Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор


ARTISTIC ORIGINALITY OF RAKHIMZHAN OTARBAYEV’S DRAMA "SULTAN BEYBARYS"



жүктеу 3.41 Mb.
Pdf просмотр
бет23/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34

ARTISTIC ORIGINALITY OF RAKHIMZHAN OTARBAYEV’S DRAMA "SULTAN BEYBARYS" 
Karimova G.S.

1
 Doctoral student of Kazakh National pedagogical University named after Abai 
The  article  is  devoted  to  the  development  of  national  drama  in  the  period  of  independence,  in  which  a  well-known 
playwright Rakhimzhan Otarbayev contributed, where his historical drama “Sultan beybarys”comprehensively analyzed.The 
historical drama is characterized by the style of the author, where the author in his work took into account all the requirements 
and conditions for writing drama. 
The author fully reveals the fullness of the image and the character's inner world, where using dramatic elements, in the 
author's remark in the monologue, conveys the historical era. 
In addition, the author has left unnoticed the idea of creating this drama, the storyline and the main theme is the features of 
the image of the main character. 
Key words:the author's remark, keynote, national drama, historical drama, storyline 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
137 
Резюме 
ХУДОЖЕСТВЕННОЕ СВОЕОБРАЗИЕ ДРАМЫ РАХИМЖАНА ОТАРБАЕВА "СУЛТАН БЕЙБАРС" 
Каримова Г.С.

1
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
Статья  посвящена  развитию  национальной  драматургии  в  период  независимости,  в  которую  известный 
драматург Рахимжан Отарбаев внес свой вклад, где всесторонне проанализирована его историческая драма "Султан 
Бейбарс".  Историческая  драма  характеризуется  определенным  стилем  автора,  где  автор  в  своей  работе  учел  все 
требования и условия по написанию драмы. 
Автор  в  полной  мере  раскрывают  полноту  образа  и  внутренний  мир  героя,  где  используя  драматические 
элементы, в авторской ремарке и в монологе, передает историческую эпоху. 
Кроме  того,  автором  не  остались  незамеченными  идея  создания  этой  драмы,  сюжетная  линия  и  основным 
лейтмотивом является особенности образа главного героя. 
Ключевые  слова:  авторская  ремарка,  лейтмотив,  национальная  драматургия,  историческая  драма,  сюжетная 
линия 
 
МРНТИ 14.07.03.  
 
А.М. Картаева 

 
1
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, Өскемен қ., Қазақстан 
 
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ АРНАЛАРЫ 
 
Аңдатпа 
Мақалада ХХ ғасырда қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға, классик жазушы Мұхтар 
Омарханұлы  Әуезовтің  шығармашылығының  нәр  алған  қайнар  көздері  мәселесі  қарастырылады.  Зерттеуде 
М.Әуезов шығармашылығының арналары туралы айтылған еңбектер саралана отырып, жазушы сусындаған қайнар 
бұлақ алты саламен бөлініп беріледі. Автор оларды  «Туған халқының рухани қазыналар көзі»,  «Абай тағылымы», 
«Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті», «Шығыс әдебиетінің жауһарлары мен ғұламалық еңбектері», «Түркі халықтары-
ның  әдебиеті»,  «Орыс  әдебиеті  мен  Батыс  мәдениетінің  үлгілері»  деп  атап,  оларды  жеке-жеке  талдап  көрсетеді. 
Абайдың  нәр  алған  қазына  көздерімен  байланыста  қарастырып  дәлелдейді.  Автор  М.Әуезов  осы  арналарды 
шығармашылығына азық ете отырып, әлемдік классикалық туындыларды дүниеге әкеліп, әдебиетте өзіндік дара жол 
салып, өзінен кейінгі әдебиетке озық дәстүр қалыптастырды деген қорытынды жасайды.  
Түйін  сөздер:  классик  жазушы,  шығармашылық,  арналар,  қайнар  көздер,  қайнар  бұлақтар,  туған  халқының 
рухани  қазыналар  көзі,  Абай  тағылымы,  Ояну  дәуіріндегі  қазақ  әдебиеті,  Шығыс  әдебиетінің  жауһарлары  мен 
ғұламалық еңбектері, Түркі халықтарының әдебиеті, Орыс әдебиеті мен Батыс мәдениетінің үлгілері 
 
Абайдың  нәр  алған  тұнық  қайнар  бұлақтарынан  Мұхтар  Әуезов  те  сусындап,  өзінің  жазушылық, 
ғалымдық,  суреткерлік  дарынына  азық  етті.  М.Әуезов  шығармашылығының  нәр  алған  көздері  жайлы 
«Дәстүр  мен  жаңашылдық»  атты  еңбекте  үш  сала  тұрғысынан  көрсетіледі.  Атап  айтқанда:  «...Мұхтар 
Әуезовтің өзі де үш сала әдебиет арнасынан нәр алып дәстүр дамытты, оның ішінде атап айтқанда, әсіресе 
қазақ эпосына сүйенді, Абайдан, Тургеневтен,  Лев  Толстойдан, Шекспирден, Горькийден, Шолоховтан 
тәлім алды дегенде, олардан бірдеңені көшіріп алды деген ұғым тумайды, жаңа идеялық тұрғыдан өмір 
шындығын соларша қамтып, творчестволық әдісті соларша игерді...» [1, 10 б.]. Бұл үш арна жазушының 
шығармашылық әлемін түгел қамти алмайды. Бұған қоса М.Әуезовтің үлкен ғылым ордалары Ташкент, 
Ленинград  университеттерінде  оқып,  ірі  қалаларда  қызмет  істеп,  әдеби-мәдени  кең  орталықтарда  жиі 
болып, шетелдерге іссапармен шығуына байланысты жазушының қайнар көздері ауқымының мол екенін, 
яғни бүкіл әлем әдебиетіне қатысы жағын да ескеруіміз қажет. Абай ақындығының нәр алған үш арнасын 
алғаш  ғылыми  тұрғыдан  негіздеп  берген  М.Әуезов  болса,  ал  М.Әуезов  шығармашылығының  қайнар 
көздерін  Абай  айналасы  мен  тағылымы  арқылы  М.Әуезовке  бала  кезден  дарығанын  ғалым  Т.Жұртбай 
жазушының өмірі мен шығармашылық жолын, тағдыр қатпарларын жан-жақты ашып жазған «Бесігіңді 
түзе!..» атты ғұмырнама-толғауында «үш тамырға» бөліп қарастырады [2].  
Т.Жұртбай  Абай  мұрасының  қазына  көздерін  үш  тамырдан  алып  қарастырып,  бұл  құбылыс 
М.Әуезовке Абай даналығы арқылы үш тамырдан таралып берілгені туралы ғылыми көзқарасты береді. 
Бірінші  тамырға  Шығыс  даналығы  мұрасы:  шағатай,  түрік,  парсы,  араб  әдебиеті  мен  ежелгі  грек,  рим, 
египет,  парсы,  үндінің  философиялық  толғамдары,  тарихи  шежірелерін  атайды.  (Аристотель,  Платон, 
Сократ, Гомер, Фирдоуси, Рудаки, Ғазнауи, Физули, Сағди, Хафиз, Омар һәйям, Яссауи, Бақырғани, Әл-
Фараби, Ибн-Сина, Низами, Баласағұн, Софы Алаяр, Науаи, Игүінеки, Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулати, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
138 
Абылғазы  Баһадүр,  Жалаладдин  Ауғани,  Шаһабуддин  Маржани).  Екінші  тамырға  Европа  классиктері 
(Гете, Байрон, Шиллер) мен Европадағы ой-пікірлердің даму тарихы: (Спиноза, Спенсер, Дарвин, Дрепер, 
Жан-Жак  Руссо,  Монтень  т.б).  Үшінші  тамырға  орыс  әдебиетінің  тамаша  үлгілерін  жатқызады. 
(Михаэлис,  Гросс,  Долгополов  сияқты  достары  мен  классиктер  Пушкин,  Лермонтов,  Крылов,  Толстой, 
Чернышевский, Салтыков-Щедриндерді атайды) [2].  
Осы  мәселелерге  зер  сала  отырып,  біз  зерттеуімізде  М.Әуезов  шығармашылығының  нәр  алған 
көздерін 6 арнаға бөліп береміз. Оларды былай атап көрсетеміз: туған халқының рухани қазыналар көзі, 
Абай  тағылымы,  Ояну  дәуіріндегі  қазақ  әдебиеті,  Шығыс  әдебиетінің  жауһарлары  мен  ғұламалық 
еңбектері, Түркі халықтарының әдебиеті,  Орыс әдебиеті мен Батыс мәдениетінің үлгілері. Осы аталған 
Әуезов  шығармашылығының  қайнарларына  зерттеу  жүргізу  барысында,  Абайдың  нәр  алған  қазына 
көздеріне де үңіліп, байланыста алып қарастырып отырамыз.  
Рухани  қайнар  көздерінің  ішінде  мол  бөлшегі  көшпелі  халқымыздың  бай  ауыз  әдебиеті,  шешендік 
өнері,  жыраулық  дәстүрі  бала  кезінен  М.Әуезовтің  еркін  сусындаған  мөлдір  айдыны  болатын.  Бала 
кезінен халықтың бай ауыз әдебиетін сүйіп өскен Мұхтар аулына келген ақын-жыршылардың, ертекші-
әңгімешілердің, шешендер мен билердің, айтыс ақындарының өнерлерін тыңдаудан ешқашан жалықпай-
ды. М.Әуезовтің көшпелі халқымыздың әдебиетін сүйіп, оны мәңгілік санасына құйып өскені, өмір бойы 
оған  мейлінше  зор  құрметпен  қарағаны  кейін  ғалым  ретінде  ауыз  әдебиетін  жинап  зерттеген  қыруар 
еңбектерінен, сондай-ақ қаламгер ретінде көркем туындыларында ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдаланған 
жазушылық  шеберлігінен  анық  көруге  болады.  М.Әуезовтің  фольклортану  саласындағы  ғылыми 
еңбектері  мен  көркем  шығармаларындағы  фольклоризм  мәселелерін  арнайы  зерттеген  ғалым 
Ә.Молдахановтың  пікірінде  былай  делінген:  «Ғылыми  жұмыстарында  ғалым  М.Әуезов  қырық  жылдан 
астам  уақыт  фольклорды  жинап  бастыру,  ғылыми  басылымдарын  жүзеге  асыру,  оның  түбегейлі 
мәселелерін  үзбей  зерттеумен  шұғылданып  келсе,  көркем  шығармаларында  фольклорлық  тақырып, 
сюжет,  бейнелеу,  суреттеу  әдіс-тәсілдерді  жаңғыртып,  жаңа  мазмұн-мағына  беріп  қолданды.  Сөйтіп, 
фольклорды  да,  көркем  әдебиетті  де  жаңа  сапалы  биік  дәрежеге  көтерді»  [3,  3  б.].  Жазушы  өз 
шығармашылығына рухани азық еткен халық ауыз  әдебиетін кейіннен екі салада дамытты. Біріншіден, 
фольклор үлгілерін жинап, бастырып, зерттеп, ғылыми еңбектер жазды, екіншіден көркем туындыларын-
да ауыз әдебиеті үлгілерін суреткерлік шеберлікпен пайдаланды. 
Мұхтар Әуезов шығармашылығының ең негізгі өзек еткен арнасы, рухани ұстазы Абай тағылымында 
жатыр. Алып мұхиттан сусындаған Мұхтарға Абай тақырыбы оның өмірінің мағынасы мен мәніне айнал-
ды.  Бес  жасынан  атасы  Әуездің  Абай  өлеңдерін  жаттатып,  санасына  мәңгілікке  сіңіргені  ақынға  деген 
құрметінің алғашқы бастамасы еді. Жастайынан Абай мұрасына қанығып, ақын шығармаларының құдіре-
тін сезініп өсті. Бұл жайды М.Әуезов былай деп еске алады: «Атамыз бізді өзінше оқытатын. Бұл оның 
өзіне оңайырақ соққан болар. Ал шәкірт байғұстың көз жасы тимей-тимей кетуші еді. Аздап қара таныған 
соң  өлеңдерінің  бірінен  соң  бірін  жаттадым.  Өлеңдер  бір  түрлі  түсініксіз.  Ара-арасында:  Пушкин, 
Лермонтов, Крылов, Татьяна мен Онегин тәрізді бұрын құлақ естімеген, оқшау, өзгеше есімдер ұштасып 
қалады» [4, 4 б.].  
Бала  кезінен  Абай  шығармаларын  санасына  сіңіріп  өскен  Мұхтар  ақын  жайлы  жазуды  он  тоғыз 
жасында-ақ  армандаған  болатын.  Әйтсе  де  М.Әуезов  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  жылдардан  бастап-ақ 
Абай  мұрасының  жиналуы  мен  зерттелуі  туралы  мәселеге  қызу  араласа  бастаған  еді.  Әрі  М.Әуезовтің 
Абай  өмір  сүрген  ортада  туып,  жастайынан  ақын  шығармаларымен  таныс  болып  өсуінің  де  белгілі 
дәрежеде мәні бар. Өйткені, ол сол дәуірдің ірілі-ұсақты оқиғаларын, ұлы ақын туралы ел арасындағы сан 
қилы әңгімелерді ой дүниесіне тоқи жүргендіктен, Абай өмірінде кездескен көп оқиғалардың сырын Абай 
мұрасын  зерттеушілердің  көбінен  әлдеқайда  жетік  білді.  Бұл  жағдай  Абай  мұрасын  жинап  зерттеудегі 
М.Әуезовтің орасан зор еңбегінің жемісті болып аяқталуына айтарлықтай септігін тигізді. 
«Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30
˗жылдары айрықша 
көзге түскен жазушы, ғалым, Мұхтар Әуезовтың зерттеулері абайтану тарихында ерекше орында» [5, 84 
б.].  М.Әуезов  қаламынан  туған  Абайдың  ғылыми  өмірбаяны  –  абайтану  саласындағы  бірегей  еңбек. 
«Абай жолын» жазу үстінде М.Әуезов әрі ғалым, әрі жазушы ретінде екі салада қатар ізденді. Расында да, 
Мұхтар  Әуезовтің жазушылық және ғалымдық шеберлігінде бір ғана көркемдік идея, бір ғана ғылыми 
бағдар – ұлы ақын Абай тағдыры басты темірқазыққа айналды да, бүкіл саналы өмірінің өзекті тақырыбы 
да Абай болды, шығармашылық ғұмырының бастауында да Абай тұрды, ғылыми қызметінде де ұлы ақын 
тұлғасы басты зерттеу нысанасына айналды. 
М.Әуезовтің қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы мен алғашқы әдеби-мәдени шығармашылы-
ғының  оянуына,  сондай-ақ  жазушылық,  ғылыми-зерттеушілік,  публицистік  қабілетінің  шыңдалуына 
себепкер болған – ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті еді.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
139 
М.Әуезовтің  жазушылық,  публицистік  шығармашылыққа  қадам  басқан  уақыты  жиырмасыншы 
жылдары жер жаһанда үлкен төңкеріс болып жатқан аласапыран заманмен тұспа-тұс келеді. Елдегі болып 
жатқан  саяси  жағдайлар,  күрделі  кезеңнің  аласапыранды  күндері  жазушының  қаламгерлік  құдіретінің 
бастау  алған  тұсында  саяси  өсуіне  ықпал  еткені  мәлім.  Патша  өкіметінің  құлап,  еліміздегі  жаңа  қоғам 
құру барысындағы идеологиялық күрес, қолдан жасалған тап тартысы, мәдениет пен өнер, әдебиет тағы 
басқа  салалардағы  дау-айтыстар,  сыңаржақ  түсініктер  жазушының  қоғамдық,  азаматтық  көзқарасының 
қалыптасуына себепші болды. 
Осы  кезең  әдебиеті  жайлы  профессор  Б.Б.Мамраев  былай  дейді:  «Действительность,  наступившая 
после двух революций 1917 года, не отвечала гуманистическим представлениям. И потому закономерно 
складывается особое отношение к существующему как чему-то временному, не имеющему будущего и 
являющемуся  лишь  переходом  к  лучщему  будущему,  под  которым  А.Букейханов,  А.Байтурсынов, 
М.Дулатов, М.Жумабаев, М.Ауэзов и другие имели в виду национальную независимость» [6, с. 30].  
Осындай  аумалы-төкпелі  кезеңде  халық  зиялыларының  белсенділігі  нәтижесінде  1917  жылы  тамыз 
айында  ұлттық  тұңғыш  "Алаш"  партиясы  құрылады.  Алаш  жалауы  астына  ортақ  мүдделі  азаматтар 
топтасқан  тұста,  халықтың  ояну  шағында,  М.Әуезовтің  шығармашылық  жолы  басталды.  Алаш  атын 
ардақтаған ел ұлдарымен ой түйістіріп, пікір алмастырып, бірге қадам басқан М.Әуезовтің шығармалары 
халқымыздың азаттығын, ұлттығын, елдігін көкседі. Осы уақыттан бастап, ұлтының саяси және рухани 
тәуелсіздігі оның өмірлік аңсары болды. 
М.Әуезовтің саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына Алаш қозғалысының ықпалы зор болды. 
М.Әуезов  Алашорда  қозғалысының  көшбасшылары  болып  саналған  қазақ  зиялыларымен  тығыз 
байланыста  жұмыс  істеді.  Олар  халқының  ұлттық  мүддесін,  тәуелсіздігін  көздеген,  рухани  көсемі  – 
«Қазақ» газетінің айналасына шоғырланды. 
М.Әуезов  шығармашылығының  үлкен  қайнары  –  Шығыс  әдебиеті.  Мұхтар  Әуезовті  алғаш  Шығыс 
әдебиеті әлемімен  таныстырған Абай ілімі,  Абай танымы еді.  Абай әлемін барша қазақ халқына, бүкіл 
әлемге  танытқан  жазушы,  ғалым  Мұхтар  Әуезов  ұлы  ақынның  өмірі  мен  шығармаларын  зерттеу 
барысында өзі Шығыс әдебиетімен жақын танысқан еді. Жазушы өз заманының әлемге әйгілі туындыла-
рымен  қатар,  орта  ғасырларда  барша  адамзат  баласының  асыл  мұрасына  айналған  Шығыс  мұсылман 
әдебиетін  де  жетік  меңгерді.  Ежелден  әңгіме-жырдың,  ән  мен  өнердің  ортасы  болған  Абай  ауылында 
үзбей айтылатын «Шахнама», «Мың бір түн», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты асыл туындыларды бала кезінен 
естіп өсті. Шығыс әдебиетінен хабардар атасы Әуездің әңгімелері арқылы, данышпан Абай шығармалары 
арқылы, кейін студенттік жылдары Бартольд, Самойлович, Жирмунскийлерден тыңдаған дәрістері арқы-
лы шығыс әдебиетінің бар құнарын бойына сіңіріп, бал шырынымен қанықты. Абай мұрасының қазына 
көздеріне үңіле отырып, оны зерттей жүріп, ақын нәр алған қайнарлардан Әуезов те еркін сусындады. 
М.Әуезовтің  Шығыспен  байланысын  зерттеген  белгілі  шығыстанушы  ғалым  Ө.Күмісбаев  былай 
дейді: «Әлемдік әдебиет алыптарының Шығысқа соқпай кеткені кемде-кем шығар. Гете Шығыстың әйгілі 
жеті  ақынын  оқығаннан  кейін  өзінің  «Батыс–Шығыс  диванын»  дүниеге  әкелді.  Петрарканың  сонеттері 
Хафиздің  ғазалдарымен  үндесті.  Байрон  поэмаларында  шығыстық  мотивтер  бар.  Россияда  Жуковский 
Фирдоусидың «Шахнамасына» еліктеген неміс ақыны Рюккерттен алып «Рүстем мен Зухраб» поэмасын 
жазды.  Фет  Хафиздің  «Жоғалған  Жүсіп»  атты  ғазалын  орыс  тіліне  аударды.  Лермонтовтың  атақты 
Шығыс  сюжетіне  жазылған  «Үш  пальмасын»  білеміз.  Қазақ  топырағында  біздің  дәуірімізде  Шығысты 
жетік  білгендердің  бірі  Мұхаң  еді»  [7,  98  б.].  Ө.Күмісбаевтың  М.Әуезовке  берген  жоғары  бағасы 
ғалымның  шығыс  әдебиетінің  аса  білгірі  екенін  көрсетеді.  Расында  да  қай  халықтың  ақын-жазушысы 
болсын,  Шығысқа  қол  созбай,  Шығысқа  соқпай  кеткені  кемде-кем.  Қазақ  халқының  ұлы  ғұламалары 
Абай да, Әуезов те Шығыс әдебиетінен нәр алып, шығармаларына рухани азық етті. Шығыс сюжеттерін 
пайдаланып, көркем туындылар да жазды. 
М.Әуезовтің  қол  артқан  келесі  бір  үлкен  арнасы  –Түркі  халықтары  әдебиеті.  Түркі  халықтары 
әдебиетінен  алған  ізгі  нәрі  мен  тигізген  игі  әсерлері  оның  шығармашылығында  айрықша  көз  тартып, 
көңіл аудартады. 1922 жылы Ташкент табалдырығын аттап басқан күннен-ақ, түркі халықтары әдебиетіне 
айрықша  мән  беріп,  Абай  нәр  алған  бұлақтардың  кәусарынан  сусындап,  әдебиет  әлеміне  еркін  кіре 
бастайды да, оны өмірінің соңғы сағаттарына дейін үздіксіз зерттеп, жазумен айналысқан.  
М.Әуезов  түркі  халықтары  қаламгерлерінің  шығармаларын  түпнұсқадан  оқыған.  Бұл  ретте 
М.Мырзахметұлының:  «Ғылыми  жетекшісі  М.Ф.Гавриловтың  арнайы  тапсыруымен  және  нақтылы 
басқаруымен  Қожа  Ахмет  Яссауидің  «Дивани  хикметін»,  Ә.Науаидың  шығармаларын,  Әбілғазы 
Баһадурдың  «Түрікмен  шежіресі»  атты  еңбегі  мен  Шаһнаманы»  және  осман  түріктері  мен  түркмен 
эпостарын оқып танысты», - деген пікірін толық қостауға болады [8, 17 б.]. Расында да, Мұхтар Әуезов 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
140 
Ташкентте аспирантурада оқьш жүрген кездерінде Әлішер Науаи шығармаларын, соңдай-ақ Қожа Ахмет 
Иассауидің  «Диуани  хикметін»,  Әбілғазы  Баһадүрдың  «Түрікмен  шежіресін»,  Фирдоусидің 
«Шахнамасы» мен түрікмен, Осман түрк эпостарын мұқият оқып, әрі оларды зерттеп, үйрене түседі.  
1922-1923  жылы  Ташкенттегі  Орта  Азия  Мемлекеттік  университетінің  (қазіргі  ТашГУ)  Шығыстану 
факультетінің  еркін  тыңдаушысы  ретінде  оқи  бастаған  алғашқы  күндерінен-ақ,  түркі  халықтарының 
өмірімен,  әдебиетімен,  мәдениетімен,  салт  дәстүрімен  жете  таныса  бастайды.  Шығыс  классиктерінің 
шығармаларына  ден  қойып,  оларды  тереңінен  танып  зерттейді.  «М.Әуезовтің  Ташкент  қаласы  мен 
ташкенттік әдеби ортада өткен шығармашылық өмір жолында жарияланған 20 әңгіме, повестері бар», - 
деп анықтайды Б.Т.Иманбердиев [9, 111 б.]. 
Түркі халықтары әдебиеті – М.Әуезов шығармашылығының мол қазына артқан қайнар бұлағы. Өзінің 
ғылыми-шығармашылық  жолында  М.Әуезов  түркі  әдебиетін  өзіне  рухани  азық  етті,  өмір  бойы 
асылындай  құрметтеп,  зерттеп-зерделеді,  ол  мұраны  байытып  толықтырды,  көкжиегін  кеңейтті.  Түркі 
халықтары  әдебиетінде  Әуезовтің  көркем  бай  дәстүрі  қалыптасты.  Әуезовтің  жазушылық  шеберлігінен 
үлгі алып, түркі халықтары қаламгерлері зор шығармашылықпен жалғастырды.  
М.Әуезов  шығармашылығының  үлкен  айдыны  –  орыс  және  Батыс  әдебиеті.  «Мұхтар  Әуезов 
жастайынан-ақ қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін, туған әдебиетінің таңдаулы туындыларын үзбей оқи 
жүріп,  орыс  және  Батыс  Еуропа  әдебиетіне  үлкен  ықыласпен  назар  аударды.  М.Әуезов  –  КСРО 
халықтары әдебиетінің майталман бiлгipi ретінде Мәскеу университетінде профессорлық қызмет атқарған 
жазушы.  Орыс,  украина,  белорус  халықтары  әдебиетін  бip  жинақтап  қарап,  Балтық  бойы  халықтары 
әдебиетін тағы бip бөлек алып байымдайды. Кавказ халықтары әдебиетіне де арнайы тоқталады», - деп 
профессор Ж.Дәдебаев М.Әуезовтің бүкіл дүниежүзі әдебиетіне қатысын көрсетеді [10, 60 б.].  
Мұхтар  Әуезов  алғашқы  туындысынан  бастап,  соңғы  шығармасына  дейін  жазушылық  шеберлігін 
үздіксіз  арттырумен  болған.  Қырық  жылдан  астам  шығармашылық  жолында  жазушы  үшін,  әсіресе, 
классикалық орыс әдебиетінің маңызы ерекше жоғары болған. Абай өзіне үлгі тұтып, қазақ сахарасына 
қастерлеп  жайған  Пушкин,  Лермонтов,  Крылов  сияқты  орыстың  ұлы  ақын-жазушыларын  М.Әуезов  те 
өзіне  пір  тұтып,  өмір  бойы  оларды  зерттеп,  қазақ  халқына  уағыздап  өтті.  М.Әуезов  А.С.Пушкиннің 
туғанына жүз жыл толу мерейтойына арнап «Татьянаның сахарадағы әні» атты әңгімесін жазып, жария-
лайды. Бұл әңгіме кейін «Абай жолы» эпопеясына жеке тарау болып енеді. Демек, бұл мәселені Әуезов 
отызыншы  жылдардан  бастап  зерттей  бастаған.  Жазушы  Пушкиннің  «Евгений  Онегин»  романының 
басты  кейіпкері  Татьяна  образын  «Абай  жолы»  роман-эпопеясында  Абай  образының  жан  сырын  ашу 
үшін тамаша пайдаланған.  
Абай мұрасының рухани нәр алған қазына көздері жайлы зерттеуінде М.Әуезов әсіресе соңғы үшінші 
арнасы  орыс  және  Батыс  әдебиетіне  көп  ерекше  назар  аударады.  Абайдың  қайнар  бұлақтарын  зерттеу 
барысында, М.Әуезов ақынның көп оқып, жақсы таныс болған орыс әдебиетінің өкілдері А.С. Пушкин, 
М.Ю.  Лермонтов,  И.А.  Крылов,  В.Г.  Белинский,  Н.Г.  Чернышевский,  Л.Н.  Толстой,  Н.А.  Некрасов,     
И.С.  Тургенев,  Е.Салтыков-Щедрин  шығармаларымен  және  орыс  тіліне  аударылған  Батыс  ақындары 
Гете,  Шекспир,  Шиллер,  Гейне,  Байрон,  Беранже,  Бальзак,  Дюманың  еңбектерін,  атақты  философтар 
Спенсер,  Спиноза,  Декарт,  Дарвин  ілімдерін  оқыған.  Мұхтар  Әуезов  бала  жасынан  батыс  әдебиетінің 
көрнекті өкілдері Монтеньнің, Жан-Жак Руссоның, Дрепердің, Бальзактың, Гетенің, Дюманың, Гюгоның, 
Лессаждың, Дарвиннің, көне грек даналары Аристотель мен Сократтың парасат пайымдарымен танысып 
өсті.  Бұл  болашақ  жазушының  көзқарасы  мен  дүниетанымына  ықпал  етіп,  даналық  көркем  ойының 
мәйегіне айналды.  
Әлем әдебиетінің алыптары арасындағы әдеби байланыс, шығармашылық сабақтастық ертеден әдеби-
ет болған кезден бері пайда болып, қалыптасып, дамып келе жатқан үрдіс. Өнер иелерінің, суреткерлердің 
бір-біріне ықпалы, әсері, көркемдік жаңалықтарды игеруі – дүние жүзіндегі барлық әдебиетке тән заңды-
лық. Бір халық ашқан көркемдік жаңалық екінші бір халыққа игі ықпалын тигізеді. Абай мен Әуезовтің 
нәр алған қазына көздері мен әлем әдебиетіне қосқан зор байлықтарына үңіліп отырғанда байқағанымыз, 
алыптар әлемінің рухани іштей сабақтасып, шығармашылықпен тұтасып жатқанына көзіміз жетті. 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1 Дәстүр мен жаңашылдық. Жауапты ред. М.Қаратаев. – Алматы: Ғылым, 1980. – 367 б. 
2 Жұртбай Т. Бесігіңді түзе: Роман-эссе. – Алматы: Жазушы, 1997. – 560 б. 
3 Молдаханов Ә.  Мұхтар Әуезов және фольклортану проблемалары:  филол.  ғыл. докт... автореф.: – Алматы, 
1998. – 53 б. 
4  Әуезов  М.  Менің  өмірбаяным  /  Кітапта:  Мұхтар  Әуезов.  Ұсынылатын  әдебиеттер  көрсеткіші.  –  Алматы: 
Қазақстан, 1968.- 104 б. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
141 
5  Ибраева  А.Д.  Абай  өлеңдерінің  жариялану  тарихы  //  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Хабаршысы,  «Филология» 
сериясы, №2 (44), 2013. – Б. 83-85. 
6  Мамраев  Б.Б.  Основные  тенденции  развития  казахской  литературы  первой  четверти  ХХ  века:  автореф. 
доктора филол. наук: 10.01.02. – Алматы, 1998. – 52 с. 
7 Күмісбаев Ө. Шығыс шайырларымен өз тілінде сырласқан // Абай. - 1997. № 2-3. – Б. 98-102. 
8 Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 272 б. 
9 Иманбердиев Б.Т. М.Әуезовтің Ташкенттік кезеңінің соңғы жылдары // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, 
«Филология» сериясы, №1(47), 2014. – Б. 109-112. 
10 Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 284 б.  
жүктеу 3.41 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет