Әлеуметтік тиімділік жұмысшылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерінің қанағаттану дәрежесімен анықталады. Фирманың әлеуметтік мақсаттар екі жақты процесс негізінде қалыптасады
Әлеуметтік тиімділік жұмысшылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерінің қанағаттану дәрежесімен анықталады. Фирманың әлеуметтік мақсаттар екі жақты процесс негізінде қалыптасады.
Бір жағынан, олар жұмысшылар әкімшіліктен қанағаттандырылуын талап ете алатын қажеттіліктер. (Оларға жұмыс жағдайын жасап беру және еңбекті мотивациялау, құқықтық қорғалуы, карьера жасауында көмек беру т.б.)
Екінші жағынан, фирманың әлеуметтік мақсаттары оның барлық мақсаттар жүйесінің параметрі, сондай-ақ оларды жүзеге асыру жағдайларын құру мүмкіншілігі болып табылады. Осы бағыттардан алып қарағанда, персоналды басқарудың әлеуметтік тиімділігі фирма жұмысшыларының қажеттіліктерін жүзеге асыру негізінде іске асады.