Тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат» /5 – 6 сынып/ Мақсаты



жүктеу 41.55 Kb.
Pdf просмотр
Дата17.05.2017
өлшемі41.55 Kb.

Тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат» 

/5 – 6  сынып/ 

Мақсаты:  

 



оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру 

 



танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру                                     

 



ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру 

 



шығармашылық ізденістерін арттыру 

 



өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу 

 

Сабақтың түрі : сайыс сабақ 

 

Сайыс барысы



: 

 

Жүргізуші:  

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер!  

Бүгінгі «Информатика әлеміне» атты сайысымызға қош келдіңіздер!  

                         Мынау ұшқыр заманда, 

                         Жаңалық енді ғаламға. 

                         Компьютер тілін меңгеру, 

                         Қажеті туды адамға, – дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен 

таныстырып өтейік. Сайысқа екі топ қатысады.  



 

«Алғырлар» тобы: 

 

Ұраны:  

Жарыс десе жанамыз 

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. 

 

Сәлемдесу: 

Кластас ерігіп жүрме бос, 

Қол ұстас, бірігіп тізе қос. 

Жеңіспен мәреге барайық, 

Жеңістің ұранын салайық. 

 

«Тапқырлар» тобы: 

 

Ұраны: 

Қандай сынақ болса - дағы беріспе, 

Әрқашанда үміткерміз жеңіске. 

 

Сәлемдесу: 

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым 

Көрсетеміз бізде қандай күш барын 

Алға қойған мақсатымыз бір екен



Сәтті болсын сапарымыз әрдайым! 

 

Дүниедегі құбылыстың мәнін де, 



Интернеттің, жаңалықтың бәрін де 

Мүмкін емес информатикасыз түсіну, 

Компьютер  дүние  кілті  бүгінде,  -  демекші,  заман  талабына  сай  әрбір 

адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! 

 

Екі топқа  5 минут уақыт беріледі /әр сөз 1 ұпаймен бағаланады/ 

 

Тапсырма – 1. Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет. 

 



ПЕРНЕТАҚТА (перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет, ....) 



 



БАҒДАРЛАМА (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, ...) 

 

Тапсырма – 2. Екі топтың қайсысы сөзжұмбақты бұрын толтырады? 

1.

 

Дискіні оқитын құрылғы 

2.

 

Алғашқы шоттың грекше аты 

3.

 

Ақпараттың өлшем бірлігі 

4.

 

Шығару құрылғысы 

5.

 

Windows-тың қазақша аудармасы 

6.

 

Дүниежүзілік компьютерлік желі 

 

 

Тапсырма – 3.  жұмбақ шешу 

1.

 

Бұтақ орнында мың бір инесі, 

     Компьютер жаны мекені (кактус) 

2.

 

Биологияда бұл паразит, 

           Көзге зорға көрінер. 

          Информатикада өлшем бірлік, 

                Ақпараттарды өлшер (бит) 

3.

 

Экранның бетінде оның тұрағы

     Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер) 

4.

 

Егер білсең айта ғойшы, 

     Бұл қандай құрылғы. 

                 Ақпаратты қағаздағы, 

                 Компьютерге енгізеді? (сканер) 

5.

 

Жануарға ұқсас атым бар

                  Бағдар көрсетер затым бар. 

                  Кілемше үстінде тұрамын. 

                  Ең қажетті құралмын. (тышқан) 

6.

 

Бір сарайда тұрады екен, 

Бес атаның балалары. 

Қыдырмашы біреуі,  

Бір күн барда, бір күн жоқ. 

Оны есепке алсаң, 

Ұзын саны 107 (пернелік тақта) 

7.

 

Пернетақта ауылында тұратын, 

Пернелік деген атаның. 

Бар екен 12 ағайынды,  

Немерелері алғашқы. 

Есімдері де өздерінің, 

Тек қана F (эф) әрпінен басталады (функционалдық пернелер) 

8.

 

Ұзынтұра Жалқаубек, 

Тұрмай ылға жатады. 

Қозғала салса артынан, 

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі) 

9.

 

Төрбұрышты әйнек, 

Тұнып тұрған әлек (монитор) 

10.

 

Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын. 

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші, 

Қалай деп аталады, аты оның? (тышқан) 

 

Тапсырма – 4. Ребус шешу 

 

 

 



Тапсырма – 5. Информатика терминдерін теріңдер. 

 



 

ПРОГРАММАЛГОРИТМОНИТОРЕДАКТОРЕЦЕНЗИЯРЛЫКОНСТРУКТОР 



 

АЛГОРИТМАКЕТАБЛИЦАВТОФИГУРАБЗАЦЕНТРАФИКЛИПРИНТЕРНЕТ 



 

Тапсырма – 6.

 

Әр топ мүшелері кезекпен жауап береді.



  

 

І топқа арналған сұрақтар. 

1 – сұрақ: “ІNFORMATION” латын сөзі  мәлімет дегенді білдіреді ме? (иә) 

2-сұрақ: Ақпарат тасушы – сигнал болып табыла ма? (иә) 

3-сұрақ: Мәтін, радио арқылы хабар, арифметикалық мысал графикалық ақпаратқа жата 

ма? (иә) 



4-сұрақ: Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып интерфейс табыла ма? (жоқ)  

5-сұрақ: Сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық 

бағдарламаларда өңдеуге бола ма? (иә) 



6-сұрақ: Қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма? (иә)  

7-сұрақ: MS Word графикалық редактор ма? (жоқ) 

8-сұрақ: Кез келген санның 0 дәрежесі 0 ме? (жоқ) 

9-сұрақ: Меңзердің сол жағындағы символды өшіру пернесі Delete пе? (жоқ) 

10- сұрақ: Чарлз Бэббидж компьютердің атасы ма? (иә) 

          2 – ші топқа арналған сұрақтар: 

1-сұрақ: 1642 жылы алғаш қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап 

тапты ма? (иә) 



2-сұрақ:  ЕNIAC –тың (І ЭЕМ) салмағы 1 т болды ма(жоқ 30т) 

3-сұрақ:  Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма? (иә) 

4-сұрақ: Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: 

Alt+Ctrl ма? (жоқ) 



5-сұрақ: Қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл 

(құжат) сақтауға бола ма? (жоқ) 



6-сұрақ:

 

Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock  болып табыла ма? (жоқ)



  

7-сұрақ: ЭЕМ-нің 5 буыны бар ма? (иә) 

8-сұрақ: Принтердің 4 түрі бар ма? (жоқ)  

9-сұрақ: Монитор адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы ма? (иә)  

10-сұрақ:

 

Пробел бос орын қалдыру пернесі ме? (иә)  



Тапсырма – 7. 

1.

 



Шығару құрылғысын дөңгелектеп қорша: монитор, принтер, сканер, микрофон, 

дыбыстауыштар, дискеттер. 

2.

 

Енгізу құрылғысын дөңгелектеп қорша: пернетақта, микрофон, дискеттер. 



3.

 

Қандай құрылғы компьютерде ақпараттарды сақтайды, астын сыз: жады, 

пернетақта, микрофон, қатқыл диск. 

4.

 



Қандай құрылғы ақпаратты қағаз бетіне басып шығарады, астын сыз: 

принтер, монитор, флэш-карта. 



 

 

 

Жүргізуші: Өрбітіп ойлар ойда қала берер, 

                    Білім сана толастап жана берер. 

                    Әділқазыларды ортаға шықрайық. 

                   Сайыскерлерге әділ баға берер. 

(Әділқазылар алқасына сөз беріледі). 



 

Жүргізуші: Осымен бүгінгі информатика әлеміне саяхатымыз өз мәресіне жетті, 

қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет.  

                          Информатика нық басып ғаламатта, 

                         Ой бөлісіп заманды саралапты. 

                         Қош болыңдар, қымбатты көрермендер, 

                         Қайта айналып көріскенше саламатта. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 41.55 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет