Тақырыбы: Мәжбүрлеу шаралары



жүктеу 184.68 Kb.
Дата08.02.2022
өлшемі184.68 Kb.
#17059
түріКодекс
Мәжбүрлеу шаралары

Тақырыбы: Мәжбүрлеу шаралары

Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті

Орындаған: Амандыкова А.А

Тобы: УСЮП 19-1

Тексерген: Садуакасова Л.О

Пәні: Азаматтық процестік кодекс

Мәжбүрлеу шаралары, құқық бұзушыға қолданылады. Ол келтірілген зиянды өтеу немесе келесі бір құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылады. Азаматтық құқықта тиісті қарызын өтемеген борышкердің мүлкін, қаражатын тұтқындау, алимент төлеушінің еңбекақысынан тиісті соманы ұстау, мүліктік зиянның орнын толтыру іспеттес шаралардан көрініс табады. Қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамға, егер де ол психикасы бұзылған немесе маскүнемдікке салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған жағдайда тағайындалатын медециналық Мәжбүрлеу шаралары белгіленген. Олар мынадай түрлерге бөлінеді: емханалық қадағалау және психиатрилық емдеу; жалпы үлгідегі психиатрилық стационарда емдеу; мамандандырылған психиатриялық стационарда емдеу; үздіксіз қадағаланатын мамандандырылған психиатриялық стационарда емдеу.

Сот мәжбүрлеу мен жауаптылық шараларын аталған тұлғаларға мына жағдайларда қолданады:

сот ісін шешуге араласқаны;

судьяға қатысты қоқан-лоқы жасағаны;

судьяны қорлағаны;

сот актілерін орындамағаны;

сотқа құрметпен қарамағаны;

Мәжбүрлеу мен жауаптылық шараларын сот төрелігі міндеттерін іске асыру мақсатында сот келесі тұлғаларға қолданады

іске қатысушы адамдарға;

процестің басқа да қатысушыларына;

жеке азаматтарға және заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына.

Сотта мәжбүрлеу шараларының екі түрі көзделген: Іске қатысушы адамдарды сотқа еріксіз келтіру. Еріксіз келтіру – бұл жауапкерді, куәні, сарапшыны, маманды және аудармашыны олар сотқа келуден қасақана жалтарған жағдайда сотқа мәжбүрлеп әкелу. Осы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот ұйғарымын шығарады, ал оны жүзеге асырумен (орындаумен) сот приставы немесе ішкі істер органдары айналысады. Іске қатысушы адамдарды сот залынан шығарып жіберу. 

Біріншіден, істі қарау кезінде сот залында тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды.

Екіншіден, егер тәртіпті қайталап бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстырады.



Үшіншіден, егер іске қатыспайтын және істі қарау кезінде қатысушы азаматтар тәртіпті қайталап бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі.
жүктеу 184.68 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет