Т. ӘБдіков шығармаларындағы психологизмді оқыту әдістемесі түйіндеме



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата13.01.2022
өлшемі0.68 Mb.
#16707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
. [#898338]-1643772
TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Ж. Қалкөз / Г. Ж. Болатова 

42

 



 

Қаламгер  “Таласбай”  әңгімесінде:  “Діни  сенім  де 

махабаттың  бір  түрі.  Кеңестік  жүйе  тұсында  мыңдаған 

мешіттер  талқандалып,  қожа-молдалар  тұтқындалып, 

атылатындары  атылып  жатқанда  діни  сенімді  өмірлерінің 

мәні  деп  ұққан  қанша  мың  адам  рухани  қасіретті  бастан 

кешкенін санап беру мүмкін емес” (Әбдікұлы, 2005),  – деп 

Таласбайдың  образы  арқылы  сол  кездегі  халықтың  рухани 

құлдырауын  көрсетеді.  Яғни,  әңгіменің  негізгі  идеясы  – 

Кеңес  дәуірі  тұсындағы  қазақ 

халқының  рухани 

құндылықтардан  ада  болуы,  рухани  құлдырауы,  рухани 

жағынан жұпынылығы. 

“Бір  күндік  ашу”  әңгімесін  оқып  бір  қарағанда, 

мәселен  бір  күндік  ашуда  тұрған  не  бар,  кім  ашуланбай 

жатыр  деген  ой  келуі  мүмкін.  Алайда  сол  ашудың  сырын 

ашудағы  жазушының  кейіпкер  жан-дүниесінің  нәзік 

иірімдерін  тап  басып,  тани  білер  сұңғылалығына  қайран 

қалғандайсың.  Оқиға  желісіне  адам  психологиясының  бір 

сәт, бір мезеттік қана қыры алынған. Алайда бізге суреткер 

сол  бір  сәттің  өзінен  адамға  тән  барша  болмыстың 

құпиясын ашқандай көрінеді. Онжылдықты былтыр бітіріп, 

қазір  кітапханада  жұмыс  істеп  жүрген  Айгүлдің  ағасы 

Ордабекке әлі күнге дейін кішкентай көрінетіні рас. 

“Шынында  да,  ол  –  соқтауылдай  қыз.  Бірақ  мұны 

айтқан адамды Ордабек барынша ұятсыз, ардан безген біреу 

деп  білер  еді.  “Жұмысқа  келген  студенттердің  біреуі 

Айгүлге  сөз  салып  жүр  екен”,  –  деген  хабарды  естігенде 

табиғатында жоқ долылықпен түтігіп, тіпті жыларман халге 

келді.  


“Бұл  масқара  ғой!  Кішкентай  баланы...”  деді  ары 

ойлауға  батылы  жетпей”.  Қарындасын  қызғанатын 

Ордабектің  жан  әлемі  қандай  табиғи,  ұлттық  нақыш  – 

бояуымен ашылған. 

Ал Айгүл бейнесі тіпті бөлек. Жазушы оның да ет пен 

сүйектен жаратылғанын, тіпті адам ретінде оның да біреуді 

жақсы көріп, ғашық болуға толық құқықты екенін кейіпкер 

жан  әлемінің  толқыныстары  арқылы  суреттейді.  Шығарма 

сюжеті  шап-шағын.  Адам  өмірінің  бел-белестеріндегі  бір 

кезең  алғашқы  махаббат  десек,  шығарма  финалы  бас 




 

Т. Әбдіков Шығармаларындағы Психологизмді Оқыту Әдістемесі 

43 


 

 

кейіпкердің  өткен  өмір  жолдарын  ой  көзімен  шолып, 



қорыту арқылы түйінделген.  

Сайын  Мұратбековтің  “Менің  қарындасым”  атты 

әңгімесі де аға мен қарындастың арасындағы сүйіспеншілік 

жайында  жазылған.  Алайда,  мұнда  ағасы  қарындасының 

бойжеткендігі  мен  алғашқы  махаббатына  түсінушілікпен 

қарайды:  

“–Апа,  апатай,  керегі  жоқ,  ештеңе  айтпаңызшы.  Сіз 

қалай десеңіз де бәрібір, мен оған сенемін...  –деді апамның 

құлағына жалынышты сыбырлап. 

Қарындасымның  сол  баяғы  ерке  қалпына  байсалдық 

еніп,  сұлулығына  басқаша  бір  жарастық  беріп  тұр.  Тек 

көзінде  ғана  жан  білмес  терең  сыр  бар  тәрізді.  “Алғашқы 

махаббатың  сәтті  болсын,  қарындасым”,  –деймін  мен 

іштей” (Мұратбеков, 2005). 

Т.  Әбдіков  өз  шығармаларында  ұлттық  мүддені 

жоғары  қояды.  Адамның  парасаты  жазушы  үшін  алдына 

қойған  үлкен  мақсат  сияқты.  Халықтың  жаны  мен  арманы 

әңгімедегі  бас  кейіпкерлердің  атынан  шебер  беріледі.  Өз 

дәуірінің  жастары  алдындағы  мәселені  қозғай  отыра  автор 

жас жігіт пен қыздар бейнесі арқылы әр адамды қоғам мен 

өмірдегі  өз  орнын  тауып,  адамгершілік  қасиетті  жоғары 

ұстауға  шақырады.  Парыз  бен  мансап,  ар  мен  ұят, 

еңбексүйгіштік  пен  арамтамақтық  арасындағы  арпалыста 

бірінші  қасиеттің  жеңіп  шығуы  –  қаламгердің  негізгі 

тақырыбы. 


жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет