Џстаздарыныѓ газетi облыстық семинар ақТӨбеде өткен алғАШҚы ата-аналар съезі жаѓалыћтар. Хабарлар



жүктеу 41.19 Mb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі41.19 Mb.
1   2   3

АУЫЛ ӘҢГІМЕЛЕРІ

Құрбақа

 Нарық заманы келіп, екі бүйірден

қысып тұрған кез болатын.  Ақша

құнсызданып, ел-жұрт күнделікті

азық - түлігін зорға тауып, өлместің

күнін көруде еді. Қалекең көршісі, әрі

құрдасы Асқардың үйіне барып, оны-

мұны айтып, қазіргі таңда ақша табу

қиындап кеткенін қинала жеткізді.

Сонда Асқар Қалекеңе қарап жақын-

да бір кәсіп ашпақшымын. Көрші

Қытай мемлекеті тірілей құрбақа

алуда. Оның жабысқақ тілі көптеген

іш ауларына ем екендігін тамсана

жеткізеді. Бірнеше күннен кейін

Асқар үйінің сыртына "Құрбақа

аламын" деген тақшайшаны әдейі іліп

қояды. Қалекең үйіне келіп, бала-

ларына біренше қап дайындаңдар.

Көлге барып, құрбақа ұстап, Асқарға

өткіземіз. Сөйтіп, азын-аулақ ақшаға

азық - түлік  аламыз - деп жымиып

қояды. Ертеңіне балаларын ертіп,

көлден 2-3 қап құрбақа ұстап, Асқар-

дың үйіне үсті - басы су-су Қалекең

келіп: Таразыға өлшеп аларсың, ол

қанша ақша болатындығын өзің айт -

дейді. Сонда Асқар ойланып тұрып:

Қазір ақша болмай тұр. Құрбақаларды

өлшеп аламын. Өзім айтқан күні

ақшаға келерсің - деп күліп шығарып

салады. Кейіннен Қалекең алданғанын

біліп, Асқарға деген өкпе-назы қара

қазандай болады.



Қызыл қораз

Қалекең жас кезінде тентектеу

болатын. Үйленгеннен кейін де көпке

дейін бұзықтығын қоя алмады. Бірде

әйелін ертіп, төркіндеп барып, бір

жиында ешкімге сөз бермей, өзінше

бөсіп отырады. Анда-санда біздің

"Қызыл қораз" деп қолпаштаушылар да

көп болды.Қалекең лепіріп, анда-санда

дауысын қаттырақ шығарып, жұрттың

бей-берекесін ала бастайды. Сол кезде

Асқар қайнысы: Әй, Қалеке, сендей

"Қызыл қоразды" біздің Түркістан

базарында ағаш тұғырға оюлап,

орналастырып, әр данасын 20 теңгеден

кәмпит жасап, сатып жатыр - деп жай

ғана жымиып қояды. Сөзден жеңілгенін

білген Қалекең содан кейін көпшілік

ортада ойланып сөйлейтін болыпты.

Іске қосыл

Мұрат әзілқой, әрі қулығы да бар.

Кез келген ортада көпшілікті өзіне

қарата алады. Жаңадан түрлі түсті

теледидардың шыққан кезі. Үйіне

жаңадан пультпен басқарылатын

теледидар сатып әкеледі. Кешке көрші-

қолаң, ағайын-туыс, дос - жарандарын

үйіне шақырып, теледидарын әбден

мақтап,  не айтсам, соны орындайды -

деп, көрсетпей пультті қосып

"Қазақстан" арнасы іске қосыл,

дауысын қаттырақ шығар, одан кейін

"Хабар" арнасы, солай кете береді. Өзі

сарнап отыр. Теледидар айтқанын

істеп тұр. Барлығы аң-таң. Қонақтар

риза қалыппен үйлеріне тарқайды.

Ертеңіне ауыл арасында берілген

тапсырманы бұлжытпай орындайтын

теледидар туралы әңгіме тарап кетеді.

Біршама уақыттан кейін алданған-

дарын біліп, дос-жарандары Мұрат-

тың қулығына риза болыпты.

Қара мұрт

Мұраттың өзіне сай жарасымды

мұрты, қою шашы, көпті қызықтыра-

тын. Бірге істейтін қыз-келіншектер

мұртына тиісіп, көп әзілдесетін. Бірде

құрдасы Дәмелі қара мұртына

тиіскенде, Мұрат жай ғана күлімдеп

тұрып:


Қара мұртым айбатым

Қара мұртым қайратым

Қара мұртым тұрғанда,

Қарамайды қай қатын - дегенде

жеңілгенін білген Дәмелі құшақтап,

бетінен сүйеді.

Не деген әзіл десеңізші.

                                 Қыдыр ҮСЕНОВ,

             №224 мектеп мұғалімі.

Оқыту мен оқу үдерісіндегі

диалогтық оқытудың тиімділігі

Ұлы философ, данышпан Цице-

рон: "Сабақта мұғалімнің өзінің не

біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ

оның ықпалымен шәкірттерінің не

біліп, не істейтіні одан да маңыз-

дырақ. Нағыз ұстаз, міне, осыны-

сымен бағаланады" деген екен. Міне,

бүгінгі күні білімге негізделген

қоғамда мұғалімге өмір бойы оқып,

өзінің кәсіби біліктілігін арттыру

талабы қойылып отыр.Осы орайда

елімізде білім беру саласында жүріп

жатқан реформалармен қатар,

"Назарбаев Зияткерлік мектептері"

ДББҰ педагогикалық шеберлік

орталығы Кембридж университетінің

Білім беру факультетімен бірлесіп

Қазақстан Республикасы педагог қыз-

меткерлерінің біліктілігін арттыру-

дың деңгейлі бағдарламасы  аясында

мұғалімдер даярлануда. Әлем жылдам

өзгеруде, жаһандану дәуірі жаңа

технологиялардың, инклюзивті білім

мен ақпараттың ауқымын едәуір

ұлғайтты. Сондықтан білімнің жаңа

үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді

талап етеді.  Жаңа заманның мұғалімі

өзінің пәнін жетік меңгерген, кез-

келген педагогикалық жағдайда

өзінің білімділігін, парасаттылығын,

ақылдылығын, мәдениеттілігі,

іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше

алатын, педагогикалық үрдістің нәти-

жесін жақсартуға ұмтылған мұғалім

болу керек.  Осы орайда, бірінші ілгері

деңгейлік курстың мектептегі

тәжірибе кезеңінде мектептің даму

жоспарына өзгеріс енгізе отырып,

мұғалімдердің оқыту мен оқу үрдісін-

дегі тәжірибелерін жетілдіру мақса-

тында коучингтер мен тәлімгерлік

үдерістері, Lesson Stady  сыныпты

зерттеу және желілік қоғамдастық

жұмыстары жүзеге асты.  Мектепте

"Жаңашылдар" кәсіби қоғамдастығы

құрылды. Қоғамдастық мүшелері

мектептің даму жоспарының  басым-

дығына сай мектеп тәжірибесін

жетілдіру мақсатында  үдерістерді

жүзеге асыруда. Осы орайда жақында

мектебімізде 8-қыркүйекте    "Оқыту

мен оқу үдерісінде диалогтық оқытуды

дамыту"  тақырыбында деңгейлік

курсты аяқтаған мұғалімдердің мектеп-

ішілік семинары болып өтті.  Мұғалім-

дер  оқытудың жаңа әдіс-тәсілі  ретінде

диалогтік  оқыту туралы түсінеді және

оқыту мен оқуда енгізу әдістерін

үйренеді. Диалог негізінде білім беру

мен білім алушылардың өзара сұхбат-

тасуы және мұғалім мен оқушы

арасындағы диалогтің шәкірттердің

өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамы-

туына көмектесетін амал екені белгілі.

Семинарда  1 ілгері деңгейлік курстың

тыңдаушысы мектептегі тәжірибе

кезеңінде практикадан өтуші бас-

тауыш сынып мұғалімі Г.Нұрмаханова

4-сыныпта ана тілінен "Ормандағы

оқиға" тақырыбында, Әбдірәсілова

Гүлмира  бейнелеу өнері пәнінен "Абай

шығармаларына иллюстрация", техно-

логия пәнінің мұғалімі Тәжібаев

Рақымжан "Ағаш ою құралдары тақы-

рыбында", дене шынықтыру пәнінің

мұғалімі Есмаханов Ғалымжан "Көңіл-

ді эстафета" тақырыптарында  оқыту

мен оқудағы жаңа тәсіл - диалогтық

оқытудағы Мерсердің әңгімелесудің

кумулятивтік, зерттеушілік, әңгіме-

дебат түрлерін қолдана отырып ашық

сабақтар өткізсе, бастауыш сынып

мұғалімі  С.Дошанова "Оқыту мен

оқудағы жаңа тәсіл - диалогтық оқыту"

тақырыбында коучинг өткізді. Семи-

нар соңында мен  "Біз қаншалықты

өзгердік? Әрі қарай не істейміз?"

тақырыбында ток-шоу өткіздім. Әріп-

тестер дәстүрлі оқыту мен сындарлы

оқыту теориясына байланысты

көзқарастарын ортаға салып, өз

тәжірибелерінде жаңа әдіс-тәсілдерді

қолданып, өзгерістер енгізіп жат-

қанын айтты. Міне, өзімнің екінші

бетпе-бет кезеңіндегі тәжірибемде

бойымдағы көшбасшылық әлеуетімді

дамытып, мектеп тәжірибесіне өзге-

рістер енгізуге ықпал еттім деп айта

аламын.   Өзгеріс енгізу  оңай емес,

әрине, өйткені оның барысында жұ-

мыста әр түрлі қиындықтар мен келіс-

пеушіліктер туындап жататынына

көзім жетті. "Адамды бір нәрсені

қайталауға үйреткеннен гөрі, оған

жаңалық ашуға көмектескен жөн"  деп

Г. Галилей айтқандай, әрбір мұғалімнің

алдына қойған мақсаты - оқушы-

лардың  алған білімінің терең  болуы

және алған білімінің оқушы есінде

сақталуы болуы тиіс.

Г.НҰРМАХАНОВА,

№106 мектеп мұғалімі.

Қармақшы ауданы.



Мекен-жайымыз:

Ћызылорда ћаласы, Тасб гет ћонысы,

М.Шоћай к шесi, 8 љй.

Телефондар:

Бас редактор:  21-50-75,

Тiлшiлер, есепшi: 40-06-72.

e-mail: syrmektebi@mail.ru



Газет Ћазаћстан Республикасы

Аћпарат жќне ћоѕамдыћ келiсiм

министрлiгiнде 2001 жылы 28 ћазанда

ћайта тiркелiп, №2418-Г куќлiгiн алѕан.

Индексi 65639.

Таралымы 2198 дана

Бас редактор

 Махмџтбай ЌМIРЕЏЛЫ

Маћала авторларыныѓ пiкiрлерi редакция к зћарасын

бiлдiрмейдi.

Газет редакция  компьютерiнде терiлiп, беттелген.

“Print” баспаханасында басылды.

Тапсырыс №664

Меншiк иесi:



“Сыр мектебi”

жауапкершiлiгi

 шектеулi серiктестiгi

Айына екi рет шыѕады



4

 1 шілде 2015 жыл

ЕРЛІК -ӨШПЕС МҰРА

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Жаңалықтар. Хабарлар

ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН БІР СӘТ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ

“КІТАПТАР ҚАЛАШЫҒЫНА САЯХАТ”

Ұлы Отан  соғысы  ел басына  ауыр

қайғы-қасірет әкелді. Көптеген  отба-

сының  шаңырағын  шайқалтып  кетті.

Кеңестер  Одағы  соғыста  гитлершіл

фашизмді  ұясында  талқандап, Же-

ңіске  жеткенімен, оның  салған  жа-

расы  сан  жүрекке  өшпес  таңба  бо-

лып  басылып қалды.  Отан қорғауға

Қазақстаннан  аттанған 1 млн. 200 мың

адамның 600 мыңы, облысымыздан

аттанған  40 мың  азаматтың 20 мыңы,

ауданымыздан  аттанған  4949 адамның

2239 -ы кіндік қаны  тамған   еліне

оралмай, туған  жердің  топырағы

бұйырмай  қалды.

Қан сасып, өрт шалған  майдан

даласынан  аман-сау  оралып  жат-

қандар  некен- саяқ. Өмір  жолы  өк-

сумен  өткен  жарым  көңіл, ақ шымыл-

дығын  әлі кір  шалмаған  жас  келіншек,

екі  көзі  төрт  болып  жан-жарын

тосты. Әкесіз   жетім  қалып,  көзі бо-

талаған  жас  бала "көкелеп"  шеше-

сінің етегіне  орала берді.  Маңдайында

жұлдыз боп  жанған перзентінен

хабар- ошар  жоқ кеудесі  күпті, мұң-

лық ана  күнде  жаутаңдап,  әлі  қара

бұлт  арыла  қоймаған  батыс  жақтағы

созалаңдаған жолға  қолын  маңдайына

тосып  қарағыштай  берді.

Аттанып кетіп барам майданға мен,

Қоштасып алтын бесік қайран

                                                     елмен.

Мен, бәлкім, оралармын,

                                          оралмаспын,

Артымда белгі  болып  қалсын  өлең

-деп, әр  соғысқа  аттанған  жауангер-

лер  туған жерін, отбасын  қимай  қош-

тасып, оралмай  от  құшқандар  қан-

шама.  Қазіргі уақытта  Ұлы Отан  со-

ғысына  қатысқан  ардагерлер жыл

сайын  азайып  келеді. Ауылымыздың

Ұлы Отан соғысының  ардагері Нұр-

лыбаев Сейдан  ата  биыл тамыз  айында

90 жасында  дүниеден өтті. Сейдан ата-

мыздың  соғыс жылдарындағы  ерлік-

тері  жыл сайын  мектеп оқушылары,

ауыл тұрғындарымен өткен  кез-

десулерде  айтып талқыланатын. Бала-

ларға батасын беріп,  майдан   дала-

сындағы  ерліктерін  айтып отыратын

ақсақал қариямыз қазір қасымызда

жоқ. Әр жыл сайын Жеңіс күні  отбасы

болып  Сейдан атаны құттықтайтын

туыстары - биыл  атамызды  еске алу

күнін  атап  өтпекші.

Нұрлыбаев  Сейдан  ата 1925 жылы

Қызылорда облысы Жаңақорған

ауданы   Елтай  колхозы, Құмарық  ау-

ылдық  елде қарапайым  жанұяда  дү-

ниеге  келген. 1943 жылы қаңтар айында

әскер қатарына  алынған. Жаңақорған

ауданы бойынша барлығы 83 бала бірге

аттанған. Барған жері осы  күнгі

Астана қаласы,  бұрынғы Ақмола  об-

лысы. Қысы  өте  суық, сырттан  бар-

ғандар  үшін  өте  қолайсыз  болады.

Содан әрі  қарай осында №39 полкта

соғыс  тәртібін үйренеді. "Ол кездегі

тәртіп бұл  кездердегідей емес, нағыз

болаттай  қайнатып шығаратын" дейтін

қария.

1943 жылы тамыз айында  қазақ-



қырғыз  балаларын  соғысқа  аттан-

дырады. Ақмоладан  Көкшетауға   12

полктан қанша  екені  белгісіз  Петро-

павел  қаласына  аттанады. Осында  2-3

ай соғыс тактикасын  үйретіп, қаңтар

айында соғысқа  аттандырады. Сейдан

ата соғыста пулеметші болған.

Соғыстағы  ерлігі үшін  "Қызыл жұл-

дыз"  және "Отан  соғысының  бірінші

дәрежелі" орденімен  наградталады.

1944 жылы Шығыс Пруссия

жерінде Нұрлыбаев Сейдан атаға

үлкен шабуыл  алдында  жау жақтан

тіл әкелу  жүктеледі. Түн

қараңғылығын   пайдаланып,

дұшпанның  алғы  шебіне  жетіп,  тілді

қолға түсіреді. Қайтар жолда  оларды

байқап қалған немістер  оқтың

астына  алады. Тіпті зеңбіректерді де

іске қосады. Жолдарына  келіп

жарылған  снарядтан  барлаушылар

командирі Нұрлыбаев Сейдан ауыр

жарақатқа ұшырады. Майдан

даласынан  қарулас  достары  алып

шығады. Құлағы  естімей,  тілі  шық-

пай  госпитальда бір ай жатады.

Ауылға сәуір айының  23- күні  жазған

хатында:


Халім бар осы күні  өте нашар,

Басына  іс түскенде  қатты  сасар.

Қаза болып  бұл  соғыста  өліп

                                                    кетсем,

Тете інім жоқ артымды орын

                                                     басар.

Дәрігерлердің  көмегі арқасында

бұл жолы  да госпитальда  емделіп

шығады.  Енді  денсаулығына  бай-

ланысты  барлаушылар  взводынан

пулеметшілер  ротасынының  коман-

дирлігіне  ауыстырылады.

1945 жылы  сәуірде  Кенисберг

қаласы  үшін  кескілескен  ұрыста  ол

үшінші  рет ауыр  жараланып, тағы

госпиталь  төсегіне  таңылды.  Жа-

зылып  сапқа  тұрамын  деп жүргенде

қанқұйлы  соғыс  аяқталды. Жеңіс

туы  Рейхстаг  төсінде  желбіреді.

Соғыстан  жиырма  жасында

оралған Нұрлыбаев Сейдан  ата

еңбекке араласты.  Көзі ашық,  кө-

кірегі ояу, білімді азамат болды.

Ауылда колхоздың  қалыптасуы мен

жұмысшылар  және шаруалардың

егіс шаруашылығына  бригадир

болып, қара жұмыс істеді. Қожам-

берді  ауылындағы  мал шаруашы-

лығының  өркендеуіне үлес қосты.

Қазіргі кезде ұл- қыздары  Сейдан

атаны сағынышпен еске алады.

Халық  туған елі мен жері, қасиетті

Отаны  алдындағы  өлшеусіз  еңбек

сіңірген  перзенттерін  ешқашан  ұм-

ытқан емес. Оларды  әрдайым  құр-

меттеп,  есімдерін  ұрпақтан- ұрпаққа

үлгі ету парызымыз.

Жаңагүл ОПАШОВА,

№162 мектеп мұғалімі.

Жаңақорған ауданы.

Тарихи жылнамада аса ауқымды

әрі адамзат баласын қырғынға

ұшыратқан соғыста жеңіс күнін

жақындатуға қазақстандықтар да

өлшеусіз үлес қосты.   Соның ішінде

біздің Қаракеткен ауылының  тумасы

Басаров Елшібай  1921 жылы туып,

"Жігер" колхозында жұмыс істеді.

1941 жылы қаңтарда әскер қатарына

шақырылып, Харьковте ұрысқа түсті.

№583 атқыштар полькі құрамында

бөлімше командирі болды.

Басаров Елшібай "1941-1945 жж.

Ұлы Отан соғысында Германияны

жеңгені үшін" медалі, ІІ  дәрежелі Отан

соғысы ордені және мерекелік

медальдары бар. Елге оралған соң

ауылда түрлі қызметтер атқарды.

Қостанай  облысында  жұмысшы

болды. Ол 1982 жылы "Жалағаш"

кеңшарынан зейнеткерлікке шығып,

1998 жылы өмірден өтті. Балалары

осы Қаракеткен ауылында тұрады.

Үлкен өнегелі, ауылымызға сыйлы

отбасы.

Ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұлағат.



Ендеше, ерлеріміздің есімдері

ешқашан ұмытылмайды.



                   Ақерке АХЕТОВА,

№114 мектеп мұғалімі

Жалағаш ауданы.

Жалағаш аудандық білім бөлімі-

нің ұйымдастыруымен "Өзін-өзі тану

пәні - рухани адамгершілік білім беру

бағдарламасын жүзеге асырудың

құралы" тақырыбында "Өзін-өзі

тану" пәні мұғалімдеріне Мәдениет

ауылы №32 І.Қабылов атындағы орта

мектепте семинар кеңес болып өтті.

"Өзін-өзі тану" баланы жас-

тайынан отаншылдыққа, әдептілікке,

достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа,

мейірімділікке, табиғатты сүюге, от-

басын сыйлауға, ұйымшылдыққа

үйретеді.

Адам бойына кішіпейілдік, сы-

пайлық, рақымшылық, жанашарлық,

сыйластық, тілектестік сияқты қасиет-

терді дарыту және өзгелерді қадірлей,

сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу,

қолынан келгенше адамдарға көмек-

тесу, кешірімді болуды үйрету де

"Өзін-өзі тану" пәні үлесіне тимек.

Ойлап қарасақ, бұл бізге жаңалық емес,

сонау ықылым заманнан бері ата-

бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа

аманат етіп отырған аталы нақыл

сөздері екен. Тек қана ұмыт қалып бара

жатқандықтан қайта жан-

дандырудамыз. Балалардың адам-

гершілік сана-сезімін, мінез-құлқын

қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек

айтқанда, адалдық пен шыншылдық,

адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы

және өмірдегі қарапайымдылық пен

сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық,

адамгершілік тәрбиесінің жүйелі

сатылап қамтитын мәселелері.

Адамгершілік тәрбиесінің әрқай-

сысының ерекшеліктерін жетік білетін

ата-ана халықымызда ғасырлар бойы

қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-

ғұрыпты жан-жақты терең білумен

қатар, өркениетті өмірмен бай-

ланыстыра отырып, тәрбиелеудің бар-

лық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.

Шәкіртке жан-жақты терең білім

беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің

асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек,

ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік

көзқарасының қалыптасуына,

айналасымен санасуына ықпал етеріміз

сөзсіз.


Айнұр БОДЫБАЕВА,

                                     №32 мектеп

педагог- психологі.

Жалағаш ауданы.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық

әмбебап ғылыми кітапханасында

Халықаралық маңызға ие Балалар кі-

табы күнін атап  өту жылдағы дәстүрге

айналған. Халықаралық балалар кітап

күнін өткізудегі басты мақсат  -  оқыр-

мандарға білімнің кітап арқылы

берілетінің  ұғындыру, кітаптың адам

өміріндегі   маңызы зор,  ғылым мен

білімнің пайдасы жайлы түсіндіру,

кітапқа деген қызығушылығын  арт-

тыру,  кітаптарды  күтіп ұстауға үй-

рету, балаларлы  ертегі арқылы  мей-

ірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу болып

табылады.

Облыстық кітапханының балалар

әдебиеті бөлімі "Кітаптар  қала-

шығына саяхат" атты ашық есік күнін

өткізді.  Аванзалда "Кітаптар қала-

шығына саяхат" атты кітап көрмесі,

"Ойлан, ізден, жасап көр" атты көрме-

хобби, "Кітап және жанұям - менің

ең жақын достарым" атты фото-

сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Ашық есік күніне №23 мектеп, №264

мектеп-лицей және №12,  №144, №217,

№233 мектептердің оқушылары,

ұстаздары және мектеп кітапха-

нашылары қатысты.

Шараға қатысушылар  №144, №217

орта мектептердің оқушылары

дайындаған әдеби-сазды бағдар-

ламасын тамашалап, №23 және №264

мектеп лицей оқушылары дайындаған

қолдан жасалған заттардың  көр-

месімен танысты.

Бүлдіршіндерге "Балдырғандар"

залында мультфильмдер көрсетілді.

Шара соңында балалар өздері  оқыған

кітаптары  және көргендері  жайлы

айтып,  ой бөлісті.

БОЗТОРҒАЙ ӘН-БИ БАЙҚАУЫ

 Оқушылардың әнге деген қызы-

ғушылығын арттыру, әншілік қабі-

летін, актёрлік өнерін, хорео-

графиялық талантын ашу. өнерге  бау-

лу мақсатында мектебімізде жыл

сайын дәстүрлі "Бозторғай" балалар

мен жасөспірімдер  ән-би  байқауы өт-

кізіліп тұрады.

 Байқауға кіші топ "Балапан" бала-

бақшасымен  екі мектепалды даярлық

топтары,  орта топ яғни 6-10  жас ара-

лығы, үлкен топ 11-16 жас аралы-

ғындағы жасөспірімдерді топқа бөліп

қатыстырылды.

Мектеп директоры  Жүсіпова

Мира, ауылдық клуб әдіскері Гүл-

жайна, мектеп психологы Сайма-

ғанбетова Гүлмира төрелік жасап,

өздерінің ой-пікірлерін білдіріп,

байқауға қатысқан оқушыларды

жүлделі орындарымен құттықтап,

сыйлықтар ұсынды.

Гүлзат ЕСҚАЛИЕВА,



№ 114 орта мектеп тәлімгері.

 

Жалағаш ауданы.

Жуырда өзім қызмет жасайтын

№52 мектепке цирк ойындары келді.

Әр сыныпқа билеттер үлестірілді.

Мен де өз сыныбымның цирк ойын-

дарын көріп қуанулары үшін би-

леттерді үлестіріп қолдарына бердім.

Сонымен қатар, аптаның үш күнінде

денсаулығына байланысты үйінен

білім алатын оқушым бар еді. Сол

оқушымның да келіп цирк ойын-

дарын тамашалағанын қалап, билеттің

бірін сол балаға бердім. Бірақ, мек-

тептен жырақ тұратын болғандықтан

көліктің жоқтығын анасы алға

тартты. Анасы ұлының көңілін

түсіргісі келмеді ме, әлде ұлы өз

сыныптастарын көріп мұңайғанын

қаламады ма, әйтеуір мектепке әкел-

генімді қаламады. Ана жүрегін де

түсінуге болады, өзге балалардың күліп

қарағанын қаламаған болар. Оқу-

шымның содан келе алмайтынын біліп,

мектеп басшысы О.Абдуллаев мырзаға

өтініш білдірдім. Мектебімізге келген

цирк ұжымы сол балақайдың үйіне

барып көңіл-күйін бір қуантып,

жадыратып тастағанын қаладым. Бұл

ойымды мектеп басшысы да мақұлдай

кетті. Содан, қуана-қуана цирк ұжы-

мымен бірге сол баланың үйіне кіріп

келгенімізде, оқушымның көңіл-күйі

жоқ, жабырқап отырғанын көрдім.

Бірақ, бала бізді көріп, көзіне еріксіз

жас алып қоя берді. Цирк өнер-

паздары балаға бірнеше қызықты

қойылымдарын көрсетіп, жадыратып

тастады. Ата-әжесі, анасы цирк

ұжымына алғыстарын жаудырып,

жақсы тілектерін арнады және

барлығымен бірге естелік суреттерге

түстік. Баланың қуанғанын көріп,

іштей қолымнан кішкентай болса да

осындай жақсылық жасай алғаныма

қатты қуандым. Сол күнгі қуанышым

ерекше еді. Оқушыма аз уақыт болса

да есте қаларлықтай қуаныш

сыйлағаныма, жүзіне күлкі үйір-

ілгеніне шын жүрегіммен қуандым.

Аллаһ тағала біреуді сау, біреуді ауру

қылып сынайды. Сол сынаққа төзе

білген оқушының анасына дән риза

болдым. Басына түскен осындай

үлкен қиындығына қарамастан

тағдырға мойымай, өз күшімен жүріп

келеді. Сөзімді қорытындылар

болсам, қолдарыңыздан келген

жақсылықтарыңызды аямаңыз-

даршы! Аллаһ тағала баршаңызға дені

сау ұрпақ пен мейірімді жүрек

бергей.


Гүлжанат БЕРДИЯРОВА,

№52 мектіптің бастауыш

сынып мұғалімі.

Жаңақорған ауданы.



Көктем

Көктем келді жердің тоңын

                                                 сөктіріп,

Гүл-бәйшешек қысты ысырып

                                                 қылтиып.

Перзентіне мейірленген анадай,

Күн төбеден шуақ шашты бұлт

                                                       түріп.

Келді көктем сағындыра күттіріп,

Мерекені қанатына ілестіріп.

Дала да мәз, бала да мәз, у да шу,

Әз Наурызбен жанданғандай

                                                   тіршілік.

Апам отыр күн шуақтап далада,

Тәубе етіп Жаратқанға, Аллаға.

Қуана ма, мұңая ма, беймәлім,

Ой жүгіртіп таяу тұрған "жағаға".

Көктем, көктем, бір қуаныш, бір

                                                       үміт,

Тыңға салар өмір жүгін жектіріп.

Қысаң өмір қыспен бірге

                                               кеткендей

Жан мен тән де жасарғандай

                                                 серпіліп.



Шолпан ҚАНСЕЙІТОВА.

Сунақата ауылы.



Көктемгі қыс айы

Наурыздың  соңғы  бір күнінде,

 Бүршігін   өрім -  тал  жаңартты.

 Сүйсініп   қараймын түнінде,

 Аппақ  боп  даланы  қар  басты.

Көк - орай, шалғын шөп жайқалып,

 Түрленді,  құлпырып   сән   беріп.

 Өзгерді    табиғат    жайласып,

 Аспанды   ақша    бұлт  өңгеріп.

Жер  бетін, суық   жел   ызыңдап,

 Наурызбен   жарысып  ән  салды .

 Бозторғай   жүр әні  шырылдап .

 Әндерін   қыста   кім   тыңдайды?

Қылышын  суырып  қайтадан,

 Қыс  келді  қаһары  сұп - суық.

 Гүлдеген     ағаштар    жаңадан,

 Бір пәсте  қарайған тым- қызық.

Жылынды   күн  көзі   жарқырап,

 Көгімнен   құйылды  жаңбыр  боп.

 Сайлардан   су   ақты  сарқырап,

 Көктемнің     келгенін    хабарлап.

                        Серікбай МАХАНОВ.



ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 41.19 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет