Бас бармақты жоғары немесе төмен(қолдаймын, қолдамаймын)
«Бағдаршам, «стикерге» ұқсайды, бірақ кейбір оқушылардан өз
таңдауларын түсіндіруді сұрай аласыз.
Сынып ішінде жүру
Әртүрлі жағдайларға бейімдеуге болады: 1) сыныптың әр бұрышы
«толықтай
келісемін»,
«келісемін»,
«келіспеймін,
«толықтай
келіспеймін» деген көзқарастарды көрсетуі мүмкін; 2) сіздің
көзқарасыңызға анағұрлым сай келетін суреттің жанына тұрыңыз; 3)
дұрыс мысал/анықтаманың жанына тұрыңыз.
Өзара және өзін-өзі бағалау
Оқудың күтілетін нәтижелері оқушыларға түсінікті әрі анық болу
керек, сол арқылы оқушылар олардың біраз немесе барлық бағалау
критерийлеріне жеткендігін анықтап, нені жақсару керектігін белгілей
алады.
Анықтаңыз:
- Басқа қандай пәндерде олардың оқуы пысықталады немесе
жақсарады?
- Оқуды жақсарту үшін ақпаратттық- коммуникациялық
технологиялар қай Жерде пайдаланылады?
- Оқушыларға білім беру бағдарламасы аясында «құндылықтар»
қалай оқытылады?