  пайдалану  оқу 

үрдісіне  енгізу  тіл  үйретуде  тиімді.  Сабақ  барысында  ақпараттық  технологияны  қолданудың  жақсы 

жақтары: 

-Түрлі-түсті  иллюстрациялар,  ұлттық  музыка,  анимациялар  есте  сақтау  процесі  үшін  тиімді. 

Мысалы: «Киіз үй» тақырыбы сабағында студенттерге слайд арқылы әр түрлі киіз үйлерді көрсетемін, 

оның  тігу жолдарын, осы  тақырыпқа  байланысты студенттер әр түрлі жаттығулар интерактивті тақта 

арқылы  орындайды.  «Ұлттық  музыкалық  аспаптар»  тақырыбына  байланысты  «Актив  студио» 

бағдарламасы  арқылы  ұлттық  аспаптарымен  таныстырамын,  ұлттық  музыка  тыңдалады,  студенттер 

аспаптардың түрлерімен танысады. 

-Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым, 

айтылым. Мысалы: өзге  тілдегі студенттер компьютер арқылы әр түрлі жаттығулар орындайды, 

сөйлем құрастырады,   сөздік  арқылы сөз қорын байытады. 

-Әр сабақ төмендегілерді қамтиды: 

-компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас, 

- бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды 

машықтандырғанға дейін меңгертіледі. 

-Компьютер  студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырады. 

-Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты 

байланыстырады. 

-Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік сауаттылығы

шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады. 

Қорыта  келе    айтарымыз  -  ақпараттық    технологияларды  оқу-тәрбие  үрдісінде  тиімді  қолдану 

оқытушылар жұмысын өнімді, нәтижелі, ал студенттерінің білім алу әрекетін мәнді, қызықты, айдалы 

етеді. 


 

Әдебиеттер 

1.Қазақстан мектебі.2008ж. №6. «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі» 

2.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 .«Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану 

тетіктері» 

3.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11. «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық 

ұстанымдары» 

4.Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 .«Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері» 

5.Дюсебаев С., Байтилеуова Г., Кошкари А., Боранбаева  Г. Қазақ  тілі. 8 сынып. Алматы: 

Мектеп, 2008. 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал