Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы



жүктеу 5.13 Kb.
Pdf просмотр
бет1/50
Дата14.05.2017
өлшемі5.13 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

 
 
 
 
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ИНСТИТУТЫНЫҢ  
ХАБАРШЫСЫ 
 
 
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  
ЖУРНАЛ 
 
ВЕСТНИК  
ТАРАЗСКОГО 
ГОСУДАРСТВЕННОГО 
ПЕДАГОГИЧЕСКОГО 
ИНСТИТУТА 
 
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ 
ЖУРНАЛ 
 
 
№ 9 
2012 
(қаңтар - ақпан - наурыз) 
 

 

 
Тараз 
мемлекеттік 
педагогикалық 
институтының 
ХАБАРШЫСЫ 
ВЕСТНИК 
Таразского 
государственного 
педгогического 
института 
 
 
2012 
№9 
(қаңтар – ақпан – наурыз) 
 
 
 
 
 
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ 
 
А.Б.Абдуалы                        тарих ғылымдарының докторы, профессор (бас редактор) 
Р.С.Амандосова                    педагогика ғылымдарының докторы, доцент 
А.Ҽ.Байтелиев                      филология ғылымдарының докторы, профессор 
С.А.Байтілен                         тарих ғылымдарының докторы, профессор 
Б.Бҽкірбаев                           физика-математика ғылымдарының докторы, профессор 
Қ.Бҿлеев                                педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Т.Қ.Бҿлеев                             педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
К.Ж.Бұзаубақова                  педагогика ғылымдарының докторы, доцент 
Т.К.Кенжебаев                      педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Ю.П.Киселев                         тарих ғылымдарының докторы, профессор 
И.О.Мүлдеков                       техника ғылымдарының докторы, профессор 
М.Мұратбеков                       физика-математика ғылымдарының докторы, профессор 
О.С.Сҽлімбаев                       педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Қ.Т.Тоқжігітов                      физика-математика ғылымдарының докторы, профессор 
Ж.С.Тҿлеубаев                     ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор 
Қ.Т.Ыбыраимжанов  
педагогика ғылымдарының докторы, ТарМПИ профессоры 
 
                                                                                              
 
 
                                                  
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ 
 
Ақпарат және мҧрағат комитеті 
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы 
КУӘЛІК 
№5763-Ж 
 
Астана қаласы                                                                           «23» 02  2005 ж. 
 
 

 

БЕЙІНДІ БІЛІМ БЕРУ 
 
С.С. Амандосова 
 
БЕЙІНДІ - БАҒДАРЛЫ  ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ  
 
ӘӚЖ 371 3:51 
           Қ 24 
 
Ертеңгі  келер  күннің  бүгіннен  гҿрі  нұрлы  болуына  ықпал  етіп  адамзат  пен  қоғамын  алға 
апаратын  құдыретті  күш  бұл  білім.  Ғылым  мен  техникалық  прогресттің  дамуы  қоғамның  ҿзгеруі 
жаһандану заманның басталуы, білім мазмұнын жаңа оқулықтар арқылы жаңартуға мол мүмкіндіктер 
туғызды. Сондықтан білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын табу, оны тҽжірибеге енгізу – уақыт 
күттірмейтін мҽселе. Заман талабына сай білім де жаңарып отырады. Мектеп  – оқушының болашақ 
ҿмірде ҿз орнын табуда негіз қалайтын баспалдақ.   
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2004  жылғы  11  қазандағы  №1459  Жарлығы  бойынша 
бекітілген  «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 
Мемлекеттік  бағдарламасына»  сҽйкес  еліміздегі  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерінің  ІІІ  сатысы 
бейінді – бағдарлы  оқыту жағдайына кҿшпек. Бұл мҽселе, кейін 12 жылдық жалпы орта білім беруге 
кҿшкенде емес, 11 жылдық білім беру аясында 2006-2007 оқу жылынан бастап іс жүзіне асырылып 
отыр.  Бейінді-бағдарлы  оқыту  дегеніміз  оқушылардың  қызығушылық  бағытының,  қабілетінің 
дамуына  жағдай  жасайтын   жҽне  олардың   келешекте  ие  болуға  тиісті  кҽсібіне  бейімделуді 
қамтамасыз  ететін  оқыту.  Ол  тек  қана  мектептің жоғарғы  сатысында жүзеге  асады.  Бесінші  немесе 
сегізінші  сыныпта  қандай-да  пҽнді  оқытуға  оқу  жоспарының  вариативті  бҿлімінен  бірер  сағат 
қосымша бҿлінеді. 
Бүгінгі  мектептің  жоғарғы  сатысының  кемшілігі  неде,  бейімді-бағдарлы  оқытудың  жетістігі 
неде?  
І.  Қазіргі  кезде  жалпы  орта  білім  беретін  мектептің  жоғарғы  сатысында  жирмаға  жуық  пҽн 
оқытылады.  Жҽне  олардың  барлығының  мҽртебесі  бірдей.  Демек,  бұлардың  бҽрінен  де  бағдарлама 
мҽжесі  деңгейінде  білім  берілуі  тиісті.  Ол  деген  сҿз   оқушыға  кҿп  сала  бойынша  аз-аздан  білім 
беріледі  жҽне  соның  салдарынан  оқушылар  еш  бір  саланы  терең  меңгеруге  мүмкіндігі  болмайды. 
Қазіргі кезде ҽлемде білім беру мҽселесі дамуының үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің 
тез  ҿзгеруі,  ҿмір  сүру  үшін  қажетті  мҽліметтер  ағыны  жоғарғы  қарқынымен  кҿбеюі  (кейбір  дерек 
кҿздері  бойынша  адамға  қажетті  білім  мҿлшері  екі  жылда,  ал  кейбір  деректерге  сүйенсек  он  сегіз 
айда екі еселенуде. Салыстыру үшін айта кетсек, К.Маркстың заманында яғни осыдан шамамен 150 
жыл бұрын адамға қажетті білім мҿлшері елу жылда екі еселенетін еді). 
ІІ.  Қазақстанның  сегіз  мыңнан  аса  мектебінде  үш  миллионның  ар  жақ  –  бер  жағында  бала 
оқиды. Оның шамамен жыл сайын 220000-ы жалпы білім беретін орта мектепті бітіреді. Ал жоғарғы 
оқу  орындары  үшін  бҿлінген  мектептің  гранттардың  саны  шамамен  30000  (2005  жылы   32000,  ал 
2006 жылы 32490 болды). Бұл дегеніміз мектеп түлектерінің шамамен 14 пайызы мемлекеттік грант 
бойынша  ЖОО  түседі  деген  сҿз.  Тағы  да  осыншама  бала  дұрыс,  жүйелі  білім  беретін  ЖОО  ақылы 
негізде  оқуға  түседі.  Бұл  жерде  айта  кететін  бір  мҽселе  статистикалық  мҽлемет  бойынша  ақылы 
негізде оқуға түсетін балалардың саны ҽрине бұдан ҽлдеқайда кҿп.  
ІІІ.  Мектептің  жоғарғы  сатысында  барлық  балаға  бірдей  білім  берілуге  тиісті  болғандықтан, 
білім  беру  деңгейі  сҿз  жоқ  орташа  балаға  лайықталады.  Мұның  жақсы   оқитын   балаларға  зияны 
ұшан-теңіз. Атап айтқанда,  олардың білімге деген талпынысы, құштарлығы ЖОО түсем деген ниеті 
не  тежеледі,   не  олар  бұл  жағдайларды  қанағаттандыру  үшін  мектептен  тыс   мекемелердің,  
жекелеген  мамандардың құзыреттілігіне  жүгінуге мҽжбүр  болады.  Осыдан келіп  барып ҽрбір  ЖОО 
жанындағы  ақыл  дайындық  курстары,  оқушыларды  ЖОО  дайындайтын  жекелеген  курстар, 
репетитор арқылы оқыту сияқты мҽселелер қазір қалаларда дүрілдеп тұр. Жарайды,  интелектуалдық 
деңгейі жоғары қалаларда мұндай болғанымен ауыл жайлы бұлай дей алмасымыз хақ. Ол дегеніміз 
барлық мектеп оқушыларына бірдей жағдай жасап отырғанымыз жоқ дегенді білдіреді. Яғни, қазіргі 
оқыту  жүйесіндегі  кемшілікті  оқушылардың  жартысы  қандай  –да  деңгейде  жҿндей  алғанымен, 
қалғанына мұндай мүмкіндік мүлдем жоқ.  

 

ІV.  Бізге  ұнасын-ұнамасын,  жақсы  кҿреік-кҿрмейік  бір  кездері  ҿз  бабаларымыз  бастап  берген 
ғылым-білім  деген  ұлы  мҽселеде  бұл  күнде  бізден  алда  тұрған  ҽлемдегі  дамыған  елдердің  іс-
тҽжірибесін ескермеуге қақымызжоқ. Ал оларда (Франция, Голандия, Англия, Шотландия, Швеция, 
Финляндия, Норвегия, Дания жҽне т.б.) бейімді - бағдарлы оқыту негізінен жүйелі түрде 7-сыныптан 
соң-ақ  басталады.  Ҿнер-білім-ғылымға   ерекше  мҽн  берудің  арқасында  жұмыртқадан  жүн  қырқып, 
жоқтан  бар  жасап  отырған  бұл  елдер  егер  бейінді  оқыту  дұрыс  болмаған  болса  оған  барар  ма  еді, 
барғанның ҿзінде оған жабысып қалар ма еді. Бір шоқып екі қарайтын жерде ол мүмкін ба? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. Бейіналды дайындықты іске асырудың моделі 
 
Қазіргі  таңдағы  оқушыларды  бейімдеп  оқытудың  жағдайын  талдай  отырып,  олардың  негізгі 
ерекшеліктері  анықталды:  жеке  білім  беретін  пҽндерді  тереңдетіп  оқыту;  саралай  оқыту, 
оқушылардың ҿз қабілеттері, икемдері мен қажеттіліктеріне сҽйкес жеке білім траекториясын таңдап 
Қазақстан 
Республикасы-
ның 2015 жылға 
дейiнгi бiлiм 
берудi дамыту 
тұжырымдамасы 
Бейіналды 
дайындықты іске 
асырудың іс-
ҽрекет жоспары 
Теориялық-
ҽдіснамалық 
 
Мұғалімнің 
ҽдістемелік 
даярлығын 
жетілдіру
 
Кҽсіби 
бағдарлау  
(Д.Л.Эпштейн,
С.В.Дьякович,  
Л.Ҽ.Жакеева) 
Білім беру 
мазмұнын 
қалыптастыру 
(В.В.Краевский 
В.С.Леднев, 
М.Н.Скаткин

Дайын  
бейіналды 
элективті  
курстарды 
пайдалану 
 
Бейіналды даярлық 
Мақсаты: окушының ӛзін-ӛзі анықтауына жағдай  жасау 
Міндеттері: бейіналды даярлықты қамтамасыз ету 
Психологиялық 
педагогикалық 
 
 
Ғылыми-
ҽдістемелік 
 
Құқықтық-
нормативтік 
 
Мектеп 
психологының 
жұмысын 
ұйымдастыру 
Дамыта оқыту 
тұжырымдамасы 
(М.Л.Данилов, 
М.Н.Скаткин, 
И.Я.Лернер, 
М.И. Махмутов) 
Оқушыларды 
бейіналды даярлау 
жҽне жоғары 
сыныптарда 
бейіндік оқыту 
тұжырымдамасы 
 
Қызығушылық-
тарын анықтау 
(Е.А.Климов, 
А.Е.Голомшток 
С. Чистякова) 
Саралап оқыту 
(И.Э.Унт, 
В.В.Фирсов, 
Ю.К.Бабанский
Ж.А.Қараев 
Мұғалімнің 
ҿзіндік 
білім алуы
 
Мотивациялық 
сұхбат 
Тұлға 
дамуындағы 
даралау (С.Л. 
Рубинштейн, 
Б.Г.Ананьев, 
Ю.М.Орлов) 
Мұғалімнің 
элективті 
курс  
бағдарлама-
ларын 
ҿздігінен 
жасауы 
немесе 
модифика-
циялау 
 
Қазақстан 
Республикасында 
бiлiм берудi 
дамытудың 2005-
2010 жылдарға 
арналған 
Мемлекеттiк 
бағдарламасы 
Нәтижесі: бейіналды дайындық іске асырылады 

 

алуы;  білімі  ҽртүрлі  дҽрежедегі  оқушылардың  қабілеттеріне,  жеке  икемдері  мен  қажеттіліктеріне 
сҽйкес деңгейлеп оқыту; оқушыларды ҽлуметтендіру, оларды кҽсіби тұрғыдан ҿзіндік орын анықтай 
білуге  дайындау;  жалпы  жҽне  кҽсіби  білім  беру  арасындағы  байланыстың  болуын,  мектеп 
бітірушілерді  жоғары  кҽсіби  оқу  орындарының  бағдарламаларын  игеруге  дайындау;  тҿрт  курс 
түрлері  бойынша:  базалық  жалпы  білім  беруші  курстар,  бейінді  курстар,  қолданбалы  курстар  жҽне 
таңдау бойынша курстарынан (элективтер) ҽртүрлі комбинациялар жасау мүмкіндігі; негізгі мектеп 
оқу жоспарына міндетті  таңдау  курстары мен оқушылардың келешек оқу бағдарын таңдауына ҽсер 
ететін кҽсіби сынақтарды енгізу арқылы бейіналды дайындықты іске асыру.   
Қазіргі таңда білім беру кеңістігіндегі инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі – мектептің 
жоғары  сатысын  бейінді  оқытуға  кҿшіру  болып  табылады.  Ол  ҿз  алдына  оқушылардың 
қызығушылықтарын, икемдері мен қабілеттерін толығырақ ескеретін білім беру үрдісінің құрылымы, 
мазмұны жҽне ұйымдастырудағы ҿзгерістері негізінде саралай жҽне даралай оқытуды қарастырады.  
Бейінді  оқытудың  негізгі  идеясы  –  оқушыларға  таңдау  мүмкіндігін  беру  болып  табылады. 
Негізгі  мектеп  бітірушісі  жоғары  сыныптардағы  бейінді  оқыту  жағдайында  оқу  бағытын  таңдауға 
мүмкіндік  алады.  Бұл  таңдауды  оқушылар  ҿздігінен  жҽне  саналы  түрде  жасаған  кезде  ғана  бейінді 
оқыту  ҿз  мақсаттарына жетеді.  Оқушы  ҿзінің  іс-ҽрекетінің  бейінін  таңдауға  дайын  болу  қажет,  бұл 
жағдайда негізгі мектептегі бейіналды дайындықтың маңызы зор. 
Бейіналды  даярлықтың  мақсаты  «Оқушыларды  бейіналды  даярлау  жҽне  жоғары 
сыныптағыларды  бейіндік  оқыту  тұжырымдамасында»  кҿрсетілген.  «Окушыға  ҿзін-ҿзі  анықтай 
алуына  жағдай  жасау,  жалпы  білім  беру  мектебінің  сыныптарында,  кҽсіби  мамандандырылған 
мекемелерде де бейіндік оқуды таңдауларын қамтамасыз ету» мҽселесі де тұжырымдамада айтылады. 
Соған  сҽйкес  оқушының  бейіналды  даярлығына  келесі  талаптар  қойылады:  түрлі  бейіндік  оқуды 
таңдаудағы  ҿзінің  қабілетін  объективті  түрде  бағалай  алуы;  қызығушылығы  мен  қабілеттілігіне 
сҽйкес  бейіндік  оқуды  таңдай  алуы;  таңдаған  бейін  бойынша  оқу  мотивациясының  жоғарғы 
деңгейінің  қалыптасуы.  Жоғарыда  айтылған  мҽселелерді  шешу  үшін  бейіналды  дайындықты  іске 
асыру моделі жасалды (1-сурет). Бейіналды дайындықты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады: 
бейіналды 
дайындықты 
психологиялық-педагогикалық; 
теориялық-ҽдіснамалық; 
ғылыми-
ҽдістемелік; құқықтық-нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету. 
Бірінші  ұстаным  бойынша  бейіналды  дайындықты  психологиялық-педагогикалық  тұрғыдан 
қамтамасыз ету үшін, психологтың оқушымен ғана жұмыс істеуімен тынбай, оқу-тҽрбиелеу үрдісіне 
мұғалімдер мен ата-аналарды қатыстыра отырып, жұмысты ұйымдастыру талабы туындайды. 
Екінші ұстанымда бейіналды оқытудың теориялық-ҽдіснамалық негіздеріне сүйенудің қажеттігі 
кҿрсетіледі.  Бұл  мҽселеге  орай,  бүгінгі  күні  оқушыларды  бейіналды  даярлау  жҽне  жоғарғы 
сыныптағыларды бейіндеп оқыту тұжырымдамасы жасалып отыр.    
Үшінші  ұстанымда  бейіналды  дайындықты  ғылыми-ҽдістемелік  тұрғыдан  қамтамасыз  ету 
кҿзделеді.  Оған  мұғалімнің  ҽдістемелік  даярлығын  жетілдіру  (тақырыптық  семинарларға  қатысу, 
тҽжірибе  алмасу),  ҿзіндік  білім  алуы;  бейіналды  даярлықты  тиімді  іске  асыру  үшін  оқушылардың 
танымдық  қызығушылықтарына  негізделеген  элективті  курстарды  іріктеп  алу  немесе  оларды 
оқушылардың  жеке  қабілеттерін,  қызығушылықтары  мен  икемдерін,  аймақ  ерекшеліктерін  ескере 
отырып, модификациялау; ҿздігінен курс бағдарламаларын жасау кіреді.  
Тҿртінші  ұстаным  бойынша  бейіналды  дайындықтың  құқықтық-нормативтік  жағынан 
қамтамасыз етілуі бірқатар құжаттармен белгіленеді. 
Оқушылардың  бейіналды  даярлығының  негізгі  формасы  ретінде  таңдау  бойынша  курстары  – 
элективті  курстарды  атауа  болады.  Бейіналды  оқыту  жүйесіндегі  элективті  курстар  негізгі  мектеп 
оқушыларының  мектептің  жоғары  сатысында  болашақ  бейін  бағытын  саналы  түрде  таңдап  алуға 
кҿмек  кҿрсетуші  жҽне  жеке  білім  беру  траекториясын  құруға  мүмкіндік  беретін    құрал  болып 
табылады.  
_______________________ 
1.Баталханов  Е.,  Мирошниченко  Н.  Гуманизация  тенденция  перехода  на  12  летнее  образрвание  
Қазақстан мектебі 2002. №6 
2.Курмаламиева Ж. 12 - летнее образование преимущество и недостатки. Ауыл мектебі - 2004 №1 
3.Л.Попова  Публикации  в  СШ  по  проблеме  перехода  на  12  -  летнее  образование  в  Казахстане 
Открытая школа - 2003 №10  
4.Башарулы Р. О структуре 12 летнего среднего образования. Білім образование - 2004 №1 

 

А.Е. Жаскиленова, А.Ж. Карибаева 
 
БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ ЖҤЙЕСІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІН     
МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАҢАРТУ ЖОЛДАРЫ 
 
ӘОЖ 37.4+ 001.895 
           Ж 33 
 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ҽ.Назарбаевтың  қалыптасқан  дҽстүр  бойынша  2011 
жылғы  28-ші  ақпандағы  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  атты  халыққа  жолдауында 
Республикадағы білім беру,денсаулық сақтау,тілдерді дамыту,жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы 
табыстардың  артуы  –  ҿмірдің  жаңа  сапасы  жағдайларына  талдау  жасап,  елдің  негізгі  даму 
басымдықтарын  атап  кҿрсетті.  Қол  жеткен  нҽтижелер  –  Қазақстанның  ҽлемдегі  бҽсекеге  барынша 
қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім алушылар үшін 
бірінші  міндеттің  маңызы  ерекше,  онда  «Ҿмір  бойы  білім  алу»  ҽрбір  қазақстандықтың  жеке 
кредосына айналуы тиіс» -деп атап айтты.[1] 
Қазіргі ҿмір талабы бойынша 2012-2016 оқу жылынан бастап, Қазақстан Республикасында білім 
жүйесінің  12  жылдық  оқытуға  кҿшуі  жүзеге  асырылады.  Бүгінде  ҽлемде  12  жылдық  мектепке 
есептелген жалпы орта білімнің халықаралық стандарты құрылған. 12 жылдық оқытуға кҿшу жалпы 
алғанда  қазақстандық  білім  беруді  реформалаудың  стратегиялық  мақсатын:  білім  берудің  ойлы, 
шығармашыл  тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға,  «баршаға білім 
беру»  үлгісінен,  ҽрбір  адамға  «ҿмір  бойында  білім  беру»  үлгісіне  ҿтуге  мүмкіндік  береді  жҽне 
ҽлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді. 
Қазақстан  Республикасының  білім  жҽне  ғылым  министрі  Б.Жұмағулов  «Білім  беруді 
модернизациялау жағдайында педагог кадрларды дайындау жҽне біліктілікті арттыруды қамтамасыз 
ету»  тақырыбында  ҿткен  республикалық  семинар-кеңестегі  сҿзінде:  «Қазақстанда  педагог 
кадрлардың  біліктілігін  арттыру  жүйесі  60  жылдан  бері  жұмыс  жасайды.  Осы  жылдар  арасында 
аталған жүйе білім беруді дамытуға жҽне оның сапасын арттыруға айтарлықтай үлесін қосты. Ҽйтсе 
де,  ескере  кететін  жағдай,  соңғы  15  жыл  кҿлемінде  біліктілікті  арттыруда  жаңарту  жүйелі 
жүргізілмеді»,  -  деп  атап  кҿрсеткен  болатын.  Сондықтан  біліктілікті  арттырудың  жүйесін  бүгінгі 
күннің  талаптарына  сҽйкестендіру,  оны  білім  беруді  дамытудың  қазіргі  жҽне  болашақтағы  
сұранысына  сай  бейімдеу  қажет.  Осы  бағытта  ТарМПИ-да,  оның  ішінде  «Кҽсіптік  оқыту  жҽне 
дизайн»  кафедрасында    біліктілікті  арттыру  жүйесіне  ҿзгерістер  енгізіп,  дамыту  жолында  жұмыс 
атқаруда.  Ҽсіресе,  барлық  типтегі  жҽне  деңгейдегі  білім  беру  ұйымдарының  басшы  жҽне  ғылыми-
педагогикалық  кадрлары  мен  мектеп  мұғалімдерінің  біліктілігін  арттырудың  қажетті  деңгейін 
қамтамасыз  ету  үшін  мемлекеттік  жҽне  мемлекеттік  емес,  республикалық,  облысытық,  аудандық 
(қалалық)  білім  беру  құрылымдарының  ҿзара  ҽрекетін  күшейту  жолында  жабылып  жұмыс  атқару 
үстіндеміз. 
Бұл  міндеттің  ҿзектілігі 12  жылдық  білім  беруге  кҿшуге  байланысты  болып  отыр.  Сондықтан 
біліктілік  арттыру  курстарының  бағдарламалары  тиісінше  құзыретті  білім  беруге  бағытталуы  тиіс. 
Педагогтардың  осы сала бойынша  алған білім  нҽтижесін қаншалықты  тиімді  пайдалануын  анықтай 
алатындай мониторинг жүйесін жҽне кері байланысты міндетті түрде ойластырған да жҿн. 
Білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  біліктілікті  арттыру  үдерісіне  инновациялық 
технологияларды  ендіру  қажеттілігін  ескере  отырып,  біліктілікті  арттырудың  бағдарламаларын 
жаңарту  да  керек.  Осыған  орай,  2004  жылдың  11  қазанындағы  №  1459  Президент  Жарлығымен 
ТарМПИ  жанында  Педагог  кадрлардың  біліктілігін  кҿтеру  жҽне  қайта  даярлаудың  Аймақтық 
орталығы ашылған.  
Министрліктің  2005  жылғы  31  наурыздағы  №  201  бұйрығы  негізінде,  облыстық  біліктілікті 
кҿтеру  институтына  қосымша  ұйымдастырылды,  бұл  курстар  12  жылдық  білім  беруге  кҿшіруге 
даярлық жағдайында біліктілікті кҿтеруде тыңдаушыларды кеңінен қамтуға мүмкіндік береді. 
2006  жылдың  қыркүйек  айынан  бастап,  бүгінгі  күнге  дейін  педагог  кадрлардың  біліктілігін 
кҿтеру  жҽне  қайта  дярлаудың  Аймақтық  орталығында  п.ғ.д.,профессор,  ЖҒА  академигі 
Т.К.Кенжебаев  басшылық  етеді.  ТарМПИ  жанындағы  педагог  кадрлардың  біліктілігін  кҿтеру  жҽне 
қайта  даярлаудың  Аймақтық  орталығы  қызметінің  стратегиялық  бағыты  –  кҿп  деңгейлік  жҽне 
үздіксіз  білім  беру  үрдісінде  кадрларды  даярлау  жҽне  қайта  даярлау  сапасын  арттыру;  мақсаты  – 
шыңдауға ұмтылған мамандардың жалпы мҽдени қажеттіліктерін қанағаттандыру.  

 

12  жылыдқ  білім  берудегі  педагог  кадрдың  біліктілігін  кҿтеру  жҽне  қайта  даярлаудың 
Аймақтық  орталығының  негізгі  бағыттарының  бірі  –  болашақта  12  жылдық  мектептің  идеяларын 
қамтамасыз  ететін,  жаңаша  ойлайтын  педагогтың  қалыптасуына  баса  назар  аударатын,  жаңарған, 
реформаланған мектепте жұмыс істейтін педагог даярлау.Орталықта педагогтар жаңа педагогикалық 
технологиялар,  педагогикалық  шеберліктерін  жетілдіру,  кҽсіби  жҽне  психологиялық  білімін 
тереңдету,  жеке  тұлға  мҽдениетін  қалыптастыру  мҽселелерін  негізінде  ҚР  Білім  жҽне  ғылым 
министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша білімдерін кҿтереді. 
Педагог  кадрлардың  біліктілікті  арттыру  бағдарламаларында  біліктілікті  арттырудың 
міндеттері,  түрлері,  нҽтижелері  (біліктілікті  арттыру  институттары,  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындары,  университеттер,  ваучерлік-модульдік  жүйе)  жҽне  сапаны  бағалау  индикаторлары  нақты 
жасалуы  тиіс.  Бұл  жұмысқа  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  белсене  қатысуда.Біліктілікті 
арттыру бағдарламасы неге, қалай жҽне кім оқытатынын білуі үшін аккредитивті болғаны жҿн.  
Бұл  үшін  ҽзірленген  индикаторлар  негізінде  жауап  алу  арқылы  біліктілікті  арттыру  сапасына 
үнемі  мониторинг  жүргізу  қажет.  Біліктілікті  арттыру  жұмыстарының  нҽтижесі  тыңдаушылардың 
қанағаттануымен  емес,  олардың  алған  білімінің  ҿз  мектептеріне  оралғанда  пайдалана  алуымен 
ҿлшенуі  тиіс.  Біліктілікті  арттыру  жүйесі  соңғы  нҽтижені  болжауға  жҽне  оған  жетуге 
жауапты.Қазақстан  Республикасының  білім  жҽне  ғылым  министрлігі  педагог  қызметкерлердің 
біліктілігін арттырудың жаңа жүйесін ҽзірлеуде.  
Келешекте  ваучерлер  жүйесіне  кҿшу  мүмкіндігі  қарастырылуда,  оның  мҽні  мұғалім  немесе 
мектеп директоры біліктілігін қайта арттыратынын ҿзі шешетін болады.   Ваучер 
– 
біліктілік 
арттыру  чегі  немесе  нормативтік  жан  басына  шағып  қаржыландыру  дегенді  білдіреді.  Біліктілік 
арттырумен  айналысатын  білім  беру  ұйымына  ҽрбір  білім  қызметкеріне  арналып,  облыстық 
бюджеттен белгілі бір қаржы бҿлінетін болады.  
Мұнда ҽрбір мұғалімнің біліктілігін ҽр бес жылда бір рет кҿтеру керектігі ескеріле отырып, оған 
біліктілік арттыру орны мен тақырып таңдау мүмкіндігі беріледі. Сонымен мұғалімнің оқу орны мен 
біліктілік  арттыру  бағдарламасын  таңдау  мүмкіндігі  пайда  болады.  Қазіргі  таңда  мұғалімдер 
қалыптасқан  ізбен  білім  беру  бҿлімдерінің  жолдамасымен  алдын-ала  белгіленген  тақырыптағы 
бағдарламаға  сай  біліктілігін  арттыруда.  Мұның  қасында  ваучер  немесе  мұғалімнің  біліктілігін 
арттырудағы атаулы чек – заман талабынан туындаған жаңару болып табылады.  
Бұл  жүйе  кҿршілерде  қалай  жұмыс  істеуде?  Алдымен  облыстық  білім  басқармасы  бірқатар 
ЖОО, біліктілік арттыру жҽне қосымша білім беру мекемелерімен педагог қызметкерлерге біліктілік 
арттыру  бойынша  қызмет  кҿрсету  туралы  келісім  шарттар  жасасады.  Облыстық  білім  басқармасы 
ҿңір  педагогтарының  жыл  сайын  тек  20%  біліктілігін  арттыруға  кепілдік  береді.  Білім 
қызметкерлеріне  атаулы  чектерді  беріп,  сол  арқылы  біліктілік  арттыру  ақысы  бойынша  қаржылай 
жауаптылықты мойнына алады. Чек иесі бес жылда бір рет біліктілік арттырумен қамтамасыз етіледі. 
Қолында чегі бар мұғалім соған сйкес біліктілік арттыру орны мен бағдарлмасын ҿзі таңдайды.  Ҿз 
кезегінде  қызмет  кҿрсетуші  білім  беру  ұйымы  чекті  қабылдап  алып,  сол  бойынша  білім 
басқармасынан  тиісті  қаржыны  алады.  Чекте  мұғалімнің  қашан,  қай  тақырыпта,  қандай  кҿлемде 
біліктілік  арттырғаны  кҿрсетіледі.  Осылайша,  қанша  адамға,  қандай  кҿлемде,  қандай  тақырыпта 
қызмет  кҿрсетілгені,  мұғалімдерді  қандай  тақырыптар  қызықтыратыны,  қай  білім  беру  ұйымына 
сұраныс жоғары екені анықталады. Бұдан шығатын түйін, ваучерлік-модульдік жүйені енгізу үшін не 
қажет? 
Бірінші,  біліктілік  арттыру  мекемесін  таңдау  мүмкіндігі  болуы  керек,  сол  кезде  ғана  чектер 
жүйесі жұмыс істейді; 
Қалғанының бҽрі технологияның қолында. 
Келесі бір маңызды мҽселе – егер аталған жүйе сынақтан ҿткеннен соң жалпы енгізілетін болса, 
онда мұғалімдерде ҿз ҿңірінен басқа жерлерде де біліктілік арттыруына мүмкіндік беріледі. 
Бір  жағынан,  атаулы  білімдік  чектер  мұғалімнің  біліктілік  арттыру  орнын  таңдау  мүмкіндігін 
кеңейтумен  қатар,  ҿңірлер  арасындағы  бҽсекелестікті  тудырады.  Ал,  ол  ҿңірлік  біліктілік  арттыру 
институттарын ұстап қалуды қиындатуы мүмкін. 
Сондықтан  білім  беру  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  жүйесін  модернизациялауға 
бағытталған  келесі  қадам  –  ҿңірдегі  ҽдістемелік  қызметті  ҿңіраралық  ресурстық  орталықтарға 
айналдыру болып табылады. Бұл үдеріс сапалы білімге деген тең қолжетімділікті қамтамасыз ететіні 
сҿзсіз.  Маңызды  басым  мақсат  ретінде  ресурстық  орталықтар  аумақтық  білім  беруді  басқару 
органының,  ҿңірдің  білім  беру  желісінің  бағасы  жоғары  жҽне  экслюзивті  ресурстарға  деген 
қажеттілктерін қанағаттандыруды кҿздейді. 

 

Кҿрнекі  америкалық  зерттеуші,  ҽрі  білім  қайраткері  Ф.Кумбе:  «Дағдарысты  ауыздықтау  үшін 
білім  берудің  ҽр  жүйесіне  ақшаға  сатып  алуға  болмайтын  идеялар,  батылдық,  қайраттылық,  іздену 
мен ҿзгерістерге ұмтылыс жҽне ҿз істегеніне ҿзі сыни баға бере алатын беймділік керек», - деп қатаң 
айтып кеткен екен. Қазіргі уақытта, біздің ойымызша, еліміздің білім беру жүйесінде осындай мезгіл 
туған сияқты. 12 жылдық білімге ҿту – отандық білімде маңызды кезең. Екінші жағынан, бізге білім 
беру  жүйесін  ҽлемдік  білім  кеңістігіне  шығаруды  қамтамасыз  ететін  білім  саясатын  жасап,  жүзеге 
асыруға тарихи мүмкіндік беріліп отыр. 
Қорыта  айтқанда,  Білім  жҽне  ғылым  министрлігі  ескертіп  отырғандай,  білім  берудің  жаңа 
мазмұнын жасау үшін алдағы уақытта қыруар істер атқарылуы қажет осыған орай ТарМПИ ҿз үлесін 
қосады.                                                                    

Каталог: download -> vestnik
vestnik -> А. Әшімбаев Әбілхан қастеев шығармашылығы арқылы білімгерлердің
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал
vestnik -> Семинар-тренинг 3-4 октября 2014 года в Таразском государствен ном педагогическом институте был проведен семи
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Басқа планеталықҚА Қай қолды беру керек?
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы

жүктеу 5.13 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет