Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет25/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34

Түйін сөздер: поэма, образ, идея, тарих, рух, ұран, халық, батыр, тағдыр 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
147 
Кемел ойлы ақынның қай туындысы болмасын өз еліне, жеріне деген шексіз махаббаттан туындаған 
дүниелер. Терең оймен, ыстық ықылас сезіммен, халқын сүйген жүрекпен жазылған. Мұқағали шығарма-
ларының бірі – «Райымбек, Райымбек!» поэмасы. 
Есімі  Албанның  ұранына  айналған,  жоңғар  басшылығына  қарсы  күрескен  Райымбек  сынды  қазақ 
батырының өмір жолы өз халқының тағдырымен бірге, бірлікте алынып суреттеледі. 
 
 
Қара таудың басынан көш келеді, 
 
 
Қара жорға шайқалып бос келеді. 
 
 
Қара күнді жамылып қара қазақ 
 
 
Қара түнді басынан кешкен еді. 
 
 
Қара қайғы көрсетпей ештеңені, 
 
 
Қара жауы қанатын кескен еді [1,287]. 
Осы шумақтардағы қара тау, қара жорға, қара күн, қара түн, қара қайғы, қара жау тіркестерінің өзі-ақ 
ел басына түскен аса ауыр ауыртпалықты айқындай түседі. 
Билікте  ауыз  бірлік  болмай,  тақталас  пен  бақталас  жеңген  жерде  қандай  хандық  болса  да  жеңіліске 
ұшырап, халықтың қайғы құшары анық. Мұқағали ақынның «Райымбек» поэмасындағы мына жолдар сол 
заманның  айқын  көрінісі.  Ақынның  сезімтал  жүрегі  қан  кешу  жылдардағы  қазақтың  алауыздығын  дөп 
басып көріп отыр [2,133]. 
 
 
Ата – қазақ бір-бірін арашалай аламай-ақ, 
 
 
Алауыз боп өзді-өзі құдай бізді ұрды ғой. 
немесе: 
 
 
Бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ, 
 
 
Құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын [1,235]. 
Бірақ, құдайынан күдерін үзбеген ел бас көтерер біреудің шығарына, қаймана жұртты соңына ертеріне 
сенді. Әр заманның өз батырын тудырары, оның өз елін апаттан құтқарары да – Жаратқанның бір көмегі, 
үлкен сыйы. 
Сондай батырлардың бірі де бірегейі Райымбек болғаны белгілі. 
Қазақтың жеріне ендей кіріп, елді мекендеріне қоныстанып алған қалмақтар да осал жау болмаған. Ол 
кездегі  шайқас  найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен  жүрген,  нағыз  бетпе-бет  пен  жекпе-жек  емес  пе? 
Олардан  да  басын  осындай  шайқаста  өлімге  тігіп,  ерлік  көрсеткендер  аз  шықпағаны  хақ.  Дегенмен, 
жаудың қандайы болса да бейбіт жатқан елге басқыншылық жасауымен, жерін тартып алып, елін құлдық 
пен күңдікке атап қоюды мақсат етуімен жау емес пе? 
Осыған  ара  түсіп,  қаптаған  қалың  қолды  жайратуға  қазақтың  кең  даласынан  батыр  шықпай  қалуы 
қалай? Сілкіну керек ол үшін [2,152]. 
Райымбек  осыны  ойлап  тас-түйін  шешімге  келді.  Қаламы  қуатты  ақын,  бала  Райымбектің  өзін-өзі 
алғаш танытуын поэмада ғаламат суреттеген. Ауыл елдің арасында аталарына ас беріп, ат жүгірту қандай 
заман болса да қалмаған ғой. Сондай бір жиында Түке күреңіне Райымбекті мінгізіп, бәйгеге қосады. Дәл 
осы додада Райымбектің мақсаты жүлде алу емес, өзінің азамат болғанын таныту екенін алдаспан ақын 
былайша суреттейді: 
 
 
Желпіне барып, желігін жұрт та тасқан-ды, 
 
 
Оқыс бір ғажап оқиға сонда басталды. 
 
 
Жалғыз бір қара жұлдыздай ағып келеді, 
 
 
Қараңғы түнде қақ жарып тілген аспанды [1,237]. 
Бұл Албанның болашақ бас батырының қара қылды қақ жарып келе жатқан алғашқы екпіні еді. Дүйім 
жұрт бәйгенің қызығын көреміз деп тұрғанда бала Райымбектің бұл қылығы шынымен де арқаңды шы-
мырлатып, намысыңды қамшылап, алтын құрсақ ел ішінен ерен батырдың шығатынын дәлелдегендей еді. 
 
 
Қу даладағы құйын ба дерсің, ойнаған, 
 
 
Қыран ба дерсің, қылт еткен құсты қоймаған. 
 
 
Өз атын өзі ұрандап бала келеді, 
 
 
Қамшы сабына жейдесін ту ғып байлаған [1,238]. 
Бұл  шынайы  тарих.  Ақын  қаламынан  өрілген  көркем  ой,  кестелі  сөзбен  әдемі  өрнегін  тапқан.  Иә, 
батыр келбетін бейнелеуде Мұқағали ешкімге ұқсамайтын соңы соқпақ, жаңа сүрлеу тапқан. Шығарма 
аяқталғанымен  әр  шумақтағы  кесек-кесек  ойлар  хас  батырдың  негізінің  қайдан  келе  жатқанын  айқын 
бейнелеп беріп отыр.  
 
 
Есі бар тентек есейе келе ер болар, 
 
 
Ерік беріңдер, неғыласыңдар бұғаулап, –  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
148 
деген Әлмерек бидің аузымен даурыққан елдің көңіліне басу айта отырып, жасындай жалт еткен бала 
батырдың болашақта қазақ жұртын ары мен жанындай қорғайтын өр рухты дара тұлға болатынын меңзеп 
отыр емес пе ақын. 
Мұқағали ақын өз поэмасындағы бала жігіт Райымбек те сол тұста: 
 
 
– Атa, біздің өлкені қара жаулар қаптады, 
 
 
Жауларына біздің ел сәйгүлігін баптады. 
 
 
Қойын сойып, қолдарын қусырды да сорлылар, 
 
 
Аяғына бас ұрды, бірі садақ тартпады. 
 
 
Тартпаған соң олар да әуреленіп жатпады,  
 
 
Алдыдағы аларын, белімізден аттады [1,235], – 
деп қабырғасы қайысып, бірақ ащы шындықты жайып салады. 
Иә, бұл бала Райымбектің Қабай жыраумен тілдескендегі жері. Атылар жас жолбарыстай шамырқан-
ған жігіттің көңілін дана қарт: «Жамандама, жұртыңды, жамандасаң – болмассың», – деген сөзімен басып, 
жөн-жосығын біліп, батасын да береді. 
 
– Қара жауың қайтадан шапса еліңе нетер ең? –  
дейді дана қарт. 
 
– Хас батырын бауыздап, қанын судай етер ем, 
 
Қатын болып күн кешіп, жүргеннен де қырқысып, 
 
Қылша мойным талша боп, қанжығада кетер ем! [1,236], – 
дейді бала батыр. 
Жанарынан от шашып, қайратымен қара тасты үгітердей болған батырға сүйінген қарт: 
– Өзің бала болсаң да, сөзің дана от екен, 
Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен [1,236], – 
деп батасын береді. 
Жүректі  бұлқынтып,  сананы  сілкінтіп,  екпіні  тас  аунатып,  жарды  соққан  асау  өзендей,  бірде  бар 
жұмбағын тұңғиық тереңіне әкеткен алып теңіздей құдіретті өлең қалдырған ақын туралы толғанбай кете 
алмайсың [2,195]. 
Кешегі  «Қазақтың баласы, жасы үлкен данасы» Абай соқпағын салған поэзия айдынында Мұқағали 
бірде  өзінің  өр  тұлғасымен,  өресі  биік  өлеңдерімен  найзағайлы,  нөсердей  күркіреуімен  адамға  қанат 
бітірсе,  енді  бірде  қыз  бұрымындағы  шолпыдай  сылдырлап,  жаныңды  нәзік  сезімге  бөлейді.  Өзіміздің 
күнде  естіп,  қолданып  жүрген  сөздерімізден  алтынмен  апталған,  күміспен  көмкерілген,  гауһармен 
зерленген көз тартар өлеңдері әр жүрекке жол тауып, алқа болып тағылғандай баурап жатыр. 
 
 
Жат жерді жастанғанда жазатайым, 
 
 
Қанымен жазды бәлкім ағатайым. 
 
 
Құдіретіңнен қара өлең айналайын, 
 
 
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым [1,84], –  
деген жүрек тебіренісіне еріксіз бірге толқисың. Қарапайым қара өлеңнен қазақтың өзін көріп отырған 
ақынның шеберлігін еріксіз мойындайсың. 
Ақынның  жауһар  жырларын  оқып  отырғанда  көз  алдымыздан  осынау  құтты  мекеннің  мәңгілік  иесі 
болған, дала дарқандығын өн бойына сіңірген ең пейілді, мол мейірлі жайма  шуақ  күн кешкен шалқар 
қазақты көреміз. Енді бірде: 
 
 
...Көш келеді, боздатып боз даланы, 
 
 
Көз ұшында боз сағым қозғалады. 
 
 
Әлдекімнің естілсе созған әні, 
 
 
Әлдекімдер аңырап жоқтау айтса, 
 
 
Әр кеудеде бір шемен қозданады 
 
 
Әр қазақтың естіліп боздағаны [1,230], – 
дегенде  басымыз  қара  бұлтты  үйірген  қаралы  жылдардың  қасіреті  санамызға  салмақ  салып,  жүрек 
тұсымызды  шымырлатып  өтеді.  Әсіресе,  «Райымбек,  Райымбек!»  поэмасы  қазақтың  зар  заман 
жылдардағы  өлеңмен  жазылған  тарихы  іспетті.  Поэманы  оқыған  сайын  халықтың  мұң  мен  шерін, 
батылдық  бейнесін  Райымбектің  образын,  яғни  келбетін  суреттеу  арқылы  тегеурінді  теңеулермен 
сомдағанын тереңірек аңғара түсесің. 
Батыр туралы бидің аузымен ақын: 
 
 
– Дауасы жоқ жан екен оты жанған, 
 
 
Ілесіңдер, осыған оты барлар! 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
149 
 
 
Су жол берген батырға мен жол бермей, 
 
 
Қамауда ұстап қыранды отыра алман. 
 
 
Қангелдінің сауытын кигізіңдер, 
 
 
Қыннан алып, қылышын сүйгізіңдер. 
 
 
Сырымбеттің туының алдына әкеп, 
 
 
Тәубе еткізіп, басын да игізіңдер[1,248], –  
деп үн қататын шумақтарының өзінде қаншама сыр жатыр десеңші! Әр жолында тарихи тұлғалардың 
бейнесі жарқ ете қалып, көрініс береді. 
Ал ақынның өзі: 
 
«Сенде ме?.. 
 
Сенде сұмдық сыр бар далам...» [1,231], – 
деп тебіренгендей, поэмада дала ділмарларының да, тарихымыздың да, әдебиет пен мәдениетіміздің де 
қанық  сыры  жатыр.  Өлеңнің  нәрі  абыз  жыраулардың  аузымен  айтылған  әр  сөзімен  өрнектеліп, 
қорғасындай салмақтана түседі. 
Тіпті,  қалмақ  жауынгерлерінің  де:  «Райымбек,  Райымбек!»  деп  қазақ  сарбаздарына  қосылып  кеткен 
кездері болған деседі. Сонда оларды осыған жетелеген қандай күш? 
 
 
Сырымбет әулетінен таралғанмын, 
 
 
Қангелді қасиетінен нәр алғанмын [1,241], – 
дейді  бала  Райымбек  абызға  берген  жауабында.  Осы  екі  жолдың  өзі-ақ,  ақын  шығармашылығында 
«тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген атадан қалған асыл сөздің мағынасын ашып, құнын 
арттырып тұр емес пе? Атасы Қангелдінің ерлік, жауынгерлік қасиетін үлгі тұтқанын, қайсарлықты ата 
бойындағы  өнегеден  алғанын  айтып  тұрғаны  анық.  Сірә,  өз  Отанын  жанындай  көріп,  оны  қорғауда 
өмірін,  қасық  қанын  аямайтын  батырларының  айбыны,  еліне,  жеріне  деген  перзенттік  сүйіспеншілігі 
шығар?!  Олай  дейтін  болсақ,  Райымбек  батырдың  жауынгерлік  ғұмыры  Отанына  деген  шексіз 
сүйіспеншілікпен байланысып жатқанын аңғару қиын емес. 
Поэмада  халықтың  ащы  зары  мен  мұңы  ақынның  құлағына  жеткендей  болады.  Ақын  өзімен  бірге 
оқырмандарды да күйзелтіп, күңіренте түседі. Мысалы:  
 
 
Тұяқ та жоқ тігерге дым қалмаған, 
 
 
Жау жалмаған, жабысып, құм жалмаған, 
 
 
Сырлар бар қойныңда, туған далам, 
 
 
Ақтарылар қарнынан қазағыңның, 
 
 
Құзғыны да Құдайдың құр қалмаған [1,231]. 
Иә, ақын өзі айтқандай, елінен, жерінен бір сәт те бөлінбейді, үнемі бірге тұтасып отырады. Елін жау 
шауып, жерін жау қаптап, талап жатқанда, халық арасынан қарсы келіп күресер батыры шықпаса, одан 
өткен қайғы жоқ екенін жақсы түсінген ақын оқиғаны ерекше ыза, намыспен суреттейді. Оның себебін 
іздеп, өзінше жырлап, өлең жолдары арқылы жауап береді. Мысалы:  
 
 
Жерімізді жау алып, елімізді қырды ғой, 
 
 
Қанатымыз қайырылып, топшысынан сынды ғой. 
 
 
Ата – қазақ бір-бірін арашалай алмай-ақ, 
 
 
Алауыз боп өзді-өзі, құдай бізді ұрды ғой... 
 
 
Суырдайын күн кешіп, әркім ойлап өз басын, 
 
 
Тұлпарларды тұқыртып, тұғырлары азғасын, 
 
 
Бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ, 
 
 
Құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын [1,235], –  
деген  Қабай  жыраудың  аузынан  айтылған  жыр  жолдарынан  ақынның  ел  бүтіндігінің,  беріктігінің 
негізі бірлік-берекеде екенін алауыздықтың ақыры ел басына үлкен қайғы әкелетінін анық таныта түседі. 
Өткен  тарихымызға  үңілдіре  отырып,  ақын  шынайы  шындықты  арқау  етіп,  бүгінгілердің  намысын 
қайрап,  жігерлендіріп,  қайраттандыра  түседі.  Бейбіт  өмірге,  тәуелсіздікке  жетудің  оңай  емес  екенін 
ұғындырады [2,163]. 
Бұл – поэманың өзегі мен негізгі идеясы. Бірақ ақын ел болып қалу үмітін жоғалтпайды. Мысалы:  
 
 
Айтса, тілін алдырған, 
 
 
Алмастан оғын жондырған, 
 
 
Ата қазақ баласын 
 
 
Алақанға қондырған. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
150 
 
 
Бар қазақтан – бір қазақ, 
 
 
Табар ма екем, әулие?... [1,234] – 
деп үлкен үмітпен жырлайды. 
Өз  елінің  ішінен  жауға  қарсы  «елім  деп  еңіреп»  ешкімнің  шықпауы  поэмадағы  ақын  кейіпкері 
Райымбектей өрім жасты намысына қамшы тигендей ширықтыра түседі. 
Бала Қабай жыраумен кездеседі. 
 
 
– Ата, біздің өлкені қара жаулар шаппады, 
 
 
Жауларына біздің ел сәйгүлігін баптады. 
 
 
Қойын сойып, қолдарын қусырда да сорлылар, 
 
 
Аяғына бас ұрды, бірақ садақ тартпады. 
 
 
Тартпаған соң олар да, әуреленіп жатпады, 
 
 
Алдыдағы аларын, белімізден аттады. 
 
 
Батыр емес, қария, қатындар бар бұл елде, 
 
 
Беруге әзір барлығын, билігі асқан біреуге. 
 
 
Батырлар жоқ бұл елде, қатындар бар бұл елде, 
 
 
Әркім қара басының амандығын тілеуде [1,235] , – 
деген  Райымбек  сөздері  арқылы  ақын  алауыздық,  қорқақтық,  опасыздық,  күншілдік,  өзара 
бақталастық сияқты жағымсыз қасиеттердің неге әкеп соғатынын ашып көрсетеді. Өз қара бастарының 
қамын ойлағандарды аяусыз әшкерелейді. 
...Енді  Райымбектің  осы  тығырықтан  шығудың  жолын  іздеуге,  анық  елін  қорғауға  берік  бекінгеніне 
оқушы күмән келтіре алмайды. Поэмада сұңғыла Қабай жырау да мұны анық байқайды. Мысалы: 
 
 
– Қара жауың қайтадан шапса еліңді не етер ең? 
 
 
– Хас батырын бауыздап, қанын судай ішер ем. 
 
 
Қатын болып күн кешіп, жүргеннен де қырқысып, 
 
 
Қылша мойным талша боп, қанжығада кетер ем! [1,236]. 
Жырау сөзі: 
 
 
– Өзің бала болсаң да, сөзің дана, отты екен, 
 
 
Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен... [1,236]. 
 
 
Жыраумен  бірге  біз  де  алдынан  үлкен  іс  күткен  сезімге  бөленеміз.  Поэмаға  ары  қарай 
үңілсек,  бәйгеге  қосқан  Түкенің  дүлдүл  күреңі  мен  баласының  жоқ  болып  кетуі  оқушыны  еріксіз 
алаңдатады... 
 
 
Тұяқпен турап көлденең жатқан көк белді, 
 
 
Кермені үзіп, сәйгүліктер де жеткен-ді. 
 
 
Көре алмай Түке баласы менен күреңін, 
 
 
Көзінің алды көлеңке тартып кеткен-ді [1,237]. 
Енді бір сәтте жас батыр арманының орындалғанының куәсі болып, қуанамыз, қостаймыз. 
Ақын  Райымбектей  қайсар  да  өжет  жастың  бойынан  жанайын  деп  тұрған  от  ұшқынын  шабыттана 
көрсетіп жырлайды. 
 
 
...Бұл да бір асау, құрық көрмеген құлын ғой, 
 
 
Желісін үзіп, сендерден қайда барады [1,238], – 
деп  отырып,  Қабай  жырау  өз  қоштауын  білдіреді.  Жас  «батыр  бала»  аузынан  кесек  те  ірі  сөздер 
төгіледі. Түке өлген, ақын енді Райымбектің ер жетіп есейген кезін суреттейді: 
 
 
Он сегізде Райымбек, 
 
 
Жүрген жоқ әке өлді деп, уайым жеп. 
 
 
Тіріге тізе бүгіп, бас имеген, 
 
 
Тізесін бүктірмесе Құдайы кеп. 
 
 
Қайсар болып, қатты боп өсті жігіт, 
 
 
Қатыгез құмға біткен қарағаштай [1,239-240], – 
деген  жыр  жолдарынан  болашақ  батыр  бейнесі  анық  танылады.  Ақын  поэманың  барысында 
Райымбектің көрегендігін, батылдығын көрсетіп, оның келер күнді болжап, бүкіл қазақ еліне қауіп төніп 
тұрғанда, болашақ ел тағдыры не болар екен деген ой-толғанысын жеткізе суреттейді. 
Ақын  Райымбек  бойындағы  батырға  тән  қасиеттерді  сипаттай  отырып  өз  халқының  бақыты  үшін 
қандай қиыншылыққа балса да төзе білудің үлгісін танытады: 
 
 
Әзірге аман тұрғанда мал-басы, 
 
 
Сауық пенен сайранға салынасың. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
151 
 
 
Қазақ жылап жатыр ғой, қазақ жылап, 
 
 
Неменеңе жетісіп, қағынасың?! [1,241]. 
Осы өлең жолдарының өнегесі сонда, адамдық, азаматтық сезімді ғана оятып қоймайды, ел, жер үшін 
күреске шақырады. Мұқағали мұрасының мәңгіге өшпес үні осындай ойлардан туындаса керек. Мұндай 
ойлы, парасатты сөздің астары, сөз мәнін түсінер кез келген адамның жүрегін қозғап, толқытарына күмән 
жоқ. 
Поэма  Райымбектің  бұдан  кейінгі  іс-әрекеттерін  суреттей  отырып,  шарықтай  түседі.  Елдің  елдігін 
сақтар,  оны  сыртқы  жаудан  қорғар  Райымбектей  батыр  ұлдың  болуын  ақын  ерекше  шабытпен  шебер 
жырлайды. Ал Қабай жыраумен кездескенде айтылатын батыр сөздері, халқын аса қадір тұту батырдың 
азаматтық келбетін ашады: 
 
 
Сырымбет әулетінен таралғанмын, 
 
 
Хангелді қасиетінен нәр алғанмын. 
 
 
Кенедейден көзімді ашқан жауым, 
 
 
Еске түсіп, бойымды басқанға мұң [1,241], – 
деген ой:    
 
 
...«Жастығымды ала жатсам 
 
 
Жоқ-тұғын менің мүлде басқа арманым» [1,242]. 
Көпті көрген Қабай жырау батыр арманын, күрес ұранын ту етіп ұстаған, ел басын қосуға талпынған 
жас батырды тани отырып, өзінің салиқалы ақыл-өсиетін білдіреді: 
 
 
Ауызданбаған арланым, 
 
 
Жауыңа жалғыз бармағын. 
 
 
Қиылып қалар арманың, 
 
 
Халқыңа хабар арнағын. [1,243]. 
Поэма соңында Райымбекке: «Іле өзенін кесіп өтсін, сонда ғана қол жинап басшы болады», - деген би 
шешімі мен қойған шарты өте ауыр екенін оқушы жақсы түсінеді. Бірақ олар батыр ұлға деген сенімін 
жоғалтпайды, бұл ауыр сыннан сүрінбей өтетініне сенеді. 
Поэманың  өршіл  рухы,  патриоттық  мәні  ашыла  түседі.  Биік  мұратқа  жету  жолындағы  Райымбек 
арманы  іске  асқанын  оқушы  анық  ұғып  сезінеді.  Өз  халқының  бақыты  мен  бірлігі  үшін  ішкі,  тысқы 
жаулармен аянбай күресудің мәнін ақын оқушыға жеткізе білген. 
 
 
Би кесті, 
 
 
Қара халық қабылдады, 
 
 
Қару алып, қол жимақ қабырғалы. 
 
 
Жорыққа әзірленіп жатты қауым, 
 
 
Қасына Райымбек табылғалы [1,248], – 
деп болашаққа апарар жолды меңзейді. 
Өз жыры арқылы ақын халқының асыл перзенті Райымбекке өшпес ескерткіш орнатты. 
 
 
Табиғат, 
 
 
Жанымды алсаң, 
 
 
Алшы менің. 
 
 
Бір түйір жерге түскен тамшың едім, 
 
 
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің, 
 
 
Артымда қалсың жерім, 
 
 
Қалсын елім...[1,248] – 
деген  ақынның  шығармалары  қай  кезде  болмасын  халқының  қажетіне  жарап,  рухани  игілігіне 
айналған  құнды  мұралар  екендігі  даусыз.  Болашақ  ұрпақ  Райымбектей  асыл  атамыздың  ерлігін  еш 
уақытта ұмытпақ емес. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Мақатаев Мұқағали. Өмір – өзен. – Алматы, 2005. – 287 б. 
2 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1969. – 244 б. 
 
Резюме 
Поэма «Райымбек, Райымбек!» как история, написанная в скорбные времена для казахов. Перечитывая поэму, в 
образе  Райымбека,  изображенного  с  помощью  сильных  сравнений,  можно  увидеть  горе  и  боль  народа,  картину 
героизма. Поэт в ходе своей поэмы изображает дальновидность, прозорливость, героизм Райымбека, его раздумья о 
будущем  страны.  Описывая  характер  Райымбека,  присущие  герою,  полностью  показывает  и  раскрывает  пример 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
152 
выносливости,  терпения,  которые  должны  быть  в  любых  трудных  ситуациях  ради  счастья  своего  народа.  Поэма, 
изображая  дальнейшие  действия  Райымбека,  достигает  своего  апогея  славы.  Поэт  с  особым  вдохновением  поет  о 
сыне казахского народа, о Райымбек батыре, который рьяно защищал свой народ от внутренних и внешних врагов.  
Ключевые слова: поэма, образ, идея, история, дух, лозунг, народ, герой 
 
Summary 
Martial spirit in the poem M. Makatayev "Raiymbek Raiymbek!". The poem "Raiymbek Raiymbek!" a story written in 
the sad times for the Kazakhs. Re-reading the poem, in the image of Raiymbek depicted with strong comparisons, you can see 
the  grief  and  pain  of  the  people,  a  picture  of  heroism.  The  poet  during  his  poem  portrays  the  vision,  sagacity,  heroism  of 
Raiymbek  his  thoughts  on  the  future  of  the  country.  Describing  the  nature  of  Raiymbek  inherent  hero,  fully  reveals  and 
discloses an example of endurance, patience, and that should be in any difficult situations for the happiness of his people. The 
poem, depicting further action Raiymbek reaches its climax of glory. The poet sings with the special inspiration of the son of 
the Kazakh people, about Raiymbek Batyr, who vigorously defended his nation against internal and external enemies. 
Key words: poem, image, idea, history, spirit, slogan, folk, hero 
 
МРНТИ 17.82.93 
 
А.Б. Мұхамеджанова 

 
1
 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ph докторант, 
Түркістан қ, Қазақстан 
 
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖҰМБАҚТЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  түркі  халықтары  әдебиетіндегі  жұмбақтың  жанрлық  ерекшелігі  сөз  болады.  Жұмбақтың  балаларға 
белсенді әсер етуі - жазушы жұмбақтардың көмегімен баламен диалог орнатуға тырысады. Жазушылар өз шығарма-
ларында  жұмбақтардың  сәтті  қырларын  сақтай  отырып,  бұл  жанрды  дамытуға  талпынды.  Оқиғаны  юмормен, 
күлдіргі  тонда,  күлкімен  баяндау  –  бұл  балалар  әдебиетінің  ерекшелігі  және  олар  педагогикалық  талаптарға  сай 
туындап отырады. Балалар әдебиетінің дұрыс тәрбие беретіні, бойдағы пессимизмді жойып, оптимистік көзқарасты 
қалыптастыратыны анық. Үйретуші және тәрбиелеуші құрал ретінде халық жүрегінде туған жұмбақтар кейін қалам-
герлер  шығармашылығында  кеңінен  қолданылып,  балалар  әдебиетінің  таптырмас  жанры  болып  қалды.  Ғалымдар 
халық  педагогикасының  тамыры  ата-бабаларымыздың  тәжірибесінен  келеді  және  халық  ауыз  әдебиетінен  көрініс 
табады дейді. Бұл жағдай түркі халықтары әдебиетіндегі жұмбақ жанрының ұқсас түрде дамуын көрсетеді. 
Түйін сөздер: фольклорлық жанр, халықтық поэзияның шағын түрі, жұмбақ, жанр, ауыстыру 
 
ХХ ғасырдың басында әдебиеттің дамып, оның ішінде поэзияның кең құлаш жайғанындай, жұмбақтар 
да жеке жанр ретінде өзіндік маңызға ие болды. Кейбір педагогикалық идеяларға қатысты қарама-қайшы 
ойлар  болғанда,  жұмбақ  жанры  оң  бағаланып,  кітаптар  мен  балалар  журналының  бетінде  халықтық 
жұмбақтармен қоса қаламгерлердің авторлық жұмбақтары да басыла бастады. Жұмбақтардың балаларға 
белсенді  әсер  етуінің  себебі  жазушы  жұмбақтардың  көмегімен  баламен  диалог  орнатуға  тырысады. 
Жазушылар  өз  шығармаларында  жұмбақтардың  сәтті  қырларын  сақтай  отырып,  бұл  жанрды  дамытуға 
талпынды.  
Жұмбақтың жазба балалар әдебиетіне өтуінің келесі себебі – бұл жанр балалардың зейінін, қиялын, 
ойлау қабілетін дамытып, жан-жақты ойлауға үйретеді. К.Д. Ушинский бұл ескі жанрдың педагогикалық 
мәнін анықтай отырып: «жұмбақтарға ғажайып өнер туындысы бейнеленген картинаға қарағандай қарай-
мын»  [1,87],  -  деп  жазады.  Татар  әдебиетінің  зерттеушісі  Н.Исанбет  өз  уақытысында  жұмбақтардың 
пайдасы туралы айта келіп «Жұмбақтар педагогикалық мәнге ие болғандықтан оларды бастауыш мектеп-
тердің кітаптарына тәрбиелеу құралы ретінде енгізу керек» деген еді [2,11]. Жұмбақ жанры дүние жүзі 
халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель «Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафо-
ра» [3,3] - деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетін-
діктен, оны ғылымда «фольклорлық жанр», «халықтық поэзияның шағын түрі» деп санау орын алған. 
Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығармашылығын-
да  жұмбақтар  топтамасы  жиі  кездеседі.  Сондықтан,  оны  тек  фольклорлық  жанр  аясында  шектеуге 
болмайды. Жұмбақтың жауабын табу үшін осыған дейін жиналған тәжірибеге сүйене отырып, ойланып, 
іздену керек. Бұл процесс баланың интеллектісін, ассоциативті ойлау дағдыларын, есте сақтау қабілетін, 
байқампаздығын,  болжай  алу  қасиеттерін  дамытады.  Ол  адамға  оңынан  әсер  етіп,  жаңа  дүниелерді 
игеруге талпындырады. Өз кезегінде, балалар әдебиеті жас буынның дүниетанымының дұрыс бағытталу-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
153 
ына, бейнелі ойлауына, өмір жайлы танымын кеңейтуге әсер етеді. Орыс фольклористі В.Г.Аникинның 
сөзімен айтсақ: «...ол бізге прозалық түрде көрінетін дүниелерді поэтикалық қырынан көрсетеді» [4,26].  
Әрбір жұмбақтың бойына этнос болмысына, оның рухани-заттық мәдениетіне, дүниетанымына, салт-
дәстүр,  әдет-ғұрып,  наным-сеніміне  т.б.  қатысты  бай  информация  жинақталғанын  ескерсек,  олардың 
этнос болмысын танып-білуге үлесі зор екенін білуге болады. Бұл жағынан келгенде, жұмбақтар – этнос 
тарихындағы  әр  алуан  кезеңдер  мен  оқиғалардың,  әртүрлі  қатынастардың  белгісін  бойына  сақтаған 
қазынасы, этнос тұрмыс-тіршілігінің, оның тарихының, мәдениетінің баға жетпес байлығы.  
Қазақ тілінің өз тарихын таразылауында, халықтың рухани-мәдени байлығын зерделеуінде, этностың 
өзін-өзі тануында, жаңа тарихын жазуында жүгінетін көнекөз куәсінің бірі – жұмбақ жанры. 
Жұмбақтар  бүкіл  дүние  жүзіндегі  үлкенді-кішілі  барлық  халықтардың  көркем  әдебиетінде  елеулі 
орынға ие. Бір ғана жер шарында өмір кешетін халықтардың жұмбақ ететін нысаналары бір болғанымен, 
оны  жұмбақ  ету  әдістері  әрқайсысының  ұлттық  ерекшелігіне,  тұрмыс-тіршілігіне,  өмірге  деген 
көзқарастарына байланысты  әр алуан. Мәселен, ақылға, балалардың  ойлау қызметіне, біліміне әсер ете 
алуы  бойынша  түркі  халықтары  әдебиетінде  Ғ.Тоқай,  М.Джалил,  Б.Рахмат,  X.Халиков,  Р.Миннуллин, 
Ш.Галиев,  Г.Гильмановтардың  жұмбақтары  ерекшеленеді.  Олар  заттарды  образды  сипаттайды, 
нәтижесінде  балалар  сол  зат  жайлы  егжей-тегжейлі  біледі,  онымен  қоса  эстетикалық  ләззат  та  алады. 
Авторлар сұрақ қоюмен ғана шектеліп қалмай сол объектімен қоса басқа заттарды көз алдына келтіріп, 
жан-жақты суреттейді. Г.Гильмановтың шығармашылығындағы жұмбақтарға мән беріп көрейік: 
Канаты бар, очалмый. 
Қанаты бар ұша алмайды.  
Зэцгэр кукне кочалмый.  
Зеңгір көкке көше алмайды  
Жердэ оя коралмый, 
Жерде ұя сала алмайды 
Ченки сусыз торалмый. 
[5,132] Бір сәт сусыз тұра алмайды (Жолма-жол ауд.) 
(Балық) 
Халық жұмбақтары форма жағынан қарапайым да сұлу, онда құнарлы тіл бар, қойылған сұрақ дұрыс 
жауапқа өзі жиі бастап отырады немесе соған жол сілтейді. Жұмбақтар оқырманды ыңғайсыз жағдайға 
қалдыру үшін емес, жауапты іздеуге, ең соңында дұрыс жауапқа қол жеткізуге бастайды. 
Айтып өткеніміздей жұмбақтар, сол немесе басқа заттың белгілерін көрсетеді. Егер жұмбақтар құрғақ 
баяндаудан  тұрса,  тереңге  тамыр  жайып  кете  алмас  еді.  Жанр  жұмбақта  юмордың  болуын  талап  етеді. 
Юмор элементі баланың қызығушылығын тудырады. 
Мысалы:  
«Тыр-р», - дисэц, туктамый, «Дыр» десең тоқтамайды,  
«На-а!», - дисэц, атламый, «Шу» десең аттамайды,  
Печэн салсац, ашамый [6,67] Пішен салсаң жемейді (Трактор) (Жолма-жол ауд.) 
Көптеген  зерттеуші  ғалымдар  осы  проблеманы  ескере  отырып,  жұмбақ  сұрақ-жауап  формасына 
құрылатынын, көбіне әзілдің болатынын ескертеді.  
Әлдебір  оқиғаны  юмормен,  күлдіргі  тонда,  күлкімен  баяндау  –  бұл  балалар  әдебиетінің  ерекшелігі. 
Бұл педагогикалық талаптарға сай туындап отырады. Балалар әдебиетінің дұрыс тәрбие беретіні, бойдағы 
пессимизмді жойып, оптимистік көзқарасты қалыптастыратыны анық. Мұндай стильде жазылған әдеби 
шығармалар оқырман жүрегіне тез орнығады. Мәселен: 
Келмей де қоймас, 
Кетпей де қоймас. (Қонақ)[3,41] 
Деген қарашай жұмбағындағы «қонақ» деген ұғымның мағынасы терең. Қарашай халқының жұмба-
ғындағы қонақ та, біздің қонақпен бірдей екен. Келген қонақ қайтпай қалмайдыдегенді айтқысы келсе, 
екінші бір түсінік – мәңгілік ештеңе жоқ, бәрі уақытша, «адам-осы дүниенің қонағы» дегенді нұсқап тұр. 
Үйретуші  және  тәрбиелеуші  құрал  ретіндегі  халық  жүрегінде  туған  жұмбақтар  кейін  қаламгерлер 
шығармашылығында  кеңінен  қолданылып,  балалар  әдебиетінің  таптырмас  жанры  болып  қалды. 
Ғалымдар халық педагогикасының тамыры ата-бабаларымыздың тәжірибесінен келеді және халық ауыз 
әдебиетінен  көрініс  табады  дейді.  Бұл  жағдай  түркі  халықтарының  балалар  әдебиетінде  қалай 
сипатталғанын салыстырып көрелік. Құмық халқының жұмбақтары:  
Тал басында тас ұя [3,76] 
 
 
 
 
 
(Жаңғақ) 
Өзі  ағаш  басында  өседі,  ұядай  шұңғыл  ыдыс  ішінде,  адам  ағзасына,  денсаулығына  пайдалы,  сирек 
кездесетін дәннің өсетінін жұмбақтаған.  
Өзі де моншақ, 
 
 
Көзі де моншақ, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
154 
 
 
Айдынның астын 
 
 
Сүйеді сонша [3,76] 
(Балық) 
«Моншақттай  мөлдір»  деген  сөз  –  тазалықты,  әдемілікті,  мақпалдықты  көрсетеді.  Су  астында  өмір 
сүретін балықтың өзінің де, көзінің де моншақтай жылтырауы, денесінің қолда тұрмай, судай сусылдауы 
жұмбақталған. 
Жол бойында жосылған қан [3,77] 
 
 
 
 
 
(Бүлдірген, құлпынай) 
Бұл  жұмбақта  бүлдірген,  құлпынай  сияқты  тәтті  жидектердің  жағалай  өсіп  тұрғанын  көрсетіп, 
көзімізге елестетіп тұр.  
Қыста қамшы, 
 
 
Жазда бурка. [3,77] 
 
 
 
 
(Жеміс ағашы) 
Жеміс  ағаштарының  жазда  жапырағы  жайқалып,  жемісі  салбырап,  күзде  сарғайып,  қыста  отқа 
жағатын  ағашқа  немесе  камшының  сабын  жасайтын  таяққа  айналу  жағдайы  жұмбақталған.  «Бурка»  - 
қалың бас киім. 
 
Қырғыз жұмбақтары: 
Тұрған жері мұздай,  
 
 
Өзі әдемі қыздай. [3,93] 
 
 
 
 
(Ай) 
Қысы-жазы далада, төбеден қарап, салқын жерде тұрса да тоңбайды, айнадан қарап, сыланып-сипанып 
тұрған сұлу қызды елестетеді дегенді көрсетеді. 
Су ішкенді білмейді, 
 
 
Сарғаюды білмейді. [3,93] 
 
 
 
 
(Арша) 
Арнайы  су  құйып,  суармаса  да,  кеуіп,  қурап  кетпей,  қысы-жазы  көкпеңбек  боп  тұратын  сирек 
кездесетін арша талының шыдамдылық қасиетін аңғартады. 
Өзі күннің өтінде, 
 
 
Бар әулеті бетінде [3,93] 
(Күнбағыс) 
Күннің  көзін  сүйетін,  сорайған  бойымен,  имиіп,  бітік  шыққан  дән  тола  басын  салбыратып  тұрған 
күнбағысты жұмбақ тілінде сөйлетіп тұр. 
 
Өзбек жұмбақтары: 
Жасыл жайлауға қозы жайдым. [3,127] 
 
 
 
 
(Жұлдыздар) 
Көк  аспанда  самсаған  жұлдыздардың  қозы-лаққа  ұқсап  маңырай  жайылуы,  жұлдыздардың  сансыз 
көптігін жұмбақтаған.  
Сақалы бар, 
 
 
Ақылы жоқ. [3,127] 
 
 
 
 
 
(Ешкі) 
Сақал  –  ақыл  иесі-қарияларда  ғана  болатын  болса,  ешкі  малында,  әсіресе  текелерде  де  болады. 
Алдыңғысы-данагөй, ақыл-парасат иесі болса, кейінгісі- тілсіз мақұлық. 
Басына қарап мәз болады, 
 
 
Аяғына қарап жылайды. [3,127] 
 
 
 
 
 
(Тауық) 
Үй  құстарының  бірі  –  тауық  өмір  бойы  жер  шұқылап,  жерден  бас  көтермей,  тапқанын  жемсауына 
толтырумен  әуре  екен,  бірақ  одан  қорытынды  аз  сияқты,  себебі,  жемсаудағы  жегені  сирағына 
жетпегендей, шибақай, оны ешкім жемейді, лақтырып тастайды дегенді аңғартатын жұмбақ. 
Әлемнен кең, 
 
 
Теңізден терең. [3, 128] 
 
 
 
 
 
(Ақыл) 
Адам  ойының  ұшқырлығы,  ақылының  көптігі,  игерілген  істер,атқарылған  жұмыстар  –  осының 
барлығы тек адамның ақыл-парасатының, сана-сезімінің нәтижесі дегенді білдіреді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
155 
Күн қай тұста тұрса да,  
 
 
Көлеңкесі болмас. [3,129](Әйнек) 
Шыныдай таза, шыныдай ақ сөздерінің синонимі ретінде-әйнек диалектісін алсақ, тазалығынан арғы 
жағындағының бәрі көрінеді, егер күн тұрса күн де сол күйінде көзге түседі дегенді білдіреді. 
 
Түркімен жұмбақтары: 
Бір шелек қатық 
 
 
Әлемге жетеді[3,84] 
(Ай) 
Аспан әлеміндегі түннің сұлулығын айқындайтын айдың жарық сәулесінің бір ауыл емес, бүкіл әлемге 
жететіндігін білдіреді. 
Ажары –жерде 
 
 
Ажалы- суда[3,84] 
(От) 
Күнделікті адам өміріндегі ас пісіру үшін пайдаланатын оттың пайдасының көптігі, бірақ өрт болған 
жағдайда оны тек су ғана өшіре алатынын келтірген. 
 
Тыва жұмбақтары: 
Жатпас-тұрмас қара шәйі [3,131]  
(Су) 
Таудан құлап аққан су, өзен-көлден толқынданып, жалданып аққан судың шәйі-жібек матадай сусып, 
жылтырап ағуын жұмбақтайды, көз алдымызға елестетеді. 
Даусы тау құлатар, 
 
 
 
 Бойы бір-ақ құлаш. [3,131] 
(Мылтық) 
«Тарс» деген даусына таудағы тағы үркетіндей, қатты даусы бар мылтықтың бойының қысқалығына 
қарап, ондай дауыс шығаруы мүмкін емес, «өзінен даусы зор» дегенді жұмбақтау арқылы аңғартып тұр. 
Жұмбақ байламының бөлек, оқшау тұратын, оның өзіне ғана тән, өзгелерде қайталанбас қасиетін тайға 
таңба басқандай етіп ұсынуы ауыстыруға тәуелді. Ауыстыру – құбылысты дәлелдеп, даралап, оның басқа 
басқа  құбылыстарда  жоқ  белгісін  көрсетеді.  Ауыстыру  тұспалданған  бейнені  көркем  образ  түрінде 
жеткізеді.  Сондықтан  ауыстыру  тәсілі  арқылы  жұмбақтың  ауқымдылығы,  бейнелілігі,  ұтымдылығы, 
тосындығы  егжей-тегжейлі  сарапталып,  жұмбақтың  жанрлық  табиғаты  ашылады.  Жұмбақта  тұспал 
айқын көрінбей, емеурінмен елес береді. Ауыстырудың дәнекерлік қызметі осы тұста көрінеді. 
Ертеректе жұмбақтың айтылатын жері көбіне ойын-сауық үсті, той-думан, ол шілдехана кезінде көңіл 
көтерудің, сейілдеудің құралы болған. Бұрын магиялық, ғұрыптық-діни нанымды білдірсе, кейін мұндай 
сипатынан  айрылған.  Академик  Әлкей  Марғұланның[7,12]  жазуына  қарағанда  жұмбақты  қарт  кісілер 
айтатын да, шешуін жастар табатын. 
Халқымызда жұмбақ жарысы кезінде қазылық етіп, әділ билік ету үшін қазы, төреші белгілеу тәртібі 
де болған. Ел аузынан жиналған мәліметтер бойынша ойын төрешісі қарсылас топтардың қанша жұмбақ 
шешкенін,  қаншасы  шешілмей  қалғанын  қадағалап  отырғанын  білдік.  Төреші  бәсеке  соңында  қайсы 
топтың  қанша  ұпай  жинағанын  есептеп,  соған  сәйкес  жеңімпаз  топты  айқындаған.  Ел  ішінде  жұмбақ 
жарыс ойын түрінде өтетіні белгілі.  
Жұмбақты  дұрыс  шешпеген  кісілерді  көпшілік  күлкіге  айналдыра  отырып,  намысына  тиіп,  қалайда 
сайысқа даяр болуға, есесін жібермеуге үйретеді. Қиын-қыстау жерде абыржып, ыңғайсыз жағдайларға 
түсіп қалмау үшін, тәлкекке ұшырамас үшін жұмбақтың образдық өрнегіне, айтар тұспалына ойлы көзбен 
қарауға, тапқырлық пен сергектік танытуды жүктейді. 
Демек,  жұмбақ  жарысы  басталуы,  шиеленісуі,  шешілуі  бар  драмалық  сипатты  ойын  іспеттес.  Оның 
композициясына  зер  салсақ,  басталуы  топқа  бөлініп,  төреші  сайлау,  қызған  шағы  жұмбақ  шешу,  соңы 
жеңілген жақты әжуаға айналдыратын бөліктерден тұратын қалыпты құрылымы бар екені байқалады. 
Қарақалпақтарда  жұмбақты  қыз-жігіт  болып  бөлініп  жарысып,  оған  төрелік  жасаушы  жасы  үлкен 
адамдар, жұмбақты жақсы шешкендер төрешілер тарапынан марапатталса, оны шеше алмағандар қырық 
қасық су ішу, маңдайынан, ұртынан шерткізу, жолдастарын үйіне шақырып, қонақ ету тәрізді «жазалар» 
түрін өтеген. Алтайлықтар жаза ретінде қызды шалға, бозбаланы кемпірге «сататын» болған. 
Өзбектерде жұмбақты таба алмаса, жасырушы «жаза» ретінде шаһар не «қорған» беруін сұрайды. Тап-
паған кісінің шаһар беремін деген сөзінен кейін ғана жұмбақ жауабы, жасырылған заттың аты айтылады. 
Яки туған қаласын беру жеңілгендігін мойындау, бас ию деген сөз, бұл жазаланудың ауыр түрі. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
156 
Қарашайлар  жұмбақты  «ел  берген  джомаклар»  деп  атайды,  бұл  сөздің  шығуына  көне  ғұрып  себеп 
болған. Жасырғанын таба алмаған адамнан «ел беруін» сұрайды. 
Осылайша өзбек, қарашай, түрік, түркімен халықтарының этнографиялық деректері «ел беру, шаһар 
беру» ғұрпының болуы ежелгі түркі тектес жұрттар арасында кең таралғанын айғақтайды. 
Өзбектерде  бұрынғы  үлкендердің  «жұмбақ  ойыны»  балалар  репертуарына  қарай  ойысқан.  Әуелде 
ересектер  жұмбақ  жасырысып,  сүрінгені  шаһарын  берсе,  қазір  осы  ойынды  көшеде  балалар  қайталап, 
«жаза» ретінде Отанын беріп, «құтылатын болды». 
Сонымен түркі халықтарындағы жұмбақ шешімі «құнының» өзгеруін ру, ел, қорған, шаһар, мемлекет, 
Отан күйінде өзгеріп отырғаны байқалады. Қазақта жұмбақтан жеңілген «тай берумен» құтылған, бұның 
өзі малшылық кәсіппен байланысты. 
Жұмбақтың болмысында бірнеше дәуірге тән ойлау мен көркемдеудің қат-қабат сатылары бар. Ұзақ 
даму  жолын  бастан  кешіп  келген  жанрдың  өзгеру  сатыларын  тыйым  жұмбақ;  ертегі  жұмбақ;  ойын 
жұмбақ; таза жұмбақ; айтыс жұмбақ; әдеби жұмбақ деп жүйелеуге болады. 
Жұмбақ  жанрының  ұлғайып,  дамуына  Ш.Күмісбайұлының  «111  жұмбақ-әңгімелер»  атты  кітабында 
жастардың  ой-өрісін  дамытатын  түрлі  басылымдарға  шыққан  еңбектерден  іріктеліп  алынған 
жұмбақтарының  да  әсері  көп.Ұлттық  менталитетімізге  тән  ойлауды  қалыптастырып,  танымды 
жетілдіруде ерекше әсер етететін математикалық ойындар еңгізілген. [8, 93-б]. 
Мысалы, «ағайынды екі баланың үлкенінің жасы 1987 жылы дүниеге келген інісінің туған жылының 
сандарының  қосындысына,  ал  інісінің  жасы  ағасының  туған  жылының  қосындысына  тең  болады. 
Екеуінің ара жасының айырмашылығы жеті жас. Олай болса, олардың жасы мен туған жылы қай жылдар 
болмақ?»  -  деген  сияқты  логикалық  ойға  жетелейтін,  басқатырғыштық  есептер  жастардың  жұмбақ 
шешудегі дүниетанымын, ойлай білу қабілетін, тез шешім қабыладй алу қасиетін арттырары сөзсіз.  
Ойымызды  қорыта  келе  айтарымыз,  қай  халықтың  әдебиетінде  болмасын  жұмбақ  -  еркін  көсіліп, 
жайылуды сүймейді. Көп сөзділікке бой ұрмай, ықшам, жинақы пішіледі. Бір затты, немесе құбылысты 
нысана ете отырып, оны астарлап, бүкпелеп бейнелеуді, осы тұспал бейнені тыңдаушыға табуды артады.  
Жұмбақты  жасыру  да,  шешу  де  адам  миындағы  күрделі  ойлау  жүйесіне  негізделеді,  анализ  және 
синтез тәсіліне арқа сүйеу арқылы жүзеге асады. 
Жұмбақ жанрында белгілі бір өлеңдік қалып сақтала бермейді.Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы 
сан  түрлі  өрнектеледі.  Олардың  ішінде  қара  сөзбен  келетіндері  де  аз  емес.  Қазақ  жұмбақтарын 
этнолингвистикалық  тұрғыдан  зерттеу  барысында,  жалпы  жұмбақ  атаулынын,  соның  ішінде  қазақ 
жұмбақтарының өзге халық жұмбақтарымен, әсіресе түркі тектес халықтардың жұмбақтарымен сәйкес, 
ұқсас келетінін, айтатын ойынын, берер мағынасының бір екені аңғарылды. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Ушинский К.Д. Собрание сочинений. Т.8. – М.,1950. – С. 776. 
2 Исэнбэт Н. Табышмаклар, заман Ьэм тормыш / Исэнбэт Н. Отканга мэкаль, тапкырга табышмак. - Казан: 
Татар.кит.нэшр., 1973. - Б. 11. 
3 Жер жүзіндегі жүзге жуық жұрттың жұмбағы. Алматы: Балауса, 2004, 257-б 
4 Аникин В. ПОСЛОВИЦЫ, поговорки и детский фольклор В. Аникин. - М.: Наука, 1968. -С. 26. 
5 Гыйльманов Г. Эбием сихерче бугай. Нэнилэр ечен шигырьлэр / Г.Гыйльманов. - Казан: Матбугат йорты, 1999. 
- Б. 132.  
6 Татар халык табышмаклары / тез. Н. Исэибэт.-Казан:Таткитнэшр.,1970.-Б. 67. 
7 Марғұлан Ә.Қазақ жұмбақтарының зерттелу тарихы. Алматы, 1991.12-б. 
8  Күмісбайұлы  Ш.  Жұмбақ-әңгімелер.  Алматы:  Аруна,  2006.60,93-б.Күмісбайұлы  Ш.Жұмбақ-әңгімелер. 
Алматы: Аруна, 2006.60,93-б. 
 
Резюме 

1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал