3.5 TLabel компоненті
Label – мәтінді көрсету белгісі(метка). Caption қасиеті арқылы мәтін теруге болады. Оны программа құрған кезде немесе орындалу үстінде беруге не болмаса өзгертуге болады. Мысалы:Label.Caption:= «Гүлзат». Егер де цифрларды көрсету қажет болса, онда FloatToStr және IntToStr функцияларын пайдалануға болады. Бірнеше бөліктен тұратын мәтінді форматтауда «+» операциясы қолданылады. Мысалы, егер де программада белгілі бір ұйым қызметкерлерінің санын көрсететін І бүтін айнымалысы болса,онда Label1 белгісіне оны шығару керек.