Т. ӘБдіков шығармаларындағы психологизмді оқыту әдістемесі түйіндеме



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата13.01.2022
өлшемі0.68 Mb.
#16707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
. [#898338]-1643772
Талқылау 

Репродуктивтік  әдістер  –    тәуелсіздік  жылдарындағы 

қазақ  әдебиетін  студенттерге  сапалы  оқытудың  тиімді 

әдістерінің  бірі  болмақ.  Негізінде,  әдебиет  лекцияларында 

репродуктивтік  әдіс  үлкен  орын  алады.  Өйткені  дайын 

көркем  шығарма  мәтінін  оқу,  түрлі  талдаулар  жасап, 

тапсырмалар  орындау  жұмыстары  репродуктивтік  әдіс 

арқылы жүзеге асырылады. 

Прозалық  шығарманың,  поэзиялық  туындының, 

драмалық  шығарманың  эпизодтарын  немесе  белгілі  бір 

кейіпкердің  сөзін  талдата  отырып,  мұғалім  көркем  талдау 

жүйесін  меңгертеді.  Сол  арқылы  студентті  өз  бетімен 




TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Ж. Қалкөз / Г. Ж. Болатова 

44

 



 

талдауға  машықтандыра  алады.  Репродуктивтік  әдістің 

тиімді  болып  табылатын  құраушы  элементтер:  баяндау, 

әңгімелеу,  мазмұндау,  шолу  дәрістері,  көркем  шығарма 

мәтіні,  әдеби  шығарманың  түпнұсқасы,  сұрақтар  тізбесі, 

викториналар т.б.  

Репродуктивті әдісті қолдану мақсатында жазушының 

алғашқы  повестерінің  бірі  “Күзгі  жапырақтар”  повесін 

талдауға  болады.  Бұл  ел  аузында  көп  айтылмайтын 

шығарма  болғандықтан,  студенттер  өз  беттерімен  ізденіп, 

қаламгердің аса танымал емес шығармаларын оқып, талдап 

келеді. 


 Бұл  әңгімеде  60-70  жылдардағы  қазақ  жастарының 

өмірін,  сол  дәуірдегі  студенттердің  ой-санасын  көрсетеді. 

Жазушы  Байтастың  нәзік  те  пәк,  жауапсыз  махаббатын 

суреттей 

отырып, 

өмірдің 


құндылығын 

көрсетуге 

тырысады.  Оның  түсінігінше:  “Адамдар  өсімдік  секілді, 

сабағында  піскен  дән  толысып  жетілгеннен  кейін, 

қауызынан  бөлініп  жерге  түсіп,  одан  жел  айдап  ұзақ 

қаңғып,  бұйырған  бір  тұсқа  табан  тіреп,  ақыры  тамыр 

жайып  өсіп-өркендей  бастайды.  Дала  кезіп  жүрген  дән  де 

шындық  іздеп  жүрген  жан  секілді.  Нәр  беретін  жер  іздеп 

қаңғи  бермек.  Егер  тамыр  жайып  көктей  бастаса,  онда 

бұрынғы  биік  мақсат  ұмытылып,  тұрған  жері  көп  саз, 

құнарсыз топырақ болса да, қанағат қылғандай алаңсыз өсіп 

өркендей  береді.  Тамыр  жайған  соң  ажырау  мүмкін  емес” 

(Әбдікұлы,  1972).  Бұл  –  Байтастың  ішкі  монологы,  ішкі 

толғанысы. 

Қаламгер  Т.  Әбдіковтің  қаһармандары  да  “Егер  он 

сегіз  мың  ғаламның  ішіндегі  ең  күшті,  ең  құдіретті  әрі  ең 

жұмбақ,  ең  күрделі  жаратынды  –  Адам  болса,  оның  өмір 

сүрудегі мақсаты не? Оның өмірінің мазмұны, мән-маңызы 

не?”  деген  философиялық  сұрақтарға  жауап  іздейді.  Оның 

қаламынан  туған  шығармалардың  ең  басты  түйіні  де, 

әлеуметтік шиеленістері де осы сауалдардан туындайды. 


жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет