Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



жүктеу 0.74 Mb.
бет5/20
Дата12.02.2022
өлшемі0.74 Mb.
#17194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
1 семинар
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновация  – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта  білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтарың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:

•мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;

•инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;

•бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;

•әлеуметтік-экономикалық жағдай;

•инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты күнделікті өзгеріп жатқан өмірге оқушыларды дайындау болып табылады. Мұндай оқыту оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкестендіре отырып жүзеге асыруға негізделеді.

Білім беру сапасының дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен педагогкалық технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына, құзіреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана себебін тигізеді.

Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа моделдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.

Инновациялық әдісті, оқытудың ақпараттық технологияларын тәжірибеде қолдану барысында өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама-қайшылық жақтары да кездеседі.




жүктеу 0.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет