2.4 Оқиғалар. Программалық код терезесі Delphi-де программалар түрлі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға – программаның жұмыс істеу барысында объект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның іс-әрекеті оқиға шақырады.
Delphi-де оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектіге байланысты оқиғалар көп. Мысалы, формаға байлансты оқиғалар саны – 35 (2-суретті қара).
Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиғалар атауының алдына On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі. Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар: