Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



жүктеу 0.74 Mb.
бет1/20
Дата12.02.2022
өлшемі0.74 Mb.
#17194
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
1 семинар


Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең басты мақсат ретінде «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен  практика жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі» алға қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Инновациялық қызмет сөзіне «елдегі жинақталған білімді, технологияларды, құрал-жабдықтарды түрлі келісім-шарттық жолдармен табыстар табу бағытына шоғырландыру» деген анықтама берілген.Тарих пәнінде инновациялық қызмет дегеніміз елдегі жинақталған білім, оқыту әдістемелері, тәсілдері, оқыту технологиялары, оқытудың түрлі техникалық құралдарын оңтайлы, ұтымды, мақсатты ойластыра, орынды, мерзімінде пайдалану, оқу процесін тиімді қайталау, пысықтау, басқаруды жетілдіру болыпесептеледі. 
Инновациялық жүйе ұстаздардың білімі мен біліктілігін, тәжірибесі мен әдістемесін, оқу орнының материалдық – техникалық базасын, шәкірттердің білімдерін, талаптарын, жалынды бастамаларын, асқақ армандарын жетілдіріп пайдалану, әріптестердің ынтымақтастығы, ата аналардың қолдау-қуаттарын және басқа да көптеген мәселелерді қамтитын тұтасқан бір дүние. 
Бұл жүйелік басты қозғаушы күші ғылым жаңалықтары, тарих пәнінің үздік ойлары, елдің әлеуметтік, экономикалық саяси жедел жаңару жолындағы табыстары, оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарындағы, ғылыми-әдістемелік зерттеулердегі, озық тәжірибелер нәтижелері мен ұсыныстарды, сапалы еңбек табыстарды, бірыңғай ұлттық тестілеудегі жетістіктер болып табылады[1].

жүктеу 0.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет