Техникалық және ауылшаруашылық салалары бойынша арнайы пәндер әдістемелік бірлестігі Дайындаған: №16 колледждің өндірістік оқыту шебері Алтаев Нұрғали



жүктеу 19.69 Kb.
бет1/6
Дата23.01.2022
өлшемі19.69 Kb.
#16818
  1   2   3   4   5   6
Документ Microsoft Word

Техникалық және ауылшаруашылық салалары бойынша арнайы пәндер әдістемелік бірлестігі
Дайындаған: №16 колледждің өндірістік оқыту шебері Алтаев Нұрғали 

 

Ішкі әрлеу жұмыстарының технологиясы



1. Ішкі әрлеудің негізгі жұмыстары;
2. Сылақ жабындарын жөндеу;
3. Сырлау жабындарын жөндеу;
4. Жұмыс өндірісіндегі жұмыс сапасын  және техника қауіпсіздігін бақылау.
  
Ішкі әрлеудің негізгі ақаулары мен олардың пайда болу себебі:
- ылғал бөлмелердегі сылақ қабаттасуы, түсулер, сыланған беттердің ластануы, «дутиктер» (мех. зақымданулар, қабырға деформациялары, бет ылғалдануы).
- плитканың қабырғадан түсуі, плитканың бетінің зақымдалуы, қабырға шөгуі, конструкция вибрациясы, жылыту приборларынан шапшащ температуралық толқындар.
- сырлау жабынынң қабыршақтануы, жарылуы, түсінің өзгеруі, сыр бетіндегі шаңдану және күйелену.
Ішкі қаптаудың экспликациясы және ақауларды жою тәсілдері келесі түрде орындалады:
-   бөлмелердің ішкі қаптаулары еден, қабырға, ара жабын, ара қабырғаларды тексерумен қатар орындалады;
- сылақтардағы жарықшаларға, тесіктерге, ойықтарға, бояу қабаттарының түсуіне және қаптаудың беткейге жату нағыздығына  назар аударылады;
-  бұзылған учаскелерді жаңа сылақпен ауыстырады. «Дутиктерді» бұзылған орындарды тазалау және ерітіндімен бітеу арқылы жояды;
-  ертедегі әк және желімдермен ластанған беттерді,  сулап толық тазалайды;
-  ескі майлы сырмен жабылған беттерді әлсіз қабаттардан шпательмен тазартып, ал берік қабаттарды жылы сабынды, соңынан таза сумен жуып, тазалайды;
-  әк қабыршақтанған учаскелерді қырып тастап, алдын-ала грунттап, жаңадан сырлайды;
- майлы бояудағы тат және күйенің дақтарын қырылып алынады (бояу қабатымен), содан дақтардан тазартылған аудандар купороспен жағылады  немесе  қапатты қайта калпына келтірумен спирртік лак жағылады;
- боялған беткейлерді бөлмелердегі дымқылданумен байланысты дақтардан қорғау үшін, гидрофобты шпатлевканы (әк, портладцемент, гидрофобтаушы қоспалар) қолданады. Шпатлевкамен беткейді грунтовкаға және бояуға дейін өндейді.
- зақымдалған плиткаларды айырбастап, жаңа плиткаларды 1:5 құрамды цемент ерітіндімен, М400 портландцементпен немесе мастикамен желімдейді.
Сылақ деп конструкция бетіндегі әрлеу қабатын айтады. Сылақ жұмыстарын жүргізудің құрғақ және сулы тәсілдері болады. Құрғақ тәсілде гипсокартон беттері нүктелік жапсырмаларға немесе пеногипс мастиктеріне желімделеді. Сулы тәсілде қабырға беттеріне өңделу арқылы бірнеше қабат құрылыс ерітінділері жағылады.  Мұндай сылақ қалыңдығы 10 – 25 мм болады және ол құймалы деп аталады.
Құймалы сылақ келесі қабаттардан тұрады:
- бүркеуден (бірінші қабат сазды сылақтан, беткеймен ұстасуды және сылақты жақсы ұстау үшін);
- грунттау (негізгі қабат 1÷3 қоспамен әлде қайда қою сылақтан, ол беткейді тегістеу үшін қажетті қалыңдықтағы жабынды қамтамасыз етеді );
- жамылғы (жоғарғы қабат қалыңдығы 2мм болатын, ол ұсақ құмнан жасалған, сүрту кезінде қабатты қорғау үшін).
Кірпіш және бетон қабырғаларды сылағанда әк және цемент ерітінділерін, ал ішкі қабырғаларға әк ерітінділерді қолданады. Құймалы сылақ жай, жақсартылған, жоғары сапалы болады.
Сырлау жұмыстары – қорғаныш, тазалық – гигиеналық, сәулет – әшекей  функцияларды шешу үшін технологиялық операциялар кешені.
Сырлау жұмыстары төрт белгі бойынша бөлінеді:
- байланыстырғыш және еріткіш түрі бойынша (сулы және сусыз құрамдармен бояу);
- алынатын жабын және технология күрделігі бойынша;
- жұмыс орындалуы бойынша (ішкі және сыртқы бояу);
- негіз түрі бойынша (ағашты, сылақты, бетонды, кірпішті, асбестцементті, металлды бояу, ағаш, сылақ, бетон бетін бояу).
Сырланатын бөлме температурасы суық уақыттарда +10 С –дан төмен, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы -70 тен аз болмау керек. Бет жарықтануы жайсылауда 100 лк, жақсартылған және жоғары сапалыда 150 лк болу керек.
Беттерді май құрамдармен әрлеу жөндеу жұмыстары

жүктеу 19.69 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет