Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет27/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34

Түйін сөздер: Жамбыл, айтыс, ақын, би, демократия, дәстүрлер 
 
Резюме 
Е.Оспанов

1
Кандидат филологических наук, магистр в сфере менеджмента в образовании, и.о. доцента Университет Нархоз, 
г. Алматы, Казахстан 
Сегодня  искусство  казахского  народа  айтыс  получил  признание  на  международном  уровне.  Казахские  акыны 
умели  доносить  свои  мысли  через  песни  айтыса.  Данная  статья  посвящана  особенности  искусства  айтыса  в 
казахской  литературе.  В  частности,  автор  обсуждает  уникальность  личности  и  творчество  Жамбыла,  его  вклад  в 
развитие айтыса как фольклорного жанра. Автор провел анализ ряд работ Жамбыла, посвященных критике феодалов 
баев,  их  отношение  к  простому  народу.  Выполнен  обзор  работ  многих  ученых  литературоведов  по  изучению 
уникальности личности Жамбыла и его места в казахской литературе.  
Ключевые слова: Жамбыл, айтыс, акын, би, демократия, традиций 
 
МРНТИ 17.07.41 
 
Д.Қ. Сартбаева, Р.Ж. Есбалаева

 

ф.ғ.к., доцент Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 
Түркістан қ, Қазақстан. 
 
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА АВТОР БЕЙНЕСІНІҢ БЕРІЛУІ 
 
Аңдатпа 
Бұл мақалада Ә.Нұршайықов шығармаларындағы кейіпкер бейнесінің берілу жолдары ғылыми негізде талданып, 
автор  бейнесі  мен  кейіпкер  бейнесі  категорияларының  ара  қатынасы,  оның  көркем  шығарма  құрылымына  әсері 
анықталады.  Автор  бейнесінің,  әсіресе,  прозалық  шығармалардағы  мәні  ерекше.  Шығармадағы  ”автор  бейнесі” 
дегенде жазушының жеке басын түсінбейміз. Жазушының өмірі, дүниеге көзқарасы, оқиға, құбылыстарға шығарма-
шылық  қатынасы  т.б.  оның  шығармаларында  ізін  қалдырады.  Алайда  көркем  туындыда  жазушының  жеке  басы 
тасаланып,  оның  орнына  алдыңғы  қатарға  шығармадағы  автор  бейнесі  шығады.  Өмірдегі  жазушының  орнына 
әңгімелеуші автордың  бейнесі  қалыптасады.  Мақалада автор  бейнесі  шығарманың көптеген  компоненттерінің  бірі 
ретінде  қаралады.  Шығарманы  поэтикалық  талдау  кезінде  автордың  жазушылық  позициясын  таныта  алғанын 
байқайсыз.  
Кілт сөздер: авторлық баяндау, лирикалық шегініс, тарихи шындық пен көркемдік шешім, прототип 
 
Көркем шығарманы талдауда автор бейнесін айқындау мәселесі қазіргі қазақ прозасында жиі кездес-
пейтін құбылыс. Кейіпкер категориясы бұрын-соңды көркем шығармадағы автор бейнесіне қатысты сөз 
болғанмен, оның көркемдік болмысы, ұғымдық негізі, оны талдаудың ұстанымдары мен әдістері көркем 
шығарманы талдау әдістемесіне әлі де дендеп ене қойған жоқ. Көркем шығармаға толық талдау жүргізу 
үшін бұл мәселенің өзіндік шешім табуы аса қажет. Кейіпкер сомдаудың алғашқы классикалық үлгілері 
қазақтың халық ауыз әдебиетінен бастап, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов 
сынды  көрнекті  жазушылардың  шығармаларында  барынша  мол  көрініс  береді.  Кейінгі  кездердегі 
О.Бөкей,  Ш.Мұртаза,  М.Мағауин,  Р.Сейсенбаев,  Д.Исабеков  шығармаларындағы  жазушылардың  кейіп-
кер  сомдаудағы  қаламгерлік  шеберліктері  бүгінде  ғылыми  тұрғыдан  талданды.  Осылардың  қатарынан 
өзінің  жазушылық  дарынымен  ерекше  көзге  түсетін  қаламгерлердің  бірі  –  Ә.Нұршайықов.  Бұған  дейін 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
163 
жазушының  кейіпкер  бейнесін  жасау  шеберлігі  бірді-екілі  айтылғанымен, жазушы  прозасындағы автор 
бейнесі  арнайы  зерттеу  нысаны  болған  жоқ.  Шығарманың  рухани  құнды  жері  де  –  өзінің  адамтану 
тәжірибесімен  оқырманымен  бөлісіп,  оған  өмірлік  қажетті  бай  білімдерді  бере  алуында.  Кейіпкерлерді 
сөйлетіп, оларды әртүрлі оқиғаларға қатыстырып отыратын автор сөзінен оқырман санасында автордың 
өз  бейнесі  туралы  түсінік  қалыптасады.  Сол  себепті  «көркем  шығарма  тілі  –  автор  тілі  мен  кейіпкер 
тілінің қатынас көрсеткіші»[1,17] ретінде бағаланып, екеуі диалектикалық бірлікте танылады.  
Қаламгердің кейіпкер сомдаудағы ұстанатын қағидалары мен көркемдік әдіс-тәсілдері, таным-түсінік-
тері  қазіргі  проза  жанрына  тән  жаңа  үрдістердің  барын  дәлелдейді.  Кейіпкер  бейнесі  жалпы  көркем 
шығарма  тіліне  және  автор  бейнесіне  қатысты  Ә.Нарымбетов,  Қ.Жұмалиев,  З.Қабдолов,  Т.Сыдықов, 
Б.Майтанов,  Т.Рахымжанов,  Г.Пірәлиева,  Ш.Әбішеваның  зерттеулерінде  сөз  болды.  Бұл  еңбектерде 
Б.Майлин, Ж.Аймауытов, Ғ.Мүсірепов, М.Мағауин, Ш.Мұртаза, Д.Исабеков, О.Бөкей т.б. қазақ жазушы-
ларының шығармаларындағы кейіпкер бейнесі мен автор бейнесінің берілуі, қалыптасуы зерделенді. Осы 
орайда  көрнекті  жазушы,  көркем  сөз  шебері  Ә.Нұршайықовтың  да  кейіпкер  сомдаудағы  көркемдік 
шығармашылық ерекшелігіне арнайы талдау жасау, шеберлік қырларын көрсету бүгінгі қазақ әдебиетінің 
даму  бағыт-бағдары,  қазір  орын  ала  бастаған  адами  және  қоғамдық  құндылықтар  туралы  нақты 
тұжырымдар жасауға негіз бола алады. Жазушының кейіпкерді (авторлық бейне) бейнелеудегі стильдік 
ерекшелігін  талдау,  көркем-эстетикалық  мақсат-міндеттерді  шешудегі  қолданған  әдістерін  анықтау 
арқылы қаламгердің қазақ әдебиетінің, оның тілі мен көркемдік әлеуетін арттыруға қосқан үлесін көрсету 
мақаламыздың өзектілігін аша түседі.  
Қаламгер белгілі бір өмір құбылыстарын, сәттерді, мінездерді бейнелеп қана қоймайды, оларға талдау 
жасайды, баға береді, «үкім» шығарады. Күрделі шығармалардағы авторлық баға мен шешімді дөп басып 
анықтау  оңай  емес,  сондықтан  туындының  жалпы  мағынасы  немесе  кейбір  кейіпкерлерінің  қыры  мен 
сыры әрқилы шешімдерге жетелеуі мүмкін. 
Мәтінді, шығарманы, көркем әлемді біріктіріп, тұтастырып әрі ерекшелеп тұратын ұғым «автор» деп 
жүрген ғалымдардың пікірінің жаны бар. Көркем шығарма – ең алдымен белгілі бір уақыт аралығындағы 
адам еңбегінің нәтижесі деген жалпы тезиске тоқтаған жөн шығар. Сонымен қатар әдеби мәтінді автор 
санасы мен танымының, ойы мен қиялының, сыртқы және ішкі факторлардың әсерінің желісі мен өзін-өзі 
бақылауының,  оның  санасынан  тыс  тұрған  білім  мен  ақпараттың  ықпалы  немесе  бейсаналық  мифтік 
образдар, өмірдегі оқыс жағдайлар мен кенеттен болған оқиғалардың адамның көңіл-күйі, психологиялық 
болмысы сияқты сан түрлі басқа ақпараттың, дерек пен дәйектің көркем жиынтығы деудің де орны бар, 
яғни бұлардың автор болмысынан хабар беріп тұратын негіздер екенін естен шығармаған дұрыс. Көркем 
мәтінмен танысу барысында оның авторына деген қызығушылықтың ең алдымен пайда болатыны туралы 
көп  айтылып  жүр.  Сонымен  қатар  автор  арқылы  оның  шығармаларына  деген  әр  түрлі  сұраныстың  да 
әрқилы қалыптасатыны бар.  Көркем мәтін  мен оның авторының арасындағы  байланыс, қарым-қатынас 
өте күрделі екен, сондықтан мұны қазіргі ғылым жан-жақты қарастыруда. Психоантропология ғылымы-
ның автор бейнесінің мәтінде көрінуінің астарына интроверттік тұрғыдан үңілуінің кемшілігі де, жетістігі 
де  бар.  Кейбір  авторлар  көркем  шығарма  жазудан  гөрі  мәтінтудырушылықпен  көбірек  айналысып  жүр 
деген  көзқарас  пен  ойлардың  мән-мағынасы  астарлы.  Осының  бәрі  «автор»  ұғымын  әдебиеттану, 
мәтінтану  мен  аударматануда  әр  түрлі  қолдануға  негіз  болуда.  Осыған  байланысты  профессор 
Т.Есенбеков  "Қазіргі  ғылымда  орныққан  көзқарастарды  жүйелесек,  «автор»  термині  жалпы  тұрғыдан 
былайша қарастырылып жүр:а)«биографиялық автор», ә)«автор-баяндаушы», б)«автор – болмысқа деген 
көзқарас»,  в)«автор  –  көркем  образ»,  г)«бейтарап  куәгер»,  д)«нарратор»,  е)«автор  –  аноним,  белгісіз 
персонаж»,  ж)«көркем  әлемнің  иесі»,  з)«мәтінжаратушы»,  и)  «көркем  әлем  тудырушы»[2,38]  -дейді. 
Ә.Нұршайықовтың  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»,  «Ақиқат  пен  аңыз»,  «Тоғыз  толғау»  прозалық 
шығармаларында да роман авторының өміріне қатысты ақпарат пен дерек жетерлік.  
Әдеби шығарма жазушы тұрғысынан берілген өмірдің нақты немесе шартты бейнесі болғандықтан, ол 
- ең алдымен автордың ойы мен сезіміне байланысты, ендеше көркем мәтіннің дүниетаныммен белгілі бір 
деңгейде байланысы бар. 
Көркем  шығарма  құрылымындағы  баяндау  типтері  шынайы  өмірдегі  бейнеленетін  обьектілерден 
өзгешеліктерге  ие.  Шынайы  өмірге  тән  табиғи  кеңістік-мезгілдік,  себеп-салдарлық  қатынастар  көркем 
шығармада  күрделеніп,  өзгеріске  түседі  (трансформацияланады).  Көркем  трансформацияланудың 
сипатын  анықтауда  автор  баяндауының  субьективтілік  мәнін  ашудың  маңызы  зор.  Ол  үшін  “автор 
бейнесі” дәрежесінің сырына үңілу нәрсенің бетін  ашады. Көркем шығарма  стилін  анықтауды шешуші 
роль атқаратын міндеттердің бірі-автор бейнесінің тілдік құралдармен берілу жолдарын ашу, оның тілдік 
құрылымын  айқындау[3,154].  Өйткені  автор  бейнесі-шығармадағы  стилдік  құралдарды  біртұтас  тілдік 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
164 
көркем  жүйеге  біріктіруші  орталық  стилистикалық  категория,  шығарманың  стилистикалық  жүйесінің 
ішкі деңгегі. Ол-шығарманың ішкі бірлігі мен тұтастығының арқауы.  
Шығармадағы  ”автор  бейнесінің”  көріну  дәрежесі  әдетте  әр  түрлі.  Кейде  ол  шығармада  барынша 
”анық  көрінеді”,  яғни  шығармадағы  болып  жатқан  оқиға  құбылыстарға  автордың  көзқарасы,  қатынасы 
ашық бейнеленеді. Ал енді ол бірде жасырынып”, кейіпкер бейнесінің ”тасасында қалады”. Бірақ, бәрібір, 
олардың қай-қайсысы да ”автор бейнесін” сипаттайды. 
Кей  шығармаларда  автор  шығарманың  басқа  кейіпкерлерімен  бір  қатарда  тұрады,  оқиға, 
құбылыстарға қатардағы кейіпкер ретінде қатысады. Бұл жағдайдағы оның мәні, қызметі, ролі басқаша. 
Мұнда ол шығарманың көптеген компоненттерінің бірі ретінде қаралады. 
Мәселен, Ә.Нұршайықовтың прозалық шығармаларының композициялық құрылымы - композициясы 
жазушының  өзі  бас  кейіпкерге  айнала  отырып,  әңгімелеп  беру  әдісі  бойынша  жазылған  романдар 
тобынан  көруімізге  болады.  Олай  дейтініміз,  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  романы  Ерболдың 
баяндауымен  дамиды.  Сондай-ақ,  романдағы  автор  бейнесін  нақтылауда  да  шығармадағы  орталық 
кейіпкер-Ерболға  жүгінеміз.  Жазушының  оқырмандармен  сұхбатында  «Ерболдың  прототипін  күнде 
көремін,  екеуміз  бір  мекемеде  қызмет  істейміз.  Әсіресе,  таңертең  асығып  жұмысқа  келген  бетте  шаш 
сипау  үшін  айна  алдында  жүздесіп,  жымыңдасып  та  қаламыз.  Оның  төрт  баласы,  әйелі  бар.  Оны 
көргенде: «Сен кітаптағы Ербол менмін деп мақтанасың. Бірақ жазушының әр шығармасында өз өмірінің 
элементтері араласа жүретінін, ендеше Ербол бейнесінде менен титтей бірдеңе бар екенін оқырмандар да 
сезетін  шығар»,-деп  қоямын.  Расында  да  кейбір  оқырман  Ербол  мен  авторды  бір  адам  деп  есептейтін 
көрінеді. Ал көптеген оқырмандар Ерболды өмірде бар, тірі адам деп те ұғады. Сондықтанда олар баспаға 
жолдаған өз хаттарында сыртына «Ербол Есеновке тапсырылсын» деп жазады»[4,412] -дейді.  
«Автор бейнесінің» дамып, әңгімелеуші қызметінің жетілуі, оның жаңа формаларының пайда болуы 
жазушылардың жаңа мазмұнды меңгеруіне ғана байланысты емес, сонымен қатар әңгімелеу формалары-
ның жаңа түрлерінің жасалып, олардың мән-мағынасының артуына да байланысты. Мұның өзі жазушы-
ның болмысты жан-жақты қабылдап бейнелеуіне кең жол ашады. Болмысты әр түрлі қырынан жан-жақты 
қабылдау стилистикалық тұрғыдан көп мағыналыққа алып келеді. Ауыз әдебиеті мен алғашқы прозалық 
шығармаларда  кескіндеу  тәсілдерінің  көп  түрлілігі  жоқ,  олардың  мүмкіндіктері  шектелген.  Олардағы 
автор  бейнесі  жазушының  өзіне  де,  кейіпкерлеріне  де,  оқырманға  да  ортақ  дараланбаған.  Автор  өзінің 
көзқарастарын кейіпкерлердің бәріне де ортақ етеді. Кейіпкерлердің сөздері де автор сөзімен ортақ бояуға 
ие.  Сондықтан  бұл  әдебиеттерде  «тудырушы»  (жазушы)  мен  туынды  (шығарма)  бір  нәрсе.  Ал  жаңа 
сипаттағы әдебиет «автор бейнесінің» ерекше ұйымдастыруымен дараланады.  
Жазушы  прозасындағы  авторлық  бейнені  нақтылау  үшін  жазушы  өмірбаянына  тоқтала  кеткен 
артықтық етпес еді. Жазушы Ә.Нұршайықов Жарма ауданының Ақбұзау ауылында туған. Бала Әзілхан 
ауылдағы  орта  мектепті  бітірген  соң,  Алматыға  тау-кен  институтының  жұмысшы  факультетіне  оқуға 
түсіп,  бір  жыл  оқыған  соң  бұл  оқуын  тастап  кетеді.  Орысша  бір  ауыз  білмейтін  ауыл  баласы  осылай 
істеуге  мәжбүр  болады.  «Келесі  жылы  жұмысшы  факультетімен  қоштасып,  Семей  қаласындағы  Абай 
атындағы педучилищеге барып түстім» - деп жазады жазушы өзінің әйгілі «Автопортретінде». 1941-1945 
жылдарда  Қызыл  Армия  қатарында  болды.  Майданда  жүргенде  де  қолына  қаруы  мен  қаламын  қатар 
ұстап  жүрді.  Өзінің  жауынгер  жолдастарының  майдандағы  ерліктерін  мадақтап,  үнемі  өлеңдер,  очерк, 
мақалалар жазып жүрді. Олар майдан газеттерінің, республикалық газет беттерінде жарияланып тұрды. 
Ең алғаш енбек жолын мұғалімдіктен бастаған жазушы бұрынғы облыстық «Екпінді» газетінде (қазіргі 
«Семей  таңы»),  республикалық  «Қазақстан  пионері»  газетінде,  «Соц.Қазақстан»  газетінде,  Павлодар 
облыстық «Қызыл ту» газетінде қызмет етті. 
1970 жылы ол өзінің тұңғыш романы «Махаббат қызық мол жылдарды» жазып бітірді. Роман кезінде 
әр жастың жастығының астынан түспейтін болды. Әрбір жас осы романның рухымен тәрбиеленді. Бұл 
кітап  казір  де  оқушы  қауымның  қолынан  түскен  жоқ.  Романның  негізгі  мақсаты  -  адамгершілік, 
эстетикалык тәрбие, жан дүние тазалығын, мөлдір махаббатты паш ету. 
Ә.Нұршайықовтың  шығармаларында  мұншама  жүктің  салмақты  басын  көтеретін  образ  –  Ербол 
Есенов.  Қаншама  адам  тағдырын  зерттеп,  жан  дүниесіне  үңіліп  жүрген  мамандығы  журналист  осы  бір 
жанның  есімін  Ә.Нұршайықовтың  әрбір  шығармасынан  естіп  қаламыз.  Ол  бірде  –  баяндаушы  әрі 
кейіпкер  («Махаббат,  кызық  мол  жылдар»),  бірде  –  тыңдаушы  әрі  бақылаушы  («Әсем»,  «Махаббат 
жыры», «Ғажап адам», «Ескі дәптер»). Бәрінде ол – автор айтпақ болып, мансұқ тұтқан түпкі ойды іске 
асыруға қызмет етіп жүрген бейне. Ербол Есенов пен жазушы арасына теңдік белгісін қоюға да болады. 
Өйткені екеуінің өмір жолының тармактары сәйкес келіп, дүниетаным, көзқарастары да түйісіп жатады. 
Жазушының шығармаларында өз өмірінің элементтері араласып жүргенімен, шығарма кейіпкері – көркем 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
165 
бейне. Оны суреткер әрлейді, белгілі бір идеялық қалыпқа құйып өңдеп шығарады. Мысалы, «Махаббат, 
қызық  мол  жылдардағы»  Ербол  жүрген  жол  жазушы  өмірінің  көп  тұстарына  дәлме-дәл  келгенімен, 
шығармада  Ұлы  Отан  соғысына  барып,  жауды  жеңіп  қайтқан  саналы  қазақ  жастарының  тағдырын 
елестетуінің мәнісі осында. Демек Ербол — жиынтық дәрежеге жете алған көркем образ. Ондай көркем 
бейне  —  жазушы  стилінің  айқын  кәрсеткіші.  В.Виноградовтың  айтуынша,  жазушы  стилі  образ  жасау 
барысында қалыптасады[3,15]. Олай болса, тасасында жазушынын өзі тұрған Ербол образы — қаламгер 
стилі мен идеясын танытқан басты кейіпкер. Осы тұста Қ.Жұмалиевтің: «Стиль жазушының өзі»[3,15] -
деген  сөзін  еріксіз  құптаймыз.  Шығармадағы  жазушының  өз  образы  жайынан  сөз  қозғағанда  авторлық 
баяндау тәсілін айтпай кетуге болмайды. Себебі көркем туындының баяңдау жүйесі автордың сөзі мен 
толғаныстары арқылы келісті өрнек табатындықтан, шығармада, автор мен баяндаушы көп ретте ортақ 
кызмет  атқарады.  «Яғни,  авторлық  сана  жеке-дара  өмір  сүрмейді.  Ол  өзге  саналармен  әр  қырынан 
сабақтасып,  құрылым  жағынан  түрлі  баяндау  деңгейлерін  алып  жатады  және  көркемдік  орайында 
жанрлық-стильдік принциптермен сабақтас болады». [1,89].  
Адамның ішкі сұлу сезімі-махаббат психологиялық тереңдікпен, ұлттық мінезге сай етіп суреттелген 
”Махаббат,  қызық  мол  жылдар”  романы  жарық  көрген  күннен  бері  оқырман  қауым  жүрегінің  төрінен 
орын  алып  келеді.  Автор  осы  романның  өзіне  ғана  оқырманнан  мыңға  жуық  хат  алыпты.  Сондай-ақ 
мерзімді басылымдарда отызға жуық пікірлер жазылып, бірқатар әдеби-сын еңбектерде тілге тиек етілді. 
Осы зерттеу мақалалардың бәрінде де романға жақсы баға беріліп ыстық ілтипат білдірілген. Көпшілік 
қауым  солардың  бірінде  айтылғандай:”....  романды  совет  студенттерінің  биік  моралі,  жалпы  жас 
жеткіншекті  жақсы  жолға  бастайтын  әсерлі  өнегесі  мол,  махаббат,  достық,  адамгершілікті  жырлайтын 
туындыға  санайды”[1,145].  Сондықтан  да  болар  соғыстан  кейінгі  жылдардағы  студенттердің  асыл 
мұраттары  мен  армандары  дәл  бүгінгідей  әсер  қалдырып,  қазіргі  студент  жастардың  көңіліне  ұялай 
кетеді.  Расында,  мұнда  махаббат  пен  достық  сезімдерінің  сұлу  жарасымдылығы,  адамгершілік 
қасеиттердің  асқақтата  көрсетілуі  шығарма  абыройын  арттырды.  Әсіресе  романның  студент  жастар 
арасында көп оқылып, талқыға түсуінің мәнісі бар. Өйткені студенттік орта, олардың күнделікті тыныс-
тіршілігі, арман-мақсаттары шынайы түрде көрініс тапқан. Роман, атап айтқанда, ҚазҰУ-дің тіл-әдебиет 
факультетінде 1945-1949 жж. аралығында оқыған бір топ жастар өмірінен негізделген. Шығарма авторы 
Ә.Нұршайықовтың  бұл  жылдары  осы  аталған  оқу  орнында  оқығаны  өмірбаянынан  белгілі.  Демек 
жазушы  роман  оқиғаларын  өзінің  әрі  құрбыларының  басынан  өткерген,  өзіне  етене  таныс  жайлардан 
өргені  анық.  Сондықтан  да  болар  автор  мен  бас  кейіпкер  Ербол  арасында  ұқсастықтар  көп.  Біз  оның 
жазушының  ”Махаббат,  қызық  мол  жылдар”  кітабы  қалай  жазылды?”  мақаласында  кейіпкерлерінің 
прототиптері жайында оқырманға айтқан жауабынан да аңғарамыз. 
Ә.Нұршайықовтың  өзіндік  бір  ерекшелігі  –  кейіпкердің  сөзіне  көп  мағына  сыйғыза  алатындығы. 
Диалог арқылы әрі оқиғамен таныстырады, әрі образды аша түседі. Демек «көркем шығармадағы кейіп-
кер  сырына  қанықтыратын,  характер  табиғатын,  қаһарман  бойындағы  моральдық-этикалық  сапаларды 
ашуға  мүмкіндік  беретін  маңызды  құралдардың  бірі  –  диалог»[6,150].  Кейіпкердің  мінез-құлкын 
мейлінше айқын етіп жеткізетін диалогтын бірі – «Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы Ербол 
мен Тұмажанның поезда кездескендегі диалогы. Онда автор Тұмажанның азғындығын өз сөзі арқылы-ақ 
көрсеткен. Сөзімізді растау үшін Тұмажанның өз ақымактығына өзі мәз болып айтқан мына бір сөзіне ден 
қоялық:  «...Қыз не үшін жаратылғанын білесің бе өзің? Білмесең мен айтайын: қыз қызык үшін, ләззат 
үшін  жаралған.  –  Осылай  деп  ол  өз-өзінен  тамсанып,  тісін  ақситты.  Бұл  тұста  ол  маған  кісі  емес,  тісі 
сакылдап тұрған қасқыр сияқты боп көрінді. – «Қыз» деген сөздің өзі қызды көріп, бүйрегің бүлкілдесін, 
бүйірің қызсын, оны көрсең лап қой, бас сал да умажда деген мағынаны береді. Ал мен бас салдым да, 
өмірдің өзіме тиісті қызығын көрдім. Кеше немістермен біз не үшін соғыстық осындай қызық көрмесек, 
а? Мен саған айтайын бар ғой: дүние екі келмейді. Сондықтан да тірі күніңде тәтті қыздардың шырынын 
сорып  қалу  керек,  мына  мен  құсап.  —  Ол  жыртқыштың  тұяғы  іспетті  мұқыл  саусағымен  өз  кеудесін 
түртіп  қойды.  Содан  соң  қысық  көзін  одан  сайын  сығырайта  түсіп  сөзін  аяқтады.  —  Жалғыз  қыз  ғана 
емес, өмірдегі тәттінің бәрінен өз үлесіңді үзіп, жұлып, жұлмалап алып қалу керек! Міне, мұны білетін 
Ошақбаев ешқашан да опық жемейді» [1,417]. Бұл Тұмажанның өмір сүру жайындағы «философиясы». 
Осында диалогпен қатарластыра Ербол тарапынан беріліп отырған Тұмажанның метафоралық сипаттағы 
кескіндемесі де оның табиғатын тереңірек аша түсуге септігін тигізген. Оның қимылдарын жыртқыш аңға 
– қасқырға ұқсату жазушы киялының жүйіріктігін көрсетеді. Әрі кейіпкер сөзінің мазмұнына қарай бет-
пішінінің  мимикасын  сәйкестендіру  шеберлігі  де  ұтымды.  Романда  диалог  пен  портреттің  байланыс 
бірлігі өзгеше бір көркемдік шешімін тапқан, әрі кейіпкердің өз характерінен туып, қалыптасып жатады. 
Автор бейнесі туралы жазылған шығармалардың алуан бір тобы студент жастар өмірін қамтиды екен. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
166 
Олардан жоғары мектеп мәселесін қозғап, жастардың идеялық адамгершілік бейнесін, рухани ізденістерін 
көрсетуге ұмтылыстар байқалады. Аталған шығарма, біріншіден, қиындығы мен қызығы мол студенттер 
тіршілігін,  олардың  ынтымақтықты  ортасын,  жас  қыздар  мен  жігіттердің  махаббат  сезімдерін,  үлкен 
еңбек жолына аттанар алдындағы рухани дайындықтарын көрсетуімен қызықты болса, екіншіден, білім 
мен ғылымға құштар әрі жолдастық сезім мен азаматтық парызды жоғары қоятын Ербол Есенов, Меңтай 
Ербосынова, Майра Абаева образдармен үлгі-өнеге берді. Бұл туындыларда жазушы көтерген мәселесін 
әр қырынан сөз етіп, өзіндік  әдістермен шешуге тырысқан. Тұтастай жастар  қауымының жүрегіне жол 
тауып, әрбір шаңырақтың төрінен орын алған. ”Махаббат, қызық мол жылдар” романы да жазушының 
дара  қолтаңбасымен  ерекшеленеді.  Адамның  ең  мәнді  де  қымбат  студенттік  жылдарындағы  шынайы 
сүйіспеншілік сезімін Әзілхан Нұршайықов лирикалық әуенмен төгілте баяндап берген.  
Шығарманың басты кейіпкерлері-кешегі солдат, бүгінгі студент Ербол мен инабатты сұлу бойжеткен 
Меңтай, ал негізгі оқиғасы осы екеуінің арасындағы ұяң сезімге, шынайы сүйіспеншілікке құрылған. Екі 
жастың жүрегін тербеткен махаббат әуенін сипаттайда әріден жырланып келе жатқан халқымыздың «Қыз 
Жібек»,  ”Қозы  Көрпеш-Баян  Сұлу”  сияқты  ғашықтық  жарлары  мен  ”Қамар  сұлу”,  ”Шұғаның  белгісі”, 
”Қалың мал” романындағы қазақи сүйіспеншіліктің ұлттық дара сипатын көрсету дәстүріне жүгінгені әр 
кез байқалып отырады. Романда адамның махаббат сияқты құпия да сұлу сезімі психологиялық тереңдік-
пен ұлттық мінезге сай етіп берілген. Мұны филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Кәкішев те: 
«Бұл  романда  бар  адамзатқа  тән  махаббат  сезімі  бүгінгідей  анайыланбай,  «жалаңаштанбай»,  қазақи 
мінезбен, қазақи қылық қияпатымен суреттелген»[7,4-5] - деп дөп басып айтқан. Романның бір артықшы-
лығы осынысында болса  керек, осы аңқып  тұрған  «Қазақи мінез»[8,23], әсіресе Меңтай мен Ерболдың 
болмысын,  мінез-құлқын  сипаттаған  тұста  қоюырақ  көрінеді.  Меңтайдың  инабаттылығы,  арлылығы, 
ұстамдылығы, нәзіктігі, жан дүнисінің тазалығы, ұлтымызға тән үйлесімділікпен суреттелген. Сондай-ақ 
Ербол  да  Төлеген  мен  Қозыдай  махаббатта  да,  майданда  да  ерлікке  әзір  ер-азамат  ретінде  танылады. 
Әсіресе, соғыстан жеңіспен оралып, романтикалық күйде жүрген солдатты топ студент қыздардың іщіне 
тап  қылып,  төрт  жыл  армандай  болған  аруларды  көргенде,  көште  кетіп  бара  жатқан  қырық  қыздың 
бірінен  бірінің  асқан  сұлулығына  тамсанып,  есі  кеткен  Төлегендей  күй  кештіруі,  олардың  әрқайсының 
портреттік сипаттама бергізетін тұстары, жазушының ауыз әдебиеті элементтерін өте шебер пайдаланған-
дығын  көрсетеді.  Жарасымды  жеңіл  юмормен  жазылған  осы  эпизодты  езу  тартар,  күлімсірей  отырып 
оқисың.  Романның  мұндай  жетістіктері  ондағы  махаббат  дастанының  ұлттық  өрнекпен  өріліп,  сұлу 
жарасымдылық табуына септігін тигізген. 
Ойымызды  қорыта  айтқанда,  көргені  мен  көкейге  түйгені  көп  Ә.Нұршайықовтың  автор  бейнесін 
шығармаларында сомдай алуы көркем әдебиетте үлкен қызмет атқарған. Біріншіден, өзінің жазушылық 
позициясын таныта алған; екіншіден, күллі шығармаларындағы идеялық-тақырыптық бірлікті айқындау-
ға жол ашқан; үшіншіден, шығармадағы барша элементтерді байланыстыратын ұйымдастырушы мәнге 
ие болған, төртіншіден, каламгердің стильдік-жанрлық өзгешелігінің қалыптасуына ықпал еткен. 

1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал