Фирманың персоналды басқару мақсатына жету үшін кейбір құндылықтар негізінде таңдап алатын құралдары мен тәсілдері персоналды басқарудың саясаты болып табылады
Фирманың персоналды басқару мақсатына жету үшін кейбір құндылықтар негізінде таңдап алатын құралдары мен тәсілдері персоналды басқарудың саясаты болып табылады.
Персоналды басқару саясаты негізделетін құндылықтар фирманың қызметінде адам ресурстарының орнын түсінуге бағытталған. Бұл құндылықтар фирманың саясатын өңдеуге әсерін тигізетін қатысушылардың қатынасында туады.
Осы құндылықтар негізінде персоналды басқару саясатының бірнеше түрлері бар:
Технологияның және шығарылатын өнімнің ерекшелігі.
Фирманың өмірлік цикл фазасы. Персоналды басқару үшін фирма өмірлік циклының қайсы фазасында екендігіне байланысты. (өсу кезеңі, кризис, қайта құру)
Фирма еңбек ресурстарының ерекшелігі.
Фирманың стратегиясы
Персоналды басқару саясаты фирманың таңдаған даму стратегиясына байланысты болады. Мысалы, егер, фирма біржақты спекулятивті стратегияны таңдаған болса, онда ол персоналмен қамтамасыз етудің нарықтық әдісін қолдайды (бір жұмысшыларды басқалармен тез-тез ауыстырып тұруы). Мұнда жұмысшылардың қызығушылықтары, оларды оқыту және квалификациясын жоғарлатуға назар аударылмайды.