Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.
Pdf просмотр
бет32/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

Ұл 
Қыз 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
188 
1) Кәсіби сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып жаз.  
Сапсалғы – Өркін -  
Инелік – Басыбалды - 
Мата - Патсайы - 
Оқушылар  барлық  уақытта  мәтіндегі  сөз  мағынасын  түсіне  бермейді,  жалпылай  түсінсе  де  нақты 
лексикалық мағынасын түсінбей қалуы жиі кездеседі. Сондай-ақ суретпен түсіндіру де барлық жағдайда 
мүмкін емес. Сондықтан оқушылар сөздікпен жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кәсіп, шаруашылықтың 
әр жерде әр түрлі болып келуін бесінші сынып оқушылары бірден түсіне қоюы қиын. Сондықтан респуб-
ликамыздың шаруашылығы, климаты, географиялық орны туралы мәліметті түсіндіре отырып, іздендіру 
әдісі арқылы кәсіби сөздер сөз байлығымызды арттыратын сөздер тобы екенін түсіндіру қажет.  
2)  Өзіңнің  ата-әжеңмен,  әке-шешеңмен  әңгімелесіп,  олардың  кәсібіне  байланысты  қолданатын 
сөздерді теріп жаз. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушы қоршаған ортасын, өмір сүрген қоғамын 
танып білуге үйренеді. Оқушы ізденімдік әдіс арқылы алғашқы білімдерін жетілдіріп, тереңдете отырып, 
ізденістің  нәтижесінде  жаңа  білім  алады.  Бұл  әдіс  арқылы  оқушы  өзін  зерттеу  жүмыстарымен 
айналысатын  ізденуші-шәкірт  ретінде  сезінеді.  Ізденімдік  әдіс  арқылы  орындалатын  тапсырмалар 
оқушының өз еңбегінің, өз ізденісінің нәтижесі болып табылады. 
Шешен  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру  әдісі  оқушылардың  ойын  анық,  дәл  жеткізуіне;  әсерлі, 
бейнелі сөйлеуіне септігін тигізеді. Шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру әдісі педагогика ғылымда-
рының  докторы  А.Қыдыршаевтың  еңбегінде  жан-жақты  талданған  [4].  Ғалым  осы  әдіске  сөздікпен 
жұмыс жасауды; мәтінді редакциялауды; тірек сөздер арқылы мәтін құрастыруды; тапсырылған тақырып 
бойынша  сөз,  баяндама  дайындауды  жатқызады.  Бұл  әдіс  арқылы  оқушылар  шешен,  әдемі  сөйлеуге 
үйренеді.  С.Рахметова  бастауыш  сыныптарда  сөздікпен  жұмыс  жасаудың  4  бағытын  көрсете  отырып, 
былай  дейді:  “Сөздік  -  қоғамның,  ұлттың  даму  деңгейін  байқататын  белгінің  бірі.  Сөздігі  бай  ұлттың 
рухани байлығы да жоғары болатындығы мәлім, өйткені ғылымы мен мәдениетінің дамуына қарай сөздік 
те дамиды. Ендеше оқушыларды мектептен бастап сөздікті пайдалана білуге үйретудің маңызы зор” [5, 
26].  Сөздікпен  жұмыс  жасау  арқылы  оқушылар  жаңа  сөздерді  үйренеді,  олардың  мағынасын  түсінеді, 
сөздік  қоры  байиды.  Мысалы,  1)  Түсіндірме  сөздікті  пайдалана  отырып,  берілген  сөздердің  қай  тілден 
енгенін анықта. 
Базар, шыны, аймақ, кәмпит, ұстаз, ноян, шәйнек, бақыт, мәшине, дүние, ұлыс, тілмаш.  
 
А р а б   т і л і  П а р с ы   т і л і  М о ң ғ о л   т і л і  О р ы с   т і л і 
 
 
 
 
 
2)  Диалектологиялық  сөздік  арқылы  берілген  сөздердің  мағыналарын  ажыратып,  тиісті  бағандарға 
топтап жаз. 
Ақсан, ақсерке, балым боз, жұлма, қаллама, доппа, етекене, қаттама, шир, үзбек, кеуіш, чыны май, 
доғаба, жемелек, бәтір, өскәт, телпек, аукіт, шәкәрап, шекер, шарқат, ілгек, чапаты, латта, мөрс. 
 
Т
а
ғ
а
м  К и і м - к е ш е к  М
а
т
а  С ә н д і к   б ұ й ы м д а р 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқушылар арнайы берілген мәтінді редакциялау арқылы жіберілген қателерді түзетуге, ойды жеткізу 
шеберлігін  дамытуға,  белгілі  бір  проблемаларға  өз  көзқарасын  дәлелдеуге,  стилін  қалыптастыруға  т.б. 
дағдыланады. Мысалы, 1) берілген тұрақты тіркестерде қате жіберілген. Ойлан, тап. Дұрысын жаз. 
Жерден алты қоян тапқандай _____________________________ 
Ешкі аузынан шөп алмас __________________________________ 
Екі аяғын екі етікке тығу _________________________________ 
Тонның сыртқы бауындай ________________________________ 
Жаңа жараның аузын ашу _________________________________ 
Арасынан жіп өте алмайтын дос __________________________ 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
189 
2)  Сөйлемдегі  асты  сызылған  сөздермен  синоним  болатын  тұрақты  тіркестерді  тауып,  орнын 
ауыстырып жаз. Сөйлемдегі ойдың қалай түрленгенін айт. 
Жиынға  Бектастың  әдемі  бойжеткен  қызы  да  келді.  Кешкі  тамақта  айтылған  әңгімені 
тыңдамадым. Бұл жөнінде ешкімге айтпады.Тату достар сыр шертуде. 
Мұнда  оқушы,  біріншіден,  сөйлемдегі  асты  сызылған  сөздермен  синоним  бола  алатын  тұрақты  сөз 
тіркестерін  іздеп  тауып,  суреттеп  берілу  мағыналарын  салыстырады.  Мысалы,  Жиынға  Бектастың  ай 
десе  аузы  бар,  күн  десе  көзі  бар  (әдемі)  бойжеткен  қызы  да  келді,  немесе  Жиынға  Бектастың  үріп 
ауызға  салғандай  бойжеткен  қызы  да  келді.  Мұндай  тапсырмалар  арқылы  оқушы  ойдың  тыңдаушыға 
әсерлі берілуі үшін тұрақты сөз тіркестерін орынды қолданудың тиімді екендігіне назар аударады. 
Тірек  сөздер  арқылы  мәтін  құрастыру  оқушылардың  ойлауын  арттырады,  шығармашылық 
қабілеттерін  дамытады,  өз  бетінше  мәтін  құрастыруға  дағдыландырады.  Мысалы,  Тірек  сөздерді 
пайдалана отырып “Батыр – ел тірегі” тақырыбында шағын шығарма жаз. 
Тірек  сөздер:  күшті,  қарулы,  мықты,  әлді,  қажырлы,  қайратты;  батыр,  ер,  қаһарман;  тұлпар, 
сұңқар, арғымақ, сәйгүлік. 
Тапсырылған тақырып бойынша сөз, баяндама дайындау оқушылардың  танымдық қызығушылығын 
арттырады,  арнайы  берілген  тақырып  төңірегінде  ойтолғау  арқылы  ой-өрісін  кеңейтеді.  5-сынып 
оқушыларының танымдық ой-өрісін кеңейту үшін шығарма жаздырудың маңызы зор. Мысалы, синоним 
сөздерді пайдаланып, “Бақытты балалық шақ” атты тақырыпта шағын шығарма жаз. 
Шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру әдісінің жүйелілілігі арқылы берілетін тапсырмалардың өсіп 
отыруы оқушылардың лексика жөніндегі теориялық білімдерін жетілдіруге, оқушылардың әдемі, бейнелі 
сөйлеуіне септігін тигізеді  
Ғалым  А.С.  Қыдыршаев:  “Бүгінде  тілдік  қатынастың  барлық  түрлерін  игерген  жоғары  мәдениетті 
адамдарды  қоғамның  қажетсінуі  айқын  аңғарылуда.  Қайта  оралған  “тиімді  коммуникацияның  жағдайы 
мен формасы туралы” шешендіктану ғылымы қоғамдағы сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мен мықты 
“шешен  тұлғаларды”  тәрбиелеу  мәселесін  шешу  жолдарын  ұсынуы  тиіс”,  –  дейді  [6,543].  Шешендік 
өнерді үйретудің тиімділігі жөнінде Б.Қалимұқашева былай дейді:“Сөзді сөйлеу, тыңдай білу, сөздің тура 
мағынасын  түсіне  білу,  сөздің  шыққан  тамырын  тани  білу,  ыммен  сөйлеп  түсіну,  айтылған  сөздің 
астарында  қалған  сөздің  мазмұны  логикалық  заңдылықтарды  тану  арылы  шеше  білу  сияқты  тамаша 
қасиеттер адамға тек шешендік өнердің табиғатын танып-білгенде, қағидаларын меңгеріп, әдіс-тәсілдер-
дерін қалыптастырғанда ғана студенттің санасында берік орын алады” [7,87] Шешен сөйлеу мәдениетін 
қалыптастыру әдісі арқылы әрбір оқушының берілген материал жөнінде ойлануына, ой елегінен өткізуіне 
ықпалын тигізеді.  
Лексиканы деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытуда қатысым әдісінің алатын рөлі ерекше. Сұрақ-
жауап,  көрнекілік,  салыстыру,  іздендіру,  шешен  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру  әдістерінің  жүзеге 
асуына қатысым әдісі негіз болады. Қатысым әдісіарқылымұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас 
жоғары  белсенділікте  дамиды;  оқушылар  алған  білімдерін  қоршаған  ортада  еркін  қолданып,  тілдік 
қатынасқа түседі. Қазақ тілі әдістемесінде қатысым әдісінің тілді үйретудегі ерекшеліктері, оның қолда-
нылу  жолдары  жайындағы  пікір  Ф.Ш.Оразбаевадан  басталады.  Ғалым  тілді  үйрету  мен  оқытуда  жан-
жақты  пайдаланылатын  қатысым  әдісіне  мынадай  анықтама  береді:  “Қатысым  әдісі  дегеніміз  –  оқушы 
мен  оқытушының  тікелей  қарым-қатынасы  арқылы  жүзеге  асатын;  белгілі  бір  тілде  сөйлеу  мәнерін 
қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың 
жүйесінен  тұратын;  қарым-қатынас  құралы  ретінде  іс  жүзіне  асыратын  әдістің  түрі”[8,  127].  Қатысым 
әдісі  арқылы  белгілі  бір  тіл  туралы  білім  берілмей,  қарым-қатынас  құралы  тілдің  өзін  қалай  қолдану 
керек, яғни сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу үйретіледі.  
Лексиканы  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  оқытуда  Ф.Ш.Оразбаева  ұсынған  қатысым  әдісінің  тіке 
байланыс,  адамның  жеке  қабілетін  ескеру,  сөйлеуге  үйретуде  жүргізілетін  жұмыстардың  түрлерін 
айқындау,  сатылап  даму,  динамикалық  өзгеру,  өзектілік  басты  ұстанымдары  негізге  алынды.Қатысым 
әдісінің тиімділігін тәжірибе көрсетті. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
 
Байнешова Ш. Жалпы білім беретін мектепте неміс тілі лексикасын оқушылардың ана тілінің ықпалын ескере 
отырып оқыту (5-6сыныптар). Канд.дисс., Алматы, 1998,152 б. 
2
 
Рахметова С. ІІІ класта тіл дамыту картиналарын пайдалану жөнінде методикалық нұсқау, - Алматы, 1965, 
- 11 б. 
3
 
 Айғабылов  А.  Лексиканы  оқыту  методикасы  және  оның  қазіргі  міндеті//  Қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқыту 
мәселелері (методикалық жинақ), Алматы, 1982, 205 б. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
190 
4
 
Қыдыршаев  А.  Шешендіктануды  оқытудың  ғылыми-әдістемелік  негіздері  (жоғары  оқу  орындарының 
гуманитарлық бөлімдері бойынша). Докт.дис., Алматы, 2001,  
5
 
Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту, Алматы, 1997, 141 б. 
6
 
Қыдыршаев  А.  Техникалық  жоғары  оқу  орындарында  шешендік  тануды  оқытудың  қажеттілігі//Жас 
ғалымдар - Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына атты халықаралық конференция материалдарының жинағы, 
Алматы, ҚазҰТУ, 2001, 542-545-б.  
7
 
Қалимұқашева  Б.А.Студенттерге  шешендік  өнерді  үйрету  әдістемесі  (бастауыш  оқыту  педагогикасы  мен 
әдістемесі факультеті негізінде), Канд. дисс., Алматы, 2000, 185 б. 
8
 
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі, Алматы, 2000, 207 б. 
 
Резюме 
МЕТОДЫ ПРЕПОДАВАНИИ ЛЕКСИКИ В 5 КЛАССЕ ПО УРОВНЕВЫХ ЗАДАНИИ 
В  статье  проанализирован  методика  преподавание  лексики  по  уровневых  задании.  Лексика  казахского  языко 
писывает интеллигента казахского народа, культурной и духовной идентичности, статус, знание специфики языка. 
Обучая  лексикологию  ученики  познают  историю  казахского  народа,  исторических  экспонатов  и  путь  развития 
казахского народа. 
В связи с этим, обучая лексике ученики познают разные значения (смысл) слов, обогачивается словарный запас и 
познания  а  обучить  таких  качеств  тесно  связанные  с  использованием  уровневых  задании.  Уровневые  задании  это 
система  выполняемых  нескольких  этапов  от  простого  к  сложному,  от  легкого  к  трудному.  В  статье  перечисляют 
используемых  в  процессе  методыв  обучении  лексики  в  уровневых  задании.  Анализирует  важность  роли  каждого 
метода. Специфика каждого метода будет дано, чтобы продемонстрировать способ действий. 
Ключевые  слова:  лексика,  уровневы  задание,  метод,  метод  вопрос-ответ,  сравнительный  метод,  визуальный 
метод, поискательный метод, ораторское исскуства 
 
Summary 
TEACHING LEXICON FOR 5 FORM BY LEVEL TASKS METHOD 
The article analyzed theme thodsoft eaching lexicon for specifying leveled.The lexical the Kazakh language describes the 
intellectual  of  the  Kazakh  people,  the  cultural  and  spiritual  identity,  status,  knowledge  of  specific  language.  By  teaching 
lexicology the students learn the history of the Kazakh people, historicalarti facts, and the way of development of the Kazakh 
people.  In  this  regard,teaching  lexicon  students  learn  the  different  meanings  (meaning)  of  words  develop  vocabulary  and 
knowledge and teach these qualities are closely related to the use of level job. Leveled task is performed by the system several 
stages from simple to complex, from easy to difficult. The article lists the method susedin the process of learning vocabulary 
in job leveled. It analyzes the importance of theroleofeach method. The specifics of each method will be given to demonstrate 
them odeofaction. 
Keywords:  level  tasks,  method,  answer  question  method,  visual  method,  comparative  method,  search  method,  oratory 
method 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
191 
ГРНТИ 16.31.51. 
  
Ш.Л. Ерхожина 
1
 
 
1
 педагогика ғылымдарының кандидаты 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
Алматы қ, Қазақстан 
 
ВИТАГЕНДІК ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕГІ РӨЛІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада қазіргі білім берудің сұранысына ие болатын Витагендік оқыту технологиясы туралы айтылады. Бұл 
технологияның негізін салушы ғалымдардың ұсынған оқыту теориясы сөз болып, оны қазақ тілін оқуда қолданудың 
қаншалықты  маңыздылығы  сараланады.  Академик  А.С.  Белкиннің  «витаген»  дегенді  «өмірлік  тәжірибе»  деп 
түсіндіргені және оқытудағы Витагендік тапсырмалар оқушыларға сапалы үйретуді, олардың танымын кеңейтіп, ой-
өрісін нығайтуды, өз сөзін дәлелді жеткізуге дағдыландыруды көздейтіні сөз болады. Витагендік амал-тәсілдер мен 
тапсырмалардың оқушылардың еркін тілдік қатынасқа түсу, танымдық, қатысымдық, сондай-ақ топпен тіл табыса 
әрекет ету қабілеттерінің жетілуінде маңызды рөл атқаратыны сөз болады. 
Витагендік тапсырмалар оқушыларға сапалы үйретуді, олардың танымын кеңейтіп, ой-өрісін нығайтуды, өз сөзін 
дәлелді жеткізуге дағдыландыруды көздейді. Мұның өзі витагендік амал-тәсілдер мен тапсырмалардың оқушылар-
дың еркін тілдік қатынасқа түсу, танымдық, қатысымдық, сондай-ақ топпен тіл табыса әрекет ету қабілеттерінің же-
тілуінде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Қазақ тілін оқытуда витагендік оқытудың маңыздылығы арта түседі. 
Білімгерлердің  жұмыс  түрлерін  ынтымақтасып,  серіктесіп  орындау  арқылы  мақсатқа  қол  жеткізуі  оқытудың 
жұптық, топтық  жұмыс түрлерінде нақты жүзеге асады. Қазақ тіліндегі мәтіндермен жұмыс кезінде,  проблемалық 
мәселелерді  шешу  барысында,  постер  құрып  қорғауда,  кейс  шешуде,  жоба  жасауда,  т.б.  оқушының  қызметі 
айқындала түседі. 
Витагендік  амал-тәсілдер  мен  тапсырмалардың  оқушылардың  ойды  еркін  жеткізуде,  танымдық,  қатысымдық 
тұрғыдан дамуын,  сондай-ақ топпен  тіл  табыса  әрекет ету  қабілеттерінің жетілуінде  маңызды рөл атқаратыны сөз 
болады. 
Кілт сөздер: витагендік, өмірлік тәжірибе, голографиялық әдіс, голографиялық жол, голографиялық жағдаяттар 
 
Қазақ тілін оқытудың, меңгертудің түрлі тетіктері қарастырылып, қазіргі заман талабына сай құзіретті-
лік қалыптастыру мәселесі өзекті болып отырған кезеңде әдіскер мамандар мен ғалымдар оқытудың түрлі 
технологияларын  зерттеуде.  Отандық  ғалымдардың  ұсынған  түрлі  технологиялары  мен  оның  әдіс-
тәсілдерінің қайсысын алсақ та тілді оқытуда олардың өзіндік рөлі бар. Алға қойған мақсатты айқындап, 
оған жетудің міндеттері нақтыланған жағдайда жүргізілетін жұмыстар оң нәтижесін беретіні секілді, тілді 
оқыту  ұстанымдарының  да  саралануы  маңызды.  Ғылымилық  негізді  сақтай  отырып,  жүйелі  түрде, 
саналылықпен алған білімнің өмірмен байланысы сақталғанда қазіргі қажетті білімнің құралатыны айқын. 
Қазіргі қажетті білім деп, функционалды білімді айтып отырмыз. Ол білімнің функционалдық сауаттылы-
ғына  негізделеді.  Білімге  орталықтандырылған  парадигмадан  қызметтікке  ауысуды  қамтамасыз  ететін 
тәсілдемелерді зерделеуге бағытталған. Яғни, білімалушының қаншалықты білімді өз қорына жинағанды-
ғы емес, сол алған білімін қаншалықты біліп, істей алатындығы және алған білімін өмірде қалай қолдана 
алатындығы  маңыздылыққа  айналып  отыр.  Дидактикадағы  «Өмірмен  байланыстылық»  ұстанымы  осы 
міндеттерді  жүзеге  асыруда  негізгі  ұстаным  ретінде  басты  рөл  атқарады.  Оқытудың  қарастырылып 
жүрген түрлі тәсілдерінің ішінде «Витагендік білім беру» технологиясы жаңа педагогикалық парадигма-
ның талаптарына біршама сәйкестігімен, яғни оқушы мен мұғалім арасындағы шынайы ынтымақтастық-
ты қалыптастырып, субъект-  субъектілік қатынасқа көшуге мүмкіндік береді және  оқушылардың  ортақ 
мақсатқа  бірлесе  қол  жеткізуін  қамтамасыз  етуімен,  оқушылардың  басты  проблеманы  бірігіп  шешуіне, 
бірлесе тәжірибе жинақтауларына және әр оқушының өз тарапынан нәтижелі шешімге жетуіне мүмкіндік 
тудыруымен  ерекшеленеді.  Vita  латынша  өмір  деген  мағынасын  білдірсе;  gen  гректің  тәжірибе  деген 
сөзінен шыққан. Витаген деген сөз «адамның өмірлік тәжірибесі» деген мағынаны білдіреді [1]. Бұл тех-
нологияны ХХ ғасырдың соңында білім беру саласына еңгізген академик А.С. Белкин. Академик «өмірлік 
тәжірибе» деген ұғымға сипаттама бере отырып, айырмашылығы білімгер меңгерген ақпараттық білімнің 
оның қажетілігіне, оны тәжірибеде іске асыруға дайындығына баланысты болып келетінін айтады.  
Витагендік тапсырмалар оқушыларға сапалы үйретуді, олардың танымын кеңейтіп, ой-өрісін нығайту-
ды,  өз  сөзін  дәлелді  жеткізуге  дағдыландыруды  көздейді.  Мұның  өзі  витагендік  амал-тәсілдер  мен 
тапсырмалардың оқушылардың еркін тілдік қатынасқа түсу, танымдық, қатысымдық, сондай-ақ топпен 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
192 
тіл табыса әрекет ету қабілеттерінің жетілуінде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Витагенді оқытудың 
теориялық негіздері: өмірлік тәжірибені қысқаша талдау тәсілі; өмірлік тәжірибені бастапқы белсендету 
тәсілі; білім беру жобаларында витагенді аналогиялар тәсілі. Білім берудегі үлгілі нысандарын шығарма-
шылықпен моделдеу технологиясы. Яғни, мұның бәрін ғалым білім беру технологиясындағы жаңа бағыт 
– голографиялық әдіс арқылы витагенді оқыту деп көрсетеді. Витагендік педагогиканың негізі – бірлескен 
іс-әрекет.  А.С.Белкиннің  зерттеулері  бойынша:  витагендік  ақпараттың  бастапқы  көздері,  витагенді 
ақпараттың  өмірлік  тәжірибеге  ауысу  кезеңдері  және  білім  берудегі  мәселелерді  шешу  барысында 
ересектер  мен  балалардың  бірлескен  іс-әрекетінің  деңгейлері:  жетекшілік,  серіктестік,  бірлестік, 
одақтастық болып жүйеленеді. Витагендік ақпараттың  «өмірлік тәжірибеге»  айналуы бірнеше кезеңнен 
өтеді: біріншіде –дифференциялданбаған; екіншіде – витагендік ақпарат бағаланып фильтірленген. Жеке 
тұлғаның  ақпаратты  өзіндік  ой  сүзгісінен  өткізе  білуі  –өзі  үшін  мұның  маңызды  ақпарат  екені 
анықталғандығы. Үшіншіде – жеке тұлға ол ақпараттың белгілі уақытқа дейн қажет екенін түсінуі[1.26 ]. 
Осы  үдерістерді  білімгердің  санасында  дамыта  түсу  және  іс-әрекеттер  арқылы  бекіте  түсудегі  оқу  мен 
оқытуды және жұмыстар мен тапсырмаларды дұрыс ұйымдастыру педагогтің міндетінен саналады. 
«Витагендік тәжірибеде оқушының өмір бойы жинақтаған тәжірибесінің бөлігі ретінде жеке тұлғаның 
түрлі жағдаяттардан шығу жол тауып шыға алу дағдыларының маңызы зор. Витагендік технология оқу 
үдерісін  түбегейлі  өзгертіп,  дара  тұлғаның  өмірлік  тәжірибесін  жаңа  білім  алудың  көзі  ретінде 
пайдалануға жол ашады», [2, 12] - деп көрсетеді М. С. Әлібаева «Кәсіби қазақ тілін витагендік технология 
арқылы оқыту әдістемесі (экономика мамандығы бойынша)» атты зерттеуінде.  
Қазақ тілін оқытуда витагендік оқытудың маңыздылығы арта түседі. Білімгерлердің жұмыс түрлерін 
ынтымақтасып, серіктесіп орындау арқылы мақсатқа қол жеткізуі оқытудың жұптық, топтық жұмыс түр-
лерінде нақты жүзеге асады. Қазақ тіліндегі мәтіндермен жұмыс кезінде, проблемалық мәселелерді шешу 
барысында,  постер  құрып  қорғауда,  кейс  шешуде,  жоба  жасауда,  т.б.  оқушының  қызметі  айқындала 
түседі. 
Іс-әрекет үдерістері: 

 
- мәтін мазмұнын түсінеді; 

 
- терминдік сөздерді іздейді; 

 
- жаңа сөздерді анықтайды; 

 
- жеке мәліметтерді талдайды, 

 
- бір-бірінің пікірлерін тыңдайды; 

 
- анализ,синтез жасайды; 

 
- қорытындыны тұжырымдайды; 

 
- қорытындыны басқа нәтижелермен салыстырады; 

 
- ортақ пікірге келеді. 
Мұғалім  тарапынан  көмек  қажет  болған  жағдайда  шығарылған  нәтижелері  керек  жағдайларда 
түзетіледі және одан қорытынды жасалады. Қазақ тілінен білім алу барысында білімгерлердің сүйенетін 
витагендік ақпарат көздері: ғылыми, техникалық, көркем әдебиет, өнер туындылары, әлеуметтік, іскерлік, 
тұрмыстық  қатынастар,  түрлі  әрекет  түрлері,  білім  беру  үрдісі  ақпараттары.  Қазақ  тілінен  белгілі 
грамматикалық тақырыпты меңгертуде ғылыми негіз сақталады. Ал қамтылған білімді пысықтап, бекіту 
үшін  жаттығулар  орындалады.  Жаттығулар  мәтіндерден  құралады.  Ол  түрлі  болып  келеді.  Қандай  да 
тәрбиелік  маңызы  бар  және  білімгердің  дамушылық  үрдісіне  ықпал  ететін  мәтіндер  алынуы  тиіс.  Ол 
мәтіндер  көркем  әдебиеттен,  өнер  туралы,  экономика  туралы,  белгілі  қоғам  қайраткерлері  туралы, 
көшбасшы тұлғалар туралы, т.б. болады. Демек, білімгердің алатын ақпараты сан қилы болып келеді.  
А.С.  Белкин  витагендік  тәжірибенің  қалыптасу  жолын  «голографиялық  жол»  деген  термин  арқылы 
көрсетеді.  Бұл  ұғымды  1993  жылы  онтопсихологияға  енгізген  Онтонио  Менегетти.  Кең  көлемде  білім 
алудың голографиялық жолы жеке тұлғаның голографиялық санасын қалыптасуына әсер етеді, ол үшін 
голографиялық жағдаяттар тудыру қажет [2]. Голографиялық әдіс, былайша  айтқанда, бірнеше деректі, 
кемінде  үш  болмысты  салыстыра  қарау  ақиқатты  терең  де  дұрыс  тануға  мүмкіндік  береді.  Ақыл  мен 
ақиқатты табу танымдық түсінікке де байланысты. Егер білімалушы бір ғана деректің аясында шектеліп 
қалса,  ойлау  деңгейі  тарылып,  мәселені  жан-жақты  ұғына  алмайды.  Сондықтан  голографиялық  әдіс 
арқылы  бірнеше  ақпаратты  тоғыстыру  және  оның  бір  мәселеге  қатыстылығын  әр  аспектіден  бағамдау 
білімгерлердің ойын дамытуға үлкен үлес қосады. Сондықтан оқытуды ұйымдастыруда білімалушыларға 
тақырып  аясында  қойылатын  проблемалық  сұрақтар  сұрыпталып,  тапсырма  түрлері  проблемалық 
жағдаяттарды шешуге арналуы тиіс. 
Витагендік  оқытуды  голографиялық  жүйеде  құру  олардың  танымдық  негізін  өрістетумен  қатар 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
193 
шығармашылық  ізденісін  өркендетіп  және  оның  күнделікті  өмір  талаптарына  үйлесімді  жетілуін 
қамтамасыз  ететін  сенімді  жол  екенін  көрсетеді.  Білімгерлерді  өнімді  еңбекке  үйретіп,  өз  пікірін  еркін 
білдіруге,  шешім  шығаруға,  тұжырым  жасай  білуге,  жағдаятты  дұрыс  қорытындылай  білуге 
қалыптастыру – қазіргі тұлғаны қалыптастыруға және оның белгілі құзіреттіліктерді игеріп, оны қажетті 
тұста қолдана білуіне себеп болады. «...оқушының дара тұлғалық қабілеттерін шыңдау, ең алдымен, оның 
өздігінен  іздену,  өздігінен  әрекет  ету,  кез  келген  жағдаятта  өз  бетінше  оң  шешім  қабылдай  алу 
дағдыларын дамытумен тікелей байланысты. Оқыту технологияларын таңдауда және оның ұтымдылығын 
бағалауда  басты  критерий  етіп  оның  оқушы  игеруі  тиіс  құзіреттіліктерді  қалыптастыруға  қаншалықты 
мүмкіндік туғызатындығы алынатыны да сондықтан»[3]. 
Білім берумен қатар, тәрбие беру барысындағы іс-әрекетте білімалушының тиісті сұрақтың жауабын, 
мәселені  шешуде,  жағдаяттан  шығуда,  ақпарат  көздерін  іздестіруде,  шешім  шығаруда  ұстазымен,  топ 
мүшелерімен бірге іздестіруі немесе өзінше зерттеушілік әрекеттері, оның ойлау мәдениетін жетілдірумен 
қатар, ой белсенділігіне әкеліп, түрлі қиындықтарды жеңіп, күрделі мәселелерді шешуге орай батыл пікір-
лер ұсынуға ынталандырады, селқостық пен рухани жұтаңдықтан арылуға және оның жан-жақты дамуы-
на мүмкіндік болады. Сондықтан да оқыту үрдісін жобалағанда шәкірттің мүмкіндіктері мен мүдделерін 
бірлікте қарастыру шарт. «Өзіндік жұмысты орындауда студент психологиялық тұрғыдан қызмет атқара-
ды. Ол әрбір жағдаятты түсіну, қабылдау, сырттан әсер ететін ақпаратты іріктеу, өңдеу, керегіне қарап 
актуалдап пайдалану. Мұндай жағдайда оған қабылдау, еске түсіру, назар аудару, ойлану сияқты психо-
логиялық  үрдістер  қатысады.  Мұндай  жағдайда  студентке  оның  жігері  мен  шешімділігі  көмектеседі. 
Өзін-өзі  реттеп,  өзін-өзі  басқарып,  ой  елегінен  өткізу  әрекеті  басым  болады"[4.37].  Әрбір  тұлғаның 
бойында  бар  шығармашылық  қабілетін  оятып,  оларды  өзіндік  білім  тәжірибесімен  үйлестіре  білуіне 
баулу оқудағы белсенділікті көтерудегі тиімділікті арттырып,  оның жетіле түсуіне игі ықпал етеді. 
Осы технологияға негізделген оқыту үдерісінде әрбір шәкірт ортақ мақсатқа негізделген әрекеттерді 
орындау  барысында  жүзеге  асатын  тілдік  қатынаста  қатысымдық  құзіреттіліктерді  жетілдіруге  негіз 
болатын,  біріншіден,  өз  мүддесіне  сай  тілдесімнің  мақсаты  мен  маңызын  анықтауға,  екіншіден,  сөзінің 
қисыны мен дәлдігін мөлшерлеуге, үшіншіден, пікірін түсінікті, дәлелді, дәйекті жеткізуге дағдыланды-
рылады.  Қатысымдық  құзіреттілігін  қалыптастыру  қазақ  тілін  меңгертудің  басты  құзіреттілігінің  бірі 
болғандықтан, қазақ тілін витагендік оқыту технологиясы арқылы үйретудің мәні арта түседі. 
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын көптеген әдіс-тәсілдердің тиімділігі өзінше айқындалып, дәлелде-
неді. Бір әдістер шәкірттің ойын, енді бірі танымдық қабілетін немесе тілін, сөздік қорын, қатысымдық 
құзіреттілігін т.б. арттырады. Ал витагендік оқыту жинақтаған өмірлік тәжірибені біліммен ұштастырады.  
Бұл  оқытудың  түрі  XX  ғасырдың  аяқ  кезінде  пайда  болды  деп  ғылыми  айналымға  енді.  Дегенмен, 
сонау  Ы.Алтынсарин  алғаш  мектеп  ашқан  кезеңде  балаларды  күнделікті  өз  өміріндегі  жағдайларды 
әңгімелете отырып, сауаттандырды. Себебі, әріп танымайтын шәкірттерді бірден оқытып кетуге қиынды-
ғы болды. Ағартушының білім берудегі өзіндік әдісі осы болды. Ең алғаш «әңгімелеу» әдісін іске қосқан 
әдіскер қазіргі академик А.С. Белкин көрсеткен «голографиялық жолға» дейінгі аралықты, яғни деффе-
ренцияланбаған  және  келесі  кезеңі  фильтірленген  кезеңдерді  осылай  жүзеге  асырғандық  нышандарын 
байқаймыз. Ол  тұста  мұндай технологияның, терминдердің аты аталмағанымен, әдістемелік іс-әрекетте 
сұлбасы  байқалады.  Өмір  тәжірибелік  ақпараттар  арқылы  оқыту  жалпы,  қай  кезеңнің  оқытуында  да 
болсын қолданылатынын айтқымыз келеді. Оқыту формалары өзгеріп, жаңа терминдер, тың әдіс-тәсілдер 
арқылы толығып отырады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1  Белкин  А.С.  Витагенное  обучение  с  голографическим  методом  проекций  //  Школьные  технологии.  −  1998.  − 
№3. – С. 23-26.  
2 Әлібаева М С. Автореферат. Кәсіби қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту әдістемесі (экономика 
мамандығы бойынша). Алматы, 2010 
3 Алибаева М. С. Қазақ тілін педагогикалық технологиялар арқылы өткізудің маңызы// Қазақ тілі: әдістеме. - 
2010. - № 11-12. - С. 42-48 
irbis.wkau.kz/.../cgiirbis_64.exe 
4  Исмаилова  Р.  Жоғары  оқу  орындарында  өзіндік  жұмыстарды  ұйымдастырудың  ерекшеліктері.  «Қазіргі 
бастауыш  білім  беруде  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  өзекті  мәселелері»  атты 
халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы. Қазмемқызпу. 2016 ж.-36-38 бб. 
Каталог: docs -> vestnik -> filologicheskie nauki
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
vestnik -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
filologicheskie nauki -> Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»
filologicheskie nauki -> Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»
filologicheskie nauki -> Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»
filologicheskie nauki -> «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»
filologicheskie nauki -> «Филология ғылымдары» сериясы Серия

жүктеу 3.41 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет