Татулықтан артық тағылым жоқ



жүктеу 248.76 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.01.2017
өлшемі248.76 Kb.

 

ТАТУЛЫҚТАН АРТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ЖОҚ

АЙМАҚТЫҚ 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ 

ГАЗЕТ

(Жамбыл облысы)  



 

  

№15 (8881)   /   СЕНБІ   /   14 АҚПАН 2015 ЖЫЛ                /             shuskaya_dolina@mail.ru 



        /                      Газет 1935 жылғы 16 маусымнан шығады

Ақпараттар www.Bnews.kz 

сайтынан алынды.

 

Ш



Ш

у

у



і

і

ө



ө

ң

ң



і

і

р



р

 

ЕЛімізде



Алматыда ҚР Мемлекеттік 

хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова 

Мемлекет басшысының тапсырмасы 

бойынша белгілі мәдениет және 

өнер қайраткерлеріне 2014 жылғы 

Президенттік және Мемлекеттік 

стипендияларды тапсырды. 

«Мен Президенттің тапсырмасы 

бойынша мемлекеттік сыйлықтарды 

тапсыру үшін келіп отырмын. 

Мәдениет қоғам мен мемлекеттің 

дамуында маңызды рөл атқарады. 

Жыл сайын елімізде отандық 

мәдениетті дамытуға 7,5 млрд 

теңгеге жуық қаржы бөлінеді», - деп 

атап өтті Гүлшара Әбдіхалықова.

2014 жылдың қорытындысы 

бойынша мәдениетті дамытуға 

үлес қосқаны үшін 100 әдебиет 

және өнер қайраткеріне стипендия 

тағайындалды. Олардың арасында 

Олжас Сүлейменов, Ескендір 

Хасанғалиев, Бибігүл Төлегенова, 

Мырзатай Жолдасбеков, Владимир 

Толоконников, Асанәлі Әшімов, 

Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази және 

тағы басқа қайраткерлер бар. 

Биылғы жылы жастар арасында 

«Әдебиет порталы» жобасының 

басшысы, ақын Бауыржан 

Қарағызұлы стипендиат атанды. 

«Әдебиет порталын» 

Қазақстан Республикасы Мәдениет 

және ақпарат министрлігі 

және Қазақстан Республикасы 

Президенті жанындағы Орталық 

коммуникациялар қызметінің 

қолдауымен «Қазконтент» 

акционерлік қоғамы әзірледі.

ххх


Бүгін алматылық 

велошабандоздар халықаралық 

акцияға үн қосады.  

Бұл шара шартарапта осымен 

3-ші рет ұйымдастырылмақ. Алматы 

әлем бойынша акцияға қатысуға 

ниет білдірген 20-сыншы қала. 

Былтыр бұл шараны 2 мыңнан аса 

адам қолдап, қос дөңгелекті көлікті 

тақымдаған.

Ххх

Бүгінгі таңда Қазақстанда 



қорғаныс мақсатындағы өнімдердің 

өндірісі даму үстінде. Оралдағы 

кеме шығарумен айналысатын 

«Зенит» зауыты – осындай өндіріс 

ошақтарының бірі

2014 жылы Қазақстан Қарулы 

Күштерінің тапсырысымен жасалған 

«Сарыарқа» кемесі суға түсірілді. 

Оның басты міндеті – еліміздің 

теңіз шекарасын күзету. Кеменің су 

ығыстырғыштығы 250-тоннаға жуық, 

ұзындығы 42 метр шамасында, ал ең 

жоғары жылдамдығы 25-30 узелге 

дейін жетеді, жүзу қашықтығы 1200 

мильге жуық.

Бүгін ҚР ҚК Әскери-теңіз 

күштерінің делегациясы техника 

өндірісі туралы мәселелерді 

талқылау үшін осы зауытқа барды.

«Біз осы кәсіпорында, тиісінше 

қазақстандық кәсіпорындарда 

аспаптар жасауға арналған цех 

ашу, оларға қызмет көрсету және 

Қазақстан Әскери-теңіз күштеріне 

жеткізу мәселесін егжей-тегжейлі 

талқыладық», - деп хабарлады 

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің 

бас қолбасшысы контр-адмирал 

Жандарбек Жанзақов.

Сонымен қатар, өндірісті 

дамыту және жетілдіре түсу үшін 

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің 

делегациясы француздық 

мамандармен бірге «Гидроприбор» 

ғылыми-зерттеу институтында 

болды. Оның базасында су асты 

робототехникасын шығару 

жоспарланып отыр.

1995 жылдың 1 наурызында ре-

спублика  тарихында  жаңа  ұлттық 

саяси  институт  –  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  пайда  болды.  Биылғы 

жылы бұл мекеме өзінің 20 жылдық 

мерейтойын  атап  өтеді.  Осыған 

орай,  қоғамымыздағы  Қазақстан 

халқы Ассамблеясының рөлі жайлы 

ауданымыздағы бір топ зиялы қауым 

өкілдерімен ой бөліскен едік.

Қанат ЖАПАБАЕВ, аудан әкімдігі 

ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы: 

«Осыдан  жиырма  жыл  бұрын  Елба-

сы  Н.Назарбаевтың  бастамасымен 

Ассамблея  құрылып,  біз  әлемдік 

қауымдастықтың озық жолымен алға  

қадам  бастық.  Бұл  бүкіл  еліміздегі 

халықтардың бірлігін нығайтудың ең 

сенімді механизмі болып табылады.   

Жиырма жыл бойы институт қоғамға 

тұрақты  қызмет  етіп  келеді.  ҚХА-

ның  жұмысы  этносаралық  келісім 

мен  көпұлтты  мәдениетті  насихат-

тап,  салт-дәстүр  құндылықтары 

мен  діни-адамгершілік  қасиеттерді 

және 


ұлтаралық 

ынтымақты 

көздейтін  ҚР-ның  көршілес  ел-

дермен  достық  қарым-қатынасын 

дамытуға  бағытталған.  Көпұлтты 

ауданымызда  бұл  бағыттағы  жұмыс 

ойдағыдай 

жүзеге 


асырылуда. 

Мұндағы  қазақтар  мен  түріктер, 

күрдтер  мен  немістер,  әзірбайжан, 

орыс,  кәріс,  дүнген  және  басқа 

халықтар  ұлттық  салт-дәстүрлерін 

сақтап,  мәдениетін  өз  тілдерінде 

зерттеп  зерделейді.  Бір  сөзбен 

айтқанда, біздің елімізде бір ұлттың 

екінші  бір  ұлттан    артықшылығы 

байқалмайды.  Олар  заң  алдында 

бәрі бірдей жауап береді. Біз–түріміз 

бен тіліміз бөлек болғанымен, жүрегі 

бір  Қазақстан  халықтарымыз.  Бір 

шаңырақ  аясында  тату-тәтті  тірлік 

құрып  келеміз.  Бұл  да  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  жемісі  деп 

білемін».

Лилия  АГУЛОВА,  орыс  этно-

мәдени  бірлестігінің  төрайымы: 

«Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  - 

бұл  республикадағы  этносаралық 

қатынастарды  реттейтін  бірден-бір 

институт.  Этносаралық  саясаттың 

нәтижесінде құқықтық база құрылып, 

азаматтардың  ұлтына,  жынысы-

на,  діни  көзқарасына  қарамай,  тілі  

мен  мәдениетін  дамытуға  кең  жол 

ашылды. Ассамблеяның ықпалымен 

Қазақстанда этностардың мәдениеті 

мен  тілін  дамыту  үшін  ауқымды 

іс-шаралар  өткізілуде.  Бұл  үрдіс 

біздің  ауданымызда  да  кең  қанат 

жаюда.  Оған  мұрындық  болып 

отырған  аудандағы  этно-мәдени 

бірлестіктер.  Мәселен,  ҚХА-ның  20 

жылдығына  орай,  «Бейбітшілік  пен 

келісім  жол  картасы»  жобасының 

аясында  ауқымды  істер  атқарылды. 

Бірлестіктер  көпшілік  арасында 

діни  экстремизм  мен  радикалды 

ағымдарға  қарсы  күресті  күшейту 

жолында  белсенділік  танытып,  ты-

нымсыз насихат жүргізіп келеді.

Дайындаған Евгения СТЕЦЮРА.

Татулықтың 

үздік үлгісі



Ел сұранысы ескеріледі

ӘКІМДЕР ЕСЕП БЕРДІ. ЕЛ НЕ ДЕДІ?  

ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК ӨКІЛДЕРІНІҢ ӨТКЕН ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚҚА 

ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ТАСӨТКЕЛ, ӨНДІРІС, ҚОРАҒАТЫ, АҚТӨБЕ, АЛҒА, ТӨЛЕ БИ АУЫЛДЫҚ 

ОКРУГТЕРІ МЕН ШУ ҚАЛАСЫНДА ЖАЛҒАСТЫ. АТАЛҒАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ КҮН ТӘРТІБІ 

БОЙЫНША АЛДЫМЕН ЖЕРГІЛІКТІ ӘКІМДЕР АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДА ҚОРЫТЫНДЫ 

ЕСЕБІН БАЯНДАДЫ. АУДАН ӘКІМІ Б.Б.НҰРКЕНОВ АУДАННЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІН СЛАЙД-

ТАР АРҚЫЛЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТҮСІНДІРІП, ОКРУГТЕР МЕН ШУ ҚАЛАСЫ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ 

МӘНДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫНА ТОҚТАЛДЫ. ЖӘНЕ КӨПШІЛІК ҚАУЫМҒА 

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫНДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ 

БАСТЫ МІНДЕТ ЕКЕНІН ЖЕТКІЗДІ. 

 

 2-бетте



Уақыт талабынан туған міндеттер

СӘРСЕНБІ КҮНІ АҚОРДАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН 

НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІНІҢ 

КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ЖИЫНҒА ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІ, ВЕ-

ДОМСТВОЛАР БАСШЫЛАРЫ, ӘКІМДЕР ҚАТЫСТЫ.

Біз  дағдарысты  заманауи  инфрақұрылым  қалыптастыруға,  миллиардтаған 

активтерді енгізуге пайдаланамыз. Мемлекет барлық қажетті қолдау тетіктерін 

ұсынып отыр. Қаражат бөлінді, жағдай жасалды. Бәрінің дереу жұмысқа кірісуі 

қажет. Үкіметтің әрбір мүшесінен, әкімдерден нақты нәтижелер талап етіледі.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Үкіметтің  кеңейтілген  отырысында  Елбасы  алдағы 

күндерге  алаңдап  жүрген  жұртқа  бүгінгі  қиындықтардың 

уақытша  екендігін,  Қазақстанның  дағдарыстың  бұл 

толқынынан зардап шекпейтіндігін қадап айтты.

Ел  ішінде  су  ішкен  құдығына  түкіріп  жүретіндер  көп 

қой.  Әлемдік  дағдарыс  Қазақстанға  кеп  қалғандай  төндіре 

сөйлеп  жүреді.  Елді  еріксіз  үрейлендіреді.  Елбасы  ондай-

ларды  жауапкершілікке  тарту  керектігін  айтты.  «Мен  тағы 

да  Қазақстан  халқына  жария  етемін:  біз  ештеңені  жасыр-

маймыз.  Қиындықтар  болса,  халықпен  бірге  көреміз  және 

алдағы туындайтын мәселені ашық айтамыз», – деді Мемле-

кет басшысы.

Расында,  халыққа  қатты  алаңдайтындай  негіз  жоқ. 

Мұны  Ұлттық  банктің  төрағасы  Қайрат  Келімбетовтің 

өткен  жыл  қорытындылары  мен  алдағы  кезеңге  арналған 

макроэкономикалық  саясаттың  негізгі  бағыттары  туралы 

айтқандарынан анық байқауға болады.

–  2014  жылы  Қазақстан  экономикасының  беріктігі 

едәуір  нығайды.  Елдің  алтын-валюта  резерві  102  милли-

ард  долларға  жетті,  соның  ішінде,  Ұлттық  қор  73  милли-

ард  долларға  дейін  өсті.  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасын 

жүзеге  асырумен  бірге  алғанда,  бұл  2015  жылға  арналған 

экономикалық  саясатты  сенімді  қалыптастыруға  мүмкіндік 

береді. Ұлттық банк биыл айырбас бағамының күрт өзгеруін 

болдырмауға ниетті, – деген еді Қайрат Келімбетов.

Әрине,  облыс  орталықтары  да  Үкімет  не  шешім 

қабылдайды деп көрермен болып отыра алмайды. Мәселен, 

Оңтүстікте  жақсы  өзгерістер  бар.  Облыс  әкімінің  бастама-

сымен  отбасылық  кәсіпкерлік  негіздегі  шаруашылықты 

дамыту  бағдарламасы  5  мыңдай  адамға  жұмыс  орнын 

табуға  жәрдемдесті.  Бұл  да  Үкіметтің  қолдауымен  жүзеге 

асырылған  бағдарлама.  Ал,  алдында  жұмысы  бар  адамдар 

тарықпайды.



Алмасбек МАМЫТБЕКОВ,

«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық 

филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық 

мәслихаттың депутаты.

(«Егемен Қазақстан» №28 (28506) 12.02.2015 ж.)

Елбасының  төрағалық  етуімен  өткен  Үкіметтің 

кеңейтілген  отырысында  ел  экономикасының  алдағы 

кезеңдегі даму бағыты бойынша нақты шаралар айқындалып, 

тапсырылды. Бұл бүгінгі таңда қабылданған маңызды шешім 

болып  табылады.  Нақтылай  түссем,  Мемлекет  басшысы 

мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерінің 

қысқартылмайтынын  атап  көрсетуі  –  әлеуметтік  саланың 

басты  назарда  тұрғандығын  айқындайды.  Әсіресе,  өз 

нәтижелілігін дәлелдеген «Жұмыспен қамтудың жол карта-

сы-2020» бағдарламасының жалғастырылуы үлкен қолдауға 

ие болды. Аталған бағдарламаның 2011-2014 жылдары іске 

асырылуы еңбек нарығындағы ахуалды едәуір жақсартып, 

тұрақтандырды.  Бағдарламаға  тартылған  30  мыңнан  астам 

адамға  мемлекет  тарапынан  қолдау  көрсетіліп,  жұмыспен 

қамтылды.  Оның  ішінде  2  мыңға  жуық  азаматқа  4  млрд.

теңге көлемінде шағын несие беріліп, кәсіпкерлікпен айна-

лысты.  Кәсіптік  даярлаудан  өткен  12,0  мыңнан  астам  адам 

сұранысқа  ие  мамандықтар  алып  шықты.  Нәтижесінде, 

жұмыссыздық  деңгейі  бүгінгі  күнде  4,7  пайызға  төмендеп, 

халықтың табысы артуда.

Президентіміздің 

атап 


өткен 

күн 


тәртібіндегі 

мәселелердің 

бірі 

– 

жұмысшылардың 



жаппай 

қысқартылуының  алдын  алу,  еңбек  дауларын  болдырмау, 

осы  мақсатта  ірі  және  орта  кәсіпорындармен  меморан-

думдар  бекіту  болып  отыр.  Бұл  бағытта  да  облысымыз-

да  жүйелі  түрде  жұмыс  атқарылуда.  Бүгінгі  күнге  бизнес 

құрылымдарымен  128  меморандумға  қол  қойылды.  Оның 

ішінде 8 ірі кәсіпорынмен Премьер-Министрдің орынбаса-

ры Бердібек Сапарбаевтың Алматы облысына жұмыс сапа-

ры барысында меморандум жасалды.

Қаныбек АЙТЖАНОВ,

Алматы облысы бойынша 

жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік 

бағдарламалар басқармасының басшысы.


 

 3-бетте


 2

shuskaya_dolina@mail.ru

14 ақпан 2015 жыл

Шу өңірі


 

Ақпараттар  “Zhambylnews” 

АА сайтынан алынды.

 

облыста



«Көне Тараз» жобасы мыңдаған 

жамбылдықты жұмыспен қамтымақ

 Ашық аспан астында «Көне 

Тараз» мұражайы пайда болады.

2014-2017 жылдары «Көне 

Тараз» археологиялық саябағының 

құрылысына құйылатын қаржы 

шамамен 47 млрд. теңгені, соның 

ішінде жеке инвестиция 33 млрд. 

теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың 

қыркүйегінде Қазақ хандығының 

550 жылдығын тойлау кезінде 

мұражайдың алғашқы нысандары 

қонақтарды қабылдамақ. 13,4 млрд. 

теңгенің шамамен алты миллиард 

теңгесі археологиялық зерттеуге, 

ескерткіштерді қалыпқа келтіруге

инфрақұрылымды тартуға және 

құрылысқа бағытталмақ.

Көне қалашық орнында орын 

тебетін нысан құрылысының 

жоспары бекітілді. «Көне Тараз» 

саябағының аумағы 20 га-дан астам 

жерді құрайды. Жақын арада сауда 

ойын-сауық орталығы салынуда. 

Оған жеке компаниялар 10 млрд. 

теңге құюда.

Ақыртас пен Баласағұн (Батыс 

Түрік қағанатының астанасы VI-

VIII ғғ.) сарай кешендерін қалыпқа 

келтіру көзделген.

«Көне Тараз» саябағы 

болашақта Жамбыл облысының 

туристік  брендіне айналмақ. 

ххх


Таразда жаңа ірі көкөніс 

қоймасы пайда болды

 «Тараз» ӘКК ҰК» АҚ 

сыйымдылығы  5,8 мың тонна 

өнімді құрайтын көкөніс 

қоймасының құрылысы бойынша 

жобаны жүзеге асырды.  

Бұл облыс орталығындағы 

төртінші көкөніс қоймасы. 

Қолданыстағы үш қоймаға 25 мың 

тонна өнім сыяды. Жаңа жобаның 

құны шамамен 540 млн. теңге.

Жобаға тапсырыс беруші 

«Тараз» ӘКК ҰК» АҚ ақпаратынша, 

климатты бақылау жүйесімен 

жарақтандырылған алты орын 

кез келген жеміс не көкөністі, 

ет және сүт өнімдерін сақтауға 

арналған.  Көкөніс қоймасы тиісті 

инфрақұрылыммен жабдықталған.

Облыстық ауыл шаруашылығы 

басқармасының мәліметінше, 

аймақтағы жалпы сыйымдылығы  

59 тоннаны құрайтын 60 көкөніс 

қоймасы сұраныстың  87% 

қамтиды. Жамбыл облысының кей 

аудандарында (Мойынқұм, Талас, 

Рысқұлов) көкөніс қоймасы жоқ. 

ххх

Жамбыл облысында 



республикалық «Контрафакт» 

жедел-алдын алу шараларының 

барысында алты мың данадан 

астам контрафактілік өнімдер 

тәркіленді.

Криминалдық полиция 

басқармасының бастығы, 

полиция полковнигі Нұржан 

Қуанышбековтің ақпараты 

бойынша, жедел-алдын алу 

шараларының барысында 

Жамбыл облысы ІІД бөлімшелері 

қызметкерлері 3 күннің ішінде  

заңсыз айналымнан алты мыңнан 

астам контрафактілік аудио-бейне 

өнімдерін тәркілеген.

«Меркі ауылындағы орталық 

базардағы сауда нүктесінен 

порнографиялық мазмұндағы 32 

DVD/CD фильмдері тәркіленді. 

Сондай-ақ Интернеттегі 

әлеуметтік желілерді «What-

sApp» смартфондары үшін 

мессенджерлерді пайдалану 

арқылы порнографиялық 

материалдар таратылғаны 

анықталған»,-деп түсіндірді 

Н.Қуанышбеков. 

Сонымен бірге полиция 

подполковнигі жоғары 

технологиялар саласындағы 

бұрын жасалған үш қылмыс 

ашылғанын атап өтті. Ақпараттық-

коммуникациялық желлер 

жұмысын бұғаттайтын арнайы 

құралдар тартып алынды. Сондай-

ақ ойын-сауық орындарында, 

дәмхана-мейрамханаларда 

авторлық және аралас құқықтарды 

бұзу фактілері анықталған.

Контрафакт» операциясы 

контрафактілік өнімдердің, 

порнографияық материалдардың 

заңсыз айналымын, экстремизмді, 

лаңкестікті, зорлық-зомбылықты 

насихаттайтын арнайы техникалық 

құралдарды  анықтауға және 

және жолын кесуге, сондай-ақ 

компьютерлік құқық бұзушылыққа 

қарсы тұруға бағытталған. 

 

 

1-бетте



Ел сұранысы ескеріледі

Т

асөткел 



селолық 

округінің 

әкімі 

Б.Есбергенов 



есепті 

баяндамасында  өз  аймағының 

жетістіктерімен қоса өзекті про-

блемаларын  да  назардан  тыс 

қалдырмады. 

Мұнан 


кейін 

тұрғындар 

сұрағына 

кезек 


беріліп, 

Г.Топашева  Аспара  бекетіндегі 

жолды  жөндеу,  мектеп  алды 

даярлық  тобында  түстен  кейін 

оқитын  бір  ғана  оқушыны 

Аспара 


бекетінен 

Тасөткел 

ауылына 

көлікпен 

тасу, 

мектептегі кейбір сыныптардың 



жылымайтындығы 

жөніндегі 

мәселелерді 

көтерді. 

Алғашқы 

сұрақ 


бойынша 

жол 


жөндеу 

жұмыстарына 

ЖСҚ  дайындалғаны,  алдағы 

уақытта қаражат бөлінсе, Аспа-

ра  бекетіндегі  1,7  шақырым 

жол  жөнделетіні  айтылды.  Ал, 

мұндағы  көшені  көктем  ай-

ларында  еріген  қар,  жаңбыр 

суы 

басып 


қалатындықтан, 

жолға  тас  төсеу  және  Аспара 

бекетіндегі  Қорағаты  өзенінің 

су  деңгейін  көтеру  үшін  то-

спа  қою  мәселелері  округ 

әкіміне  тапсырылып,  оған  ау-

дан  әкімі  өз  тарапынан  қолдау 

көрсететінін  мәлімдеді.  Сондай-

ақ,  аудан  әкімі  көпшілікке  ау-

дан  көлеміндегі  күрделі  жөндеу 

жұмыстарын  жүргізуді  қажет 

ететін 


мектептің 

ішінде 

Тасөткел  мектебі  де  барын 



жеткізді.  

Осы өңірдің тағы бір тұрғыны 

А.Тельтаеваның мешіт құрылыс 

жөніндегі 

сұрағы 

бойынша 


Б.Нұркенов республикалық діни 

басқарманың  рұқсаты  болса, 

жер  бөлуге  қолдау  көрсететінін 

мәлімдеп, жер бөлу мәселесін өз 

бақылауына  алды.  Т.Санабеков 

көтерген  ауыз  су  сапасы  тура-

лы  мәселені  шешуді  аудан  әкімі 

«Ауыз 


су-Шу» 

мекемесінің 

басшысы  Т.Райымқұловқа  та-

быстады.  Жиын  барысында 

Б.Нұркенов  «Қайыңды»  бөгеті 

жеке 


меншіктен 

мемлекет 

меншігіне  өткеннен  кейін  ғана, 

оған  қаражат  бөлініп,  жөндеу 

жұмыстары 

жүргізілетінін, 

елді  мекендерге  жаңа  клуб  соғу 

кезеңмен  жүзеге  асатынын, 

ауылдық  ФАП-ке  ЖСҚ  дай-

ындалып  жатқанын  мәлімдеді. 

Сондай-ақ,  электр,  ұялы  байла-

ныс  мәселелері  келешекте  «Та-

раз  химиялық  паркі»  арқылы 

шешілетіні түсіндірілді.

ххх

Ө

ндіріс 



ауылдық 

округінің 

тұрғындары 

да 


билік 

өкілдеріне 

көкейлеріндегі 

сұрақтарын 

қойып,  қанағаттанарлық  жа-

уаптар  алды.  Ауыл  тұрғыны 

С.Есбергенов  көтерген ауыз су-

мен  қамтамасыз  ету  сұрағына 

Б.Нұркенов  ЖСҚ  дайында-

лып,  құжаттары  геологиялық 

зерттеуге  ұсынылғанын  айт-

ты.  Сондай-ақ,  К.Досымбеков, 

А.Тілепбергенов 

көтерген 

көшені 

жарықтандыру, 



су 

мұнарасын  50  шаршы  метрлік 

мұнараға  ауыстыру  сұрақтары 

да 


қанағаттандырылды. 

М.Юсупова  көшесіне  5  шам 

орнату  А.Медетбековке  тап-

сырылса,  Төле  би  ауылындағы 

бос 

тұрған 


су 

мұнарасын 

Абай  ауылына  әкеп  орнату 

Т.Райымқұловқа 

жүктеліп, 

бұл  меселелер  аудан  әкімі 

Б.Нұркеновтың 

бақылауында 

болатын болды.

ххх


Қ

орағаты 


ауылдық 

округінде 

өткен 

есепті  жиында  ауыл  тұрғыны 



Әскербек 

Сарыбаев 

ауыз 

су 


мәселесін 

көтерді. 

Ау-

дан 


басшысы 

Бақытжан 

Нұркенов  бүгінде  аудандағы 

6  ауылға  ауыз  су  жүргізу  үшін 

жобалық-сметалық 

құжат 


дайындалғанын, оның ішінде осы 

округке қарасты Мойынқұм ау-

ылы да бар екендігін мәлімдеді. 

Тәңірберген 

Жексенби-

ев  Қорағаты  селолық  округіне 

қарасты  3  ауылға  1  электрик 

қажет екендігін жеткізді. Ерғазы 

Анатаев  электрик  мамандығы 

бар 


азамат 

осы 


жұмысты 

атқаруына 

болатындығын 

түсіндірді. 

«Есберген» 

ШҚ 


жетекшісі 

Алмас 


Есберге-

нов  былтыр  ағын  суға  қарыз 

болғандықтан  сусыз  қалып, 

шөп  жинай  алмағандығын  айт-

ты.  Бұл  бойынша,  ауыл  әкімі 

ағын  суға  қарызы  бар  шаруа 

қожалықтарға  су  берілмейді,-

деп жауап қайтарды. 

Аудан 

әкімі 


Бақытжан 

Нұркенов  барлық  сұрақтарды 

назарға  алып,  округ  әкімі 

Ерғазы  Анатаевқа  «Зәм-зәм» 

шаруа 

қожалығына 



көмек 

көрсетуді, Ұлы Отан соғысының 

70    жылдық  мерекесіне  орай 

ауылдағы  ескерткіштің  айна-

ласын  жарықтандырып,  абат-

тандырып, 

көгалдандыруды, 

Мойынқұм 

ауылындағы 

Қазақстан 

халықтары 

достастығы  монументін  ретке 

келтіріп, қоршауды тапсырды. 

ххх


А

қтөбе  селолық  округінде 

өткен 

жиында 


да 

ауыл 


тұрғындарының 

мұң-


мұқтаждары, 

талап-тілектері 

мен 

ой-пікірлері 



тыңдалды. 

Мәселен,  Сәуле  Қожабекова 

2014    жылы  ауылда  ҰОС 

қатысушыларына 

арналған 

ескерткіш  орнатылғанда  3-4 

жауынгердің  есімі  жазылмай 

қалғандығын,  соның  бірі  өзінің 

әкесі екендігін ашына айтты. Ау-

дан  әкімі  Бақытжан  Нұркенов 

ҰОС  қатысушылар  тізімі  қайта 

қаралып, 

толықтырылып, 

міндетті түрде ескерткіш тақтаға 

жазылатынын мәлімдеді.

Жиын  барысында  ауыл  аза-

маттары:  Шортанбай  Ақбозов  

ауылға Қорағатыдан келетін суды 

шаруа  қожалықтар  өздеріне 

тартып  әкетіп,  тұрғындарды  су-

сыз  қалдырып  отырғандығын, 

Бейбіт 


Жазылбаев 

 

Төле 



би  –  Ақтөбе  жолы  жөндеу 

жұмыстарын  қажет  ететіндігін, 

Бейқұт  Қалымбетов    ауыз  су 

құбырын  жөндеу  керектігін 

айтса, 

Марат 


Ешмахамбе-

тов  жекелеген  прокуратура 

қызметкерлері  өз  қызметтерін 

асыра 


пайдаланатындығына 

наразылық танытты. 

Аталған  барлық  мәселелер 

аудан әкімінің бақылауына алы-

нып,  жауапты  қызметкерлерге 

тапсырмалар берілді. 

ххх

А

лға  ауылдық  округіндегі 



тұрғындарды 

маза-


лайтын 

негізгі 


мәселелері 

көшелердің 

көркі 

және 


ауыз  су  мен  ағын  судың 

тапшылығы екені О.Байтеміров, 

М.Нұрқасымова, 

Б.Шәкіров 

және 

С.Дәулеталиеваның 



жүйелеп  айтқан  сөздерінен-ақ 

белгілі  болды.  Орынды  сұраққа 

ауыл  әкімі  Е.Оңалбеков    жауап 

берді.


Оның 

жауабын 


мұқият 

тыңдаған 

аудан 

әкімі 


Б.Нұркенов:

-Бұл  мәселелерді    шешуге 

болады.  Ал  «Күнген»  тоғанын 

тазалауға  келетін  болсақ,  оны 

алдымен  мемлекеттің  есебіне 

алу керек, содан кейін жобалау-

сметалық  құжаттарын  дайын-

дап,  қажетті  қаражат  бөлуді 

қарастырған жөн,-деп атап өтті.

Сондай-ақ,  аудан  басшысы 

ауылда айтылған басқа да өзекті 

мәселелер  жөнінде  нақты  тап-

сырмалар берді.

ххх


Ш

у 

қаласында 



өткен 

жиында 


қала 

әкімі 


Б.Тұрғынбаев  пен  аудан  әкімі 

Б.Нұркеновтың 

есепті 

ба-


яндамаларынан 

кейін 


қала 

тұрғындарына сөз берілді. 

Шу 

қаласының 



әкімі 

Б.Тұрғынбаев 

тұрғындардың 

сауалдарына 

жауап 

берді. 


2015  жылы  13,98  шақырым 

жол  жөнделеді,  оған  17    көше 

кіреді;  көлік  жүріс-тұрысын 

қамтамасыз  ету  және  жол 

қауіпсіздігін  болдырмау  үшін 

Сейфуллин 

мен 

Сәтпаев 


көшесіндегі  бағадаршам  алы-

нып тасталған. Өйткені Сәтпаев 

көшесінде 

базар 


жақтан 

қатынайтын 

көліктің 

саны 


көбейіп келеді.

Шу 



қаласының 

аймағының  жолына,  электр 



қуатына,  суға    құны    827 

млн. 


теңге 

тұратын 


жоба 

сметалық 

құжат 

дайында-


лып,  сараптамадан  өтті.  Мем-

лекеттен 

қаржы 

бөлінсе, 



аймақтардың  барлығына  жол 

салынады. Заңға сәйкес, жер тек 

инфрақұрылымы  бар,  су  мен 

жарық тартылып, жол салынған 

аймаққа  ғана  берілуі  тиіс,-

деді  аудан  басшысы  Бақытжан 

Балтабекұлы. 

Жедел 


жәрдем 

көлігінің 

жүргізушісі  Т.Абдраманов  бол-

са,  көшелердің  аты  жазылған 

тақтайшалары  мен  нөмірлері 

жоқ  болғандықтан,  мекен-жай-

ды  іздеп  табу  қиын  екендігін 

айтты. Б.Тұрғынбаев бұл мәселе 

өз  ретімен  шешілетініне  уәде 

берді. 


Шу 

қаласы 


ақсақалдар 

алқасының 

төрағасы 

Қ.Қарғабаев ауданда жаңа үйлер 

салып,  жастар  мен  мұқтаж 

азаматтарға 

мемлекеттік 

бағдарламалар  бойынша  пәтер 

үлестіру  қажет  деген  ойын 

ортаға  салды.  Аудан  әкімі 

Бақытжан  Нұркенов  мемле-

кет 


алдымен 

депрессиялық 

жағдайда  тұрған  елді  мекен-

дерге  көңіл  бөліп,  үйлерді  сон-

дай 

аймақтарға 



салатынын, 

ал  Шу  қаласы  экономикалық 

белсенді  қалаға  жататындығын 

түсіндірді. 

Жиын барысында аудан бас-

шысы қала әкімі Б.Тұрғынбаевқа 

бірқатар 

маңызды 


тапсыр-

малар  берді.  Атап  айтқанда, 

көше  шұңқырларын  жөндеу 

жұмыстарын жүргізу; «Ақбота» 

балабақшасы  маңындағы  На-

уалиев 


көшесіндегі 

заңсыз 


құрылысты  тоқтатып,  жолды 

ашу;  Шу  қаласын  газданды-

ру  бойынша  тиісті  жұмыстар 

атқару; Тұрғын үй коммуналдық 

шаруашылығын 

жаңғырту 

бағдарламасының  жүзеге  асу-


 3

 

 



15 АҚПАН - КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАН КҮНІ

shuskaya_dolina@mail.ru

14 ақпан 2015 жыл

Шу өңірі


 

 

ауданда



15 ақпан – «Кеңес әскерлерінің 

Ауған жерінен шығарылған күніне» 

орай, Төле би ауылындағы Шу «Құқық 

және бизнес» колледжінде  12 ақпан 

күні Төле би ауылдық округі бойынша 

жастар ісі жөніндегі инструкторының 

ұйымдастыруымен «От кешкен - Ауған 

ардагерлері» тақырыбында Ауған 

соғысы ардагерлерімен кездесу 

отырысы өтті. Бұл басқосуға аудандық 

Ауған соғысы ардагерлері ұйымының 

төрағасы Б.Шынарбеков, Ауған 

соғысының ардагері Т.Махамадиев 

және колледж білімгерлері қатысты. 

Жиын барысында ауған соғысының 

ардагерлері бала жастан санаға сіңген 

тәрбие мен интернационалист ұлан 

ретінде қабылдаған антқа беріктіктен 

екендігін айтып, майданда бастан кеш-

кен оқиғаларын әңгімелеп берді.:

-Жастарға Отан алдындағы 

борышын өтеп жүрген өрімдей 

жас жігіттерге Ауған соғысына 

аттанғандығы түсіндірілмеді, 

білетініміз бала жастан санаға сіңірген 

патриоттық тәрбие – интернациона-

лист ұлан ретінде қабылдаған антқа 

берік болу еді,-деп жастарға майданда 

өрбіген соғыс жайлы толығымен 

бастан кешкен оқиғаларын баяндап 

берді.

ххх


Өткен сәрсенбіде қалалық 

Мәдениет үйінде Қазақ хандығының 

550 жылдығына орай, жастар ісі 

жөніндегі инструкторлары және 

балалар жасөспірімдер орталығының  

ұйымдастыруымен «Махамбет 

оқулары» мектеп оқушылары және 

аудан жастары арасындағы аудандық 

байқауы өтті. 

Байқауға Ақсу, Бірлікүстем, 

Ақтөбе, Жаңа жол, Далақайнар, 

Алға ауылдық округтері, Өнер 

мектебі, «Жібек жолы» мектеп-лицей, 

М.Мақатаев, Ғ.Мұратбаев, М.Әуезов, 

№49 мектеп, С.Сейфуллин, Жамбыл 

атындағы мектеп-гимназиясы мен 

№10 Шу колледжі, Шу теміржол 

колледжінің білімгерлері қатысты. 

Сайыс нәтижесі бойынша 1-кезең 

7-11сынып оқушылары арасында 

III орынға Ж.Амантай (С.Сейфуллин 

о.м.), II орынға А.Бақберген (Алға о.м.), 

I орынға Е.Русланұлы (М.Мақатаев 

т.м.), бас жүлдеге А.Алмасаева 

(Өнер мектебі), ал 2-кезең бойынша 

18-29 жас аралығында III орынға 

Г.Қонысбаева (м.г.Жамбыл), II орынға 

А.Үйсінбай (Далақайнар ауылы), 

I орынға Ж.Сүттібаева (№49 о.м.), 

бас жүлдеге №10 Шу колледжінен 

білімгері Е.Әлдибай иеленді. Жүлделі 

орын алған қатысушылар аудан 

әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар 

орталығы» КММ тарапынан диплом-

дар және бағалы сыйлықтармен 

марапатталды. 

ххх

Қаңтар  айының  соңғы  апта-



сында  еліміздің   жер-жерінде  жыр   

сүйер   қауым  қазақ   поэзиясының  

падишасы, ұлт   мақтанышы – Фариза   

Оңғарсынованы  еске  алу  кештерін    

өткізгені баршаға мәлім. Сондай 

шараның бірі – Шу қаласы №40 орта 

мектебінде  мектеп  кітапханашылары 

және тәрбие  орталығының 

ұйымдастыруымен  «Фариза, Фариза-

жан, Фариза  қыз» атты әдеби-сазды  

еске   алу   кеші өтті. 

Халық  жазушысы, ҚР Мемлекеттік   

сыйлығының   лауреаты,  адуынды   

жырларымен  халықтың   жүрегін  

баураған  ақын көзі   тірі  болғанда   

75  жасқа   келер   еді...«Фариза,  

Фаризажан,  Фариза   қыз,  Өмірде   

ақындардың   бәрі  жалғыз» деп  

жырлаған   қазақтың  ұлы  ақыны   

Мұқағали   Мақатаевтың осы  бір   

өлеңін   көзі   ашық  оқырманның  бәрі   

біледі. Ақын   дүниеден   қайтқанда,  

қазақ   әдебиетінде   үлкен   бір   

дәуірдің   парағы  жабылғандай  бол-

ды.   Бірақ  оның    өміршең    өлеңдері  

мәңгілік.  Кеште  ақынның  өлеңдерін 

мектеп    оқушылары  жатқа оқып, 

ақынның сөзіне   жазылған  «До-

стар»,  «Ақ  мамам», «Айша  бибі»,  

«Білмеймін»т.б. әндерін  орындады.

Поэзия   падишасы   Фариза   

Оңғарсынованың    отты  жырлары   

халық жадында мәңгі сақталып, әлі  

талай  ұрпаққа  рухани   азық  болары  

сөзсіз. 

(«ШУ ӨҢІРІ»АҚПАРАТЫ).

 

 2-бетте



1969  жылы  Шу  ауданы,  Төле  би  ауы-

лында  дүниеге  келіп,  1986  жылы  аудан 

орталығындағы  М.  Әуезов  атындағы  орта 

мектепті  бітірген  Мұқан  Әбжапарұлы  сол 

жылы  қараша  айында  Кеңес  әскерінің 

қатарына 

шақырылады. 

Самарқан 

қаласында  алғашқы  әскери  жаттығудан 

өткен ол, Ташкент, Кабул, Баграм қалалары 

арқылы  Саланга  асуындағы  заставаға 

жеткізілді. 

Тиісті 

нұсқау,түсініктер 



алғаннан  кейін  мемлекеттік  шекара-

дан  350  шақырымда  орналасқан  Са-

ланга  асуындағы      «Өмір  жолы»    көпірін 

күзету  тапсырылады.  Мұндағы  әскерилер 

негізінен  азиялық  қазақ,  қырғыз,  өзбек, 

қарақалпақ  азаматтары  еді.  Ара-тұра 

орыстар,  украиндар  да  кездеседі.    Мұқан 

Әбжапарұлынан  шекара  оқиғаларынан 

әңгіме  айтуын  өтінгенімізде,  біраз  үнсіз 

отырып:


-  Барлық  әскери  қимылдарды  толық  айту  мүмкін  емес.  Өз  басым-

нан  өткен  бір  оқиғаны  айтайын,-деді.  -Бірде  көпір  күзетінде  тұрғанбыз. 

Кеңес  Одағының  батыры,  генерал  Руслан  Аушев  келіп,  көпірден  өтпек 

болды. Мен командирдің  рұқсатынсыз өткізбейтінімді айттым. Ол болса 

«Мен Кеңес Одағының батыры Руслан Аушев боламын, өткізіңдер»,-деді. 

Ал мен болсам «Сізді танымаймын. Бұйрық солай, әскери антымды бұза 

алмаймын»,-деп қасарыстым. Сол кезде командир де келіп қалды, мәселе 

шешілді.  Р.Аушев:  «Жарайсың,  жауынгер  осындай  болу  керек.  Рахмет 

саған!»-деп ризашылығын білдірді. 

Жуырда  Шоқан  Уәлиханов  атындағы  орта 

мектепте  интернационалист  жауынгер  Таятаев 

Бауыржан  Байжанұлының Отан алдындағы бо-

рышын орындаудағы азаматтығы мен ерлігін ке-

лешек ұрпаққа жеткізу және оқушыларымызды 

патриоттық  рухқа  тәрбиелеуге  негізделген 

шара  өтті.  Б.Таятаевтың  2  ақпандағы  туған 

күніне  орай  ұйымдастырылатын  дәстүрлі 

турнирдің өткізіліп жүргеніне биыл 23 жыл. 1992 

жылдан  бастап  2012  жылға  дейінгі  аралықта 

аудандық  турнир  ретінде  ересектер  арасын-

да  ұйымдастырылды.  Ал,  2013  жылдан  бастап 

оқушылар арасында ұйымдастырылып келеді. 

Отан  алдындағы  борышын  өтеу  әр 

азаматтың  парызы.  Сол  секілді  Ауғанстанда  да 

қазақ  жігіттері  берген  анттарын  орындау  үшін 

аянып  қалмады.  Солардың  ішінде  Бауыржан 

Байжанұлы  1981  жылы  №  267-ші  болып  тізімге 

алынып,  Ауғанстанға  аттанды.    Б.Таятаев  1963 

жылы 2 ақпанда Шу ауданы, Белбасар ауылында 

дүниеге  келген. Бауыржанның әкесі, Ұлы Отан 

соғысының  ардагері  Байжан  Таятаев  ауылдың 

алдыңғы қатарлы механизаторы болған. Анасы 

Таятаева Айдай 10 бала тәрбиелеген батыр ана. 

Бауыржан  1980  жылы  Шоқан  Уәлиханов 

Батыр  Бауыржан

Мұқан айтқан мөлтек сыр

Осы  асу  арқылы  Кабулға  баратын  әскери  техника,  азық-түлік  ко-

лонналарына  душмандар  тарапынан  қойылатын  шарттар  бар.  Ол  осы 

колоннаның  50  пайызын  ешқандай  қарсылықсыз,  әрі  адамсыз  оларға 

өткізу  керек.  Сонда  ғана  колоннаның  қалған  50  пайызы  Кабулға  аман  

жетеді. Олай болмаса, оның бірде біреуі тиісті жеріне жетпейді. Сондықтан, 

әскери  қақтығыстар  да  болып  тұрады.  Ең  қиыны–осындай  әскери 

қақтығыстар  аяқталғаннан  кейін  мерт  болған  жауынгерлердің,  бейбіт 

адамдардың,  балалардың  мәйіттерін  жинау,    дұшпандарға  машиналарға 

салу. Мұны ешкімнің басына бермесін, бұл қиямет-қайым қасірет. Осын-

дай ауыр кезеңдерді бастан өткізе жүріп, елге қайтатын уақыт та болып 

қалыпты. Бұл кезде Кеңес әскерлерін Ауған жерінен толықтай шығару ту-

ралы бұйрық та жарияланған еді. Барғанда қай жолмен барсақ, қайтуымыз 

да сол жолмен болды. Кабулдан өзіміздің шекара арқылы Термезге жеттік. 

Ауған шекарасынан сондағы әскерилердің бас қолбасшысы болған Борис 

Громов ең соңғы жауынгер болып өтті»,-деп аяқтады сөзін. 

Мұқан  Ауған  жерінде  Отан  алдындағы  борышын  адал  атқарды. 

Оның  төсінде  «СССР  Қарулы  Күштеріне  70  жыл»,  «Ерлігі  үшін»,  «Ауған 

халқының  алғысы»,  «Ауған  соғысының  аяқталуына  20  жыл»  медальдары  

жарқырайды. 

Уақыт өткен сайын бұл соғыс та тарих қойнауынан өз орнын алды. Еге-

мен еліміздің ауған соғысында мерт болғандарды мәңгі есте қалдыратын 

іс-шараларды үнемі ұйымдастыруы қуантады.  Бұл халқымыздың қасиетті 

дәстүрі,  абзал  борышы.  Ауданымыздың  орталығында  таяуда  ғана 

Ауғанстанда қаза тапқандарға арналған аллеяға мүсіндері орнатылып, рух-

тарына айтарлықтай құрмет көрсетілді. Бұл шаралар шейіт болғандардың 

ата-аналары үшін үлкен жұбаныш, көңілдеріне демеу болары анық. 

  Әрине,  өлгендерді  тірілту  ешкімнің  қолынан  келмейді,  ал  оларды 

мәңгі есте қалдыру – біздің қасиетті борышымыз.

                                         

 Т.МОЛДАҚҰЛОВ.

атындағы орта мектепті жақсы бағамен аяқтаған. 

1981 жылы 2 сәуірде Отан алдындағы борышын 

өтеуге кеңес әскері қатарына алынды. Алғашқы 

әскери  дайындық  күндерін  Алматыдағы  Есік 

ауданында  өткізді.  3  ай  дайындықтан  соң 

Ауғанстан  жеріне  аттанды.  Ауған  халқына 

айуандық,  қастандық  көрсеткен  дұшпандар 

Бауыржан  Байжанұлын  да  мейірімсіз  ажал 

құшағына енгізді. 

Бауыржан 1981 жылы 14 тамызда қаза тауып, 

марқұмның сүйегі Белбасар ауылына жерленді. 

Қаза  болған  соң,  «Қызыл  жұлдыз»  орденімен 

марапатталды.  Бауыржанды  еске  ала  отырып, 

дәстүрлі  турнирді  мектеп  директорының  оқу-

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Қалымбетов 

ашып,  оның  өмірімен  таныстырып  өтті.  Ау-

дан  көлеміндегі  оқушылармен  өткен  бұл  тур-

нирге  Бауыржанның  анасы  Айдай  апа  мен 

бауыры  Қали  қатысты.  Айдай  апа  жыл  сайын 

баласының туған күнінде, оны  өзі түлеп ұшқан 

алтын  ұясында  еске  алып  отыратынын  ай-

тып,  ұйымдастыру  комитетіне  ризашылығын 

білдірді.  Алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің 

мұғалімі  М.Ибрагимов,  дене  тәрбиесі  пәнінің 

мұғалімдері 

Ә.Ахатаев, 

Ж.Дүйсекбаев, 

жеке  кәсіпкер  Т.Байтанаев,  Бауыржанның 

құрдастары,  аудандық  бастауыш  кәсіподақ 

ұйымы  турнирдің  лайықты  өтуіне  өз  үлестерін 

қосты. 


Тартысты 

өткен, 


сынға 

толы 


сай-

ыс  нәтижесінде  жүлделі  І  орынды  Шоқан 

Уәлиханов 

атындағы 

орта 

мектептің 



оқушылары,  ІІ  орынды  С.Естемісов  атындағы 

орта мектептің оқушылары, ІІІ орынды Домалақ 

ене және Ж.Баласағұн атындағы орта мектептің 

оқушылары иеленді. 

Ең  үздік  ойыншылар  ретінде  Әбу  Нұралы, 

Құтпан  Нұрхат,  Әділхан  Еркебұлан  естелік 

сыйлықтармен марапатталды. 

З.ШОМАНОВА, 

Шоқан Уәлиханов атындағы орта 

мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы. 

ын  жүйелеу;  Базардағы  және 

сауда 

нүктелеріндегі 



азық-

түлік  бағасын  тұрақтандыру; 

Қосымша  салық  табу  көздерін 

анықтап,  заңға  негіздеу;  қала 

тазалығын қамтамасыз ету. 

ххх


Ж

ұма  күні  аудан 

о р т а л ы ғ ы н д а ғ ы 

«Нұр  Отан»  пар-

тиясы  аудандық  филиалының 

мәжіліс 


залында 

Төле 


би 

ауылдық 


округінің 

әкімі 


Е.З.Даберов  пен  аудан  әкімі 

Б.Б.Нұркенов 

жиналған 

жұртшылық алдында өз баянда-

маларын  жасап,  оны  слайдтар-

мен толықтырып, түсіндірді. Екі 

жақты  мазмұнды  баяндамадан 

кейін,  ауыл  тұрғындары  билік 

өкілдеріне көкейлеріндегі сауал-

дарын жолдады.

Е.З.Даберовке  сауал  жол-

дау  барысында  тұрғындар  та-

рапынан  жол  жөндеу  мәселесі 

көбірек  көтерілді.  Атап  ай-

тар 

болсақ, 


Ә.Дүйсенбиев, 

А.Өткелбаев, 

Б.Жексенбаев, 

Ә.Орманов  сынды  азаматтар 

жолға  асфальт  төсеу,  жаяу 

жүргінші  жолын  салу,  «Аша»  

кеңшарындағы 

жаңадан 


соғылған  үй  тұрғындары  үшін 

жарық,  жол  мәселелерін  қолға 

алуды  сұранды.  Бұл  сұраққа 

округ  әкімі  Е.Даберов  жауап 

беріп,  жол  жөндеу  жоспарға 

енгізілгенін,  қаражат  бөлінсе 

жасалатынын, ал жаяу жүргінші 

жолы бөлінген қаражатқа орай, 

кезеңмен  іске  асатынын  атап 

айтты.  


«Аша»  кеңшарының  жол 

мәселесі 

бойынша 

аудан 


әкімі 

Б.Нұркенов 

мұндағы 

негізгі  үш  көшені  жөндеу 

жоспарға  енгізілгенін  жеткізді. 

Тұрғындар 

тарапынан 

қойылған 

Шу 

қаласындағы 



әскери 

қалашықтағы 

көпқабатты  тұрғын  үйлердің 

жағдайы  жөніндегі  сұраққа 

қанағаттанарлық жауап беріліп, 

жол  белгілерін  қою  мәселесі 

де  билік  өкілдері  тарапынан 

оңынан 


шешілетіні 

айтыл-


ды.  Және  аудан  басшысы  жол 

қауіпсіздігін  сақтау  жұмысын 

көп  болып  қолға  алу  керектігін 

ескертті.  Ал,  ағын  су  алдағы 

наурыз  айында  берілетін  бол-

ды. 


Қ.Қораласбаев 

округ 


әкімінің ісін оң бағалай отырып, 

мәдениет  саласы  бойынша  ау-

дан  орталығында  өтіп  жатқан 

мәдени  шараларды  ауылдық 

жерлерге  жеткізу,  жылжыма-

лы  көрме,  тағы  басқа  ауылдық 

жерге  шығару  мүмкіндігі  бар 

дүниелерді  ауыл  тұрғындары 

арасында 

кеңінен 


насихат-

тап,  олардың  мәдени  дамуына 

ықпал  ету  шараларын  қолға 

Ел сұранысы ескеріледі

алу  мәселесін  көтерді.  Бұл 

сұрақ  бойынша  аудан  әкімдігі, 

мәдениет  және  тілдерді  да-

мыту 

бөлімінің 



басшысы 

М.Базарова  аталған  мәселе  жо-

спарда  барын,  орындалатынын 

мәлімдеді. 

Қ.Қораласбаевтың 

бұл  ұсынысын  аудан  әкімі 

Б.Нұркенов  те  қолдап,  тарихи 

орындарды жаңғырту керектігін 

айтып,  осы  бағытта  тиісті 

басшыларға  тапсырма  берді. 

Сондай-ақ,  жергілікті  тұрғын 

А.Өткелбаевтың  белгілі  ком-

позитор  Әбілахат  Еспаевтың 

туғанына    90  жыл  толуына  бай-

ланысты, оның есімін көше ата-

уына  ұсыну  жөніндегі  сұрағын 

аудандық  мәслихат  хатшысы 

Б.Саудабаев  та  қолдады.  Ау-

дан  басшысы  бұл  сұрақты 

бақылауға  алатынын,  алайда 

есім  беруге  маратори  жари-

ялануына 

байланысты, 

бұл 


әзірге жүзеге аса қоймайтынын 

түсіндірді.

Жиын 

соңында 


аудан 

әкімі  Б.Б.Нұркенов  Төле  би 

ауылындағы  «Пекарьный»  аял-

дамасын  ауыстыру  және  Шу 

қаласынан  Төле  би  ауылына 

газ  тарту  мәселесін  бақылауға 

алды.  Және  кейбір  ауылдарда 

көше  шамдарының  орынсыз 

жанып тұратынын айтып, мұны 

қадағалауды  аудан  әкімдігінің 

ТКШ,  ЖК  және  АЖ  бөлімінің 

басшысы  А.Медетбековке  тап-

сырды.   

Нұржан ҚАДЫРБЕКОВ,

Гүлжанат ӘБДІМОМЫНОВА,

 Динара БАТЫРХАИРОВА.

Суреттерде:  есепті кездесу-

лерден көріністер.

Суреттерді түсірген 

Петр Норкин.


 4

shuskaya_dolina@mail.ru

14 ақпан 2015 жыл

Шу өңірі


Аталған 

семинарға 

ауданаралық 

прокурордың көмекшісі Жомарт Мамаев, 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық 

өкілі  Малик  Алимкулов,  аудандық  ішкі 

істер  бөлімінің  криминалдық  полиция 

бөлімінің жедел уәкілі Нұржан Топашев, 

аудан  әкімдігінің  ішкі  саясат  бөлімінің 

басшысы  мен  мамандары,  бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  өкілдері  және 

тағы  басқалар  қатысты.  Семинар  ба-

рысында  құқық  қорғау  органдарының 

өкілдері    мен  ақпараттық  насихат  топ 

мүшелері  жастарға  дін  саласындағы 

кемшіліктер мен теріс ағымдардан бойын 

аулақ  ұстау  жөнінде  заң  жүзінде  толық 

мәлімдеді. 

Қалалық  «Айтқұл  баба»  мешітінің 

бас  имамы  Бақыт  Нұрлыханов  –  семи-

нар  қатысушыларына  жиһад  туралы, 

тәкпір  жамағаты  туралы  түсінік  берді. 

Бәрінен биік қойып ардың гүлін,

Көтерген ғұмыр бойы нардың жүгін.

Ермұхан Бекмаханов қайраткерге,

Толыпты туғанына жүз жыл бүгін.

Туған ол Төре деген ауылында,

Көк шалғын Баянауыл бауырында.

Жасыбай көл суына аунап-қунап,

Балауса бал дәурені қалды мұнда.

Әкеден алты жаста айырылды,

Қанаты қапылыста қайырылды.

Анасын, бауырларын ажал құшып,

Басына түсе берді қайғы мұңы.

Жетімдік құрсаулады жастайынан,

Көрінбей жарық сәуле аспанынан.

Жалғыздық – жан серігіне айналды да,

Көз алдын қалың етіп басты тұман.

 

 

ххх



Ізденіп зиялыдан ілім алды,

Ресейден оқу оқып, білім алды.

Тарихтың тыңдап көріп қан тамырын,

Ғылымды көркейтуге барын салды.

Айналып өткен емес ақиқаттан,

Шындықтың шамы жанды жазған хаттан.

Кенесары батырды арашалап,

Кезінде жалғандықтың шаңын қаққан.

Үмітпен қарсы алып атқан таңды,

Білімнің биігінен тапқан бақты.

Бір сәтте шығармады көңілінен,

Көбейген тарихтағы ақтаңдақты.

Жайлаған ашаршылық жанға батты,

Кім көрген мұндай сұмдық машақатты.

Кедейлер күн құрғатпай құрбан болып,

Молалар кең даланы алып жатты.

Дауылдай дүрліктіріп жай халықты,

Өкімет тұтқындарға жай салыпты.

Қынадай қырып салды жақсыларды,

Бұл нәубет қасақана жасалыпты.

Мәскеуде сөз сөйледі Бекмаханов,

Ел көрген қасіреттің бәрін жайып.

Есіл ер ұлты үшін «у-да» ішті,

Айтқанның болған істі несі айып?

Таймады тура жолдан сынаған жан,

Басшыдан әділдікті сұраған жан.

Өткенді өкінішпен еске алып,

Өшпестей монография құраған жан.

Кейбіреу Ермұханды көре алмады,

Ұлтшыл-деп жерден алып жерге салды.

Жай күнде жарымсақтап жалғасқандар,

Бағасын сын сағатта бере алмады.

Билікке еңбектері ұнамады,

Қалайша жаздың –деп те сұрамады.

«Правда» газеті де жазғырған соң,

ГУЛАГ-тың түрмесіне жаба салды.

«Сен  өзің ұлтшылсың» деп жала жапты,

Басқандай маңдайына қара дақты.

Соты да жиырма бес жыл кесіп беріп,

Сұлатып салудың да жолын тапты.

 

 

ххх



Азапты аз көрмеді азаматым,

Күйзелді де жалалы жазаға тым.

Ақыры ақталды да елге оралды,

Ұлтымның мақтанышы қазанатым.

...Ауырып жатқанында төсек тартып,

Ойменен келер күнге үміт артып.

Бауыржан Момышұлы көңіл сұрап,

Ғалымды аты шыққан ішке тартып.

-Елу жас – ер жігітке сөз бе деймін,

Көп өмір сүруді де көздемеймін.

«Кешіріңіз» мені бүгін жаза алмасам,

Тарих жайын осы бір кезге дейін...

Ер Баукең дара жанды түсініпті,

Сөзіне тауып айтқан сүйсініпті.

Тәу еткен тарихшыны еске алып,

Жазған бір естелікте күрсініпті.

Ермұхан елу бір жыл ғұмыр кешті,

Арманы қалықтады көкейтесті.

Өлшеусіз еңбегімен бағы жанып,

Тарихқа бұра тартқан көмектесті.

Дәм тартып Шудың елін көрген екен,

Білімін шәкірттерге берген екен.

Мойындап таланттыны топтан озған,

Жанына игі жақсы ерген екен.

Рухыңа тағзым етем ерен ерім,

Жанындай жақсы көрген сүйген елін.

Тағдыры қанша ауыр болса-дағы,

Кісілік  келбеті мол кемеңгерім!



Ахметжан ҚОСАҚОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері.

 

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ - 84



 

Жуырда аудандық балалар жасөспірімдер 

орталығында  азаматтығы  мен  адамгершілігі  

тұлғалық  үнінен  көрініс  тапқан  Мұқағали 

Мақатаевтың  өлеңдерін  насихаттау,  жас 

ұрпақты  ақындыққа  баулу  мақсатында 

мүмкіндігі 

шектеулі 

балалар 

арасын-


да    көркемсөз  оқу  байқауы  өтті.  Аталмыш 

Ауылдардан 

аудан 

орталығына келетін азаматтардың 



жұмыстарын  бір  күнде  бітіріп 

кетуі  екіталай.  Өйткені,  бір  құжат 

үшін бірнеше мекемелерге баруы 

керек.  Бәрін ұршықша жіп қылып  

иірген  уақыт  –  тіршілік  иелерінің 

қалталарының 

қағылғанына 

да,  әрі-бері  сабылғанына  да 

қарамайды. 

Осындай 


келеңсіздіктердің 

алдын  алу,  қарапайым  халыққа  

бағыт-бағдар 

беру, 


түйткілді 

мәселелерінің 

шешу 

жолда-


рын  қарастыру  мақсатында  Шу 

ауданаралық  прокуроры    мен 

«Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиалы 


бірлесіп, 

ауданның 

елді  мекендерінде  «Ашық  есік 

күндерін»  өткізуде.  Бұған  дейін 

Далақайнар, Көкқайнар, Ақсу, Ора-

залы  батыр,  Белбасар,  Еңбекші, 

Тасөткел  селолық  округтерінде 

өткізілген    көшпелі  қоғамдық 

Ақиық  ақын  Мұқағали  Мақатаевтың  84  жылдығына  орай,    мектебімізде  педагог-ұйымдастырушы  А.Байжолова  мен  аға  тәлімгер 

Қ.Жанысбетованың  ұйымдастыруымен  «Поэзия  тарландары»  атты  әдеби-сазды  кеш  өтті.  Жырларын  өнерсүйер  қауымға  кеңінен  насихаттау, 

ақындардың  өмірін,  өлеңдерінің  өзіндік  табиғатын  даралай  келе  отаншылдыққа,  сүйіспеншілікке,  ақындардың  парасатты  поэзиясы  арқылы 

адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған кеш Атыраудың ару ақыны Фариза Оңғарсынова мен поэзияның Хантәңірі Мұқағали 

Мақатаев сынды  ақындарымызға арналды. Бұл кешке 6-10 сынып оқушылары мен «Жас Ұлан» ұйымының кеңес мүшелері қатысты.

Кеш  барысында  поэзия  тарландары  М.Мақатаев  пен  Ф.Оңғарсынованың  қысқаша  өмірбаяны  таныстырылды.  Мәнерлеп  оқу  байқауының 

жүлдегер оқушылары ақындардың өлеңдерінен үзінділер оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді.  Мектебіміздің музыка пәні мұғалімі  Бау-

ыржан Үйсінбаевтың орындауындағы «Жарығым-ай» атты тамаша әнін көрермен ұйып тыңдады.  Мектеп директоры Жасұлан Әлкенұлы әдеби 

кешті ұйымдастыруға атсалысқан мектеп оқушыларына шексіз ризашылығын айта келе, білімді, ұйымшыл болуларына ізгі ниетін білдірді.

Аружан ӘЛКЕН,

М. Әуезов атындағы орта мектептің  оқушысы. 

 

ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ - 100



 

Азапты аз 

көрмеді 

азаматым


(Толғау)

қабылдау    өткен  сәрсенбіде 

Абай  ауылында  жалғасты.  Бұл 

кездесуде  Шу  ауданының  про-

куроры  Ілияс  Тойшыбеков  пен 

«Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиалының  кеңесшісі  Байлық 

Көшпелі қоғамдық қабылдау

Алтаев  жергілікті  тұрғындардың 

көкейкесті  сұрақтарына  жауап 

берді (суретте). 

Мұндай 


мысалдар 

көп. 


Мәселен, Ақсу ауылының тұрғыны 

Нұрғазы Төлендиевтің жеке жерді 

рәсімдеу  туралы  сауалына  сол 

жерде  отырып,  жауапты  мекеме-

ге  телефон  арқылы  хабарласып 

шешілу жолдарын айқындады.

Ал,  Көкқайнар  ауылының 

тұрғыны  Жайсанкүл  Асқанбаева 

жолдасының  әлі  күнге  ешқандай 

құжатының  жоқтығын  айтқан  еді, 

тиісті көмек көрсетілетін болды. 

-Мен  көпбалалы  анамын. 

Үйдің  құжаттарын  рәсімдеу  үшін 

біраз  күш-қайрат  пен  қомақты 

қаржының  қажет  екендігін  естіп, 

қалай болады екен деп жүргем. Сол 

күрмеуі  қиын  мәселенің  шешімін 

тапқаныма 

қуаныштымын,-деп 

Абай  ауылының  тұрғыны  Дилнау-

ыз Мақсұтова ой бөлісті.  

-Біз  азаматтардың  түйткілді 

мәселелерін 

шешу 


жолын-

да  жұмыс  жасай  береміз.  Осы 

көшпелі  қоғамдық  қабылдаудың 

арқасында 

біраз 

мәнді 


мәселелелер қаралуда. Жергілікті 

тұрғындарды 

хабарландыру  

жағын ауыл әкімдері ескерсе, нұр 

үстіне нұр болар еді,-деді  Байлық 

Оралбайұлы. 

Осындай  қоғамдық  қабылдау 

алдағы уақытта басқа да ауылдық 

округтерде жалғасын таппақ. 

 

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ.

 

Экстремизм мен терроризм аса қауіпті



ҚМДБ-ның,  2013  жылғы  пәтуасында 

тәкпір жамағаты дінге жаңалық енгізуші 

топ 

болып 


табылғандығын 

айтты. 


Білімгерлер өздерінің көкейлеріндегі сау-

алдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.  

Аудандық  ақпараттық насихат тобының 

іс-шаралар  жоспарына  сәйкес  семинар 

ауданның  барлық  білім  беру  мекемелері 

мен    елді  мекендерінде  өткізілетін  бола-

ды.  Семинар  барысында  Жамбыл  облы-

сы  әкімдігінің  дін  істері  басқармасының 

жанынан  құрылған  дін  проблемаларын 

зерттеу орталығының тапсырысымен ба-

сып шығарылған дін саласының әр түрлі 

тақырыптарына  арналған  әдістемелік 

құралдар  мен  парақшалар  таратыл-

ды.  Онда  көрсетілген  сенім  телефонда-

ры  арқылы  тұрғындар  көкейлеріндегі 

сұрақтарын  қойып,  арнайы  теолог,  пси-

холог  мамандардан  тиісті  жауаптарын 

естиді. 


 

 (Өз тілшіміз).

ҚАЗАҚТЫҢ 

ҚАРА ӨЛЕҢІН 

ҚАДІРЛЕГЕН 

МҰҚАҒАЛИДІҢ 

МҰҢЫ МЕН 

СЫРЫ ДА 


ӨМІРШЕҢ 

ӨЛЕҢДЕРІНДЕ. 

ОНЫҢ ОТТЫ 

ЖЫРЛАРЫНАН 

ОҚЫРМАН ОЙ 

ТҮЙІП, РУХАНИ 

АЗЫҚ АЛАРЫ 

АНЫҚ.


Тау тұлға

мекеменің  бұқаралық  бөлім  меңгерушісі 

Ақсұңқар  Игенбекованың  ұйымдастыруымен 

өткен  игі  шарада  байқаудың  шымылдығын 

ашқан  балалар  жасөспірімдер  орталығының 

директоры Қали Қораласбаев:

-Биылғы 

Мұқағали 

ақынның 

туған 


күнін  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  20 

жылдығымен  байланыстырып  атап  өтудеміз. 

Білім  мен  өнерімізді  бірге  ұштастыра  білсек, 

мәңгілік елге айналамыз, -деді. 

Алдымен ақынның «Аққулар ұйықтағанда»  

поэмасынан 

театрландырылған 

көрініс 


көрсетіліп,  мұнан  кейін  кіші  және  орта  топ 

оқушылары  өз  өнерлерін  ортаға  салды. 

Мұқағали  ақынның  қос  өлеңін  мәнерлеп 

оқыған  балалар  көрермен  қауымның  зор 

ықыласына  бөленді.  Тағдыр  сынына  мойы-

май,  қиындыққа  қарсы  тұра  білетін  қайсар 

жастардың  таланты  көпшіліктің  көзіне  жас 

үйіртіп,  көңілдерін  босатты.  Ақиық  ақынның 

отты  жырларымен  жанның  жарасын  емдеп, 

рухани  азық  ала  білген  жастар  өнерлерімен 

жиылған жұртты тәнті етті. 

Байқау қорытындысы бойынша үлкен топ-

тан  1-орынды  Иманбай  Әділет  пен  Қуаныш 

Арыстеев алса, 2-орынды Майра Әсет, 3-орын-

ды  Бақтыбек  Нұбила  иемденді.  Ал  кіші  топ 

бойынша  жүзден  жүйрік  шығып,  1-орын-

ды  Гүлдариға  Жақаева  иемденіп,  2-орынды 

Шәукен  Расул  алды.  Ал  3-орынды  Шарапат 

Қарақат қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар  мақтау  қағазымен,  байқауға 

белсене  ат  салысқан  балалар  Алғыс  хатпен 

марапатталды.  Игі  іске  азаматтық  танытып, 

демеушілік көрсеткен Н.Т.Сауранбаев. 

Кеш  соңында  байқауға  қатысушылар    ба-

лалар  жасөспірімдер  орталығының  ұжымы 

жайған ақ дастарханнан дәм татты. 

 Ж.ҚАСЫМХАНОВА.

Жуырда №10 Шу колледжінде аудан 

әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен кол-

ледж ұжымының ұйымдастыруымен 

аудандағы теріс пиғылды діни 

ағымдардың алдын алуға бағытталған 

ақпараттық-насихаттық топ 

мүшелерінің қатысуымен «Діни экс-

тремизм мен терроризмнің алдын алу» 

тақырыбында семинар өтті (суретте). 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабында  әр 

адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот  арқылы қорғай алаты-

ны көрсетілген. Әр адамның заң мамандарынан көмек алуға құқығы 

бар. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде адамдардың 

өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде 

немқұрайлылық танытатыны да кездеседі. Әсіресе, шалғай ауылдардың 

тұрғындары   төлқұжат, жер рәсімдеу және басқа да ресми  құжаттар 

бойынша қиындыққа тап боп жатады. 

Суреттерді түсірген Петр Норкин.



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 248.76 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет