Т. ӘБдіков шығармаларындағы психологизмді оқыту әдістемесі түйіндеме



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата13.01.2022
өлшемі0.68 Mb.
#16707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
. [#898338]-1643772
Т. Әбдіков Шығармаларындағы Психологизмді Оқыту Әдістемесі 

35 


 

 

аясында  берілсе  де,  адамзаттың  шыққан  тегі  –  ортақ  деген 



концепцияны 

ұстанады. 

Әсіресе 

“Тозақ 


оттары 

жымыңдайды” повесінде анық сезіледі. 

Шығармада  суреттелген  оқиғалардың  хронологиялық 

бірізділігінің  сақталмауын  жазушының  ретроспекция 

тәсілін  қолдануымен  түсіндіруге  болады.  Повесте  екі 

сюжеттік  желі  тартылған:  біріншісінде  бас  кейіпкердің 

қазіргі  хал  жағдайы  баяндалса,  екіншісі  оның  өткен  өмір 

елестерін  суреттейді.  Екі  сюжеттік  желі  авторлық  ұстаным 

арқылы біріктірілген. 

Адам  санасындағы  өткен  уақыт  жаңғырығы,  оның 

адам  характерін  өзгертумен  бірге,  тұйыққа  тірейтінін 

бейнелеу  Т.  Әбдіковтің  “Ақиқат”  повесінде  көрінеді. 

Повестің бас кейіпкері көріпкелдік қасиеттері, ақылдан азап 

шегуі,  сау  жүріп  жындыханаға  түсуі,  асылып  өлуі  – 

шығармадағы  негізгі  оқиғалар  осы.  Зерттеуші  Қ.  Хамзина 

(Хамзина,  2004)  “Aқиқат”  повесін  жанрлық  түрі  жағынан 

фантастикалық  деп  атағанымен,  шығармада  бүгінгі  заман 

шындығы  бар  екенін  жоққа  шығармайды.  Расында  да, 

шығарманы философиялық фантастика жанрында жазылған 

шығарма  десек  дұрыс  болар.  Себебі  повестің  негізгі 

арқауын Роберттің көңіл-күйіндегі өзгерістер, оның адамзат 

тарихы,  сана,  бақытсыздық,  ғылым  мен  өркениет  туралы 

философиялық ой-толғаныстары құрайды. 

Төлен  Әбдіковтің  үздік  шығармаларының  бірі  – 

“Парасат  майданы”  повесі.  Ғалым  Ш.  Елеукенов  бұл 

повесть жайында: “Жазушы Т. Әбдіковтің жаңа шығармасы 

соңғы 

жылдары 


өнер 

атаулыны 

жайлап 

алған 


постмодернистік деп аталатын ағыммен айтысқа түсіп отыр. 

Айтыс 


болғанда, 

бұл 


– 

философиялық 

айтыс. 

Постмодернизм  адамгершілік,  әділет  туралы  түсініктерді 

қайта қарауға шақырады. Сонау Ренессанстан бері қарайғы 

адами идеал атаулыны жоққа шығарғысы бар” (Елеукенов , 

1991-2001),–деп  жазады.  Яғни,  ғалым  повестің  негізгі 

темірқазығы  –  адамгершілік  идеал,  ізгілік,  рухани 

құндылықтар  екенін  атап  көрсетеді.  Жалпы  Т.  Әбдіков 

повестерінің  негізгі  жанрлық  белгілері  сюжет  құру 

шеберлігінен  және  көркем  уақыт  пен  кеңістіктің  берілу 

сипатынан байқалады. 




TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Ж. Қалкөз / Г. Ж. Болатова 

36

 



 

Төлен  Әбдіковтің  шығармаларының  негізгі  идеясы  – 

адамгершілік  екенін  жоғарыда  айтқан  болатынбыз. 

Сонымен  бірге  жазушының  бір  шығармасының  өзінде 

бірнеше  тақырып  беріледі.  Мысалға,  “Оралу”  повесін 

алайық,  шығарманың  негізгі  тақырыбы  –  махаббат. 

Махаббат  тақырыбы  шығарманың  негізгі  тақырыбы  болса, 

сонымен қатар туған елге деген сағыныш, Ұлы Отан соғысы 

кезіндегі қазақ ауылының хал-ахуалы да шығармада көрініс 

тапқан.  Яғни,  бізге  белгілі  болғандай,  бір  шығарманың 

бойында бірнеше тақырыптың жымдаса, біріге келуі заңды. 

Көркем  әдебиет  тек  эстетикалық  категория  емес,  оның 

қоғамдағы танымдық рөлі де үлкен.  

 

Қаламгер 



Төлен 

Әбдіковтің 

прозалық 

шығармаларын тақырыбына қарай екі топқа бөлуге болады:  

1) 

Заман 


көрінісі 

сипатталған 

шығармалар; 

2)  Философия-психологиялық  тақырыптағы  шығармалар. 

Бірінші  топтағы  жіктеуге  қазақ  халқының  ХХ  ғасырдың 

басындағы  күйі,  70-80  жылдардағы  ауыл  көрініс,  жастар 

иделогиясы, 

тәрбиесі, 

заман 

көрінісі 



сипатталған 

шығармаларды 

кіргіздік 

(“Райхан”, 

“Екі 

кездесу”, 



“Сәндікөл”,  “Қонақтар”,  “Бір  күндік  ашу”,  “Таласбай”, 

“Көктерек”,  “Қарасын”,  әңгімелері,  “Сәби  туралы  сыр” 

эссесі  мен  “Күзгі  жапырақтар”,  “Әке”,  “Оралу”  повестері 

және  “Өліара”  романы);  екінші  топтағы  жіктеуге  адам 

санасындағы психологизмді шебер көрсетіп, философиялық 

астар  жатқан  шығармаларын  енгіздік  (“Оң  қол”,  “Бас 

сүйек”,  “Жат  перзент”,  “Мансап”,  “Қайырсыз  жұма” 

әңгімелері  мен  “Ақиқат”,  “Тозақ  оттары  жымыңдайды”, 

“Парасат майданы” повестері).  

Әдіс  –    әдебиет  сабақтарындағы  мұғалім  мен 

студенттің  бірігіп  атқаратын  оқу-танымдық  іс-әрекеті. 

Сабақ  тақырыбына  лайық  дұрыс  таңдалған  әдіс  арқылы 

студент жаңа блім мазмұнын игереді, жаңа білік-дағдыларға 

ие болады, қабілеті жетілдіріліп, белгілі бір дүниетанымдық 

көзқарасы қалыптасады. 

Қазақ  әдебиетін  оқытуда  амал-тәсілдер  алгоритмдік 

қолданысы  арқылы  жүзеге  асырылып  қолданылады.  Төлен 

Әбдіков  шығармаларындағы  қазақ  әдебиетін  оқытуда 

қолданылатын әдістерді былайша жіктеуге болады: 



 


жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет