Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі


«DEAL»          D  –  Describe  –



жүктеу 1.69 Mb.
Pdf просмотр
бет44/165
Дата13.02.2022
өлшемі1.69 Mb.
#17204
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   165
249 әдіс тәсіл pdf
0 сынып, Менің сүйікті ісім
«DEAL»  

       D  –  Describe  –  баяндау,  суреттеу  (оқығанды,  көргенді  сипаттау, 

сынау, өлшеу). 



       E  –  Explain  –  түсіндіру  (құбылыс  немесе  оқиға  бойынша  не 

білетіндерін, түсінгендерін суреттеу). 

       A  –  Anallуse  –  талдау  (ақпаратты  талдау,  қорытынды  жасау, 

себептерін атау). 

       L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде 

бар біліммен байланыстыру). 



«ДЖИГСО»  

        Топтарға  мәтін  бөлігі  таратылады.  Мәтін  бөлігін  оқып,  өз 

топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы 

топқа  қайта  келіп,  қолдарындағы  мәтін  бөліктерін  құрастырады. 

Топтарға  мәтіннің  толық  нұсқасы  таратылады.  Толық  мәтін 

мазмұнымен  танысып,  мәтін  желісін  топ  мүшелері  бірлесіп  отырып 

аяқтайды. 

 ДЖИГСО  әдісімен  жұмыс  ақпарат  алу  мен  пысықтауға,  ойлауға 

ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты  — 

жалпы  мәселені  алдымен  жұпта,  кейін  ұжымда  талқылау,  үйрену  мен 

үйрету.    Бұл  жағдайда  әрбір  оқушы  бір  сәт  өзін  мұғалім  ретінде 

сезінеді,  оқуға  деген  жауапкершілігі  артады.  Мәселен,  әдісті 

қолдануды төмендегіше қарастырып көрейік. 

Алдымен  ұжым  4  адамнан  тұратын  топтарға  бөлінеді.  Бұлар  - 

бастапқы  жеке  жұмыс топтары. Берілгелі  тұрған  жұмыс  мәтіні төртке 

бөлінеді.  Енді  топ  мүшелері  төртке  дейінгі  реттік  жүйеде  тағы 

бөлінеді.  Тіпті  тақырыпқа  қатысты  сұрақ  қойып,  айтылған  сөздерді 

шартты  атау  ретінде  бөліп  беруге  де  болады  (мәселен,  берілген 

сөйлемдердің  мағыналық  түрлерін  анықтаңдар:  сұраулы,  лепті, 

хабарлы,  бұйрықты).  Бұл  жолы  әр  сан  иелері  немесе  атау  иелері  өз 

алдына «жұмыс тобын» құрайды. 

Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы 

мәтінді  топта  талқылап,  түсіну  қажет  екендігі  ескертіледі.  Логикалық 

түрде  төрт  бөлікке  бөлінген  мәтін  бөліктері  әр  топқа  таратылады. 

Топтар  тұтас  мәтінмен  емес,  тек  белгілі  бөлікпен  ғана  жұмыс  істеп, 

бүге-шігесіне  дейін  талдайды,  пікір  алмасады,  ойын  нақтылайды. 

Жұмысты  бастамас  бұрын  екінші  құрылған  шағын топқа  бара  жатқан 

оқушыларға  «жұмыс  тобында»  мәтіннің  тиісті  болты  жақсы  меңгеру 

қажеттігі  айтылады,  өйткені  сол  бөлімді  «бастапқы  топ»  мүшелеріне 

түсіндіруге  жауапты  болатыны,  мәтінді  тұтас  түсіну  әр  оқушының 

жұмыс  істеуі  мен  зейін  қоя  түсінуіне  байланысты  екені  түсіндіріліп, 

жауапкершілік жүктеледі. 

Бұл  стратегия  мазмұнды  жан-жақты  меңгеру,  оқығанды  есте 

сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында 

аса  тиімді.  Оқушының  оқуға  деген  қызығушылығы артады,  ұжымда 

жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. 



 «Диаманта»  

        Диаманта  –  жеті  жолдан  тұратын  өлең  түрі,  бірінші  және  соңғы 

жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Мағыналары қарама-қарсы 

түсініктермен жұмыс істегенде пайдалы. 

        1,7 – жолдары – антоним-зат есімдер; 

        2 – бірінші зат есімге екі сын есім; 

        3 – бірінші зат есімге үш етістік; 

        4 – зат есімді екі сөз тіркесі; 

        5 – екінші зат есімге үш етістік; 

        6 – екінші зат есімге екі сын есім; 

Мысалы: 

        қала 

        үлкен, көне 

        салынады, өседі, гүлденеді 

        танымал қала, кішкентай ауыл 

        асырайды, дамиды, қалыптасады 

        әдемі, туған 

        ауыл 



«Дизайн» 

Әр оқушы өзінің қандай жансыз зат екенін айтады. Дизайнер 

келіп  оларды  өз  талғамымен  орналастырады.    Ең  бастысы,  бәрін  өз 

орнына  тиімді  орналастыра  білу.  Сабақта  да  солай  әр  жұмыстың  өз 

қызметі,  өз  орны  бар.  Орнымен  жұмсасақ  қана  нәтиже  болатынын 

білдіру. 




жүктеу 1.69 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   165




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет