Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы»


Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшіліктері



жүктеу 0.74 Mb.
бет7/20
Дата12.02.2022
өлшемі0.74 Mb.
#17194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
1 семинар
1.2 Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшіліктері.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады[11; 25].

Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:

1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

2. Компьютер адамның зерттеу – танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.

3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімге ұмтылушы адам ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.

4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидар хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады:

*біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді;

*екіншіден оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді;

* үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді.

Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оққушының тілін дамытады. Тіл дамытудағы тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады. Бейне сабақтарды оқу материалына тиімді енгізу сабақтың сапасын арттырады.

Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай:

-есту және көзбен байқау арқылы қабылдаудың әр түрлі жолдарында оқушының түсінігіне жан-жақты мүмкіндік беру;

-оқушының дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру бейнесабақты жүргізудің нәтижесінде қамтылады;

-оқушының қызығушылығын арттыру, эстетикалық және эмоционалдық сипаттарды тудыру.

Тек бейне көріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін негіздер:

-бейне көріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұрыпталуы керек;

-бейне көріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас болуы шарт.

Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады:


  1. енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;

  2. жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;

  3. жаңалықты енгізу жолдарымен.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.

Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.

Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті атады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.


  1. Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.

  2. Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін  анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді  жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.

  3. Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу-тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны  таңдай алуы қажет.

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен  ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция,  қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң  нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:  инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім  алушылар  мен  оқытушылардың  бірлескен  шығармашылық  еңбектерінің болмауы.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу.

  Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты өмір сүріп отырған замандағы адамзаттың прогрестік ерекшелігіне, қоғамдық тарихи, саяси әлеуметтік экономикалық жағдайына сай негізделеді. Қоғам алға қарай дамыған сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары, білімге, тілді үйренуге деген құлшыныстары арта түсуде. Білім беруде ақпараттандыру, пәндерді технологиялық ғылыми теориялық негізде оқыту мақсаты алға қойылуда. Кез келген мемлекеттің дамуы ақпараттық мәдениеттің деңгейіне байланысты.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта және дистанционды оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын көтеруді көздейді.

Интернет желісі мен электронды поштаның өсіп, оның күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі оқушылардың ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр.

Оқытуды компьютерлендіруде компьютердің мүмкіндіктері өте кең: Электронды оқулықтардың көмегімен білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әр түрлі ойындар, интернет желісі арқылы сабақ өткізу. Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни оқытуда компьютердің екі бағыты болады:

1.Компьютердің мүмкіндіктерін сезініп, оны әр түрлі жағдайда пайдалана білуге қажетті білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру.

2.Компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып табылады.

Білім беру үрдісінде белгілі бір қатып қалған әдіс тәсілдермен жұмыс істеу мүмкін емес, білім беру жүйесі үздіксіз жаңаруларды қажет етеді. Тек соңғы жылдары ғылым саласында білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. Мамандығым тарихшы болғандықтан, педагогикалық инновацияны тарих сабағында жүзеге асыруда көптеген әдіс тәсілдерді қолдауды алдыма мақсат етіп қойдым.

1.Интернет желісін пайдаланып (флипчарт сабақ).

Оқыту әдісі: түсіндірмелі иллюстративті, интерактивті.

Құрал жабдықтар: интерактивті тақта, актив студионы пайдалану. Мұндай сабақта тірек сызбаны, деректі фильмдерден, кинолардан үзінділерді пайдалануға болады, жекелеген адамдардың, заттардың (паравоз, тігін машинасы т.б.) дыбыстары алынады. Ол ғаламтор арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: 8-сыныпта Англия тақырыбын өткенде тақтаның жалпы қорынан Англия картасы, эмблемасы алынады.

Жаңа сабақты түсіндіргенде интерактивті тақтаның жалпы қорынан дауыстарға барып тігін машинасы, паравоз, бу кемесінің дыбысын алуға болады. Қаламның көмегімен жылжыту арқылы сәйкестендіруге болады.

9-сыныпта “Ұлыбритания” тақырыбын өткенде деректі фильмдерден (“ІІ дүние жүзілік соғыс немесе У. Черчилль туралы “cоғысты жеңген адам” т.б) үзінділер көрсетуге болады. Қазақстан мен Ұлыбританияның қазіргі кездегі достығы, Лондон олимпиадасындағы жеңімпаздар, олар туралы деректі фильмдердегі үзінді көрсету оқушылардың бойында патриоттық сезім мен Отанды құрметтеу, сүюмен бірге спортқа деген құлшынысын оятады.

2.Модификациялық инновация – қолда бар мәліметті дамыту, оның түрін өзгертумен айналысу. Мысалы: әкімшілік – территориялық бөліністерді өткен кезде тірек – сызбаларды пайдалану. Құқық негіздері пәнінен «Мемлекеттің функцияларын», «Құқық бұзушылық», т.б. тірек – сызбаларды пайдалануға болады. Бұл өте тиімді. Суреттерді пайдалану арқылы сабақты түсіндіру.

3. Комбинаторлық инновация-бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Әр түрлі пікір –талас ойындарын сабаққа енгізу оқушының дүниетанымын кеңейтіп, саяси көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Мысалы: Қазақстан тарихынан «Жәңгір хан», «Әмір Темір» тақырыбына пікір-талас өткізуге болады.Бірінші топ қайраткерлердің игілікті істерін жақтаса, екінші топ көлеңкелі жақтарын талқыға салады.

«Кеңестік дәуірдегі Қазақстан» , «Тың игерудің нәтижелері мен салдарлары» атты пікір –талас өткізгенде 70 жыл ішінде болған оң өзгерістер мен жағымсыз жақтар сыналады.

З. Модульдік инновация – жеке дара тақырыптарды блок түрінде байланыстыру. Қазақстан тарихы пәнінен «Ежелгі көшпенділер», «ХІІІ-ХVI ғасырлардағы Қазақстанның мемлекеттері», «Алтын Ордадан бөлініп шыққан мемлекеттер» тақырыбын өткенде мемлекеттің тарихи шеңбері, негізін қалаушылар, астанасы, территориясы, шаруашылық, саяси тарихын салыстырып, оларға талдау жүргізіп, жаңалықтар енгізіп отырамын. Тарих сабағында сергіту, тест құрастыру, реферат жазу, т.б. тапсырмалар беремін. Қоғамда болып жатқан құбылыстарды оқушымен бірлесе отырып талдау – өте маңызды. Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде жаңалықтарға шолу жасалынады.



Қазіргі кезде оқытушы сабақ мазмұны қызықты әрі жаңаша өту үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ол үшін басты міндет – оқытуды компьютерлендірудің концептуалды аспектісін жасау. Осыған орай оқытуды ақпараттандыруда төмендегі сәттерді ескеру қажет:

  1. Оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде тек бағдарламалау тілін немесе дербес компьютердің ақпараттық құралдарын емес, компьтерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайда моделдеуге үйрету.

  2. Компьютерлендіру оқытушыны оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше оқушымен неғұрлым тиімді жұмыс жасауға жағдай туғызуы керек;

  3. Білімді топтық түрде бере отырып оқытуды даралауды күшейтіп, оқушының білім сапасының көтерілуіне мүмкіндік жасауға болады

  4. Компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесетін жағдайда пайдалану керек

  5. Оқытуды компьютерлендіруді оқушы өз бетімен ойлап, шығармашылық белсенділік танытып дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп ойластырған жөн

  6. Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалық- психогиялық талапқа сай ана тілінде электронды оқулықтар жасалып жатыр. Ондағы теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру тесттері, анықтамалықтар, т.б. білім сапасын арттыруға көмектеседі

  7. Оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы- сабақ. Оқушылардың таным белсенділігімен қызығушылығының, оқуға деген қабілетінің төмендеуінің негізгі себептері- сабақтың бір сарынды деңгейде өтуі. Оқытушы әдістемесінде күнделікті ізденістің болмауынан оқытудың қызығушылығы жойылады, сондықтан оқытушы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің бірі- «компьютер арқылы пәндік сабақтар» өткізуі қажет

  8. «Адам мен қоғам» пәнінен «Демократия» тақырыбында компьютерді пайдалану арқылы сабақ өткізуге болады. Мақсаты – оқушыға демократиялық ұғымын түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлымы және демократиялық қоғам жөніндеашып айту. Отанды сүюге, ұлтжандылыққа, саясатқа араласуға тәрбиелей отырып, компьютермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

  9. Монитордан сабақтың тақырыбы, сабақ жоспары, игерілген білімді бекіту үшін тест, тапсырмалар , сөздікпен жұмыс, тірек-сызба беріледі. Оқушының айтуы бойынша тетіктің сол жағын басқанда гипермәтін беріледі. Оқытушы дәрісті баяндап, оқушылар комьютерден гипермәтінді оқып, қажет мәліметтерді жазып алады. Мысалы: бірінші сұрақ демократиялық ұғымымен белгілерін ашқанда Демократия дегеніміз не, оның принциптері қандай? деген сұрақтарға жауап алуға болады. Демократияның тікелей және өкілетті категорияларына сипаттама беріледі. Демократияның бес белгісі туралы айтылады

  10. Екінші сұрақта деморатия теориялары- антикалық, классикалық, алуан түрлілік теориялары, олардың негізін салушылар жөнінде толық түсіндіріледі.

  11. Үшінші сұрақта Қазақстан Республикасының мемлекетінің құрылым сипаттарына, демократиялық , зайырлы , әлеуметтік, құқықтық мемлекет түрлеріне сипаттама беріледі.

  12. Демократиялық мемелекетті басқармада халық билігінің қамтамасыз етілуі, зайырлы – Қазақстанда діни мекемелер мен дін ұсталық мемлекеттен бөлек екендігін білдіреді. Жастардың арасында іріткі салушы, уағыздаушы діни секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы ауызша айтылады.

  13. Құқықтық мемлекет – заңды, әділеттілікті қалыптастыру және азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету түсіндіріледі. Әлеуметтік мемлекет сұрағында халықтың әл- ауқатын арттыру басты нысана құрылады. Президент Жолдауына оқушымен бірлесе отырып, талдау жасалынады.

  14. Терминдерді есте сақтау үшін сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Қазіргі кезеңде оқу ақпаратының кең тараған формасы- интернет жүйесі арқылы ақпарат алу. Электронды пошта арқылы әлемдегі қоры бар кітапханалардан қажетті мәліметтерді алуға болады.

  15. Электронды оқулықтар- ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электронды оқулықты дайындаудың негізі- модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Онда теориялық тақырыпта кеңінен беріліп түсіндіріледі, географиялық иллюстрациялық, әр түрлі суреттер арқылы теориялық білім толықтырылады.

  16. Оқыту үрдісінде компьютерді қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты қолданылуы қажет. Кейбір жағдайда оқушылардың сұранысын терең ұғыну қажет болады, келесі бір жағдайда пәндік саладағы білімді таңдау маңызды рөл атқарады, ал үшінші бір жағдайда оқытудың психологиялық ұстанымдарын ескеру басты рөл атқарады.

  17. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай.

  1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

  2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

  3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру олардың таралымдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.

  4. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзгеше оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

«Компьютер көрнекі-бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым-қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызатыны туралы дәлелдер бар» деп көрсетеді Нокс Дж. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

  1. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

  2. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

  3. Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

  4. Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

  5. Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  6. Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.

Қазіргі бастауыш сынып оқулықтары «Дамыта оқыту технологиясы» негізінде жасалған. Бұл технология баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне, өздігінен шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасайды. Бүгінгі күннің талабына сай инновациялық әдістер мен ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану, оқу үрдісінде түрлі деңгейлік тапсырмалар жүйесін әзірлеу, оқыту бағдарламалары, оқушы мен мұғалімге арналған зертханалық-практикалық және мәдени практикалық жұмыстар жеке тұлғаның сапасын қалыптастыруға септігін тигізетіні белгілі[12;45-66].


жүктеу 0.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет