Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



жүктеу 1.69 Mb.
Pdf просмотр
бет107/165
Дата13.02.2022
өлшемі1.69 Mb.
#17204
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   165
249 әдіс тәсіл pdf
0 сынып, Менің сүйікті ісім
 

«Ойланып сурет саламыз!» 

1-нұсқа.  Суретті    қозғалыста    салу  керек.  Ол  үшін  оқушылар 

қолдарына  дәптер  мен  қаламсаптарын  алып,  шеңберлене  тұрады,  сол 

жаққа бұрылып, сынып ішінде шеңберді  бұзбай жүре бастайды. Олар 

алдында  тұрғанның  арқасына  дәптерін  қойып,  арттағы  оқушының 

суретін  салуға  тырысуы  керек.  Бұл  жерде  мынандай  ережелерді 

сақтаған орынды: 

-Тоқтауға болмайды! 

-Шеңбер жүруін тоқтатқанша суретті сала беру керек. 

-Суретке ренжуге болмайды! 



2-нұсқа 

Жоғарыда келтірілген мақсатта (мидың екі жарты шарын іске 

жұмылдыру үшін) бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға болады: 

оқушылар  сол  қолымен  қарындарын  сипалап,  оң  қолдарымен  

төбелерін  ақырындап  шапақтайды.  Мұғалімнің  берілген  командасы 

бойынша  («Үш,  төрт!  Қолдарыңызды  ауыстырыңыздар!)  олар 

қолдарын алмастыруы қажет. 

Әрине, бұл тапсырманы орындау оңайға соқпайды. 



3-нұсқа.  Аталмыш  мақсатта  (мидың  екі  жарты  шарын  іске 

жұмылдыру үшін) тағы да бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға 

болады:  оқушылар  сол  қолымен  мұрнын  ұстаса,  оң  қолымен  сол 

құлағын ұстайды. Мұғалімнің берілген командасы бойынша(«Үш,төрт! 

Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!») олар қолдарын алмастыруы қажет. 

4-нұсқа. Оқушылар дәптерін  төбесіне (басына) қойып, өзінің 

жұптасына  қарап  отырып,  берілген  қысқа  уақыт  ішінде  (1-1,5  минут) 

оның  суретін  салуға  тырысады.  Суретті  салып  бітіргенше,  дәптерге 

қарауға  болмайды.  Әрине,  салған    суреттердің  қисық-қыңыр 

болатындығы сөзсіз, алайда олардың оқушыларға қызық болып көрінуі 

сөзсіз.  Оқушылар  сурет  салынған  парақтарға  өз  қолдарын  қойып,  бір-

біріне тарту етеді. 

 


жүктеу 1.69 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   165




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет