Тақырып: Тіл мен ойдың дамуы



жүктеу 29.35 Kb.
Дата16.03.2022
өлшемі29.35 Kb.
#18203
БӨЖ Шерзод Искандаров.docx
БӨЖ Самат Самат Сағынтай

Қожа Ахмет Яссауи атындағы университетінің Гуманитарлық факультеті Тарих мамандығы

БӨЖ
Тақырып:Тіл мен ойдың дамуы
Орындаған:Искандаров Шерзод
Қабылдаған:Гаухар Пірімқұлова
Мамандығы:6В01615-Тарих
Курс:1курс
Түркістан-2022
Кіріспе:
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, оларды белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазіргі тілге негіз болады
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.
Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге
дамиды.

Негізгі бөлім:


Көптеген тілдердің шығу тарихы әлі күнге жұмбақ күйінде сақталып отыр. Ғалымдар барлық тілдер адамдардың табиғатта не жануарлардан естіген дауыстары мен шуылдан пайда болған деген болжам айтады. Уақыт өте адамдар көбірек дыбыс шығарып, артынша олар сөзге, одан кейін сөйлемге айналған. Дегенмен сөйлеу қабілеті аяқ астынан кездейсоқ пайда болды деген тұжырым айтатындар да бар. Олардың айтуынша, сөйлеу қабілеті әлдеқашаннан адам баласының бойында бар, тек эволюцияның белгілі бір сатысында бұл қабілет сыртқа "шыққан". Сөйлеу қабілеті ДНҚ-дағы өзгеріс кезінде пайда болып, адам бойында қалыптасқан. Ал уақыт өте сөйлеу қабілеті дамып, қазіргі деңгейге жеткен.
Қазіргі күні тілдің шығу тарихы туралы ең кеңінен теория – ым тілі. Оған сәйкес, адамдар бастапқыда бір-біріне түсіндіру үшін түрлі іс-қимылдар, ишарат жасаған. Қажет болса сурет салып түсіндіруге тырысқан. Кейіннен өздеріне таныс заттарды соған ұқсас белгімен көрсете бастаған. Артынша әр белгінің өзіне тән мағынасы қалыптасып, ишарат тілі дами түскен.
Адамдар ойын жеткізуге үшін тек сөлеуді ғана емес белгілерді, іс-қимылдарды жиі қолданады. Тіпті, әр аймақта өзіне ғана тән мағынасы бар белгілердің болуы бұған дәлел.
Бұлардан бөлек тілдің пайда болуы туралы мынадай гипотезалар бар:
Адам өз санасының көмегімен тілді қалыптастыра білген;
Абыздар тілінің теориясы;
Тілдің эволюциялық тұрғыдан қалыптасу үдерісі теориясы;
Тілді жасаушы күштер теориясы;
Діни теориялар;
Ататекті тілдің бар болу мүмкіндігі теориясы;
Ностратика тілдері;
Тілдің шығуы ХҮІІІ ғ. Бастап ғылыми-философиялық тұрғыда қарастырыла бастады. Осы саладағы зерттеулердің нәтижесінде В.Фон Гумболдьттың әйгілі тұжырымдамасы дүниеге келді. Гумболдьт тілдің пайда болуын «адамзаттың ішкі қажеттелігінен туындайды. Ол адамдар арасында тек байланыс құралы ғана емес, адамдардың табиғатына тән және олардың рухани күштерінің дамуы мен дүниетанымдарын жасау үшін қажет» деген.
Қорытынды:
Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс. Және оның қалыптасуы адамның түр ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бұл жолда жетекшілік қызмет атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу процесі глоттогенез деп аталады. Қорытындылай келе өз ойымды айтатын болсам адамның тілі және ойының қалыптасуы өте көп уақытты алған және ежелгі адамдар тіл қалыптасқанға дейін көп қиыншылықтар көрген және ең соңында тіл қалыптасқан
Пайдаланған әдебиеттер:
Степин В.С. Теоретическое знание. – М; 2000
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. Алматы. 2002 ж.
Әлікенова К.Н. Ғылым тарихы мен философиясы. Талдықорған. 2012 ж.

Кіріспе:
Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшелік- терін, материалдық жөне рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым антропология деп аталады. Антропология сөзі гректің “апtһrороs” — “адам”, “iogos” — “ілім” деген сөздерінен алынып, “адам туралы гылым” деген ұгымды білдіреді. Антропология терминін алғаш ғылымға Аристотель енгізді. Антропология ғылымының негізгі бір саласы — антропогенез. Ол адамньң шығу тегін, тарихи даму кезендерін және нөсілдік ерекшеліктерін зерттейді.


Жалпы, тірі организмдердің тарихи даму кезеңінде ең соңында пайда болған өрі ең жоғары сатыдағы түрған тіршілік иесі — адам. Қазіргі кездегі жер бетіндегі адамдардың бәрі де бір ғана түрге — саналы адамга (Ното sapiens ) жатады
Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді . Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:
1, ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;
2,эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;
3,ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.

Негізгі бөлім :


Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық ф Адам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай табиғи әсерлердің нәтижесінде ертеде тіршілік еткен адамтектес маймылдардың денесінде елеулі анатомиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Адамтектес маймылдар бірте- бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қолдары еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыпталу адамдардың жеке топтарының еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуіне, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасалуына колайлы жағдай туғызды.
Фридрих Энгельс
Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде жекелей сұрыпталумен бірге, топтық сұрыпталу жүріп отырды. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820—1895) өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.акторлары

Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторларының бірі


Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Фридрих Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалады. Ол:

"Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз",


— деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, еңбек құралдарын жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән негізгі фактор. Маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүріп, өмір сүруіне жағдай жасады. Адамның екі аяғымен тік жүруі — "маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды" (Энгельс). Тік жүрудің нәтижесінде адамның омыртқа жотасында "S" әрпі тәрізді иіліс-бұрылыс пайда болып, ол Денеге солқылдақтық қасиет берді. Ал аяқтың басы (табан сүйектері) күмбездене түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде, миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды. Сондықтан да адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Тік жүруге көшудің де өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысуы ұрпақ тууды қиындатты. Адам денесінің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Оның есесіне қолдың жерден босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір жеңілдік туғызды. Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезеңінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: "Қол — еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге — қол еңбектің өз жемісі", — деп түсіндірді. Маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді. Биологиялық заңдылықтардың адам өміріне әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.
Қорытынды:Қорытып айтатын болсам адамның бұл дәрежеге жетуінде еңбектің рөлі үлкен,Фридрих Энгельс атамыз айтқандай Адамды адам еткен еңбек, Менде осы пікірді қолдаймын,Антропогенез ғылымы адамның шығу тегіні адамзат қоғамының даму кезеңдерін тарихын зерттейтін ғылым Қорыта айтканда, биологиялық (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, етті тағамды пайдалану, қоғамдық қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады
Пайдаланған Әдебиеттер:
Қазақ Энциклопедиясы
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік, Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық.
жүктеу 29.35 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет