Т. ӘБдіков шығармаларындағы психологизмді оқыту әдістемесі түйіндеме



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата13.01.2022
өлшемі0.68 Mb.
#16707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
. [#898338]-1643772
 Нәтижелер 

Т. Әбдіковтің көлемі шағын “Сәндікөл”, “Екі кездесу”, 

“Бір  күндік  ашу”,  “Көктерек”,  “Қарасын”,  “Таласбай”, 

“Қойшұғыл” атты әңгімелері бар. Шығармалар қазақ ауылы 

өмірінен алынған. Кейіпкерлердің іс-әрекеті де таңсық емес. 



TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Ж. Қалкөз / Г. Ж. Болатова 

40

 



 

Суреткердің  шеберлігі  де  осында  жатыр.  Мұнда  жазушы 

кіші  ғана  әңгімелерге  үлкен  психологиялық  астар 

сыйғызған. 

Ізденіс әдісі –  білім беру үдерісінде ерекше мақсатты 

көздейтін  әдіс  түрі  (Бітібаева,  1997).  Ізденіс  әдісін 

қолданғанда  мұғалім  тәуелсіздік  жылдарындағы  қазақ 

әдебиетінің  болмысындағы  өзіндік  белгілер  мен  жаңа 

қырларын ашатын әдістің ерекшелігін жақсы түсінуі керек.  

Қазақ  әдебиеті  тарихының  осы  кезеңге  дейінгі  даму 

барысындағы  көркем  туындылардағы  еркіндік  пен 

тәуелсіздік  деген  идеяның  қолға  бақыт  құсындай 

қонғандығы  студенттерге  ашық  та  еркін  әңгіме  барысында 

түсіндіріледі.  

Ізденіс әдісін көркем шығарманы өз бетімен талдауға 

үйрету  мақсатында  қолданып,  эвристикалық  әдісті 

қолданғанда  студент  өзімен  бірге  жетелеп  алып  жүретін 

болса, бұл әдісті қолдануда студент өзінің ізденіс жасауына 

жол береді. Әрине, мұғалім кеңес беру, бағытын айқындау, 

түзетіп отыру арқылы жетекшілік рөлін еш кемітпейді.  

Ізденіс  әдісін  бірқалыпты  қолдана  отырып,  өзара 

пікірталас, семинарлар өткізуге, конференцияларда ғылыми 

баяндамалар  қорғап,  ғылыми  бәйгелерге  қатысуға  септігін 

тигізеді. 

Сөз  жоқ,  эвристикалық  әдіс  пен  ізденіс  әдісі  –  

студенттің  интеллектуалдық  дамуын,  ойлау  және  сөйлеу, 

жазу  шеберлігін  қалыптастыруда  үлкен  орын  алатын 

әдістер. 

Ізденіс  әдісін  қолданудың  бір  үлгісі  ретінде  Төлен 

Әбдіковтің келесідей шығармаларын нысанға алуға болады. 

Жазушының  “Сәндікөл”  әңгімесінде  туған  еліне, 

жеріне  деген  сүйіспеншілігі  сезіледі.  Мұнда  жазғы 

демалыста  студенттердің  ауылдарына  қыдырып  келуі 

суреттеледі,  жастардың  көздері  арқылы  жазушы  туған 

жерге деген сағынышты көрсетеді. 

“Екі  кездесу”  әңгімесі  адам  баласының  бойындағы 

адамгершілікті  сипаттайды.  Мұнда  екі  жас  жігіттің  күрес 

алаңындағы ішкі тойтарысы суреттеледі. Жалпы командаға 

жеңіс  алып  келу  үшін  жаттықтырушы  Қапан  Байболичтің 

өтінішімен  Сейіт  күрессіз  бас  кейіпкер  Тастаннан  жеңіліс 




 

Т. Әбдіков Шығармаларындағы Психологизмді Оқыту Әдістемесі 

41 


 

 

табады.  Шығарманың  негізгі  идеясы  –  жастардың 



бойындағы отансүйгіштік сезім. 

“Бір минут он бес секундта Қуатов таза жеңіске жетті, 

-  деп  хабарлады  төреші.  Сейіт  күлімсіреп  қолымды  қысты. 

Мен не дерімді білмедім. Өзгені табалаған жалған атаққа ие 

болу  маған  да  оңай  тимеген  еді.  Сейітті  қатты  аядым. 

Алқымыма бір зат тірелгендей көзім жасаурап, табиғатымда 

жоқ  бір  осал  сезім  билеп  кетті.  “Кешір,  кешір,  Сейіт,  сен 

нағыз  ер  екенсің,-деймін  іштей  күбірлеп,  –  рахмет!  Мың 

рахмет!” (Әбдікұлы, 1971). 

Көріп 


отырғанымыздай, 

жазушының 

алғашқы 

шығармалары 

көптеген 

қаламгердің 

шығармашылық 

жолындағыдай  студенттік  өмір,  жастық  шақ,  достық, 

махаббат  тақырыбына  жазылған.  Уақыт  өте  қаламгер 

шығармашылығының тақырыбы күрделене түсті. 

“Қарасын”  әңгімесінде  қарапайым  ғана  ирония 

арқылы  адамға  әрқашанда  бір  жанның  мейірімі,  шапағаты, 

махаббаты  керек  екендігі,  тек  сонда  ғана  адам  рухани 

қолдау  табатындығы  пайымдалады.  Жазушы:  “Әйтеуір 

біреуге керексің. Өзіңе шексіз берілген, сенен басқа ештеңе 

қажет қылмайтын жан иесін сезіну қандай жақсы. Оған тек 

бір сенің қарасының болса, болды...” (Әбдікұлы , 2005) –деп 

тұжырымдайды. 

Жазушы  “Көктерек”  әңгімесінде  адам  баласы  өзінің 

мақсатына,  арманына  жеткенде  екі  сезімге  тап  болатынын 

(қуаныш  пен  қорқыныш)  баяндайды.  Қаламгер  оны 

көктерек 

символы 

арқылы 


сабақтастыра 

білген: 


“Көктеректің  ең  биік  бұтағына  жеткен  кезде  мені  екі-ақ 

сезім биледі: бірі – қуаныш, екіншісі – қорқыныш. Осы екі 

сезімнің  бір-біріне  ұқсас  екенін  мен  сонда  білдім.  Екі 

бұтақтың  арасына  аяғымды  тірей,  теректің  жіңішкерген 

діңін  қапсыра  құшақтап,  айналаға  көз  жіберген  кезде,  бар 

дүниені  жаңа  көргендей  аузымды  ашып  сілейдім  де 

қалдым”.  Сонымен  бірге  жазушы  кез  келген  адамның 

жүрегінде сол бір тәтті балалық шақтың елесі, туған жердің 

иісі  бар  екенін  пайымдайды:  “...Яғни,  Көктерек  өзімнің 

ішімде, жүрегімде деген сөз ғой. Жадында сақтай алатының 

қандай  жақсы.  Ел  мен  жерді  сақтайтын  басқа  не  амалың 

бар?..” (Әбдікұлы, 2005). 





жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет