Т О С Ы Н Б Е Й Н Е
Осы бір тосын оқиға ой-
ыма оралған сайын таңда
на таңдай қағып, әлі күн-
ге еріксіз бас шаиқаймын...
1 9 7 6 жылдың мамыр
айы болатын. Бір күні жі-
гіттер сайланып, қасқыр-
дың күшігін аулауға дала-
ға шықтық. Жолбасшымыз
— Кәмекең —Кәмел Жү-
ністегі. Сарыөзектің біраз
жерін сүзіп өтіп, бұлақ-
тың жанында сәл тыныс
қылып тұр едік.
Кенет, бізден екі ж ү з
қадамдай жерден тосыннан
пайда болып өтіп бара жат-
қан бір адамды бәріміз де
байқап қалдық. Күн бұ-
лыңғыр еді. Әлгінің жүрі-
сі бізді таң-тамаша қыл-
дырды. Мұз айдынында
сырғанаған кәңкишідей
өте жылдам, әрі аяғы жер-
ге тимейтіндей, бейне қал-
қып бара жатқандай әсер
етті бізге. «Айдалада не
қылған жан» деген ой бә-
рімізді бір сәтке шарпып
өтті. Көліктерімізге міне
сала тұра қудық. Біз бет
түзегенше қырдан асып
көрінбей кеткен онан айы-
рылып қалдық па деп едік.
Жоқ, төбеден түсе бере
етекте отырғанын көріп,
қоршап тұра қалдық. Тіп-
тік отырған оның үстінде
күнге күйіп, оңып кеткен-
дей өңсіз сұр плащ, көзін-
де қара көзілдірік, қолын-
да қара қолғап, оң қолын
плащының өңіріне жасы-
ра ұстаған, жүзі де пла-
щы тәрізі сұп-сұр. Оң ая-
ғын астына басып отырған
тәрізді, ал сол аяғындағы
көрініп тұрған шұлығы
бейне жыланның қабығын-
дай шұбарала. Басы жа-
лаңбас, селеу тәрізді ша-
шы қобырай көзге түседі.
Аңтарыла қарап, тұрған
біздің арамыздан бірінші
болып ес жиған Кәмекең
болды. Бейтаныс жан ие-
сіне Кәмекең:
— Сізбен қай тілде сөй-
лессек екен? — д е п сұра-
ды. Қыз:
—Мен жер бетіндегі
барлық тілде сөйлей ала-
мын, - д е д і . Қыздың үні
анық емес, радио қабылда-
ғышты әуе толқында
ған дыбыс әуелі біздің
ту сыртымыздан естілген-
дей болды. Бәріміз де ар-
тымызға жалт қарадық.
Бірақ ештеңе жоқ екен.
Содан кейін барып қыз
отырған тұстан шыққан
үнге қайта бұрылдық. Өте
асқақ отырған қыз кейпі-
нен апталдай бес-алты
(Ережеп, марқұм Зейнол-
ла, Ерденбектер бар) аза-
маттан сескену, не үреи-
лену байқалмайды. Өзіне-
өзі өте сенімді отыр.
Кәмекең:
— Біз қасқырдың күші-
гін алуға шығып едік. Бұл
маңнан қасқырдың ұясы
көзіңізге түспеді ме? —
деп сұрады. Сол сәтте біз-
ге қыз маңайды 10-15 се-
көнт ішінде тез шолып өт-
кендей болды. Сондай әс-
ерді өзіміз де сездік. Со-
нан соң барып:
— Бұл маңда қасқырдың
ұясы жоқ, босқа әуре бол-
маңыздар, —деді.
Кәмекең:
—Сіз сөйлегенде неге
ерніңіз қимылдамайды? —
деп сұраған еді. Қыз:
— Біз осылай сөйлесу-
ге дағдыланғанбыз, —деп
жауап берді. Кәмекең біз-
ге қарап:
— Жігіттер, сендер бір
деңе сұрайсыңдар ма мы-
на кісіден? —деді. Біз
бейне гипноздағандай хал-
де едік. Кейін осы оқиға-
ны әңгіме қылғанда Ер-
денбек айтады: «Кәмекең
бізге қараған кезде қыз
көзілдірігін сәл түсірді.
Алла-ай, ондай көзді ғұ-
мырымда көрген емеспін!
Жыланның көзіндей сұп-
суық, жалын атып, от ша-
шып тұрғандай. Өте қор-
қынышты екен. Арқамнан
мың сан құмырысқа жор-
ғалап өткендей болды.
Ал, Кәмекең кейін осы
оқиғаны еске алғанда: «Сол
аяғына киген аяқ киімін,
соншалықты көргім келіп
еді. Аяқ киімінің табанын-
да, бізге белгісіз, жүрісті
жылдамдататын механизім
бар-ау деп, соны көргім
келген еді. «Көзілдірігі-
ген сұрағымды жауапсыз
қалдырды. Ал, аяқ киімі-
не қанша мәрте қарағым
келсе де, ойым бөлініп, сол
сәтінде-ақ ұмыта бердім,
Бір белгісіз күш еркімнен
тыс ұмыттыра бергендей
болды. Тағы бір байқаға-
ным тізесіне дейінгі сан
жілігі тізесінен төменгі
жағынан (сирағынан) ұз-
ын екен. Өңіріне сұғып
отырған қолында бізге
белгісіз бір қару бардай
боп көрінді. Ол қолын
суырса-ақ б і р д е ң е бола-
тындай сескеніс пайда боп
тұрды. Тезірек кетіп қа-
луға тырыстым» —дейді.
Ол кезде т ы л с ы м дү
ниенің құпия сырларын,
әсіресе ұшатын беймәлім
денелер жайлы айтылмай-
тын е д і . Дәл сол кезде біз-
дің санамызға кездесіп
отырған қызымыз сондай
тылысым дүние құпияла-
рының бірі-ау деген де ой
келмеген. Жапан түзде
кездейсоқ кездескен жан
иесімен байланысқа түсе
алмай кеткенімізді кейін
біліп, өкініп жүрдік. Өт-
кен жылы көктемде Кәме-
кең екеуіміз әлгі қыз кез-
дескен жерге барып, қай-
сымыз қай жерде, қалай
тұрғанымызға дейін әңгі-
мелеп еске алдық. Қазір
кездессе әлем құпиясы ту-
ралы, жаратылыс жайлы
сұрар едік деп өкініш біл
дірдік. Амал қанша, кез-
дейсоқ жолығып, таңдай
қақтырған жұмбақ жан ие-
сі қайтып бізге кездеспей
кетті.
Ж. АҚЫЖАНОВ,
А қ с у - А ю л ы ауылы.
Заман.- 1996.- 14 тамыз (№31).- 4 б.