«Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы Серия «Исторические и социально-политические науки»



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/17
Дата11.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
Резюме 
Данная статья посвящена истории становления первых заводов оборонной промышленности в 
Казахстане.  В  статье  рассматриваются  проблемы  эвакуации  и  размещения  заводов  прифронтовой 
полосы  в  Казахстан.  Также  анализируются  процессы  создания  материально-технической  базы, 
производственной и социально-бытовой инфраструктуры, трудности и результаты создания завода № 
621 Народного Комиссариата Боеприпасов. 
Summary 
Given article is dedicated to histories of the formation first plant to defense industry in Kazakhstan.   
In article are considered problems to evacuations and accomodations plant forward area in 
Kazakhstan. Are they Also analysed processes of the making the material and technical base, production and 
social-home infrastructure, difficulties and results of the making the plant   621 Public Komissariata 
Amunition. 
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГТІК ИНСТИТУТЫ ТАРИХЫНАН 

 
39
 (1959-1963 жж.) 
 
Н.Б.Манкеев  – 
Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы 
 
1950 жылдардың аяғында Республиканың халыққа білім беру саласындағы үлкен өзгерістердің 
бірі 1958 жылы 24 желтоқсанда КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  қабылдаған  «Мектептің  өмірмен байланысын 
нығайту  жəне  КСРО-да  Халыққа  білім  беру  жүйесін  одан  əрі  дамыту  туралы»  заңға  байланысты 
жалпыға  бірдей  міндетті  сегіз  жəне  он  бір  жылдық  орта  білімге  көшу  болатын.  Жаңа  заң  бойынша 
жалпы  білім  беру  ісі  оқытуды  еңбекпен  ұштастыру  негізінде  жүзеге  асырылуға  тиіс  болып,  он  бір 
жылдық  еңбек  политехникалық  мектептер  ашылды [1]. Ендігі  жерде,  оқытылатын  пəндер  мен  сағат 
санының көбеюіне байланысты орта мектептерде мұғалім тапшылығы туындаса, өндіріс орындарында 
техникалық  жəне  ауылшаруашылық  мамандарына  сұраныс  күшейді.  Осыған  орай  халық  ағарту 
саласының  ғылыми-педагог  мамандарын  кəсіптік-техникалық  біліммен  ұштастыра  даярлау 
республикадағы өзекті мəселенің біріне айналған. КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңның негізінде 
Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі 1959 жылы 28 наурызда  «Мектептің  өмірмен  байланысын  нығайту  жəне 
Республикада халыққа білім беру жүйесін одан əрі дамыту туралы» заң қабылдады [2]. Мұндай жаңа 
заңдардың  қабылдануы  сол  кезде  Абай  атындағы  Қазақ  Мемлекеттік  педагогтік  институтының 
(ҚазМПИ) 30 жылдық  мерейтойымен  тұспа-тұс  келген  болатын.  Сонымен, 1959/1960 оқу  жылында 
Абай  атындағы  ҚазМПИ  өз  дамуында  жаңа  кезеңге  аяқ  басып,  халыққа  білім  беру  жүйесінде 
қабылданған  жаңа  заңды  практикалық  іске  асыруда  алғашқы  қадам  жасады. 1959/1960 оқу  жылынан 
бастап  институт  өзінің  барлық  оқу-əдістемелік,  ғылыми-зерттеу  жəне  саяси-тəрбие  жұмыстарын  осы 
заңның негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып жүргізе бастады. Бұл кезде институттың Ғылыми 
кеңесінде, факультет кеңесі мен кафедра мəжілістерінде, түрлі жиналыстар мен конференцияларда оқу 
жоспарларын  қайта  қарау,  жаңадан  кең  профильді  мамандықтар  ашу,  өндірістік,  педагогикалық 
практика  мен  институттың  мектептермен  байланысына  өзгерістер  енгізу  күн  тəртібіндегі  басты 
мəселеге  айналған  еді.  Яғни,  осы  кезден  бастап институт  кең  профильді  мамандықтар  бойынша  кадр 
даярлаудың 5 жылдық оқыту жүйесіне көшті. Бұған, сол кезде физика-математика факультетінде жаңа 
үлгіде  ашылған  математика – сызу,  физика  жəне  өнеркəсіптік  өндіріс  негіздері,  физика–химия 
мамандықтарын,  тарих-филология  факультетіндегі  тіл-əдебиет  жəне  тарих  (орыс,  қазақ), 
жаратылыстану-география  факультетіндегі  география-биология,  биология  жəне  ауылшаруашылық 
өндіріс негіздері тəрізді мамандықтардың ашылуын мысалға келтіре аламыз [3]. Жаңа заң институттың 
профессор-оқытушыларынан  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  неғұрлым  қоғамға  пайдалы  жəне 
практикалық  маңызы  бар  зерттеулер  жүргізуді  талап  етті.  Егер  де, 1959-1963 жылдардағы  институт 
тарихына  көз  жүгіртсек,  Абай  атындағы  ҚазМПИ  осындай  міндеттерді  жүзеге  асыруда  айтарлықтай 
табыстарға  жетті  деген  пайымдау  жасауға  болады.1960  жылдары  институт  халық  ағарту  саласына 
ғылыми-педагогикалық  мамандар  даярлауда  республикадағы  ірі  оқу  жəне  ғылыми  орталықтардың 
біріне айналды. 
1959/1960 оқу жылында институтта 4 факультет, 27 кафедра жұмыс істеді. Оның ішінде тарих-
филология факультетінде 7 кафедра (КСРО тарихы, жалпы тарих, қазақ тілі, қазақ əдебиеті, орыс тілі, 
орыс  жəне  шетел  əдебиеті,  орыс  тілі  мен  əдебиетін  оқыту  əдістемесі),  физика-математика 
факультетінде – 4 кафедра (жоғары математика, элементарлық математика, жалпы физика, өнеркəсіптік 
өндіріс  негіздері),  жаратылыстану-география  факультетінде – 5 кафедра  (ботаника,  зоология,  химия, 
физикалық  география,  экономикалық  география),  шетел  тілі  факультетінде 5 кафедра  (ағылшын  тілі 
лексикасы,  ағылшын  тілі  грамматикасы,  неміс  тілі  лексикасы,  неміс  тілі  грамматикасы  мен 
фонетикасын  оқыту  əдістемесі,  француз  тілі)  жəне  бұлардан  басқа  жалпы  институттық 6 кафедра 
(КОКП  тарихы,  философия,  саяси  экономия,  педагогика,  психология,  дене  тəрбиесі)  болған [4]. 
Кафедраларды 5 профессор, 21 ғылым кандидаты, доцент жəне 1 аға оқытушы басқарған болатын. Осы 
кезде ғылыми-педагогикалық мамандар құрамының 35,1%-ын профессорлар, ғылым кандидаттары мен 
доценттер  құрап,  соның  ішінде 7 профессор  институтта  жұмыс  істеді.  Егер  де,  ғылыми  атақ  пен 
дəрежесі  бар  мамандарды  салыстырып  қарайтын  болсақ,  жаратылыстану-география  факультеті (56%) 
мен  тарих-филология  факультетінің (42,8%) алдыңғы  қатарда  болғанын  байқаймыз. 1959/1960 оқу 
жылында тарих-филология факультетін т.ғ.к., доцент Х.М.Əділгереев, физика-математика факультетін 
ф/м.ғ.к.,  доцент  М.Қ.Сəтбаев,  жаратылыстану-география  факультетін  г.ғ.к.,  доцент  П.Д.Устименко, 
шетел тілі факультетін ф.ғ.к., доцент Д.В.Комарев тəрізді декандар басқарған болатын. 1960 жылы 10 
маусымда  Абай  атындағы  ҚазМПИ  директоры  ф.ғ.д.,  профессор  Мəлік  Ғабдуллиннің  қолы  қойылған 

 
40
№ 1-212 бұйрық негізінде жаратылыстану-география факультетіне декан болып физикалық география 
кафедрасының  меңгерушісі,  география  ғылымының  кандидаты,  доцент  М.М.Өтемағамбетов 
тағайындалады [5]. Жоспар  бойынша 1959/1960 оқу  жылында  институттың 1 курсына 550 студент 
қабылдау  көзделініп,  оның  ішінде  физика-математика  факультетіне – 150, тарих-филология 
факультетіне – 100, жаратылыстану-география  факультетіне – 100, ал,  шетел  тілі  факультетіне – 200 
орын  бөлінді.  Алайда,  талапкерлердің  саны  артып 550 орынға 1072 адам  оқуға  құжат  тапсырған. 
Əсіресе, бұл көрсеткіштің  үлес салмағы физика-математика жəне шетел тілі факультетінде артқанын 
айтып  өткеніміз  дұрыс.  Тұтастай  алғанда  оқу  жылының  басында  институттағы  студенттердің  жалпы 
саны 3111 адамды  құраған [6]. Бұл,  сол  кездегі  жастардың  Абай  атындағы  ҚазМПИ-ден  білім  алуға 
деген құштарлығының жоғары деңгейде болғандығын  көрсетсе керек. 1961 жылы 5 қаңтардағы Қазақ 
КСР жоғары жəне орта арнаулы білім беру министрлігінің «1961/1962 оқу жылында жоғары жəне орта 
арнаулы  оқу  орындарына  студенттер  мен  оқушылар  қабылдау  туралы»  № 6 бұйрығы  негізінде 
институтқа  студенттер  тарту  мəселесі  жолға  қойылған.  Бұл  мəселені  шешу  мақсатында  оқытушы-
профессорлардан  құралған  арнайы  топ  ұйымдастырылып,  Республиканың  басқа  да  аймақтарына 
кəсіби-бағдар  жұмыстарын  жүргізу  мақсатында  іссапарға  жіберілді.  Сонымен  қатар,  қабылдау 
комиссиясының  жанынан 6 айлық  дайындық  курстары  жұмыс  істеген.  Осындай  шаралардың 
нəтижесінде 1961/1962 оқу жылында институттың 1 курсына қабылданған студенттер саны 411 адамды 
құрады. 1960 жылы 1 қаңтарда  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесі  «Қоғамдық  ғылымдар  кафедрасы 
жұмысында    оқу-əдістемелік,  ғылыми-зерттеу,  тəрбие  жəне  саяси-қоғамдық  жұмыстарды  қайта  құру 
туралы»  қаулы  қабылдайды.  Осы  қаулының  негізінде  тарих-филология  факультетінде  қоғамдық 
ғылымдар  кабинеті  ұйымдастырылған.  Кабинетте  студенттердің  терең  білім  алуына  қолайлы  барлық 
жағдайлар  жасалынып,  кітап  сөрелері  көптеген  тарихи  шығармалармен  толықты.  Сонымен  қатар 
тарих-филология  факультетінің  студенттері  түрлі  тақырыптарда  білікті  ұстаздардың  қатысуымен 
пікірталастар  мен  дөңгелек  стол  ұйымдастырып,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен  айналысты.  Осы 
жылы  тарих-филология  факультеті  бойынша 55 студент  жеке  тақырыптарда  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарымен  айналысып,  институтаралық  студенттер  конференциясына  қатысқан. 1960 жылы 
факультет  ұстаздарының  орасан  зор  шоғыры  жас  тарихшыларды  отанға  адалдық  рухында  тəрбиелей 
отырып  оларға  терең  де  тиянақты  білім  беріп,  кəсіптік  дағдылармен,  мəдени  жəне  саяси  кең  ой-өріс 
беріп  қаруландырды.  Бұл  кезде  институтта 1931 жылы  бітірген  алғашқы  түлектер  арасынан  «Жалпы 
тарих»  кафедрасында  Сəдуақас  Бақшылов,  Ахмет  Баймурзин, «Өнеркəсіптік  өндіріс  негіздері» 
кафедрасында Ерғазы Əбдірақымов оқытушылық қызмет атқарды [7].   
   60-шы  жылдардың  басында  халыққа  білім  беру  жүйесін  қайта  құрудағы  өзгерістер 
педагогикалық институттарға орта мектептер үшін өз мамандығын жете білетін, қажетті педагогикалық 
дағдыларды  жетік  меңгерген  шəкірттерді  тəрбиелей  алатын  мұғалімдерді  даярлау  міндетін  жүктеді. 
Осыған  байланысты  факультет  деканаттары  мен  жалпыинституттық  кафедралардың  күндізгі  жəне 
сырттай  бөлімдерінде  оқу  жоспарлары  оқу  үрдісінің  жаңа  талаптарына  сай  қайта  қаралып, 
педагогикалық  білім  беруде  бірқатар  негізгі  міндеттерді  іске  асыру  жоспарланған  болатын.  Осындай 
міндеттерге  байланысты  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларына  қайтадан  өзгерістер  енгізу; 
студенттермен  жүргізілетін  ұйымдастыру  жұмыстарын  жетілдіру;  дəріс  пен  практиканың  өзара 
сабақтастығын кеңейту; студенттердің өзіндік жұмыстарына бақылауды күшейту; дəріс, семинар жəне 
зертханалық  сабақтар  мен  өндірістік,  педагогикалық  практикалардың  теориялық  жəне  əдіснамалық 
деңгейін  арттыру;  оқу  үрдісінде  үздік  тəсілдерді  қолдана  отырып  жаңа  техникалық  жəне 
бағдарламалық оқытуды жақсарту тəрізді оқу-əдістемелік жұмыстарға қойылатын талаптардың негізгі 
бағыттарын  айқындайтын  шаралар  белгіленді.  Осындай  шаралардың  нəтижесінде  жалпы  физика, 
психология,  ботаника,  орыс  тілі  кафедралары  арнайы  мамандандырылған  жəне    техникалық 
құралдармен  жабдықталған  дəрісханаларда  сабақ  өткізу  мүмкіндігіне  ие  болған.  Сонымен  бірге 
институттың  барлық  кафедралары  оқыту  үрдісінде  кино  жəне  диафильмдерді  кеңінен  қолдана  білді. 
Мəселен,  жалпы  физика  кафедрасында  техникалық  құралдар  зертханасы,  АК-В2  үлгідегі 
бағдарламалық  оқытудың  автоматтандырылған  жүйесі  іске  қосылса,  психология  кафедрасы  ғылыми-
еңбек  ұйымдарымен  бағдарламалық  оқыту  жəне  əлеуметтік  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуде  бірқатар 
табыстарға  қол  жеткізді.  Ал,  шетел  тілі  кафедрасында  жартылай  кабиналы  магнитафондармен 
жабдықталған  фонетикалық  кабинет  ашылып,  физика-математика  факультетінде  студенттер  ОМ-3м 
жəне  Минск-І  электронды-есептеуіш  машиналары  орналасқан  есептеуіш  техникалық  кабинетте  іс-
тəжірибе жинақтады. Институттың мұндай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі оқыту үрдісіне оң 
əсерін  тигізіп,  сол  кезде  уақыт  талабына  сай  қажеттіліктен  туындаған  институттың  оқу-əдістемелік 
жұмысында кеңінен қолданылған техникалық жетістіктердің бірі болып саналмақ. Алайда, институтта 

 
41
дəрісханалардың жетіспеуі оқу үрдісінде елеулі қиыншылықтар туғызды. Мəселен, физика-математика 
факультеті дəрісхана жетіспеу салдарынан С.М.Киров атындағы ҚазМУ ғимаратының 6 дəрісханасын 
жалға  алуға  мəжбүр  болған.  Тіпті,  студенттердің  өз  бетінше  дайындық  жүргізу  мүмкіншілігі  де  аз 
болды, себебі ол кезде институт кітапханасының оқу залына бар болғаны 100 адам əрең сиятын еді [8]. 
1961  жылы 25 сəуірде  Қазақ  КСР  жоғары  жəне  орта  арнаулы  білім  беру  министрлігі  күн 
тəртібіне  республика  жоғары  оқу  орындарының  алқалы  органдар  атауына  өзгерістер  енгізу  туралы 
мəселені қойды. Осыған байланысты 1961 жылы 10 мамырда Абай атындағы ҚазМПИ ректорының № 
1-180  бұйрығы  шыққан  болатын.  Бұйрық  бойынша,  бұдан  былай  институт  басшысының  лауазымы 
директор емес «ректор», директордың оқу, ғылыми, сырттай бөлім жəне əкімшілік-шаруашылық істер 
жөніндегі  орынбасарлары  «проректор»  деп  аталатындығы  айтылған [9]. Ал,  бұл  кезде  институт 
ректоры Кеңес Одағының Баыры, ф.ғ.д., профессор М.Ғабдуллин, оқу ісінің проректоры п.ғ.к., доцент 
И.Б.Мадин,  ғылыми  іс  жөніндегі  проректор  э.ғ.к.,  доцент  Ц.Л.Фридман,  сырттай  бөлім  проректоры 
Ө.Ө.Өтебаев,  əкімшілік-шаруашылық  бөлім  проректоры  Н.А.Монахов  болатын. 1961 жылы 2 
желтоқсанда  институт  партиялық  бюросының  шешімімен  жаратылыстану-география  факультетінің 
деканы  М.М.Өтемағамбетов  орнынан  босап,  уақытша  декан  міндетін  атқару  ісі  география 
ғылымдарының  кандидаты  П.Р.Загриценкоға  жүктеледі. 1961 жылы 12 желтоқсанда  барлық 3 
факультет декандарын сайлау өтеді. Сайлау қорытындысы бойынша физика-математика (М.Қ.Сəтбаев) 
жəне  тарих-филология  (Х.М.Əділгереев)  факультетінің  декандары  бұрынғыша  қалады  да,  сайлауда 
басым дауыс жинаған П.Р.Загриценко жаратылыстану-география факультетіне декан болып сайланады 
[10]. 
1961/1962  оқу  жылында  күндізгі  жəне  сырттай  бөлімдерді  қосқанда  институтта 4922 студент 
білім  алып,  профессор-оқытушылар  саны 245 адамды  (оның  ішінде 9 ғылым  докторы, 118 ғылым 
кандидаты) құраған. Сол кезде Абай атындағы ҚазМПИ жыл сайын республика мектептері үшін 600-ге 
жуық  мұғалім  даярлап  шығарды. 1961/1962 оқу  жылында  институт  құрамына 1958 жылдан  бірігіп, 
жұмыс  жүргізіп  келген  шетел  тілі  факультеті  қысқарып,  жоғары  білім  беру  ісін  қалған 3 факультет 
жалғастырған.  Оған  себеп  болған, 1961 жылы 27 мамырдағы  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  «Шетел 
тілін оқытуды кеңейту туралы» № 468 қаулысы мен 1961 жылы 31 қазандағы КСРО жоғары жəне орта 
арнаулы  білім  беру  министрлігінің  «Республикада  шетел  тілін  оқытуды  кеңейтілген  түрде  жүзеге 
асыру туралы» № 1032 бұйрығы еді. Аталмыш құжаттарда «Шетел тілін білу халық шаруашылығының 
ғылым,  техника,  мəдениет  т.б.  саласында  халықаралық  байланысты  кеңейтіп,  ғылыми-техникалық 
жетісіктер  алмасуда  маңызды  рөл  атқарады»  деп  көрсетілді [11]. Осыған  байланысты 1962 жылы      1 
қаңтардан бастап шетел тілі факультеті «Алматы шетел тілдері педагогикалық институтына» қосылған. 
Кезінде факультет құрамында болған 5 кафедраның             82 оқытушысы да сонда ауыстырылды. 
Ендігі  жерде  ҚазМПИ-де  тіл  үйрету  ісін  жаңа  құрылған  «шетел  тілі»  кафедрасы  жүргізе  бастайды. 
Кафедра  алғаш  құрылғанда  құрамында 1 ғылым  кандидаты  (В.М.Шварцман), 2 аға  оқытушы 
(А.Г.Клименко, Е.И.Крамаренко) жəне 3 оқытушы (А.С.Попова, А.Г.Миронова, С.А.Бараева), барлығы 
6 адам болған еді. Олардың арасында 2 француз,                        3 ағылшын жəне 1 неміс тілінің маманы 
студенттерге дəріс жүргізді [12].    
Жылдан-жылға  институт  кабинеттері  мен  зертханаларының  оқу-өндірістік  жағынан  
жабдықталуы  арта  түсті.  Бұл  кезде  институт  жұмысында  металл,  шыны  жəне  ағаш  өңдеу 
шеберханалары,  агробиостанция  іске  қосылып,  жылу  техникасы,  техникалық механика,  электрорадио 
жəне кинотехника, ядролық физика, ауылшаруашылық механизациясы жəне авто-трактор ісін жүргізу 
зертханалары жұмыс істеген. Сонымен қатар КОКП тарихы, педагогика, қазақ жəне орыс тілі, əдебиет, 
сызу, эстетика, ботаника, физикалық география, зоология пəндері бойынша арнайы оқыту кабинеттері 
жабдықталды.  Алайда,  студенттер  саны  өсіп,  оқу  құрал-жабдықтары  артса  да  институт  оқу 
ғимаратының  жағдайы  сын  көтермейтін  дəрежеде  болатын.  Бұл  кезде  институтта  Совет – 28 жəне 
Комсомол – 31 көшесіндегі 2 шағын оқу ғимараты, 1 агробиостанция, 5 жатақхана болған еді. Сабақтар 
екі  кезең  бойынша  жүргізіліп,  студенттердің 50 %-ы  ғана  жатақханамен  қамтамасыз  етілді.  Ал, 
профессор-оқытушыларды  тұрғын  үймен  қамту  мəселесін  мүлдем  айтпаса  да  болар  еді.  Ендігі  жерде 
институттың материалдық-техникалық базасын шұғыл түрде жетілдіру қажеттілігі туындады. 
    1961/1962  оқу  жылы  институттың  «Мектептің  өмірмен  байланысын  нығайту  жəне 
Республикада халыққа  білім  беру  жүйесін одан  əрі  дамыту  туралы»  заң  аясында  жұмыс  жүргізгеніне 
үшінші  жыл  болып  саналмақ.  Бұл  кезде  жаңа  оқу  жоспарларына  сəйкес  институттың  барлық 
факультеттерінде  кең  профильді  мамандықтар  бойынша  даярланған  мамандардың  үшінші  легі  түлеп 
ұшты. Заңда көзделген міндеттер бойынша жалпыға бірдей міндетті сегіз жəне он бір жылдық білімге 
көшудің  даярлық  жұмыстарын  толық  аяқтау 1963 жылға  белгіленген  болатын.  Демек,  осы  оқу 

 
42
жылында барлық факультеттер жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сəйкестендірілген оқыту 
жүйесіне  толықтай  көшті  деуге  негіз  бар.  Жоғарыда  айтып  өткендей,  заңда  қарастырылған  негізгі 
міндет – оқытуды    өндіріспен  байланыстыру  мəселесі.  Осыған  орай  институтта  өндірістік  жəне 
педагогикалық  практикаға  баса  назар  аударылып,  өндіріспен  жəне  мектептермен  байланыс  жаңаша 
бағытта  жүргізілді.  Мəселен,  оқытудан  қол  үзбей  жүргізілген  педагогикалық  практиканың  бірінші 
жылында 2-3 курс  студенттері  қатыстырылған.  Педпрактиканы  өткізу  кезінде  барлық  факультеттер 
үнемі  педагогика  кафедрасымен  байланыста  болды.  Осы  арада  айта  кету  керек,  педпрактика 
барысында 4 курс студенттеріне институттан тəжірибелі əдіскер-оқытушылар жетекшілік етсе, 5 курс 
студенттері  тікелей  мектептің  пəн  мұғалімдері  мен  сынып  жетекшілерінің  қарамағында  болған. 
Əсіресе, бітіруші курс студенттерінің практиканы жетік меңгерулеріне баса назар аударылып,  өзіндік 
жұмыстарына  талап  күшейтілді.  Педагогикалық  практиканы  жоғары  деңгейде  өткізу  үшін,  алдыңғы 
қатарлы мектептерді таңдау мəселесін институт басшылығы ойдағыдай шеше білді. Мəселен, институт 
ректоры М.Ғабдуллин студенттердің педагогикалық практикаларын сапалы өткізу мақсатында мектеп 
директорларымен  өзара  келісім-шартқа  отырған.  Нəтижесінде,  институттан  барған  əрбір  студентті 
мектептегі пəн мұғалімдері жіті қадағалап, практиканы барынша жетік меңгерулерін ұйымдастырады. 
Ал,  мектеп  ұжымына  институт  қорынан  еңбекақы  тағайындалып,  ректордың  Құрмет  Грамотасы 
тапсырылды. Мұны сол кездегі институт бұйрықтарынан анық байқауымызға болады [13]. Мектептер 
мен  институт  арасындағы  байланыс  қарқынды  түрде  жүргізіліп,  факультет  студенттерінің 
педагогикалық  практиканы  Қазақстанның  өзге  де  аймақтары  мен  Алматы  қаласының  көптеген 
мектептерінде өткізуге барынша мəн берілді. Педагогикалық практиканы өткізуге ерекше атсалысқан 
Алматы  қаласы  мектептерінен  басқа  институт  түлегі,  Социалистік  Еңбек  Ері  Құдыс  Əбсеметов 
басқарған  Жамбыл  ауданы  Қарғалы  орта  мектебі,  Үңгіртас  мектеп-интернаты,  Панфилов  ауданы 
С.М.Киров  атындағы  орта  мектеп,  Іле  ауданындағы  № 3, Қаскелең  ауданындағы  № 68 жəне  Талғар 
қаласы  мен  Гвардия  ауданы  Шанханай  ауылындағы  орта  мектептерді  жатқызамыз.  Бұл  кезде 
студенттердің мектепте жұмыс істеуге қызығушылықтары ерекше артқандығын айтып өткеніміз жөн. 
Мəселен, 
тарих-филология 
факультетінен 
педагогикалық 
практикаға 
жетекшілік 
еткен 
оқытушылардың  есептерінде  студенттердің  мектепте  атқарған  іс-тəжірибелері  барысындағы  асқан 
жауапкершілікті жəне мектептің оқу-тəрбие жұмысына белсене қатысқандығын бəрі бір ауыздан атап 
өтеді.  
Физика-математика  факультеті  студенттерінің  өндірістік  практикасын  өткізуде  Балқаш 
металлургия  комбинаты,  Боралдай  қант  зауыты,  Жамбыл  суперфосфат  зауыты,  Шымкент  қорғасын 
зауыты, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Пржевальск цемент зауыты, Ақтөбе химия комбинаты 
тəрізді  өнеркəсіптердің  көрсеткен  қызметі  ерекше.  Жаратылыстану-география  факультетінің 
студенттері  ауылшаруашылық  өндіріс  негіздері  бойынша  практиканы  колхоздар  мен  совхоздарда, 
сонымен  қатар  институт  агробиостанциясында  өткізді.  Ал,  физикалық  география  пəнінен  студенттер 
арнайы  белгіленген  бағыттар  бойынша  тұрақты  түрде  КСРО  географиялық  аймақтарына  саяхатқа 
шығып отырған.  
 1962/1963 оқу жылы институт тарихындағы 35-ші оқу жылы болып саналмақ. Осы 35 жылдың 
ішінде институт республикадағы ірі педагогикалық жоғары оқу орны ретінде қалыптасты. 1963 жылы 
17 қаңтарда Қазақ КСР жоғары жəне орта арнаулы білім  министрлігінің № 42 бұйрығы бойынша Абай 
атындағы ҚазМПИ ректоры болып экономика ғылымдарының докторы, профессор Серғали Толыбеков 
институт  тарихында  үшінші  рет  тағайындалды [14]. Бұл  уақытта  Абай  атындағы  ҚазМПИ 
педагогикалық  мамандар  даярлайтын  жоғары  оқу  орны  ғана  емес,  ірі  ғылыми-зерттеу  орталығына 
айналды.  Институтта  осы  кезде  ғылым  салаларының  өзекті  мəселелеріне  қатысты  іргелі  зерттеулер 
жүргізіліп, əр жылда профессор-оқытушылар құрамының арасында ғылыми конференциялар өткізілді.  
  1963  жылы 9 мамырда  КОКП  Орталық  Комитеті  мен  КСРО  Министрлер  Кеңесі  «Жоғары 
жəне  арнаулы  орта  білім  беруді  одан  əрі  дамыту,  мамандар  даярлау  мен  пайдалануды  жақсарту 
жөніндегі шаралар туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда мамандарды даярлау мен пайдалануды одан əрі 
жақсартудың  жолдары  белгіленіп,  өнеркəсіптің,  ағарту  мен  мəдениеттің  түрлі  салаларында  жұмыс 
істеуге  қабілетті  суретшілерді  даярлау  мақсаты  көзделді [15]. Осының  негізінде 1963 жылы  физика-
математика  факультетінің  ішінен  «Элементарлық  математика  жəне  сызу»  кафедрасы, «сызу  жəне 
бейнелеу»  мамандығы  ашылды.  Бұл  мамандық  негізінен  декоративтік-тұрмыстық,  монументтік-
декоративтік өнер суретшілері мен көркем-өнеркəсіпті конструкциялау жөніндегі мамандар даярлауды 
жүргізді. 
1962/1963  оқу  жылында  институттағы  тағы  бір  өзгеріс,  оқыту  үрдісінде  азаматтық  қорғаныс 
жəне  медициналық  дайындық  курсының  енгізілуі  болатын.  Яғни, 1962 жылы 31 шілдеде  Қазақ  КСР 

 
43
жоғары жəне орта арнаулы білім беру министрлігінің № 285 бұйрығы негізінде қабылданған «Жоғары 
оқу  орны  студенттеріне  азаматтық  қорғаныс  жəне  мейірбике  даярлау  курсын  оқыту  туралы»  нұсқау 
жарық  көрді.  Нұсқауда  «Халық  шаруашылығының  қай  саласында  болмасын  əрбір  жоғары  білімді 
маман алғашқы əскери даярлық пен медициналық көмек көрсетуді білуге тиіс» деп атап көрсетілген. 
Сол  себепті  əрбір  факультетте  азаматтық  қорғаныс  жəне  медициналық  дайындық  курсының  жаңа 
бағдарламасы  енгізілді.  Институт  Ғылыми  Кеңесінің  шешімі  бойынша  медициналық  дайындық 
сабақтарын  оқыту  мерзімі  тарих-филология  жəне  физика-математика  факультетінде 3 жыл (1, 2, 3 
курста), жаратылыстану-география факультетінде 2 жыл (3, 4 курста) болып белгіленіп, анатомия жəне 
адам физиологиясы пəндерімен ұштастыра жүргізілді. Кейіннен 1963/1964 оқу жылында осы курстың 
негізінде  «Азаматтық  қорғаныс»  кафедрасы  ашылып,  құрамында  кафедра  меңгерушісінен 
(В.А.Лазарев)  басқа, 3 аға  оқытушы  (Р.А.Гуревич,  А.А.Шароватов,  М.Г.Великанова)  студенттерге 
даярлық курстарын жүргізді [16]. 
1963 жылы «Мектептің өмірмен байланысын нығайту жəне Республикада халыққа білім беру 
жүйесін одан əрі дамыту туралы» заңға байланысты елімізде жалпыға бірдей міндетті сегіз жəне он бір 
жылдық  білімге  көшу  аяқталған  болатын.  Ағарту  саласындағы  мұндай  өзгерістер  институт  алдына 
алдағы жылдарда да мектептерге жоғары кəсіби деңгейдегі ғылыми-педагогикалық мамандарды көптеп 
даярлау  жолындағы  маңызды  міндеттерді  қойды.  Жыл  сайын  осы  оқу  орнынан  білім  нəрімен 
сусындауға құмартқан студенттердің саны арта түспесе кеміген жоқ.  

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет