Тақырып: Инклюзивті білім беру пәні. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі



жүктеу 44.3 Kb.
Дата13.02.2022
өлшемі44.3 Kb.
#17218
ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY

ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY




Мақала

БӨЖ №1

Тақырып:Инклюзивті білім беру пәні. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.

Орындаған:Оразғалиев М.Б.

Тексерген: Кабирова Н.У.

Семей 2022жыл

Қазіргі қоғамда инклюзивті білім беру әлемнің және еліміздің өзекті мәселелердің бірі болып саналады.Иә барлық бала бірдей білім алуға, бірдей тәрбие алуға құқылы. Бұл мәселе балаларға жаңа мотивация беріп қана қоймай, олардың осы өмірде өз орны бар екенін түсінуіне көмектеседі. Сол себеппен еліміз бұл мәселені шешуге тырысып жатыр.



Садықова Нұрзиға Нұрсапарқызы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Ерекше білім беру қабілеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ тәрбиешісі. Өз мақаласында арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу керектігін айтады. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті. Әлемдік педагогикалық қауымдастық үшін 1994 жылы Испанияның Саламан қаласында ЮНЕСКО ұйымдастыруымен өткізілген ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру бойынша Бүкіләлемдік конференция айқын оқиға болған. Нәтижесінде, педагогикаға «инклюзивті білім беру» термині енгізілді және инклюзивті білім берудің негізгі принциптері жарияланған. Аталған конференцияда қабылданған Саламандық декларация, «инклюзивті білім беруді» білім беруді дамытудың басты бағыты ретінде жариялаған болатын. Мұндай тұғырдың ерекше айырмашылығы сонда, бұл білім беру жүйесі әрбір баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне бейімделуі керек, мұнда жалпы білім беретін мектептерде бірлесіп оқытумен қатар, бірқатар балалар арнайы мекемелерде де оқи алатындығы жайында сөз қозғайды. Автордың айтуы бойынша бұл оқу жүйесін енгізу арқылы қоғамдағы дискриминацияны және сегрегацияны жойып, ерекше қажетттіліктері бар балалрды қоғамға баулып,олардың да толық қанды білім алуын қамтамасыз ете аламыз. Бұл жүйе арқылы баланы ғана емес оның ата-анасын да білім беру үрдісіне толық қатыстыруға мүмкіндік толатынын айтып өткен.Автордың ойынша бұл жүйенің негізгі идеологиясы балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру болып табылады. Бұл бағыт сол балалардың белгілі бір жетістікке жетуіне ықпал етіп, жақсы өмір сүруіне ықпалын тигізеді. Өз мақаласында автор бұл жүйенің барлық баларға ортақ мектепте,мектепте дейінгі оқу орындарында белсенді өміргі қатысуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар адамдармен қарым-қатынаста қажетті қабілеттерді қалыптастыратындығын айтып, инклюзивті білім берудің принциптерін жазып көрсетеді.
Қорытындылай келе, автор ойынша инклюзивті білім беру жүйесі арқылы баланың қоғамдағы орнын қалыптастырып,барлық балалардың бірдей деңгейде,бір ортада білім алуға құқығы бар екенін атап көрсетеді.





жүктеу 44.3 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет