Табиғат абаилдаев



жүктеу 0.58 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата29.04.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

27  а тар, 2015 жыл

ЖЫЛ  ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТАПСЫРМА  МЕН  ТАЛАП



Баймаханбет АХМЕТ, 

«Ақ жол».

Облыс  əкімдігі  білім  басқармасының 

кеңейтілген  алқа  мəжілісі  Тараз  қаласы 

мен  аудан  əкімдері  орынбасарларының, 

білім  бөлімдері  мен  орта  жəне  арнаулы 

оқу  орындары,  мектепке  дейінгі  жəне 

мектептен  тыс  мекемелер    басшылары 

мен қызметкерлерінің, сала ардагерлерінің 

басын  қосты.  Жиынды  облыс  əкімінің 

орынбасары  Ерқанат  Манжуов  ашып, 

жүргізіп отырды.

Онда  басқарма  басшысы  Сұлушаш 

Құрманбекова салада былтыр атқарылған 

ж ұ м ы с т а р д ы ң   қ о р ы т ы н д ы л а р ы , 

еліміздегі  білім  беруді  дамытудың 2011-

2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы  мен  Елбасының  «Нұрлы 

жол – болашаққа  бастар  жол»  атты 

халыққа  Жолдауында  алға  қойылған 

міндеттердің  орындалуы  барысы 

туралы    есеп  берді.  Сапалы  білім  мен 

саналы  тəрбие  сала  қызметкерлері  үшін 

басты  көрсеткіш  екені  белгілі.  Осымен 

байланысты есепті мерзімде мемлекеттік 

бағдарламада көзделген 4 индикатор мен 

19  көрсеткіш  бойынша  оң  нəтижеге  қол 

жеткізілгені, халықаралық, республикалық 

деңгейде  өткізілген  интеллектуалдық, 

пəндік  олимпиадаларда,  ғылыми  жоба 

жарыстарында, басқа да байқауларда 202 

мұғалім мен 4085 оқушының жеңімпаз деп 

танылғаны жетістік ретінде атап өтілді.

«Мұның  бəрі  де  мектепте  білім 

алуға  қолайлы  жағдайлар  жасалуына, 

оқыту  сапасының  жаңашылдықпен 

жаңғыртылуына  да  байланысты», – деді 

басқарма  басшысы.  Оның  айтуынша, 

былтыр  саланы  қаржыландыруға 75, 

8  миллиард  теңге  (мұның  алдындағы 

жылмен  салыстырғанда 1, 2 есеге 

артық)  бөлінген.  Соның  нəтижесінде 

мектептердің  жаңа  модификациялы 

кабинеттермен  жабдықталуы  едəуір 

жақсара  түскен.  Өңірдегі  колледждерде 

д уа л ь д і к  о қ ы ту  т а б ы с т ы  ж ү з е ге 

асырылуда.  Апатты жəне үш ауысымды 

6  мектеп  пен  оқушы  орны  тапшылығы 

бар 1 мектептің  мəселесі  оң  шешімін 

тауып,  күрделі  жөндеуден  өткен  білім 

нысандарының саны артып отыр. 29 білім 

беру нысанының былтыр 15-і пайдалануға 

берілді, биыл 14-і іске қосылмақ. Сондай-

ақ,  Елбасы  Жолдауына  сəйкес,  Ұлттық 

қордан  қаржыландырылатын  нысандар 

тізбесіне биылғы жылға 1160 орындық 4 

балабақшаның құрылысы енгізілген.

Мектептерде құрылған оқушылардың 

ғылыми  қоғамдары  мен  оған  қамтылған 

оқушылар  санының  артуы,  жыл  ішінде 

4469  педагогтың  біліктілік  көтеру 

курстарынан өтуі,  директорларға арналған 

білім менеджерлері клубтарының енгізілуі 

оқыту  сапасы  жақсаруына  оң  серпін 

беруде. Өңір педагогтарының  11688-і (51,4 

пайызы) инновациялық технологияларды 

өз  тəжірибелерінде  табысты  қолданып 

та  отыр.  Бүгінгі  таңда  облыстағы 3  

балабақша, 25 мектеп, 24 колледжде 52 

экспериментальдық  алаң,  сондай-ақ, 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  үлгісі 

негізінде  үш  базалық  мектеп  жұмыс 

істейді. Биыл Байзақ,  Меркі, Т.Рысқұлов, 

Шу  аудандарында  аумақтық  тірек 

мектептері ашылмақ. 

Облыстың  бас  педагогы  сабақтан 

тыс уақытта қосымша біліммен, кешенді 

бұқаралық  спорттық  іс-шаралармен 

к ө п т е п   қ а м т уд ы ң   н ə т и ж е с і н д е , 

жасөспірімдер  арасында  қылмыс  саны 

азайып, облысымыз республика көлемінде 

он  мың  жасөспірімге  шаққанда  қылмыс 

деңгейі  төмен  үш  облыстың  қатарына 

енгенін жеткізді. 

Бір  атап  өтерлік  жай,  бұрнағы  жылы 

жетім  жəне  ата-ана  қамқорлығынсыз 

қалған 2161 баланың 1732-сі (80 пайызы) 

қамқоршылық  пен  қорғаншылыққа, 

п ат р о н ат т ы қ   т ə р б и е ге   бе р і л ге н . 

Мемлекеттік  білім  беру  жинақтау 

жүйесі  бойынша  балалар  үйлерінің 244 

тəрбиеленушісі мен түлектеріне білім беру 

депозиттері ашылыпты. Бүгінгі күні жетім 

жəне  ата-анасының  қамқорлығынсыз 

қалған 358 бала тұрғын үймен қамтамасыз 

етіліп  те  отыр.  Есепті  мерзімде  мұндай 

санаттағы  жасөспірімдердің 113-іне 

облыс орталығындағы «Бəйтерек» мөлтек 

ауданынан, 26-сына Сарысу ауданынан, 13-

іне Талас ауданынан тұрғын үй берілген. 

Облыс  көрсеткіші  республика  бойынша 

бұл тұрғыда да алдыңғы орындарда.

Баяндамада  мұғалімдердің əдістемелік 

біліктіліктері  мен  оқушылардың  білім 

нəтижелерін  арттыру  мəселесі  де  сөз 

болып,   шалғай  ауылдарда  соңғы 

жылдары ашылған мектепке дейінгі тəрбие 

мекемелерінде  бірінші  жəне  жоғары 

санатты  тəрбиешілердің  үлесі  аздығы, 

бірқатар  аудандарда  жеткіншектерді 

ғылымға  баулу,  қосымша  білім  беру  ісі 

жүйелеуді  қажет  ететіндігі  өткір  сын 

тезіне  алынды.  Əсіресе,  оқушыларды 

биылғы  ҰБТ-ға  даярлау  сапасы  əлі  де 

қанағаттанарлықтай  деңгейде  емес. 

Бітірушілерді  ақпараттық  қамтамасыз 

ету  мен  олардың  білім  сапаларын 

мониторингтік  зерделеу  жетімсіздеу. 

Меркі, Т. Рысқұлов, Мойынқұм, Жамбыл, 

Қордай  аудандарында  бітірушілер 

арасында сынама тестілеулер өткізу ісіне 

əдістемелік  тұрғыда  келу  күшейтілуі 

тиіс.  Шу,  Байзақ,  Жуалы,  Талас,  Сарысу 

аудандарында байқап көру сынақтарының 

көрсеткіші  талап  етілген  межеден  де 

төмен.

Осы ретте Ерқанат Нұрбапаұлы аталған 



есепте бірқатар мəселелер қамтылғанын, 

сын  да  болғанын,  дегенмен,  білім 

мекемелері  басшыларының  олимпиадаға 

қатысушыларға ғана емес, оқушылардың 

барлығына да бірдей айрықша қамқорлық 

жасап, олардың білім жəне үлгерім сапасы 

жақсартылуына күш салуы керектігін атап 

көрсетті.

Б ұ д а н   с о ң   « Д а р ы н »   м е к т е п -

интернатының  мұғалімі  Н.  Волотько, 

Жамбыл  политехникалық  колледжінің 

оқытушысы  Қ.  Құдабаев,  ТарМПИ 

проректоры  Р.  Амандосова  оқытуды, 

с о н д а й - а қ ,   о қ у ш ы л а рд ы   ұ л т т ы қ 

бірыңғай  тестілеуге  дайындауды  тиімді 

ұйымдастыру  жөніндегі  тəжірибелерін, 

ой-ұсыныстарын ортаға салды.

Білім жүйесі шешуі де, күрмеуі де қиын, 

күрделі сала екені белгілі.  Тындырылғаны 

аз емес, алда əлі қыруар іс тұр. Осымен 

байланысты  облыс  əкімінің  орынбасары 

Е.Манжуов  мəжілісті  қорыта  келе,  сала 

қызметкерлері алдына бірқатар міндеттер 

қойды.  Атап  айтқанда,  қала,  аудандар 

əкімдеріне,  басқарма  мен  оның  салалық 

құрылымдары басшыларына  тиісінше жеке 

секторларды тарта отырып, жеке меншік 

балабақшалар  желісін  одан  əрі  кеңейту, 

оқушыларды  оқулықтармен,  əдістемелік 

оқу құралдарымен жеткілікті қамтамасыз 

ету,  ҰБТ  өтетін  тестілеу  пункттеріне 

оқушылар  тасымалдайтын  автобустарды 

түбегейлі жаңарту, облыстық кəсіпкерлік 

палатасымен  бірлесе  жекешелендірілуге 

ұ с ы н ы л ғ а н   к о л л е д ж д е р д і 

оңтайландырумен  байланысты  жұмысты 

ширату,  мектептерге  кезең-кезеңімен 

бейнекамералар орнатылуының жоспарын 

жасау,  оқушылардың  жазғы  демалысы 

басталғанға  дейін  ауылдардағы  спорт 

алаңшалары  жұмысын  жолға  қою, 

сондай-ақ,  өңірдегі  қосымша  білім 

беру  мекемелері  жұмысын  жандандыру 

мəселелерін үйлестіруді тапсырды. 



Амангелді ƏБІЛ,

«Ақ жол».

Облыс  əкімдігінің  энергетика  жəне 

тұрғын  үй-коммуналдық  басқармасы 

–  өңірдегі  іргелі  құрылымдардың  бірі. 

Жұмысы  сан-салалы  болғандықтан, 

басқарма басшысы Мұхтар Төлеулиевтің  

2014  жылы  атқарылған  жұмыстары 

туралы  есебіне  облыс  əкімінің  бірінші 

орынбасары  Бекболат  Орынбеков, 

бірқатар  басқармалардың  тізгінін  ұстап 

отырған  əріптестері,  Тараз  қаласы  мен 

аудан  əкімдерінің  орынбасарлары, 

ком м у н а л д ы қ   к ə с і п о р ы н д а рд ы ң 

жетекшілері  қатысты.

Жиынды  Б.Орынбеков  ашып, 

Мемлекет  басшысының  «Нұрлы  жол-

болашаққа бастар жол» атты Жолдауынан 

салаға қатысты туындайтын міндеттерді 

қысқаша  еске  салды.  Одан  кейін 

М.Төлеулиев баяндама жасады. 

Басқарма электр, жылу энергетикасы 

нысандарын,  жылу,  жел  стансаларын, 

г а з б е н ,   с у м е н   қ а м т а м а с ы з   е т у 

н ы с а н д а р ы н   ж ə н е   т ұ р ғ ы н   ү й -

коммуналдық  шаруашылық  салаларына 

басшылық  ететінін,  былтырға  бөлінген 

жылдық  жоспар 10 052 миллион 

теңге  болса,  осы  қаржының 10 031 

миллион теңгесі игеріліп, 99,8 пайызды 

құрағанын  атап  көрсетті  баяндамашы. 

Жылу,  электр  энергетикасы,  отынмен 

қамтылу, газдандыру жұмысы, тұрғын үй 

коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 

есептегіш  құралдарының  орнатылуы 

жəне  басқа  да  атқарылған  жұмыстарға 

жеке-жеке тоқталған басқарма басшысы 

өткен  жылды  шығынмен  аяқтаған 

кəсіпорындарды да атап өтті. Жіберілген 

кемшіліктер де айтылды. 

Б а я н д а м а ш ы д а н   к е й і н 

«Таразэнергоорталығы»  акционерлік 

қоғамының  президенті  Мырзахан  

Бұрханов,  облыс  əкімдігі  құрылыс,  

жолаушылар  көлігі  жəне  автомобиль 

жолдары  басқармасының  басшысы  

Рахманқұл Байтелиев жəне басқалар сөз 

алды. Олар электр энергиясын тарату жəне 

өңірдегі құрылыс нысанын қабылдап алу 

жөнінде  өздерінің  пікірлерімен  бөлісті. 

Р.Байтелиевтің сөзіне қарағанда,  Талас, 

Байзақ  жəне  Жуалы  аудандарындағы 

ауыз  су  құрылысын  қабылдап  алу 

кезінде  біршама  қиындықтар  орын 

алған. Мəселен М.Төлеулиевке құрылыс 

нысанын  қабылдап  алатын  бір  маман 

бөлсеңіздер  деген  ойын  жеткізді.  Ол 

иесі  жоқ  электр  желілері  мəселесін 

шешетін  уақыттың  жеткеніне  де  назар 

аударып,  энергетика  жəне  тұрғын  үй-

коммуналдық  басқамасының  биылдың 

жылдық  жоспарына  осы  мəселені  де 

енгізуді ұсынды. 

М.Төлеулиев иесіз қалған 56 шақырым 

электр  желісін  коммуналдық  меншікке 

алу  үшін  жұмыс  жүргізіліп  жатқанын, 

көпқабатты  тұрғын  үйлердегі  электр 

қуаты  жүретін  желілердің  жөнделу 

үстінде екенін  айтты.

Облыс  əкімінің  бірінші  орынбасары 

Б.Орынбеков  М.Төлеулиевтің  есебін 

қорытындылай  келе,  негізгі  атқарылған 

жұмысты  баяндағанын  атап  көрсетті, 

бірқатар  мəселелердің  қамтылмай 

қалғанына да назар аударды. Баяндамада 

мемлекеттік  əр  бағдарлама  бойынша 

жеке-жеке  қамтылмағанын,  мəселен, 

моноқалаларды  дамыту  бойынша  кəріз 

жүйесі  туралы  атқарылып  жатқаны 

жұмыстар айтылмағанын еске салды. Бұл 

мəселенің  қатаң  бақылауда  болу  қажет 

екенін  айтқан  Бекболат  Серікбекұлы 

облыс  орталығындағы  «Бурыл»  жəне 

«Арай» алқаптарындағы шешімін күткен 

бірқатар  мəселелерді  алға  тартып, 

Тараз  қаласындағы  жылу  жүйелерін 

жаңартудың жобалық-сметалық құжатын 

дайындауға  қаржы  аударуды  шұғыл 

шешу қажет екенін тапсырды. Облысты 

газдандыру,  жаңғырту  қарқын  алғанын  

еске  салған  ол  Тараз  қаласындағы  газ 

қондырғыларын  сыртқа  шығару  да 

кезек күттірмейтін мəселе екенін айтты. 

Облыста  басқарма  тарапынан  өңірде 

шешімін  күткен  басқа  да  мəселелерді 

алға тартып, оны шешуді М.Төлеулиевке 

жүктеді.  



www.akjolgazet.kz

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: БАҒДАРЛ

АМАЛАР ІС

 ЖҮЗІНД


Е

О бл ы с   ə к і м д і г і н і ң   ау ы л   ш а руа ш ы л ы ғ ы 

басқармасының  мəліметі  бойынша,  бүгінгі  таңда  

«Сыбаға» бағдарламасы аясында үш шаруашылықта 

800-ге  жуық  мүйізді  ірі  қара  малынан  жоғары 

өнімді ет алу мақсатында «герефорд», «ангус» жəне  

«лимузин» тұқымдары өсірілуде.

Бұл элиталы мал тұқымдары көнбіс, қазақстандық 

ауыспалы  климаттық  ауа  райына  тез  үйренеді. 

«Лимузин» етті  тұқым  бойынша екінші,  ет сапасы 

бойынша бірінші орынды иеленеді жəне бордақылау 

кезінде 15 айда  таза  салмағы  450-500 килограмм 

болады. Ал «ангус» тұқымы мал шаруашылығының 

өрісті  жайылым  жағдайы  дамыған  əлем  елдерінде 

кенінен  танымал  əрі 15 айлық  бордақылауда 

бұқашықтарының салмақтары 500 килограмға дейін 

артады. Асырау мен жемдеуде жағдай талғамайды, 

ауа  райына  төзімді  келеді.  Бұл  тұқым  түрлерінің  

таза  салмақ  көрсеткіші  Қазақстанда  өсірілетін 

өзге мүйізді ірі қара малына қарағанда анағұрлым 

жоғары.

«2012  жылдан  бері  Қордай  ауданында  элиталы  

мүйізді ірі қара малымен  Ирландиядан əкелінген 

«ангус»  тұқымын  өсіретін  «Қақпатас-Қордай» 

ЖШС,  (Канада елінен əкелінген «ангус» тұқымы) 

«Бай-Нұр»  ШҚ  жəне  (Солтүстік  Америкадан 

əкелінген «ангус» тұқымы) «Афион-Қордай» ЖШС 

шұғылдануда. Одан бөлек, Мойынқұм ауданында 

«Мойынқұм-Агро» компаниясы құны 5 миллиард 

теңге болатын ірі жобаны жүзеге асыруды көздеп 

отыр. Жоба аясында 26,6 гектар жер телімі бөлініп,  

20 мыңға жуық асыл тұқымды сиыр мен бұқа сатып 

алынбақ», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы 

басқармасының басшысы Абдалы Нұралиев.

Облыста  «Сыбаға»  бағдарламасы  бойынша 

малайзиялық «СмартАгроКаркара» компаниясымен 

бірлескен жобаны іске асыру үшін  жер учаскелері 

бөлініп, бизнес-жоспар даярланды əрі қаржыландыру 

көзі де қарастырылды. Бұл жобаны «ҚазАгроҚаржы» 

АҚ қаржыландырады.

«Сыбаға»  бағдарламасы  шаруашылықтарға 

құны 6-7 мың доллар тұратын  элиталы көбейтуші 

бұқаларды сатып алуға  мүмкіндік береді, əрине 

кейбір    шаруа  қожалықтарының  мұндай  мал 

түрлерін  сатып  алуға  қаражаты  жеткіліксіз. 

Мүйізді ірі қараның элиталы тұқымы күн сайын 

екі  килограмм  салмақ  жинауға  мүмкіндігі  бар. 

Осы  тəсілмен  мал  сойысқа  жөнелтіледі  де 600 

килограмм  таза  ет  алынатынын  да  еске  салды 

А.Нұралиев.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 

мəліметі  бойынша,  соңғы  үш  жылда  өңірдің  мал 

шаруашылық  саласы  қалыпты  өзгеріске  ұшырап, 

үш  тұқым  асылдандыру  шаруашылығы  ашылып, 

облыс  шаруа  қожалықтарындағы  мүйізді  ірі  қара 

саны 14,4-тен  20,6 пайызға дейін ұлғайды.

«Сыбаға» бағдарламасы – «ҚазАгро» холдингінің 

бастамасы. Аталмыш бағдарлама шаруашылықтарға 

мүйізді ірі қара малын алу үшін несие алу мүмкіндігін 

қарастырады.  Несиелеудегі  жылдық  пайыздық 

мөлшер 6 пайызды құрайды.

Абдалы НҰРАЛИЕВ,

облыс əкімдігінің ауыл шаруашылығы 

басқармасының басшысы.

Маржан РАҚАЙ,

«Ақ жол». 

Қыс қыса қоймаса да, малды ауылға 

бұл  мезгілдің  оңай  соқпайтыны  бар. 

Ертелі-кеш  түліктің  соңында  жүрген 

қарашаға  қашанда  көмек  көрсету 

керектігін облыс басшысы үнемі ескертіп 

отырады. Ал ол ескерту мен тапсырмалар 

нақты қалай жүзеге асырылып жатыр? 

Көзбен  көріп  қайту  мақсатымен  Талас 

ауданына жол тарттық. 

Малды  ауылда  молшылық.  Манағы 

Жуасбек  қария – біз  атбасын  алғаш 

тіреген  шаруа  қожалығының  иесі. 

Қаратау қыраттарында орналасқан Бүгіл 

қыстауында  қоныстанған  «Бағжан» 

деп  аталатын  қожалық  осы  қарияның 

үлкен  ұлы  Сағынбектікі.  Ақылшы  əке 

шаруаны шиырып отыр. 

Қыс  ортасынан  ауса  да  күн  жайма 

шуақ  болды  ғой  биыл.  Жиылған  шөп 

қорының  шетін  де  бұзбаған  секілді. 

Жарықтық  мал  тұяқ  серіппей-ақ  қыр, 

қыраттарда азықтанып жүр екен. Қоңды 

көрінді.  Малдан  өзге  көңілді  аударған 

тағы  бір  дүние  болды. «Е,  мынау  ма? 

Мемлекет  миллион  теңге  қаржы  берді 

бағдарламамен. Оған қырық бас саулық 

алдық. Елден жырақ отырған соң, бізге 

жасаған үлкен сыйы ғой үкіметтің. Жел 

жəне күн электр стансасын тегін орнатып 

берді.  Осының  арқасында  жарық  та 

бар,  теледидар  мен  телефон  да  қосулы. 

Сондықтан, еш жаңалықтан кеш қалып 

жатқанымыз  жоқ,  шырағым», – дейді 

қария  қуанышымен  бөлісіп.  Біздің  де 

көңіліміз көтеріліп-ақ қалды. Алыс ауыл 

назардан тыс қалмаған екен. Ақсақалдың 

алдында жүздеген қой, ондаған жылқысы 

мен  сиыры  бар.  Ал  былтыр  үлкен  ұлы 

Сағынбек  Кенжеев  шаруа  қожалығын 

ашып,  əке  жолын  жалғап,  ол  да  мал 

с анын  арттыруды  көздеген  екен. 

Биыл  да  «Жұмыспен  қамту – 2020» 

бағдарламасымен  «ангус»  тұқымды  екі 

бас бұқа алуды жоспарлап отыр. Отанның 

отбасынан басталатынын айтсақ, отбасы 

бизнесін  өрге  сүйреу  арқылы  бұл  жігіт 

алыс  қыстауда  отырып-ақ  ел  көсегесін 

көгертуде. 

Шаруа  жайын  сұрастырып  сыртта 

жүргенімізді  байқаған  Бибіажар  апа: 

«Үйге  бас  сұғып,  дастарханнан  дəм 

татыңдар», – деді.  Кірдік.  Көзге  бірден 

күбі түсті. Қыс ортасында айран шайқап, 

май  мен  құрт  жасап  отырған  осынау 

тіршілікке  қатты  қызыққаным-ай! 

Апаның  тарыдан  жасаған  бозасын 

айтсаңызшы...

Ақ  пейілінен  ажырамаған  ауыл 

адамдарының тыныс-тіршілігі қаланың 

қым-қуыт  тіршілігінен  бір  сəт  мүлде 

алысқа  алып  кетті.  Ойша  балалық 

шаққа  саяхат  жасап  кеткен  едім.  Отар 

қойды иіріп қойып, қос қойшы түскі ас 

ішуге келді. Біз қайта жолға шықтық.  

Басталған  жыл  молшылыққа  толы 

болар  деп  жорамалдап  қояды  Жуасбек 

қария.  Бүгілдің  бүгіні  жарқын  екен. 

Болашағы да баянды болатын түрі бар.   

Талас ауданы. 

ЖУАСБЕК ҚАРИЯ ҚАРТ ҚАРАТАУДЫҢ 

ҚОЙНАУЫНА ӨРГІЗГЕН МАЛЫН ДҮРБІМЕН 

СЫРТТАЙ БАҚЫЛАП ҚАРАДЫ ДА ҚЫРАУ 

ШАЛҒАН БАСЫН БІР СИПАП ҚОЙДЫ. КӨҢІЛІ 

ТОҚ. КҮН СӘСКЕГЕ ТАЯҒАН. МАЛ СУАРАТЫН 

УАҚЫТ БОЛЫП ҚАЛДЫ. МАЛШЫЛАР СУАТТАН 

АЛЫСТАП КЕТПЕГЕН БОЛАР ДЕП АЛАҢДАП

ДҮРБІСІНЕ ҚАЙТА КӨЗ САЛДЫ. «БАҚПАСАҢ, МАЛ 

КЕТЕДІ» ДЕГЕН, БАЛАМ. ҚАЙ ТҮЛІКТІҢ БОЛСА 

ДА ҚАСИЕТІ БАР. СОНДЫҚТАН, КҮН-ТҮН ДЕМЕЙ, 

МАЛДЫҢ СОҢЫНДА ЖҮРГЕНІМІЗ. МАШАҚАТЫ 

ЖОҚ ЕМЕС, ЕСЕСІНЕ ЕШКІМГЕ ҚАРАЙЛАМАЙСЫҢ

ҚОЛ ЖАЙМАЙСЫҢ». ЖАСТАЙЫНАН АТАКӘСІПТІ 

ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕН ЖУАСБЕК ҚАРИЯНЫҢ СӨЗІ 

РАС. БҮГІНДЕ ЕҢБЕК  АДАМЫНЫҢ ЕҢСЕСІ БИІК, 

АБЫРОЙЫ АСҚАҚ. 

ШЕШІМІН КҮТКЕН 

МӘСЕЛЕ

МӘСЕЛЕ

 КӨП

ТЫНДЫРЫЛҒАН 

ТЫНДЫРЫЛҒАН 

ІС АЗ ЕМЕС

АЛ АТҚАРЫЛАТЫНЫ ОДАН ДА КӨП

Елбасының 2013 жылғы 15 тамыздағы  №615 

Жарлығынан  соң,  барлық  деңгейдегі  əкімдер  халық 

алдында  есеп  беруді  дəстүрге  айналдырды.  Биыл  да 

ауыл  əкімдері  өз  ауылдық  округтеріндегі  атқарылған 

жұмыстары жөнінде жылдық есептерін беруде. 

Т.Рысқұлов  ауданында  алғашқылардың  бірі  болып 

Ақбұлақ ауылдық округінің əкімі С.Баймұратов округтің 

əлеуметтік-экономикалық  дамуы  жөніндегі  есебін 

берді. Аталған округке қарасты Қызылшаруа, Бəйтелі 

ауылдарында  өткен  жиында  əкімнің  жұмысына  оң 

баға берген тұрғындар өз кезегінде өзекті мəселелерді 

де көтерді. Мəселен, ақсақалдар алқасының төрағасы 

Ө.Көшкінбаев пен Ə.Баймұратов Қызылшаруа ауылында 

мəдениет  үйінің  жоқтығын  айтса,  Г.Мұраталиева 

мүмкіндігі шектеулі жандардың əлеуметтік мəселесін сөз 

етті. Қызылшаруа орта мектебінің директоры Ф.Даубаева 

оқушылардың қауіпсіздігіне алаңдайтындығын жеткізіп, 

Қорағаты  тас  жолының  бойына  қауіпсіздік  белгісін 

орнатуды  жəне  ойылған  көшелерді  жөндеу  керектігін 

айтты. Ауыл əкімі С.Баймұратов ұсыныстардың назарға 

алынатынын жеткізді.

  Есеп  беру  жиындары  Қарақыстақ,  Абай  ауылдық 

округтерінде де жалғасын тапты. Қарақыстақ ауылдық 

округіне  қарасты  Қазақ  ауылында  есеп  берген  ауыл 

əкімі  О.Танкеевке  ақсақалдар  алқасының  төрағасы 

Ө.Ниязқұлов  ауыз  су  мен  көгілдір  отынның  мəселесі 

шешілсе  деген  өтінішін  білдірді.  Мұндай  есеп  беру 

жиындары  бекітілген  кестеге  сəйкес  барлық  ауылдық 

округтерде жалғасты.  



Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.

Т.Рысқұлов ауданы.

ЕСЕП


ТҰРҒЫНДАР 

МӘСЕЛЕ КӨТЕРУДЕ

Заман ағымына сай, ғаламтор арқылы үйде немесе 

жұмыс орныңызда отырып тапсырыс беру мүмкіндіктері 

үлкен  қалаларда  жиі  кездесетіні  анық.  Енді  ғаламтор 

арқылы  тапсырыс  беру  Шу  ауданы  тұрғындарына  да 

жаңалық  болып  енуде.  Тұрғындардың  кеңсе  тауарларын 

базар  аралап,  дүкен  кезіп,  уақыт  шығындаудың  қажеті 

жоқ. Тапсырыс берілсе, сұрағаныңыз іздемей-ақ табылады. 

Мұндай  мүмкіндікті  шулықтарға  кəсіпкер  Марифатқан 

Құрбанов сыйлап отыр. 

–  Менің  саудамен  шұғылданғаныма  бес  жылдай  уақыт 

болды. «Адамнан  амал  артылмайды»  демекші,  ойлана 

келе,  сайт  ашып,  кəсібімді  жандандыруды  қолға  алдым. 

Бұл жоба кəсіпкерлерге ғана тиімді емес, сондай-ақ, барлық 

тұтынушыларға  қолайлы.  Əр  отбасының  бюджетінен  бір 

оқушыны  кеңсе  заттарымен  қамтамасыз  ету  үшін  қаншама 

қаражат  жұмсалатыны  белгілі.  Зерделей  отырып,  осындай 

шешімге  келдім.  Яғни, «тұтынушы  дүкенге  немесе  базарға 

барып, сатушымен саудаласып, кезекке тұрып, затын таңдап, 

оны  төмен  бағамен  алуға  тырысады»  деген  түсініктің 

ескіргенін  айтқым  келеді.  Кеңсе  заттары  қажет  болған 

жағдайда mario-shu.kz сайтына  кіріп,  əр  тұтынушы  үйінде 

не болмаса жұмыс орнында отырып-ақ өз таңдауын жасай 

алады.  Біздегі  тауарлар  бағалары  базар  нарқына  жəне 

өзге  дүкендерге  қарағанда 20-30 пайызға  төмен.  Ғаламтор 

сайты арқылы құжат рəсімдесе, тауарды тапсырыс берушінің 

жұмыс орнына, я болмаса үйіне жеткізіп отырамыз. Алушы 

жеткізілген заттарын түгендеп, оның сапасын бағалап барып 

затты қабылдап алады. Қазіргі уақытта жұмыстың бастамасы 

болғандықтан екі адамды жұмыспен қамтып, айлық жалақысын 

беріп отырмын. Тұтынушы саны көбейсе, жұмысшы саны да 

арта түседі. Оның барлығы талмай еңбектенгеннің арқасында 

келетінін  білемін.  Ұлтым  əзірбайжан  болғанымен,  жүрегім 

«Қазақстан»  деп  соғады.  Оның  үстіне,  мен  мемлекеттің 

бизнеске көрсетіп жатқан қолдауынан да құр алақан емеспін. 

Төменгі  пайызбен  несие  алып,  шаруамды  өрге  дөңгелентіп 

отырмын, – дейді жас кəсіпкер. 

Осы тұрғыда «Мен жастарға сенемін» деген Мағжан ақынның 

жастарға  тектен-тек  үлкен  сенім  артпағанына  көз  жеткіздік. 

«Заманына  сай – адамы»  демекші,  Марифатқан  сияқты  өзге 

жастарымыз  да  бүгінгі  қарыштап  дамып  келе  жатқан  егемен 

елімізге аянбай еңбек етер деген сенімдеміз.      


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 0.58 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет