Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет24/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34

 
Резюме 
ИСТОКИ ТВОРЧЕСТВА МУХТАРА АУЭЗОВА 
Картаева А.М. 
д.ф.н., профессор ВКГУ имени С.Аманжолова 
В статье рассматривается проблема источников, впитавших творчество выдающейся личности, писателя-класси-
ка,  внесшего  неоценимый  вклад  в  казахскую  литературу  и  культуру  ХХ  века  Мухтара  Омархановича  Ауэзова.  В 
исследовании труды об истоках творчества М.Ауэзова и источники, питавшие творчество писателя, представлены в 
шести разделах. Автор определяет данные разделы назвав их «Истоки духовного богатства родного народа», «Уроки 
Абая»,  «казахская  литература  эпохи  Просвещения»,  «сокровища  Восточной  литературы»,  «Литература  тюркских 
народов»,  «Образцы  русской  литературы  и  западной  культуры»,  анализирует  и  рассматривает  их  по  отдельности. 
Обосновывает их во взаимосвязи с духовными источниками, которые питают своими соками корни творчества Абая. 
Подытоживая вышесказанное, автор делает вывод о том, что М.Ауэзов использует данные истоки в своем творче-
стве,  создает  мировые  классические  произведения,  прокладывая  своеобразный  путь  в  литературе  и  формируя 
лучшие образцы для последующей литературы.  
Ключевые слова: писатель классик, творческий, источники, истоки духовного богатства родного народа, уроки 
Абая, казахская литература эпохи Просвещения, сокровища Восточной литературы, Литература тюркских народов, 
образцы русской литературы и западной культуры.  
 
Summary 
SOURCES OF WORK MUKHTAR AUEZOV 
Kartayeva A.M. 
East-Kazakhstan State University named S.Amanzholov, the Doctor of Philology  
In this article the problem of sources which absorbed creativity of the prominent figure, who in fact, made an invaluable 
contribution in Kazakh literature and culture of XX century, Mukhtar Omarkhanuli Auezov. In the study about beginnings of 
works  and  sources  which  inspired  M.Auezov  presented  in  six  sections.  Author  determines  these  sections  naming  them  as 
“Origins of spiritual wealth of motherland”, “Abay’s lessons”, “Kazakh literature of the age of Enlightenment”, “treasures of 
Eastern  literature”,  “Literature  of  Turkish  nations”,  “Samples  of  Russian  literature  and  western  culture”,  analyzes  and 
considers  them  individually.  Author  grounds  them  in  relation  with  spiritual  sources  which  inspired  Abay’s  works. 
Summarizing, author makes a conclusion that M.Auezov uses these sources in his own creations, creates worldwide classical 
compositions, bringing in his own way in literature and shaping best examples for the following literature. 
Keywords: classic writer, creative, sources, Origins of spiritual wealth of motherland, Abay’s lessons, Kazakh literature 
of the age of Enlightenment, treasures of Eastern literature, Literature of Turkish nations, Samples of Russian literature and 
western culture 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
142 
МРНТИ 14.07.03.  
 
Б.Д. Керімбекова 
1
 
А.В. Таңжарықова 
2
 
 
1
филология ғылымдарының кандидаты, Сулейман Демирель университетінің ассистент-профессоры 
(Алматы қ., Қазақстан), 
2
ф.ғ.д. Абай атындағы ҚазҰПУ(Алматы қ., Қазақстан) 
 
ҚОЖА АХМЕТ ЙАСАУИ ХИКМЕТТЕРІ МЕН ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МІНӘЖАТ 
ЖЫРЛАРДЫҢ КӨРІНІСІ 
  
Түйіндеме 
Мақалада  түркі  халықтарына  ортақ  ойшыл,  ғұлама  ақын  Қожа  Ахмет  Йасауи  хикметтері  мен  бүгінгі  қазақ 
поэзиясы арасындағы байланыс, дәстүр жалғастығы мәселелері қарастырылады. Түркі әдебиетінде Йасауи хикметте-
рі арқылы  қалыптасқан мінәжат  жанрының  қазіргі  қазақ  әдебиетіндегі мінәжат  жырлардың  дамуына  ықпал  еткені 
анық.  
«Мінәжат»  сөзінің  «тілек»  сөзімен  түбірлес  екенін  ескерсек,  жыраулар  поэзиясындағы  мінәжаттың  үлгісін 
қазақтың  Бұқар  жырауының  «Тілек»  атты  толғауынан  көруге  болады.  Сондай-ақ,  мінажат  жырлар  қазақтың  бас 
ақыны Абай Құнанбайұлы поэзиясынан жалғасын тапты. Абайдың Әбдірахманға арнаған өлеңдері мен жоқтаулары 
–  мінәжат  жырларының  топтамасы  іспетті.  Аталған  мақалада  мінажаттың  жанр  ретіндегі  ерекшелігі  сөз  болып, 
нақты мысалдар арқылы айтылған ойлар дәлелденіп отырады.  
Аталған  мақалада  автор  Йасауи  хикметтеріндегі  мінажат  кейбір  үлгілерінің  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ 
поэзиясында кездесетіндігін айтады. Сопылық поэзияға тән деп танылған аталған жанрдың бүгінгі қазақ поэзиясына 
да жат еместігі нақты мысалдар арқылы дәлелденіп, талданады. 
Түйін сөздер: сопылық поэзия, мінажат жанры, Йасауи хикметтері, қазіргі қазақ поэзиясы 
 
Түркі  халықтары  әдебиетіне  Орхон-Енисей  жазбалары,  Ж.Баласағұн  дастаны,  «Қорқыт  ата  кітабы» 
секілді  шығармаларда  Тәңіріні  ұлықтау,  Аллаға  мадақ  айту,  жалбарыну,  тілек  тілеу  сынды  эпизодтар 
біршама көрініс тапқан. Ғалымдар қазақ поэзиясындағы мінәжаттың дербес жанр ретінде алғаш көрініс 
беруін  Қожа  Ахмет  Йасауи  шығармашылығынан  бастау  алады  дейді.  Қандай  қоғамдық  кезеңде  өмір 
сүре де, адам баласының өзін жаратушы Құдіретке, тылсым күш иелеріне жалынып-жалбарынуы, жәрдем 
тілеуі – заңдылық. Бұл – мінәжат деп аталады. «Мінәжат» сөзі арабша – монаджат: 1. Түнгі жалбарыну 
дұғасы.  2.  Діни  әнұран.  3.  Оңашадағы  ашық  әңгімелесу.  Аллаға  өз  тағдырына  шағымдана,  өтінішпен, 
тілекпен  жалбарыну»  мағыналарын  бреді  [1,  200].  Ислам  дінінің  енуімен  бірге  қазақ  әдебиетіміндегі 
сыйыну мәнді жырлар  «Аллаға мінәжат»  ұғымының аясына топтасты. Мінәжат өлеңдер  – ақындардың 
лирикалық толғаныстарының өрнектерімен ислам дінінің негіздерін мойындау көзқарастарының көрінісі.  
Мінәжат – қазақтың арнау, насихат өлең, дидактикалық-философиялық толғау жанрларының қасиет-
терімен де үндесетін жанрдың түрі. Мінәжаттың тақырыптық арқауы Аллаға, пайғамбарларға мадақ айту, 
тілек тілеу, фәни дүниедегі адамдардың жағымсыз істері үшін кешірім сұрау, жалбарыну болып табыла-
ды. Жаратушыға қаратып мінәжат айту – ақынның жан сырын бүкпесіз ақтарып, арыла сөйлеуіне мүмкін-
дік берген. Жазба әдебиеттегі мінәжаттың шығу төркіні исламдық араб поэзиясынан бастау алып, түркі 
жазба  әдебиетіне  парсы  поэзиясы  арқылы  сатылай  енген.  Әлем  әдебиетінің  ежелгі  нұсқаларында  жиі 
кездесетін гимндер де мадақ пен мінәжаттың біріккен түрі әрі алғашқы бастау-көрінісі болып табылады. 
Йасауи  хикметтердегі  мінәжат  жанрын  зерттеушілердің  бірі,  татар  ғалымы  А.Шарипов:  «Ахмет 
Йасауиді түркі тіліндегі жазба мінәжаттың негізін қалаушылардың бірі деуге болады» [2, 6], – деп жазса, 
қазақ ғалымы И.Жеменей де өз еңбегінде: «Түркі әдебиетіне мінәжат Қожа Ахмет Йасауимен келді» [3, 
177], – деп тұжырымдайды.  
Бес жасымда шариғатқа белім бұрдым, 
Дін жолында ораза тұтып, әдет қылдым.  
Күнді-түні зікір айтып, рахат қылдым, 
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. (Шағатай тілінен аударған М. Ибатов) [4, 11], – деген Қожа 
Ахмет  Йасауи  –  рухани  даналықты  бойына  сіңірген  ұлы  ақын,  философ,  сопылық  әдебиеттің  негізін 
салушылардың бірі.  
Аңыздардың  бірінде  Мұхаммед  пайғамбардың  аманат-құрмасын  (ілімнің  символы)  жеткізуші 
Арыстан бабтың бала Ахметпен кездескен сәті туралы былай делінеді: «Балам, атың – Ахмет екен, ішің 
тола хикмет екен, аш аузыңды!» дегенде, жеті жасар бала жалт қарап, аузын ашқанда, құрма ұшып барып 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
143 
баланың аузына кірді. Бала ұршықтай ширатылып, хикмет айта бастайды» [5, 125]. «Диуани хикметте» 
осы оқиға Йасауидің өз атынан баяндалады: 
Жеті жаста Арыстан бабам іздеп тапты, 
Әр сырымды көрген сайын бүркеп жапты. 
«Билхамдиллаһ көрдім» деп ізімді өпті, 
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. 
...Сегізімде сегіз жаннан жол ашылды, 
«Хикмет айт!» деп басыма нұр шашылды. 
Бихамдиллаһ Пірмұған шарап ішірді, 
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге [6, 11]. 
Ахмет Йасауидің рухани ұстаз ретінде кең танымал болуына түркі тілінде жазылған «Диуани хикмет» 
өлеңдер жинақтары зор ықпал етті. Хикмет – Алладан берілген ілім, адамның өзін тану арқылы Алланы 
тану  ілімі.  Ол  –  сопылық  танымның  негізін  құрайтын  ілім.  Шариғат  шарттарын  толық  түсініп,  берік 
ұстанып, өмірінің өзегіне айналдырған адам ғана хикмет ілімін ұстын еткен тариқатқа қадам баса алады. 
Йасауи өзі таратқан рухани ілімді «Хал ілімі» деп атады. «Қал» арабтың «қала» -  «айту» деген сөзінен 
келіп шығады. Сопылықта «қал» – айтуға болатын, тілмен жеткізу мүмкін ілім, яғни адам үйрете алатын 
ілім болса, «хал» – тілмен жеткізуге келмейтін, Жаратушының өзі ұстаздық қылатын ілім. «Қал» ілімінің 
мақсаты  «халге»  жеткізу  болса,  «халдің»  мақсаты  –  Құдайға  жеткізу.  Алланы  бір  сәтке  де  жадынан 
шығармау (зікір), нәпсіні ауыздықтап, «өлмес бұрын өлу», дүнияуи ластықтардан қарайған жүректі зікір 
арқылы  тазарту,  рухты  ұдайы  жетілдіру,  өз  болмысын  тану  арқылы  ақиқатқа-Аллаға  ұласу  –  сопылық 
жолының өткелдері, хикмет ілімінің мәні болып табылады.  
«Түркі  сопылық  поэзиясының  бастауында  тұрған  Йасауи  «Диуанының»  өн  бойы  мінәжат  мәнді 
хикметтерге  толы.  Йасауи хикметтерінің негізгі өзегі – мінәжат жырлары десек, қателеспейміз.  Йасауи 
мінәжаттары негізінен Аллаға жалбарыну, одан тілек тілеу, баз бір тұстарда Алламен сырласу сарынында 
жазылған. Мұндай мінәжат үлгілері дәстүрлі буындық өлшемдермен жазылып, түркілік табиғи сипатқа ие 
болған», – дейді Йасауитанушы ғалымдардың бірі А. Әбдірасылқызы [7,6]. Қожа Ахмет Йасауи «Диуани 
хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін 
айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз 
орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт 
болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып 
табылады. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың 
негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» 
(«фано»)  –  Аллаға  жақындап,  оны  танып-білудің  ең  жоғары  басқышы.  Сопылық  түсінік  бойынша, 
«шариғатсыз»  «тариқат»,  «тариқатсыз»  «мағрифат»,  «мағрифатсыз»  «хақиқат»  болуы  мүмкін  емес. 
Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Йасауи Аллаға (яғни 
Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақын мұны өз 
өлеңінде былай деп өрнектейді: 
... Ути ғүмырым шарғатқа неталмадым,  
Шариғатсыз тарихатқа уталмадым,  
Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым,  
Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар. 
Йасауи  хикметтері  арқылы  қалыптасқан  мінәжат  жанры  қазақ  әдебиетіндегі  мінәжат  жырлардың 
дамуына ықпал етті. «Мінәжат» сөзінің «тілек» сөзімен түбірлес екенін ескерсек, жыраулар поэзиясын-
дағы мінәжаттың үлгісін қазақтың Бұқар жырауының «Тілек» атты толғауын келтіруге болады: 
Бірінші тілек тілеңіз, 
Бір Аллаға жазбасқа. 
Екінші тілек тілеңіз, 
Ер шұғыл пасық залымның 
Тіліне еріп азбасқа. 
Үшінші тілек тілеңіз, 
Үшкілсіз көйлек кимеске, 
Төртінші тілек тілеңіз, 
Төрде төсек тартып жатпасқа. 
Бесінші тілек тілеңіз, 
Бес уақытта бес намаз, 
Біреуі қаза болмасқа…[8, 128],  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
144 
– деп Алла атымен басталып, дәстүрлі мінәжаттарға тән бірқатар сарындарды қамтитын бұл толғау да 
ары  қарай  қазақы  құндылықтарды  тарата  өрбітіп,  олардың  сыны  бұзылмай  сақталуын  Тәңірден  тілеуді 
насихат етеді.  
Ұзақ  уақыттар  бойы  жабық,  тиым  салынған  тақырыптардың  бірі  болып  табылатын  мінәжат  жанры 
туралы  ең  алғашқы  ғылыми  тұжырымды  ғалым  А.Байтұрсынұлы  еңбегінен  табамыз.  Өзінің  «Әдебиет 
танытқыш атты еңбегінде ғалым: «Діни дәуір мұңды-зарлы өлеңдеріне «мінәжат» деп ат қойған. Әуелде 
«мінәжат» деп ғұламалардың Құдайға айтқан зары, арызы, наласы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңлық 
мағынасына айналып, зарлық өлең сияқты сөздер де  «мінәжат» деп аталатын болған», – дейді [9, 150]. 
Әдебиеттанушы И. Жеменей  парсы әдебиетінде  «мінәжат» сөзінің:  1. Біреумен сырласу, сыбырласу. 2. 
Алламен  сырласу.  3.  Біреудің  ішкі  ойын  ұғыну.  4.Сырласу.  5.Алладан  тілеу  [3,  57]  сынды  бес  түрлі 
мағынасы бар екендігін көрсетеді.  
Йасауи  хикметтерінен  бастау  алған  мінажат  жырлар  «Алланың  өзі  де  рас,  сөзі  де  рас,  Рас  сөз  еш 
уақытта жалған болмас», – деген қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы поэзиясынан жалғасын тапты. 
Абайдың  Әбдірахманға  арнаған  өлеңдері  мен  жоқтаулары  –  мінәжат  жырларының  топтамасы  іспетті. 
Абайдың мінәжат жырлары өзінің жеке мұңына, әкелік зарына құрылып, Алладан тілері де сол сарынға 
ауысқан: 
Я, Алла, бере гөр, 
Тілеген тілекті. 
Қорқытпай орнықтыр, 
Шошыған жүректі. 
 
Шын жүрек елжіреп, 
Алладан тілеймін. 
Шын қалқам осы күн 
Болып тұр керекті. 
 
Жүрегім суылдап, 
Сүйегім шымырлап, 
Алладан тілеймін 
Құпия сыбырлап. 
Зар етсе бендесі, 
Бермей ме Алласы 
Тән саулық қалқама, 
Қабыл боп көз жасы? [10,96]. 
Абай  жаратушының  хикметін,  жаратылыстың  ғибратын  ақылмен  таныған,  сезіммен  түйсінген 
кемеңгер  ақын  күйзеле,  күңірене  отырып,  бойұсына,  бағына  зар  төгеді.  «Мінәжат  –  бұл  адамның  өзі-
өзімен  сөйлесуіне  құрылған,  бірақ  құдайға  бағышталған  монолог»,  –  деген  Х.Ю.Миннегуловтың 
анықтамасы Абайдың мінәжат мәнді өлеңдерінің табиғатын тереңірек ашады. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттегі айрықша ақын − Мағжан Жұмабаевтың Жаратушыға қарата 
жазылған мінәжат жырлары өзіндік бітім-болмысымен ерекшеленеді.  
Ойпырым-ай, Алла-ай, жасаған, 
Қысылды ғой шыбын жан! 
Қуат кеміп барады, 
Көп болды мынау аққан қан. 
 
Тәңірі, өзіңе жылайын, 
Хәл жоқ, қалай тұрайын? 
Жүректі жара жеп барад, 
Жасаған-ау, қалай шыдайын?! 
 
…Түсті қысым жаныма, 
Тұншықтым ғой қаныма! 
Ием болсаң, жаратқан, 
Салсайшы  құлақ  зарыма!  [11,  79],  –  деген  ақынның  «Жаралы  жан»  жырында  лирикалық  кейіпкер 
атынан  айтылған  сөздер  шынайы  мінәжат  табиғатын  танытады.  Бұл  –  тек  қана  Мағжанның  мінажаты 
емес, бұл − қазақ, Тәңірге зар еткен қазақтың мінәжаты. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
145 
ХХ  ғасырдың  90-жылдары  мен  ХХІ  ғасырдың  басындағы  қазақ  поэзиясы  да  ұлттық  сөз  өнеріндегі 
діни-исламдық  дүниетанымды  дамыта  кеңейте  жырлауымен  ерекшеленді.  «Төл  әдебиетімізде  мінәжат 
жанрының дамуы – әдебиет тарихының өн бойына созылып жатқан құбылыс. Қандай қиын кезеңдерде 
болмасын мінәжат мәнді өлеңдер өміршең қалпын сақтап, тұтастай буын өкілдерін өнегесіне ұйыта білді. 
Қаза  әдебиетінің  алтын  қорын  байытқан  рухани  қазынамыздың  бірі  –  мінәжат  жырлары  ескермейтін, 
жоғалмайтын, әдебиет барда бірге жасайтын мәңгілік тақырыптардың бірі», – дейді Д.Ахметұлы [12,2]. 
Расымен,  Кеңестік  кезеңде  қанша  бүркемелеуге  тырысқанмен,  тәуелсіздікпен  бірге  аталған  жанр  қайта 
жаңғырды.  
Қазіргі қазақ поэзиясындағы көрнекті ақындар: Серік Қалиевтің, Дәулетбек Байтұрсынұлының, Керім 
Елеместің,  Айнұр  Әбдірасылқызының  мұсылмандық  мінәжат-арнау  өлеңдерінде  Жаратушы  Алланың 
құдіреті  жырланған.  Тәуелсіз  қазақ  елінің  жаңа  буын  жастары  жырлаған  мінәжат  жырлары  мүлгіген 
жұрттың  санасын  сілкіп  оятқандай  отты,  арынды  сипат  алды.  Мінәжат  жырлар  бүгінгі  ақындар 
шығармашылығында да катарсистік /тазарушылық/ - медитациялық сипатқа ие. 
… Иә, Алла! 
Жан беремін ақиқат шындық үшін, 
Тіл бере гөр алмастай жарқылдаған. 
Туылғам жоқ өмірге құлдық үшін, 
Жүрек бергін күресте тартынбаған. 
 
Иә, Алла! 
Жүрегіме жылу бер жалындаған, 
Қазағымды арылтам қайғы-мұңнан. 
Ала көрме шабытты арындаған, 
Қалдырсаң да бар бақыт байлығыңнан, – дейді бүгінгі мінәжат иесі Д.Қыдырәлі .  «Мінәжатты адам 
ожданының  оянуы,  жан  тебіренісі,  сананың  сілкінісі,  өзінің  нәпсісіне  тоқтау  салу  баспалдағы  деп 
бағалауға  болады»  деген  зерттеуші  И.Жеменей  пікірі  Д.Қыдырәли  мінәжатының  ішкі  тегеурінін  тап 
басып танудан туғаны айқын.  
«Қазақ  елінің  жаңа  буын  жастары  жырлаған  мінәжат  жырлары  мүлгіген  жұрттың  санасын  сілкіп 
оятқандай екпінді, отты, арынды сипат алды.  
Келеді сындар қанша алда,  
Келтірдім иман мен де енді.  
Адами жолға салшы, Алла,  
Адасқан біздей пендені.  
Мұсылман болып туылғам, 
Мұсылман болып өтермін. 
Рахмани нұрға жуынған  
Рухымды  міне,  көтердім  [13,  41],  -  деген  жолдар  жас  ақын  Бақытжан  Алдиярдың  замана  шамыр-
қанысын  өткір  сезінген,  жылдар  бойы  бұйығып  келген  сезімдерді  буырқана  төгіп,  айтылмай  келген 
армандарды алғаусыз ақтарған арылу әні болды» [14, 90].  
Қандай  қилы  кезеңдерде  болмасын  мінәжат  мәнді  өлеңдер  өміршең  қалпын  сақтап,  тұтастай  буын 
өкілдерін өнегесіне ұйыта білді. Қазақ әдебиетінің алтын қорын байытқан рухани қазынамыздың бірі – 
мінәжат жырлары ескірмейтін, жоғалмайтын, әдебиет барда бірге жасайтын мәңгілік тақырыптардың бірі.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
 
Рустемов Л.3. Араб-иран кірме сөздерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі – Алматы: Мектеп, 1989 - 320 б.  
2
 
Шарипов  А.М.  Зарождение  системы  стихотворных  жанров.  –  Казань:  Издательство  Казанского 
университета, 2001. 307с. 
3
 
Жеменей И. Мінәжат – «Тарихи Рашиди» еңбегінде // Ақиқат, № 4, 165-177б. 
4
 
Қожа Ахмет Иассауи. Хикметтер. Шағатай тілінен аударма. -Алматы: Дайк-Пресс, 2000. – 208 б. 
5
 
Яссауи тағылымы. Ғылыми мақалалар мен жаңа деректер жинағы. –Түркістан: Мұра, 1996. 125б. 
6
 
Қожа  Ахмет  Йасауи.  Хикмет  жинақ.  (Дайын.  М.Жармұхамедұлы,  М.Шафиғи,  С.Дәуітұлы).  –Алматы: 
Жалын, 1998. 183-185 бб.  
7
 
Әбдірәсілқызы А. Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі // Үркер 
журналы. № 1.(16). 2010 ж.  
8
 
Он ғасыр жырлайды. – Алматы: Дәуір, 2006. – 408 б. 
9
 
Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. Зерттеулер мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003ж. -208 б.  
10
 
Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы: Өлеңдер мен аудармалар.- Алматы: Жазушы, 2002. - 296 б. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
146 
11
 
Жұмабаев М. Шығармалар. 3 т. – Алматы: Білім, 1995. – 1 т. – 256 б. 
12
 
Ахметұлы Д. Пайғамбардың оралуы // Қазақ әдебиеті, 2008ж. № 18. 1-2 б.  
13
 
Алдияр Б. Қазығұрттың қоңыры. – Алматы: Жалын, 2012 ж. 
14
 
Абиыр  А.  Жастар  поэзиясындағы  исламдық  сарын  //Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Хабаршысы,  «Филология» 
сериясы, №1 (43), 2013 ж.  
  
Резюме 
ОТРАЖЕНИЕ МОЛИТВЕННЫХ ПЕСЕН ХИКМЕТОВ ХОДЖЫ АХМЕТА ЯССАУИ 
В КАЗАХСКОЙ ПОЭЗИИ 
Керимбекова Б.Д. 
кандидат филологических наук, ассистент профессор университета имени С.Демиреля,  
Танжарыкова А.В.  
д.ф.н. КазНПУ имени Абая 
В статье «Отражение в казахской поэзии молитвенных песен хикметов Ходжы Ахмета Яссауи» рассматриваются 
вопросы  взаимосвязи  между  хикметами  Яссауи  и  современной  казахской  литературой,  вопросы  преемственности 
традиций.  Очевидно,  что  жанр  молитвы,  сформированной  в  тюркской  литературе  благодаря  хикметам  Яссауи, 
оказал влияние на развитие молитвенных стихов в казахской литературе.  
Если учитывать то, что слово «молитва», является синонимом слова «пожелание», то образец молитвы мы можем 
найти в толгау «Пожелание» (Тілек) Бухара жырау. Также молитвенные песни нашли свое продолжение и в поэзии 
главного  казахского  поэта  Абая  Кунанбаева.  Стихи  Абая,  посвященные  Абдрахману  словно  серия  молитвенных 
песен.  Выражение  жанра  молитвы  в  поэзии  современных  современных  авторов  в  статье  рассматривается  и 
доказывается через конкретные примеры. 
Ключевые слова: Ходжы Ахмета Яссауи, казахская поэзия, хикметы, молитвы 
 
Summary 
"REFLECTION OF DEVOTIONAL SONGS IN WISDOMS OF KHOJA AHMED YASSAUI IN KAZAKH 
POETRY 
Bayan Kerimbekova 
Assist.prof. S. Demirel University, Almaty/Kazakistan 
KazNPU named after Abai, 
There  were  couple  of  issues  considered  like:  connection  between  the  present  kazakh  poetry  and  the  Khoja  Ahmed 
Yassaui's wisdom, the problem of contiuation of the traditions in the article called "Reflection of devotional songs in wisdoms 
of Khoja Ahmed Yassaui in kazakh poetry". It is clear that the prayer genre formation in a turkish literature, which takes its 
origin from Yassaui's wisdom, have positively affected the developement of prayer songs in kazakh poetry. 
 If to take into account the fact that the word "prayer" сognates with the word "wish", we can find a sample prayer in the 
bardic poetry, in tolgau called "Wish" by Kazakh bard Bukhara. Furthermore, it found its continuation in the poetry of the 
famous  kazakh  poet  Abay  Kunanbayev.  Poems  and  zhoktau  of  Abay  Kuanbayev  devoted  to  Abdurrahman  are  like  a 
collection of devotional songs. The was discussed and prooved by valid arguments representation of prayer in present poets' 
poetry in the article.  
Key words: Khoja Ahmed Yassaui, Kazakh poetry, prayer 
 
МРНТИ 14.07.03.  
 
А.А. Көшекова, Б.Д. Жұмақаева 
 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ. Қазақстан 
 
«РАЙЫМБЕК, РАЙЫМБЕК» ПОЭМАСЫНДАҒЫ КҮРЕСКЕРЛІК РУХ 
 
Аңдатпа 
«Райымбек,  Райымбек!»  поэмасы  қазақтың  зар  заман  жылдардағы  өлеңмен  жазылған  тарихы  іспетті.  Поэманы 
оқыған сайын халықтың мұң мен шерін, батылдық бейнесін, Райымбектің образын, яғни келбетін суреттеу арқылы 
тегеурінді теңеулермен сомдалғаны аңғарылады.  
Ақын  поэманың  барысында  Райымбектің  көрегендігін,  батылдығын  көрсетіп,  оның  келер  күнді  болжап,  бүкіл 
қазақ  еліне  қауіп  төніп  тұрғанда,  болашақ  ел  тағдыры  не  болар  екен  деген  ой-толғанысын  суреттейді.  Райымбек 
бойындағы батырға тән қасиеттерді сипаттай отырып өз халқының бақыты үшін қандай қиыншылыққа болса да төзе 
білудің үлгісін барынша танытады. 
Поэма  Райымбектің  бұдан  кейінгі  іс-әрекеттерін  суреттей  отырып,  шарықтай  түседі.  Елдің  елдігін  сақтар,  оны 
сыртқы жаудан қорғар Райымбектей батыр ұлдың болуын ақын ерекше шабытпен шебер жырлағандығы туралы сөз 
болады.  

1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал