Т. С. Тебегенов филололоия ғылымдарының докторы, профессор


ТЕМА И ОБРАЗ В ДЕТСКОЙ ЛИТЕРАТУРЫ НАПИСАННЫХ В ГОДЫ НЕЗАВИСИМОСТИ



жүктеу 3.41 Mb.
Pdf просмотр
бет21/34
Дата02.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
ТЕМА И ОБРАЗ В ДЕТСКОЙ ЛИТЕРАТУРЫ НАПИСАННЫХ В ГОДЫ НЕЗАВИСИМОСТИ 
Бокен Б.Б.
 1
 , 
 
1
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
В статье описывается особенности и значимость детской литературы в казахском литературы. Изучается научные 
особенности  детской  литературы  как  культурного наследия. Доказывается что детская  литература  является основ-
ным инструментом в воспитании молодежи (детей, школьников). Анализирует роль детской литературы в построе-
нии личности и развивает мировоззрение. Дети (молодеж, школьники) - новое поколения общества которые освеща-
ет  своё  будущее  с  помощью  детской  литературы  изучая  этикет  и  эстетики.  Детская  литература  это  большая  сила 
которая освещает духовного воспитания. Сама детская литература начинает разведки с изучения духовного воспита-
ния.  А  детская  литература  начинающая  стадия  на  пути  к  общей  литературы.В  этом  статьи  рассматриваются  тема 
сочинений  проз  и  образов  детской  литературы  написанных  годы  независимости.  Доказывает  примерами 
непрерывности традиции между темой и образам. 
Ключевые слова: детская литература, сказка, рассказ, сюжет, тема, образ, непрерывность традиции 
 
Summary 
THEME AND IMAGE IN CHILDREN'S LITERATURE IN THE YEARS OF INDEPENDENCE. 
Boken B.B.
 1

1
Kazakh National Pedagogical university by name Abai 
The  article  describes  the  features  and  the  importance  of  children's  literature  in  the  Kazakh  literature.  We  study  the 
scientific characteristics of children's literature as a cultural heritage. It is proved that children's literature is a major tool in the 
education of young people (children, students). It analyzes the role of children's literature in the construction of identity and 
developing world. Children (young people, school children) - a new generation of society that highlights their future with the 
help  of  children's  literature  by  studying  etiquette  and  aesthetics.  Children's  literature  is  a  great  force  that  illuminates  the 
spiritual  upbringing.  The  very  children's  literature  begins  with  the  study  of  exploration  of  spiritual  education.  A  children's 
literature budding stage on the way to total literatury. This article discusses the theme of the works of prose and images of 
children's books written in the years of independence. It proves examples of the tradition of continuity between the theme and 
images. 
Keywords: children's literature, tales, account, image,theme, continue of tradition 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
125 
МРНТИ 17.07.41 
 
Р.Ж. Есбалаева
1
, М.А. Буркитбаева

 
1
 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 
Түркістан қ, Қазақстан,
 
2
 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 
Түркістан қ, Қазақстан 
 
ҚАЗАҚ, ҚЫРҒЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕ МӘҢГҮРТ БЕЙНЕСІНІҢ СОМДАЛУЫ 
(Ә.Кекілбаев «Күй», Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармалары бойынша) 
 
Аңдатпа 
Мақалада қазақ, қырғыз әдебиетінде дүниеге келген жатсыну формасы мен мәңгүрттік сана көріністерінің жасалу 
формасы  сөз  етіледі.  Ә.Кекілбаев  пен  Ш.Айтматов  шығармаларының  өзегі  болған  «мәңгүртизм»  проблемасын 
көтерудің мәні айқындалып, екі ел жазушыларының шығармаларындағы көркем бейненің жасалу жолдары, ұлттық 
характердің  сомдалуы,  кейіпкердің  ішкі  жан-сезімінің  берілуі  жан-жақты  талданады.  Мәңгүрттік  -  бірі  күшпен 
орындалса, екіншісі айла амал арқылы халықтың ділін, дінін, тілін ұмыттырады. Екі ел жазушысының шығармала-
рында ортақ мәселе – адамдардың мәңгүрттенуі арқылы қоғамның рухани құлдырауы. Бұл өзекті тақырып ғылыми 
тұрғыдан зерттеп, терең зерделеудi, пайымды да парасатты пiкiр айтуды талап етедi. Себебі қай кезде де әдебиеттің 
өзегі – адам, оның ішкі әлемі.  
Түйін сөздер: мәңгүрт, көзқамандар, жатсыну, антиутопия, этнодеформация 
 
Кейіпкердің  ой  әлемі  арқылы  объективті  дүниені  тану  дегеніміз  -  автордың  нысаналы  ойын  айту, 
кейіпкердің  болмысын  сомдаудағы  жазушының  ұстанған  бағыты.  Қырғыздың  шоң  жазушысы 
Ш.Айтматовтың әлемдік әдебиетке, сол арқылы әлеуметтік өмірге алып келген «мәңгүрттік сана» термині 
қоғамға  қозғау  болды.  «Мәңгүрттік  сана»  ұғымы  Ш.Айтматовтың  «Ғасырдан  да  ұзақ  күн»  романында 
әлемдік  деңгейде  өзекті  мәселеге  айналды.  Ал  мәңгүрттік  ұғымы  ел  арасында  бұрыннан  болғанымен 
алғаш  қазақ  әдебиетінде  бұл  проблеманы  28  жасында  көтерген  -  Ә.Кекілбаев  болатын.  Қаламгердің 
«Күй»  повесі  1967  жылы  «Жұлдыз»  (№12)  журналында  жарияланған.  Ал,  орыс  тілінде  шығарма  1969 
жылы  Мәскеуден  шыққан  «Баллады  забытых  лет»  деген  жазушы  жинағында  жарияланғаны  белгілі. 
Әрине, кезінде оны өз дәрежесінде бағалағандар аз еді. Сол аздың ішінде Г.Бельгер: “…«Күй» стиліндегі 
эпиктерге  тән  байсалды  баяндау,  философиялық,  психологиялық  тереңдіктерге  бару,  кең  тынысты, 
бейнелі,  иірімді  тілдік  құралдарды  пайдалану  секілді  ерекшеліктерімен  құнды”[1,37],  –  деген.  Ал, 
«Кекілбаев кеңістігі» деген мақаласында Қ.Сұлтанов «Әбіш жайында сөз қозғау, оның шығармашылығын 
зерттеу, оған үңілу, көп еңбек пен ізденісті талап етеді. Қазақ сөз өнеріне «мәңгүрт» терминін алғаш өз 
шығармасына енгізген де осы дарын иесі Кекілбаев болды»[2]-деген еді. 
70-80  жылдардағы  қазақ  прозасында  фольклорлық  аңыз  әңгімелер  негізінде  лиро-эпикалық  стильдің 
қалыптасқаны қазіргі зерттеулерде әңгіме болып жүр. Бұл әсіресе Ә.Кекілбаевтың тарихи тақырыптағы 
прозасынан  анық  көрінеді.  Ол  өткір  оқиғалар  негізінде  кейіпкер  болмысына  терең  үңіле  білді.  Соған 
қарап Ә.Кекілбаевты адам табиғатының зерттеуші психолог деп қаласың. «Күйде» Жөнейттің басындағы 
психологиялық  тартысты  қорытынды  түйін  ретінде  көрсеткен.  Қанша  баскесер,  әділ,  қатал  қолбасы 
болғанмен  ол  да  пенде.  Оның  пендешілігін  ашуға  бір  оқиғаның  өзі  жетіп  жатыр.  Қазақтың  күйшісін 
жазалау  Жөнейттің  өз  басын  да  жұтады.  Оның  өнер  қуған  баласын  жорыққа  аттандыруы  да  жалған 
намыстың көрінісі. Атақты батыр тұқымының жын-ойнақ қуып кеткені оны қатты мазалайды. Алайда ел-
ел  болып  жорыққа  аттанып,  кек  қайыратын  шапқыншылық  заманның  өтіп  бара  жатқанын  ол  сезбейді. 
Күйшіні жазалау да оның дұшпандарына жасаған сес көрсетуі еді. Бұл оны кек қайтару деп түсінеді. 
Автор  көбіне  ұрыс-керісте  айтылып  қалатын,  кейде  малға  қарата  айтылатын,  жай  ғана  тұрмыстық 
ауызекі  қолданыстағы  елеусіздеу  метафора  түріндегі  мәңгүрт  сөзін  өзінің  «Күй»  повесінде  әдеби 
айналымға түсіріп, қоғамдық қатынастардағы белгілі бір санатты айқындаушы терең мағыналы символ 
деңгейіне көтерді. «...Көзді ашып жұмғанша, алты тұтқынның шашы алынды. Шаш алғыштар қанжарла-
рын сүртіп, қындарына салды. Жаңа ғана шашы алынған көк құйқа бастар айнадай жалтырайды, жазғы 
күннің  жылы  шуағы  шекелерін  қыздырып,  маужыратып  алып  барады…  Алты  тұтқынның  көздері  ақ 
тайлақтың терісіне үймелеген көп түрікменде. Күнге шағылысқан ақ қанжарлар сыр-сыр етеді, жаңа ғана 
көлдей боп жайрап жатқан ақ теріні үзім-үзім қып турап жатыр. Қанжары жалақтаған жас жігіттер кесіп 
алған  терілерін  анадайда  жер  тізерлеп,  тұқшыңдасып,  әлденені  малшылап  отырған  екі  шалдың  алдына 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
126 
тастайды. Манадан бері білектерін сыбанып, әзер тұрған мосқал еркектер алты баланы құлақтан тартып 
шөкелетіп  жерді  бұқтырды.  Алты  жігіттің  қолындағы  теріні  алып,  тұтқындардың  басына  жапты.Әлі 
ылғалы кеппеген жып-жылы тері жаңа ғана шашы алынған жылтар басқа жабыса кетті. ...Қолдары жып-
жып  еткен  мосқал  еркектер  терінің  жиегін  шыр  айнала  бүрмелеп  қойған  көн  тартпаны  шірене  тартып, 
сықситып  таңып  тастады.  Жаңа  ғана  дені  жайылып  отырған  бастар  қайтадан  зіл  тартты.  Жылы  тері 
шекелерін  солқылдатып  сорып  ала  жөнелді...  Кенет  тұтқын  балалардың  бірі  артындағы  тұтқынның 
кеудесіне екі шекесін алма кезек ұрғылап шыңғырып жіберді. Ақ тайлақтың терісі күнге күйіп тырысып 
барады. Қаудырлап кеуіп бара жатқан түйенің көні бас сүйекті сытырлатып шаға түсті. Қазір-ақ ұн қылып 
уатып  жіберетіндей.  Басқа  тұтқындар  да  бебеулей  бастады»  [3,74-75].  Бұдан  артық  азаптаудың  түрі 
болмас.  Бұлар  адамдарды  аяусыз  азаптап,  қолдан  мәңгүрт  адам  формасын  жасап  жатыр.  Одан  кейінгі 
мәңгүрттің  жайы:  «Олар  бір  апта  бойы  осылай  зар  илеп  шыңғырды  да  жүрді.  Сосын  бастарына  шаш 
шықты, ол түйенің көнінен өте алмай, қайтадан бастың құйқасын тесіп, кері өсті. Алты тұтқын елі қайда, 
жері  қайда  екенін  білмейтін  мәңгүртке  айналды.  Жүре-жүре  тілден  де  айрылды.  Түйемен  бірге  өреді, 
түйемен  бірге  келеді»  [3,75].  Бұл  көрініс  Ә.Кекілбаев  сипаттап  отырған  мәңгүрттіктің  әлеуметтік 
ортадағы сыртқы белгілері. Осы тұста, ұлттық характерді ашу дегеніміз – сол ұлттың қасіретін, қарекет, 
тіршілігін,  тағдырын  бүркелемей  сыртқа  шығару  деп  түсінсек,  автор  осынау  аса  қиын,  аса  маңызды 
күрделі мәселеге өзінің көркем туындысы арқылы жауап іздеуді мұрат тұтқанын байқаймыз. Психология-
лық шығapмaның жaнpлық, стильдік epeкшeлігін aшaтын көpкeмдік бeйнeлeу құpaлдapына – монолог, ой, 
қиял, түйсік, eс, eлeс, түс – сaндыpaқ , өзін – өзі бaқылaу мeн өзін - өзі тaлдaу т.б. айтар болсақ, «Күйде» 
осы тәсілдepдің бapлығы, әсіpeсe монолог, ойлaу, өзін - өзі бaқылaу мeн өзін-өзі тaлдaу сияқты тәсілдep 
жиі  кeздeсeді.  Повестің  нeгізі  философиялық  aстapлapғa  бaй  eкeнін  eскepсeк,  бұл  тәсілдepдің  шығapмa 
сюжeті мeн кeйіпкepдің жaн дүниeсін aшып көpсeтудe шeшуші pөл aтқapaды. Шығарма авторы қазақтың 
намысын тұтқынға түскен күйшінің күйі арқылы жеткізді.  
Күйші еріксіз мәңгүрттікке түскенімен, ойлау қабілетінен түпкілікті ажырамаған. Тұтқын болған қазақ 
жігіт  түрікмендер  аулының  берекесі  кеткенін  сана-түйсігі  сау  адамға  тән  ақылмен  түйсіне  білді.  Оның 
сондай  жағдайда  да  күй  тартқанын  ойласақ,  мұны  екі  тұрғыда  бағалауға  болады.  Біріншіден,  жау  оны 
мәңгүрт жасағысы келсе де, ол, шын мәнінде, мәңгүртке айналмаған. Мәңгүрт күй тарта ала ма?! Демек, 
жазушы  шығармасында  халық  бейнесі  жинақты  түрде  осы  жазықсыз  күйші  арқылы  көрінеді.  Жазушы 
өткен  тарихты  айтып,  «бізді  мәңгүрт  жасады»  дегенді  айтумен  шектелмейді.  Қазақтық  идеяны  кең 
ауқымда  суреттеген.  Сондықтан  мәңгүрт-кейіпкер  қазақы  санадан  ажырамай,  бөтеннің  де  жанын 
тебіренткен күй тартады. Ал, күй – халықтың рухы. Халықтың рухы өлмеген жерде ғана күй тартылады. 
Жазушы ұлттық рухтың өлмегенін жеткізу үшін күйді музыкалық сарын ретінде ғана емес, өзекті идея 
үшін  мақсатты  түрде  қолданған.  Өйткені,  «Күйші  емініп  отыр.  Жыланмен  арбасқан  бақсыдай  көзін 
Жөнейіттен  айырмай,  домбырасының  үстіне  төне  түсіпті.  Қара  шанақ  күңіренеді,  тебіренеді.  Қай-
қайдағыны айтып, жаныңның қалтарыс-қалтарысын қазбалайды»[3,142] дегендегі музыкалық сарын елдік 
намысты жеткізудегі көркемдік тәсіл. Солайша автор қазақтың ұлттық, елдік рухының өлмегенін кеңестік 
дәуірдің өзінде-ақ айта білген. Әдебиет зерттеушісі Г.Орда «Өткен ғасырдың 60-жылдарындағы әдебиет, 
ол – адамның жан дүниесіне үңіліп, талдау жасау жағынан ерекшеленетін. Әбіш ағамыздың шығармашы-
лығы адам бойындағы ерекше құбылыстарға және сонымен бірге психологиялық талдау жасау арқылы 
оқырманға, замандастарына үлкен ой салған, жекелеген кейіпкерлердің өмірлері арқылы үлкен филосо-
фиялық  ойларға  жетелеген  қаламгер  қатарына  жатқызуға  болады.  Мысалы,  «Күй»  повесі  алпысыншы 
жылдардағы қазақ прозасының үлкен табысы болса, соңғы жазылған Ш.Айтматовтың «Боранды бекеті» 
де соның заңды жалғасы ретінде көрініп отыр» [4,125]-дейді. 
Араға он үш жыл салып 1980 жылы Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романы «Новый мир» (№11) 
журналында жарияланып, қалың оқырманның бірден қалаулы шығармасына айналды. Міне, осыдан соң, 
мәңгүрттік  проблемасы  әдебиеттегі,  қоғамдағы  өзекті  жаңалық  болып  танылды.  Ал  бұл  мәселені 
әдебиетте бірінші көтерген Ш.Айтматов саналып кетті. «Боранды бекет» романы қазақ тілінде 1986 жылы 
жеке  кітап  болып  шықты.  Бірақ  екі  жазушы  бір  ұғым  жөнінде  екі  түрлі  қөзқараспен  қарап,  екі  түрлі 
идеялық ой түйіндеген.  
Жазушы «Боранды бекет» романының алғы сөзінде «Адамдар бір-біріне кешірімді бола алады, бірақ 
бір ыңғайда ойлау, сөйте тұра адам кейпінен айырылмау, адамшылық қасиеттерін сақтап қалу олардың 
қолынан келмейді. Адамды өзіндік даралығынан айыруға дейтін құштарлық атам заманнан күні бүгінге 
дейін империялық, импералистік, гегемонистік мақсат-мүдделерге серік боп келеді. 
Өткенін білмейтін, жер бетіндегі орнын жаңадан анықтауға мәжбүр адам, өз халқы мен басқа халық-
тардың тарихи тәжірибесінен айырылған адам тарихи перспективадан тыс қалады, күнделікті тірлігінен 
басқаны білмейді» [5,4] - дей отырып, шығарманың ауаны қандай бағытты нұсқап тұрғанын аңғартады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
127 
Шығарма  басталуынан  шарықтау  шегіне  дейін  оқиғаның  дамуы  Едіге  образы  арқылы  жалғасып 
отырады. Егер сюжетті оқиға деп түсіндірер болсақ, романда бірнеше сюжет қатар берілген. Соның бәрі 
Қазанғаптың қаза тапқан бір түнінде Едігенің өткенге шегініс жасау арқылы еске түсіруімен баяндалады. 
Оқиғалар бір түнде Едігенің Боранды бекетінде өткен өмірі мен ғұмырлық сырласы болған Қазанғаппен 
бақұлдаса  отырып  бірнеше  хикаяттарды  есіне  алады.  Шығармадағы  нақты  уақыт  бір  түн  болғанымен, 
оқиғалардың  баяндалуы  ғасырды  қамтиды.  Сондықтан  да  болар  жазушының  шығармаға  «Ғасырдан  да 
ұзақ күн» деп тақырып беруі. 
Едігенің  қинала  еске  алатын  оқиғасы  -  Ана-Бейіттің  тарихы.  «Атадан  қалған  аңыз  бойынша,  әңгіме 
өткен  ғасырларда  жуан-жуандардың  Сарыөзек  даласын  басып  алуынан  басталады.  Олар  қолға  түскен 
тұтқындарды  адам  айтқысыз  азапқа  салатын  болған.  Реті  келсе,  жуан-жуандар  өз  тұтқындарын  көрші 
елдерге құлдыққа сатады екен, ал ондай тұтқындар жолы болған пенделер көрінеді. Өйткені олар, әйтеуір 
бір  қашып  шығып,  сәті  түссе,  туған  еліне  оралар  екен.  Ал  енді  жуан-жуандардың  қолында  құлдықта 
қалған тұтқындардың күнін құдай көрсетпесін. Жуан-жуандар ондай құрбан құлдың басына кепеш кигі-
зіп, айуан азаппен ақыл-есінен айырады екен»[5,113]. Одан ары қарай оқиғадағы адамдарды басына түйе-
нің көн терісінен кепеш кигізіп, қолдан азаптап мәңгүртке айналдыру жағдайы жоғарыдағы Ә.Кекілбаев 
повесіндегі  ситуациямен  ұқсас  жалғасады.  Басына  көн  қапталған  пенде  не  өліп  кетеді,  не  бұл  азапқа 
шыдай алмай ақылынан адасып, өткен-кеткенін мүлде ұмытып, өмір-бақи мәңгүрт-құлға айналады екен. 
Жуан-жуандар адамдарды мәңгүртке айналдыру «операциясы» кезінде тұтқындардың жақын-жуықтары 
құтқарып  алмас  үшін  қарулы  қарауылдар  қояды.  Бірақ  адамдық  мейірімнен  жұрдай  жуан-жуандардың 
қолына  түскен  тұтқынды  мәңгүртке  айналып  кетіпті  деген  қауесет  шықса  әлгі  сорлы  тұтқынның 
жақындары барымта беріп құтқаруға асыға қоймаған. Өйткені, баяғы ер-азамат емес, құр сүлде қайтарын 
олар  білген.  Тек  ел  арасында  Найман-Ана  атанып  кеткен  наймандардан  шыққан  бір  әйел  баласының 
әлгіндей  халге  ұшырағанына  шыдай  алмай  ұлын  құтқармақ  болып,  баласының  қолынан  өлім  құшқаны 
жайында  елде  аңыз  қалады.  Ш.Айтматовтың  мәңгүрттікті  суреттейтін  «Боранды  бекет»  романының 
оқиғасы  қазақ  даласы  –  Сарыөзек  бекетінде  өтеді.  Ұрпағы  үшін  жанталасқан  батыл,  қайратты  Ана 
бейнесін  сомдау  арқылы  мәңгүрттіктің  адам  баласы  үшін  аса  қатерлі  әлеуметтік  дерт,  қауіпті  құбылыс 
екеніне  жұртшылық  назарын  аудартады.  Адамзат  қоғамын  мәңгүрттіктен  сақтандырады.  Жазушы 
Ш.Айтматов  мәңгүрт  образының  мәнін  ашу  үшін  Найман-Ана  мен  керуен  тартқан  саудагерлерді 
кездестіреді. Жол бойында Сарыөзектен өтер тұста саудагерлердің мәңгүртпен жолыққандарын баяндау 
кезінде мәңгүрттің жағдайын естіп, жаның түршігеді. «Былай қарасаң сап-сау сияқты, тіпті ақыл-есі жоқ 
деп ойламайсың. Бір кезде ол да шешен, зерек болған шығар, өзі әлі жап-жас, мұрты енді тебіндеп келеді, 
түр-тұлғасы  да  тәп-тәуір.  Ал  сөйлесе  кетсең  –  кеше  туған  бала  сияқты.  Байғұс  не  өзінің  атын,  не  әке-
шешесінің атын білмейді. Өзіне жуан-жуандардың не пәле істегенін де сезбейді. Өзінің туған ел-жұртын, 
руын  да  білмейді.  Не  сұрасаң  да  үндемей  тұрып-тұрып:  «ия»  немесе  «жоқ»  дейді,  бар  айтары  сол. 
Басындағы кепештен қолын бір алмайды-ау, алмайды...бірақ әлгі мәңгүрт өз шаруасына тас-түйін, керуен 
әбден ұзап кеткенше қалың түйе келелерін қас қақпай күзетіп, қалшиды да тұрды»[5,117] 
Шығарма  оқиғасын  беруде  жазушы  кейіпкер  психологизмін  шебер  аша  білген.  Керуеншілердің 
мәңгүртпен сөйлесуі кезінде  
- Ал  біздің  жолымыз  алыс.  Кімге  сәлем  айтасың?  Сұлу  қызың  бар  шығар,  ол  қай  жақта?-дейді.  – 
Жасырмай айта ғой. Естимісің – ей? Сол қызға сенен сәлемдеме деп орамал апарып берсек қайтеді? 
Мәңгүрт керуеншіге қарап-қарап тұрып, ақырында: 
- Мен түнде ылғи айға қараймын, ай маған қарайды. Бірақ бір-бірімізді естімейміз... Айда біреу отыр... 
–  деп  міңгірлейді»[5,119]  -делінген  тұста  оның  ішкі  өңірінде  мүлгіп  жатқан  әлдеқандай  беймәлім 
күштердің бас көтеруін сеземіз. Қазақ ұлты қашанда киіз үйдің шаңырағынан көк аспанға қарап, сансыз 
жұлдызбен  сырласып,  жарқыраған  Айдың  сәулесімен  ұрлана  қызбен  жолығысатын  бозбала  жігіттің 
санасына  сыналап  сәуле  түскендей  күй  кешесің.  Іштей  сойлей  түссе  екен  дейсің.  Бірақ  диалог  үзіліп 
қалады. Келесі кезекте мәңгүрттің Найман-Анамен кездесуі кезіндегі диалогта тағы да іштей үміттеніп, 
мәңгүрт санасы адам қалпына келетіндей күтесің.  
Шығармада:  «-Құдай-ау,  қандай  күйге  душар  қылған  сені!,  -  деп  сыбырлаған  ана  мұңлық  қайтадан 
еріксіз аузы кемсеңдеп, ыза мен қайғыға булығып, өзін өзі баса алмай, өксіп-өксіп, үзіліп-үзіліп боздай 
берді. Ана қайғысы мәңгүртке шыбын шаққан ғұрлы көрінген жоқ. 
–  Ау,  жерінді,  суыңды  тартып  алса  мейлі,  байлығыңды  тартып  алса,  мейлі,  тіпті  жаныңды  алса  да 
мейлі, - дейді ана үнін шығарып. – Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қаражүрек ойлап тапты, 
құдай-ау?! О, құдай, бар екенің шын болса, мұндай сұмдықты жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа 
сұмдық аз ба еді?» [5,111]. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
128 
Мәңгүрт  баласына  өзінің  атын,  әкесінің  есімін,  руын  айтып  түсіндірмек  болып  көп  әуреленеді.  Ең 
болмаса есінде қалсын дейді ме екен, Найман-Ана мәңгүрт ұлдың жанына жуан-жуандар келіп қалғанша 
құлағына  құюмен  болады.  Баласы  ауқаттанып  отырғанда  ыңылдап  бесік  жырын  да  айтты.  Бесік  жыры 
мәңгүртке ұнап кетеді. Осындай детальдар мәңгүрттің санасына титтей болса да әсер ете бастадыма деп 
қаласың. Мәңгүрттің санасына иесі жуан-жуандардың бұйыра айтқан сөздерінен өзге «ана», «әке», «ру» 
деген сөздердің сигнал болып түсуі адам санасында қозғаушы күштердің тіріле бастауын көрсетеді. Қазақ 
жазушысы Т.Әбдіков адам жанының осындай екі үдай күй кешуін «ішкі тұлғаның екіге жарылуы»-деп 
атайды.  Мәңгүртті  анасымен  тілдескені  үшін  таяққа  жыққан  жуан-жуандардың  адамдықтан  жұрдай 
әрекеті  Найман-Ананың  ең  соңғы  үлбіреген  үмітін  біржола  өлтірді.  Өзінің  туған  ұлына  қолына  садақ 
беріп, өз анасына оқ атқызды. Адамзат тарихында мәңгүрт бейнесінің бұдан асқан формасы болмас.  
Найман-Ана  аңызында  Жоламан  қара  күштің  зардабынан  ақыл-есінен,  сана-сезімінен  айрылып,  өз 
анасының жүрегіне сұр жебе қадаса, ал бүгінгі Сәбитжандар ешкімнің қорлық-зорлығынсыз, өз еркімен, 
атадан-балаға мирас ғұрыпты, салт-дәстүрді, адамгершілік парызды тәрк етушілер. 
Шығармада әкесінің соңғы өсиетін орындап, ақыреттік соңғы сапарға шығарып салардағы Сәбитжан-
ның  іс-әрекетінен  мәңгүрттік  сананың  жаңа  бір  түрі  көрінеді.  Бұл  туралы  қазақ  ұлтының  жанашыры 
Р.Бердібай  «Көзқамандар  туралы  аңыз»  деген  баспасөз  бетіне  көлемді  мақала  жариялады.  Онда  - 
мәңгүрттік пен көзқамандық бір-бірінен айырмасы үлкен екі түрлі құбылыс. Жау қолында тұтқын болып, 
қорлық-зорлық атаулының бәрін көріп, миына жазылмастай зақым келген, қай елден шыққанын, кімнен 
туғанын білмейтін, тек кеудесінде жаны бар, ішіп-жеуге, қарадүрсін жұмыстарды атқаруға ғана қабілетті 
мәңгүрттер хәлі аянышты. Олар – алыс пен жақынды, пайда мен зиянды ажырата алмайтын, өз анасын 
дұшпан  санап  атып  жіберетіндер.  Сондықтан  да  ел  мұндайларды  жадына  ешнәрсені  сақтай  алмайтын 
миғұла,  мәңгүрт  деп  атаған.  Ал  көзқамандар  ақыл-есі  ауысқандар  емес.  Бұлар  мектеп,  университет 
бітірген, жоғары лауазымды қызмет атқарғандар болуы да әбден мүмкін... Бірақ бұлардың жазылмайтын 
немесе  ұзақ  емдеуді  керек  ететін  ауруы  –  туған  халқының  дәстүрін  танып  білуге  салғырттығы,  сөз 
жүзінде отаншыл болып көрініп, былай шыға бере елдің хас жауларымен тіл тауып, халықтың түпкілікті 
мүддесін сатып жіберетіндігі. Ең жаманы –жұртының қадір тұтқан қымбаттарын, тәуелсіздігімізді  тәрк 
етуді  көздеп  отырғандармен  ауыз  жаласып,  соларға  арқа  тіреп,  намысымызды  таптап  кететіндігі. 
Мәңгүрттер  есінен  айырылған  міскіндер  болса,  көзқамандар  елдігімізге  саналы  түрде  қарсы  шығатын 
қаскүнемдер[6,51],-деп, ара жігін ашып берді.  
Едігенің еш кедергіге көнбей, өз досын, теміржолшы Қазанғапты “Ана-бейітке” жеткізуді мақсат етуі, 
оның адамгершілік мөлдір сезімінің көрінісі. Өмірдің қазығы – Едігелер. Олар үшін өткен тарих, бүгінгі 
күн, болашақ – біртұтас, оны үзбейтін, өмір отын сөндірмейтін – осы Едіге секілді абзал жандар. Едігенің 
бір  күні  ғасырға  бергісіз,  себебі  суреткер  бұл  образ  арқылы  өткенді,  бүгінді,  болашақты  бір  түйінмен 
беріп отыр. Өткенді ұмытқан адам, ол – мәңгүрт. Мәңгүрт – адам дүниетанымының көлеңкелі жағы. Едіге 
досына адал. Қазанғаптың өтініші бойынша, оны Ана-бейітке жерлемекші. Сәбитжан оған қарсы, қайдағы 
бір ертегі бейітке апару, ол үшін ақылға сыйымсыз. Ол жерлеуді тездетіп, қалаға қайтуға асық. Әке өсиеті 
оны көп қинай қоймайды. Осы сәтте Едігенің көз алдына анасын атқан Мәңгүрт елестейді. Мәңгүрттік 
Сәбитжанның  дүниетанымында  орын  тепкен.  Қазанғапты  арулап  көфмгеннен  кейін,  Едіге  Ана-бейітті 
тегістеп, оның орнына космодром салатынын естісімен, Ана-бейітті қайткенде де сақтап қалу үшін көзі 
ашық,  оқыған,  қалада  қызмет  ететін,  кіммен  сөйлесіп,  кімге  жолығу  жолын  білетін  адам  ретінде 
Сәбитжаннан қол ұшын беруді өтінеді. Оған Сәбитжан былай деп жауап қайтарады: 
–  Оның  бәрі  ерте-ерте,  ертедегі,  ешкі  жүні  бөртедегі  ертек  қой,  Едеке,  түсінсеңші.  Бұл  арада  қазір 
әлемдік,  космостық  мәселелер  шешіліп  жатыр.  Ал  біз  барып  әлдебір  зират  туралы  аңыз  айтқанымыз 
жараспайды ғой. Кімге керек ол? Олар үшін ол дегенің – тіфу! Әрі десе, бізді олай қарай өткізбейді де. 
Әрине,  Сәбитжан  сөзінде  шындық  бар.  Бірақ  мәселе  оның  бұл  іске  жүрдім-бардым  қарауында,  өткен 
тарихқа  немқұрайдылығында  жатыр.  Оқыған,  сауатты  Сәбитжанның  санасы  қарапайым  Едігеден  көп 
төмен. Басында Едігенің Сәбитжанмен сөйлесе келе, қылықтарына қарап, интернатта, институтта оқыса 
да дұрыс адам болмаған екен деген күдігі болса, енді Сәбитжан туралы ойы айқындала түседі. 
– Мәңгүртсің сен! Нағыз мәңгүрттің өзісің! – деп ашына күбірледі Едіге Сәбитжанды әрі аяп, әрі жек 
көріп[5,341]. Осы тұста ғалым Ж.Әбіловтің этнодеформация термині еріксіз ойға оралады. Зерттеушінің 
«этнодеформация дегеніміз – тек, сана, деформацияның «бұзылу», «бүліну» деген мағыналарынан құрала 
келіп,  ұлттық  тектің,  ұлттық  сананың,  ондағы  дәстүрліліктің  бүлінуі  деген  ұғым  білдіреді.  Олай  болса 
этнодеформация  терминдік  ұғымының  білдіретін  мағынасы  ұлттық  сананың,  ұлттық  болмыстың  о 
бастағы  жаратылысынан  ауытқуы,  алшақтауы,  ажырауы  дегенге  барып  саяды»[7,14],  –  деген  пікірі 
Сәбитжан образына арналғандай. «Ұлттық ой-сана сөз болған мезетте мәңгүрттік мәселесінің қозғалмауы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(58), 2016 ж. 
129 
мүмкін емес.  Өйткені Ш.Айтматовтың (80-жылдардың бас кезінде жарияланған)  «Боранды бекеті» мен 
(60-70-жылдары)  жазылған  Ә.Кекілбаевтың  «Дала  балладаларындағы»  «Найман-ана»  аңызы  бойынша 
анасын танымайтын ұлды мәңгүрт еткен туған халқы емес, жат жұрт адамдары екендігі белгілі»[8]-деген 
Гүлзия Пралиеваның пікірі ойымызды нақтылай түседі. 
Қазіргі  әлем  әдебиеттануында  сөз  етіліп  жүрген  жатсыну  мәселесі  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  аз 
зерттелген  сала  болып  саналады.  Жатсыну  мәселесіне  қазақ  ғалымдарының  ішінде  философ  ғалымдар 
көбірек ден қойып жатқаны құптарлық жайт. Ал, қазақ прозасындағы жатсыну тақырыбына Ә.Кекілбаев-
тың «Күй» повесімен жол салды. Жазушы жатсынуға философиялық ой-түйіндерімен келді. Жазушы өз 
шығармасын  психологиялық  сарында  жазған,  кейіпкерлерінің  жан  дүниесін  шебер  беру  үшін  жатсыну 
мәселесіне  барады.  Бұл  ұғым  -  антиутопиялық  сана  көрінісіне  жақындайды.  Антиутопияға  қатысты 
мәліметтерде «әдебиеттегі антиутопия жанрын саралау үшін ең әуелі утопияның өзін түсініп алу қажет. 
Әлемдік мәдениет пен әдебиетте утопия жанрының ұзақ тарихы бар. Жалпы бәрімізге белгілі, утопия – 
мінсіз қоғам жайлы адамның ой-қиялынан жасалған ұғым. Жоғарыда сөз еткен қазақ дүниетанымында өз 
халқы үшін Жерұйықты іздеп, желмаясына мініп ел кезген Асан Қайғы, өлімсіз мекен іздеп жер шарлаған 
Қорқыт  Ата  да  утопиялық  ілімнің  бастауы  бола  алады.  Бертін  келе  идеалды  мемлекеттік  құрылымның 
болу мүмкін еместігін түсінген жазушылар (Д.Свифт, Ф.Достоевский және тағы басқалар) өз шығармала-
рында  бұл  идеяның  жүзеге  асатынына,  яғни  барлық  халық  үшін  тамаша,  бақытты  мемлекеттің 
болатынына  күмән  келтіре  бастады.  Міне,  осы  кезден  бастап  утопияға  керісінше  антиутопия  пайда 
болды»-дейді.  Әдебиет  зерттеушісі  А.Таңжарықованың  пікірінше  «Антиутопия  робот-адамдарды, 
мәңгүрт  ұрпақты  туғызған  гиперрациональды  қоғамдық  жүйені  сынайды.  Осы  жүйеге  қарсылық 
білдіретін кейіпкер шынайы адамзаттық құндылықтарды іздеуге, тоталитарлық өмірден өзіне тірек табуға 
ұмтылады.  Осылайша  идеалды  саналған  қоғам  қатал  заңның  тепкісін  көрген  жекелеген  адамның  ішкі 
жан-дүниесі мен санасы, сезімі арқылы күл-талқаны шығады.»[9,103]-деп түсіндірме жасайды.  
Жазықсыз репрессияға ұшыраған Әбутәліп Құттыбаевтың тағдырын сөз еткенде өз ұлтынан жерінген, 
мәңгүрттенген  толқынның  шығу  тегін,  оның  себебін  осылай  ашып  көрсетеді.  Кеңестік  интернаттар 
мәңгүрттер тәрбиелеуді жақсы жолға қойғаны анық. Содан шыққан Сәбитжандар ұлттың қасиет тұтқан 
киелі  заңдылықтарына  жиіркене  қарады.  Бұл  аңыздағы:  «Ол  қатын  сенің  басыңдағы  кепешіңді  жұлып 
алып, анау ақымақ басыңнан көн теріңді сыдырып тастамақшы!» - деген алдауға сеніп, өз анасын садақ-
пен ататын Дөненбайдың ұлы Жоламаннан не артықшылығы бар? Қазанғап пен Едіге жанына ерекше нұр 
құятын Найман-ана бейіті, өз ұлының садағынан өліп бара жатқан Найман-ананың ақ жаулығынан пайда 
болған  Дөненбай  құс  туралы  аңыз  оған  еш  әсер  етпейді.  Мәңгүрт  –  Жоламанға  өз  анасы  оның  атын, 
әкесінің атын түсіндіре алмай жаны күйзелсе, Сәбитжанға да Едіге Найман-ана бейітінің ұрпақ санасында 
сақталуға тиіс ұлт тарихының бір бөлшегі екенін ұғындыра алмай күйзеледі. Оқырман да Едігемен қоса 
күңіренеді. Жер бетінен қасиетті бейітті жойса, ұлтымыздың бір қасиеті өшетінін түсінген Едіге әлдебір 
асылын  жоғалтатындай  қиналады.  Ал,  Сәбитжан:  «Оның  бәрі  ерте-ерте  ертедегі,  ешкі  жүні  бөртедегі 
ертек қой, Едеке, түсінсеңші. Бұл арада қазір әлемдік, космостық мәселелер шешіліп жатыр. Ал, біз барып 
әлдебір зират туралы аңыз айтқанымыз жараспайды ғой. Кімге керек ол?»- деп «білімділігін» көрсетеді. 
Мәңгүрт  басындағы  кепешке  тиіп  кетеді  деп  қорықса,  Сәбитжан  қызметімнен  айрылам  деп  қорқады. 
Екеуі де мәңгүрт. Бірі – қолдан жасалған мәңгүрт, бірі-рухани мәңгүрт. Сәбитжан да коммунистік идеоло-
гияның құрбаны, соның қолдан жасаған улы жемісі; жек көретіні әкесінің бойындағы асылдан тырнақтай 
да жұқтыра алмай қалған өресіздігі, ешбір ойсыз, талғамсыз насихатқа ілескен қуыс кеуде болып өскені. 
Бұл - сол қоғам тудырған типтік мінез. Жазушы қоғамдағы осы мінезді анық танытқан. Ол үшін Найман-
ана бейіті, ол туралы аңызды тірек еткен. Саясатқа қарсы келмеген түр танытады. Жай аңызды жаңғыр-
тып әңгімелеп отырған сияқты. Сол қоғамның ең қасіретті қабатын аңыз арқылы көрсете алуы жазушы-
ның модернизмді тиімді пайдаланғаны деуге болады. Дүниені дүр сілкіндірген атом жарылысының дүм-
пуі арасынан ақ құстың «Дөненбай» деген дауысын естігендей болады Едіге, осы арқылы жазушы ұлттық 
рухты жеңетін күш жоқ дегенге сендіреді. Сонда көңілдегі көп күдікті ойлар да серпілгендей болады.  
Ойымызды  қорытар  болсақ,  Ә.Кекілбаев  пен  Ш.Айтматов  әдебиетте  бұрын  кездеспеген  қолдан 
жасалған  мәңгүрт  пен  рухани  мәңгүрттің  параллелді  формасын  жасады.  «Күйде»  -  күйшіні  мәңгүртке 
айналдырса  да  халық  туғызған  күйдің  рухы  өлмегенін  түсінбеген  Жөнейт,  «Ғасырдан  да  ұзақ  күн» 
шығармасында  жуан-жуандардың  қолынан  мәңгүртке  айналған  Жоламан  мен  социалистік  қоғамның 
ұрпағы  Сәбитжан  образдарын  жасау  арқылы  жазушыларымыз  қоғамға  қозғау  салып,  сыналап  сын  да 
айтты, әлемдік деңгейде мәселе де көтерді. Қос жазушының көркемдік ойлау тұрғысынан кейіпкерлеріне 
екі түрлі сана беріп, психологиялық жағдайларды ушықтыруы – көркем туындыдағы жазушы идеясы мен 
көркемдік концепциясын айқындауға негіз болып тұр. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №4(58), 2016 г. 
130 
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі: 
1
 
Бельгер Г. Дала балладалары //Кекілбаев Ә. Екі томдық шығармалар жинағы. 1989. Т. 1. 
2
 
Сұлтанов Қ. Кекілбаев кеңістігі. Егемен Қазақстан, 2006ж. 5 желтоқсан. 
3
 
Кекілбаев Ә. Таңдамалы. 1-ші том. – Алматы. «Жазушы», 1989. 399 б. 
4
 
Бердiбаев Р. “Сарқылмас қазына”. Алматы., “Мектеп”, 1982 ж. 
5
 
Айтматов Ш. Боранды бекет (Ғасырдан да ұзақ күн). Алматы. «Жалын»,1986. 
6
 
Бердібай Р. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Қазығұрт», 2005. – 464 б. 
7
 
Әбілов Ж. Этнодеформация. Ұлттық сана мәселелер і Қызылорда. «Тұмар» 2007. – 176-бет 
8
 
24. Г.Пірәлиева Ұлттық идея мен сана мәселелері жөніндегі зерделі зерттеу.// Ана тілі. 2016, №17 
9
 
Таңжарықова  А.  Оралхан  Бөкейдің  «Қар  қызы»  повесіндегі  антиутопиялық  сарындар.  Абай  атындағы 
ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
 
Резюме 
Каталог: docs -> vestnik -> filologicheskie nauki
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
vestnik -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
filologicheskie nauki -> Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»
filologicheskie nauki -> Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»
filologicheskie nauki -> Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»
filologicheskie nauki -> «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»
filologicheskie nauki -> «Филология ғылымдары» сериясы Серия

жүктеу 3.41 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет