Тар мен саяса


  «ҚАЗАҚСТАН ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ



жүктеу 3.48 Mb.
Pdf просмотр
бет25/36
Дата26.04.2017
өлшемі3.48 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36

271 

«ҚАЗАҚСТАН ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ 

КЕҢІСТІГІНДЕ: ТАРИХЫ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ»

«ФИЛОСОФИЯ КАЗАХСТАНА В ПРОСТРАНСТВЕ МИРОВОЙ 

ФИЛОСОФСКОЙ МЫСЛИ: ИСТОРИЯ, СОВРЕМЕННОСТЬ, ПЕРСПЕКТИВЫ»

Өкінішке  орай,  (1)  халықтық  философияға  тұрмыстық  

сана  деңгейінде  қарастыру  әлі  де  басым;  (2)  қазақ  дүниета-

нымы қалыптасуының тарихи кезеңдерін, әлеуметтік тегін, 



мәдени ортасын, халықтық сипатын талдау, олардың өзара 

ықпалдас  көріністерін,  салдары  мен  бағдарларын  ескеру, 

қоғамдық сұранысқа, танымдық жүйеге сәйкес келе бермейді; 

(3)  кезінде  қазақтың  халықтық  ойының  ағартушылық  рөлі 

тарихи-танымдық  тұрғыдан  ширатылмады,  әлеуметтік  мән-

жайы келте қайырушылық орын алды.

Қазақ  халқы  философиясының  а)  көне  тарихы,  түрлі 

қалыптасу кезеңдері және этномәдени бағыттары; ә)  негіз-

гі, мақсатты  бағыттарын қатар қарастыру енді ғана әңгімеге 

арқау болуда.

Қазақ философиясының әзіргі ұғымдық деңгейлері, әдіс-

темелі  дәстүрлері,  теориялық  ұстанымдары  Қазақстанның 

даму  стратегиясының  талаптарына  үйлесе  бермейді.  Оның 

объектісі коғамның, елдің, философияның өткен кезеңдерімен 

шектеледі.  Қазақ  философиясын  оқыту  ғылыми  ізденістер-

дің  практикасымен  ұштаса  бермейді.  Қазақ  философиясын 

ұлттық идеямен толықтыру, ұлттық рухты ел санасына сіңіру, 

елдік дәстүрмен ұштастыру – философиялық танымды жаңа 

деңгейге көтермелеу деген сөз.

Тәуелсіздік идеясы мен ұлттық рух іргелі ұсыныстар мен 

бастамаларға,  сондағы    субъективті  белсенділіктің  дәреже-

сіне оттық  болуда.  Рухы биік халқымыздың «азаттыққа де-

ген аңсары» қазақты тану, қазақты құрметтеу, қазақ болу, 



қазақты  таныту  идеясын  насихаттауға  ұйытқы  болуда. 

Ұлттық рухтың қуаты – ұлттық құндылықтар мен қаиеттерді 

қолдауда, қорғауда, халқымыздың басын біріктіретін беделге 

иелік етуде; ұлттық рухтың негізі – Отандық сезімге лайықты 

бітім мен бірлікте, келісім мен бірігуде демекпіз. Тәуелсіздік 

ұстанымдары – ел мен ер қауіпсіздігіне жол және елдік өмірге 

қамал.

Қазақтану  философиясы  елдің  бүгіні  мен  болашағына, 

қазақты  тарих  пен  мәдениеттің  субъектісі,  қозғаушы  күші 

ретінде қарастыруға, сондай тектес талаптарға қызмет етуге 


Философтар мен саясаттанушылардың халықаралық форумы

 ІI Қазақстандық философиялық Конгресс



272 

«ФИЛОСОФИЯ-САЯСАТТАНУ ӨЛШЕМІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН 

ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ»

«25 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА 

В ФИЛОСОФСКО-ПОЛИТОЛОГИЧЕСКОМ ИЗМЕРЕНИИ»

бейім.  Қазақтану  философиясы  қазақ  халқы  философиясы-

мен түптес, үндес болғандықтан ол арқылы

 

 қазақтың болмыс 



бітімін, көркем әдіптелген құндылықтарын, дүниетанымдық 

тәжірибесін  анықтаймыз;  қазақтың  дәстүрі  мен  ойын-сауық 

өнерін  сабақтаймыз;  ұлтымыздың  өзін-өзі  сезіну,  тану,  білу 

жолдарын  аңғарамыз;  ел-жұрттың  қадір-қасиетін  қастерлеп, 

қоғамдық сана-сезіммен дәстүрлі мәдениеттің арақатынасын 

дәйектейміз. Осы тұрғыдан алғанда қазақ халық философия-

сы – қазақтану философиясының идеялық негізін құрайды. 


Международный форум философов и политологов

II Казахстанский философский Конгресс



273 

«ҚАЗАҚСТАН ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ 

КЕҢІСТІГІНДЕ: ТАРИХЫ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ»

«ФИЛОСОФИЯ КАЗАХСТАНА В ПРОСТРАНСТВЕ МИРОВОЙ 

ФИЛОСОФСКОЙ МЫСЛИ: ИСТОРИЯ, СОВРЕМЕННОСТЬ, ПЕРСПЕКТИВЫ»

ӨЗ ЗАМАНЫНДАҒЫ ОЙШЫЛДАРДЫҢ 

ОЗЫҚ ИДЕЯЛАРЫ

Күмісбала МОЛТОБАРОВА

(Алматы)

Мәдениет  ұғымына  үнделгенсайын  бір  ақиқатқа  көз 

жіткізе бастайсын, мәдениет – ол адам болмысының терең-

дігі  мен  өлшеусіздігінің  көрінісі.  Осы  ретте  біздің  ата-

бабаларымыздың  дүниетанымына  байланысты  Шоқан 

Уәлихановтың  оларды  ақыл-ой  мұраларын  сақтаушылары 

деп  айтқаны  өте  орынды.  Бұл  қатардан  әйгілі  тарихшы, 

әдебиетші,  мемлекет  қайраткері  Мырза  Мұхаммед  Хайдар 

Дулати  да  табылады.  Ұлы  ойшыл  «парасатты  ақыл  нағыз 

ерліктің  жол  сілтеушісі.  Ақылдылық  пен  парасаттылықтың 

пайдасы оқ пен семсерден артық. Жебе қаншалықты айбат-

ты  болғанымен,  нағыз  жеңіске  тек  ақыл  ғана  жетелейді»  – 

дейді.  Мұндай  даналық  сөздеріне  қазіргі  кезде  де,  әсіресе 

әрбір мемлекеттің билек басында отырған азаматтары құлақ 

асса, онда жер бетінде болып жатқан қақтығыстар өршімей, 

керісінше  бәсеңдей  түсер  еді.  Көп  дауысты  әлем  қалай 

үйлесімді болса, адамдарда өзара келісім арқылы бейбітшілік 

өмір сүре алар еді. Бұл тұрғыда ұлттық бірлікті аңсап, ащы 

шындықты ашық айтуға тырысқан ұлы Бұқар жырау көрші 

елдер арасындағы дауды түсіністік тұрғыда, сұхбат арқылы 

шешуді  ұйғарады.  Ал  түсінудің  өзі  сұхбатта  болуды  талап 

етеді. Түсіну ол тұлғалық болмыстың сапасы мен мазмұнына 

тәуелді болатын ерекше қасиет. Олай болса осындай қасиетке 

ие  болған  кезде  ғана  адамаралық  қатынаста  үйлесімділік 

орнығып, адамзат бейбітшілік тұрғыда өмір сүре алады. Осы 

ретте  қазіргі  кезде  халықаралық  қатынаста  шектен  шығып, 

зорлық-зомбылыққа ден қойған кейбір мемлекет басшылары-

на Бұқар жыраудың мына сөздерін ескерткен абзал: «еліңнің 

қамын же – сана, Есіліп кеңес айт – сана». Бұқар жыраудың 

мұндай  қанатты  кесек  ойларындағы  мәдениеттанушылық 



Философтар мен саясаттанушылардың халықаралық форумы

 ІI Қазақстандық философиялық Конгресс



274 

«ФИЛОСОФИЯ-САЯСАТТАНУ ӨЛШЕМІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН 

ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ»

«25 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА 

В ФИЛОСОФСКО-ПОЛИТОЛОГИЧЕСКОМ ИЗМЕРЕНИИ»

сарындағы идеялар адамгершілік бет-бейнемізді жоғалтпай, 

біздің сезімдерімізге эстетикалық реакция заңына байланыс-

ты – реттілік пен тәртіп енгізеді. Ал реттілік пен тәртіп әр-

бір елдің, мемлекеттің құт-берекесі. Мұны қазіргі кезде әрбір 

Қазақстанның азаматы сана безбенінен өткізіп, Отанына де-

ген  шексіз  адалдылық  білдіріп  қызмет  ету  керек.  Әйтпесе 

Шал ақын айтқандай:



Нәпсің бір көкжал бөрідей,

Иманың бағлан қозыдай,

Егер тыю салмасаң,

Иманыңды жеп кетер.

 

Ұлы  ақынның  мұндай  өсиетке  толы  ой-толғамдары 



көбінде  ер  азаматтарға  арналғаны  бекер  емес.  Өйткені  ер 

жігіт – буындар арасындағы дәнекер, әулеттің, шаңырақтың 

отағасы. Ол түптің түбінде өз шаңырағының иесі мен киесі, 

ол  –  келешек  ұрпақ  тамыр  жаятын  бәйтерек.  Ол  –  отбасы 

даналығының  сақтаушысы,  мұны  «әкеден  –  ақыл,  анадан  – 

мейір»  дейтін  халық  мақалынан  көреміз.  Соған  қарағанда 

олар  да  біздің  бабаларымыз  сияқты  дүние  танудың  түп 

бастауынан-ақ еркексіз отбасы өзінің тамырын жоғалтатынын 

түсінген.  Сондықтан  Шал  ақынның  мына  сөздеріне  қазіргі 

жастар  құлақ  асса,  онда  жақсылық  ауылына  бастайтын 

сара  жолды  тура  тауып,  басқаларды  жамандық  атаулыдан 

сақтандыра алар еді:

 

Жігіттер, жаман сөзді кәсіп етпе,

Құрбыңды өзің теңді басып өтпе.

Басыңа бір уақытта жұмыс түссе,

Дұшпан түгіл, досың да қашар шетке.

Сондықтан қазіргі кезде де әрбір қазақ азаматы өзін азат 

сезіну  үшін  жаңа  жағдайлар  мен  жаңа  болмысты  ұлы  ақын 

айтқан теріс қасиеттерінен айырылып, өз қолымен жасау ке-

рек.  Өйткені  адам  бойындағы  күш-қуаты  мен,  білімін  Отан 


Международный форум философов и политологов

II Казахстанский философский Конгресс



275 

«ҚАЗАҚСТАН ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ 

КЕҢІСТІГІНДЕ: ТАРИХЫ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ»

«ФИЛОСОФИЯ КАЗАХСТАНА В ПРОСТРАНСТВЕ МИРОВОЙ 

ФИЛОСОФСКОЙ МЫСЛИ: ИСТОРИЯ, СОВРЕМЕННОСТЬ, ПЕРСПЕКТИВЫ»

игілігі мен мүддесіне жұмсау ұлттың өміршеңдігінің негізгі 

көрсеткіші. 

Мұны  түсінген  біздің  отандық  ойшыл  Тұрсын  Ғабитов 

рухани  кеңістікті  құрайтын  ұлттық  идея  туралы  ойларын 

ақыл-ой  таразысына  салып,  оны  халықтың  басым  бөлігі 

қабылдаған ұлттық құндылықтар жүйесі деп түсініп, көптеген 

элементтерінің ішінен ұлттық идеяның мәнін терең де ауқымды 

анықтайтындар бұл ұлттық философия мен әдебиет; мәдениет 

пен оның түрлері, рухани қазынасының басқа да элементтері 

дейді.  Ғабитовтың  бұл  ой-тұжырымдарымен  толық  келісе 

отырып,  рухани  қазынаның  қандай  басқа  элементтері  ту-

ралы  айтуға  болады  дегенде  бірден  академик  Әбдімәлік 

Нысанбаевтың Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі 

ұлттық идеясының бір тұжырымдамасы ретінде «бастауларды 

ұмытпастан, біз бірлесіп әрбір қазақстандықтың игілігі үшін 

күшті,  өркениетті,  бәсекеге  қабілетті  және  демократиялық 

Қазақстанды  құру»  деген  ойларын  еске  түсіріп,  оның  үш 

маңызды іргетасын айқындағанын осы жерде атап кеткен аб-

зал. Біріншіден, ғалым-философ аталған тұжырымдамасында 

«рухани бастауларды, халықтың тарихи мұрасын ұмытпауға 

шақырады; екіншіден, әрбір қазақстандыққа ортақ игілік бо-

латын – бірлік мәселесін көтереді; үшіншіден, Қазақстанның 

бәсекеге  қабілетті  өркениетті,  демократиялық  ел  болуы-

на  ұмтылыс  қажеттілігін  айтады.  Сонымен  қатар  «Тәуелсіз 

Қазақстанның  құндылықтар  әлемі»  атты  еңбегінде  акаде-

мик Әбдімәлік Нысанбаев бізге жаңа идеология керек пе де-

ген  сұрақ  қойып,  әрбір  Қазақстан  азаматының  ой  елегінен 

өткізетіндей,  жадысына  қайтаратындай  ойларын  түйіндей 

келе  ұлттық  идеологияның  өзекті  идеясы  гуманистік  ой-

сананы  қазақ  жерінде  жоғары  деңгейге  көтерген  кемеңгер 

ойшыл  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  «ар-ұждандық  ақыл» 

деген ойы болу мүмкін дейді. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан 

әлеуметтік-мәдени  даму  жолында  осындай  мәдени-

философиялық  сипаттағы  ойларға  назар  аударып,  оларды 

жаңғыртып құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам орна-

туда іске асыруға әбден болады.


Философтар мен саясаттанушылардың халықаралық форумы

 ІI Қазақстандық философиялық Конгресс



276 

«ФИЛОСОФИЯ-САЯСАТТАНУ ӨЛШЕМІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН 

ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ»

«25 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА 

В ФИЛОСОФСКО-ПОЛИТОЛОГИЧЕСКОМ ИЗМЕРЕНИИ»

М.Х. ДУЛАТИ МҰРАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК РУХАНИ  

КЕҢІСТІКТЕГІ МАҢЫЗЫ

Жамбыл МЫРЗАБЕКОВ

(Тараз)

 М. Дулатидің шығармашылық мұрасы – қазақ ұлтының 

өз  шаңырағын  құрып,  жеке  хандық  құрған,  аса  ауыр  да 

дүрбелең    уақытындағы  түркі  тілдес  халықтардың  мәдени-

тарихи  өмірін  шежірелеуден  туған,  өмір  философиясы-

на  тұнған,  болмыс  пен  таным  туралы,  адам  тұлғасы  жай-

лы  жан-жақты  сыр  шертетін  философиялық  мазмұнымен 

ерекшеленеді. Әрі ақын, терең білімді ғұлама, ойшыл, қоғам 

қайраткері, қолбасшы М. Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты 

еңбегі – өркениеттің барлық мәселелері туралы ой толғаған 

энциклопедиялық туынды ғана емес, құнарлы ойдың қымбат 

сандығы,  төл  тарихымыздың  тамырына  саналатын  өрелі 

еңбек.  Ал,  «Жаһаннаме»  дастаны  – 

өзінің  рухани  маңызын 

бүгінгі  күнге  дейін  жоғалтпай,  тәуелсіз  мемлекетіміздің 

мәдениетінде  де  тарихи-танымдық  және  көркемдік  құн-

дылығы  арта  түскен  әдеби  ескерткіштеріміздің  бірегейі.  

Е

рлікті,  елдікті,  бірлікті  жырлауға  бағытталған  Мұхаммед 



Хайдар  Дулати  шығармашылығы  сол  заманның  тұрмыс-

тіршілігі  мен  әдеп-ғұрыптарының,  салт-дәстүрлерінің  дер-

бес  ерекшеліктерімен  үндесіп  жатыр.  Ұлы  ойшыл  руха-

нияттың алтын қазынасы болып саналатын «Тарихи Рашиди» 

еңбегінде, оған қоса «Жаһаннаме» поэмасында өмірді тану-

ға,  ондағы  адамның  қызметі  мен  рөлін  анықтап,  айқындау 

мақсатын ұстанады. 

Жастайынан  көзі  қарақты,  ержүрек  ретінде  танылған 

Мұхаммед  Хайдар  Дулати    Тоғлық  ханнан  кейінгі  хандар 

шежіресін, сол арқылы түрік халықтары тарихын жүйелеуге 

ұмтылады. Осы себепті де, ұлы ойшыл қазақ философиялық 

ойларының  да  көшбасшысы  бола  білді.  Ол  «Тарихи  Ра-

шиди»  атты  кітабында  тарихты  санамалап  көрсетіп  қана 


Международный форум философов и политологов

II Казахстанский философский Конгресс



277 

«ҚАЗАҚСТАН ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ 

КЕҢІСТІГІНДЕ: ТАРИХЫ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ»

«ФИЛОСОФИЯ КАЗАХСТАНА В ПРОСТРАНСТВЕ МИРОВОЙ 

ФИЛОСОФСКОЙ МЫСЛИ: ИСТОРИЯ, СОВРЕМЕННОСТЬ, ПЕРСПЕКТИВЫ»

қоймай,  оқиғалар  тізбегінің  байланысын,  ішкі  мазмұнына 

терең  мән  бере  қарайды.  Және,  қазақ  пәлсапалық  ойлары-

ның  әлемдік  өркениетпен  өзара  байланысын  мазмұндайды. 

Осылармен  қатар,  «Тарихи    Рашидиде»  философ  ғалым 

отандық  ғылымдағы  уақыт,  тағдыр,  дін  тарихы,  өмір  мәні, 

мемлекеттік  билік  секілді  терең  философиялық  мәселелерге 

алғаш боп қалам тартады, жүйелі талдаулар жасайды. Ұлттық 

тәрбие  бастауын  имандылықтан  тарататын  болсақ,  ойшыл 

шығармашылығында  дін  мәселесі,  имандылық  терең  зер-

деленген.  Сондай-ақ,  бұл  кітапта  кемеңгер    тарихшы  түрік 

елдерінің  саяси,  мәдени,  әлеуметтік  оқиғаларын  қамтиды. 

Әсіресе, сол кездегі өмір сүрген ру-тайпалардың, халықтар-

дың  тарихын,  қоғамдық-әлеуметтік  өмірін,  әдебиетін,  мәде-

ниетін,  әдет-ғұрпын,  салт-санасын  зор  білгірлікпен  жа-

зып  қалдырған.  Түрік  халықтарының  ішінде,  әсіресе,  қазақ 

ұлтының  тарихы  турасында  баға  жетпес,  таптырмас  құнды 

деректердің бастаушысы да  осы кітап болды. 

Ұлы  кемеңгердің  дүниетанымдық  ойлары  мен  фило-

софиялық  толғамдарына  терең  үңіле  келе,  оның  исламның 

өркениеттік  мазмұнына  терең  мән  бергендігінің  куәсі  бо-

ламыз.  Ұлы  ойшыл  өз  еңбектерінде  қоғамның  әлеуметтік-

экономикалық,  әлеуметтік-саяси,  идееялық-мәдени  құры-

лымдарын  қалыптастыруда  ислам  дінінің  басты  қозғаушы 

күш екенін айтады.  Бұған қоса, сөз құдіреті бойына дарыған 

ақын    М.  Дулати  шығармашылығында  адамгершілік  ойлар 

мен терең адамдық толғамдарды да мазмұндайды.

М.  Дулатидің  жан-жақты  дүниетаным  иесі,  парасат-

ты  жан  иесі  болумен  қатар,  діни  өресінің  де  биік  деңгейде 

екендігін  оның  атақты  «Тарихи  Рашиди»  еңбегі  мен 

ұлы 

ойшылдың сөз өнерінің жетік білгірі, өлең-сөздің теориясын 



толық  меңгерген  ақындық  табиғатын  толыққанды  танытқан 

 

«Жаһаннаме»  поэмасының  әрбір  жолынан  айқын  аңғаруға 



болады.  М.Х.  Дулати  әсіресе,  сол  кездегі  өмір  сүрген  ру-

тайпалардың,  халықтардың  тарихын,  қоғамдық-әлеуметтік 

өмірін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын зор 

білгірлікпен жазып қалдырған. Түрік халықтарының ішінде, 



Философтар мен саясаттанушылардың халықаралық форумы

 ІI Қазақстандық философиялық Конгресс



278 

«ФИЛОСОФИЯ-САЯСАТТАНУ ӨЛШЕМІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН 

ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ»

«25 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА 

В ФИЛОСОФСКО-ПОЛИТОЛОГИЧЕСКОМ ИЗМЕРЕНИИ»

әсіресе, қазақ ұлтының тарихы турасында баға жетпес, тап-

тырмас құнды  деректердің бастаушысы да осы М. Дулатидің 

«Тарихи Рашиди» кітабы болды.

 Мұхаммед  Хайдар  Дулати  өзінің  шығармаларында 

адамның ізгілік қасиеттеріне кеңінен тоқталады. Дінге ерек-

ше  мазмұн  бере  отырып,  адам  тұлғасын  имандылықпен 

ұштастыра қарап, соған негіздейді.

 

Бойын


 а

қылға жеңдірген, 

ақылмен шешілген мәселенің нәтижелі болатындығын ерек-

ше сеніммен баяндайды.

 

Ақылды адамның шығар биігінің де 



көп болатындығын мазмұндайды. 

 Мұхаммед  Хайдар  Дулати

 

ақылмен  қатар,  әділеттілік, 



адамгершілік,  татулық  категорияларына  ерекше  мән  бере 

қарап,  адамның  тұлға  ретінде  қалыптасып,  өз  мүддесінен 

ұлттық мүддені артық қоя алатын жан ретінде тәрбиеленуіндегі 

маңызына  тоқталады.  Өз  заманының  белгілі  қайраткері, 

ел  билеушісі  атана  отырып,  ол  өз  заманы  мен  қоғамдық-

саяси  жағдайларды  іштей  таразылап,  кейінгі  ұрпаққа  шы-

найы  бейнесі  мен  саналы  мазмұнын  жеткізу  үшін  едеуір 

еңбектенді. Ұлттық ойлау жүйесіне өзіндік құрылым енгізді, 

халықтық  мүддеге  жоғары  мәнмен  қарады.  Сондықтан 

да,  ол  әділетті  қоғам  үшін  татулық,  бірлік  керек,  әділ  бас-

шы  қажет  деп  түйіндейді.  Және,  еңбексүйгіштікті  жоғары 

бағалайды. Ерлікке апарар жол – төзімділік пен табандылық, 

ал,  аталғандар  арқылы  барлық  ғылым-білімді  игеруге  бола-

ды. Ең бастысы қиындықтан қашпаған жөн деп санайды. Өзі 

де  жастайынан  тағдыр  тауқыметін  көп  тартқан  ғұламаның 

философиялық  ойлары  өмірдің өзіндей өрнектеліп, бүгінгі 

таңда да өзектілігін жоймауда.

 


Международный форум философов и политологов

II Казахстанский философский Конгресс



279 

«ҚАЗАҚСТАН ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ 

КЕҢІСТІГІНДЕ: ТАРИХЫ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ»

«ФИЛОСОФИЯ КАЗАХСТАНА В ПРОСТРАНСТВЕ МИРОВОЙ 

ФИЛОСОФСКОЙ МЫСЛИ: ИСТОРИЯ, СОВРЕМЕННОСТЬ, ПЕРСПЕКТИВЫ»

ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ХАҚЫНДА 

Серік НҰРМҰРАТОВ

(Алматы)

Құндылықтардың табиғатын зерттей отырып оның тарихи 

субъектіге қатысты мәндік сипатын анықтау арқылы қоғамның 

даму бағытын, оның болашағын бағамдауға болады. Кез келген 

қоғам өзінің тарихи болмысында, тарихи даму эволюциясын-

да ерекше құндылықтар жүйесін қалыптастырады және оны 

барынша дамытып отыруға тырысады. Мағыналық мазмұны 

бойынша  гуманистік  емес,  яғни  әлеуметтегі    үйлесімділікті 

бұзатын агрессиялық мағынадағы құндылықтарға басымдық 

берген  қоғам  түбінде  өзінің  саяси-әлеуметтік  дүниесін, 

мәдениеті  мен  экономикасын  белгілі  бір  қайшылықтарға, 

қиындықтарға  алып  барады,  өзінің  өркениеттік  болашағына 

балта шабады, деградацияға жол береді. 

Құндылықтық  үйлесімсіздіктен  жалпы  қоғамның  ішкі 

дамуында тежелулер басталып, әр түрлі салада дағдарыстар 

белең алатыны анық. Сөйтіп, қауымдастықтың өркениеттілік 

жолына түсуіне мүмкіндіктер шектеледі. Демек, құндылықтар 

–  әлеуметтік  кеңістіктегі  кейбір  объектінің,  құбылыстың, 

үдерістің өзіндік көрінісі ретінде адам, топ және қоғам үшін 

стратегиялық  маңыздылығы  бар  әлем  екені  анық.  Құнды-

лықтар  өзінің  шынайы  мағынасында  адамдардың  түбегейлі 

мүддесіне сәйкес келіп, оның рухани кемелденуі үшін идеал, 

эталон, іргетас, бағдар қызметін атқарады. Сондықтан іргелі 

құндылықтар өздерінің қоғамдық-саяси, рухани-адамгершілік 

жағымды қызметін ұлттың дамуында атқарады.

Әр  қилы  халықтардың  мәдениеттерінің,  рухани  игеру-

лердің  көптүрлілігі  базалық  негіздегі  жалпыадамзаттық, 

метатарихтық, әмбебап рухани-адамгершілік құндылықтарды 

(адамдардың өмір сүруге құқылығы, еңбек етуге, білім алуға, 

теңдікке, тіл мен діни сенімге еркіндігі, меншікке құқылығы, 



Философтар мен саясаттанушылардың халықаралық форумы

 ІI Қазақстандық философиялық Конгресс



280 

«ФИЛОСОФИЯ-САЯСАТТАНУ ӨЛШЕМІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН 

ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ»

«25 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА 

В ФИЛОСОФСКО-ПОЛИТОЛОГИЧЕСКОМ ИЗМЕРЕНИИ»

махаббатқа,  үлкендерді    сыйлауға,  балаларға  қамқор  болуға 

Отансүйгіштікке, кәсіпкерлікке, жеке қауіпсіздікке, адалдыққа 

және т. б. жағымды әрекеттерге) жоққа шығара алмайды. Адам 

еркіндігінің жоғарғы көрінісі – құндылықтарды, әлеуметтегі 

қадам жасаудың бағыттарын таңдау құқығы болып табылады. 

Табиғат  әлемінің  тіршілік  иелерінен  адамзаттың  түбегейлі 

айырмасы да осыдан көрініс береді. Демек, адам үшін қоғам 

деген үлкен мүмкіндіктер айдынында өз тағдырын өзі шешуі 

керек  және  күнделікті  өмірге  келетін  ықтималдылықтардың 

арасынан  өзіне  жолды  еркін  таңдау  жасау  арқылы  өзінің 

әлеуетін паш етуі тиіс. Адамзат тарихында, әсіре қазіргі за-

манда  демократиялық  жүйеге  жүгініп,  оны  қалыптастыруға 

және дамытуға ұмтылудың түпкі мәні осы құқықты барынша 

кеңінен пайдалануға әрекеттену болып келеді. 

Немістің  ұлы  философы  И.Канттың  моральдық 

императивтерінің бірінде – адамды әлеуметтік қатынастарда 

әрқашанда мақсат-мұрат ету жөнінде кесімді философиялық 

ой айтылады. Әрине, адамға ешқашанда құрал ретінде қарамау 

керек. Әлеуметтік тіршіліктің ең кемелденген сипаты түрінде 

көрініс беретін адам құбылысы өзінің рухани мәнін тек рухани-

адамгершілік  құндылықтарды  дәріптеген,  жүзеге  асырған 

сәтте  ғана  таныта  алады.  Сондықтан  халықтың  келбетін  ең 

бірінші  кезекте  көрсететін  құбылысты  рухани-адамгершілік 

құндылықтар  деп  атауға  болады.  Олар  девальвацияға 

ұшыраса,  дағдарысқа  түскен  болса,  онда  қоғамда  міндетті 

түрде  жасанды,  жалған  құндылықтар  басымдық  таныта  ба-

стайды.  Сондықтан  тарихи  санада  қалыптасқан,  қоғамның 

дамуы  үшін  маңызды  рөл  атқарған  рухани  құндылықтарды 

сараптаудан  өткізіп  отыру  және  оларды  насихаттау  өзінің 

өзектілігін үнемі сақтап отырады.

Қоғам бір орында тұрмайды, үнемі өзгерісте болады және 

ол өзінің даму кезеңдерінде әртүрлі рухани, саяси-әлеуметтік, 

экономикалық қиыншылықтарды басынан өткізеді. Дегенмен, 

сол дағдарыстардан шығудың бірден-бір жолы алдымен руха-

ният әлемін ретке келтіру болып табылады, яғни азаматтардың 

рухани құндылықтарға бет бұруы болады.

1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет