Т. ӘБдіков шығармаларындағы психологизмді оқыту әдістемесі түйіндеме



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата13.01.2022
өлшемі0.68 Mb.
#16707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
. [#898338]-1643772
Әдістеме 

Дидактика – оқыту, оқуды дұрыс ұйымдастыру болса, 

бұл  дидактиканының  педагогикада  алатын  орны  орасан. 

Енді  дидактика  заңдылықтарына  сүйене  отырып,  Төлен 

Әбдіковтің 

шығармаларын 

оқытудың 

әдістемелерін 

ұсынбақпыз. 

Жазушының  шығармалары  адам  мінезінің  құпия 

сырларына 

үңілуімен, 

өмірдің 

мән-мағынасына 

философиялық  тұрғыда  қарауымен,  өмірдің  қайшылықты 

құбылыстарының күрделі шындығын ашумен ерекшеленеді. 

Төлен  Әбдіков  шығармашылығының  негізгі  өзегі  –  пенде 

мұңы. Жеңіл-желпі желұшық мұң емес, артында қара тастай 

қасірет  жатқан  көштей  күңіренте-сыңсытып  өз  жүрегінен 

өткізген жалқының мұңы. 

Жазушы шығармаларының бірден-бір ерекшелігі жеке 

адамның  санасындағы,  ойлау  жүйесіндегі  сан  алуан 

сезімдік,  психологиялық,  философиялық  құбылыстарды, 

сана 


қозғалысының 

пластикасын 

беру 

мен 


жан 

диалектикасын монологқа, ой ағымына, түс көруді талдауға 

және  де  психологиялық  сыртқы  детальдарға  (ым  мен 

ишараттарға, іс-әрекеттегі, дауыс ырғағындағы, портреттегі 

физиологиялық, физиономиялық, сезімдік құбылыстарға) да 

көңіл  бөлген.  Мысалы,  “Оң  қол”  әңгімесінде  кейіпкер  – 

Алманың түсі арқылы автор адам санасында үздіксіз жүріп 

жатқан  үдерісті,  үрей  мен  қорқынышты,  өмір  мен  өлім 




TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Ж. Қалкөз / Г. Ж. Болатова 

34

 



 

арасындағы  арпалысты,  жан  толғанысын  көркемдікпен 

кестелей  білген.  Саябақтағы  гүлді  жұлдырып,  дәрігер 

жігіттің  сезімін  сынайтын  сұлу  да,  тәкаппар,  адал  да,  ерке 

Алма  ұйқыға  ене  бастаса-ақ  алқымына  ұмтылатын  оң 

қолдың  опасыздық  әрекеті  тұқым  қуалаған  қауіпті  сырқат, 

оны  медицинада  дененің  екіге  жарылуы  дейді,  ал 

әдебиеттануда  адам  ішіндегі  адам  деген  тәсілді  жазушы 

тігісін  жатқыза  пайдалана  білген.  Шығарма  сюжетін 

берудегі  суреткер  шеберлігі  сондай,  әңгімені  оқи  отырып, 

көз  алдыңда  өтіп  жатқан  кинолента  куәгеріндей 

кейіпкерімен  бірге  қуанасың,  бірге  қайғырасың,  бірге 

қорқасың.  Бұл  сарын  қазақ  әдебиетіне  Т.  Әбдіков  енгізген 

жаңалық  емес,  алайда,  жазушы  оны  өз  қырынан  дамыта, 

өрбіте білді. 

Осы  шығармадағы  психологизмді  дидактикалық 

форманы  қолдану  арқылы  оқытуға  болад.  Бұл  форманың 

ерекшелігі  –    студенттерге  өз  бетімен  іздену,  оқу,  талдау 

жолдары  әдістемелік  тұрғыдан  түсіндіріліп,  “Оң  қол” 

шығармасындағы  психологизм”  деген  тақырып  бойынша 

студенттің 

өзінің 


танымдық-ізденіс 

желісі 


қалыптастырылады. 

Бұл әдісті қолданғанда мұғалім  студенттерге бірнеше 

бағдардағы жоба тапсырады: 

  “Адамның 



екіге 

жарылуы” 

ұғымы 

тек 


фантастикалық  сарында  құрылған  ба,  әлде  реал  өмірде 

болған және оған зерттеушілердің дәлелі бар ма? 

 

“Төлен  Әбдіктің  терең  психологизмге  бет  бұруына 



әсер етуші факторлар” 

 



“Психологизм  сарынын  Төлен  Әбдіктен  де  бұрын 

енгізген жазушылар” сияқты түрлі тақырыпта аналитикалық 

жобалар ұсыну.  

Мұндай  жұмыс  түрінің  ерекшелігі  оқыту  үдерісінің 

қатып  қалған  догмалық  сипатынан  аулақ,  “субъект  –  

субъектілік”  жүйедегі  гуманистік  дидактикалық  қатынасқа 

негізделген  жаңа  оқыту  технологиясының  қағидаларын 

басшылыққа алатындығымен танылады. 

Қаламгер  Төлен  Әбдіковтің  “Ақиқат”,  “Тозақ  оттары 

жымыңдайды”  повестерінің  сюжеттік  желісі  түрлі  кеңістік 




 


жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет