«Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы Серия «Исторические и социально-политические науки»



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/17
Дата11.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 
 
 
 
 
 
 
 
ЖАС ҒАЛЫМДАР ЗЕРТТЕУЛЕРІ 
ИССЛЕДОВАНИЯ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ 
                                                          
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ЖЕТІСУДАҒЫ 
 ҚОНЫС АУДАРУ САЯСАТЫ 

 
92
 
Д.Б.Жақаш –  
А.Иасауии атындағы халықаралық  Қазақ-Түрік университетінің ғылыми ізденушісі 
 
ХХ  ғасырдың  басында  патша  үкіметінің  қоныс  аудару  саясаты  жаңа  кезеңге  аяқ  басты.  Бұл 
уақытта  Орта  Азияның  Ресей  үшін  өнеркəсіп  тауарларын  өткізу  рыногы  жəне  шикізат  көзі  ретіндегі 
маңызы күшейді. Орта Азия метрополияның мақта өндіру базасына, капитал салудың пайдалы өрісіне, 
қаржылай табыс табу көзіне жəне сырттан келген шаруаларды қоныстандыру орнына айналды. 
Егер  ХІХ  ғасырдың  соңында  самодержавиенің  ең  басты  мақсаты – орыс  шаруаларын  өлкеде 
стратегиялық  жəне  əскери-полициялық  оймен  орналастыру  болса,  ХХ  ғасырдың  басында  бұл  мақсат 
екінші кезектегі мəселеге айналды. Ал бірінші кезекке жаңа жоспар – шаруалардың жер үшін күресін 
əлсірету  мақсаты  үшін,  Ресейден  мүмкіндігінше  көп  мөлшерде  кедей  жəне  орта  шаруаларды  қоныс 
аударту  мəселесі  қойылды.  Крепостник-помещиктер  Қазақстан,  Түркістан,  Сібір  жерлерін  қоныс 
аударушылар үшін тартып алу арқылы өздерінің Ресейдегі ірі крепостниктік латифундияларын сақтап 
қалуға тырысты. 
Шет  аймақтарды  отарлау  патша  үкіметіне  Ресейдің  өз  ішінде,  оның  орталық  аудандарында 
шиеленісіп  кеткен  қайшылықтарды  əлсіретуге  мүмкіндік  берді.  ХХ  ғасырдың  басында, 1900-1903 
жылдары  болған  экономикалық  дағдарыс  нəтижесінде  патшалық  Ресейде  Экономикалық  жəне  саяси 
қанау күшейді. 1904 жылы қаңтар айында басталған жəне Ресей империясының жеңілуімен аяқталған 
орыс-жапон соғысы елде қалыптасқан жағдайды одан əрі қиындатып жіберді. 
Осындай  жаңдайларды  ескере  отырып,  патша  əкімшілігі  жоғарыда  айтылғандай,  тығырықтан 
шығу  жолын  шеткері  аймақтарды  отарлаудан  іздестірді.  Осы  мақсатпен,  үкімет  Сібірді  отарлауды 
жалғастырумен  бірге  Түркістан  өлкесіне  шаруаларды  қоныс  аудартуды  күшейте  бастады.  Жəне  де 
орыс-жапон соғысы кезінде ағылшын-орыс қатынастырының шиеленісіп кетуіне байланысты, ол Орта 
Азияға  отарлау  объектісі  ретінде  көбірек  назар  аудара  бастады.  Тіпті  орыс  революциясы  мен  Азия 
халықтарының  ұлт-азаттық  қозғалысына  қарсы  бағытталған 1907 жылғы  ағылшын-орыс  келісімінен 
кейін  де  «жарасқан»  державалар  арасындағы  қатынас  қырғи-қабақ  күйінде  қала  берді  жəне  Ресей 
əскери  министрлігі  Орта-Шығыстағы  шекараларын  нығайту  мен  Орта  Азиялық  иеліктерін  қорғау 
жоспарын  жасауды  жалғасытыра  берді.  Сондықтан  да  патша  үкіметі  қоныс  аудару  процесіне 
мақсаттылық пен жаппай сипат беруге көшті. 
Алайда,  шаруаларды  үлкен  көлемде  қоныс  аудартудың  алдында,  қоныс  аудару  жұмысын 
басқару аппаратын ұйымдастыру, жергілікті тұрғындардың шаруашылығына қажеті жоқ деп саналатын 
«артық» жер көлемін айқындау, көші-қон жерлерін құру жəне қоныс аударту процесін жоспарлы түрде 
ұйымдастыру  қажет  болды.  Бірақ,  аталған  іс-шараларды  ойдағыдай  іс-жүзіне  асыруға  бірқатар 
жағдайлар  кедергі  болды. 1901-1902 жылдарды  Еуропалық  Ресейде  астықтың  шықпай  қалуы  жəне 
аграрлық қайшылықтардың күрделенуі мен шаруалардың өз еркімен шет аймақтарға қоныс аударулары 
күшейіп кетті. 
Өлкені  отарлау  мүмкіндіктерін  анықтау  үшін 1900 жылы  Түркістанға  егіншілік  жəне 
мемлекеттік  меншік  министрлігі  ғылыми  комитетінің  мүшесі,  профессор  А.А.Кауфман  арнайы 
жолдамамен  жіберілді.  Онымен      бір  мезгілде    əскери  министрлікте  ерекше  комиссия  құрылып, 
олардың  жұмыстары  негізінде 1903 жылы 10 маусымда  «Село  тұрғындары  мен  мещандардың 
Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы 
тəртіп» жарияланды.Бұл заңда қазыналық жерлерден переселендерге от басындағы ер кісілердің жалпы 
санына қарай 3 десятина көлемінде суландырылған жер, жайылымдық жерлерді керегіне қарай бөліп 
беру (7 бап)  қарастырылды /1, с.742/.  Суландырылған  жерлер  əрбір  үйге  мерзімсіз,  ал  өңделмеген 
жерлер  қоғамдық  пайдалануға  берілді (8 бап).  Егер  қоныстанған  уақыттан  бастап,  үш  жыл  бойы 
бөлінген жер өңделмесе, ол жерлер қазыналық меншікке қайта алынып қойылатын болды (9 бап). Өз 
еркімен қоныс аударып қайтып келгендерге тəртіп бойынша жер бөліп берілмеді /2, с.743/. 
Яғни,  Жетісуға  ешқандай  рұқсатсыз,  өз  бетімен  келген  орыс  шаруалары  жерге 
орналастырылмады.  Олар    бұрын  келген  қоныс  аударушылардың  үйлеріне  орналастырылып,  соларға 
жалданып  күн  көретін  болды.  Жерге    орналастырылмаса  да  жергілікті  тұрғындардан  арендаға  жер 
үлесін  алуға  болатынын  естіген  орыс  шаруаларының  Жетісуға  қарай  ығысқан  ағымы  тоқтамады. 
Соның нəтижесінде 1903 жылға қарай Жетісуда рұқсатсыз келген шаруалардың саны 17 мыңға, 1904 
жылы 23 мыңға жетті /3, 4 п/. 
Алайда,  бұл  заң  негізінде  қоныс  аударушыларға  жер  бөліп  беру  мəселесі  іс  жүзіне 
асырылмады.  Жергілікті  əкімшілік  егіншілік  жəне  мемлекеттік  меншік  министрлігіне  қарайтын 

 
93
мемлекеттік  қазына  есебінен  суландырылатын  Сырдария,  Ферғана,  Сарақан  облыстары  аумағындағы 
жер  қорын  алдағы  уақытта  анықтап  алғанша  бұл  мəселені  шешуді  кейінге  қалдырды.  Шындығына 
келгенде  мұндай  жер  қоры  Түркістан  өлкесінің  байырғы  облыстарында  жоқ  еді.  Бұл  аумақтарда  егін 
шаруашылығына жарамды жерлердің барлығы жергілікті тұрғындардың қолымен суғарылып, игеріліп 
қойылған болатын. 
Дегенмен  қоныс  аударушылар  легін  тежеу  мүмкін  болмағандықтан  орталық  билік  орындары 
Ресейдің азиялық  бөлігіне қоныс аударуға «есік ашық» деп жариялауға мəжбүр болды. Сонымен қатар 
үкімет  қоныс  аударушылар    шығынын  өз  мойнына  алуды  міндеттеніп,  қоныс  аудару  пункттерін 
ұйымдастыруды жолға қойды.  
1904  жылы 6 маусымда  қабылданған  «Село  тұрғындары  мен  мещан  егіншілерді  өз  еркімен 
көшіру  туралы  уақытша  ережеде»  егіншілікпен  айналысатын  жəне  «үкімет  қажет  деп  тапқан» 
аудандарға  барғысы  келетін  жері  тапшы  губерниялардан  шыққан  қоныс  аударушыларға  бұдан  былай 
үкімет  орындарының  қолдау    көрсететіндігі  айтылды.  Бұл  категорияға  жататын  қоныс  аударушылар 
үкімет тарапынан түрлі артықшылықтар мен материалдық көмек алуға құқықты болды /4, 34 б/. 
Бірақ,  бұл  кезеңде  Түркістан  өлкесі  формалды  түрде  қоныс  аударушылардың    келуі  үшін 
жабық  деп  саналғандықтан,  қоныс  аударушыларды  орналастыру  аудандары  қатарына  енгізілмеді. 
Себебі,  патша  үкіметінің  мұнда  переселендерді  орналастыруға  арналған  жер  қоры  жоқ  болатын. 
Егіншілік жəне мемлекеттік меншік министрлігінің Орта Азияның жергілікті тұрғындары жерін тартып 
алу туралы жасаған жоспары іс жүзіне əлі асырылмаған еді. 1904-1905 жылдары басталған  орыс-жапон 
соғысына  байланысты  патша  үкіметі  Түркістандағы  дихандар  көтерілісінен  қорқып,  егіншілік  жəне 
мемлекеттік  меншік  министрі  А.Ермоловтың 1886 жылғы  Ереженің 270-бабына  қосымша  енгізу 
туралы  ұсынысын  қабылдамай  тастады.  Министрдің  ұсынысы  бойынша  аталға  бапқа  «көшпелілер 
үшін  артық  болуы  мүмкін  жерлер  мемлекеттік  мүлік  министрлігі  қарамағына  өтеді» - деген,  яғни 
халқымыздың тұрмысына өте ауыр соққы болып тиетін қосымша енгізілуі тиіс болатын. 
ХХ    ғасырдың  басында  Ресейде  аграрлық  жағдай  қатты  шиеленісіп  кетті.  Оның  негізінде 
помещиктік жер иеленушілікке  қарсы жер мəселесіне  байланысты  барлық  крепостниктік  қадықтарды 
жоюға  бағытталған  шаруалар  көтерілісі  жатты.  Сондай-ақ,  Ресей  шаруалары  империядағы  саяси 
құрылысты  өзгертуді  талап  етті.  Тығырықтан  шығу  жолын  үкімет  реформа  жүргізуден  іздестірді. 
Осылайша, 1906 жылы 9 қарашада Столыпиннің аграрлық реформасы дүниеге келді. 
Жаңа реформадан бұрынғы жүргізілген саясат бойынша елдегі жартылай феодалдық қауымдық 
жер иеленуді сақтау қажет болса, Столыпин  бағдарламасы керісінше, қауымдарды күшпен жою жəне 
жерге жеке меншік құқығын орнатуға бағытталды. 
Реформа  помещиктердің  жерге  қатынасы    мəселесіне  тиіспеді.  Оның  негізінде  əрбір  шаруа 
қауымнан  шығып,  өзінің  жеке  меншікті  шаруашылығын  жүргізе  алатын  болды.  Ереже,  əсіресе 
шаруалардың  селолар  пен  деревнялардан  бөлініп  шығып,  хуторлық  жəне  жекелеген  шаруашылық 
түрлерін жүргізуін қолдады. 
Қолдарында өндіріске қажетті құрал-жабдықтары бар жəне үкімет тарапынан қолдауға ие бола 
отырып,  тұрмысы  жақсы  шаруалар  өз  иелігін  ұлғайту  мақсатымен  хуторлық  жəне  жекелеген 
шаруашылықтар құрып, бар ынтасымен қауымнан бөлініп шыға бастады. Алайда, жаңа «жекеменшік 
иелері» арасында тұрмысы мықты шаруашылықтар емес, керісінше кедейлер жəне тұрмысы нашарлар 
көпшілік болды. 1908-1915  жылдар аралығында 1,3 млн. үй иелері 4,3 млн.  десятина жерлерін сатып 
үлгерді. Сонымен қатар кулактар қолына помещиктер жерінің бір бөлігі өтті. 1916 жылы бүкіл шаруа 
қожалықтарының 15 пайызын құрайтын кулактар шаруашылығы иелігіне елдегі жалпы астық өнімінің 
38  пайызын  жəне  барлық  астық  шаруашылығының 50 пайызын  өндіретін 80 млн.  десятина  ауыл 
шаруашылық жерлері шоғырланды /2, с.310/. 
Хуторлар  мен  жекелеген  шаруашылықтарды  орнатумен  бірге  реформа  шаруаларды  қоныс 
аударту  ісін  помещиктердің  иелігінен  алысырақ,  атап  айтқанда,  Оралдың  сол  жағына  орналастыру 
саясатын  қолдады.  Бұл  арқылы  патша  əкімшілігі  ішкі  Ресейде  орын  алған  жер  тапшылығынан 
туындаған  аграрлық  қайшылықтарды  əлсіретіп,  таптық  күресті  тұншықтырмақ  болды /5, с.57/. 
Осылайша, егер патша үкіметі ХІХ ғасырдың соңында шет аймақтарға тек қана қоныс аударуға рұқсат 
қағаздары бар, тұрмысты шаруаларды ғана қоныс аударту бағытын ұстанған болса, ендігі жерде, яғни 
ХХ  ғасырдың  басында  Ресей  үкіметі  жаппай  қоныс  аудару  саясатын  қолдады.  Сондықтан  да  үкімет 
шаруалар  арасында  қоныс  аудару  идеясын  белсенді  түрде  үгіттеуге  кірісті.  Тек  қана 1907 жылдың 
өзінде  Орталық  губерниялардағы  шаруалар  арасында  Ресейдің  азиялық  бөлігіне  қоныс  аударуға  
шақырған 6,5 млн. дана брошюралар мен листовкалар таратылды. 

 
94
Мұндай  іс-шараларды  атқарумен  қатар,  патша  əкімшілігі  жаппай  қоныс  аудару  саясатын 
тездету  жəне  жоспарлы  түрде  жүргізу  мақсатымен  бұл  процесті  жан-жақты  қамтамасыз  ете  алатын 
əкімшілік жүйесін құру ісін де қолға алды. 
Ішкі істер министрлігі жанынан 1895 жылы қоныс аудару басқармасы құрылған болатын.  1905 
жылы  мамыр  айында  аталған  басқарма  Егіншілік  жəне  мемлекеттік  меншік  министрлігі  қарамағына 
өтті.  Бұл  мекемеге  империя  көлеміндегі  қоныс  аудару  мəселесіне  байланысты  барлық  іс-шаралар 
жүктелді. Мұның артынша үкімет орындары Қазақстан жерін қоныс аударатын бес ауданға бөлді. Олар 
Торғай-Орал, Ақмола, Семей, Сырдария жəне Жетісу аудандары еді. 1906 жылы  осыған байланысты 
Жетісу    облысында    аудандық  қоныс  аудару  басқармасы  ашылды.  Ол  өз  кезегінде  Түркістан  өлкелік 
егіншілік  жəне  мемлекеттік  мүлік  басқармасына  бағынды /6, 8 п/.  Жетісу  аудандық  Қоныстандыру 
басқармасы өз кезегінде Қапал, Лепсі, Сергиополь-Бахтығ, Балқаш-Іле, Жаркент, Верный, Шу, Нарын, 
Пржевальск  жəне  Пішпек  аталатын 10 кіші  аудандарға  бөлінді /7, с.1/.  Қоныс  аудару  жөніндегі 
басқармасына Қоныс аудару ісінің меңгерушісі жетекшілік жасады. Ол өз ауданындағы қоныс аудару 
ісі  барысына  жауап  берді.  Оның  қарамағында  ерекше  тапсырмаларды  орындайтын  жəне  де 
агрономиялық,  гидротехникалық,  т.б.  жұмыстарды  атқаратын  маман-шенеуніктер  болды.  Кіші 
аудандарды ерекше тапсырмаларды орындайтын шенеунік-кіші аудан меңгерушісі басқарды /6, 1 п/. 
Əрбір бөлімнің, өз кезегінде атқаратын міндеттері белгіленді. 
Статистикалық  бөлім  міндетіне  аудандарды  зерттеу,  уездердің,  қауымдардың,  ауылдардың, 
уездердегі ауылдардағы тұрғындар санын алу жұмыстары кірді. Бөлім орыс поселкелері мен жергілікті 
халық  мекендеген  жерлердегі,  елді  мекендерден  тыс  бос  жатқан  жерлерде  зерттеулер  жүргізуге, 
переселендер  мен  жергілікті  тұрғындардың  жер  пайдалану  ретін  анықтауға,  сол  жерлерде 
жаратылыстану, тарихи жəне географиялық тұрғысынан зерттеу жұмыстарын атқаруға тиіс болды /6, 3 
п/. Агрономиялық бөлім міндетіне ботаникалық тұрғыдан жер қыртысын зерттеу, отарлауға қажет жер 
қорын  анықтау,  переселендерге  агрономиялық  көмек  беру,  тəжірибелік-үлгілі  шаруашылықтар 
ұйымдастыру,  метеорологиялық  зерттеу,  өлкеде  бау-бақша  өсіруді  дамыту,  питомниктер  мен  сүт 
фермаларын құру істері кірді /6, 4 п/. Гидротехникалық бөлім шенеуніктері ирригациялық су жүйелерін 
(арықтарды, каналдарды жəне т.б.) салу жəне қайта қалпына келтіру, өзендерді, суаттарды жəне басқа 
да  су  көздерін  зерттеу,  скважиналар  бұрғылау,  жер  асты  су  көздерін  ашу,  батпақтарды  құрғаты, 
құдықтар құрылысын жүргізу, зерттелген аудандардың карталарын сызу жұмыстарын жүргізді /8, 2 п/. 
1914  жылдан  гидротехникалық  бөлім  аудандағы  қоныс  аудару  басқармасынан  «Жерге  орналастыру 
жəне егіншілік Бас басқармасының» (Петербургтегі) жерлерді  жақсарту бөлімінің құрамына енгізілді 
/9, 7-8 пп/. 
Жер  межелеу  бөлімінің  міндетіне  аудандардың,  кіші  аудандардың,  уездердің,  өауымдардың 
ауыл  шаруашылығы  пайдалануындағы  жерлердің  шекараларын,  жеке  шаруашылықтардың  жер 
пайдалану ретін, су көздері шекараларын анықтау, егін шаруашылығына жарамсыз жерлерді (құм, тау, 
тастақ,  батпақ,  сор  жерлерді)  өлшеу  жұмыстары  кірді.  Бөлім  темір  жəне  тас  даңғыл  жолдарыдың 
ұзындығын өлшеумен, зерттелген аумақтардың карталарын сызумен айналысты /10, 30 п/. Сондай-ақ, 
олар  көші-қон  учаскелерін  құру  тəртібінің 120-бабына  сай  іс  жүргізушінің  схемасы  бойынша  қоныс 
аудару учаселеріне арнайы белгілер қойды, жергілікті тұрғындар иелігінен нормадан жоғары – «артық» 
жерлерін алды (мемлекеттік жер қорын құру туралы нұсқаудың 17-бабына сəйкес əрбір қожалыққа 25 
десятинадан жер берілуі тиіс болды). Жер өлшеу бөлімінің топографтары қолда бар деректер арқылы 
сызулар мен жоспарлар жасады. Бөлімді қоныс аудару басқармасының техникалық бөлігін меңгеруші 
басқарды /11, 12 п/. 
Жол  бөлімі  қызметкерлері  жергілікті  жерлерді  зерттеу,  жол  төсеу,  жөндеу  жəне  қалпына 
келтіру,  келешекте  төселетін    жолдар  жобасын  жасау,  салынған  жодарды  тексеру  жұмыстарысен 
айналысты. 
Дəрігерлік, азық-түліктік көмек бөлімі. Дəрігерлік көмек қоныс аудару пункттерінде жүргізілді. 
Онда тек амбулаториялық емдеумен ғана шектелді. Кеселдері күштілерді қалалық емханаға жөнелтті. 
Əртүрлі  ауру  түрлеріне  қарсы  алдын  алу  жұмыстары  атқарылды.  Амбулаториялар  уездердің 
барлығында  дерлік  құрылды.  Шалғай  жерлерде  переселендердің  денсаулығын  тексеру  мақсатыннда 
дəрігерлер жіберілді. 
Переселендерге  азық-түліктік  көмек  беру  мақсатында  жергілікті  жерлерде  арнайы  қоймалар 
ашылып,  онда  тұрмысы  нашар  қоныс  аударушыларға  тамақтық  заттар,  егін  себуге  тұқымдық  дəндер 
берілді. Мұндай көмек түрлері тек ішкі Ресейден көшіп келгендерге ғана берілетін болды. 
Ветеринарлық көмек 1911 жылдан бастап уездерде қоныс аударушыларға көрсетілетін болды. 

 
95
Жер  бөліп  беру  бөлімі – қазыналық  жер  қорларын  зерттеу    жəне  көші-қон  учаскелерін  құру 
жұмысымен  айналысты.  Əрбір  кіші  ауданда  жүргізілген  жерлерді  зерттеу  жұмыстары  нəтижесінде 
көші-қон  учаскелері,  ормандық,  саяжайлық  жерлер, 1910 жылдан  кейін  хуторлық,  жеке 
шаруашылықтарға  арналған  жерлер  дайындалды.  Переселендерге  арналған  жер  құрамында  əрбір 
шаруа-қоныс  аударушыға  егістік  жер,  үй  іргесіндегі  (аулалық)  жəне  жайылымдық  жерлер  бөлігіп 
берілді.  Учаскелері  бар  бірнеше  шаруа  қожалықтары  поселкелерге,  ал  бірнеше  поселкелер  уездерге 
біріктірілді. 
Қоныс  аударушыларды  жабдықтау  бөлімі  қоныс  аударушыларға  несие  беруді  реттеп  отыру 
жұмысымен  айналысты.  Несие  үй  құрылысына,  шаруа  қожалықтарын  аяғынан  тік  тұрғызуға  қажетті 
шаруашылық жабдықтарды сатып алуға бөлінді. Бұл бөлім міндетіне шіркеулік мектептер, шіркеулер, 
дұға оқу үйлері, медпункттер құрылысын жүргізу қызметтері де кірді. 
Жоғарыда  міндеттері  баяндалған  барлық  бөлімдер 1906-1907 жылдар  аралығында  біртіндеп 
құрылып,  өз  жұмыстарын  атқара  бастады.  Тек  малдəрігерлік  көмек  бөлімі  ғана  кешірек 1911 жылы 
ұйымдастырлды. 
Жалпы  алғанда,  М.Қойгелдиев  өзінің  «Алаш  қозғалысы»  деп  аталатын  еңбегінде  дəл  айтып 
көрсеткендей, «қоныс  аудару  мекемелері  əкімшілік  құрылымы  тұрғысынан  ғана  емес,  жұмыс  жасау 
əдісі, атқарған міндеті жағынан да таза отаршылдық мазмұндағы мекемелер болды». Уездік, облыстық 
деңгейдегі бұл мекемелердің негізгі міндеті, жергілікті халықтың пайдалануындағы жердің «артығын» 
тауып,  қоныс  аударушыларға  учаскелер  даярлау,  осы  мақсатта  құрылған  жер  межелеу  топтары 
қызметін  ұйымдастыру,  қоныс  аударушыларға  тиесілі  мемлекеттік  түрлі  көмектердің  уақытында 
берілуін  қамтамасыз  ету,  қоныс  аударушыларды  орналастыру  барысында  пайда  болатын  əрқилы 
мəселелерді, солардың ішінде жергілікті халық пен келімсектер арасында туатын дау-дамайды реттеп 
отыру  еді.  Ал,  əкімшілік  орындары  болса,  бұл  мекемелердің  басында  империялық  мүдделерді  жақсы 
түсінетін, соған қызмет етуге даяр адамдарды ғана тағайындауға тырысты /4, 35 б/. 
ХХ  ғасырдың 20-жылдары Түркістандағы жер мəселесін зерттеген Мырзағазы Есболұлы орыс 
келімсектері  туралы: «1920 жылға  дейін  жуан  көкірек,  менмендік    отаршылдық  ауасы  қанына 
сіңгендік, жергілікті халықты теңдікке алмай, кем санау, Түркістанның жергілікті жұрттары ішкі Ресей 
үшін ғана дүниеге келген секілді деп қарау мінездері бар еді» /12, 5 б/ – дей келе, патша үкіметінің ХХ 
ғасырдың басында қоныс аудару саясатында алған бағыты жайында былай дейді: «1905-1907 жылдары 
Ресейде қара шекпенділер тер төкті, хүкіметке мықты қорқыныш кірді, бұл пəлелерден  қалайда болса 
құтылмай болмайды екен деген пікірге келді. Оларды разы қылу үшін іштегі байлардың жерлерін алып 
бермей  ит  арқасы  қияндағы  шет  аймақтарға  көзін  жоғалту  жұмыстарына  кірісті.  Министр  Столыпин 
бұл жұмысты күшейтті. Бұрын арзан малайдан айрылып қаламыз деген байлар, енді мына қызыл көзді 
пəлені  жоғалт,  қарасын  өшір  дегенге  мінді.  Шет  аймақтарға – Қазақстан,  Түркістан,  Сібір,  Кавказға 
қазына  жеріне  қарашекпенділерді    жөнелтіп  айдау  жұмыстарына  кірісті.  Түркістанда  тіршілікке 
жарайтын  жер  аз  екендігі  хүкіметке  белгілі  болса  да,  қорыққаннан  көзі  шығып,  көмеді,  көргісі  де 
келмеді» /12, 7-8 бб/.  Осылайша, «көздеріне  қан  толған  хүкімет»  Түркістандағы  қазақтардың 
мекендеген  атамекен  жерін  келімсектерге  тартып  алып  беру  жұмысын  қоныс  аудару  мекемелерінің 
қолына беріп тынды. 
 
1. ПСЗРИ. Собрание третье. Т.ХХІІІ. - СПб., 1905. 
2.  Першин Г.Н. Аграрная революция в России. – М.: Наука, Кн.1. 1966. – 420 с.  
3. ӨРОММ. 1-қ., 27-т., 38-іс. 
4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы: Санат, 1995. -368 б 
5. Фомченко А.П. Русские поселения в Туркестанском крае. – Ташкент: Фан, 1983. – 220 с.   
6. ӨРОММ. 1-қ., 16-т., 14-іс. 
7. Обзор Семиреченской области за 1907 г. Верный, 1908. 
8. ҚРОМА. 33- қ., 1-т., 48-іс. 
9. ӨРОММ. 7-қ., 1-т., 5192-іс. 
10. ҚРОМА. 33- қ., 1-т., 37-іс. 
11. ҚРОМА. 33- қ., 1-т., 60-іс.  
12. Есболұлы  М.  Түркістандағы  келімсектер орнаған  аудандардағы  жер  мəселесі. -Ташкент, 
1923. -88 б. 
Резюме 
В данной статье рассматриваются основные направления переселенческой политики  царской 
власти в Семиречье в начале ХХ века. 

 
96
 
Summary 
In given article is considered main trends переселенческой politicians tsarist authorities in 
Semirechie at the beginning initially ХІХ age. 
 
 
                                                                                                   
РЫБНЫЕ  И  СОЛЯНЫЕ  ПРОМЫСЛЫ В БУКЕЕВСКОЙ   ОРДЕ 
 
А.Ж.Бакижанова  –  
ассистент  КазНТУ им.К.И.Сатпаева 
 
Изучая и анализируя источники, мы увидим, что доведенные до отчаяния наемные работники, 
в  том  числе,  конечно  же,  и  казахи,  шли  не  только  на  рыбные  промыслы,  но  и  на  озеро  Баскунчак 
добывать соль, наниматься в пастухи в русские селенья, то есть перемещались туда, где наблюдается 
источник  их  пропитания.  Как  свидетельствуют  множество  архивных  источников  фонда: 
Каспийсковолжские рыбные промыслы имели важное экономическое значение. Они привлекали к себе 
сотни  тысяч  рабочих  рук,  занимаемых  во  время  путины.  Особенно  большое  количество  рабочих 
требовали крупные речные промыслы. Всего на всех промыслах Каспийско-волжского района (речных 
и  морских)  в 1913 году  было  занято 127 530 рабочих.  В  это  число  включены  лица,  занятые  ловом, 
доставкой  рыбы,  приготовлением  рыбной  продукции,  служащие  в  конторах  и  другие  лица...» /1/. В 
сведениях, представленных статистическим комитетом о торговых ярмарках в Ханской ставке, имеется 
отчет  «О  состоянии  Внутренней  Киргизской  орды  за 1910 г.»,  где  указывают  на  главные  промыслы 
казахов-рыболовство  и  зачастую  с  нею  связанные  промыслы.  Как  известно,  рыболовство  особенно 
развивается в I и II Приморских округах, где казахи из-за постоянного заноса песками их земельных 
угодий перешли к рыболовству:   «...одни из них сами снимают воды, а другие нанимаются на ватаги 
Астраханского  и  Красноярского  уездов.  В  Камыш-Самарской  части,  по  случаю  отсутствия  за 
последние  годы  в  озерах  воды,  киргизы  лова  не  производят...» /2, Л. 58/. Архивные  документы 
свидетельствуют о очень тяжелом труде, которым были заняты путины рабочие, среди которых была 
:много  казахов,  при  шедших  из  степи  на  заработки.  Хозяева  рыбных  промыслов  нанимали  их, 
заставляли  трудиться  на  самых  тяжелых  работах.  Известно,  что  тогда  на  промыслах  никакой 
механизации  не  наблюдалось,  вся  работа,  велась  вручную,  что  требовало  большой  физической силы. 
Несмотря  на  то,  что  желающих  работать  было  в  избытке,  многие  рабочие-казахи,  не  привычные  к 
промысловым  работам,  не  выдержав  нагрузки  при  первой  же  путине  покидали  рабочее  месте. 
Особенно  тяжело.  Было  на  промыслах  казахских  купцов,  например,  у  братьев  Танашевых  Утегали  и 
Харис,  которые  владели  несколькими  рыбными  промыслами.  Таким  образом,  из  огромного  пласта 
документов мы смогли сделать вывод, что казахи, завербованные в степи подрядчиками, как правила, 
использовались в качестве неводных рабочих. Заработная плата рабочих находилось в зависимости от 
вида  работ,  от  срока  на  который  нанимались,  времени  года  и  в  первую  очередь,  от  национальности. 
Большинство рабочих-казахов получали за труд 25-30 копеек в день, то есть на 2-3 рубля меньше, чем 
русские.  Об отличительных  чертах  казахских рабочих писал  Махаш  Бекмуханбетов,  правитель 1 и II 
Приморских  округов: «...Мы  знаем  киргизов  как  отличных  моряков  и  ловцов...»  Его  убеждения 
подтверждаются рядом документов, извлеченных из фонда «Канцелярии астраханского гражданского 
губернатора»,  которые  содержат  сообщение  сотрудников  управления  рыбными  и  тюленьими 
промыслами об аренде некоторого количества земельных участков: «...в 1898 году киргизы арендовали 
193 земельных участка на береговой полосе за 2914 рублей64 копеек. За право на рыболовство в казну 
поступает  от  киргиз  доходов  на  сумму 1000 рублей...»/3,Л.15об./.  Среди  материалов  астраханского 
военного  губернатора  имеется  вырезка  из  газетной  полосы  «Астраханские  губернские  ведомости»  за 
1838  г.,  где  была  опубликована  статья  «Взгляд  на  состояние  Астраханских  рыбных  промыслов», 
которая представляла собой краткое извлечение из отчета капитана-лейтенанта Стодольского о работе 
отряда  в 1837 г.,  предназначенного  для  зашиты  Эмбинской  рыбопромышленности.  Отчет  извещал  о 
том, что данный отряд состоял из 9 судов под командованием обозревателя дистанции, расположенной 
по восточному берегу Каспийского моря /4, Л. 14-23/. Этот документ содержит в себе информацию о 
ходе эпидемии в Эмбинских водах, о нуждах и бедствиях, сопутствующих: «...лазарет для отряда тем 
более  необходим,  что  в  продолжение  компании  можно  было  у  киргизов  купить  только  три  барана,  а 
употребление свежей рыбы было не желательно в связи с лихорадкой, не имея свежей пищи, в команде 

 
97
распространяется скорбут ... На острове Кулалах постройка лазарета была бы удобнее, но, начиная от 
Гурьева до Тюк-Караганской бухты, нигде не возможно было найти свежей питьевой воды...» Наряду с 
борьбой  эпидемии  существовали  и  другие  проблемы,  с  которыми  сталкивались  отряды,  освещает 
документ: « ... грабеж киргизами производился на косных и кусовых лодках, по большейчасти отнятые 
у  рыбопромышленников.  Лодками    управляют  по  большей  мере  беглецы  из  татар  и  русских, 
принявшие  их  веру ... » /4, Л. 14-23/. Согласно  отчету  за 1879 Г.,  предоставленному  «Астраханским 
управлением рыбными и тюленьими промыслами по предметам Временного отчета по поземельному 
устройству» acтpaxaнскому генерал-губернатору, имели место статьи, указывающие приносящие казне 
доходы /5, Л. 179/. Изучив  ряд  документов,  мы  можем  утверждать,  что  рыболовным  промыслом: 
занималось как местное, так и приезжее наceление из соседних губерний. О том, что продажа билетов с 
каспийских  промыслов  составила  большее  количество,  чем  в  предыдущий 1878 г.  свидетельствует 
документ 1879 года. Источники указывают на то, что лов рыбы проводился исключительно по билетам, 
выдаваемым на каждую рыболовную лодку /5, Л. 181). В 1879 г. было продано всего 7877 билетов на 
сумму 178 853 руб., а общий доход с морских npомыслов составил 265 643 руб. 80 коп. /5, Л. 205/.  
  Несмотря на крайне неблагоприятные условия, был объявление карантина, причиной которого 
послужил плохой лов сельди. Управлением рыбными и тюленьими промыслами 7 мая 1880 г. был сдан 
отчет астраханскому губернатору о понижении лова рыбы в Уральских И Персидских водах, причиной 
которого  стали  ветра,  господствующие  в  Волоудской  дельте /5, Л. 164/. На  этом  основании  могу 
отметить, что Устав 67 «о каспийском рыболовстве морские рыболовные воды делились на 7 участков: 
юго-запад  от  северной  границы  участка  Терекского  Казачьего  войска  до  устья  реки  Таловки; 
Терекский;  северо-западный  от  восточной  оконечности  Синего  моря  до  границы  Уральских  вод;  от 
Уральскихвод до участка Мангышлакских поселении...» /5, л. 179/. Что касалось «земельной оброчной 
статьи»,  то  эти  земли  больше  относились  к  береговой  полосе  Каспийского  моря,  для  устройства 
ватажных  заведений.  В  число  этих  земель  также  входили  и  дачи  крестьян  с.  Владимировского, 
отданные  в  аренду  летом 1879 г.,  оброком  в 210  рублей  в  год.  Следует  подчеркнуть,  что 
«Астраханские  губернские  ведомости»,  на  страницах  которых  опубликованы  эти  и  другие 
разнообразные  сведения,  являются  ценным  источником  по  истории  Казахстана.  На  островах 
Новинском, Пешнм, Тюк-Караганском, за Уралом и Жилом было построено несколько акбаров, казарм 
для  зимнего  и  весеннего  местонахождения  промьшленников,  которые  остаются  здесь  для  рыбного  и 
тюленьего  промысла.  В 1842 г.  наблюдается  упадок  тюленевой  промышленности.  На  островах 
встречаются  препятствия  в  виде  запрета  ловли  тюленя  со  стороны  начальства  Уральского  войска  на 
островах 
Тюк-Караганском, 
Пешном, 
Камышином. 
Лов 
тюленей 
осуществляется 
на 
Новоалександровском /6; 140/. На острове Кулалах также наблюдаются препятствия в зимнее время из-
за мелководья, что вынуждает рыбопромышленников просить Астраханское губернское начальство о 
переводе  зимовки.  Об  этом  сообщается  так: «...грунт  земли  вверх  островов  Каспийского  моря 
песчаный,  изобилующий  ракушками  покрытый  гycтым,  высоким,  но  тонким  камышом  и  травой  для 
корма  скота,  кроме  того,  родовыми  кореньями,  употребляемыми  киргизами  в  пищу  и  частенько 
служащими лечебным средством от цинготной болезни. В особенности это наблюдается из-за частого 
употребления жителями соленой воды, так как пресная добывалась трудным способом в десяти верстах 
в  колодцах,  или  же  в  семидесяти  верстах  от  острова  имелась  горная  вода.  Лето  на  о.  Долгой 
необитаемый, а зима снежная. Киргизы во главе с родом адай, кочующие по Каспийскому полуострову, 
располагавшиеся  на  юго-востоке,  со  стороны  Каспия  притеснялись  стражей,  состоящей  из  рабочих 
ловцов и рыбопромышленников» /7/.  
Из  краткой  исторической  справки  о  поселках  береговой  полосы  Каспийского  моря, 
составленной  Астраханским  управлением  рыбными  и  тюленьими  промыслами  за 1912-1913 гг.  на 
основе  статистических  сведений,  известно,  что  поселение  на  берегу  Каспийского  моря  начилось  еще 
задолго  до  нарезки  береговой  полосы  в 60-х  годах.  Относительно  времени  возникновения  поселков 
здесь  достоверных  сведении  не  имеется,  но  из  более  ранних  источников  известно,  что  некоторые  из 
них возникли не меньше им 100-150 лет назад, например, селение Тишково, Kapaлат и другие /8, Л. 9-
11/. По планшетам: 60-х гг. в береговой полосе значатся поселения имеющие отношение Астраханской 
губернии: Вознесенская, Вахромеевская, Разбугоринская, Зеленга, Старая и Новая Сафоновки и Утеры. 
Возникновение и рост поселков на берегу моря находятся в прямой зависимости от развития лова рыбы 
на Каспии. Отметим, что большой рост поселков попадает на время открытия вольного лова на море. 
По этому вопросу имеется мнение Государственного Совета от 2 и 9 марта 1902 г. по выработке правил 
Каспийско-Волжских  и  тюленьих  промыслов.  Появление  закона 25 мая 1865 г.  и  было  в  свое  время 
крупным  шагом  вперед  в  деле  упорядочения  Каспийско-Волжских  рыбных  промыслов.  Одной  из 

 
98
главных целей устава было принятие новых мер по охранению рыбного запаса в море. Однако вскоре 
после его издания, под напором вновь зародившихся условий жизни и производства промыслов, стала 
выясняться необходимость в его дополнении. Так, в 70-х гг. XIX в. почти сразу развился до громадных 
размеров лов частиковой рыбы: «...на берегу моря в связи с этим образовались целые поселки ловцов с 
населением  в  несколько  десятков  тысяч  человек.  Статистические  сведения  указывают,  что  особенно 
увеличился  прилив  этой  вольницы,  не  подчиняющийся  при  производстве  лова  никак  законам  после 
постигшего  внутренние  губернии  в 1892-1893 гг.  неурожая,  когда  более  предприимчивые  люди 
устремились  из  соседних  губерний  в  Астраханский  край  на  заработки» /8, л. 21/. Самовольное 
заселение береговой полосы продолжалось до самого начала ХХ века. Департамент земледелия в 1904-
1905 гг. разрешил Управлению рыбных промыслов. Заключить контракты с жителями поселков на 3-
летний срок, назначив аренду прежним поселковцам: по 0,15 коп. за кв. сажень, а новосельчанам по 1 
коп. за кв. сажень.  
Имеются документы, свидетельствующие о том, что апрельское сообщение о береговой полосе 
в 1912 г.  находило  невозможным  допускать  дальнейшего  заселения  береговой  полосы  в  интересах 
рыболовства.  Известно,  что  береговая  полоса,  с  ее  камышовыми  и  чаканными  зарослями, 
бесчисленными култуками и ериками, является самым идеальным естественным рыборазводом. Таким 
образом, площадь  камышовых  и  чеканных  зарослей  в  береговой  полосе  с  каждым  годом все  более  и 
более  уменьшается,  и  через  это  мecтo  нерестилищ  рыбы  превращается  в  бесплодные  песчаные 
пустыни.  Это  подтверждается  констатацией  смотрителя  Г.Халилеева: «главнейшими  факторами 
уничтжения  естественных  условий,  необходимых  для  нереста  рыбы,  является  химическое 
скотоводство, а вслед за ним камышекошение для молодняка» /8, Л. 29/ Также он описывает в своих 
наблюдениях  скотоводов,  населяющих  береговую  полосу,  которые  являлись  больше  обловщиками 
предустьевого пространства. Проанализировав ряд материалов исследователей Астраханского края, мы 
пpиходим  к  убеждению,  что  попытки  правительства  ввести  вольный  лов  на  Каспий  и  образовать 
береговую полосу в первой половине XX столетия на деле не привели к положительным результатам. 
Население  береговой  полосы  вопреки  закону  давно  стало  заниматься  на  землях  этой  полосы 
сельскохозяйственными  предприятиями.  Неоднократные  попытки  администрации  устроить  в 
земельном  отношении  поселенцев  легализовать  эксплуатацию  земель  этой  полосы  в 
сельскохозяйственных  целях  до  сего  времени  не  дали  ожидаемых  результатов,  так  как  это 
продолжалось на протяжении долгих лет. Oднaкo, несмотря на подобные нюансы, рыбный промысел 
Каспийско-Волжского  района  приносил  ощутимый  доход  общероссийской  казне.  Источниками 
доходов  Управление  каспийско-волжских  рыбных  и  тюленьих  промыслов  являлись  морские  воды  и 
сдача  их  в  аренду.  Они  находились  у  частных  лиц,  сельских  обществ,  казачьих  станиц.  Как  мы 
заметили дальнейшее развитие в Acтpaxaнском крае получило соляное дело. Основные черты данного 
промысла  сложились  в  предшествующие  десятилетия  и  были  оформлены  уставом  о  соли 1781 г. 
Иеющиеся  документы  свидетельствуют  о  том,  что  после  упразднения  главной  соляной  конторы 
управление соляным делом было сначала передано МВД в 1802 г., а затем Министерству финансов - с 
1810  г.  В  рамках  губернии  ответственным  лицом  выступал  губернатор,  а  непосредственным 
учреждением, которое занималось вопросами была казенная палата в составе которой было учреждено 
особое  отделение /9, с. 21/. K началу XIX в.  доход  казны  от  добычи  и  продажи  соли  был  крайне 
незначительным:.  Главная  причина  его  упадка  крылась  в  увеличении  стоимости  доставки  соли  к 
мecтaм потребления, что, в свою очередь, свидетельствовало об узости рынка наемного труда. В конце 
XVIII - начале XIX вв. неоднократно менялось управление соляным делом, значительно усилилась его 
централизация  и  регламентация.  Для  удешевления  соляной  операции  и  ликвидации  дефицита  соли 
российское  правительство  предприняло  попытку  по  разработке  озерных  солеи.  Первоначальное 
значение  при  этом  придавалось  соли  Элтонского  озера.  Содержание  источников  говорит  о  том,  что 
меры,  направленные  на  увеличение  вывозки  эльтонской  соли,  имели  определенный  эффект.  Это 
подтверждают сведения о том, что в конце XVIII в. отсюда ежегодно вывозилось около 5 млн. пудов, а 
в первое десятилетие XIX в. - 8-10 млн. пудов соли. Таким образом, мы видим, что соль Эльтона стала 
составлять  большую  часть  того,  что  требовалось  России.  С  увеличением  его  вывоза  прекратились 
Разговоры о дефиците соли, однако успех был не прочным. Это убеждает нас в том, что для населения 
Астраханской  губернии  не  менее  важную  роль  наряду  с  рыбной  имела  соляная  промышленность.  В 
отчете  «О  состоянии  Внутренней  Киргизской  орды  за 1910 г.»  это  убеждение  подтверждается 
следующей  заметкой: «...кроме  рыболовства,  казахское  население  занимается  также  ломкою  соли  на 
Баскунчакском  соленом  озере» /10, Л. 58/. Мы  знаем,  что  Арало-Каспийская  впадина,  окаймляющая 
Каспийское море, некогда была дном обширного моря, это в своих заметках отмечают и исследователи 

 
99
Астраханского края на страницах астраханских периодических изданий. Это и объясняет нам наличие в 
себе  множества  соляных  озер,  большинство  из  которых  располагались  в  приморской  полосе  в 600 
верст. Здесь можно встретить озера Эльтон, Баскунчак, Батырбек, Боткуль, Бес-Шокы. Озера Эльтон И 
Баскунчак до середины XIX в. были самыми известными. Вскоре и солеразработки перешли в частные 
руки, которые получили право свободного выбора источников для разработки. С момента образования 
казенного  управления  и  до 1866 г.  добыча  соли  составила  на  Эльтоне 512 млн  пудов,  на  Баскунчак 
около 30 млн.  пудов,  на  южно-астраханских  озерах  приблизительно 85 млн.  пудов.  С  передачей 
разработки соленых промыслов в частные руки правительство ввело акциз в размере 30 копеек с пуда 
соли, отпускаемого с промыслов /11/.  
 
1.
 
ГААО  Ф.194. Оп.1.  Д. 514. Л 26. 
2.
 
ГААО  Ф.32. Оп.1.  Д. 778. Л 8. 
3.
 
ГААО  Ф.32. Оп.1.  Д. 620. Л 39. 
4.
 
ГААО  Ф.2. Оп.1.  Д. 271. Л 72. 
5.
 
ГААО  Ф.32. Оп.1.  Д. 400. Л 162. 
6.
 
Астраханские губернские ведомости. -1841. -16 августа.- №34. – 5 с. 
7.
 
ГААО  Ф.194. Оп.1.  Д. 1996. Л 96. 
8.
 
Верденский Р.М. Проекты реорганизации соляного дела в начале XIXв. И их  социальная 
сущность//  Из  истории  общественно – политической  мысли  России  XIX века:  Межвузовский  сб. 
научных  трудов.- М.: 1985, - С.74 – 77. 
9.
 
Краткий  исторический  очерк  управления  и    суда  Внутренней  Киргизской  Ордой. 
Памятная книжка Астраханской губернии на 1904.- Астрахань, 1904. – 118 с.  
10.
 
 ГААО  Ф.1. Оп.1. Т.1. Д. 861. Л 95. 
11.
 
Хозяйственно – статистический очерк Астраханской губернии.- СПб., 1851. – 176 с. 
  
Түйін 
Бұл    мақалада    Ішкі  Ордадағы    балық  жəне  тұз  шаруашылығының    дамуы    жəне  оның 
маңыздылығы туралы мəліметтер берілген.      
                                                   
 
Summaru 
 
This article discusses the development of fisheries and salt production in Bukeyev horde, as well as 
important facts presented to the socio - economic development of the territory. 
 
 
 
 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет