Тар мен саяса


  «ҚАЗАҚСТАН ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ



жүктеу 3.48 Mb.
Pdf просмотр
бет26/36
Дата26.04.2017
өлшемі3.48 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36

281 

«ҚАЗАҚСТАН ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ 

КЕҢІСТІГІНДЕ: ТАРИХЫ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ»

«ФИЛОСОФИЯ КАЗАХСТАНА В ПРОСТРАНСТВЕ МИРОВОЙ 

ФИЛОСОФСКОЙ МЫСЛИ: ИСТОРИЯ, СОВРЕМЕННОСТЬ, ПЕРСПЕКТИВЫ»

Қазақтардың тарихи болмысында ертеректен құндылық-

тар  жүйесінің  әртүрлі  сипаты  қалыптасқан  және  олардың 

көбісінің  идеялық,  ділдік  бастаулары  түркілік  замандағы 

түсініктермен,  ұғымдармен  тікелей  байланысты.  Халықтың 

этникалық  өзіндік  санасында  рухани  эволюцияның,  рухани 

сабақтастықтың болуы да заңды құбылыс. Сондықтан олар-

дың рухани болмыста орын алу себептерін анықтаған орын-

ды. Ал енді қазақтардың этникалық өзіндік санасында «құт» 

ұғымы, рухани құндылық ретінде ерекше орын алғаны белгілі.

 Әрине, қазақ қоғамы ежелден этикалық заңдарды, әдептілік 

дәстүрлерді  барынша  бағалаған.  Сонымен  қатар  табиғатқа 

деген  қатынастың  биік  экологиялық  мәдениет  деңгейінде 

болғанын  құт  құбылысын    адам  мен  жан-жануарлардың 

табиғи өсіп-өнуі тұрғысынан, байлық-молшылық сипатында 

түсіндірілуімен астастыруға болады. 

Түркілік ойшыл Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігінің» 

мазмұны негізінен құт ілімін дәріптеген және ол адамаралық 

қатынастардағы  әлеуметтік  қайшылықтарды  суреттей  оты-

рып  ақыл-ойды  өрбітумен  тығыз  байланыста  көптеген 

әлеуметтік  дүниенің  шешімін  іздестірген,  оқырманымен, 

тыңдаушысымен үнемі сұхбаттаса отырып құнды идеяларын 

ұсынған.  Қазақ  халқының  ойшылдары  ертеден,  сонау  түркі 

заманынан  өз  елінің  тағдырына  алаңдап,  жастарды  білімге, 

жалпыадамзаттық  және  рухани  құндылықтарға,  өркениеттік 

дамуға және қоғамның өткір мәселелерінің шешімін іздеуге 

шақырды. 

Тарихи  субъектінің  рухани  болмысының  кемелденуіне 

негіз  болатын  құндылықтар  әлемі  қоғамда  өзара  байланы-

сып,  біріккенде,  өзара  ықпалдасқанда,  жақындасқанда  ғана 

тұлға  деңгейінде  прогресс  үшін    тиімді  нәтижелер  болады. 

Сондықтар  рухани-адамгершілік  құндылықтар  қоғамдағы 

руханилықтың бастауы.


Философтар мен саясаттанушылардың халықаралық форумы

 ІI Қазақстандық философиялық Конгресс



282 

«ФИЛОСОФИЯ-САЯСАТТАНУ ӨЛШЕМІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН 

ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ»

«25 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА 

В ФИЛОСОФСКО-ПОЛИТОЛОГИЧЕСКОМ ИЗМЕРЕНИИ»

ПРИНЦИПЫ ИСТОРИОСОФСКОЙ 

РЕКОНСТРУКЦИИ ФИЛОСОФСКОЙ ТРАДИЦИИ

Абдумалик НЫСАНБАЕВ

(Алматы),

Валихан ТУЛЕШОВ,

Айдар АМРЕБАЕВ, Ербол КУРМАНБАЕВ

(Семей)

Цель исследования – создание методологических предпо-

сылок формирования объективного взгляда на этно- и куль-

турогенез казахского народа, становление государственности 

и интеллектуальной истории Казахстана. Результаты работы 

конституированы новым взглядом на историю государствен-

ности  Казахстана  через  призму  философской  рефлексии  на 

разных этапах ее становления. Прежняя парадигма «подтяги-

вания» отечественной истории и философской традиции под 

каноны  европоцентристской  или  имперской  модели  рекон-

струкции сегодня приводит к неверной интерпретации исто-

рии  Казахстана  и  достижений  национальной  философской 

традиции.  В исследовании сделана оценка духовного опыта 

народа, выраженная в национальном этическом коде и казах-

ской философской традиции, являющейся квинтэссенцией на-

родной мудрости. Этот уникальный опыт необходимо адапти-

ровать к потребностям сегодняшнего дня с целью определить 

духовные цивилизационные перспективы развития казахской 

нации в условиях глобальной культурной аннигиляции (утра-

ты ею собственной уникальности). 

Целостное и ценностное универсальное качество этноса 

опосредуется  первичной  метафизической  традицией.  Тен-

грианская  кочевая  культура,  будучи  по  своему  историческо-

му происхождению базисной по отношению к другим, «осед-

лым» культурам, является синкретичной и универсалистской. 

Такое  понимание,  формирующееся  из  способа  рефлексии, 

является исходным. Номадическому обществу соответствует 


Международный форум философов и политологов

II Казахстанский философский Конгресс



283 

«ҚАЗАҚСТАН ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ 

КЕҢІСТІГІНДЕ: ТАРИХЫ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ»

«ФИЛОСОФИЯ КАЗАХСТАНА В ПРОСТРАНСТВЕ МИРОВОЙ 

ФИЛОСОФСКОЙ МЫСЛИ: ИСТОРИЯ, СОВРЕМЕННОСТЬ, ПЕРСПЕКТИВЫ»

своя номадическая философия, описанная, в частности, Жи-

лем Делёзом в характерных для такого общества формах и ти-

пах функционирования и развития (ризома). Сокрытая в эти-

ческих кодах и социально-иерархических кодексах поведения 

на протяжении десятка тысяч лет, выражающаяся в моделях 

культуры  и  мышления,  номадическая  философия  была  ис-

ходно связана с национальным, интуитивно-философским на-

чалом, от которого, по выражению Жака Деррида, исходят ис-

конность и творчество. Это философия народная, связанная с 

коллективным творчеством изустной традиции. Выраженная 

первоначально в эпической форме, позже в форме этических 

кодексов и обычного права, она в философии биев получила 

законченное смысловое выражение как философия народной 

мудрости всего кочевого этноса.

Рациональность номадической философии деконструиро-

вана в этико-эстетическом культурном формате. Для народа, 

желающего стать сущностно философской нацией, необходи-

мо сделать философский принцип национальным принципом, 

сделать  философский  дискурс  систематическим,  выступаю-

щим в качестве принципиальной исходной мысли. 

Траектория  казахской  философской  традиции  предвари-

тельно опосредуется следующими факторами континуальной 

онтологии.

1) Древние и средневековые носители традиционного зна-

ния и интеллектуальных практик (баксы, бии, жырау, акыны).

2)  Национальные  традиции  мудрствования  (айтысы  как 

форма  философского  диалога;  шежире  как  способ  историо-

софской самоидентификации и т. д.).

3)  Вычленение  внутренне-имманентного  состава  казах-

ской философии и внешне-привнесенного контекста (напри-

мер, рассмотрение деятельности Чокана Валиханова в боль-

шей степени как ориенталиста западного типа и в этом смыс-

ле он просветитель и русского народа, и казахского).

4) Выявление различных направлений национальной фи-

лософской рефлексии: традиционной поэтической мудрости, 

научно-рациональной  философии  и  мистико-религиозной 


Философтар мен саясаттанушылардың халықаралық форумы

 ІI Қазақстандық философиялық Конгресс



284 

«ФИЛОСОФИЯ-САЯСАТТАНУ ӨЛШЕМІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН 

ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ»

«25 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА 

В ФИЛОСОФСКО-ПОЛИТОЛОГИЧЕСКОМ ИЗМЕРЕНИИ»

традиции  в  казахской  духовной  культуре  (например,  Ходжа 

Ахмет Яссауи может рассматриваться как основатель степной 

казахской суфийской традиции, Абай Кунанбаев – как послед-

ний мудрец казахской степи, Шакарим Кудайбердыулы – как 

первый профессиональный казахский философ).

5)  Выяснение  истоков  казахской  государственности:  от 

традиционной  кочевой  государственности  до  национальных 

институционализированных  форм  (например,  рассмотрение 

родоплеменной организации казахского народа Майкы бием 

как начала собственно государственного строительства каза-

хов,  законоположения  Касым  хана,  Есим  хана  и  Тауке  хана 

как модели казахского степного государства на основе норм 

обычного  права,  участие  деятелей  Алаш-Орды  в  политиче-

ской истории Российской империи и советской власти как по-

пытка созидания независимой казахской институциональной 

государственности либерального типа).

6)  Парадигмы  казахстанской  философской  школы  в  со-

ветский и постсоветский периоды (институциональная акаде-

мическая философия, философия образования в Казахстане, 

неинституционализированные поэтические образы философ-

ского  мышления,  философия  религии,  современная  истори-

ософия).

7) Эволюция идеологии современного государства Казах-

стан (Доктрина Национального Единства, концепт «Мәңгілік 

Ел»). Новое переосмысление знания может стать националь-

ным  вкладом  казахского  народа  в  процесс  возрождения  ми-

ровых духовных общечеловеческих ценностей. И в этом кон-

тексте важна задача сформулировать через образы и смыслы 

национальной  философии  принципы  национальной  идеоло-

гии государственничества, выраженного в понятии «Мәңгілік 

Ел». 


Международный форум философов и политологов

II Казахстанский философский Конгресс



285 

«ҚАЗАҚСТАН ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ 

КЕҢІСТІГІНДЕ: ТАРИХЫ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ»

«ФИЛОСОФИЯ КАЗАХСТАНА В ПРОСТРАНСТВЕ МИРОВОЙ 

ФИЛОСОФСКОЙ МЫСЛИ: ИСТОРИЯ, СОВРЕМЕННОСТЬ, ПЕРСПЕКТИВЫ»

ТҮРКІ ОЙШЫЛДАРЫ РУХАНИ 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Гүлнар ОМАРОВА

(Алматы)

Түркі  ойшылдары  жасаған  рухани  құндылықтар,  діни-

этикалық,  гуманистік  ой-пікірлер  әлемдік  рухани  құн-

дылықтардың  бір  арнасы  болып  табылады.  Түркі  ойшыл-

дары  даналықтың  інжу  маржандары  есептелетін  шығар-

малары  арқылы  әлемдік  өркениетке  ұшы  қиырсыз  үлес 

қосты.  Кеңес  кезеңінде  Түркология  ғылымы  дамығанымен 

түркі  ойшылдары  жасаған  рухани  құндылықтар  мен  түркі 

философиясына ұзақ уақыт бойы терең назар аударылмады. 

Осы  құбылыстардың  әсерінен  түбі  бір  түркі  халықтарына 

ортақ рухани құндылықтар мен дәстүр жалғастығы, олардың 

әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері біртұтастықта зерделенбеуі 

оларды  бір-бірінен  алшақтата  түсті.  Түркі  әлемі  тарихи-

мәдени  мұраларын  зерделеген  Ф.  Көпрүлү,  В.  Радлов,               

Н.  Ядринцев  т.  б.  ғылыми  тұжырымдары  түркі  әлемі  тари-

хи  мәдени  болмысын  зерделеуге,  ғылымда  түркі  әлемі  ту-

ралы  өзекті  проблемалардың  қалыптасуына  үлкен  әсерін 

тигізді.  Бұл  ғалымдардың  көзқарастары  зерделеушілердің 

түркі  халықтарының  рухани  құндылықтарына  деген  үлкен 

қызығушылығын туғызып қана қоймай, ғылымда түркі әлемі 

философиясына  деген  жаңа  көзқарастардың  қалыптасуына 

үлкен  әсерін  тигізді.  Соңғы  жиырма  жылда  отандық  фило-

софия  саласы  ғалымдары  А.  Қасымжанов,  Ә.  Нысанбаев, 

Н.  Аюпов,  М.  Орынбеков,  С.  Нұрмұратов  т.  б.  түркі  халық-

тары  философиясының  діни-этикалық,  дүниетанымдық 

ерекшеліктерін зерделеген өзіндік көзқарастары қалыптасты. 

Қазіргі кезде түркі елдері ғалымдары тарапынан түбі бір түркі 

елдерінің ортақ рухани мұралары бір-бірімен сабақтастықта 

зерделенуде. Барлық түркі елдеріне ортақ рухани құндылық-


Философтар мен саясаттанушылардың халықаралық форумы

 ІI Қазақстандық философиялық Конгресс



286 

«ФИЛОСОФИЯ-САЯСАТТАНУ ӨЛШЕМІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН 

ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ»

«25 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА 

В ФИЛОСОФСКО-ПОЛИТОЛОГИЧЕСКОМ ИЗМЕРЕНИИ»

тар  мен  түркі  халықтарының  философиясы  әлі  де  әлеумет-

тік-мәдени, философиялық тұрғыдан бірегей дүниетанымдық 

ерекшеліктер түпкілікті зерделеуді қажет етеді. 

Ортағасырлардағы  түркі  ойшылдары  рухани  дүниесінде 

ең  алдымен  адамды  құрметтеуді,  «кемел  адам»  болмысын 

көрсетіп, кез келген адам әділ, адал, иманды болуы керектігін 

үйретіп,  барлық  дәуірлерде  өз  өзектілігін  жоймайтын 

адамгершілік, асыл қасиеттерге баулыған еді. Шығыс адамы-

на  тән  имандылық,  шыдамдылық,  сабырлылық  қасиеттерін 

бойына  сіңірген,  Шығыс  даналығынан  нәр  алған  адам  бол-

мысы  жаһандану  дәуіріне  аяқ  басқан  қазіргі  кезде  қандай 

өзгеріске  ұшарады?  Біз  түбі  бір  түркі  елдеріне  тән  мәдени 

ерекшелікті,  түркі  фәлсафасын,  түркі  елдерін  біріктіретін 

біртұтас  идеяны  –  қалай  түсінуіміз  керек?  Түбі  бір  түркі 

халықтарының жаһандық даму жолы қандай болмақ? – дейтін 

өзекті мәселелер туындап отыр.  Сондықтан түркі халықтарын 

бүгінгі  күннің  жаһандық  талаптары  өзара  мәдениетаралық 

сұхбат  пен  өзара  келісімді  бірге  өрбітіп  қамтамасыз  етуге, 

жаңа  әлеуметтік  мәдени  даму  жолына  бірлесе  бет  түзеуге 

талпындырып,  ынталандырып  отыр.  М.  Қашқари  «Диуан 

лұғат  ат-түрік»  атты  эниклопедиялық  еңбегінде  адамгерші-

лік,  әдеп,  мораль  т.  б.  діни  этикалық  соны  көзқарастарын 

білдіре  келіп,  адамды  ізгі  қасиеттерге  баулитын  құндылық-

тың  басы  имандылықтан  басталып,  адалдық,  әділдікті  бас-

ты  назарда  көрсетсе,  адамның  теріс  қылықтары  опасыздық, 

мансапқорлық, дүниеқоңыздықты сынға алады. Түркі ойшыл-

дары дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы Құран негіздерін ба-

сты  бағдар  етіп  алып,  осы  діни  қайнар  бастаудағы  «сауап», 

«қанағат»,  «обал»,  «ынсап»  т.  б.  философиялық  әмбебаптар 

жайында  өз  ойларын  пайымдайды.  Ж.  Баласағұн  «Құтты 

білік»  еңбегінде  қайырымдылық,  ақыл-парасаттылық  т.  б. 

адамның асыл қасиеттерімен бірге, адамның жаман қылығын 

көрсетіп, адамға  адамгершілік ақыл кеңес береді. Түркі ой-

шылдары әр түрлі тақырыпта еңбектер жазғанымен, олардың 

дәстүрлі  түркілік  дүниетанымындағы  адам  туралы  түсінік-



Международный форум философов и политологов

II Казахстанский философский Конгресс



287 

«ҚАЗАҚСТАН ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ 

КЕҢІСТІГІНДЕ: ТАРИХЫ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ»

«ФИЛОСОФИЯ КАЗАХСТАНА В ПРОСТРАНСТВЕ МИРОВОЙ 

ФИЛОСОФСКОЙ МЫСЛИ: ИСТОРИЯ, СОВРЕМЕННОСТЬ, ПЕРСПЕКТИВЫ»

тері,  діни  этикалық  пайымдаулары  оларды  бір-бірімен  ажы-

рамайтын  сабақтастықпен  жалғастырып  тұрғанын  байқауға 

болады. Түркі ойшылдары дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы 

ислам құндылықтарын негізге алып жазған шығармаларында 

мифологиялық  ғажайып  аңыз  әңгімелер  мен  қиссаларды 

өрнектеген.  Тәрбиелік  мәні  зор  бұл  шығармаларда  терең 

адамгершілік  қарым  қатынастармен  бірге  Құран,  пайғам-

барлар  хадистеріндегі  ақиқатты  тану  көрініс  беріп,  ізгілік 

туралы пайымдаулар бір-бірімен астасып жатыр. Бұны түркі 

халықтары  философиясында  өзіндік  орны  бар  қазақ  то-

пырағынан  шыққан  ойшылдардың    дүниетанымынан  айқын 

байқаймыз.  Түркі  әлемінде  терең  із  қалдырған  Әл  Фараби,            

М. Қашқари, Ж. Баласағұн, әс-Сығанақи, А. Иүгінеки, Қ.А. Яс-

сауи т. б. ойшылдардан жалғасып келе жатқан рухани дәстүр-

дің  жалғастығы  бүгінгі  күні  қазақ  философиясында  өзіндік 

орны  бар  би-шешендер,  ақын-жыраулар,  ағартушылар  т.  б. 

рухани дүниесінде айқын көрініс тапты. Қазақ топырағынан 

шыққан  әйгілі  түркі  ойшылдарының  қатары  соңғы  кездегі 

зерттеулерден кейін жаңа түркі ойшылдарының есімдерімен 

толығып, келер уақыт арнасында да толыға беретіні байқалып 

отыр.  Бұны  шет  тілдерден  қазақшаға  аударылып  жатқан 

Қауам ад-дин әл Иқани әл-Фараби ат-Түркістани, Хусамеддин 

ас-Сығнақи т.б. рухани мұраларынан байқаймыз.  



Философтар мен саясаттанушылардың халықаралық форумы

 ІI Қазақстандық философиялық Конгресс



288 

«ФИЛОСОФИЯ-САЯСАТТАНУ ӨЛШЕМІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН 

ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ»

«25 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА 

В ФИЛОСОФСКО-ПОЛИТОЛОГИЧЕСКОМ ИЗМЕРЕНИИ»

XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ  

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

Жазира ОШАҚБАЕВА

(Алматы)

ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ұлттық түсініктің, ұлттық өзін-

дік сананың оянуымен сипатталады. Ұлттық сана ұлт тірлігі-

нің тұрмыстық көрінісі, яғни сол ұлтты құрайтын халықтың 

әдет-ғұрпының,  салт-дәстүрінің,  әдебиеті  мен  мәдениетінің, 

өнерінің,    тұрмыс-тіршілігінің  тарихын  білу,  халықтың  өзін 

өзі жете танып, түсінуі.  Осы кезеңде қазақ  халқының басына 

киілген  бодандық  ноқтасы  тым  тарылып  бара  жатты.  Қазақ 

елін отаршылдық пен ұлттық езгі екі жақты қыспаққа алып, 

елдің  болашағына  қауіп  төнді.  Ғасырлар  бойы  қалыптасып 

келе  жатқан,  ұлттық  болмысқа  негізделген  халықтық  руха-

нияттың құрдымға кетіп бара жатқанын сезген қазақ зиялы-

лары күн тәртібіне ұлттық сананың оянып, кемелденуіне әсер 

ететін партия құру мәселесін қойды. Сөйтіп, өмірге қоғамдық, 

тарихи қажеттіліктің негізінде алаш қозғалысы, алаш парти-

ясы  келді.  Алашордалықтар  өз  алдына  экономикалық,  сая-

си,  рухани  тұрғыда  басқа  елдермен  дипломатиялық  қарым-

қатынас  жасай  алатын  қазақ  мемлекетін  құрудың  кезі  келді 

деп есептеді. Қазақтың басын қосып, жеке мемлекет құрамыз 

деген  алашордалықтарды  жігерлендірген  ұлттық  болмыс, 

бай тарих, асқақ рух еді. Олар өз  халқының ұлттық сипатын, 

қоғамдағы  орнын,  ешкімге  ұқсамас  асылдарын  Уақыт  пен 

Кеңістік ұғымдарының аясында зердеден өткізді.

Ұлттық  сана-сезімдері  оянып,  туған  халқының  қамын 

ойлай  бастаған  қазақтың  зиялы  азаматтары  бұл  қапастан 

құтылудың  ең  бірінші  қадамы  –  надандықтан  арылу,  ілгері 

елдердің  қатарына  қосылу,  өнер-білімге  ұмтылу  деп  білді, 

олар  осы  бағытта  насихат  жұмысын  өрістетіп,  әлеуметтік 

мәні бар істерге араласа бастады. Осындай топқа үн қосқан  

А.  Байтұрсынов,  Ә.  Бөкейханов,  М.  Дулатов,  М.  Жұмабаев,        

Ж. Аймауытов, М. Шоқай, М. Сералин сияқты ғалымдар, сая-

си қайраткерлер, ұлт мәдениетінің көшбасшылары еді. 



Международный форум философов и политологов

II Казахстанский философский Конгресс



289 

«ҚАЗАҚСТАН ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ 

КЕҢІСТІГІНДЕ: ТАРИХЫ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ»

«ФИЛОСОФИЯ КАЗАХСТАНА В ПРОСТРАНСТВЕ МИРОВОЙ 

ФИЛОСОФСКОЙ МЫСЛИ: ИСТОРИЯ, СОВРЕМЕННОСТЬ, ПЕРСПЕКТИВЫ»

Ұлттық  идеяны  насихаттаудың  басты  жолы  газет 

ұйымдастыру  болды.  «Қазақ»  газеті  халықтың  ұлттық  сана-

сезімін оятып қана қоймай, сол кездегі халықаралық жағдай, 

экономика, мәдениет, тарих, дін мәселелерін де қамтиды. «Қа-

зақ»  газетінің  мақсаты  қазақ  қоғамын  оятып,  ұлттық  езгіге 

қарсы күрес жолына алып шығу еді. Олар қоғамға білім тарату 

арқылы қоғамдық өзгерістер жүзеге асатынын, дүниежүзілік 

өркениетке тек ғылым мен ағартушылық жұмыстары арқылы 

жететінін түсінді. «Қазақ» газеті ұлт-азаттық қозғалысының 

еркіндік, тәуелсіздік үшін күрес идеясына ұласуына зор әсер 

етті.  Алашорда  құрылған  тұста  тәуелсіз  мемлекеттің  иде-

ологиясына  негіз  болған  осы  идеялар  болатын.  Ахмет  пен 

Міржақып идеясы елді оятты. Алдымен ойы бар, ақылы бар 

жас таланттар оянды. Олар ұстаздарының ісін жалғастырып 

алып  кетті.  С.  Торайғыров,  М.  Жұмабаев,  Ж.  Аймауытов,                   

С. Дөнентаев, С. Көбеев, М. Сералин, С. Сейфуллин, Б. Май-

лин, М. Әуезов сияқты жастар бірін-бірі толықтыра түсті. Сол 

бір аласапыран тұста олар қазақ халқының тағдырына қатысты 

оқиғаларға  өз  көзқарастарын  ашық  білдіріп  отырды.  Қазақ 

қоғамының дамуында ұлттық демократиялық бағыт ұстанды. 

Патша саясатының қатаң сыншысы болды, бірақ орыс халқына 

теріс көзқараста болған жоқ. Ұлтаралық  сөзге, іске бармады. 

Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің мақсат-міндеттері 

жайлы ой-пікірлерінде олардың  қайраткерлік тұлғасы таныла-

ды. Олардың сын мақалаларында, зерттеулерінде, өлеңдерінде 

қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау идеясы жатыр. 

Қазақты  біртұтас  ел  деп  танысақ,  Алаш  идеясын  біртұ-

тас  қазақ  идеясы  деп  мойындауымыз  қажет.  Алаш  идея-

сына  деген  адалдық  пен  сенім  –  бізден  соны  талап  етеді. 

Ал  қазақ  үшін  Алаш  идеясынан,  оның  бес  ұлы  идеясы-

нан  артық  мүдде  болуы  тиіс  емес.  Ол  идея  бүгін  де  өзінің 

мүдделі  мақсатын  жойған  жоқ.    Ең  бірінші,  жер  мәселесі. 

Жерсіз Отан жоқ, Жер – Отан, яғни жерді сату деген Отан-

ды  сатумен  тең.    Әлихан  Бөкейхановтың  ұйғарымы  бойын-

ша:  «Қазақтың  байырғы  жерін  қашан  қазақтар  өз  бетінше 

ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке 

меншікке  де,  қоныстанушыларға  да  берілмейді».  Екінші: 

жердің  астындағы,  үстіндегі,  аспанындағы  барлық  игілік 


Философтар мен саясаттанушылардың халықаралық форумы

 ІI Қазақстандық философиялық Конгресс



290 

«ФИЛОСОФИЯ-САЯСАТТАНУ ӨЛШЕМІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН 

ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ»

«25 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА 

В ФИЛОСОФСКО-ПОЛИТОЛОГИЧЕСКОМ ИЗМЕРЕНИИ»

қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айту-

ынша: «Оның әрбір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып 

қадалу  керек»  болатын.  Үшінші:  Ә.  Бөкейхановтың  жобасы 

бойынша,  «Қазақтың  жерінде  өндірілген  «бір  уыс  жүн  сол 

мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» ке-

рек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу-

ге ұмтылуы тиіс еді. Төртінші: қазақ мемлекетінде мемлекет 

құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Бесінші, 

түпкі  мақсат:  ғылымға,  ұлттық  салт-дәстүрге  негізделген 

заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру 

еді. Жер үшін, жер мен аспан байлығы үшін, тәуелсіз экономи-

ка үшін, тіл мен діл үшін, дін үшін, қазақ ұлтының көзқарасы 

мен ар-ожданын қорғайтын, ұлтты сыйлауға мойынсындыра-

тын тәуелсіз заң мен тәуелсіз ойлау жүйесін қалыптастыра-

тын тәуелсіз ғылым үшін күрес жолы енді басталды. Демек, 

Алаш  идеясы  бүгін  де,  ертең  де  өзінің  жалғасын  табады. 

Жаһандастыру  дәуіріндегі  рухани  тәуелділіктен  қорғайтын 

бірден-бір ұлттық бағдарлама осы болып табылады. 

Алаш  қозғалысының  тарихи  негізі  Ресей  отаршыл-

дығының қазақ  жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды 

десек те, Алаш  идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, 

күні  бүгінге  дейін  елім,  жерім  деп  ұлт  болашағын  ойлаған 

әрбір  қазақ  жүрегінің  терең  түпкірінен  орын  тепкен.  Өйт-

кені   Алаш қозғалысы  қазақ  қауымындағы отаршылдыққа 

қарсы  бағытталған,  прогресске    ұмтылған  жалпыхалықтық 

демократиялық  қозғалыс  еді.  Ұлтты  сақтайтын  –  ұлттық 

идея  болуы  керек.  Ол  ұлттың  өмір  сүруі,  тiлегi,  ниетi,  ойы 

дегенге  саяды.  Сондықтан  да  ұлттық  идеяны  ұлт  мұраты 

деп қабылдағанымыз дұрыс. Жаһандану үрдісінде қазақ тек 

өз  рухын  жаңғырту,  асқақтату  арқылы  ғана  ұлттық  болмы-

сын,  атадан  балаға  мирас  болып  келе  жатқан  ұлан-ғайыр 

жерін,  тәуелсіздігін  сақтай  алады.  Олай  болса,  бүгінгі 

қазақты зұлымдыққа емес, адамгершілікке бейімдеу ұлттық, 

мемлекеттік  деңгейдегі  мәселе  болуы  тиіс.  Қазақ  рухын 

жаңғырту, бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы са-

ясатын  ұлттық  сипатта  жүргізуді,  яғни,  ұлттық  мүдделер 

негізінде жүргізуді талап етеді. 


1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет