Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



жүктеу 0.74 Mb.
бет20/20
Дата12.02.2022
өлшемі0.74 Mb.
#17194
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
1 семинар
Қорытынды

Қазіргі уақытта жаңа білім беруде инновациялық технологияларды қолдану қажеттілігі өте зор. Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыларға қазіргі кездегі заман талабына сай білім беру үдерісінде біршама жетістіктерді меңгертуге пайдалану қажеттілігі туындайды.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы өзінің Жолдауында «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Олай болса, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі «ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры» деп атаған болатын. Жәнеде өзінің «Қазақстан білім қоғамы жолында» деп аталатын Назарбаев Университетінде оқыған лекциясында білім сапасы арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нәрімен сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен міндеттерді жүктегені барлығымызға мәлім. Ендеше келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ ертеңгі азамат болғандықтан оқу-тәрбие үрдісін жаңарту инновацияландыру басты мақсат болып табылады.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында қазіргі таңда барлық мектептер компьютермен, компьютерлік құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік туындауда. Менің ойымша, ақпараттық білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат - оқушыны өздігінен оқуға талаптандыру, ізденімпаздыққа баулу, белсенділігі, сенімділігі, өз білімін шыңдап жетілдіре алады. Оқу арқылы ақпараттың 10%-ы, тыңдау арқылы 20%-ы, оқыту процесінде 40-50 %-ы оқушы белсенділігін арттыру мүмкіншіліктері жасалу нәтижесінде білімнің сонда ғана 70 %есте сақталатындығы зерттелген.

Ұлы ғалым Сократ былай дейді: «Білмеген масқара емес, білгісі келмеу ұяттырақ». Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ болмақ. Сондықтан білімді ұрпақты тәрбиелеу—біздің қасиетті ұстаздық борышымыз деп білемін.

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ. Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процестер болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игерумен тығыз байланысты.



 

Қосымша.





Көрнекіліктер.









Қолданылған әдебиеттер.



  1. Н.Назарбаев. Қазақстан халқына Жолдауынан. Астана, 2011 жыл

  2. Бұзаубақова К.Ж. «Инновациялық технология» -Алматы, 2009.

  3. Кларин М.В. «Инновации в мировой педагогике» -Рига: Эксперимент,1998.

  4. Бөрібекова Ф.Б. мен Жанатбекова Н.Ж. «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар». -Алматы, 2014.

  5. Қазақстан тарихы; әдістемелік журнал №12; 2015 санында

  6. Г.Тұрымтаева «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану жолдары». Қазақстан тарихы №10;2011

  7. Б.Әбдіғұлова «Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін қолдану жолдары». Қазақстан тарихы. 2009, №6

  8. Цукерман Г.А. Инновации в мировой педагогике. Рига: Эксперимент, 1998.

  9. Ляудис В.Я. Инновационное обучение: Стратегия и практика. –Москва; 1994.

  10. Роджерс Э. Инновация туралы түсінік. –Қазақстан мектебі, 2006.

  11. Нағымжанова Қ.М. Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалықнегіздері. –Өскемен, 1999.

  12. Көшімбетова С. Инновациялық технологяны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері.-Алматы, Білім, 2008.

  13. Г. Төлеубаев. Тарихты оқытудағы әдістемелік технологиялары. Қазақ тарихы, № 5,2009 ж.

  14. Б.Жолдасов. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5,2007 ж.

  15. Г.Ақпанбетова. Қарахан мемлекеті. Қазақ тарихы,№3,2010ж

  16. Г. Төлеубаев. Тарихты оқыту. Ежелгі Үндістан мемлекеті. Қазақ тарихы, № 5,2009 ж.



жүктеу 0.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет