«Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы Серия «Исторические и социально-политические науки»



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/17
Дата11.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
 
 
 
ХІХ ғ. 50 ж. ЖЕТІСУДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 
 
Д.М.Мұқатова – 
 т.ғ.к. Абай атындағы  ҚазҰПУ 
 
Жетісу  өлкесінде орыс  билігінің  күшеюі,  патша өкіметінің  жергілікті  халықтар  туралы нақты 
мəліметтер  жинауына  жол  ашты.  Патша  өкіметі  осы  мақсатпен  жəне  əскери  тапсырмамен 
П.П.Семенов,  М.Венюков  сияқты  ғалымдарды  өлкеге  аттандырады.  Верныйда 1862 жылы  арнайы 
нұсқаумен  болған  М.Венюков  Ұлы  жүз  қазақтарының  саны  туралы  былай  деп  жазады: «Біздің 
иелігімізде Ұлы жүздің ең басты үш руы көшеді. Олар - жалайыр, суандармен қосылған албандар мен 
дулаттар... Ең көбісі дулаттар: сыйқым -795 ауыл, жаныс (жайлымыс, балсу, қыбырай, қашқарау жəне 
т.б.) -1090 ауыл, ботпай (шағай, құдайгүл, есенбай жəне т.б.) - 785 ауыл, шымыр- 1770 ауыл, сары үйсін 
- 300 ауыл,  ысты - 300 ауыл.  Жалайырлардың  саны - 25000 адамға  жетеді.  Албандар  суандармен 
қосылып 20000 адамды  құрайды.  Ал  дулаттар  болса 70000 адамға  жетіп  жығылады.  Сонымен  Ұлы 
жүздің жалпы саны -150000 адам шамасында» /1, с.132/.  
Жетісу  өлкесінде  Алатау  дуандығы  ашылған  кезде  дуандыққа  Ақмола  жəне  Көкшетау 
дуандықтарының  оңтүстік  бөлігінде  көшіп-қонып  жүрген  қазақ  рулары  кірген.  Олар 8 ру, 5021 
шаңырақ, 190100 адамнан  тұрған. 1866 жылы  Алатау  дуандығына 187300 адамнан  тұратын 37463 
шаңырақ  қосылған.  Ал  орыс  билігін  мойындап,  бірақ  əкімшілік  жағынан  құрылымға  енгізілмеген 
50024  шаңырақ  болған.  Оның 40900 шаңырағы  Шудың  арғы  бетінде  көшіп  жүрсе, 9124  шаңырақ 
Іленің оң жағалауында жүрген. Осы жылдары Алатау дуандығында 34268 адам өмір сүрген /2, с.172/.  
Е.Бекмаханов болса өз еңбегінде Жетісу халқының жалпы санын былай көрсетеді: "Ю.Южаков 
жинаған  ең  соңғы  мəліметтер  бойынша  Ұлы  жүзде  шаңырақ  саны 95000-ға  жетті,  ал  Аристовтың 
мəліметтері бойынша халық саны еркек, əйелді қоса есептегенде 550000 адам болған" /3, 58 б/.  
Көшпелілердің  үнемі  көшіп  жүруі  əскери-əкімшілік  орындарының  қазақ  рулары  туралы 
мəліметтер  жинау  жолын  қиындатты,  адамдар  мен  малдардың  саны  жөніндегі  статистикаларда 
болыстар  мен  ауыл  старшындарының  "бір  ғана  сөз  жүзіндегі  түсініктемелеріне  негізделген"  жағдай 
қалыптасты /4, 2 п/.  Алатау  дуан  бастығының  жасаған  салық  төлеуші  Ұлы  жүз  руларының  тізіміне 
дуандықтағы қазақтардың саны толық кірмеді. Мысалы, 1865 жылы жасалған тізімде "шымыр руының 
3 бөлімі (күнту, самбет, күрек) бөлімшелерімен 560 шаңырақ;  сыйқым руында, қара қойлы - 150, ақ 

 
24
қойлы - 180, қу сирақ - 215 жəне шуылдақ - 625 шаңырақ болса, ысты руына - есім -180, малай - 170, 
қатты құлақ - 10, алмамбет - 60, құланшы - 100, барлығы - 610 шаңырақ кірген. Шапыраштылардың екі 
руында 1001 жəне 1014 шаңырақ  тіркелсе,  жаныс  руының  екі  бөлімінде 1516 шаңырақ  болған. 
Қашқарау    руы:  баба  (бөлімшелері - байсұлу -725 шаңырық,  күнсұлу - 225), бас  қалмақ,  сарымбет 
(көптеген  бөлімшелерімен, оның ішінде  сұлтангелді  жəне  бөкен - 766 шаңырақ)  бөлімдерінен  тұрып, 
барлығы 1680 шаңырақ  есепке  кірген.  Албан  руында:  қызылбөрік (9 бөлімінде 1016 шаңырақ  болса, 
оның ішінде керейқұл,  сақау,  шоқаман, найманбай),  сегіз  сары (бөлімдерінде -1030), айт  (бөлімінде  -
1070), бұзым (бөлімінде-1240) жəне əлжан (сарымбет, шағыр, аламан жəне шаджа бөлімдерімен -1200 
шаңырақ). Суан руында 16 бөлім болып 1025 шаңырақтан тұрса, оның ішінде қошқар - 100, орыс - 180 
жəне  жəдігер - 30 шаңырақ  болған.  Ұлы  жүз  қазақтарына  дулат,  албан,  суан,  шапырашты,  ысты, 
ошақты,  сары  -үйсін,  жалайыр,  қаңлы,  шанышқылы  жəне  сіргелі  рулары  кіріп,  дулат  руы  көпшілікті 
құраған". 1867 жылы  А.И.Макшеевтің  мəліметі  бойынша  дулаттарға  жататын  ботпай  руы 1100 
шаңырақ, шымыр-1500 шаңырақ, жаныс-700 шаңырақ болған. Қаңлылар Түрген өзенінің бойында 350 
шаңырақты құрап көшіп жүрген /5, с.99-103/.  
Ал  Семей  облысының  əскери  губернаторының  Сібір  əкімшілігіне 1865 жылы 29 маусымда 
берген  мəліметінде  Ұлы  жүзге  кірген  қазақтардың  саны    жөнінде  былай  көрсетіледі: «Аға  сұлтан 
подполковник  Тезек  Абылайхановқа  қарайтын  албан  руы.  Рулары: 1) Қызыл  бөрік-қылжыт-50, 
керейқұл-170, сақау-150, құлан аян-50, кизяй-70, найманбай-200, барлығы -990.  
2)  Қоңыр  бөрік:  тама-43,  базар-26,  біте-25,  майлы-25,  сарықұл-39,  қарақұл-56,  қышқия-28, 
тасы-25, жапа-25, құртқа мамай-85, барлығы-377.  
3) Сегіз сары: ақтан-30, қойлыбай-100, есмамбет-40, құлсадық-200, шөйке-110, барлығы-480.  
4) Қажы мəмбет: батырша-200, қосқұлан-150, ағымсары-150, тұрсын-160, барлығы - 660.  
5) Жарты: еспір-100, қанай-110, сұлтангелді-55, таңатар-150, барлығы 415.  
6) Айт: таңатар-125, біденші -150, қалыбек-300, сүйіндік-160, жанбаба-100, оңтағар-25, жайын-
40,  таңат-70,  бəйбіше-40,  тоқал-60,  барлығы -1070. Бұзым-жаныбек-100,  құрман-300,  тоқан-70,  баба-
140,  қаракісі-80,  жұмақ-30,  ұлбыжай-50,  балта-50,  шынтемір мамырбай-160,  сармамбет-100,  жанбике-
80, тоқбике-80, барлығы - 1240. Əлжан- шағыр-250, аламан-300, алтынбек-130, ханкелді-270, тыныбек, 
айтбике-250, барлығы-1200. Суан-мұлақ-75, алдияр-25, құдайберді-70, сатай-65, ексеті-35, сарықыз-50, 
тұрсын-150,  қошқар-100,  үметай-25,  бөлек-50,  қараменді-60,  қарабек-40,  алдасүгір-50,  шігірек-20, 
орыс-180, жəдігер-30, барлығы-1025. Барлық албан руында 9 болыс, 7457 шаңырақ бар.  
Аға сұлтан подполковник Əли Əділов  басқаратын  
дулат  руында - сыйқым-қарақойлы-150,  аққойлы-180,  қусирақ-215,  соқылдақ-25.  Барлығы - 
570.  
Сары  үйсін -  күтімбет-100,  жанай-100,  жауыл  танай-100,  жандосан-200,  күлеке-100,  қырық-
100, барлығы - 700. Ботпай- бағитұрсын-315, əліс жаныс -221, құдайқұл, сиыршы-207, барлығы -743.  
Шағатай-есенбай-775,  жанқойқыл-330,  асантайлақ-537,  ақша-385,  байтас-80,  құралаш-115, 
барлығы-1722.  
Шымыр-жаңабай-40,  сəмбет-160,  шылымбай-30,  бестерек-50,  күнті-150,  шақай-15,  байтана-5, 
шатамғали-16, күкірек-100, барлығы-560.  
Жаныс-жанақ-60,  есембай-35,  кенжетай-35,  əлмəмбет-25,  шыбынтай-40,  қалқан-55,  күшік-55, 
базаркелді-45, танғат-45, өтеген-35, ақмамбет-105, қараман-30, бектемір-65, қасқұлан-62, оразымбет-30, 
масақбай-40, нұрымбет-65, барлығы-827. 
Баба-қашқарау-  құлболды-130,  енем  баласы-130,  ерубай-130,  байсұлу-275,  күнсұлу-225, 
барлығы-890. 
Сырымбет-қащқарау- тілеуімбет-15, бөкен-250, төкету-45, өтеғұл-150, өтеп-150, жияқы айдар-
150, барлығы - 760. 
Шапырашты  руы-  төрттіғұрт-200,  өтеп-60,  күшік-140,  таңатар-55,  бегі  сары-50,  сүйіндік-25, 
қошқар-35, тайтұры-150, барлығы-715. 
Ексей-алтай, қосай, бəйбіше-300, ошақты-100, қаңлы-150, барлығы -550. 
Асыл-əшеке  кеней-105,  теке-230,  тілемес-240,  орымбет-35,  шыбыл-85,  айқым-200,  барлығы-
895. 
Ысты-есім-130, қара баласы-160, сүйіндік-30, жандығұл-70, байтық-30, амантай-19, жəнібек-10, 
сары кемпір-20, баймене рабан-20, аймамбет-25, барлығы - 514. Ал дулат руының барлығы-12 болыс, 
9146 шаңырақ. 
Аға сұлтан подпоручик Сұлтанғазы Жанғазин басқаратын  

 
25
жалайыр  руы-  андас-дүйсенбі,  андыбай,  қанай,  құнай-600,  жомарт,  айтымбет,  қаракүш - 600, 
мергенбай, жүрек, қашқар-350, барлығы-1550. 
Мырза-зайке-500, бəйбіше-150, аман-660, барлығы-1310. 
Қарашапан-тарғынберген, балташы, келмембет-500, барлығы-500. 
Тарақты-жартай, көксеке-300, ақболат-230, қалпе-200, барлығы-730. 
Сыпатай-ақмарқа, қарамарқа-300, сауық-150, шалымбет-180, күшік-200, барлығы-830. 
Арын тыным-өтес-200, сүтескен-150, өміржан-210, барлығы-660. 
Байшекер-тыным-300, жайымбет-400, барлығы-700. 
Сиыршы-сарыбет-420, бəйімбет-380, барлығы-800. 
Балғалы-қылыш-240, шағыр-80, өгіз-55, ниязбарақ-55, қайшылы-200, барлығы-630. 
Күшік-таз-150, жабысқан-200, қарасақал-150, марша-200, барлығы-700. 
Барлық жалайыр руында 10 болыс, 8410 шаңырақ бар. Ал бүкіл албан, дулат, жалайыр рулары 
31 болыс, 25313 шаңырақтан тұрады» /6, 56-62 п/.  
Келесі  жылы  Алатау  дуан  бастығының 1866 жылы 11 мамырдағы  №2514  берген 
мəлімдемесінде дуандықта Ұлы жүз қазақтарының біршеме артқанын көрсетеді. Онда орыс əкімшілігі 
жергілікті қазақтардың 32293 шаңырағынан салық жинағанын жазады /4, 346 п/.  
Тұтас  алғанда  Ұлы  жүздің  қыстық  қоныстары  бүкіл  Іле  өзенінің  бойын,  солтүстік  Балқаш 
көлінен  бастап  Жоңғар  Алатауына  дейін,  оңтүстік  шығысында  Қаратал  өзенінің  бойы  мен  Қаратау 
қыратын  жəне  оңтүстік  батысында  Шу  өзенінің  сол  жағалауынан  бастап  Сырдарияның  жоғарғы 
ағысына  дейінгі  жерлерді  алып  жатты.  Ал  жазғы  қоныстары  Талас,  Іле,  Шу,  Келес,  Арыс,  Боралдай, 
Бадам, Ақсу, Сырдария өзендерінің жəне осыларға құятын дала  өзендерінің бойларында болған /7, с.4-
5/. Олардың жаздық жəне қыстық жайылымдарға көшіп-қонуы - тұрақты бағыт-бағдардан тұрды. 
Қазақтардың  жыл  сайынғы  көшіп-қону  сапарының  ұзақтығы  Жетісуда 200-300 шақырымға 
дейін созылатын. Əрбір отбасының шаруашылығына тиісті мал саны болды. Олар өздерінің меншікті 
малдарын  қауымға  (руға)  ортақ  жайылымдарда  бақты,  ол  жерді  рудың  əрбір  мүшесінің  пайдалану 
құқығы тең жағдайда жүрді. Жерді ешкім жеке-дара меншіктене алмады. Мəселен, Венюков: «Ұлы жүз 
қазақтарында ертеден келе жатқан ең басты үш ру -жалайыр, албан-суан жəне дулаттар 30 руға бөлініп 
кетсе  де,  əлі  сақталған.  Бұлардың  əр  руы  өздеріне  тиесілі  тарихи  көшіп-қонатын  жайылымдары  бар. 
Атап айтқанда, жалайырлар Қараталды, албандар-Алтын-Емел жотасының екі бөлігін жəне Шарынның 
бір  бөлігін,  дулаттар  Шарынның  батысынан  Балқашқа  дейін  жəне  Іленің  оңтүстігінен  Алатау  тауына 
дейінгі аралықты мекендеген»-деп көрсетеді /8, с.255/.  
Басқаларға қарағанда Жетісу қазақтары малға бай болған. Оның себебі Ұлы жүз қазақтары 1863 
жылы орыстарға салық төлемесе, екінші жағынан өлкеде боран мен мұздақ өте сирек құбылыс болып, 
малдарында өлім-жітім аз кездескен. 
Сонымен қатар, Жетісу өлкесінде Ұлы жүз қазақтарынан басқа қырғыз рулары да мекендеген. 
Олардың үлес салмағы  қазақтардан аз болса да, өлке халқының негізін құраған. Н.Е.Бекмаханованың 
еңбегінде  1866 жылы  қырғыздардың  саны 50 мыңға    жетіп,  сарыбағыш-6300,  солты-7400,  саруу-
2300,кушчу-650, бағыш-110, саяқ-3000, барлығы-19760 шаңырақтан тұрған делінген /2, с.173/.  
Н.А.Аристов еңбегінде орыс билігін мойындамаған Үмбетəліге қарайтын сарыбағыштардың 5 
мың  шаңырағын,  Алатау  дуандығының  шекарасына    жақын  құртқа  мен  шығысында  көшіп    жүрген 
саяқтардың  жəне салық төлесе  де азайтылып көрсетілген солтылардың санын табуға болады. Ол 1862 
жылы бұғылар мен  сарыбағыштардан салық жинау үшін орыс шенеунігінің жасаған тізіміне сүйеніп 
мынадай анықтама береді: «Манап Борамбайдың қарамағындағы бұғы руына  кіретін ру бөлімшелері: 
Арық (манап Тоқсаба)- кучук (Төлеген би)-200, ондон (Тетей би)-200, сарик (Аулташ би)-200, 
сары қалпақ (Мырза би)-100, барлығы -2500 шаңырақ. 
Бапа (Бекбай би)- чоро (Бекбай би)-100, чилпақ (Сұлтанай би)-200, барлығы -300 шаңырақ. 
Бор  (Табылда  манап)-сары  бор  (Бердіқожа  би)-200,  қара  бор  (Байқожа)-200,  барлығы-400 
шаңырақ. 
Кыдык  (Борсын  би)-жаксылык    (шыңғыс  би)-250,  жаманбай  (төкен  би)-400,  торғай 
(Қойсоймас)-800, құдайбақты (Батахан)-300, барлығы-1750.  
Елден (Иман би)-курачбек (Жаныбек би)-400, сары қатын (Иман би)-500, балык (Малбак би)-
150, барлығы-1050 шаңырақ. 

 
26
Белек (Боранбай манап, Мұратəлі)-алдияр (Жағыш би)-500, алдаш (Боранбай манап, Мұратəлі)-
4000, токай (Малбай би)-200, токташ (Ұябасар би)-100, саты -30, такабай (Кокчо би)-170. Бұғы руында 
барлығы -11000 шаңырақ болған. 
Манап Үмбетəлі басқаратын сарыбағыш руы 5 бөлімнен құралған. 
Есенкүл (Үмбетəлі манап)- ассын (Чиль би)-600,  иссик (Кысалак би)-150,  чертики (Чоды би)-
230,  чагалдақ  (күшік  би)-150,  абла  (Абла  би)-300,  сабар  (Сара  би)-100,  чичей  (Шора  би)-80,  тастар 
(Бердібек би)-150, калмак (Байсерке би)-350, жантай (Сүйіндік би)-250, едигер (Байбұта би)-540, аюке 
(Баспан би)-150, монгулдур (Сары Токтор би)-350, Ярбан (Ирдесе би)-125, етиген (Жанболат би)-400, 
баскүрел (Ауылша би)-600, барлығы-4952 шаңырақ. 
Ассык - кусугун-50, бучман-60, бура-100, байкүшік-300, барлығы - 510. 
Тынай (Жантай манап) 
Чирикшы (Төрегелді манап) 
Надырбек (Калыгүл манап). Барлық сарыбағыштар - 10000 шаңырақ болуы керек» /127, с.502-
503/.  
Сондай-ақ  Н.А.Аристов  келесі  бір  еңбегінде  солтылар-8638,  саяқтар-5335  шаңырақ  екенін 
көрсетіп, Жетісу өлкесінде қырғыздардың жалпы саны-110000 адам болған деп есептейді /9, с.58/.  
Қырғыз рулары мына жерлерде көшіп жүрген: 
а) солтылар-жазда Сусамыр өзенінің бойын, қыста Шу алқабында; 
б) саяқ-бір бөлігі Сусамырда, қалғандары-Жұмғалы жəне Қашқар өзендерін; 
в) сарыбағыш-Ыстықкөлдің солтүстік жағалауын; 
г)  құтлұсаит  жəне  тағы  басқалары  -Талас,  Сусамыр,  Қарабөре,  Шатқал  жəне  тағы  басқа 
өзендердің бойында /10, с.24/.  
Мал шаруашылығымен айналысқан қырғыздар жылқы, түйе, қой жəне ірі қара өсірген. Алайда 
қырғыздардың  негізгі  кəсібі  мал  шаруашылығы  болса  да,  оларда  мал  саны  Ұлы  жүз  қазақтарымен 
салыстырғанда  көп  болмаған.  Қырғыздардың  ең  бай  манабының  жылқысы 3000-нан  аспаған,  ал 
қазақтардың    байлары  болса 15000 бас  жылқыдан  кем  ұстамаған.  Қырғыздардың  байлығы  мол 
руларына бұғылар, содан кейін сарыбағыштар жатады. Мысалы бұғыларда 100000 жылқы, 10000 түйе, 
50000 сиыр, 500000 қой болған /11, с.31/. 
Ұлы  жүз  қазақтары  егіншілікпен  айналысқан.  Егіншілік  Жетісудың  Шу,  Талас,  Іле,  Қаратал, 
Көксу,  Бадам,  Ақсу,  Бұрылтай,  Шаян,  Бөген  өзендерінің  аңғарлары  мен  табиғи  су  қоймалары  бар 
жерлерде  кеңінен  тарады.  Яғни  Жетісу  өлкесі  Қазақстандағы  ең  ірі  отырықшы  егіншілік  ошағына 
айналған.  
1830  жылы  Броневский  «Жетісуды  мекендеген  Ұлы  жүз  қазақтары  егін  шаруашылығымен 
айналысып,  негізінен  тары,  бидай  жəне  арпа  егеді,  бұл  кəсіп  оларға  көрші  жатқан  Ташкенттен  келсе 
керек» деп жазды /12, с.193-194/.  
Жетісуда  қазақтар  егінді  жасанды  жолмен  суландыру  дəстүрімен  жүргізді.  Қазақтар  мен 
қырғыздардың егіншілік техникасы төмен деңгейде болды. Негізгі егіншілік құралы қайырымсыз соқа 
еді. Жер жырту тереңдігі сынық сүйемнен аспайтын. Егін қар суын  жібітіп, айдалмаған жерге немесе 
егіс алдында  арнайы  суарып,  жұмсартылған  жерге егілетін.  Жерді  көбінесе  қолмен өңдейтін,  өйткені 
тамыры  мықты  арамшөпті  тек  кетпенмен  ғана  құртуға  болатын.  Олар  жерді  ерте,  əдетте  наурызда 
айдайтын. «Қазақтардың  егіншілік  құралдарының  жетілмегеніне  қарамастан, -  деп  жазды 
Ш.Уəлиханов,-Ұлы жүздің құнарлы жерлері еңбеккердің еңбегін толық ақтап қана қоймай, өнімдерді 
төгіп  тастайтын.  Күнгей  Алатау,  Кіші  Алатау,  Алтын  Емел  жəне  тағы  басқа  аққан  көптеген  өзендер 
жерлерді арықтар арқылы суғаруға мүмкіншілік туғызды.  
Жерлерді  арықтар  арқылы  су  жүйесімен  суғару  Ресейге  мүлдем  белгісіз  нəрсе  еді.  Жердің 
жұмсақтығы  Сібірде  қолданатын  соқаларды  керек  етпейтін.  Бұл  жақтың  жерін  жырту  үшін  кішкене 
көлемді темір жеткілікті болатын. Соқаның темірі ең үлкен шегеге ұқсайды. Ұлы жүзде негізінен тары 
егеді.  Оны  олар  қыста  сүт  болмаған  кезде  пайдаланады.  Қытай  бидайын  өздеріне  керегінше  себеді. 
Жалпы  Ұлы  жүзде  бидай  егу  ХVІІ  ғасырдың  бас  кезінде  жаныстардың  рубасшысы  Байқабылдың 
кезінде пайда болған. Ордалықтардың айтуынша  бидай оларға қырғыздар арқылы Қашқардан келген» 
/13,  с.184-185/.  Жетісуға казактардың қоныс  аударуы  қазақтарға  əсер  етпей қойған  жоқ. Нəтижесінде 
қазақтардың    арасында  егінге  қажеттілік  туып,  жоғарғы  табыстарға  жете  бастайды.  Мысалы, 

 
27
албандардың  аға  сұлтаны  Тезек  Нұралиевтің 1861 жылғы 11 қазанда  Алатау  дуан  бастығына  берген 
мəлімдемесінде  «ертеде  қазақтар  өз  мұқтажын  өтеу  үшін  тары  егіп, 1-2 табақ  тары  сепсе,  одан 6-7 
қапқа дейін тары жинайтын. Қазір қазақтар ауыл болып бидайды да егеді. Əр қаптан он қапқа дейін, 
кей жерлерде одан да көп өнім алады» делінген /14, 11 п/.  
Қазақтардың  егін  шаруашылығынан  тəжірибесі  мол  екенін  жəне  олардың  егіншілік  дəстүрі 
казактардан  əлдеқайда  жоғары  тұрғанын  орыс  əкімшілігі  мойындауға  мəжбүр  болған.  Алатау  дуан 
бастығы  генерал-майор  Колпаковскийдің  Батыс  Сібір  Бас  басқармасына  берген  №2580  мəліметінде 
«Қазақ егіншілері құрал-саймандардың нашарлығына қарамастан өркендеуде, ал казактардың егіні өте 
төмен  деңгейде  қалып  отыр.  Сол  себептен  əскерге  керекті  астықтың  көп  бөлігін  қазақтардан  сатып 
алып  отырмыз.  Əсіресе,  егін  шаруашылығы  Іле  өлкесіндегі  дулаттарда,  шапыраштыларда  жəне 
жалайырларда жақсы дамыған» деген /14, 28 п/.  
Қазақтардың  егін  шаруашылығымен  жоғары  деңгейде  айналысуына  бірден-бір  себеп  болған 
өлкеде астыққа деген сұраныстың күрт өсуінен болды.  Оның үстіне орыстардың құнарлы жерлер мен 
шабындықтарды  тартып  алуы,  көшіп-қонуына  шектеу  қойылуы,  қазақтардың  арасында  барымтаның 
шектен шығуы жəне тағы басқалар көшпелі мал шаруашылығының əлсіреуіне əкеліп соқты. Қазақтар 
барған  сайын  егіншілікпен  шұғылдана  бастады. «Қазақтар,-деп  жазды  орыс  саудагері  В.Кузнецов- 
жағдайға  байланысты  егін  жəне  мал  шаруашылығын  қатар  алып  жүре  отырып,  бір  уақытта  егінін  де 
егеді,  малын  да  бағады.  Орыстардың  өлкеге  келіп  əскеріне  жоғары  бағамен  астықты  сатып  алуы 
қазақтарға өте тиімді болды. Олар алдында өз қажеттілігін өтеу үшін тек тары егетін, қазір бидай, сұлы, 
арпа жəне жүгеріге дейін егеді. Нəтижесінде  қазына бастапқы кезде астықтың ширегін (четверть) 12 
сомнан сатып алса, 1867 жылы 3 сом 25 тиынға төмендеді» /15, 1 п/.  
Жоғарыда  аталғандардан  басқа  Ұлы  жүз  қазақтары  темекі,  күріш,  қауын-қарбыз  жəне  тағы 
басқа  бау-бақша  өнімдерін  еккен.  Əсіресе,  темекіге  ерекше  көңіл  бөлген.  Өйткені,  темекі  өлкеде  ең 
өтімді,  табыс  əкелетін  тауар  болып  табылған.  Оны  Ташкент  саудагерлері  қазақтардан  сатып  алып, 
басқа жерде  қымбатына сатып көп есе пайда тапқан /15, 5 п/.  
Қазақтардың  көшпелі  шаруашылығына  дамып  келе  жатқан  капиталистік  Ресейдің  сыртқы 
экономикалық  факторлары  күшті  əсер  беріп,  өлкедегі  шаруашылық  қатынас  əскери-отаршылдықтың 
қатаң тəртібі жағдайында жүргізілді.               
1. Венюков М. Поступательное движение в Среднюю Азию.- СПб., 1877.-49 с. 
2.  Бекмаханова  Н.Е.  Формирование  многонацонального  населения  Казахстана  и  Северной 
Киргизии. – М.: Наука, 1980. - 280 с. 
3. Бекмаханов Е. Қазақстан 20-40 жж. -Алматы: Санат, 1994. - 416 б. 
4. ҚРОММ. 345-қ., 1-т., 30-іс. 
5. Капекова Г.А. Ташенов Б.Т. Очерки по истории Семиречья. -Алматы: Ғылым, 1994.-136 с. 
6. ҚРОММ. 3-қ., 1-т., 491-іс. 
7. Муканов М.С. Этническая территория казахов в ХҮІІІ-нач.ХХ в. -Алматы: Казахстан, 1991.   
- 67 с. 
8. Венюков М. Опыт военного обозрения русских границ в Азии.- СПб., 1873.- 144 с. 
9. Аристов Н.А. Труды по истории этническому составу тюркских племен. /          Отв. ред. 
акад. В.М. Плоских. - Бишкек: Илим, 2003, - 460 с. 
10. Хорошкина А.П. Сборник статей Туркестанского края. - СПб., 1876.-531 с. 
11.  Валиханов  Ч.Ч.  Собрание  сочинений  в  пяти  томах.  Т.2. - Алматы:  Главная  редакция 
казахской советской энциклопедии, 1985. - 416 с. 
12. Броневский Б. Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды. //Отечественные записки.- СПб. -
1830.- № 20.- С. 190-205. 
13.  Валиханов  Ч.Ч.  Собрание  сочинений  в  пяти  томах.  Т.1.-  Алматы:  Главная  редакция 
Казахской Советской энциклопедии, 1984.- 431 с. 
14. ҚРОММ. 3-қ., 1-т., 442-іс. 
15. ҚРОММ. 825-қ., 1-т., 19-іс. 
 
Резюме 
Статья посвящена вопросам хозяйства местного населения Семиречья в 50-годах ХІХ века.  

 
28
 
Summary 
Article is dedicated to questions facilities local population Semirechiya in 50-year ХІХ age. 
 
 
 
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
КЕҢЕС ДƏУІРІ ЖƏНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН  ҚАЗАҚСТАН  
ТАРИХЫНЫҢ  ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА 
СОВЕТСКОГО И СОВРЕМЕННОГО ПЕРИОДА 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЕҚЫҰ-ҒА ТӨРАҒАЛЫҚ ЕЛІМІЗДІ ƏЛЕМГЕ ТАНЫТУДАҒЫ 
 МƏРТЕБЕЛІ  БАСТЫ ҚАДАМ 
 
Б.Қ.Əбдіғұлова – 
 п.ғыл.к., профессор Абай атындағы ҚазҰПУ  
                          
Тəуелсіз  Қазақстан  Республикасы  демократиялық  құндылықтарды  құрметтеу,  ашық  қоғам 
құру,  адам  құқын  қорғау    салалары  бойынша  айтарлықтай  жетістікке  жетті.  Отанымыздың 
экономикасы  көтеріліп,  халқымыздың  əл  ауқатын    арттыру  бағытындағы  шаралар  мен  саяси 
реформалар  жүргізіліп,  еліміз  дағдарыстан  кейінгі  даму  кезеңіне  бет  бұрды.  Қазақстан  Шығыс  пен 
Батыс,  Еуропа  мен  ТМД  жəне  Орталық  Азия  елдері  арасында  бірқатар  халықаралық  маңызды 
шараларға  көш  бастаушысы  болды. «Қазақстан  аймақтық  жəне  жаһандық  қауіпсіздікті  нығайту, 
қарусыздандыру  үдерістерін  ілгерлетуге,  жаппай  қырып-  жою  қаруын  таратпауға,  Ауғанстандағы 
жағдайды тұрақтандыруға өз үлесін қосып келеді» (1). Еліміздегі этносаралық татулық пен дінаралық 
келісім  үдерісі-əлем  мойындаған  жетістік.  Қазақстан  Республикасы  əлемдік    қағамдастық  тарапынан 
танылып,  оң  бағаланып    беделі  биік  халықаралық  ұйымдарға  мүше  болды.  Соның  бірі  БҰҰ  жəне  
ЕҚЫҰ-ға (Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйым) төралық болып сайлануы. 
1945 жылы БҰҰ құрылды. Ұйым құрылғаннан 60 жылдан соң оған мүше мемлекеттердің саны 
51-ден 192-ге дейін есті, яғни 4 есе. Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ мүшелігіне өтті. Қазақстан 
Республикасы  халықаралық  қарым-қатынасты  нығайту  жолында 105 мемлекетпен  дипломатиялық 
қатынас орнатты. 30-дан астам елдерде Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтары бар.   
БҰҰ  Дипкорпуста 640 елдің    өкілеттілігі    бар.  Қазір  Қазақстан    əлемнің 75 мемлекетінде 
елшіліктер  мен    консулдықтар  ұстап  отыр.  БҰҰ  қызметінде  Қазақстанның    танылуы  ретінде  еліміз 
ұйымның басты орындарының бірі-Азия мен Тынық мұхиты өңірлеріне арналған экономикалық жəне 
əлеуметтік  кеңесіне  (ЭКОСОС)  сайланды.  Қазақстан  БҰҰ  құрамында  мүше  болған 18 жыл  ішінде 
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға орасан зор үлес қосты. Ядролық қарудан бас тарту, 
Азияда  сенім  шараларын  орнату,  Еуразия  кеңістігінде  интеграциялық  үдерісті  нығайту,  теңізге 
шығатын  жолы  жоқ  бір  топ  елдердің  мүддесін  ілгерілетуге  қолдау  жасау,  өркениеттер  мен  діндер 

 
29
үнқатысуын  қолдау    осының  барлығы  БҰҰ  Жарлығының  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сəйкес 
елімізде  қолға  алған  қадамдар.  Қазақстан  БҰҰ-ында  əлемдік  проблемаларды  шешуде  салмақты  іс-
əрекетке жүгінетін мемлекет ретінде танымал. 2006 жылы 2 қарашада Бас Ассамблеясының пленарлық 
мəжілісінде  Қазақстан 192 мемлекеттің 187-інен  қолдау  тауып,  Орталық  Азияда  алғаш  болып 
ЭКОСОС-қа мүше 54 мемлекет қатарына сайланды. 
ЭКОСОС-тағы  мүшелік  еліміздің  халықаралық  қауіпсіздік  пен  жаппай  қырып-жою  қаруын 
таратпау  режимін  нығайтуға,  өркениеттер  үнқатысуын  дамытуға,  Мыңжылдық  мақсаттарын  табысты 
іске асыруға қосқан үлесін мойындауға негізделген. 
2007  жылы  мамырда  Алматыда 50 мемлекетті  біріктіретін,  аса  ірі  өңірлік  экономикалық 
комиссияның-Азия  мен  Тынық  мұхиты  үшін  БҰҰ  экономикалық  жəне  əлеуметтік  комиссияның 
(ЭСКАТО) 9 күнге созылған 63-ші сессиясы өтті.  
БҰҰ  ЭСКАТО  комиссиясы 63-ші  сессиясының  төрағасы  Марат  Тəжин    сессия  аясындағы 
қорытынды  сөзінде: «Қазақстанда    өткізу    құрметіне    ие  болған  БҰҰ  комиссиясы 63-ші  сессиясы 
жұмысының айрықша жемісті болғандығын  ерекше қанағат сезіммен атап айтқым  келеді. Біз  барлық  
өңірлерде    алаңдаушылық    туғызып    отырған  көптеген    күрделі  мəселелер    бойынша,  Мыңжылдық 
даму  мақсаттарынан    бастап,  Азия-Тынық  мұхиты  өңірлерінің  экономикалық  өсуі  ауқымындағы 
денсаулық сақтау жүйелеріне дейінгі көптеген  проблемаларды ортаға салдық. Əрине, оған арнайы іс-
шаралардың  мазмұнды    бағдарламалары  да  өз  ықпалын  тигізгені    сөзсіз.  Биылғы    жылдың    «Азия  
Тынық  мұхиты  өңірлерінде  Мыңжылдық  мақсаттарына  жету  үшін    экономикалық  өсімді  үдейту 
аясында  денсаулық сақтау жүйелерін дамыту» тақырыбын талқылау ең алдымен демографиялық жəне 
эпидемиологиялық  өзгерістердің  нəтижесінде  өңірдегі  денсаулық    сақтау  жүйелерінің  алдындағы  
мəселелердің  сан алуан жəне көпқырлы екендігін  айқын  көрсетті»,- деп  атап айтты (2). Қатысушылар 
құрамы  мен  қаралатын  мəселелер  ауқымы  бойынша  бұл  жиын  Қазақстан  жəне  Орталық  Азиядағы 
өзекті проблемалардың шешілуіне бүкіл əлемдік қауымдастықтың қатысуына ықпал етпек.  
Қазақстан  ядролық  қарудан  өз  еркімен  бас  тартқан  əлемдегі  елдердің  бірі.  Бұл  мəселені  БҰҰ 
аясындағы  жиын-мəжілісінде  үнемі  көтеріп,  басқа  мемлекеттерге  үлгі  көрсетіп  келеді.  Біздің 
республикамыздың  ядролық  қаруды  сынауды  толық  тоқтату  жөніндегі  табанды  ұстанымы  БҰҰ 
тарапынан  қолдау  тауып  келеді. 2007 жылы 30 қарашада  Мадритте  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен 
ынтымақтастық  ұйымына  мүше 56 мемлекеттің  Сыртқы  істер  министрлері  кеңесінің  жалпы 
отырысында  Қазақстан  Республикасы  Ұйымының 2010 жылғы  төрағасы  болып  сайланды.  ЕҚЫҰ 
тарихында тұңғыш рет Қазақстан əлемдік аренадағы ең биік тұғырға көтерілді. 1975 жылы Еуропадағы 
қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  жөніндегі  кеңеске  қатысқан 35 елдің  басшылары  Хельсинкиде 
Қорытынды  актісіне  қол  қойған  кезден  осы  аталмыш  ұйымның  тарихы  бастау  алады. «Хельсинки 
деалогы» - деп  аталатын  құжатта  қатысушы  елдердің  өзара  қарым-қатынастарында  басшылыққа 
алынатын  10  қағида  бекітілді. «Олар – егемендіктің  теңдігі  жəне  егемендікті  құрметтеу;  күш 
қолданбау  жəне  қоқан-лоқы  жасамау;  шекаралардың  мызғымастығы;  мемлекеттер  жерінің 
тұтастығы;  даулы  мəселелерді  бейбіт  түрде  реттеу;  бір-бірінің  ішкі  істеріне  араласпау;  адам 
құқықтары  мен  бостандықтарын  құрметтеу;  халықтардың  теңдігі  мен  өз  тағдырын  өзі  шешу 
құқығы; мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық; халықаралық құқық бойынша міндеттемелерін 
адал орындау». Қорытынды актінің 1-ші пунктінде «Кеңеске қатысушы мемлекеттердің барлығы оған 
егемен  жəне  тəуелсіз  мемлекетттер  ретінде,  толық  теңдік  жағдайында  қатысады.  Кеңес  əскери 
одақтардан тыс өткізіледі» - деп жазылған. Осы Қорытынды актідегі міндеттер «үш кəрзеңкеге», яғни 
өлшемдерге  бөлінді.  Бірінші,  əскери-саяси  қауіпсіздік  пен  қару-жараққа  бақылау  орнату, 
қақтығыстардың алдын алу мен шешу; екінші, экономикалық-экологиялық өлшем, экономика, ғылым, 
техника жəне қоршаған ортаны қорғау; үшінші, адамдық өлшем-гуманитарлық жəне басқа салалардағы 
(ақпарат, мəдениет, білім), адам құқығы туралы ынтымақтастық мəселелер жатады.  
1990  жылға  дейін  ЕҚЫҚ  нормалар  мен  міндеттемелерді  даярлайтын  кездесулер  мен 
конференциялар  ретінде  қызмет  жасап,  олардың  орындалуы  жөнінде    мерзім  сай  ақпарат  тыңдалып 
отырды. 
1990  жылы  Еуропа  үшін  жоғары  деңгейде  Париж  хартиясының  қабылдануы  Форумның 
қызметіне  үлкен бетбұрыс жасады. Париж хартиясы негізінде Еуропадағы тарихи өзгерістер үдерісін 
бсқаруға үлес қосу мен «қырғи-қабақ соғыс» біткен соң туындаған жаңа сынақтарға жауап беру міндеті 
тұрды.Осындай  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  бірнеше  мекемелер  мен  институттар  құрылды.  Кеңес 
жүйелі  сипат  алып,  кездесулер  өткізу  тұрақтандырылды.  Осы  жылдың  қарашасында  Еуропадағы 
кəдімгі  қарулы  күштер  туралы  шарт  (ЕКҚКШ)  туралы  қаруландыруға  бақылау  саласында  жауапты 
келісім даярланды.   

 
30
1994  жылы  жоғары  деңгейде  Будапештте  өткен  кездесуде    ЕҚЫҚ-ні  ЕҚЫҰ  Еуропадағы 
қауіпсіздік  жəне  ынтымақтастық    жөніндегі  ұйым  деп  атау  жөнінде шешім  қабылданды.  Бұның 
өзі Ұйым жұмысына жаңаша саяси серпін берді.  
1994  жылы  осы  ұйымның  Будапеште  өткен  саммитіне 55 мемлекет  қатысты.  Елбасы 
Н.Ə.Назарбаев  осы  жиында  алғаш  рет  сөз  сөйлеп,  Қазақстанның  Еуропа  мен  Азия  кеңістігіндегі 
қауіпсіздікпен даму процестерін қамтамасыз ету жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салды. Осы жиынның 
тəуелсіз  Қазақстан  үшін  маңызы  ерекше  болды,  өйткені    əлемдегі  ядролық  қарулы  мемлекеттердің 
Қазақстанға берген қауіпсіздік  кепілдігі туралы келісімге қол қойылды. 
1996  жылы  Лиссабон  кездесуінде  «ХХI  ғасырдың  Еуропасы  үшін  жалпы  жəне  жан-  жақты 
қамтитын  қауіпсіздік  үлгілері»  туралы  декларация  қабылданды. «Қарулануға  бақылаудың  негіздері», 
«Қауіпсіздік саласындағы өзара іс қимыл бойынша форумның күн тəртібін  дамыту»  сияқты маңызды 
құжаттар қабылданды. 
ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысын Сыртқы істер министрлігінің кеңесі 3 жылға сайлайды. 2005 жылдан 
бастап  бас  əкімшілік  лауазым  иесі  болып  Марк  Перрен  де  Бришамбо  (Франция)  иеленеді.  Бұл  ұйым 
Венада орналасқан. Онда 3300 адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі (2800 адам) 19 миссия мен 
жер-жердегі  іс-шараларда  қызмет  атқарады. 2010 жылы  ұйымның  бюджеті 150 765 000 миллион 
еуроны  құрайды. 2010 жылы  ЕҚЫҰ-ның  қаржылық  қуатын  талқылап,  келістіру  бойынша  үдеріс 
Қазақстанның  жетекшілігімен  жүргізіледі.  Бюджеттің 72 жүздейі  əлемдегі  түрлі  шараларға 
жұмсалады.  Сонымен  қатар, 2006 жылы  ЕҚЫҰ-ға  өз  еркімен 25 миллион  еуро  көмек  көрсетілген. 
Осындай  əлемдегі  болашағы  мен  беделі  зор  ұйымға  төрағалық  ету,  Қазақ  елінің  дүние  жүзіне 
танылуына мол мүмкіндік береді. 
2010  жылы 1 қаңтарынан  еліміз  төрағалық  іске  кірісіпте  кетті.  ЕҚЫҰ-ға  Төраға    қандай 
болмасын  ел  Ұйымның  негізгі  жетекші  органдарының  жұмысын  үйлестіреді.  Жоғары  деңгейдегі 
самиттер-кездесулерді,  мəжілістерді  ұйымдастырады.  ЕҚЫҰ-ның  биылғы  жылғы  басты  іс 
шараларынан Парламенттік Ассамблея мəжілістерін, қауіпсіздік саласындағы мəселелерге байланысты 
жыл  сайынғы  конференцияны,  Экономикалық-экологиялық  форум  мəжілісін,  адам  өлшемі 
саласындағы  міндеттемелерді  орындау  бойынша  кеңесті,  Толеранттылық  жəне  кемсітпеу  бойынша 
жоғары  деңгейдегі  конференцияны,  Ланкестіктің  алдын  алу  жөніндегі  конференцияны,  Копенгаген 
құжатының 20 жылдығына  арналған  конференцияны  атап  айтуға  болады.  ЕҚЫҰ-на  Қазақстаннан 
төраға  Қанат  Саудабаев-ҚР-ның  Мемлекеттік  хатшы,  Сыртқы  істер  министрі.  Елбасы  Н.Ə.Назарбаев 
қазақстандық  төрағалықтың  негізгі  нысаналары  төрт  «Т»,  яғни  «траст» (сенім), «традишн» (дəстүр), 
«транспаренси» (ашқтық) жəне  толеранс «төзімділік» деген ұстанымдар болатынын атап айтты.   
Мемлекетіміз алға қойған реформаларды тездетуге, 50 елдің қатарына қосылуды жеделдетуге, 
қоғамымыздың қазірден де ашық болуына  септігін тигізеді.  

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет