Тақырып пен идея Джамалиева Айнаүл ко-19-22



жүктеу 218.24 Kb.
Дата24.11.2022
өлшемі218.24 Kb.
#24446
Тақырып пен идея

Тақырып пен идея

Джамалиева Айнаүл КО-19-22

Тақырып

  • Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырптан бастаған жөн. Өйткені тақырып - өнер туындысының ірге тасы. Жалпы шығармаға атау болып тұрған сөзді немесе сөз тіркесін тақырып деп білу қарапайым түсінік. Себебі «тақырып» ұғымының мәні одан гөрі әлдеқайда кең. Мәселен, қазіргі кезеңнің өзінде «тақырып» деген термин екі түрлі мағынада қолданылады:.
  • . Мәселен, қазіргі кезеңнің өзінде «тақырып» деген термин екі түрлі мағынада қолданылады:

1) Шығармада бейнеленген өмірлік материал ұғымында қолданылады
2) Шығармада көтерілген негізгі қоғамдық проблема ұғымында
  • Міне осының ішінде екінші анықтама «тақырып» ұғымының мәнін неғұрлым дәл береді. Оның сыры, біріншіден, бұл анықтама бойынша тақырыпты өмірлік материал деп қабылдай отырып, өмірлік материалды танып-білу шығармадағы бейнеленген құбылыстарды талдауға негізделеді. Екіншіден, тақырыпты шығарманың басты проблемасы деп түсінуге тақырап пен идеяның органикалық бірлігі себепкер болады. Көркем шығарманы тұтас дүние ретінде мұқият қарастырғанда ғана тақырыпты дұрыс анықтауға қол жекткізуге болады.

Идея

  • Шығарманың тақырыбы – сауал, идеясы – жауап деуге болар еді. Сонымен қатар 1 тақырыптан бір емес, бірнеше идея тууы мүмкін. Кейде шығарма идяесы тақырып, сюжет, образдар арқылы нақты көрінуі де мүмкін. Көркем шығармада түрлі деңгейде көрініс табатын философиялық, әлеуметтік, діни, моральдық, гуманистік, педагогтік т.с.с. идяелардың қандайы болса да, образдар арқылы, шығармадағы нақты қаһармандар қарым-қатынасы арқылы өнерге тән идеяға айнала алады
  • Автор өз туындысында әлеуметтік идеяларды бейнелеуді мақсат тұтса да, қарымды қаламгерлердің көркемдік дүниесінде бұл идеялардың болуы заңды құбылыс. Көркем шығарманың идеялығы дегенде, негізінен, әлеуметтік идеяның басты назарда болатыны да сондықтан. Әдебиеттің әлеуметтік идеялығы оның халықтық сипатынан танылады
  • Алайда көркем шығарманың тақырыптар мен идеялар қанша көп болғанымен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекер бірлік болады. Ол бірлік – идеялық бірлік. Оның өзі шығармаға арқау боп отырған шындықтан туады. Сонымен, осындай бір шығармадағы бірнеше жәгне әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз. Жазушының ой өзегі әрқашан қаз-қалпында көркем идеяға айнала қоймайды. Осыдан келеді де әр шығармадағы авторлық және объективтік идеялар туралы ұғым туады. Авторлық идея – суреткердң о бастағы ой өзегі, объективтік идея – нақты шығармадан туатын смақсатты нәтиже
  • Бұл екеуі ылғи бірдей бола бермейді. Кейде тіпті авторлық идеяға объективтік идея керағар кеп, қарама-қарсы шығуы да мүмкін. Ал оқырманға керегі – автордың идеялық мақсаты ғана емес, шығарманың идеялық нәтижесі.
  • Қортынды:
  • Тақырып пен идея - әдеби шығарманың мазмұны. Бұл екеуі бір бірімен қол ұстасып бірін-бірі толықтырады. Бірақ кейде бөлініп идея жоқ болуы да мүмкін, алайда идеясыз тақырыптың өзінің бір керемет бейнесі де бар

жүктеу 218.24 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет