Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.41 Mb.

бет22/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34

ПРОЯВЛЕНИЯ ОБРАЗА МАНГУРТ В КАЗАХСКОЙ И КЫРГЫЗСКОЙ ЛИТЕРАТУРЕ 
(На основе произведениях А.Кекилбаева «Куй» и Ч Айтматова «И дольше длится день») 
Р.Ж. Есбалаева, М.А. Буркитбаева

1
Докторант Ph, Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмета Ясави 
В  статье  говорится  о  формах  проявления  отчуждения  и  антиутопического  сознания  в  казахской  и  киргизской 
литературах.  Определяется  значение  проблемы  «мангуртизм»  в  произведениях  А.Кекилбаева  и  Ш.Айтматова, 
рассматриваются способы художественного изображения в произведениях писателей двух стран, всесторонне анали-
зируется передача внутреннего состояния героя и становление национального характера. Мангуртизм насаждается 
либо силой, либо путем манипулирования заставляет забыть язык, религию, историю своей страны. Общая проблема 
в  произведениях  двух  писателей  –  падение  духовности  общества  через  мангуртизм  людей.  Актуальность  данной 
темы требует научного изучения. Так как во все времена ядром литературы является человек, его внутренний мир. 
Ключевые слова: мангурт, отчуждение, антиутопия, этнодеформация 
 
Summary 
PRESENTATION THE CHARACTER MANKURT IN KAZAKH, KYRGIZ LITERATURE 
(On the basis of «Kuy» by A.Kekilbaev and «Gasyrdan da uzak kun» by Sh.Aytmatov) 
R.Zh. Esbalayeva, M.A. Burkitbayeva

1
Doctoral Ph, Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University 
Forms  of  misperception  forms  and  antiutopian  awareness  features  in  Kazakh,  kyrgiz  literatures  are  considered  in  this 
article.  The  role  of  problem  «mangurtism»  which  became  the  clue  of  A.Kekilbaev’s  and  Sh.Aytmatov’s  works  is  defined, 
ways  of  making  literary  silhouette  in  their  works,  making  national  character,  way  of  giving  character’s  feeling  are  widely 
discussed. Mangurtism – one of them is done under pressure, second is made to forget religion and language with the help of 
manipulation. The problem of both writers’ works is reclining of society through mangurtism. This actual theme is required to 
be explored scientifically and to give clever views. Because the clue of literature is – human and his inner world. 
Key words: mangurt, kozkhaman, mis perception, antiutopia, ethnodeformation 
 
МРНТИ 17.07.41 
 
Ұ.Н. Ибраймова

 
1
 Абай атындағы ҚазҰПУ 6М011700 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс магистранты 
 
ТАРИХ ПЕН КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ ХАНЫМДАР БЕЙНЕСІ 
 
Аңдатпа 
Көркем әдебиет ең маңызды тәрбие құралы. Адам санасын өзгертіп, оның болмысына, нанымына да әсер ететіні 
сөзсіз.  Ал  біздің  халқымыздың  ықылым  заманнан  бастау  алған  ауыз  әдебиеті  де  сан  ғасыр  бойы  ұлттың  діңгегін 
жықпай, қазығын мықтап ұстап келген қасиетті дүниеміз. Сол ауыз әдебиетіндегі ханымдар бейнесі замана көшінде 
еш аласармай, керісінше ғасыр аламасқан сайын биіктей түскенін байқаймыз. Тарихта аты мәлім қазақ ханымдары 
туралы да бірегей деректер жеткілікті. Арғы заманды айтпағанның өзінде ел аузында жатталып қалған аналар, ханға 
әдiлдiгiн айтқан Қарашаштан бастап, ел тұтқасы болған Домалақ ана, кешегі Айғаным мен Фатима ханшалар, жауға 
қарсы шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай, көп айтыла бермейтін Қабанбайдың батыр қызы Назым сияқты тұлғалар 
тарих беттерінде аңызбен қоса кейбір жазба деректерде сақталды. Олардың есiмдерi тұтас жұрттың тәрбие бесiгiне 
айналды десек артық емес. 
Қазақ  романдарындағы  ханымдар  бейнесі  тарихтағы  тұлғаларымыздың  деңгейіне  өз  заман  тұрғысына  сай 
суреттелгені  анық.  «Ханым»  бейнесі  қазақ  әдебиетінде  әлі  де  жазылатын,  болашақ  туындыларға  арқау  болатын 
ауқымды тақырыптың бірі. 
Түйін сөздер: тарих, көркем әдебиет, қазақ романдары, ханым, ханымдардың бейнесі 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
131 
Ұлтымызда ана ұғымы – ежелден биік, мәртебелі және қасиетті ұғым болып қалыптасқан. Сонау ауыз 
әдебиетімізден  бастап,  бай  мұрамыз  фольклор,  жыр-дастандар,  тіпті  аңыз  бен  әпсаналарда  кездесетін 
абыз  аналар,  ақылман  арулар  кез  келген  адамды  еріксіз  өз  әлеміне  тарта  түседі.  Соларды  оқып,  ішкі 
әлеміне үңілсеңіз, шын мәніндегі бірегей образдар болғанына көз жеткізесіз. Арғы заманды айтпағанның 
өзін-де ел аузында жатталып қалған аналар, ханға әдiлдiгiн айтқан Қарашаштан бастап, ел тұтқасы болған 
Домалақ ана, кешегі Айғаным мен Фатима ханшалар, жауға қарсы шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай, 
көп айтыла бермейтін Қабанбайдың батыр қызы Назым сияқты тұлғалар тарих беттерінде аңызбен қоса 
кейбір жазба деректерде сақталды. Олардың есiмдерi тұтас жұрттың тәрбие бесiгiне айналды десек артық 
емес. 
Көркем әдебиет ең маңызды тәрбие құралы. Адам санасын өзгертіп, оның болмысына, нанымына да 
әсер ететіні сөзсіз. Ал біздің  халқымыздың ықылым заманнан бастау алған  ауыз әдебиеті де сан ғасыр 
бойы ұлттың діңгегін жықпай, қазығын мықтап ұстап келген қасиетті дүниеміз. Сол ауыз әдебиетіндегі 
ханымдар  бейнесі  замана  көшінде  еш  аласармай,  керісінше  ғасыр  аламасқан  сайын  биіктей  түскенін 
байқаймыз. 
Сол аңыздан тарап, бүкіл  ұлтты, тұтас халықтың санасында сақталған Қарашаш сұлудың өзі таңдай 
қағытар ақыл иесі. Бұл туралы академик Сейіт Қасқабасов өз зерттеуінде бұлай толғанады.
 1
 
«Аңыздар мен әңгімелерде Қарашаш өмірінің әр кезеңі суреттеледі, яғни оның өмір жолы, өсуі туралы 
біршама мәлімет беріледі. Бірде ол тезек теріп жүрген, отын арқалап жүрген жасөспірім қыз, бірде үлкен 
кісілермен  ақылды  әңгіме-дүкен  құратын  бойжеткен,  енді  бірде  ол  Жиреншемен  отау  тіккен  келіншек 
болып көрінеді. Тіпті оның дүниеден өткені туралы да әңгімеленеді. Олай болса, ол өмірде болмаса да, 
хандық заманында, дәлірек айтқанда әз Жәнібек ханның кезіндегі қарапайым да қатардағы қазақ әйелінің 
символдық сипаты бар, жиынтық бейнесі деуге болады. Қарашаш – қазақ фольклорында ерекше бейне. 
Ол  –  Қарлыға  құсап  майданға  араласпайды,  Құртқа  секілді  алдағыны  біліп  отыратын  көріпкел  емес, 
Ақжүніс сияқты батырмен бірге қашпайды, Гүлбаршын тәрізді басқа түскенді көрермін деп отырмайды. 
Ол тіпті Баяннан да, Жібектен де, Айманнан да өзгеше. Бұл арулардың бәрі – эпикалық кейіпкерлер, олар 
эпосқа тән сарында әсіреленіп көрсетіледі, олардың шыққан тегі де, тірлік еткен ортасы да басқа, атқарып 
жүрген іс-қимылдары кесек, яғни олар – романтикалық кейіпкерлер.» 
Ғалымның бұл пікірі кейінгі зерттеушілер мен әдебиетшілер үшін айрықша сипат алады. 
Қазақ  ханымы  қандай?  Ханым  дейтін  ұғымның  біздің  тарихтағы  алар  орны  қаншалықты?  Осындай 
сауалдардың  жауабын  ізденсек,  өткен  тарихқа  үңілеміз.  Кез  келген  ұлттың  тарихында  өз  халқының 
мәртебесін  көтерген  ханымдар  аз  болмаған.  Сол  ханымдар  бейнесі  қанша  ғасыр  өтсе  де  әр  заманның 
ұрпағы  өзінің  көркем  шығармасына  кейіпкер  етіп  алып,  солардың  көркем  бейнесін  жасағаны  мәлім. 
Біздің  көркем  әдебиетімізде  ойып  тұрып  орын  алған  ханымдар  бейнесі  де  бар.  Тарихи  жанрдағы 
романдарда  тікелей  бір  ханымға  арналмаса  да  туындыда  қазақ  ханымының  асыл  бейнесі  ерекше 
суреттеледі.  Мысалы  Ә.Кекілбаевтың  «Үркер»,  «Елең-алаң»  сияқты  романдарында  Бопай  ханымның 
бейнесі ерекше. Бүкіл әлемге танымал туынды «Абай жолындағы» Зере әженің образы да көз алдымызға 
қазақ ханымының сипатын келтіреді.  
Ал  тарихта  аты  мәлім  қазақ  ханымдары  туралы  да  бірегей  деректер  жеткілікті.  Белгілі  тарихшы 
Берекет Кәрібаевтың зерттеуіне сүйенсек қазақ елінің тарихында өзінің есімдерін алтын әріппен жазып 
кеткен  батыр  әйелдер  көп  болған.  Соның  бірегейі  өз  ерліктерімен,  ақылдылығымен  тарихта  атын 
қалдырған Бопай ханым деп атап көрсетеді.
 
 
«Бопай  сұлу  өзінің  ақылымен  құрметке  ие  болған,  сондықтан  да  кей  кездері  орданы  басқару  ісіне 
үлкен әсер еткен. Әдетте әйелді барлық қоғамдық жұмысқа араластырмайтын қарым-қатынастың болға-
нына қарамастан, Бопай сұлудың өзінің жеке мөрі болған» – деп Қазақстан тарихы бойынша ірі маман 
А.И. Левшин жазып өткен. Сондықтан ел iшiнде қадірі артқан Бопай анаға халқы мәртебелі, парасатты 
«Бара  бәйбiше»  атағын  сыйлаған.  «Бара  бәйбiше»  ұғымының  Батыс  Қазақстанда  бiрнеше  мазмұнды 
мағынасы  бар.  Негiзiнен  –  өз  ақылымен,  даналығымен  елге  қадiрлi  болған  ел  iшiндегi  аса  беделдi 
аналарымызға айтылған. Сонымен қатар, Бопай сұлу есімі «Ардақты бәйбiше», «Ардақты ана» болып ел 
есiнде мәңгi қалды. 
XV-XVII ғасырлардағы атақты қазақ хандары мен кейбір сұлтандарының аналарының есімдері жазба 
дерек мәліметтерінде сақталған. Ол жөнінде тарихшы Қадырғали би Қосым ұлы Жалайыридың еңбегінде 
айтылады.  Автор  XV-XVII  ғасырлардағы  қазақтың  6  ханының,  8  сұлтанының  және  4  ханымының 
аналарының есімдерін айтып өтеді.  
Олар мыналар:  
1) Жаған бикем, ол  – қазақ хандығының  негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның әйелі,  Қасым 
ханның анасы;  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
132 
2) Ханық сұлтан ханым, ол –атақты Қасым ханның әйелі, Хақназар ханның анасы;  
3) Абай-хан-бегім – Шығай ханның, Мәлік сұлтанның анасы;  
4) Байым-бике – Сейітқұл сұлтанның, Ондан сұлтанның, Алтын- ханымның анасы;  
5) Жақсым-бике (Яхшым-бике) – Тәуекел ханның, Есім ханның, Сабыр бике ханымның анасы;  
6) Дадам ханым – Әли сұлтанның, Сулум сұлтанның, Ибрагим сұлтанның, Шахим сұлтанның анасы;  
7) Алтын ханым – Оразмұхаммед ханның және Тәтті ханымның анасы;  
8)  Сүйім  ханым  –  Тәуекел  ханның  әскер  басшысы  Көжек  сұлтанның  анасы.  Дерек  мәліметінде 
айтылған сегіз ханымнан туған мемлекет басшылары: Қасым хан, Хақназар хан, Шығай хан, Тәуекел хан, 
Есім  хандар  –  1511  жылдан  1628  жылға  дейін  Қазақ  хандығын  билеген  тарихта  белгілі  тұлғалар.  Бұл 
хандардың билігі тұсында Қазақ хандығы негізінен күшею, өрлеу кезеңдерін басынан өткергені белгілі. 
Олардың осындай тұлға балып тарихта қалуында аналарының рөлі болғандығын ешкім де жоққа шығара 
алмайды.  Бұл  пікірді  тарихи  фактілермен  көрсеткен  тарихшы,  ғалым  Берекет  Кәрібаев  өзінің  ғылыми 
мақалаларында  көрсетеді.  Ал  осындай  ақылман,  адуынды  аналарымыз  бен  ханымдар  бейнесін  көркем 
әдебиетте қаншалықты көрсете алдық деген сауал туындайды. 
Қазақ  романдарындағы  ханымдар  бейнесі  классик  жазушыларымыздың  шығармаларында  кездеседі. 
Әсіресе  І.Есенберлиннің  «Көшпенділер»  трилогиясы,  М.Мағауинның  «Аласапыран»,  «Көктұйғын» 
романдарында, Ш.Мұртазаның «Айша бибі», «Домалақ» ана сияқты туындыларында ханымдық деңгейге 
жеткен тұлғаларымыздың көркем образы айрықша ашылады. Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ романдарында 
ханымдар бейнесін суреттеген жазушыларымыздың еңбегі де ерекше көзге түседі. Мысалы Б.Нұржекеев 
шығармаларындағы  әйел  бейнесі  тарихта  өткен  ханымдар  тұлғасымен  рухани  сабақтастығы  жайын 
қозғасақ,  шығарма  кейіпкерлерінің  ішкі  әлеміндегі,  өз  заман  тұрғысына  сай  ойлау  болмысынан 
ханымдарға  тән  элементтер  көп  ұшырасады.  Ш.Елеукеновтың,  Ә.Ыдырсовтың  шығармаларындағы 
ханымдар  бейнесі  зиялылықты  дәріптегендей.  Ондағы  кейіпкер  аналар,  арулар  көзі  ашық,  білімді 
адамадр. Ал бұл кейіпкерлер мен тарихта өткен ханымдар бейнесімен салыстырған да заман тұрғысына 
сай ханымдық статусы бар көркем образдар деп атап айтуға болады.  
Тарихта аты мәлім ханымдардың соңында қалдырған аңызға бергісіз әңгімелеріне үңілсеңіз олардың 
атқарған міндеті, екі рулы ел немесе екі мемлекет арасындағы ықпалдастық пен елдестікке ханымдардың 
тигізген әсері айрықша деуге болады. Тіпті ұлы тұлғаларымыздың көбі өзге ұлттан әйел алып, оны ханым 
деігейіне көтерген. Әрине, оның ақылмандығы, ұзақты ойлдайтын көрегендігі болмаса ханым деңгейіне 
жетуі де екіталай еді.  
Ел  ынтымағы  туралы  сөз  болғанда  «Абылай  аспас  арқаның  Сарыбелi»  деген  әңгiме  еске  түседi. 
М.Ж.Көпейұлының айтуынша Абылай хан бiр өкпе кекке байланысты қаракесектен Жанай, төртуылдан 
Ботақан  деген  адамдарды  ұстатып  «екеуiн  де  көрге  тiрiдей  салғызып,  үйiне  келедi.  Сонда  Ханымы 
айтыпты:  Төре,  көп  кешiгiп  қалдыңыз,  қайдан  келдiңiз?  дейдi.  Абылай  –  Ботақанды  тiрiдей  көрге 
салдырып  келдiм,  –  дейдi.  Ханымы  сонда  айтты  дейдi:  –  Бұл  Орта  жүзден  бiзге  дәм  бұйырмаған  екен. 
Шығарыңыз  көрден  Ботақан  мен  Жанайды»  деп  кесіп  айтады.  Қазақтың  тарихи  шежiресiнен  алынып 
отырған бұл оқиға елдiң iшкi шаруасына ханымдары араласатындығын көрсетедi.  
Қазақ романдарындағы ханымдар бейнесі тарихтағы тұлғаларымыздың деңгейіне өз заман тұрғысына 
сай суреттелгені анық. Десе  де бұл тақырып әлі  зерттеуді,  толыққанды қадағалап ізденуді талап ететін 
тақырып.  
Қазақ халқының санасына сіңген бұл сөздің ұғымы қалай, неге өзгеріп жүргенін түсіну қиын. Жалпы, 
қазақта  ханның  әйелін  «ханым»  десе  әпке-сіңлілілерін,  қыздарын,  «ханша»,  «ханшайым»,  аға-інілерін, 
ұлдарын «ханзада» деп атайтынын баршамыз білеміз.  
«Ханым» образы біздің көркем әдебиетте әлі де болса әлемдік деңгейде суреттеліп жазыла қоймағаны 
да  рас.  Бірақ,  тарих  бетіндегі  қазақ  ханымдарының  әр  қайсысы  әлемдік  деңгейге  жеткен  бірегей 
тұлғаларымыз екені анық.  
Қорыта  келгенде  ханым  бейнесі  қазақ  әдебиетінде  әлі  де  жазылатын,  болашақ  туындыларға  арқау 
болатын ауқымды тақырып екенін түсінгеніміз абзал.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
 
Қазақ романы: «Өткені мен бүгіні» – Алматы. // «Алматы баспа үйі» 2009. – 352 б. 
2
 
С.Ақтаев «Қазақ ханымдары» – Алматы. // «Ана тілі» 2001ж.,43 бет  
3
 
Г.Орда «Әйел тағдыры,махаббат тақырыбы жаңа романда» – Алматы. // «Алматы баспа үйі» 2009. – 452 б. 
4
 
К.А.Пищулина «Қазақ хандығы», Қазақ Совет энциклопедиясы», 4-т.,385-б.  
5
 
Р.Бердібаев «Қазақ тарихи романы» Монография. А., «Ғылым»1979ж., 240 б. 
6
 
Ұ.Ахметова «Жақсы ханым» Қазақ тарихи журналы» № 2,2002, 54 б. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
133 
7
 
C.Қасқабасов  //  Қазақ  хандығы  тұсындағы  ханымдар  мен  арулар  –  Астана  2015.  –  Қарашаш  және  қазақ 
хандығы С. 19-24 
8
 
Б.Көмеков, С.Өтениязов // Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар – Астана 2015. – Әбілхайырдың 
Бопай сұлуы С. 25-28 
9
 
Б.Кәрібаев  //  Қазақ  хандығы  тұсындағы  ханымдар  мен  арулар  –  Астана  2015.  –  Қазақ  хандығы  дәуіріндегі 
ханымдар С. 51-56 
 
Резюме 
ОБРАЗ ГОСПАЖА В ИСТОРИИ И ХУДОЖЕСТВЕННОЙ ЛИТЕРАТУРЕ  
Ибраймова У.Н.
 1

1
 КазНПУ имени Абая  
Художественная литература самая важная часть воспитания. Она безусловна влияет на веру и сознание человека. 
А  устная  речь  казахского  народа,  которая  берет  свое  начало  с  древних  веков  –  это  наше  богатство,  излучающее 
традиции, госпажи казахского народа за эти времена не иссяк, а наоборот обрел еще боли высокий статус. В истории 
достаточно информации о знаменитых женщинах. Определенно, образ казахской госпожи в романах сформирован 
соответственно  тому  времени.  Не  считая  древных  веков,  женщины,  начиная  с  Карашаш  сулу,  которая  не  боясь 
высказывала хану своё мнение, Домалак ана, в история стала матерью народа, Айганым и Фатима, мужественные 
Гаухар  и  Бопай,  защищали  родину  от  врагов  и  дочь  Кабанбай  батыра,  о  которой  не  часто  упоминается,  все  они 
сохранены в истории не только мифическими персонажами, но и в исторических рукописях. Но не побоюсь сказать, 
что, их имена превратились в этолон воспитание молодежи. 
Образ «госпажа» до сих пор является актуальной темой для будущих шедевров художественной литературы. 
Ключевые слова: история, художественная литературы, казахские романы, госпожа, образ госпожи
 
 
Summary 
IMAGE MS IN HISTORI AND FICTION 
Ibraimova U.N.

1
KazNPU after named Abay 
Fiction is the most important part of upbringing. It certainly influence to the faith and human mind. Oral speech of the 
Kazakh  people,  which  takes  start  it  from  the  ancient  times  -  it  is  our  wealth,  radiant  traditions,  women  of  Kazakh  people 
during these times are not exhausted, but rather gained more higher status. In the history we have enough information about 
famous women. Specifically, the image of Kazakh mistress in novels formed respectively by then. Apart from ancient times, 
women, starting from Karashash Sulu, which she is not afraid expressed her opinion to Khan, Domalak Ana, in the story she 
took  the  name  -  mother  of  the  people,  Aiganym  and  Fatima,  courageous  Gauhar  and  Bopai,  defended  the  homeland  from 
enemies and daughter Kabanbai Batyr, which is not often referred to, they are all stored in the history not only of mythical 
characters, but also in historical manuscripts. But I do not hesitate to say that, their names have become etolon education of 
youth. 
The image of "mistress" is still takes topical theme for future masterpieces of literature. 
Key words: Istria, fiction , Kazakh novels, Lady, Mrs. image 
 
МРНТИ 14.07.03.  
 
Г.С. Каримова 

 
1
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы қ. Қазақстан 
 
ДРАМАТУРГ РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ 
«БЕЙБАРЫС 
СҰЛТАН» ДРАМАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  тәуелсіздік  кезеңіндегі  ұлттық  драманың  өрісін  кеңейтуге  өзіндік  үлес  қосып  жүрген  драматург 
Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» атты тарихи драмасы жан-жақты талданады. Тарихи драмаға қойылатын 
талаптар  мен  шарттылықтарды  меңгерген  әрі  оны  өз  туындысының  аясына  шебер  сыйғыза  білген  автор  стилінің 
ерекшелігі сипатталады. Драматургтың авторлық ремарка, монолог  секілді драмалық  элементтерді  дәуір  тынысын 
сездіруге,  кейіпкердің  ішкі  жан-дүниесін,  бейнесін  толық  ашып  көрсетуге  бағыттағандығы  анықталады.  Сонымен 
қоса, аталған  драманың  идеясы, сюжеттік  желісі,  басты лейтмотиві,  негізгі  қаһарман  бейнесінің ерекшелігі  сынды 
мәселелер де автор назарынан тыс қалмаған. 
Түйін сөздер: авторлық ремарка, лейтмотив, ұлттық драматургия, тарихи драма, сюжеттік желісі 
 
Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғаннан кейін әдебиетте орын алып жатқан оң өзгерістер драма жанрына да 
елеулі ықпал етіп ұлттық сипаттағы туындылар қатары көбейе бастады. «Халқымыздың сонау ғұн, сақ, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
134 
түркілік дәуірінен бастап, қазақ хандығы, жоңғар шапқыншылығы, бодандық, ұлт-азаттық көтерілістер, 
ашаршылық,  жаппай  қуғын-сүргін  мен  кешегі  желтоқсан  оқиғасы  жылдарына  дейінгі  кезеңдер  қазіргі 
драматургияның  басты  тақырыбына  айналды.  Міне,  осы  үрдісте  тарихи  драмалар  да  өздерінің  ұлттық 
құндылықтарымен қатты даралана бастады» [1,204]. Осы бағыттағы тарихи туындыларға Ә.Кекілбаевтың 
«Абылай  хан»,  М.Байсеркеновтың  «Абылай  ханның  ақырғы  күндері»,  Ш.Құсайыновтың  «Томирис», 
Қ.Ысқақтың  «Қазақтар»,  Р.Отарбаевтың  «Бейбарыс  сұлтан»,  И.Оразбаевтың  «Шыңғыс  хан»  т.б. 
драмаларды жатқызуға болады. 
Тәуелсіздік  жылдарының  тарихи  туындысының  авторы  Р.Отарбаев  та  өткенді  жаңа  көзқарас 
тұрғысынан  жазу  тенденциясын  қолға  алды.  Сол  арқылы,  яғни  тарихи  драмалары  арқылы  оқырманға, 
кейінгі ұрпаққа таза тарихты ұсынды. Бір ғана «Бейбарыс сұлтан» драмасында киіз үйден шығып, күллі 
әлемге  танымал  болған,  Жайық  бойын  жайлаған  Жамақ  ханның  кешегі  қараторғайдай  баласы 
Бейбарыстың бүкіл Мысыр еліне әмірші болған тарихы баяндалады. Драматург, классик жазушы Ғабит 
Мүсірепов: «Көркем шығарманы тарихи шығармамен алмастыруға болмайды. Бірақ одан тарихилықтың 
принципті  мәнін  сақтауды  талап  ету  керек»  деген.  Р.Отарбаевтың  аталған  драмасында  тиісті  талаптар 
сақталғандықтан, қуаты күшті туындыға айналған. Драмада автордың ақынға тән сөйлеу мәнері, шабытты 
тебіреністері ашық көрінген, Бейбарыстың толғау, тіпті көсем монологтарының өзі кесек дүние. Қазіргі 
таңда оқырман жүрегіне жол тауып, жаулап ала алған туындылардың қатарына жатқызуға әбден болады. 
Екі  актілі,  төрт  көріністі  тарихи  драманың  кейіпкерлері  туралы  ремаркада  18  кейіпкер,  оған  қоса 
шапқыншылар,  мәмлүктер,  елшілер,  тұтқындар,  шабармандар,  періштелер,  шаһар  әкімі,  дауыстар, 
қарауыл, жаршы, саудагер деп көрсетіледі. Алғашында мұнша көп адамдар шағын туындыға көптік етпей 
ме деген күдік ұялайды. Бірақ, драма мазмұнымен толық танысып, авторлық идеяны ажыратқан соң, бұл 
күмән сейіледі. Әрқайсысының өз орны бар екендігі, басы артық жүрген бірде-бір кейіпкер жоқ екендігі 
білінеді. Дауыстар Ніл өзенін бөгеудің қиындығын, Бейбарыстың жәй мәмлүк емес, қайтпас ер, жаужүрек 
екенін  білдірсе,  қарауыл  соғыс  жайын  білдіріп  отырады.  Жаршы,  шабармандардың  өзі  ел  салтынан, 
дәстүрінен  хабар  береді.  Олар  арқылы  біз  арабтар  соғыста  жеңіске  жеткенде  баспанасызға  үй  тиіп, 
бойдақтар  қыз  сүйіп,  отбасылы  болатынынан  хабардар  болсақ,  ел  әміршісі  о  дүниелік  болғанда  халқы 
күңіренумен  қоса,  шашын  жұлып,  бетін  жыртатынын  білеміз.  Қара  киімділер  болса  тепсінген  талай 
жауды  тентіреткен  сұлтанның  сыртынан  тәж  бен  бақтың  саудасын  қыздырып  жүрген  бақталастардың 
көптігінен  хабар  береді.  Демек,  бұл  көптеген  кейіпкерлерді  автор  «әлеуметтік  орта,  дәуір  тынысын 
сездіруге, көпшілік сценаларын ашуға» [2,221] пайдаланғанын ұғамыз. 
Драма  оқиғасы  Сиуас  қаласының  құл  базарындағы  құл  саудасын  суреттеуден  басталады.  Асқан 
жауынгер халық санатынан деп есептелетін, қазақ даласынан әкелінген қыпшақтардың күштілігі, қымбат 
бағаланатындығы итальяндық саудагердің сөздерінен білінсе, дайын құлдықтан гөрі өлімді артық көретін 
намысшыл  екендігі,  көздерінде  от,  кеудесінде  шоғы  бар  қыпшақ  ұлдары  қара  зәңгіден  де  артық 
бағаланады. 
Бірінші  актінің  бірінші  көрінісінің  өзінде  Бейбарыстың  ширыққан  бейнесі  танылады.  Әп  дегенде 
тұтқын бала ешкімнен қаймықпай, көзінің оты жарқ етіп, жусанды алу үшін лапылдап жанып жатқан отқа 
қолын салса; сахна ауысқанда «Крест жорығына» шыққан француз жасағына соғыс ашып, ел-жұрт уайым 
шегіп,  жылап-сықтап  жатқанда  Бейбарыс  сөзімен  де,  ісімен  де  халық  жағында,  жаны  найза  ұшында 
жүреді. Ширығып басталған драманың бірінші актісінен-ақ біз өзін дүниенің тірегі сезінгендей, өзгеге де 
сездіргендей  ойлы  да  мұңды,  қаһарлы  Бейбарысты  танып  үлгереміз.  Ал  соғыс  хабары  келсе  де,  сән-
салтанаты асқан сарайында Иса Тұран Шаһ сықылықтап күлген сұлу бишілердің биін тамашалап, «әкем 
Сұлтан Салық Наджи-ад-дин соқтырған күміс теңгедей сыңғырлаған күлкілеріңді естігенде қара тырна-
ғыма дейін жыбырлап кетеді. Тұп-тура жыбырлап кетеді. Екеуіңді де бүгіннен бастап гареміме аламын» 
деп тәннің құлы болып, рахаттанып отырады. Кешегі аяқ-қолы кісендеулі келген, жалаң аяқ құл мен Иса 
Тұран Шаһты қатар суреттеу арқылы автор бас кейіпкердің қаһармандық бейнесін, азаматтық тұлғасын 
асқақтата түседі. 
Бейбарыс  бейнесі  сан  алуан  әрекет  үстінде:  дұшпандармен  арпалыста,  соғыс  даласында,  сарайда, 
отбасында біртіндеп, сатылап барып, кеңінен ашылады. Бірде оны қайсар, өжет бозбала, патриот; бірде 
мықты стратег әскербасы; бірде аяулы жар, мейірбан әке; бірде жауына аш бөрідей тиетін, ел шетіне жау 
келгенде  аянып  қалмайтын  көзсіз  батыр  ретінде  әр  қырынан  танимыз.  Осылайша  сұлтан  бейнесі  түрлі 
драмалық  тәсілдер  арқылы  сомдалып  шығады.  Яғни  Бейбарыс  бейнесі  диалектикалық  бірлікте, 
қайшылық-қасиеті сом тұтастықта берілген. 
Көркемдік сипаты тұрғысынан «Бейбарыс сұлтан» драмасының полифониялық сипаты күрделі емес. 
Бас-аяғы  40  беттік  туындыда  Бейбарыс  сұлтанның  бүкіл  өмірі  көз  алдыңыздан  өтіп,  оған  қоса 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
135 
қаһарманның ішкі жан-дүниесіне тереңінен үңіліп, онымен бірге қамығып, бірге жаныңыз жүдеп қалады. 
Сұлтан өмірінің қуанышты сәттері тек ұлдарымен байланысты. Тәж пен баққа таласқандардың арасында 
ұстараның  жүзінде  жүргендей  қиын  өмірінде  ұлдары  келгенде  ғана  жаны  жадырап,  Еділ-Жайықты 
жайлап отырған қыпшақ жұртын көргендей шаттанып қалады. Бірақ олардың қаны қыпшақ болғанымен, 
өз ортасы өгейсіткендігін балаларының жылқының етінен Нілдің суын артық санайтындығы, киіз үйдің 
не екендігін білмейтіндігінен аңғарып жаны құлазып, жүдеп қалады. Бірақ хал-қадірінше балаларына ата-
баба дәстүрін сіңіргісі келеді. Шаңырақ деген өзім деп өзі көтеріп, уық – балаларым, кереге – шешелерің 
деп тату-тәтті бірлігі жарасқан шаңырағының ырысты болғанын қалайды. 
Бейбарыс бейбітшілік заманда өзіне құлдық қамытын кигізген моңғолдарды  ешуақытта ұмытпайды, 
тіпті сәлемін де алмайды, Құтіз әмірші соғыста қаза тапқан соң, Бейбарыс сұлтан таққа отырады. Билік 
басына келген соң арық жүргізіп, су жіберіп, халықты молшылыққа кенелтеді. Еркектердің бұзақылығын, 
әйелдердің  сайқалдығын  тыйып,  құпия  үйлер  мен  долықты  моншаларды  жабады.  Иен  даланы  гүлзар 
баққа бөлеп, шаһарда тәртіп орнатып, кесірлерді тыйып, ел-жұртына етегі мен есін жиғызған ерен еңбегін 
бағалап берілген: «Абул-футух Рукнуддин уа дүние Бейбарыс бин Абдулла ая-Бундукдари ас-салиха ан-
Наджани  ал-Аюби  ан  Ханафи  ат-турки...»  есімінің  өзін  бір-бірін  бұйдамен  жетелеген  керуендегі  түйе 
сынды екен. Көтеріп жүру де оңай болмас. Осының бәрі анам байғұстың «Барысым» деген жалғыз ауыз 
сөзіне тати ма? Уай, дүние-ай!» [3,27] деп көкірегі қарс айрыла күрсінеді. Патша тағына отырса да бір 
сәтке  де  есінен  туған  елін,  жерін  шығармайды.  Тіпті  бұл  үнемі  жүрегін  жарып  шығатын  күрсінісі  мен 
қайғысы  сағыныш  болып  шығарманың  лейтмотивін  құрайды.  Сағыныш  Бейбарыс  үшін  ғұмыр  бойы 
ұмтылса да жеткізбеген Жайығы мен жусанды даласын есіне салып отырады. Шығарманың өн бойынан 
байқалып  отыратын  лейтмотив  –  Бейбарыстың  туған  елге,  жерге  деген  сағынышы,  сағынышқа  толы 
сөздері: «Тұшынып бір иіскесең көкірегіңді шайдай ашқан қайран Жайық бойының жусаны. Жас сәбидің 
қарын шашындай бүр жарғанын көрер ме еді» [3,8], «киіз үйдің іргесін түріп тастап, қымызға қанып, қазы 
жеп сәскеге дейін ұйқтар ма еді» [3,20]. Лейтмотив сағыныштың шөбі – жусанмен тығыз байланыста бері-
ліп отырады. Жусанның ерекшелігі сағынған жан иіскесе ғана жұпар шашатындығын да автор елін сағын-
ған сұлтанның анасының өсиеті, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеген сөзі арқылы өрбітеді. 
Бейбарыстың атамекенін сағынып, егіліп, еміренген сәті: «Уау, кең дүние. Есігің мен үшін сағыныш 
боп ашылып еді. Сол сағыныш болып қайтадан жабылмаса қайтсін?! Жайық деген ұлы дариям бар еді. 
Қыпшақ деген іргесі сетінемеген қалың елім бар еді. Сарайшықтай қалам бар еді, жұпар иісті жусанды 
далам  бар  еді.  Қос  бұрымы  төгілген  ару  қызы  қандай  еді?  Шараяқта  бұрқыраған  қымызы  қандай  еді?! 
Тасқа  біткен  қарағайдай  қияқты  азаматын  айтсаңшы.  Иен  даланы  дүбір  қақтырған  тұяқты  қазанатын 
айтсаңшы?!» [3,31] деп риторикалық сұрақ арқылы беріледі. Драманың бірнеше тұсында осы сарындағы 
мұңлы монологтар кездеседі. 
Драманың намысқа жанылған патриоттық рухының күштілігі сұлтанның қандай жағдайда да қыпшақ 
жұртшылығының  салт-дәстүрін  дәріптеп  отыратындығынан  да  байқалып  отырады.  Бұл  жайдақ  атқа 
секіріп мінетін жүз жастағы қариялары бар қуатты жұрт – қыпшақтардың баһи кешкен адамның зиратына 
жарты Ай белгісі бар құлпытас қоятын салтын айтуы. Зират басындағы белгі – кері туған айдың белгісі. 
Көрер жарығы, туар айы, дәмі таусылды деген сөз. Ал ең өнегелілігі – құлпытасқа өлген жанның есімі, 
ата-тегі,  руымен  қоса,  қанша  күн  өмір  сүргендігін  өрнектеп  жазуында.  Яғни  неше  жақсылық  жасаса, 
сонша жыл жасадым деп есептеуі, егер үш жақсылық жасаса – үш күндік өмір, он жақсылық – он күн. Ал 
егер  жүзге  келсе  де  ас  ішіп,  аяқ  босатқан  күндерін  ғұмыр  санамайтын  мәрттігі  мен  даналығына  тәнті 
боласыз. 
Сұлтанның жанын жегідей жеген нәрсе – тек сағыныш десек қателескен болар едік. Оны күйзелткен 
негізгі мәселе – исі түрік басшыларының ауызбіршілігі болмай, халқының тоз-тоз болуы. Қанжар тістеп 
туған  қанатты  қырандардың  тұтқын  болып  сорлауына  қатты  налиды.  Тіпті  халифатқа  әділдік  орнатқан 
әміршіге  айналған  шағында  құл  базарында  саудаға  түскен  түрік  өрендерін  көргенде:  «Міскіндерім-ай 
менің.  Сендер  де  бұғауға  түстіңдер  ме?  Менің  кебімді  құштыңдар  ма?  Аяқ-қолдарыңды  кісен  қиып 
зарықтыңдар ма? Исі түріктің иелері бірікпесе, небір замандар бойы көрер күндерің, шегер азаптарың осы 
ғой.  Кемталап  емес  едіңдер  ғой»  [3,32]  деп  іші  қан  жылап,  барлығын  бір-ақ  сатып  алып,  бастарына 
бостандық береді. Саудагерге  «айтқан бағаңды ал» деп мәрттік танытқанымен, оның  мақсаты да, түпкі 
ойы да «әйтпесе бұлардың әрқайсысы бәсжетпес қой» деген сөзінен байқалады. 
Сарай  ішіндегі  интрига,  қызғаныш,  сатқындық,  жағымпаздық  секілді  қитұрқылықтар  шығармада 
кеңінен  беріліп  отырады.  Хуан  тілімен  айтқанда  «жалпақтаған  жағымпаздар,  жәреуке  жандайшаптар, 
аңысын күткен аярлар, қысқа күнге қырық құбылған қитұрқылар, шапан жамылған көркеуделер, жітікөз 
ұрылар, мықынын бұлдаған мекерлердің Бейбарыстың да айналысында өріп жүргендігі, олар әміршісін 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
136 
сыртынан  сатып,  күнде  өлтіріп  жүргендігі  білінеді.  Сарай  өмірі  ешбір  бүркемесіз,  ащы  шындығымен 
ашылады.  Драматургтың  қоғам  туралы  ойы  да  айқын.  Ол  қоғамның  жегі  құрттары  секілденген 
билікқұмар  жандар  туралы  сөздерінен  аңғарылады.  Тақтың  төрт  бұрышына  үймелеп,  әміршінің 
балағынан  кіріп  басында,  қойнынан  кіріп  қонышында  жүретін,  тақ  шайқалса  алдымен  иесін  тапайтын 
снобтарды ешуақытта тамырымен жою мүмкін еместігін ашық айтады. «Жер жарылып су аққалы солай 
болып, топан су қаптағанша аясын кеңейтіп өрістей беретіндігі» ащы да болса шындық. 
Драманың  басынан  аяғына  дейін  үзілмей  тартылып  отыратын  желі  –  Бейбарыстың  өмірі.  Бейбарыс 
әділ. Сатқындық жасады деп естіген сәтінде туған баласын «азып туған ит» деп танып, садақаға сұраусыз 
шалуға да дайын. Кешірім бермей, тек өлім жазасына кеседі. Тірлікте жасаған жария жаманаты, аяр опа-
сыздығы үшін моңғол елшісін де, Хуанды да аяп қалмайды. Айналасын қызғаныш боп шарпыған, қолты-
ғына ғұмыр бойы у тыққан, күллі әлемге қара тырнақтай жақсылық сыйлауға әлі келмейтін Хуанның да 
бар  әрекеті  әшкере  болғанда  да  әділ  жазасын  береді.  Елін  шексіз  сүйгер  патриот  ұл  қыпшақ  салты 
бойынша Хуанның құлпытасына «туды да өлді» деп жаздыруды ұйғарады. Мұның тәрбиелік мәні – Хуан 
секілді аярлардың жетер жерінің қандай болатындығы – кейінгі ұрпақ үшін ащы сабақ болатындығында. 
Бейбарыс  –  мықты  стратег.  Алдына  қойған  мақсатына  жету  үшін,  жауының  бетін  қайтару  үшін, 
ешкімді тыңдамай, ешкіммен ақылдаспай батыл әрекеттер жасайды.  Көзсіз ерліктерге барып, ешкімнің 
сөзіне  құлақ  аспайды,  тіпті,  әміршінің  бұйрығын  да  жүре  тыңдап,  ал  шылбырына  жармасқан  Хуанның 
өзін «кәпірдің жалғызы» деп қағып тастайды. 
Драма  жанрының  теориясын  зерттеуші  Р.Нұрғалидың  ашып  көрсеткен  трагедия  табиғатына 
Р.Отарбаев  сомдаған  Бейбарыс  бейнесі  толық  сәйкес  келеді:  Бейбарыс  та  сұм  заманның  қатыгез 
әдеттерімен шайқаста опат болады (таққа таласқан шаһ берген уланған қымызды ішіп о дүниелік болады); 
асқақ  рухты  қайсар  жан  Бейбарыстың  дұшпандарымен  алапат  күресі  кеңінен  суреттеледі  (Ніл  өзенін 
бөгеп,  француздарды  қыруы,  дандайсыған  моңғол  елшілерін  сабасына  түсіруі  т.б.);  басқа  да  трагедия 
қаһармандары  секілді  сұрапыл,  ол  өз  ішіне  терең  бойлайды  (жиі  кездесетін  монологтары),  қайғылы, 
азапты хал кешеді, кедергі, қарсылықтармен қаймықпай күреседі. 
Автордың аталған тарихи драмасы шынайы, ақиқаттан алыстау кеткен тұстары жоқтың қасы. Берілген 
тарихи  детальдары  қисынды.  Шығармада  мәмлүктер  –  мемлекеттің  айбары  ретінде  суреттелген. 
Шынында да араб елі мәмлүктерден еш залал шекпеген. Мәмлүктер «найзаға тұщы етін, қылышқа талша 
мойнын, дойырға жон арқасын төсегені» анық. 
Түйіндей келгенде, Р.Отарбаевтың «Бейбарыс-Сұлтан» атты тарихи драмасы ұлттық драматургиямыз-
дан алатын өзіндік орны бар туынды. Автор диалог, монолог, ремаркалары арқылы кейіпкерлерінің сана 
мен мінезіндегі өзгерістер мен құбылуларды терең бейнелей алғандығымен, өмірлік, тарихи материалды 
көркемдік шындыққа айналдырудағы шеберлігімен ерекшеленеді. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті (2001-2011жж.). – Алматы: «Арда», 2011. - 640 бет. 
2 Нұрғали Рымғали. Драма өнері. – Алматы: «Санат», 2001. - 480 бет. 
3 Отарбаев Р. Шер. – Алматы: «Өлке», 2006. - 432 бет. 
 
Summary 

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал