Тақырыбы: Визуалды бағдарламалау ортасы. Қолданбалар пішімі. Пішім компоненттері



жүктеу 393.5 Kb.
бет12/21
Дата12.02.2022
өлшемі393.5 Kb.
#17177
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Delphi
Информатика кітап, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ, УМК ИТ в сервисе.Оргтехника (гос 2 пок) (1), 03.04.2020 -18-20 Қолданбалы информатика, 28.03.2020-18-21 Қолданбалы информатика, 07.04.2020-18-20 Информатика, СӨЖ3, instrukciya portal rus
3 Пішім компоненттері
3.1 TComboBox, TBitbtn,TButton компоненттері
TComboBox(Құрастырылған өріс)- формада тізім енгізілетін өріс түрінде көрінетін компонент. Программаның орындалу барысында тізімнен қажеттісі таңдалса, ол орнатылып қойылады.

TComboBox - ашылатын таңдау тізімі

TComboBox қиыстырылған тізімі TEdit және TListBox тізімі комбинацияларын білдіреді, сондықтан оның көптеген қасиеттері мен әдітемелері бұл компонентпен байланысты. Оның Style қасиеті анықтайтын 5 модификация бар: csSimple, csDropDown, csDownList,сsOwnerDrawFixed және csOwnerDrawVariable.

Біріншісінде тізім әрдайым ашық, ал қалған төртеуінде тізім редакторының оң жағындағы батырманы басқанда пайда болады. csDownList модификациясында таңдау тізімін көрсету режимінде жұмыс жасайды және оны жаңа таңдау жолын жазуда пайдалануға болмайды(ал өзге модификацияларда ол мүмкін). сsOwnerDrawFixed және csOwnerDrawVariable модификаторлары тізім элементтерін көрсетеді. Ол үшін қолданылатын қасиеттер мен әдістер TListBox компонентінің қасиеттері мен әдістемелеріне толығымен сәйкес келеді.

Компоненттің «Өзіндік» қасиеттері мен әдістері болып, тек тізімнің ашылуымен байланысты:

Property DropDownCount:integer;

Property DroppedDown:Boolean;

Property OnDropDown: TNotifyEvent;


DropDownCount қасиеті тізім элементтерінің санын анықтайды. Үнсіз түрде бұл қасиеттің мәні 8: егер тізімде 9 және одан да көп элемент болса, ол ашылған кезде жылжымалы жолақ терезеге қосылады. DropDown қасиеті сол сәтте тізімнің ашылуын анықтайды. OnDropDown оқиғасы тізім жағдайының өзгеру кезінде орындалады.

Тізімді элементтермен толтыру Add,Append, Insert және т.б.оның Tstring класты Items қасиетімен енгізіледі.



Sorted қасиеті тізімді алфавит бойынша реттеуге мүмкіндік береді. Егер Sorted=true болса, тізімге жаңа элементтер тізім соңынан емес,алфавит бойынша жазылады.

3.2 UpDown –қосарланған батырмасы

UpDown компоненті сандық өлшеуде қолданылады. Бұл батырмаларда өлшемді арттырып немесе кемітетін қос батырма бар. Әдетте UpDown компоненті реттелетін өлшем көрсетілген және қажет жағдайда оны редакторлейтін TEdit класты басқа компонентпен байланыстырады.

Егер ReadOnly қасиеті true болса, онда пайдаланушы терезеге ешнәрсе жаза алмайды және тек таңдауға мәжбүр болады.



UpDown компонентінің негізгі қасиеті – Associate, бұл стрелкалы батырмаларды басқа терезелік компонентпен, әдетте Еdit- пен байланыстырады.

UpDown компонентінің AlignButton қасиеті компоненттің орналасуын анықтайды. upLeft немесе upRight сәйкесінше терезенің сол және оң жағында компоненттің орналасуын анықтайды.

Orientation қасиеті компонент батырмасындағы стрелкалардың горизонталь немесе вертикаль (сәйкесінше udHorizontal,udVertical ) болуын анықтайды.

ArrowKeys қасиеті компонентпен клавиатурадағы стрелкалы клавиштерімен басқарылуын анықтайды.

Thousands қасиеті - енгізу санның разряды бойынша әрбір 3 цифр арасына пробел болуын анықтайды.

Min және Max қасиеті сәйкесінше минимум және максимум мәнін білдіреді.

Increment қасиеті батырманы басқанда санның өсімшесін білдіреді.

Position қасиеті санның ағымдағы мәнін анықтайды.

Wrap қасиеті санның максимум және минимум мәндерге жеткендегі жағдайын анықтайды. Егер мәні true болса, максимум және минимум мәнге жеткенде ол сәйкесінше максимум және минимум мәнін қабылдайды. Кері жағдайда ақырға мәндерін қабылдап тұра береді.



жүктеу 393.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет