Татулықтан артық тағылым жоқ


АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ



жүктеу 421.12 Kb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата07.09.2017
өлшемі421.12 Kb.
1   2   3

АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА: КОНКУРС!

Бос лауазымға орналасуға конкурс туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

алуын,  қызметкерлер  мен  тәрбиеленушілерді  ұйымдастырады. 

Мектепке  дейінгі  ұйымның  барлық  мүліктері  мен  құралдарына  билік 

жүргізеді, жыл сайын кіріс және шығыс есебін береді. Оқу-материалдық 

базаны толтыруды, оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық 

тәртіп  ережесінің  сақталуын,  техникалық  және  көрнекі  құралдардың 

қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Педагогикалық және қосымша кадрлар-

ды қызмет орнына іріктеу мен қабылдауды жүзеге асырады, біліктілік 

сипаттамасына сәйкес қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын 

әзірлейді. Қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасай-

ды. Әкімшілік және еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орын-

далуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу 

стандартына  сәйкес  оқу  бағдарламасын  іске  асыру  бойынша  жұмыс 

жүргізеді.

Қоғаммен, ұйымдармен, ата-аналармен байланысты жүзеге асыра-

ды. 


Білуге  міндетті:  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын, 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»,  «Баланың  құқықтары 

туралы»,  «Тілдер  туралы»,  «Неке  және  отбасы  туралы»,  «Сыбай-

лас  жемқорлықпен  күрес  туралы»  Заңдарын  және  басқа  білім  беру 

мәселесі  жөнінде  нормативтік  құқықтық  актілерді,  педагогиканы, 

педагогикалық-психологияны,  жас  ерекшелік  физиологиясын,  мек-

теп  гигиенасын,  қазіргі  заманғы  педагогика-психологиялық  ғылымның 

және практиканың жетістіктерін, әлеуметтану, экономика негізін, еңбек 

заңнамаларын,  мектепке  дейінгі    ұйымдардың  қаржы-шаруашылық 

жұмыстарының сұрақтарын, еңбек қорғау ережесі мен нормасын және 

техникалық қауіпсіздікті.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1)  тіркелген  мекенжайы,  тұрғылықты  мекенжайы,  байланыс  теле-

фондары көрсетілген конкурс төрайымының атына жазылған өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) белгіленген қалыпта мөр басылып куәландырылған білімі туралы 

құжаттың көшірмесі;

4)  белгіленген  қалыпта  мөр  басылып  куәландырылған  еңбек 

кітапшасының  көшірмесі  (бар  болған  жағдайда)  немесе  соңғы  жұмыс 

орнындағы еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және боса-

ту туралы бұйрықтардың көшірмелері;

5) фото суретімен қоса кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері 

көрсетілген өндірістік мінездеме;  

7)  мемлекеттік  және  орыс  тілдерінде  түйіндеме,  еркін  нысанда 

жазылған өмірбаян;

8)  біліктілік  санаты  немесе  ғылыми  дәрежесі  туралы  құжаттың  

көшірмесі;

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін 

атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген  

№086/У нысанындағы медициналық анықтама (нормативтік-құқықтық 

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген);    

10) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статисти-

ка және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық 

құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің бо-

луы не болмауы  туралы анықтама.  

Байқауға қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейлігі 

(біліктілігін  көтеру  құжаттары,  ғылыми  дәрежесі  мен  атағы,  ғылыми 

жұмыстарының  бұқаралық  жариялылығы,  алдыңғы  жұмыс  орны 

басшысының  ұсыныс  хаты  және  т.б.)  туралы  қосымша  құжаттарды 

ұсына алады.

Конкурсқа қатысатын үміткерлер өтінішті және қажетті құжаттарды 

осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылым-

дарында («Шу өңірі» газетінде) жарияланған сәттен бастап сағат 9.00-

ден 13.00-ге дейін күнтізбелік 15 күн ішінде Шу ауданы әкімдігінің білім  

бөліміне тапсыруы тиіс. 

Конкурс өткізілетін орын: Төле би ауылы, Егемберді көшесі №2 а.

Шу ауданы әкімдігінің  білім бөлімі.



  * * *   

Жұрқабаев Көбен Жұмажанұлының 

1999  жылдың  7  шілдесінде  қайтыс 

болуынан  кейін  мұрагерлік  ісі  ашы-

лып  отыр.  Осыған  орай,  марқұмның 

мұрагерлері мұрагерлік істі ресімдеу 

үшін осы хабарландыру жарияланған 

күннен  бастап  бір  ай  мерзім  ішінде 

Төле би ауылы, Шоссейная к-сі, 1 үйде 

орналасқан нотариалдық кеңсеге (но-

тариус Ж.Ошанов) жолығулары қажет.

ТАПСЫРЫС:   

№33

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 081100, Төле би ауылы, Төле би көшесі, №264 үй



ТЕЛЕФОНДАР:

директор-бас редактор  

3-29-14 (факс)

есепші, хаттар бөлімі  

3-29-24

баспахана 



 

3-20-47


Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2012 жылғы 23 қарашада тіркеліп, №13184-Г куәлік берілген

ГАЗЕТ АПТАСЫНА ЕКІ РЕТ - 

сәрсенбі және сенбі күндері  

«Шу аудандық баспасы» ЖШС-де басылады



Директор-бас редактор  

Н.А.Қадырбеков

МЕНШІК ИЕСІ: 

«Шу аудандық баспасы» 

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жауапты кезекші:  Д.Батырхаирова

Редакция мақала авторының көзқарасына, жар-

намалар, көңіл айтулар және құттықтаудағы 

өлең жолдарының мазмұнына жауап бермейді

    


ТАРАЛЫМЫ:  

барлығы - 5139

 

 

қазақ тілінде - 3873 



 

 

орыс тілінде - 1266 



ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ ИНДЕКСІ:

 

жеке тұлғалар үшін - 81100



 

мекемелер үшін - 81102

материалдың жариялану ақысы төленген

6

shuskaya_dolina@mail.ru



          20 ақпан  2016 жыл

Шу өңірі


ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА: shuskaya_dolina@mail.ru

Электрондық парақша: http://VK.com/shu_onіrі

Шу  қаласының  тұрғыны,  аяулы  да  ардақты 

анамыз  Мұратжан  Жаңабайқызы  БӨКЕНБАЕВА 

28 ақпан күні 58 жасқа толғалы отыр. Бар өмірін 

ұстаздық  қызметке  арнаған  анамызды  зейнет-

жасына  келу  қуанышымен  құттықтаймыз! 

Осындай  қуанышты  сәтте  сізге  мықты 

денсаулық,  ортаймас  несібе-дәулет,  жүзіңіз 

жарқын,  мерейіңіз  үстем  болсын  деп  шын 

жүректен тілейміз.

Лаулаймыз да, сіз барда жанамыз да,

Қосып сізді сан әнге, сан аңызға.

Аялаған айдында аққудай боп,

Асыл ана, жүре бер арамызда.

Құтты болсын, зейнетке келген жасыңыз,

Еселетіп жүзден дағы асыңыз.

Немере мен шөберенің ортасында,

Қуанышпен алға қадам басыңыз. 

Ізгі  ниетпен:  жұбайы  Серік,  ұлдары-келіндері  Нұрлан-Аманкүл, 

Алмат-Жазира,  Ерлан-Айзада,  күйеубала-қыздары  Дархан-Дина,  Ер-

тай-Марал, Азамат және немерелері Ләззат, Тұрар, Альфия, Айдана, 

Ақерке,  Аружан,  Диас,  Малика,  Жалғас,  Аяулым,  Нұрай,  Нұрдәулет, 

Жеңіс, Баймұрат, Нұртас, Жасұлан, Айым, Мұхаммед.

 

 

Құттықтау   Жарнама



Хабарландыру

Д ж е к с е м б е т о в а   К у л ь д а р и 

Нуркалиевнаның  2015  жылдың  17 

қыркүйегінде қайтыс болуынан кейін 

мұрагерлік  ісі  ашылып  отыр  (Шу 

қаласы, 3 бұрылыс, 8 март к-сі, 3/2 үй). 

Осыған орай, марқұмның мұрагерлері 

мұрагерлік істі ресімдеу үшін, осы ха-

барландыру жарияланған күннен ба-

стап бір ай мерзім ішінде Шу қаласы, 

Сәтбаев  к-сі,  159/1  үйде  орналасқан 

нотариалдық  кеңсеге  (нотариус 

Ш.Абилтаева) жолығулары қажет.

 Шу қаласының тұрғыны, білім саласының майтал-

ман маманы, балалар шығармашылық орталығының 

басшысы  Жанар  ТӘЖІБАЙҚЫЗЫН      адам  өмірінің 

айтулы  белесі  -  50  жасқа  толу  мерейтойымен 

шын  жүректен  құттықтаймыз!  Терең  білім,  берік 

ұстаным,  іскерлік  қабілет  және  үлкен  азаматтық 

қасиеттеріңіз  үнемі  биіктерден  көріне  берсін.  

Өз  ісіңізге  берілгендігіңіз  бен  кәсіби  шеберлігіңіз, 

әділдігіңіз  бен  адамгершілігіңіз  үшін  әріптестеріңіз 

сізді  білікті  маман,  ақжүрек  азаматша  ретінде 

құрмет тұтып, сыйлайды. Әрдайым денсаулығыңыз 

мықты, отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз 

үстем болсын дей келе, мына өлең шумағын арнаймыз:

Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,

Бақытқа отбасылық  кенеліңіз.

Жұмыста  еңбегіңіз бағаланып,

Медальмен, орденменен еленіңіз!

 Ізгі ниетпен: балалар  шығармашылық  орталығының  ұжымы.

МҰРАГЕРЛІК АШЫЛДЫ

Төле би атындағы (Шу қаласы) орта мектептің ұжымы осы мектептің 

мұғалімі  



ҚАРҒАБАЕВА ГҮЛЗАҒИРА ЛЕСПЕКҚЫЗЫНЫҢ  

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы және туған-

туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.  

ЕСКЕ АЛУ


ЖШС  "Ер-Тай"  «Ақсүйек  кен  байыту  жане  өңдеу  фабрикасының 

қоршаған  ортаға  әсерін  бағалау»  бойынша  қоғамдық  тыңдаулардың 

өткізілетіндігі  туралы  хабарлайды  және  барлық  мүдделі  тұлғаларды 

қатысуға шақырады.

Қоғамдық тыңдаулар:

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,  Ақсүйек  ауылының әкімшілік  

ғимаратында 2016 жылы 11 наурызда сағат 15.00-де өткізіледі;

Жобаға  байланысты  туындаған  сұрақтар  бойынша  төмендегі 

мекенжайға хабарласуға болады:  "Ер-Тай" ЖШС, Алматы каласы, әл-

Фараби даңғылы №5. Тел.: 8(727) 311-06-18.



ЖАҚСЫ АДАМ — АЛЛАНЫҢ НҰРЫ

Иә,  өмір  деген  үлкен  құдірет  қой. 

Тұрмыстың 

мәні 


мен 

болмысын 

ой 

елегінен  өткізіп,  асқар  таудың  биік  шыңына 



қарап,  өзіміздің  көздеген  мұратымызға 

қол  жеткіземіз.  Мәні  мен  мағынасы  мол 

ұрпағымызға  өмір  сыйлаймыз,  артта  қалған 

мирас деп қуанамыз. Бірақ, өкінішке орай, бұл 

жалған өмірден күніне қанша адам о дүниеге 

көз жұмып, мәңгіге арамыздан кетіп жатады. 

Сондай ізгі жандардың бірі – мейірімді де па-

расатты, қайырымды да биязы, зиялы да кең 

пейілді  жан,    асыл  жар,  дана  әке,  құрметті 

ата,  мыңдаған  түлекке  ардақты  ұстаз  болған 

Әбдеков Амантай Әбдекұлы еді. 

А.Әбдеков  Жамбыл  облысы,  Шу  ауданы, 

Калинин  колхозында  1943  жылы  қарапайым 

отбасында  дүниеге  келген.  Орта  мектепті 

аяқтап,  Қарағанды  Педагогикалық  институтын  бітірді.  Бірнеше  жыл 

Қарағанды  облысының  Спасск,  Самара  ауылдарында  химия,  биология 

пәндерінен  сабақ  беріп,  мектеп  директоры  болды.  Осыдан  кейін  Шу 

ауданындағы  Далақайнар,  С.Естемесов,  Ж.Баласағұн  атындағы  мектеп-

терде ұстаздық қызметті өмірінің соңына дейін атқарып келді. Ұлағатты 

ұстаз  оқушыларына  білім  кілтінің  жаңа  белестерін  ашуға  көп  еңбек 

сіңірді. Олардың еңбекке, оқуға деген ынтасын арттырып, дұрыс тәрбие 

алуына,    дәстүрлі  рух  құндылығын  бағалауға,    білімге,  отансүйгіштікке 

баулуға көп көңіл бөлді. Өнегелі ұстаздың мыңдаған түлектері қазіргі күні 

әртүрлі мамандық иелері, еліміздің беделді азаматтары. 

Амантай Әбдекұлы өзі басқарып отырған ұжымда,  әріптестері ара-

сында сыйлы болды, әрдайым игі істер мен қайырымдылық шаралары-

на бастамашы болып, қолдау көрсетіп отырды. Еліміздің асыл қазынасы, 

халқымыздың  баға  жетпес  байлығы  –  бірлік  пен  ынтымаққа  шақырып 

отырды. 

А.Әбдековтың жұбайы Г.Ғ.Әбішевада ұстаз болған, екеуі екі ұл, бір қыз 

тәрбиелеп өсірді. Олар  елеулі мамандық иелері,  өмірден өз орындарын 

тауып, отбасын құрды. 

Жүйткіген  жүйріктей,  аққан  жұлдыздай  зулап  өтіп  жатқан  уақыт-ай. 

Өнегесі өзгеше, шапағаты мол, елінің ары мен арысы, балаларының пана-

сы  болған асыл азамат А.Әбдеков 1996 жылдың ақпан айында  өмірден 

озды, оған да 20 жыл болыпты. 

Артында қалған асыл жары, балалары, ұрпақтары сағынышпен еске 

ала  отырып,  құрметті  жар,  дана  әкенің  тазалыққа  тұнып,  мейіріммен 

қараған жанарын, кең пейілділігін, жарқын келбетін мәңгі есте сақтайды!

Өзің едің Алла қосқан қосағым,

Өзің едің балалардың тірегі.

Тәрбиеңді көріп өсті жасынан,

Із жалғайтын, мирас болған  ұрпағың.

Ешкім сендей сипамаған басынан,

Түсіне алмай қалдық біз де, артыңда.

Кетуің де болды - ау бізге тосыннан,

Әр күніміз сағынышпен өтеді...

Сағынышпен еске алушы: зайыбы Гүлнар, балалары, немерелері.

Теміртау қаласы.

ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАБЫЛАДЫ

Ы.Алтынсарин  атындағы  (Шу 

қаласы)  орта  мектепті  1989  жылы 

бітірген    БЕЙСЕМБАЕВ  Талғат 

Амангелдіұлының  атына  берілген 

8  сынып  бітіргені  туралы  куәлігі 

(№012042) жоғалуына  байланысты 

жарамсыз деп табылсын.

  Жайсан  ауылы,  Жайсан  орта  мектебінің 

кіші  қызметкері,  қадірлі  Күлзада  Халыққызы 

АМАНТАЕВА  23  ақпан  күні  елеулі  58  жасқа  то-

лады.  Еңбегіңіз  еленіп,  құрметті  демалысқа 

шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Ет-

кен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі 

сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай, 

бала-шағаңыздың  ортасында  ардақты  ана  де-

ген  атты  иеленіп  жүре  беріңіз!  Құрметті 

демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!

Еленді еңбек қуанышты бәріміз,

Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.

Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,

Қуанышқа ортақ кіші-кәріміз.

Ізгі ниетпен: Жайсан орта мектебінің ұжымы.

Шу  қаласының  тұрғыны,  қадірлі  әріптесіміз 

Аида Мұратәліқызы ДЖАНҚҰЛОВАНЫ   14 ақпанда 

мерейлі  30  жасқа  толған  туған  күнімен    шын 

жүректен құттықтаймыз! Қуаныш иесіне мықты 

денсаулық,  ұзақ  өмір,    еңбегіне  жеміс  тілей  оты-

рып, мына өлең шумақтарын арнаймыз:

Тілек деген бәрінен де тәттірек,

Ақ жүректен ақтарылсын ақ тілек.

Шын көңілден осы жырды арнадық,

Берекелі бақыт тілеп, бақ тілеп!

 Ізгі ниетпен: «Балдәурен» балабақшасының 

ұжымы.


Шу  қаласының  тұрғыны,  асыл 

жар,  ардақты  ана,  сүйікті  әже  

Тоғжан  Серікқызы  БАЙДІЛДАЕВА 

ақпан  айының  21  күні  51  жасқа 

толады.  Сізді  туған  күніңізбен 

құттықтай  отырып,  қажымас 

қайрат,  талмас  талап  тілейміз! 

Асқар таудай әкемізбен бірге мәңгі 

бірге болыңыз. Мына өлең жолдары 

өзіңізге арналады:

Асыл ана биік болсын белесің,

Тірлікпенен тыным таппай  

 

 

 



келесің.

Жұмыс десе жиып тастап ұйқыңды,

Бар қиынды еңбекпенен жеңесің.

Шөбере сүйіп, бізбен жүз жыл ұшқайсың,

Бар тірлікті ақылменен ұстайсың.

Сізге қарап күш аламыз жан ана,

Бала десе құрақ ұшар құстайсың.

Ізгі ниетпен: жұбайы, ұлдары мен келіндері және Сәулет

Сезім атты немерелері.

Баласағұн  ауылының  тұрғыны  Джұмабек 

ТОҚСАНБАЕВТЫ  23  ақпан  күні  63  жасқа  то-

луымен  шын  жүректен  құттықтаймыз! 

Қуаныш  иесіне  ең  әуелі  мықты  денсаулық, 

ұзақ  өмір,  кіршіксіз  көңіл  тілейміз.  Отбасы 

мен  немерелерінің  ортасында  жарымен  бірге 

әркез  шаттыққа  бөленіп,  бақытты  ғұмыр 

кешсін демекпіз.

  Бұл жасқа жеткенде бар, жетпеген де.

   Қарттықтың қадамына беттегенде.

   Жан жылытар жақсылық молынан боп, 

     Сәттілікпен қол жетсін көксегенге.

         Қуат беріп, еңсені әркез тіктейтін.

          Зейнет жасы құт әкелсін бітпейтін.

              Бұл қуаныш жалғай берсін шаттықты

                  Нұрлы күнге бірін-бірі күтпейтін. 

Ізгі ниетпен: жиендері. 

«Шу    Несие    серіктестігі»   

ЖШС-і,      «Ғазиз»    шаруа  

қожалығының 

 

(жетекшісі  



Қойбағаров Бірлік Жунисбекович)  

келесі    дүние-мүлкісіне    сауда-

саттық  жариялайды:

-Жамбыл  облысы,  Шу  ауда-

ны,  Көктөбе  ауылы,  К.Қазиев  

көшесінде    орналасқан      №28 

тұрғын  үй  (жалпы  алаңы  72,3 

ш.м.,  0,2400  га  жер  телімімен,  

кепілдік  бағасы  1 312 757 теңге 

(құқық  иесі Қойбағаров Бірлік Жу-

нисбекович).

Сауда-саттық  (аукцион) 2016  

жылы  9 наурызда  сағат  11.00-

де  өтеді.

Қатысушылар    өтінімдері  

мына  мекенжайда  қабылданады:  

Төле  би    ауылы,    С.Шәкіров  

көшесі  №227. Тел.: 3-26-98.

В.П.Чкалов  атындағы  (бұрынғы 

«Чкалов» совхозы қазіргі Бірлікүстем 

ауылы)  орта  мектепті  1989  жылы 

бітірген    АБИЛЖАНОВ  Оспан 

Тойшыбаевичтің атына берілген орта 

мектепті бітіргені туралы аттестаты 

(№538696) жоғалуына  байланысты 

жарамсыз деп табылсын.

Шу  қаласы,  «Батыс»  мөлтек  ауданында  екі  бөлмелі  пәтер  дүние 

мүлкімен жалға беріледі. Байланыс тел.: 8775 372 55 31.

ЖАЛҒА БЕРІЛЕДІ

  * * *   

А Б Д Р А Е В  

С а р с е х а н 

Карипбаевичтің  атына  берілген 

тіркелінетін  жылжымайтын  мүлік 

нысандарына берілген техникалық 

төлқұжат  (инв.  №10247,  кадст. 

№06:096, Ақтөбе ауылы, Естемесов 

к-сі №4), қабылдау комиссиясының 

жария  етілген  құрылыс  объектісін 

пайдалануға  қабылдау  туралы 

АКТІСІ, уақытша өтеулі жер пайдала-

ну  құқығын  беретін  АКТ  (№956644, 

кадст.  №06-096-009-033,  жер  уч. 

алаңы  847,78  га;  №956648,  кадст. 

№06-096-009-034, жер уч. алаңы 18,0 

га; №956649, кадст. №06-096-010-058, 

жер уч. алаңы 366,69 га)жоғалуына  

байланысты жарамсыз деп табылсын.

Аудандық білім бөлімі және білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ 

комитеті  №40  орта  (Шу  қаласы)  мектебінің  директоры  Гүлбарам 

Тұрлыбекке аяулы анасы 



ҰЛТАЙДЫҢ  

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.  



  * * *   

ТҮЗЕТУ


«Әркім білуге тиіс»-атты мақаладағы 

(«Шу өңірі» №16(8987) 17 ақпан 2016 ж.) 

«Шу  аудандық  кәсіподақ  филиалының 

төрайымы Қамажай Иманбаеваның»-деген 

сөздер «Шу аудандық білім қызметкерлері 

кәсіподағы филиалының төрайымы»-деп, 

сонымен қатар «Шу аудандық кәсіподақ 

филиалының ІІІ пленумы»-деген сөздер 

«Шу  аудандық  білім  қызметкерлері 

кәсіподағы филиалының ІІІ пленумы»-деп 



оқылсын.

Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 421.12 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет