ҚТӘ – 203 абдырахманова қалия сөйлеуді меңгеру үдерісі



жүктеу 22.42 Kb.
Дата23.11.2022
өлшемі22.42 Kb.
#24380
8)

ҚТӘ – 203 АБДЫРАХМАНОВА ҚАЛИЯ
СӨЙЛЕУДІ МЕҢГЕРУ ҮДЕРІСІ
Ана тілді меңгеру процесі – бұл жеке адам ағзасының сөйлеу жүйесін дамытудың, жетілдірудің заңды үдерісі. Біз тілді меңгерудің заңдылығы деп адамның сөйлеу жүйесінің даму дәрежесіне меңгеру нәтижесінің тәуелділігін атаймыз: оның сөз-қозғалыс бұлшықеті (сөйлеу дыбыстарының артикуляциясын және интонация элементтерінің модуляциясын орындайтын), ақыл-ойы (елестету, қиялдау, ойлау механизмдері), ес (сөзқозғалысты, есту және графикалық болмысты тіл белгісі ретінде есте сақтау, сөйлеу нормаларын есте сақтау механизмдері), психиканың эмоциялық аясы (жоғары эмоцияларға байланысты туындайтын эмоциялық жағдайлар механизмдері).
Тәрбиеші үшін сөйлеуді меңгеру заңдылықтарын білу – бұл баланың тілді қоршаған болмыстың коды ретінде меңгеруіне қабілетті болуы үшін, яғни оның болашақта ең алдымен өз әрекетін ойланып жасайтын және тәрбиелік әрекеттерді қабылдайтын адам болуы үшін, ағзасының қай жерін (оның денесіндегі сөйлеу функцияларын орындайтын мүшелер) жетілдіру білімі болып табылады [14].
Сөйлеуді меңгерудің алты заңдылығын атап өтейік:
Бірінші заңдылық: ана тілін қабылдау қабілеті баланың сөйлеу органдары бұлшықетінің жаттыққандығына байланысты. Егер бала фонемаларды артикуляциялау және просодемаларды модуляциялау қабілетіне ие болса, сондай-ақ оларды дыбыстар кешенінен ажырата алса, ана тілін жетік меңгереді. Тілді меңгеру үшін баланың сөйлеу аппараты, содан соң жазбаша сөйлеуді меңгеру кезінде бұл тілдің және позициялық нұсқаулардың әр фонемасы мен әр просодемасын (дауыс күшінің модуляциясы, үннің, қарқынның, ырғақтың, тембрдің жоғарылығы) айту үшін қажетті көз бен қолы жетілдірілген болуы тиіс және осы қозғалыстар дыбыспен үйлестірілуі қажет. Егер бала өзгенің сөйлегенін тыңдай отыра, оны дауыстап, содан соң ішінен айтушыға еліктей отыра, оның артикуляциялары мен просодемаларын қайталаса, тіл меңгеріледі, бұл жерде оның сөйлеу мүшелерінің белсенділігін ескерген жөн. Осылайша, баланың сәбилік жасындағы сөйлеу алды әрекеттері – бұл артикуляциялық және модуляциялық дауыстық әрекеттер (гуілдеу, сыбызғы, былдырлау, модуляцияланған былдырлау) болып табылады. Егер тәрбиеші балалармен бірге осы әрекетке қосылса, олар қарқынмен жасалады. Гуілдеу, былдырлау сөйлеуге алмасады, бастапқыда тек дауыстап сөйлеу ретінде іске асырылады. Сөйлеу аппараты бұлшықетінің жұмысы баланың айтарлықтай ерікті күш салуын талап етеді. Бала белгілі бір дәрежеде өзінің сөйлеу аппаратының бұлшықеттерімен басқаруды үйренгеннен кейін оның ішкі сөйлеуі пайда болады, яғни дыбыстық сүйемелдеусіз сөйлеу мүшелерінің артикуляциясы мен модуляциясын жасау мүмкіндігі туындайды. Бала шамамен өмірінің бесінші жылына қарай таныс сөздерде сөйлеу дыбыстарын таза, кемістіксіз (дауысты мен дауыссыздарды алмастырмай немесе қалдырмай, сақауланбай, еркелемей және т.б.) шығаруды үйрене алады. Мысалы, екі жастағы бала шляпа және репка сөздерінің орнына «ляпа» және «ека» деп айтады, үш жастағы – «съляпа», «лепка» немесе «Репъа», бес жастағы – шляпа, репка.
Екінші заңдылық: сөйлеу мәнін түсіну баланың лексикалық және грамматикалық тілдердің әртүрлі дәрежелі жалпыламадағы мағынасын меңгеруге байланысты. Бала лексикалық және грамматикалық дағдыларды меңгерген, сондай-ақ лексикалық және грамматикалық тілдік мағыналарды түсіну қабілеті дамыған жағдайда ана тілі меңгеріледі. Ана тілді меңгерудің табиғи жолын келесідей елестетуге болады: бала дыбыс кешенін естиді, оларды түсінбес бұрын дауыстап айтады, уақыт өте келе шығарылып жатқан дыбыстар кешенінің лексикалық мағынасын түсіне бастайды, яғни оларды белгілі бір болмыс құбылыстарымен салыстырады. Оның алғашқы сөйлемі – бұл сөздердің жиынтығы (қатары). Бала сөздердің лексикалық мағыналарымен бірге өзінің алғашқы синтаксистік абстракциясын: предикативтілік қарым-қатынас мағынасын түсінеді, яғни бастауыш пен баяндауыш қарым-қатынастарын, бекіту және терістеу мағынасын («Бұлана», «Бұл-тәте»). Бала сөздерді дұрыс айта алмай, өзінің сөйлеу органдарының бұлшықетін басқара алмай, қолының көрсеткіштік ишарасын «әмбебап есімдік» ретінде қолдана отыра, алғашқы сөйлемдерін құрастырады: «Ы-ляпа» (бұл шляпа).
Бала өз сөзінің лексикалық мағынасын – предикаттарын номинативті (дара затты атайтын) қабылдауы мүмкін, бірақ олардың предикативті мағынасын интуитивтік түсінеді. Және бұл грамматикалық мағынаның алғашқы түсінігі – ақыл-ой өрісінің маңызды құраушысының туындайтындығын растайды. Тілдік дағдыларды меңгерудің алдағы жүйелелігін және олардың көмегімен танымдық қабілеттің дамуын келесідей елестетуге болады. Бала өзі қолданатын сөздердің жалпылама мәнін жақсы сезіне бастайды. Ең алдымен ол сөздерді (Мысалы, қасық, мама, Әйгерім) берілген заттар немесе тұлғалардың белгіленуі ретінде қабылдайды. Содан соң, жануарлар, құстар, жәндіктер бейнеленген суреттерді қарай отыра, оған сөздердің жалпылама лексикалық мағынасы қолжетімді бола бастайды.
Үшінші заңдылық: сөйлеудің мәнерлілігін меңгеру баланың фонетика, лексика мен грамматиканың мәнерлі құралдарына қабілеттілігінің дамуына байланысты.
Лексикалық және грамматикалық бірліктерді түсінумен қатар олардың мәнерлілігіне деген қабілеттілік туындаған жағдайда ана тілі меңгеріледі. Балалар лексикалық және грамматикалық мағыналарды меңгере отыра, сөйлеп жатқан адамға қатысты сыртқы әлемнің тілмен қалайша бейнелетіндігін интуитивтік түсінеді, ал сөйлеудің мәнерлілік тәсілдерін меңгере отыра, балалар адамның ішкі әлемінің тілде қалай бейнеленетіндігін, адамның өз сезімін, болмысқа өзінің бағасын қалай көрсететіндігін де интуитивтік түсінеді.
Төртінші заңдылық: сөйлеудің нормасын меңгеру баланың тілдік сезімінің дамуына байланысты. Егер баланың бойында сөйлеу кезінде тілдік белгілерді қолдану нормаларын, яғни олардың тіркесімділігін (синтагматика), өзара алмасу мүмкіндігін (парадигматика) және әртүрлі жағдайда сөйлеу орындылығын (стилистика) еске сақтау қабілеті пайда болған жағдайында ана тілі меңгеріледі. Адамның есте сақтау қабілеті әдеби тілде үндестік, морфемалар, сөздер, сөз тіркестері ретінде дәстүрлі қолданылуы тілдік сезім немесе тілдік сезгіштік деп аталады. Баланың бойында лексиканы меңгеру негізінде жатқан сезімнің қалайша дамуын түсіну үшін оның туынды негізбен сөздердің мәнін меңгеруін қадағалау қажет. А.Н. Гвоздев, М.А. Рыбникова баланың сөйлеуінде туынды сөздердің пайда болуын бақылай отыра, баланың ең алдымен жеке қосымшалардың мәнін меңгеретіндігіне көз жеткізді. Мысалы, егер ол «өзінің» сөздерін – «тістегіш» (ит) құрастырса, бұл оның -гіш жұрнағын жақсы түсінетіндігін білдіреді. Осылайша, егер бала түбір мен қосымшалардың әрқайсысын мәнін жекеше түсінсе, ол аталған морфемалардан құралған сөздердің мәнін бұрын естімесе де қателіксіз түсіне алады. Әрине «білім» бұл – интуитивтік, ол нақты және дұрыс емес те болуы мүмкін, алайда бұл ереже емес, тек ерекшелік болып табылады. Адамның ана тілінің лексикасын құрайтын бірнеше мың сөздерді меңгеруін (есте сақтауын) жеңілдететін заңдылық сөздер элементтерінің мәнін есте сақтау және оларды сөйлегенде дұрыс қолдану қабілетінен құралады. Сондай-ақ, бала синтаксисті көзге көрінер күш жұмсамай меңгереді, ең алдымен – сөзді түрлендіретін морфемалар (зат есімдердің, сын есімдердің, етістіктердің жалғаулары және қалыптастырушы жұрнақтар). Балаға ана тілдің мінсіз құрылымын сақтауға және оларды сөйлегенде пайдалануға мүмкіндік беретін «жұмыс механизмі» ес болып табылады; ес – тілдік сезімді дамытудың негізгі құралы. Адам негізінен мектеп жасына дейінгі өмір кезеңінде қалыпты сөйлегендегі ана тілдің элементтерінің дәстүрлі қолдануын есте сақтауы қажет.
Бесінші заңдылық: жазбаша тілді меңгеру ауызекі және жазбаша тіл арасындағы үйлесімділіктің дамуына байланысты. Жазбаша тіл дыбысталған сөзді жазбашаға «алмастыру» қабілеті туындаған жағдайда меңгеріледі. Оқуға және жазуға үйрету кезінде көз бен жазушы қол бұлшықеттерінің жұмысы қосылады, алайда көз бен қол (оқу және жазу) сөйлеу аппараты бұлшықеттерімен қатар жұмыс істемесе сөйлеудің функцияларын орындай алмайды. Н.С. Рождественский жазғандай «Бала үшін жазбаша тіл – бұл сөйлеуді меңгерудің екінші кезеңі болып табылады» және оны меңгерудің ерекшелігі – «ауызекі тілдің сөздері шынайы заттар мен олардың қарымқатынасы үшін белгі болып табылады; жазбаша тіл ауызекі тілінің дыбыстары мен сөздерін шартты білдіретін белгілерден құралады». Егер бала ауызекі тілді меңгермесе, жазбаша тілді меңгере алмайды. Жазбаша тілді үйрету үшін жасанды ұйымдастырылған сөйлеу ортасы дидактикалық материалдардың балаларға ауызша және жазбаша түрде (салыстыру үшін) ұсынылған жағдайында ғана оңтайлы бола алады.
Алтыншы заңдылық: тілді байыту қарқыны сөйлеу дағдылары құрылымының жетілдірілген дәрежесіне байланысты. Баланың сөйлеу дағдылары (әсіресе фонетикалық және грамматикалық) қаншалықты жетілдірілген болса, оның ана тілді меңгердегі, тілін жаңа лексикамен және жаңа құрылымдармен байытудағы табиғи үдерісі соншалықты тез жүреді. Бұл заңдылықты балабақшаның тәрбиешілері жиі байқайды: баланың сөйлеуі қаншалықты дамыса, ол өлеңдерді, ертегілерді, әңгімелерді соншалықты тез есте сақтайды және олардың мазмұнын нақтырақ айтып бере алады. Бұл заңдылықты мектеп қабырғасында пән мұғалімдері де жиі байқайды. Мысалы, география, тарих, әдебиет пәндерін сөйлеу қабілеті жақсы дамыған балалардың оңай меңгеретіндігі бәріне мәлім: олар мұғалімді қызығушылықпен тыңдайды, оның ақпаратын оңай есте сақтайды және кітаптар мен пәнге қатысты әдебиеттерді құмарлана және нәтижелі оқиды.
жүктеу 22.42 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет