Тақырыбы : «Ортағасырдағы Араб философиясы» Жоспар : Араб философиясы



жүктеу 28.53 Kb.
Pdf просмотр
Дата18.01.2017
өлшемі28.53 Kb.

Философия жəне оның қоғамдағы рөлі 

Тақырыбы

: «Ортағасырдағы Араб философиясы» 

Жоспар



1. Араб философиясы. 

2.   Философияға үлес қосқан ғалымдары. 

Араб

 философиясы – мұсылман дінін қабылдаған жəне араб тілінде 

сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дəуіріндегі 

философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы 

мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін 

ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-

жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мəселелерді 

талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан жəне тіпті оның кейбір 

догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. IX ғасырда 

арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар философиямен 

танысты. Олар Аристотельдің философиясына жəне оның жаратылыстану 

мен логика мəселелеріне баса назар аударды. Аристотельдің негізгі 

концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – 

Аль-Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп 

есептелді. 

    Аль-Кинди (800-870 ж.ж.) – араб философы, астрологі, математигі əрі 

дəрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль-Кинди өзінің 

дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын 

алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен 

өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нəрсені ойдағыдай тануға 

мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль-Киндиге күпірлікпен 

қарады. Аль-Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана 

сақталған. 

    Шығыс перипатетизмнің одан əрі дамуы Əль-Фараби мен Ибн Синаның 

есімімен байланысты. Аль-Киндиге қарама-қарсы түрде бұл философтар 

дүниенің мəнділігін дəлелдеді. Құдай «өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді 

олар. 


       Əл-Фараби Əбу Нəсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы 

Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) – Шығыс 

философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. 

Аристотель мен Платонды зерттеуші жəне толықтырып жалғастырушы 

(Əлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Негізгі 

шығармалары: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», 

«Əлеуметтік-эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. 

Əл-Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ əулие 

бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мəшһүр 

болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым 

жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған 

орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Əл-Фараби Ибн 

Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн-Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның 

Философиясы мен ғылымына ықпал етті. 



    Ибн Сина Əбу Əли (лат. айтылуы – Авиценна, 980-1037ж) ортағасырдағы 

тəжік философы, дəрігері жəне ғалымы. Бухарада, Иранда өмір сүрген. «Білім 

кітабы» («Даниш намаз»), «Емдеу кітабы», «Медицина каноны» жəне т.б. 

еңбектердің авторы. Ибн Сина Ислам дінін жақтай тура, көне дүние 

философиясы мен ғылымын арабтарға, Еуропа елдеріне таратуда игі ықпал 

жасайды. Ол өзінің философиялық ілімінде Аристотельдің материалистік 

жəне идеалистік бағытын ұстады, ал кейбір мəселелерде аристотелизмнен бас 

тартып, неоплатонизм жағына шығады. Аристотельдің логикасын, 

физикасын жəне метафизикасын жетілдірді. Ол материяның мəңгілігін 

мойындады, оған бір тектес заттардың əрқилы себептері деп қарады жəне 

астрлогиямен басқа да сəуегейліктерге қарсы шықты. Əл-Фараби мен Ибн 

Синаның перипатетизмінен қатарласа суфизм ілімі де көрініс тапты. Суфизм 

– (араб. суф-жүн, суфи-жүннен тоқылған шекпен) – Исламда 8-9 ғ.ғ. пайда 

болған жəне Араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық ілім. 

Ертеректегі Суфизмге жекелеген материалистік элементтері бар пантеизм тəн 

болды. Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ал айналадағы заттар мен 

құбылыстар оның эманациясы дей отырып, Суфизмнің ізбасарлары өмірдің 

ең жоғарғы мақсаты адам жанының Құдаймен бірігуі деп жариялап, жер 

бетіндегінің бəрімен (пендешіліктен) қол үзуді талап етті. «Құдаймен бірігу», 

Суфизм ілімі бойынша, діндарлардың өзін-өзі ерекше шабыттану жағдайына 

жеткізген кезінде ғана іске асады. Суфизмнің көрнекті өкілдері Əл-Ғазали 

(1059-1111), Суфи Алаяр (1720 жылдарда өмір сүрді), Ахмет Яссауи. 

        Əл-Ғазали Ибн Мухаммед (1059-1111) – ислам дінін зерттеуші ғалым, 

философ. Оның эстетикалық көзқарасы мінез-құлық философиясымен 

байланысты. «Дін ғылымының жандануы» атты шығарманың авторы. Сезім 

түйсігі мен елес қана емес, сонымен қатар ақыл-парасаты жететін объектілер 

де ("тамаша мінез", "тамаша ғұмыр") тамаша бола алады. Адамның рухани 

əдемілігіне баға беру тəн сұлулығына баға беруге қарағанда күрделірек. 

Музыканы көңіл көтеретін нəрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың 

қажеті жоқ, ал музыкадан лəззəт алатын,  сазды əуендерден рахат сезіміне 

бөленетін адамдарға тыңдауға болады. Əл-Ғазали Құранның жəне кəдімгі 

поэтикалық шығармалардың адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін 

зерттпей келіп, соңғысының артықшылығын атап көрсетеді: алғаш рет 

естіген əуен бұрынғы белгілі өлеңге қарағанда күштірек əсер қалдырады. 

Құранды жұрттың бəрі жатқа біледі, ал ақындар əрдайым жаңа шығарма 

жазады, өлеңдері ырғақты келеді, көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға 

түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді; 

Құран сүрелерін əуенге қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран-Құдай 

жаратқан ғажап еңбек. 

Ибн Рушд Мухаммед (1126-1198 ж.ж.)  - Кортово халифаты 

тұсындаИспаниядаөмірсүрген орта ғасырлық араб ғалымы, философы. 

Негізгішығармалары: «Жоққашығарудыжоққашығару», 

«Дінменфилософиялықсалыстырмалыбайланысынталқылауданшығатынқоры

тынды». Ислам дініненқолүзбей-ақ материя мен 

уақыттыңмəңгілігінжəнеолардыешкімніңжаратпағандығындəлелдеп, 


адамжаныныңөшпейтіндігі мен о 

дүниелегіөміртуралыаңыздыжоққашығарды. Ибн Рушд 

философияда«Қосақиқат»ілімініңнегізінқалаушы.  Ибн Рушдтың Аристотель 

шығармаларынажазғантүсініктемесіЕуропафилософтарынантикалықфилософ

тарментаныстырудаүлкенрөлатқарды. Ибн-рушдақыл-

парасаттыңнанымнанартықшылығыннегіздеді, 

діниілімдіуағыздаушылардыңфилософиялықмəселелерменайналысуыныңзаң

сыздығынатапайтты. 

Соныменбіргеолфилософтардыөздерініңілімінкөпшілікалдындажарияламауға

шақырды, өйткенімұныңөзіадамдардыдінисенім-нанымнанайыруы, 

демекадамгершілікқағидаларынан да айыруымүмкін. Ибн-

РушдтыңіліміортағасырлықБатысЕуропалықфилософиядаеркінойдыңдамуын

азорықпалетті. 

    Ахмед Яссауи (шамамен 1093-1166-67 ж.ж.) – 

түркіліксуфизмніңнегізінсалушы, Түркстан (Яссы) шаһарыныңмаңындағы 

Сайрам (Исфиджаб) қаласындатуған. ОныңесіміТүркстанның «Кіші Мекке» 

депаталуынатікелейқатысты. Ахмед 

Яссауидіңмистикалықтанымыныңтүркілік «тарихаты» 

түрктайпаларыныңмұсылманшылыққа бет бұруынаайтарлықтайəсерінтигізді. 

Ахмед Яссаудің «Диуана Хикмет» (парасаттысөздержинағы) 12 

ғасырдағыжазылған, келерұрпақүшінғибраталатынасылмұраболыптабылады. 

      Ахмед Яссауи 62 жасқакелгенде, «Пайғамбаржасынажеттім, 

пайғамбарданартықкүнкөругеқақымжоқ»,- деп, жерастына – халуаға (халуа- 

жалғыздықта болу) түседі. Өмірініңаяғынадейінөзғұмырынсолхалуадаөткізіп, 

бар уақытынХақ (Құдай) жолынаарнайды. 

 

 



Каталог: dist zaoch -> 2kurs -> 2FK-1kz
2FK-1kz -> Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі
2FK-1kz -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
2FK-1kz -> 1. Баскетбол. Ойындағы қорғану техникасы
2FK-1kz -> 2. Оқытудың жоспарланған нəтижесін бақылау
2FK-1kz -> Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым министрлігі Министерство образования и науки Республики Казахстан
2FK-1kz -> 1. Саяси ілімдер тарихы Жоспар
2FK-1kz -> Хіх ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан
2FK-1kz -> Тақырыбы: дене тəрбиесі пəнінен үлгеру бағасы жəне емтихан талаптары
2FK-1kz -> 1. Гимнастиканың даму тарихы

жүктеу 28.53 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет